Ағымды активтердің құрамы мен құрылымы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе 4

1. Ағымды активтердің экономикалық негіздері
1.1. Ағымды активтердің экономикалық мазмұны 6
1.2. Ағымды активтердің құрамы мен құрылымы 8
1.3. Ағымды активтердің қалыптасу көздері 10

2. Кәсіпорынның ағымды активтерін талдау және бағалау
2.1. Ағымды активтердің құрамы мен құрылымын талдау 13
2.2. Ағымды активтерді қолдану тиімділігін бағалау 15
2.3. Ағымды активтерді басқару әдістерін бағалау 17

3. Ағымды активтердің экономикалық тиімділігін
жетілдіру мәселелері
3.1. Ағымды активтерді қолданудың тиімділігін
арттыру жолдары 20
3.2. Ағымды активтерді қаржыландыруды
жетілдіру жолдары 22

Қорытынды 24

Қолданылған әдебиеттер тізімі 27


Кіріспе

Нарықтық экономика жағдайларында кез-келген кәсіпорынның қаржылық
жағдайы, төлем және несие қабілеттілігі оның қажетті өндірістік активтермен
қамтамасыз етілуімен тікелей байланысты. Өндірістік активтер активтерді
басқару бірқатар факторлармен анықталады: ағымды активтердің құрамы мен
көлемі, олардың өтімділігі, ағымды активтерді қалыптастырудың меншікті және
қарыз көздері, тұрақты және айнымалы активтердің қатынасы және басқа өзара
байланысты факторлар.
Ағымды активтер кәсіпорынның өндірістік процесіне тікелей қатысып,
нәтижесінде өндірілген өнімнің нақты өзіндік құнын анықтайтын маңызды
элемент болып табылады. Сол себепті, кәсіпорындардың өндірілген өнімінің
және жалпы кәсіпкерлік қызметінің рентабельділігі ағымды активтерді басқару
жүйесін тиімді ұйымдастыруды талап етеді. Қаржы менеджерлері үшін ағымды
активтердің құрамы мен құрылымы, олардың көлемі, активтерді қолданудың
тиімділігі негізгі талдау және жоспарлау объектісі болып табылады. Ағымды
активтерді тиісінше қажетті қаржы көздерімен қамтамасыз ете білу де маңызды
болып табылады, түптеп келгенде ағымды активтерді несиелеудің ұйымдастырылу
деңгейі олардың тиімді қолданылуының маңызды факторы болып табылады.
Жоғарыда айтылғандардың барлығы ағымды активтердің кәсіпорын өмірінде
аса маңызды роль ойнайтынының айғағы болып табылады. Бұл, өз кезегінде,
курстық жұмыстың кәсіпорындар үшін ең көкейтесті болып табылатын
мәселелерінің біріне арналғанын көрсетеді.
Жұмыстың мақсаты – ағымды активтерді талдаудың теориялық және
әдістемелік негіздеріне сүйене отырып, кәсіпорындардың ағымды активтерін
қолдану тиімділігін арттыру жолдарын іздестіру болып табылады. Осы мақсатқа
сәйкес жұмыс өз алдына келесідей сұрақтарды қарастыруды міндет қойып отыр:
кәсіпорынның ағымды активтерінің экономикалық негіздерін;
кәсіпорындардың ағымды активтерін талдау әдістемелерін;
ағымды активтердің экономикалық тиімділігін арттыру жолдарын.
Курстық жұмыс үш тарауға бөлінген. Бірінші тарауда ағымды активтердің
экономикалық мәні, мазмұны және мақсаты, олардың құрамы мен құрылымы
теориялық тұрғыдан қарастырылады. Сонымен қатар, бұл тарауда біз ағымды
активтердің қалыптасу көздерімен таныс боламыз.
Екінші тарау кәсіпорындардың ағымды активтерінің құрамы мен құрылымын,
олардың қолдану тиімділігін бағалау әдістемелерін игеруге арналады. Осы
тарауда, сондай-ақ кәсіпорындардың ағымды активтерін басқарудың, яғни
олардың тиімді мөлшерін анықтау әдістері де қарастырылатын болады.
Талдау жұмыстары Қазақстан Республикасының тамақ өнеркәсібі саласында
қызмет етіп тұрған нақты кәсіпорынның бухгалтерлік баланс және басқа да
қаржылық есеп беру құжаттарының нақты ақпараттары негізінді жүргізіледі.
Үшінші тарау барысында кәсіпорындардың ағымды активтерінің қолдану
тиімділігін арттыру жолдарына, және-де ағымды активтерді қазіргі заман
талаптарына сай қаржыландыруды жетілдіру жолдарына көңіл бөлетін боламыз.
Курстық тапсырманы орындау барысында отандық және шет елдік танымал
қаржыгер-ғалымдардың оқулықтары, мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған
ғылыми-әдістемелік мақалалар қолданылды.

1. Ағымды активтердің экономикалық негіздері

1.1. Ағымды активтердің экономикалық мазмұны

Өндірістік немесе басқа коммерциялық қызметті жүзеге асырушы кез-келен
кәсіпорын нақты бір қаражаттармен, яғни өндірістік негізгі және айналым
активтерімен қамтамасыз етулуі тиіс. Айналым активтері кәсіпорынның қызмет
етуіне қажетті мүліктің ажырамас құрамдас бөлігі болып табылады.
Экономикалық әдебиеттерде айналым капиталы, айналым активтері,
ағымды активтер ұғымдары бір-біріне синоним ретінде қарастырылады,
олардың шектері қадағаланбайды және терминологиялық тұрғыдан бір жақты
пікірлер жоқ. Дегенмен, аталған ұғымдардың әдебиеттерде бір түйінге
тоғысатын жері – бұл олардың бухгалтерлік баланста көрсетілу тәртібі. Бұл
жағдайда кәсіпорынның айналым қаражаттары баланстың актив бөлігіндегі
ағымды активтерін көрсететін бабымен сипатталады.
Ағымды активтер дегеніміз – бұл кәсіпорынның өзінің өндірістік циклының
әрбір кезеңіндегі ағымды операцияларына салынған қаражаттарының жиынтығы
болып табылады. Ағымды активтер негізгі құралдар секілді кәсіпкерліктің
дамуы барысында қалыптасатын белгілі бір қатынастарды сипаттайды.
Ағымды активтер кәсіпорынның жалпы капиталының айналымында қызмет етіп,
жаңа құнды қалыптастыру процесіне тікелей қатысады. Сонымен қатар, негізгі
құралдар мен ағымды активтердің қатынасы қол жеткізетін табыстың деңгейіне
әсер етеді. Ағымды активтер негізгі құралдармен салыстырғанда жылдам
айналады. Сол себепті жалпы активтердегі ағымды активтердің үлесі артқан
сайын кәсіпорын капиталының айналым уақыты қысқара түседі, нәтижесінде жаңа
құнды, яғни табысты, өсіру мүмкіндігі арта түседі.
Кәсіпорынның ағымды активтері өздерінің жоғары өтімділігімен
сипатталады. Ағымды активтердің өтімділік деңгейі олардың өндірістік
айналым барысында ақша қаражаттарына айналу қабілетімен анықталады. Сонымен
қатар, қиын өткізілетін активтерді (өндірістік материалдар, аяқталмаған
өндіріс) және абсолюттік өтімді активтерді (ақша қаражаттары) бөліп
көрсетуге болады.
Қаржы менеджментінің теориясына сәйкес ағымды активтер тұрақты және
айнымалы активтерден тұрады. Үнемі кәсіпорынның қарамағында болатын және
қажет кезінде өндірістік қызметті қамтамасыз ететін ағымды активтердің
бөлігі тұрақты активтердің тұрақты көлемін қалыптастырады. Белгілі бір
себептерге (мысалға, өндірістің кезеңдік сипатына, басқа да объективті
себептерге) байланысты қосымша ағымды активтер қажет болған жағдайда
кәсіпорынның айнымалы активтері қалыптасады.
Осылайша, ағымды активтерді басқару бірқатар факторлармен анықталады:
ағымды активтердің құрамы мен көлемі, олардың өтімділігі, ағымды активтерді
қалыптастырудың меншікті және қарыз көздері, тұрақты және айнымалы
активтердің қатынасы және басқа өзара байланысты факторлар.
Ағымды активтер нарықтық экономиканың қаражаттар айналымы процесіне
қатыса отырып, органикалық біртұтас кешен болып табылады. ағымды активтер –
бұл өндірістік процесті қамтамасыз ететін өндірістік және айналым қорларына
салынған ақша қаражаттары болып табылады. Ағымды активтер өнімді өндіру
және өткізу процесіне қатыса отырып, үздіксіз айналымда болады, кезекпе-
кезек айналым қорларына және өндірістік қорларға ауысып отырады. Осылайша
ағымды активтер айналым барысында үш кезеңді бастан кеше отырып, ағымды
активтер өзінің табиғи-құндық нысанын үздіксіз өзгертіп отырады. Ағымды
активтердің өндірістік айналым процестегі қозғалысы мына өрнекпен
сипатталады:

А – Т...Ө...Т1 – А1.

Өндірістік процестің бірінші кезеңінде (А – Т) бастапқы ақша
нысанындағы ағымды қаражаттар өндірістік активтерге (еңбек құралдары,
материалдар) айналады, яғни айналым саласынан өндіріс саласына өтеді.
Екінші кезеңде (Т...Ө...Т1) ағымды активтер тікелей өндіріс барысына қатысып,
өзінің тауарлық нысанына (аяқталмаған өндіріс, жартылай өнімдер мен дайын
өнімдер) ауысады. Ағымды активтер айналымының үшінші кезеңі (Т1 – А1) тағы
да айналым саласында жүзеге асады. Дайын өнімді өткізу нәтижесінде ағымды
активтер тағы да ақша нысанына, алайда құсылған құнды қамтитын ақша
нысанына (А1), ауысады.
Өнімді өткізуден түскен сома мен бастапқы ақша қаражаттары шығындарының
айырмасы (А – А1) кәсіпорынның жинақталған ақша қаражаттарының, басқаша
айтсақ, өндірістік процестен алынған табысының, көлемін анықтайды.
Осылайша, толық бір айналымға қатыса отырып, ағымды активтер барлық
өндіріс кезеңдеріне қатысады және өндіріс пен айналым процестерінің
үздіксіз жүріп отыруын қамтамасыз етеді. Ағымды активтердің айналымы оның
үш кезеңінің органикалық біртұтастығын көрсетеді.
Өндіріс барысына бірнеше мәрте қатысатын негізгі құралдармен
салыстырғанда, ағымды активтер бір ғана өндірістік циклға қатысып, өзінің
құнын толықтай өндірілген өнімге ауыстырады.
Экономикалық талдау мақсатында таза ағымды активтер ұғымын жеке алып
қарастырады. Оның көлемі кәсіпорынның ағымды активтері мен ағымды
міндеттемелері (пассивтері) арасындағы айырма ретінде анықталады. Қаржылық
тұрақтылығымен сипатталатын кәсіпорындарда ағымдардың көлемі оның ағымды
міндеттемелерінен жоғары болады, яғни ағымды активтердің жалпы сомасы
кәсіпорынның кредиторлық қарызынан басым болады. Таза ағымды активтер
дәстүрлі терминологияда меншікті айналым қаражаттары деген атаумен белгілі.

1.2. Ағымды активтердің құрамы мен құрылымы

Ағымды активтер тек өздерінің өтімділігімен сипатталып қана қоймай
сонымен қатар құрамы мен құрылымы тұрғысынан да сипатталады. Бұл
көрсеткіштер кәсіпорынның ағымды активтерін басқарумен (жоспарлаумен,
талдаумен және бақылаумен) тығыз байланысты болып келеді. Әр түрлі
шаруашылық субъектілерінде ағымды активтердің құрамы мен құрылымы алуан
түрлі болып келеді. Олардың құрамы мен құрылымы кәсіпорынның меншіктік,
ұйымдық-құқықтық нысанындарына, өндірістік ерекшеліктеріне, сатып
алушылармен және жабдықтаушылармен өзара қатынастарға, өндірістік
шығындардың құрылымына, қаржылық жағдайына және т.б. факторларға байланысты
болады. Ағымды активтер құрамының жалпылама үлгісі 1.1-суретте бейнеленген.
Ағымды активтерді ұдайы өндіріске орналастыру оларды өндірістік және
айналым активтері деп бөліп көрсетудің алғы шарты болып табылады.
Өндірістік ағымды активтер өндіріс барысында қызмет етеді, ал айналым
ағымды активтері - айналыс барысында, яғни өндірілген дайын өнімді өткізу
және тауарлық-материалдық құндылықтарды сатып алу барысында қызмет етеді.
Өндірістік және айналым ағымды активтерінің оңтайлы құрылымы кәсіпорынның
салалық және өндірістік ерекшеліктеріне қарай қалыптасады. Мысалға,
өнеркәсіп саласындағы кәсіпорындар үшін активтердің оңтайлы құрылымы
өндірістік ағымды активтердің басымдылығымен анықталады, ал коммерциялық
қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындар үшін ағымды айналым активтерінің
басымдылығымен анықталады. Қалай болғанда да, ағымды активтердің көлемі
кәсіпорынның негізгі қызметінің үздіксіз, қалыпты және бір ырғақпен жұмыс
істеп тұруын қамтамасыз етуге жетерліктей болуы керек.
Өндірістік ағымды активтердің құрамына өндірістік материалдар (шикізат,
материалдар, отын-энергетика ресурстары, қосалқы бөлшектер, жартылай
өнімдер), аяқталмаған өндіріс (өндірістің белгілі бір кезеңіндег, әлі толық
өндіріліп бітпеген өнімдер) және алдағы кезең шығындары жатады. Айналым
ағымды активтеріне дайын өнім, жөнелтілген тауарлар, кәсіпорын кассасындағы
немесе есеп шотындағы ақша қаражаттары және дебиторлық қарыз жатады.
Өндірістік материалдардың қажетті мөлшерін анықтау принциптеріне сәйкес
ағымды активтер мөлшерленетін және мөлшерленбейтін болып бөлінеді.
Мөлшерленетін ағымды активтер меншікті ағымды активтермен қатынасады,
өйткені олар ағымды активтердің экономикалқы тиімді мөлшерін анықтауға
мүмкіндік береді. Мөлшерленбейтін ағымды активтер айналым қорларының
элементі болып табылады. Ағымды активтердің бұл тобын басқару олардың
негізсіз артық қорлануын болдырмауға бағытталады. Бұл өз кезегінде айналым
саласындағы ағымды активтердің (дайын және жөнелтілген өнім, ақша
қаражаттары, дебиторлық қарыз) айналымдылығын арттыруға септігін тигізеді.
Өндірістік материалдардың, аяқталмаған өндірістің және дайын өнімнің
жағдайы, құрамы мен құрылымы кәсіпорынның коммерциялық қызметінің маңызды
индикаторы болып табылады. Ағымды активтердің жекелеген элементтерінің
құрылымын анықтау және өзгеру тенденцияларын белгілеу кәсіпорын қызметінің
келешегін, даму параметрлерін болжамдауға мүмкіндіктер береді.
Ағымды активтердің құрылымы олардың құрамдас бөліктерінің пайыздық
қатынастарын (үлестерін) көрсетеді.
Айналым қаражаттарының әр түрлі салалардағы кәсіпорындар арасындағы
орналасу деңгейі ағымды активтердің салалық құрылымын анықтап береді.
Мәселен, өндіріс саласындағы кәсіпорындарда ағымды активтердің құрылымы
өндірістік процестің сипатымен және ұзақтығымен, оның материал
сыйымдылығымен, техникалық жабдықтану деңгейімен және басқа да факторлармен
анықталады. Коммерциялық қызметпен, яғни көтерме сауда саласының
кәсіпорындарда тауарлық-материалдық құндылықтардың үлесі басым болып
келеді.

1.3. Ағымды активтердің қалыптасу көздері

Кәсіпорынның ағымды активтері меншікті, қарыз және қосымша тартылған
қаражаттар көздері арқылы қалыптасады. Активтердің қалыптасу көздері туралы
ақпарат бухгалтерлік баланстың меншікті капитал және міндеттемелер
бөлігінде көрсетіледі.
Меншікті қаражат көздері арқылы, әдетте, ағымды активтердің шағын,
алайда тұрақты, үлесі қалыптасады. Меншікті ағымды активтердің бар болуы
кәсіпорынға өз қаражаттару еркін пайдалануға, өзінің өндірістік қызметінің
өнімділігін арттыруға және қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге
мүкіндіктер береді.
Ағымды активтердің қалыптасуы кәсіпорынның құрылуы және жарғылық
капиталдың қалыптасуы барысында құрылтайшылардың инвестициялық салымдары
есебінен қалыптасады. Әрі қарай ағымды активтерді ұйымдастыруға қажетті
қаражаттар мұқтаждығы меншікті қаражат көздері есебінен жабылады:
бөлінбеген табыс, жарғылық капитал, резервтік капитал.
Алайда, бірқатар объективті себептерге байланысты (инфляция, өндіріс
көлемінің өсуі, контрагенттердің шоттары бойынша есеп айырысуды кешіктіру)
кәсіпорын қосымша ағымды активтерге мұқтаж болады. Мұндай мұқтаждықтарды
қанағаттандыру үшін меншікті қаражаттар жеткіліксіз. Сол себепті
кәсіпорындар өз қызметі барысында қарыз қаражаттар тартуына мәжбүр болады:
банктік және коммерциялық несиелер, облигациялық қарыздар және т.б.
Қарыз қаражаттар негізінен алғанда банктік қысқа мерзімді несиелермен
сипатталады. Банктердің қысқа мерзімді несиелері арқылы кәсіпорынның
уақытша ағымды активтерге мұқтаждығы жабылады. Ағымды активтерді
қалыптастыру үшін несиелер тартудың негізгі бағыттары келесілер: шикізат
көздерін, материалдарды және өндірістің кезеңдік процесімен байланысты
шығындарды несиелеу; меншікті ағымды қаражаттардың уақытша жетіспеушілігін
толықтыру; есеп айырысу және төлем айналымын ұйымдастыру.
Банктік несиелер инвестициялық (ұзақ мерзімді) және қысқа мерзімді
несиелер нысанында беріледі. Банктік несиелердің арнайы бағыты – негізгі
құралдарды және ағымды активтерді сатып алуға байланысты шығындарды
қаржыландыру, сондай-ақ кәсіпорынның кезеңдік мұқтаждықтарын, материалдық
құндылықтардың уақытша өсімін қамтамасыз етуді қаржыландыру, төтенше
шығындарды жабу болып табылады.
Қысқа мерзімді несиелерді, сонымен қатар, мемлекеттік мекемелер, қаржы
компаниялары, факторингтік компаниялар да береді. Банктік несиелерге
альтернативті қаражат көздері ретінде облигациялық қарыздар, факторингтік
және лизингтік несиелер, вексельдік несиелер қарастырылады.
Меншікті және қарыз қаражат көздерінің дұрыс қатынасы кәсіпорынның
қаржылық жағдайын нығайтуда маңызды роль ойнайды. Қаржылық жағдайды талдау
барысында кәсіпорынның ағымды активтерге мұқтаждығы бағаланып, қолда бар
қаржы ресурстарының көлемімен салыстырылады. Сонымен қатар, ағымды
активтердің қалыптасу көздерін талдау тек олардың динамикасын, құрамы мен
құрылымын бағалап қоюмен ғана шектелмейді. Кәсіпорын активтерінің қалыптасу
көздерінің құрылымы әрбір қаржы көздері бойынша жан-жақты, олардың құнын
анықтауды қоса талдауға алынады.
Қандай-да бір қаражат көзін тартудың тиімділігі оның құны мен
рентабельділігін салыстыру негізінде анықталады. Бұл мәселе, бірінші
кезекте, қарызға тартылған қаражаттар үшін аса маңызды болып табылады.
Ағымды активтердің айналымы барысында олардың қалыптасу көздерінің,
әдетте, айырмашылықтары бола бермейді. Алайда бұл ағымды активтердің
қалыптасу көздері олардың айналу жылдамдығына және қолдану тиімділігіне
әсер етпей қоймайды. Ағымды активтердің шектен тыс көп болуы олардың бір
бөлігінің өндіріс процесіне қатыса алмайтындықтан, сәйкесінше, ешқандай
табыс алып келмей, жұмыссыз бос тұрып қалуына алып келеді. Ағымды
активтердің жетіспеушілігі, өз кезегінде, өндірістік процестің жүріп
тұруына кедергі болып, кәсіпорын қаражаттарының айналымын бәсеңдетуге әкеп
соқтырады.
Ағымды активтердің қалыптасу көздері туралы мәселе тағы бір тұрғыдан
маңызды. Нарық конъюнктурасы үнемі өзгеріп отырады, сол себепті
кәсіпорынның ағымды активтерге мұқтаждығы да тұрақсыз болып келеді. Оларды
тек меншікті қаражаттар есебінен ғана жабу тіпті мүмкіг емес. Өндірістік
қызметті тек меншікті қаражаттар есебінен ұйымдастыру тиімділігінен
айырылып, екінші кезектегі мәселеге айналады. Тәжірибе көрсеткендей,
көптеген жағдайларда қарыз қаражаттарды қолданудың тиімділігі меншікті
қаражаттарды қолдану тиімділігінен айтарлықтай жоғары болады. Сондықтан да,
ағымды активтердің қалыптасу процесін басқарудың басты міндеті қарыз
қаражаттарды тарту тиімділігін қамтамасыз ету болып табылады.

2. Кәсіпорынның ағымды активтерін талдау және бағалау

2.1. Ағымды активтердің құрамы мен құрылымын талдау

Кәсіпорынның ағымды активтерінің құрамы мен құрылымын талдау
кәсіпорынның айналым қаражаттарының абсолютті және салыстырмалы өсуін
немесе кемуін сипаттайды. Айналым қаражаттарының өсуі кәсіпорынның
өндірістік қызметінің тиімділігін аңғартады. Айналым активтерінің артуы
кәсіпорын жұмысын қолайлы тұрғыдан сипаттайды, өйткені оның өндірістік
процесінің әрі қарай дамуын көрсетеді.
Ағымды активтер қаржылық есеп берудің маңызды элементтері болып
табылады, сол себепті талдау барысында олардың қолда бары, құрамы мен
құрылымы, сондай-ақ есептік кезеңдегі олардың өзгерісі зерттеуге алынады.
Айналым активтерінің құрылымын талдау, сондай-ақ, олардың өндіріс барысына
тиімді ораласуын бағалауға мүмкіндіктер береді.
Ағымды активтердің құрамы мен құрылымын талдау әдістемесін Қазақстанның
тамақ өнеркәсібі саласында қызмет көрсетіп отырған Биоемтағам ЖШС
бухгалтерлік балансының мәліметтерін қарастырамыз. Талдау нәтижелері
түсінікті болу үшін аталған кәсіпорынның тамақ өнеркәсібі саласында кеңінен
қолданылатын биологиялық белсенді қоспаларды экспертизалық-лабораториялық
зерттеуден өткізу және қорытынды жасау бойынша қызмет көрсететінін айта
кеткен жөн.
2.1-кесте

Биоемтағам ЖШС активтерінің құрамы мен құрылымы

теңге

Көрсеткіштер 2003 жыл 2004 жыл Ауыт-қуы Өсу
(+.–) қар-қыны,
%
Сомасы % Сомасы %
1 2 3 4 5 6 7
Ұзақ мерзімді активтер 377394 47,6 433859 18,9 +56465 +15,0
негізгі құралдар 377394 100 433859 100 +56465 +15,0
материалдық емес – – – – – –
активтер
ұзақ мерзімді – – – – – –
инвестициялар
Ағымды активтер 414702 52,4 1858035 81,1 +1443333 +348,0
материалдық – – – – – –
құндылықтар
дебиторлық қарыз 130905 31,6 899993 48,4 +769088 +587,5
ақша қаражаттары 106108 25,6 958042 51,6 +851934 +802,9
басқа да ағымды 177689 42,8 – – –177689 –100
активтер
Активтер, барлығы 792096 100 2291 894100 +1499798 +189,35

2.1-кестеден байқайтынымыз, Биометағам ЖШС жалпы активтері талданып
отырған кезеңде теңгеге немесе ға өскенін байқаймыз. Бұл көрсеткіш
кәсіпорынның өндірістік қаблетінің есе өскенін білдіреді.
Активтерді құрылымдың тұрғыдан қарастыратын болсақ, онда аталған
кәсіпорынның балансында ағымды активтердің басым екенін байқаймыз. Қызмет
көрсету саласындағы кәсіпорын үшін ағымды активтердің үлесі басым болуы
әбден ақылға қонымды жағдай болып табылады. Ағымды активтердің үлесі жылы
52,4%-ды құраса, жылы бұл көрсеткіш 81,1%-ға жетіп жығылған, яғни олардың
үлесі 348,0%-ға өскен.
Ағымды активтердің құрылымына келетін болсақ, онда дебиторлық қарыздың
үлесінің басым екендігін байқауға болады. 2003-жылы кәсіпорынның дебиторлық
қарызы жалпы ағымды активтердің 31,6%-ын құраса, 2004-жылы бұл көрсеткіш
48,4%-ға жеткен, ал оның сомасы 7690888 теңгеге немесе 587,5%-ға артқан.
Дебиторлық қарыздың кәсіпорынның шоттарында жинақталуы барлық жағдайда
қолайлы бола бермейді. Дебиторлық шоттардағы қаражаттар кәсіпорынның ең
өтімді активтердің бар екендігін көрсетеді, яғни кәсіпорынның өтімділігіне
оң әсерін тигізеді. Алайда, нарықтық экономика жағдайларында
кәсіпорындардың төлем қабілетсіздігі жиі кездесетін жағдай, сол себепті
талданып отырған кәсіпорынға дебиторлық қарыз бойынша қаражаттарды өндіріп
алудың ең ұтымды жолдарын қалыптастыра білу қажет.
Сондай-ақ, Биоемтағам ЖШС ағымды активтерінің құрылымында ақша
қаражаттарының басым екендігін көреміз. Олардың жалпы сомасы 2003-жылы
106108 теңгені құраса, 2004-жылы 958042 теңгеге жетіп, 851934 теңгеге
немесе 802,9%-ға артқан. Сонымен қатар, ақша қаражаттарының үлесі талданып
отырған кезеңде 51,6%-ды құрап отыр. Ақша қаражаттары кәсіпорынның
қалындағы нақты өтімді қаражаттарды сипаттайды. Сондықтан да бұл
кәсіпорынның қызметінің тиімділігінің көрсеткіштеріне оң әсерін тигізетіні
белгілі. Дегенмен де, ақша қаражаттарын есеп шоттарда немесе кассада ұстап
тұрғанмен салыстырғанда оларды өндірістік активтерга салған кәсіпорынның
әрі қарай дамуына септігін тигізетіні анық.
Жалпы алғанда, Биоемтағам ЖШС активтерінің құрамы мен құрылымының
көрсеткіштері аталған кәсіпорынның ағымды активтермен жеткілікті көлемде
қамтамасыз етілгендігін сипаттайды. Алайда, ағымды активтердің құнының және
үлесінің артуын талдай отырып, басқа да сапалы көрсеткіштерге назар
аударған дұрыс. Атап айтар болсақ, елдегі инфляция деңгейі, ағымды
активтерді қолданудың тиімділігі кәсіпорынның нақты мүліктік жағдайын
анықтап береді. Өте жоғары инфляция жағдайларында ағымды активтердің
номиналдық құны олардың нақты құнынан айтарлықтай ауытқиды. Отандық
тәжірибеде инфляциялық процестердің әсері тек негізгі құралдардың баланстық
құнын анықтау барысында ғана қолданылады. Өндірістік материалдарды, дайын
өнімді және сатылған, алайда әлі төленбеген тауарларды (дебиторлық қарызды)
қайта бағалау жұмыстарын кәсіпорындар жүзеге асыра бермейді. Сол себепті,
ағымды активтердің құнының артуы тікелей инфляцияның ықпалында болады.

2.2. Ағымды активтерді қолдану тиімділігін бағалау

Ағымды активтердің тиімділігінің негізгі көрсеткіштеріне штеріне
нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның қаржылық қызмет жасау,
қаржыландыру көздерін ынталандыру және оларды тиімді пайдалану секілді
мүмкіндіктерін анықтайтын, осы кәсіпорын қызметінің тиімділігін
(рентабельділігін) сипаттайтын көрсеткіштері жатады. Кәсіпорынның ағымды
активтерінің сапалы көрсеткіштері салыстырмалы талдау мен кәсіпорынның
қаржы жағдайын бағалаудың міндетті элементтері болып табылады, өйткені олар
кәсіпорын табысын қалыптастырудың факторлық ортасын сипаттайтын маңызды
көрсеткіштер.
Ағымды активтердің тиімділігін сипаттайтын тәжірибеде бірнеше
көрсеткіштер қолданылады. Бұл көрсеткіштер кәсіпорынның іскерлік
белсенділігін, ағымды активтердің рентабельділігін, олардың айналымдылық
жылдамдығын және басқа да сапалы параметрлерін көрсетеді.
Ағымды активтердің қор қайтарымдылығы (немесе ағымды активтердің тікелей
айналымдылық коэффициенті):

(2.1)

мұнда N - өнімді өткізуден алынған табыс; Е – есепті кезеңдегі ағымды
активтердің орташа жылдық құны.
Бұл көрсеткіш ағымды активтердің 1теңгесінен қайтатын өнімді немесе
айналым санын көрсетеді; оның мәні неғұрлым үлкен болса, активтің қолдану
тиімділігі соғұрлым жоғары болады.
Сонымен қатар, ағымды активтердің әрбір элементі бойынша айналымдылық
коэффициентін анықтап алуға болады.
Өндірістік материалдардың айналымдылығы:

(2.2)

мұнда EТ – материалдық құндылықтардың орташа жылдық құны.
Дебиторлық қарыздың айналымдылығы:

(2.3)

мұнда ED – дебиторлық қарыздың орташа жылдық құны.
Ақша қаражаттарының айналымдылығы:

(2.4)

мұнда EM – ақша қаражаттарының орташа жылдық құны.
Ағымды активтерді бекіту (жүктеу) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Айналымды активтердің жіктелуі
Қаржылық талдау
Кәсіпорынның айналым капиталын пайдалануды жақсартудың теориялық мәселелері
ААҚ «Тұк казхром» экономикалык қызметін талдау
ААҚ «Тұк казхром» кәсіпорынның экономикалық қызметін талдау
Ақша қорлары ның элементтері
Айналым капиталының элементтері
Кәсіпорында капиталдың оңтайлы құрылымын құру мәселелері
Шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық күйі
Кәсіпорынның таза айналым капиталын басқару және ЖШС «Ұланның» айналым активтерін бағалау және талдау
Пәндер