Қазақстан Республикасының бағалы қағаздардың түрлері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кiрiспе---------------------------- ----------------------------------- ------
------------------.3

І. Бағалы қағаздар нарығының мәні мен
қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...5
1.1. Бағалы қағаздардың мәні, негізгі белгілері,
қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ..5
1. Бағалы қағаздардың
тұрлерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ...9

ІІ. Бағалы қағаздарын нарығын реттеу жағдайы мен оны реттеу жолдары ... 14
2.1 Қазақстан Республикасының бағалы қағаздардың
түрлері ... ... ... ... ... .14
2.2. Бағалы қағаздардың айналымы және оның өзекті
мәселелері ... ... ... ... .17
2.3. Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын ұйымдастыру мен
реттеуді жүзеге асырудағы іс-
шаралар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20

ІІІ. Бағалы қағаздар нарығын реттеуде шетелдік тәжірибені қолданудың
маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
Қорытынды-------------------------- ----------------------------------- ------
--------------31
Пайдаланған әдебиеттер тiзiмi----------------------------- ------------------
----------33

Кiрiспе
Бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiнiң қатынастары экономикалық-
құқықтық механизмге негiзделедi. Бұл бағалы қағаздардың материалдық түрi
ретiнде оның маңызын дәлелдейдi. Бiрақ бағалы қағаздардың маңызы онымен
шектелiп қоймайды. Бағалы қағаздар кез келген мемлекеттiң төлем айналымында
маңызды орын алады, себебi олар арқылы мемлекеттiң инвестициялық қызметi
жұзеге асырылады. Дәлiрек айтқанда, бұл күрделi қаржы тiкелей халық
шаруашылығының ең тиiмдi саласына жiберiледi, яғни оларды нарық жүйесiндегi
ең өмiршең субъектiлер ғана ала алады.
Өзiнiң ұйымдық және құрылымдық ерекшелiктерiне орай бағалы қағаздар
қаржы институттары, қаржы нарықтары және оларды реттейтiн құқықтық
ережелермен қатар мемлекеттiң қаржы жүйесiнiң тұтас бiр бөлiгiн құрайды.
Мұндай жұйе бiздiң мемлекетiмiзде нарық қатынастарын қалпына келтiру
қажеттiлiгi туындаған кезде құрыла бастады.
Өтпелi кезеңнiң экономикалық тәжiрбиесi дәлелдегенiндей шаруашылықты
жетiлдiрудiң нарықтық әдiстерiн қалпына келтiрудiң және оны одан әрi
дамытудың басты құралы – бағалы қағаздар екенi талассыз ақиқат. Бағалы
қағаздар ақша түрiндегi капиталға да, заттай капиталға да меншiк құқығын
бекiтiп, тек бағалы қағаздар арқылы ғана мемлекеттiк меншiктi акционерлiк
қоғамдардың, яғни жекеменшiк иелерi – халықтың меншiгiне айналдыру мүмкiн.
Бағалы қағаздар нарығында өзiне тән қаржы институттары жүйесi қалыптасып,
оларда экономикалық өрiстеудiң қаржы көздерi шоғырланып және инвестициялық
қорларды бөлу қатынастары жүзеге асады.
Қазақстан Республикасының мемлекетi бағалы қағаздар нарығын құру және
оны одан әрi өрiстету мақсатында қажеттi шараларды жасауда. Қазақстандағы
меншiктi мемлекет иелiгiнен алу және жекешелендiрудiң µлттық бағдарламасы
бағалы қағаздар нарығының негiзгi элементтерiн құру процесiн жеделдеттi.
Мемлекеттiк кәсiпорындарды акционерлiк қоғамдар тұрiнде қайта құру олардың
инвестиция тартудың ең тиiмдi механизмдерiнiң бiрi – акция шығаруды
пайдалану мүмкiндiгiн ашты. Бағалы қағаздар нарығының механизмi
экономиканың барлық субъектiлерiне инвестиция көздерiн алуға мүмкiндiк
жасайды. Акция шығару осы ресурстарды шектеусiз алуға мүмкiндiк туғызса, ал
облигация шығару ақша ресурстарын, оларды банктерден алудан гөрi, тиiмдi
жағдайда алуға мүмкiндiк бередi. Мемлекет бюджет кемшiлiгiн толтыру
мақсатында да ақша белгiлерiн эмиссияламай, мемлекеттiк бағалы қағаздар
шығарумен шұғылданады.
Айтылған мәселелердiң барлығы мемлекетiмiздiң экономикалық дамуының
бүгiнгi кездегi сатысындағы ерекше бағыт, яғни бағалы қағаздарды шығару
және сол қағаздар нарығындағы операцияларды меңгеру мiндетi пайда болғанын
айқындайды.
Ұсынылып отырған бағамдық жұмысымның басты мақсаты қазiргi
экономикадағы бағалы қағаздар нарығы және процент нормасын рөлiн айқындап
шығу болып табылады.
Бұл бағамдық жұмыс екi ұлкен тараудан тұрады. Олар: “Бағалы қағаздар
нарығының мәнi”, “Процент нормасы және оның мәнi” деп аталады. Сонымен
бiрге кiрiпе, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.

І. Бағалы қағаздар нарығының мәні мен қалыптасуы.
1.1. Бағалы қағаздардың мәні, негізгі белгілері, қалыптасуы.
Жоғарыда баяндалғандардан туындағандай , бағалы қағаздар нарығы –
шаруашылық жүргізуші субъектілер мен мемлекет шығарған (айналысқа шығарған)
бағалы қағаздардың сан алуан түрлері сатылатын және сатып алынатын қаржы
нарығының бөлігі. Бұл нарықтың жұмыс істеуі көптеген экономикалық, әсіресе
инвестициялық процестерді реттеп, олардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік
береді. Бұған осы нарықтың қор құрылымдарының – бағалы қағаздардың және
өзге де активтердің сан алуандығымен қол жетеді.
Бағалы қағаздар нарығы экономиканың барлық субъектілерінің өздеріне
қажетті ақша ресурстарын алуына кең мүмкіндіктер жасайды және алудың жолын
жеңілдетеді. Ол нарықтық экономикадағы көптеген стихиялы түрде өтіп жатқан
процестердің реттеушісі болып табылады. Бұл әсіресе күрделі жұмсалымдарды
инвестициялау процесіне қатысты.
Бағалы қағаздардың айналымға түсу уақыты мен әдісіне қарай олардың
нарығы бастапқы және қайталама болып бөлінеді. Бастапқы нарықта бағалы
қағаздардың бастапқы иеленушілерінің жаңа шығарылған бағалы қағаздары
сатылады; қайтлама нарықта бағалы қаздардың айналысы, яғни олардың
иелерінің ауысуы болады. Бағалы қағаздардың номиналдық ( номиналдық құн-
баға қағазды шығарған кезде анықталған оның құның ақшалай тұғалану),
эмиссиялық және нарықтық бағасы (бағамы) болады. Қайталама нарық екі
бөліктен тұрады : ұйымдастырылған бағалы қағаздар рыногы – мәмілелер сауда
-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылатын
эмиссиялық бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарының айналыс сферасы
және ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығы – бағалы қағаздар айналасының
бағалы қағаздармен жасалатын мәмілемелер қаржы құралдарымен сауда –
саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарында мәміле объектісіне және оның
қатысушыларына белгіленген талаптар сақталмай жүзеге асырылатын сферсы.
Биржадан тыс айналым рыногының ұйымдастырылған рыноктан айырмашылығы онда
операцияларды жүзеге асырылатын біріңғай орталық жоқ, мәмілемелерді олардың
офистарында дилерлер мен брокерлер жүргізеді. Ұйымдастырылған нарықта
операциялар қатаң регламенттелінген, ал ұйымдастырылған рынокта операциялар
шамалы қатаң ережелер бойынша жүргізіледі.
Бұдан басқа қаржы нарықтарын басқа критерийлер бойынша ажыратады:
бағалы қағаздардың түрлері бойынша: акциялар, облигациялар, және т.б.
нарығы ; эмитенттер бойынша: кәсіпорындардың бағалы қағаздар нарығы ,
мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы ; аумақтық критерийі бойынша : ұлттық,
халықаралық, аймақтық; мезгілдері бойынша: қысқа мерзімді. Орта мерзімді
және ұзақ мерзімді бағалы қағаздардың рыногы; мәмілелердің түрлері бойынша:
кассалы, форвардтық және т,с,с,; салалық критерий бойынша.
Бағалы қағаздар рыногының жұмыс істеуі елдің экономикасында жалған емес
нағыз дербестігі бар меншік иелерінің болуымен объективті түрде алдын ала
анықталады. Тек осындай тәуелсіз меншік иелері ғана бағалы қағаздар
рыногында қаржы ресурстарына деген сұранымда көрсете отырып әрі оларды әр
түрлі шығындарға тиімді етіп жұмсауға бағыштай отырып, сауда
мәмілелерін жасай алады.
Қазақстанда қор рыногының қалыптасуы бұрынғы КСРО-ның заңнамасы
негізінде акционерлік қоғамдар, брокерлік және қор биржалары құрыла
бастаған 1991 жылға жатады. Бұл орайда мемлекеттік кәсіпорындардың
жекешелендірілуі және акционерлендірілуі шешуші рөл атқарды. Қысқа мерзім
ішінде күллі ұлттық шаруашылық кешені заңды түрде экономикалық жағынан
өзгеше кәсіпорындарға айналды, олардың көпшілігі нақты иесі бар
акционерлік капитал ретінде көрінді. Осының нәтижесінде 19991 – 1993
жылдары 20 акционерлік коммерциялық банктің акциялары тіркелінді. Бұл
жылдары эмиссияның жалпы сомасы 110 миллрд сом болды. Соның ішінде
банктердің үлесі 80%-ды құрады.
Алайда акционерлік қоғамдардың, брокерік және қор биржаларының
ары қарай дамуын нарықтық қатынастардың және құқықтық базаның, сонымен
бірге бағалы қакғаздардың жұмыс істеу ережесінің қанағаттанғысыз дәрежесі
тежеді.
Нарықтық қатыныстардың серінді даму кезеңі Қазақстан
Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комисиясы құрылған 1995
жылдан басталады. 1995 жылдың 19 сәуірінен басап жаңартылған Қазақстан
таза қор биржасы – Орталық Азия қор биржасы (ОАҚБ) жұмыс істей бастады.
1995 жылдың 21 сәуірінде Бағалы қағаздар және қор биржасы туралы
Қазақстан Республикасының заңы бекітілді. Қазақстанда бағалы қағаздар
рыногы құықтық реттеуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасында
Мемлекеттік бағалы қағаздары қалыптастырудың және дамытудың бағдарламасы
әзірленді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қарызының ұлттықжинақ
облигацияларын шығару, айналысы және өтеу шарттары туралы қағидалар
әзірленіп, бекітілді. 1997 жылдың басынан Қазақстан Республикасының
Парламенті бағалы қағаздарды реттейтін үш заң қабылдады, олар: Бағалы
қағаздар нарыға туралы, Бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді тіркеу
туралы, Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлар туралы
заңдар.1997 жылдың ортасынан бастап Бағалы қағаздардың орталық
депозитарийі Жабық акционерлік қоғамы құрылды, оның функциясы барлық
мемлекеттік және басқа бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімін жүргізу
болды. Қазақстанның қаржы нарығының мемлекеттік реттеу жүйесінің
тиімділігін арттыру және онда қалыптасқан қатынастарды бағалау мақсатында
2001 жылдың маусымында Президентттің жарлығымен Қазақстан Республикасының
Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы таратылып, оның функциялары мен
өкілеттіктері Қазақстанның Ұлттық банкісіне берілді.
Әлемдік қаржы дағдарысының және экономиканың нақты секторларындағы
өндірістің құлдырауынан туындаған сыртқы және ішкі факторлардың еліміздің
бағалы қағаздар нарығына тигізген жайсыз әсеріне қарамастан, ол даму
үстінде. Республиканың бағалы қағаздар нарығында жасалып жатқан қадамдар
соңғы кездері айтарлықтай белсенді бола түсті.
2. Бағалы қағаздардың тұрлерi.
Нарықтық экономикада қалыптасып жатқан қаржы нарығының ең маңызды
элементi – бағалы қағаздар болып табылады. Оны акционерлiк қоғамдар мен
банктер акция, облигация, вексель, сертификаттар және т.б. түрiнде
шығарады.
[1]Акция дегенiмiз, француз тiлiнен акционерлiк қоғам капиталына
белгiлi бiр мөлшерде қаржы енгiзiлгенiн және дивиденд тұрiнде табыс алып
отыру құқын куәландыратын бағалы қағаз болып табылады. Ал дивиденд – латын
тiлiнен аударғанда бөлiнiске түсетiн деген мағынаны бiлдiредi. Дивиденд
акция иесiнiң, яғни акционерлiк қоғам құрылтайшыларының алатын табысы,
басқаша айтқанда, акционерлiк қоғам пайдасының белгiлi бiр бөлiгi.
Шетелдiк тәжiрбиеде әртүрлi акциялар қолданылады: атаулы акция және
мәлiмдеушi акция, қарапайым акция және артықшылығы бар акция, бiр дауысты
акция, көп дауысты акция және дауыссыз акция. Акцияның нарықта сатылу
бағасы – акция курсы болып табылады. Акция курсы процент нормасына тiкелей
байланысты. Бiздiң елiмiзде қарапайым және артықшылығы бар акциялар
қолданылады. Қарапайым акциялар кәсiпорынның алынатын пайда мөлшерiне
тәуелдi болады, оның иесi акционерлердiң жалпы жиналысына қатыса алады.
Ондай акцияның артықшылығы – оның иелерiне, акционерлiк кәсiпорынға немесе
банкiге тұсетiн пайда мөлшерiне қарай жыл сайын тұрақты белгiленген
дивидендiнi (облигацияға төленетiн процент сияқты) төлеуде тұрады. Осы
сияқты иеленушiлер акционердiң жалпы жиналысына қатыстырылмайды. Басқа бiр
артықшылығы – акционерлiк компания жабылатын жағдайда бұл акцияларды
иеленушiлерге бiрiншi кезекте ол кәсiпорынның мүлiктерiн сатудан түскен
ақшаның бiр бөлiгi берiледi.
Акционерлiк қоғам – өздерiнiң ресурстарын орталықтандыратын немесе
тұрғындардың жинақтарын айналымға акция немесе басқа бағалы қағаздар шығару
жолымен жұмылдыратын кәсiпорындардың, ұйымдардың және мемлекеттiк
органдардың ерiктi бiрлестiгi. Бұндай қоғамдар өздерi қабылдаған жарғының
негiзiнде жұмыс жасайды және кез келген шаруашылық саласында құрылуы
мұмкiн. Iс жұзiнде акционерлiк қоғамдарды акциялардың бiршама көпшiлiгiн
иеленетiн iрi кәсiпкерлер (капитал иелерi) толық билейдi. Акционерлiк
қоғамда үстемдiк етуге мүмкiндiк беретiн акциялардың санын акциялардың
бақылау пакетi деп атайды.
Облигация дегенiмiз, көрсетiлген кiрiстi оның иесiне төлеу жөнiндегi
мiндеттеме. Мұндай бағалы қағазды мемлекет немесе кәсiпорындар шығарады.
Облигация, оның иесiнiң ақша қаражатын салғанын куәландырады және оған
белгiленген проценттi төлеу уақыты көрсетiлген нақты (номиналды) құнының
орнын толтыру мiндетiн дәлелдейдi. Процент, әдетте бiрдей мөлшерде займның
барлық мерзiмi бойына төленедi. Кейбiр облигациялар бойынша процент ресми
есептелмейдi, бiрақ өтеу кезiнде облигациялар сатып алынатын баға мен
олардың иелерiне сатылған баға арасындағы айырмашылық түрiнде төленедi.
Облигацияның бiрнеше түрi болады: мемлекеттiк, жергiлiктi
(муниципалды) және кәсiпорындар облигациялары. Олар атаулы және
мәлiмдеушiге арналған, проценттi және процентсiз (мақсатты), еркiн
айналатын немесе айналым өрiсi шектелген облигациялар болып та шығарылады.
Вексель заң бойынша белгiленген үлгiде толтырылатын құжат. Ол вексель
иесiне вексель бойынша қарыз адамнан құжатта көрсетiлген соманы белгiлi бiр
мерзiмде және белгiлi бiр орында талап етуге құқық бередi. Нарықты
экономикада вексель несие құралы және төлем қаржысы ретiнде ұлкен рөл
атқарады. Вексельдiк мiндеттеме бiршама қысқа мерзiмге, формальды түрде бiр
жылдың шегiнде, көбiне небәрi 1-3 айға берiледi. Вексельдер әдетте
коммерциялық несие қызметiн атқарады, ал вексельдiк айналым жолымен –
ақшаның орнына жұмсалады. Вексельдi басқа бiреуге беру индоссамент
(вексельге өткiзгiш таңба) нысанындағы берiлу жобасы жолымен жүзеге асады.
өздерiнiң нысанына қарай вексельдер жай және аударылатын болып бөлiнедi.
Жай немесе қарапайым вексель – бұл бiр немесе бiрнеше адамның белгiлi бiр
ақша сомасын белгiлi бiр мерзiмде төлейтiнi туралы шұбасыз жазбаша
мiндеттемесi; жай вексель ортақ жауапкершiлiктi бiрнеше адамдармен берiлуi
мүмкiн.
Аударылатын вексель (тратта), бiр адамның басқа бiреуге, үшiншi
адамға белгiлi бiр ақша сомасын белгiлi бiр мерзiмде төленетiн жазбаша
нысандағы бұйрық болып көрiнедi. Мерзiмi көрсетiлмеген аударылатын вексель
мәлiмдеме бойынша төлеуге жатады. Жалпы, аударылатын вексель мәлiмдеме
бойынша төлеуге жатады. Жалпы, аударылатын вексельдiң кең тарағанын атап
айту керек.
Вексельдiң нысаны оны шығарған елдiң заңымен анықталады. Вексель
несие – есеп айырысу қатынастарын дайындау құралы ретiнде сыртқы сауда да
кеңiнен қолданылады. Банк займдарын ұсыну кезiнде болатын банктердiң
арасындағы қатынаста вексельмен дайындалады. Банк акцептерi (банкке
шығарылған және онымен акцептелген аударылатын вексель) айтарлықтай
таралған. Аса сенiмдiлiгiне қарай, банк акцептерi халықаралық төлем құралы
рөлiн ойдағыдай атқарады.
Депозиттiк сертификат – бұл банкiмен шығарылатын ақша нарығының
құралы. Мерзiмдi депозиттiк сертификатта төлем және процент нарқын төлеудiң
белгiленген күнi болады. Сертификат жеңiл өтiмдi қысқа мерзiмдi
инвестициялық құрал болғандықтан инвесторлармен, кәсiпорын және ұйымдармен
кеңiнен қолданылады. Депозиттiк сертификаттар, көбiнесе уақытша бос
қаржыларды орналастыру құралы ретiнде қаржылық емес корпорацияларымен сатып
алынады.
Жинақ сертификаты – ақша салушының депозитiн (белгiлi бiр шартты
уақытта алу үшiн несие мекемелерiне, сақтау орындарына сақтауға берiлген
бағалы қағаздар) белгiленген мерзiмi өткеннен кейiн оған берiлген проценттi
алу құқын дәлелдейтiн несие мекемесiнiң ақша қаражаттарын депонентке
салғаны туралы жазбаша куәлiк. Сертификаттар мемлекеттiк банкпен және басқа
банктермен шартта белгiленген процент бойынша белгiленген мерзiмге немесе
оны талап етуге дейiн шығарылады. Жинақ сертификаттары атаулы және
мәлiмдеушi сертификаттары атаулы және мәлiмдеушi сертификаты болып та
берiледi. Атаулы сертификаттар айналымға жатпайды, ал оларды сату заңсыз
болады.
Чек – белгiлi бiр нысанындағы банкiден ақша алатын немесе алу-беру
шотына белгiленген ақшаны аударуға нұсқау жазылатын арнаулы құжат. Оларды
ақша және есеп айыратын чектер деп атайды. Ақша чегi бойынша банктен қолма-
қол ақша алады. Есеп айыру чегi, чек берушiнiң есебiнен чек ұстаушының
есебiне ақшалай төлем жасау туралы, ерекше бланкiге толтырылған банкке
берiлетiн жазбаша нұсқау болып табылады. Ол қолма-қол ақшасыз есеп айырысу
үшiн қолданылады.
Есеп айырысу чегiнiң бiрнеше түрi болады: банкпен акцепттелген
(акцептеу шотын төлеуге қабылдап алу және есеп бойынша төлеуге разылықпен
қол қою) және акцептелмеген, лимиттенген және лимиттенбеген кiтапшалар.
Төлем кезiнде лимиттiң қалдығы тұрақты қойылып отырады, сөйтiп чектердi
пайдалануға бақылауды күшейтетiн лимиттенген чек кiтапшалары көбiрек
таралған. Бiздiң тәжiрбиемiзде, соңғы кезде кәсiпорын iшiндегi чектер
кеңiнен өрiс алды.
Опцион деп контрактіде көрсетілген мерзім ішінде ғана әрекет ететін,
тұрақты бағада белгілі бір акциялар санын сатып алу немесе сатуға құқық
беретін контрактіні айтады. Контрактіні сатып алушы оны сатуға опциондық
сыйақы төлейді, оны опцион бағасы ретінде қарайды.
Сатып алу опционы кез келген контрактідегі мерзімде, контрактідегі
көрсетілген акциялар санын белгілі бір бағада сатып алуға құқық береді.
Фьючерс – тұрақты табысты бағалы қағаздарды тұрақты бағада алдағы
уақытта жабдықтау контрактісін айтады.
Еркін нарықта нақты сатушылар мен сатып алушылар арасында
контрактілер жасауға ешкім тыйым салмаса да, фьючерстік мәмілелер негізінен
биржада жасалады. Ұйымдастыру қатынасындағы жүйе опционңа ұқсас:
клиентброкерлік кеңсе арқылы бұйрығын береді, ол бұйрық залдағы тұрақты
жұмыс жасайтын өкілге жетеді, кейінгі оның орындалуы немесе орындалмауы
нарықтағы нақты жағдайға байланысты анықталады
Қазiргi кезде, кәсiпорындарда және еңбек ұжымдарында енгiзiлген
акцияларды толық мағынада акция деуге әлi ерте, себебi олар кәсiпорынның
капиталын құрамайды, акцияның сомасы оның иесiнiң талабы бойынша қайтарылуы
мүмкiн (нағыз акциялар қайтарымға жатпайды). Оның үстiне олар басқаруда
дауыс құқын бермейдi.
Қазiргi кезде, кәсiпорындарда және еңбек ұжымдарында енгiзiлген
акцияларды толық мағынада акция деуге әлi ерте, себебi олар кәсiпорынның
капиталын құрамайды, акцияның сомасы оның иесiнiң талабы бойынша қайтарылуы
мүмкiн (нағыз акциялар қайтарымға жатпайды). Оның үстiне олар басқаруда
дауыс құқын бермейдi.
Мемлекеттiк бюджетке қосымша қаржы түсiретiн көз ретiнде мемлекеттiк
облигацияларды шығару бұрыннан жолға қойылған. Ол тексеруден өткен және
тиiмдi жол.
Жұмыскерлердiң өз кәсiпорынның акцияларын иемденуi салыстырмалы түрде
қарапайым процесс. Ал бағалы қағаздардың еркiн нарығын ұйымдастыру күрделi
мәселе. Ол бiр-бiрiмен байланысты екi бөлiктен – бiрiншi және екiншi
кезектегi нарықтардан тұрады. Бiрiншi кезектегi нарықта бағалы қағаздарды
айналысқа шығару (эмиссиялау), ал екiншiсiнде – оларды қайта сату жүзеге
асырылады.

ІІ. Бағалы қағаздарын нарығын реттеу жағдайы мен оны реттеу жолдары.
2.1 Қазақстан Республикасының бағалы қағаздардың түрлері.
Қазақстан Республикасы Президентінің Бағалы қағаздар және қор
биржасы туралы 1996 жылғы 21-ші сәуірдегі жарлығына байланысты елімізде
бағалы қағаздар нарығы айналымына акция , облигация , мемлекеттік
қазыналық міндеттемелер , жинақ пен депозит , сертификаттат және вексель
жіберіледі.
Бағалы қағаздар ережесі бойынша олорды нарыққа еркін сату Қ.Р-ы
1997-ші жылғы 15-ші наурыздағы Бағалы қағаздар нарығы туралы Заңына
сай жүргізілді .
Капитал салудың сенімділігіне , табыс әкелудің тұрақтылығына тек
облигацмя ие бола алады. Облигация (ол) сатушылардың ақша қаржыларын
куәландырады .Сондай-ақ номиналды құнның толтырылу міндеттілігін
қуаттап , оның белгіленген уақытта мөлшерлі пайызын қайтаруды ескереді
. Пайыз салымның белгіленген мерзімінде тең порциямен төленеді . Кейбір
облигацияларды пайыз арнайы өтелмейді . Облигацияны жабу кезеңіндегі сатып
алынған бағасы мен иесіне сатылған баға айырмасы ретінде төленеді.
Облигацияның бірнеше түрі бар: мемлекеттің ішкі және жергілікті
займ облигациясы, мақсатты займдар облигациясы , аймақтық облигация
және кәсіпорын (фирма) облигациясы . Облигация әртүрлі боп шығарылады :
өзіндік және талап етуші , пайыздық және процентсіз (мақсаттық) , еркін
айналыста және шекті айналыс шеңберінде. Бұдан басқа мемлекет әртүрлі
қазналық міндеттемелер түрін шығарады . Бұл тұрғұндардың өз еркінмен
мемлекеттік бағалы қағаздарды салу түрлеріне жатады және олардың
ақшалай қорын бюджетке ұстайшыларды куәландрады . Куәландырған құжат
нақты табысты бағалы қағаздардан белгіленген барлық мерзімде алып
тұру құқына ие болады.Қазыналық міндеттемелердің мына түрлері бар: ұзақ
мерзімді,орташа мерзімді , қысқа мерзімді .Ұсақ мерзімді қазыналық
міндеттемелерді алушылар үшін мемлекет 5- тен 25 жылға дейін шығарады. Бұл
қазыналық міндеттемелер бойынша табысты жыл сайын купонмен төлейді немесе
міндеттемелерді номиналға жыл сайын толем жасамай – ақ пайыз төлеу арқылы
жабуды көздейді. Орта мерзімді қазыналық міндеттемелер 1 жылдан 5 жылға
дейін шығарылып, купонға ие болмайды. Қысқа мерзімді міндеттемелер
иелеріна 3 және 6, 12 айға шығарылады. Бұл міндеттемелер купонға ие емес
және олардың жабылуы , оған жазылған пайыз көлемінде қосып сатып алу
жолымен жүргізіледі.
Бағалы қағаздардың келесі түрі акция болып табылады. Акция-акционерлік
қоғамның мүлкіе белгілі пайды салғанын қуаттайтын бағалы қағаз және оның
иесіне (акционеріне) пайданың бір бөлігін дивидент түріне алу құқын береді.
Акцияны акционерлік қоғам кәсіпорын, ұйымдар, коммерциялық банк,
кооперативтер мен басқа да мекемелер шығарады. Олар ұжымдық меншікке
негізделген немесе толық мемлекеттік меншік шаруашылығында болады. Акция
бағалы қағаздар нарығы-қор биржасында сатылады және сатып алынады . Акция
бұл процесті биржалық емес сауда негізінде де жүзеге асырады. Акцияның
номиналды құны мен нарықтық бағасы бар. Акцияның нақты бағасы (нарықтық
курсы) акционерлік қоғам пайдасының мөлшеріне тікелей байланысты
өзгереді. Сондай-ақ алынатын дивидент мөлшері мен қарыз пайызы деңгейіне
байланысты да өзгереді.
Шетел тәжірибесінде акцияның әртүрлі: есімді (ірі купюрлы) және
өкілді (ұсақ купюрлы) , жай, жеңілдікпен пайдаланатын, бір дауысты, көп
дауысты, дауыссыз болып қолданылады. Біздің елімізде жай акция шығарылып
пайдаланатын табысы болып, акционерлерге салған капиталы үшін айқындалған
процент түрінде қатты табысты алуларына құқық береді. Алайда жеңілдікпен
пайдаланатын акция шектелген мерзімде қолданылады және белгілі уақыттан
соң, акционерлік қоғам оны жабады. Ал, оларды иемденушілер акционерлік
қоғам жұмысын басқаруда ешқандай дауысқа ие емес. Жеңілдікпен пайдаланатын
акциялар акционерлік қоғамның жарғылық қорының 10%-тен аспайтын сома
мөлшерінде ғана шығарылады.
Акция категория бойынша былай бөлінеді:еңбек ұжымының акциясы
кәсіпорын акциясы және акционерлік қоғам акциясы. Еңбек ұжымының
акциясын мемлекеттік кәсіпорындар (бірлестіктер), арендалы, ұжымдық
кәсіпорын, кооператив және қоғамдық ұйымдарға жататын кәсіпорындар
шығаруға құқылы.
Еңбек ұжымының акциясы сол кәсіпорында жұмыс істейтіндерге ғана
таратылады. Оған қатысы жоқтарға таратылмайды.
Акцияны кәсіпорын шығара отырып, екі пайдалылықты көздейді: біріншіден
, көбірек пада табу үшін, тұрғындары қосымша қаржы салуға жұмылдыру,
екіншіден кәсіпорын жұмысшыларын басқару процессінде барынша тарту. Себебі
кәсіпорынның жетістігі оның табысына тікелей әсер етеді.

2.2. Бағалы қағаздардың айналымы және оның өзекті мәселелері
2003 жылдың 1 қаңтарында Қазақстан Республикасының есеп берген
шаруашылық субьектілері бойынша айналысқа шығарылған мемлекеттік емес
(корпорциялық) бағалы қағаздардың жалпы көлемі1257,8 миллиард теңгені ,
сандық тұлғауда 8007 миллиард дананы құрады. Акциялар айналысқа шығарылған
корпорациялық бағалы қағаздардығ жалпы көлемінің 89,06% (1127,3 миллиард
теңге) құрады. Сонымен қатар жай акцияларға 91,9% (1103,4 миллиард
теңге),артықшылықты акцияларға 2,1% (23,9 миллиард теңге) келеді.
Облигациялар айналысқа шығарылған корпорациялық бағалы қағаздардың жалпы
көлемінің 5,7%-ын (71,6 миллиард теңге) құрады,оның 48,5% (34,7 миллиард
теңге)екінші деңгей банктері айналысқа шығарған. Корпорациялық бағалы
қағаздардың шығарылған жалпы көлемінен еврооблигацияларға 4,7% келеді.
2003 жылдың 1 қаңтарына есеп берген шаруашылық субъектілері бойынша
сомасы 87,2 миллион. Теңге болатын басқа мемлекттік емес бағалы қағаздар
орналастырылды, оның 83 миллион теңгесі – қойма куәліктері.
Мемлекеттік емес (корпорациялық) бағалы қағаздар жыл аяғында барлығы
жалпы сомасы(рыноктык құны бойынша) 1156,8 миллиард теңге, соның ішінде
акциялар 1045миллиард теңгеге, облигациялар 53,3 миллиард теғгеге,
еврооблигациялар 58,4 миллиард теңгеге орналастырылды.
2002 жылы төленген сыйақылардың сомасы 7,2 миллиард теңгеге тең болды,
бұл 2003 жылдың 1 қаңтарына орналастырылған облигациялардың,
еврооблигациялардың жалпы сомасының 6,4%-ын құрады. Сыйақылардың негізгі
үлесі (59,2%), қаржы мекемелеріне, облыстар қимасында Алматы қаласының
(53,6%),Астана қаласының (42,6%) ұйымдарына келіп отыр.
Жалпы республика бойынша 2003 жылдың 1 қаңтарына сомасы 69,3 миллиард
теңгенің акциялары орналастырылмаған,бұл айналысқа шығарылған акциялардың
барлық көлемінің 6,1% құрады.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 2004 жылы 126.2 млрд.
теңгеге мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастырды, бұл өткен жылмен
салыстырғанда 20.1%-ға көп. Жалпы орналастыру көлеміндегі қысқа мерзімді
қағаздар 40.4%, орта мерзімді қағаздар 59.6% құрады. Қаржы министрлігінің
мемлекеттік бағалы қағаздарын өтеу сыйақы төлеуді қоса алғанда 2004 жылы
71.7 млрд. теңге болды.
Нәтижесінде Қаржы министрлігінің айналыстағы бағалы қағаздарының
көлемі 2004 жылғы желтоқсан айының соңында 2003 жылдың желтоқсан айымен
салыстырғанда 229.5 млрд. теңгеге дейін 41.1%-ға ұлғайды. Қысқа мерзімді 3
және 6 айлық МЕККАМ-дар айналыстан шығарылды, оларды Қаржы министрлігі 2004
жылғы желтоқсан айында толық өтеді. Нәтижесінде бағалы қағаздар айналысының
құрылымы 2004 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Екінші деңгеңгейлі банктердің бағалы қағаз операциясының есебі
Бағалы қағаздар азаматтық құқықтың объектісі ретінде.
Туынды бағалы қағаздар нарығы
Бағалы қағаздардың түсінігі
Бағалы қағаздардың эмиссиясы және айналысқа шығарылуы. Бағалы қағаздар рыногының қатысушылары
Бағалы қағаздар рыногы, оның мәні және белгілері
Қаржы нарығы туралы түсінік
Қазақстандағы бағалы қағаздар рыногын мемлекеттік реттеу және оның нәтижелілігін арттыру міндеттері
Қаржы нарығы және қор биржасы
Бағалы қағаздардың негізгі және туынды түрлері
Пәндер