Бағалы қағаздар нарығының жалпы түсінігі
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 2
1 БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОНОМИКАДА ҚАЛЫПТАСУЫ 5
1.1 Бағалы қағаздар нарығының жалпы түсінігі 5
1.2 Бағалы қағаздардың түрлері 7
1.3 Мемлекеттегі бағалы қағаздар нарығының қызметі 14
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУЫ 16
2.1 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының пайда болуы 16
2.2 Бағалы қағаздар нарығының даму жолдары 17
2.3 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының құқықтық
негіздері 20
ҚОРЫТЫНДЫ 26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 27
КІРІСПЕ
Қазақстанның орталықтанған – жоспарлы экономикадан нарықтықтық
экономикаға өтуі қоғамдық өндірістің сипатын өзгертуде. Олар – меншік
қатынастары; шаруашылық субъектілерінің құрылымы мен оның қызмет көрсету
механизмі; олардың өзара қаржылық байланыстарының формалары; қоғамның
барлық топтарының шаруашылық нәтижесіне мүдделілігінің дәрежесі.
Қоғамдағы соңғы 6-7 жылда болған өзгерістер – Қазақстан
Республикасының нарық қатынастары арқылы демократиялық ел болуға бет
алғандығы өтпелі дәуір кезеңдерінің өзгерістері. Нарық қатынастары
өркениетті елдерде ежелден дамып, соңғы 70 жылда Социализм мен
Капитализм деген екі жүйенің бәсекесінде өзінің өміршеңдігін,
экономикалық және әлеуметтік тиімділігін дәлелдеді. Сол капитализм
экономиканың жеке және мемлекеттік секторларын қолайлы үйлестіру арқылы
уақыт талабына сай әлеуметтік бейімделген нарықтық шаруашылық құра білді.
Қаржы-несие институттары демократиялық негізде құралған қазіргі нарық-
адамзат дамуының ең жоғарғы жетістігі. Одан әрі даму және өркендеу кезінде
оның институттары мен салық құрылымдары, басқару әдістері мен қызмет ететін
субъектілері және т.с.с. нарыққа қатысушылары өзгеруі мүмкін. Бірақ ол
өзгерістер нарықтың түп негіздеріне әсер ете алмайтын жеке тұрғыдағы
өзгерістер.
Социализм жүйесі өндірісті де, әлеуметтік экономикалық қажеттілікте де
және өнімді тең бөлуді де, жалпы қоғамдық экономиканы жоспарлы түрде
басқарып, меншікті тек жалпыхалықтық меншік тұрғысынан қарап, халықтың
қажеттілігін өтей алмады. Нарық – күрделі, әрі – жан-жақты қызмет атқаратын
қоғамдық қатынастар жиынтығы. Ол бір жағынан тауар және көрсетілетін қызмет
нарығын қамтыса, екінші жағынан қор жинау нарығын қамтиды. Соңғысы, өз
кезегінде, қаржы нарығы мен қозғалмайтын мүлік нарығынан тұрады. Осы
аталған нарықтардың өзара байланысы ұлттық экономикалық механизмді құрайды.
Ал бұл механизм несиеге негізделген. Басқаша айтқанда, нарыққа
қатысушылардың басым көпшілігі іскерлік шартқа қол қойып, өздеріне бағалы
қағаз түрінде міндеттеме алады. Кәсіпкерлердің өзара жасаған дәл осы
міндеттемелері – экономикалық механизмнің тұрақтылығының кепілі. Бұл
жұмыстың мақсаты жалпы бағалы қағаздар нарығының экономикадағы жалпы
нарықтағы қаншалықты қажеттілігін көрсету. Себебі бағалы қағаздар нарықтың
бір бөлігі болып есептеледі. Сол үшін мен бұл жұмысымда бағалы қағаздардың
жалпы түрін толығымен ашып, оны жеке дара талдағым келді. Қазақстан
халқының жас буыны алдында жаңа, тіпті ерекше бағыт, яғни бағалы қағаздарды
шығару және сол қағаздар нарығындағы операцияларды меңгеру міндеті пайда
болғанын анықтайды. Бұл өте терең экономикалық және құқықтық білімді,
математикалық және бағдарламалық жағынан қамтитын және жинақтаған дағдыны
ұғынуды талап ететін күрделі де қиын кәсіпшілік, сондықтан бағалы
қағаздармен қызмет жасайтын жоғары білімді мамандар дайындау – уақыт
талабы.
1 БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭКОНОМИКАДА ҚАЛЫПТАСУЫ
1.1 Бағалы қағаздар нарығының жалпы түсінігі
Бағалы қағаз нарығы субъектілерінің қатынастары экономикалық-құқықтық
механизмге негізделеді. Бұл бағалы қағаздардың материалдық түрі ретінде
оның маңызын дәлелдейді. Бірақ бағалы қағаздардың маңызы онымен шектеліп
қоймайды. Бағалы қағаздар кез-келген мемлекеттің төлем айналымында маңызды
орын алады, себебі олар арқылы мемлекеттік инвестициялық қызметі жүзеге
асырылады. Дәлірек айтқанда, бұл күрделі қаржы тікелей халық шаруашылығының
ең тиімді саласына жіберіледі, яғни оларды нарық жүйесіндегі ең өміршең
субъектілер ғана ала алады.
Өзінің ұйымдық және құрылымдық ерекшеліктеріне орай бағалы қағаздар
қаржы институттары, қаржы нарықтары және оларды реттейтін құқықтық ережемен
қатар мемлекеттің қаржы жүйесінің тұтас бір бөлігін құрайды. Мұндай жүйе
біздің мемлекетімізде нарық қатынастарын қалпына келтіру қажеттілігі
туындаған кезде, яғни 90-шы жылдардың басында құрыла бастады.
90-шы жылдардың экономикалық тәжірибесі дәлелдегеніндей шаруашылықты
жетілдіргендей нарықты қатынастарды одан әрі дамытудың басты құралы –
бағалы қағаздар екені талассыз ақиқат. Бағалы қағаздар ақша түріндегі
капиталда, заттай капиталға да меншік құқын бекітіп, тек бағалы қағаздар
арқылы ғана мемлекеттік меншікті акционерлік қоғамдардың, яғни жеке меншік
иелері – халықтың меншігіне айналдыруы мүмкін. Бағалы қағаздар нарығында
өзіне тән қаржы институттары жүйесі қалыптасып, оларда экономикалық
өрістеудің қаржы көздері шоғырланып және инвестициялық қорларды бөлу
қатынастары жүзеге асады. Қазіргі өндірістің жалпы құлдырап, қысқаруы
кезінде мемлекеттік жалпы ұлттық өнімдегі өндірістік инвестицияның үлесін
арттыру бағалы қағаздар нарығының патенциалды қорларын пайдаланбай іске
асуы мүмкін емес.
Қазақстан Республикасының мемлекеті бағалы қағаздар нарығын құру және
оны одан әрі өрістету мақсатында қажетті шараларды жасауда. Қазақстандағы
меншікті мемлекет иелігін алу және жеке меншіктендірудің Ұлттық
бағдарламасы бағалы қағаздар нарығының негізгі элементтерін құру процесін
жеделтті. Мемелекеттік кәсіпорындарды акционерлі қоғамдар түрінде қайта
құру олардың инвестиция тартудың ең бір тиімді механизмдерінің бірі – акция
шығаруды пайдалану мүмкіншілігін ашты. Бағалы қағаздар нарығының механизмі
экономиканың барлық субъектілеріне инвестиция көздерін алуға мүмкіндік
жасайды. Акция шығару осы ресурстарды шектеусіз алуға мүмкіндік туғызса, ал
облигация шығару ақша ресурстарын, оларды банктен алудан гөрі, тиімді
жағдайда лауға мүмкіндік береді. Мемлекет бюджет кемшілігін толтыру
мақсатында да ақша белгілерін эмиссияламай, мемлекеттік бағалы қағаздар
шығаруымен шұғылданады.
Өркениетті мемлекеттерде экономикалық өрлеуді қаржыландырудың басты
жолы бағалы қағаздар нарығы болып табылады. Бағалы қағаздар нарығының
күрделі ұйымдық-экономикалық жүйесі көптеген өзара байланысты элементтерден
тұрады:
• эмитенттер, яғни әртүрлі бағалы қағаздар шығаратын
шаруашылық субъектілері;
• инвесторлар, яғни уақытша бос ақша ақытша бос ақша әне жеке
тұлғалар;
• бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандары: брокерлер,
диллерлер, инвестициялық басқарушылар және т.б.;
• инвестициялық компаниялары, сақтандыру компаниялары, зейнетақы
қорлары және т.б. қорлар;
• қор биржалары, депозиторийлер, клирингтік және басқа бағалы
қағаздарды тіркейтін, сақтайтын ұйымдар.
Осы күрделі құрылымдардың қызметін ұйымдастыратын, басқаратын және
реттейтін заңдар мен ережелер және мемлекеттік органдар қажет.
1.2 Бағалы қағаздардың түрлері
Бағалы қағаздардың негізгі және туынды түрлеріне акция түріндегі
бағалы қағаздар, облигациялар, вексельдер және бағалы қағаздардың басқа
түрлері кіреді. Соның ішінде акция – үлесті немесе меншікті куәлндыратын
бағалы қағаз. Ол иемденушісіне компанияның капиталының, мүлкінің, кірісінің
бір бөлігіне заң жүзінде меншік құқын береді. Компания қанша уақыт жұмыс
істеп тұрса, акция да сонша уақыт қолданылады. Бірақ осы уақыт ішінде
акцияның иесі сан рет өзгеруі мүмкін. Акционердің акцияны шығарған
компанияға қайтаруға құқы жоқ. Акционерлік капитал бөлінбейді. Акционер оны
тек екніші нарықта сатуына болады. Акцияны шығару мына жағдайда болады:
• меншікті акциаландырғанда, яғни акционерлік қоғам құрып, оның
жарғылық капиталын қалыптастырғанда;
• бар компанияны акционерлік қоғам ретінде қайта құрғанда;
• жарғылық капиталды қосымша молайтқанда.
Атап айтқанда, жарғылық капитал деген шығарылған акциялардың бастапқы
жиынтық құны. Ол, өз кезегінде, айналымдағы капитал (жәй және артықшылықты
акциялар) және компанияның портфелінде қалған бағалы қағаздар болып
бөлінеді. Оларды компания кез-келген уақытта өз ойынша пайдалана алады.
Акция бір жағдайда акционерлік қоғамның өз капиталын ұлғайтуға және оны
инфляциядан қорғау үшін жұмсауға болатын бағалы қағаздардың бірден-бір
түрі.
Акция бірнеше түрге жіктеледі, бір жағынан бір акционерден басқа
беруге беру тәсілі бойынша: атаулы және иесі ұсынушы болып екіге бөлінсе,
екінші жағынан корпорацияны басқаруға қатынасу құқығы бойынша – жәй және
артықшылықты акция деп екіге бөлінеді. Корпорация тек өзінің жарғысында
берілген акцияларды ғана шығара алады.
a) Атаулы акция – иесі міндетті түрде корпорацияның реестірінде
тіркелуі тиіс акция.
b) Ұсынушыға арналған акция – иесінің аты-жөні корпорация кітабында
тіркелмеген акция.
c) Жәй акцияларды иеленушілердің корпорацияның тапқан пайдасының
мөлшеріне байланысты девиденттер алу құқы, жиналыстарда дауыс
беру арқылы корпорацияны басқаруға қатысу құқы және корпорация
жабылып қалған жағдайда несие берушімен есеп айырысқаннан кейін
мүліктің бір бөлігін алу құқы бар.
d) Артықшылықты акциялар (немесе преференционалды) – меншік туралы
ерекше сертификат. Олар корпорация пайдасының деңгейіне
қарамастан белгілеген мөлшерде неғұрлым нақты дивидент төлеуін
қамтамасыз етеді. Преференционалды акция дауыс құқын бермейді.
Ол дауыссыз бағалы қағаз. Оған байланысты артықшылық дауыс құқы
жоқтығының орнына төлеу ретінде жүреді.
Облигация деп эмитенттің белгілі бір шартты орындауға, яғни алған ақша
сомасын қайтаруды және белгіленген сыйақыны төлеуді міндеттеген жазбаша
қарыз құжатын айтады. Ол корпорацияның активіне қарсы қойылады. Облигация
арқылы тартылған капитал акционарлік капитал деп есептелмейді. Облигация
шығару – қосымша капитал тартудың бір нысаны. Эмитенттің жалпы шығыны
облигацияны шығаруға және оларды орналастыруға жұмсаған шығынына тең
болады. Облигация да акция сияқты корпорацияны инвестициялаудың ең маңызды
көзі. Дегенмен, бұл екі бағалы қағаздардың бірін-бірінен түбегейлі
өзгешіліктері бар. Ол өзгешеліктердің маңызы мыналар:
1. Облигация иемденушісі корпорацияға несие беруші болып
табылады.
2. Облигация иемденушісіне сыйақы төленеді.
3. Басқа несие беруші сияқты, облигация несиесінің дауыс беру
құқы жоқ.
4. Облигация бойынша сыйақы корпорацияның шығынына жатады.
Облигация бойынша мезгіл-мезгіл төленетін сыйақы түріндегі пайда
купонға алмастырылады. Купон деп облигациядан қиылып алынатын талонды
айтады.
Облигация қамтамасыз етілген және қамтамасыз етілмеген болып екіге
бөлінеді. Облигациялардың қамтамасыз етілуі деп оларды шығарғанда
кепілдікке корпорация активтерін немесе мүліктерін салуды айтады.
Қамтамасыз етілген облигация корпорацияның негізгі активтерін талап етуге
құқық беріп және сонымен бірге оның негізгі меншігінің облигацияға
салынғанын көрсетеді. Қамтамасыз етілмеген облигациялар – жалпы кепілдігі
бар, басқаша айтқанда эмитеттің жақсы атағымен шығарылған қарыз
міндеттемелері.
Облигацияның рейтингі – олардың инвестициялық сапасын арнаулы
фиралардың бағалауы. Әдетте, облигациялардың барлық шығарылған сериясы
бағаланбай, тек екінші нарықта кең көлемде сұранысқа ие болатындары ғана
бағаланады. АҚШ-та, мысалы Стэндарт энд пур және Мудиз инвесторз сервис
компаниялары рейтенг анықтаумен шұғылданады. Мудиз компаниясы облигацияны
бағалауды төменгі түрде жүргізеді:
• Ааа - өте жоғары сапа;
• Аа – жоғары сапа;
• А – ортадан жоғары сапа;
• Ваа – орта сапа;
• Ва – алыпсатарлық элементтері бар;
• В – инвестицияға қажет белгілері жоқ;
• Саа – төмен сапа;
• Са – белгілі бір мөлшерде алыпсатарлық;
• С – ең төмен сапа.
Ең жоғарғы рейтингілі облигациялар инвестициялық класты деп аталады.
Төменгі рейтингілі облигациялар алыпсатушылық деп есептеледі.
Вексельдер өндірістегі жұмыстың айналымдылығы, яғни өнімді өндіру, оны
сату және басқа да коммерциялық қызмет көрсету кезінде көбіне қаржы қорының
жетіспеуі сияқты жағдайға душар болады. Сол кезде өнімді сатып алушы
жабдықтаушымен есеп айырысуды кейінге қалдырады. Демек өнім несиеге
сатылады. Несиені қайтару кезінде несие ақшаларының бір түрі – вексель
пайда болады.
Вексель – қарызды өтеудегі заңды түрде бекітілген төлем міндеттемесі.
Ол бағалы қағаз. Вексельді борышкер, яғни вексель беруші тауарды несиеге
алғанда тауар сатушыға, яғни вексель иемденушіге береді. Вексельдің мәні –
несиеге алған белгілі бір соманы төлем уақыты жеткенде келісілген жерде
өтеу үшін тауар алушының сатушыға берген қарыз міндеттемесі.
Вексель – тауар-ақша қатынастарын және коммерциялық несиені дамытуды
ертеден келе жатқан ең басты қаржылық құрал. Қаржы жүйесі дамыған елдердің
ақша айналымында вексель елеулі орын алады. Қазіргі кезде электронды несие
жүйесінің кез-келген операцияны бар болғаны бір сағаттың ішінде орындайтын
мүмкіндігі бар (мысалы, Германияда вексель ақша айналымының 20-25 пайызын
құрайды). Вексель төлем дағдарысын реттеп, заттық қорлардың айналысқа
түсуін жеделдетіп, кәсіпорындардағы тауар-зат құндылықтарының қорын
аө\зайтып және халық шаруашылығындағы есептерді тездетеді. Вексель айналымы
экономикалық қатынастардың сан алуан жүйесін қамти алады.
Вексель несиені өтемеу қауіпімен байланысты болғандықтан, ол вексель
берушіге шамалы болса да, сенім болғаны соң төлем құралы ретінде
қабылданады. Егер вексель беруші тауардың сапасын, құнын, уақытында
жіберілуін және басқа да жағдайларын бақыласа, ал вексель иемденуші
серітестің тек вексель алған уақытындағы төлем қабілеттілігін ғана емес,
сонымен қатар, ол өте маңызды, оның төлеу уақыты жеткенге дейінгі
болашақтағы қаржы мүмкіншілігін де бақылайды. Вексель келісіміне
қатысушылардың бірін-бірі бақылауы және сонымен бірге біріне-бірі сенуі,
олардың қабылдаған міндеттемені нақты орындауға ұмтылуы, нарықтық қарым-
қатынастарды дамытуға жол ашады.
Басқа қарыз міндеттемелерінен вексельдің үш түрлі айырмашылығы бар:
• Біріншіден, вексельдің дерексіздігі, яғни қарызды қандай
жағдайға, не мақсатқа алғандығы көрсетілмейді;
• Екіншіден, оның дауыссыздығы, яғни қарызды қандай жағдайда
алғандығына қарамастан міндетті түрде өтеу керек;
• Үшіншіден, вексельдің айналмалылығы, яғни вексель иемденуші оны
басқа адамдарға беруіне болады.
Қолдану өрісіне қарай, вексель жәй және аудармалы вексель деп екіге
бөлінеді. Жәй вексель айналысы төрт сатыдан тұрады:
1. вексельді сатып алушы сатушыға береді;
2. сатушы тауарды тиеп қояды немесе тапсырыс бойынша қызмет
көрсетеді (вексель берушіге);
3. сатушы белгіленген уақытта вексель бойынша төлем өтеуді
ұсынады;
4. сатып алушы көрсетілген қызметке, алынған тауарға ақы
төлейді – вексельді өтейді.
Жәй вексельді пайдаланғанда тек екі жақ өзара әрекет жасайды, яғни
вексель беруші өзі делдалды қарастырмай-ақ белгіленген уақытта вексель
иемденушісіне қарызын өтейді.
Аудармалы вексель деп несие берушінің қарыз алушыға вексельде
көрсетілген соманы үшінші кісіге төлеу жөніндегі берген жазбаша үкімін
айтады. Аудармалы вексельдің айналысы сегіз сатыдан тұрады:
1. вексель беруші төлеушіге, яғни қарыздарға тауарды және траттаны
(аудармалы вексельді) береді;
2. төлеуші вексель бойынша акцепт беріп, оны вексель берушіге
қайтарады;
3. вексель беруші акцептелген вексельді ремитентке – аудармалы
вексель бойынша ақша алушыға жібереді;
4. ремитент аудармалы вексельді трассатқа төлемді өтеуге жібереді;
5. трассат банкке вексельді төлеуге үкім беріп және сонымен бірге
вексельдің сырт жағына оның төленгені жөнінде белгі қояды;
6. ремитент вексельді несие берушіге жібереді;
7. несие беруші вексельді ақшаны өз шотына аудару үшін трассаттың
банкіне жібереді;
8. ақша трассаттан несие берушіге несиені өтеу ретінде түседі.
Төлем уақыты келгенде несие беруші несиені өтеу үшін трассатқа, яғни
вексельді акцептеген төлеушіге вексельді ұсынады. Трассат ақшаны несие
берушіге аударған соң вексельді жояды. Вексельді басқа біреуге пайдалануға
берген жағдайда индоссамент деген белгі жазылады. Оны вексель иемденуші,
яғни индоссант жазады, ал индоссаментті алған адам индоссат деп аталады.
Вексельді өтеу үшін екінші, үшінші адамдарға аудару процесі индоссация деп
аталады.
Вексельді толтырғанда кәсіпорын басшысы мен оның бас бухгалтері қол
қояды. Егер вексельді жеке адам берсе, онда ол өзі қол қояды. Вексельде
қажетті риквизиттер (мәліметтер) болуы шарт:
• векселдік таңба болуы керек;
• төлемнің уақыты көрсетілуі керек;
• мендеттеме бойынша келісілген соманы төлеу керек;
• төлем өтейтін жер көрсетілуі керек;
• кімге және кімнің үкімі бойынша төлемді;
• вексельді толтырған жері және уақыты;
• вексель берушінің қолы.
Осы айтылған мәліметтердің тек біреуі ғана көрсетілген жағдайда
векселдің құқықтық күші жойылады.
Вексельді қолдану аясына келісім жағдайына және олардың тауармен
немесе ақшамен қамтамасыз етілуіне байланысты коммерциялық, қаржылық және
жалған вексельдер болып та бөлінеді.
Коммерциялық вексельдер – тауарларды сату және сатып алу
келісімдерінің негізінде айналысқа түседі. Бұндай вексель нақты тауар
кепілдігіне беріледі, яғни ол сату операцияларын несиелендіру мақсатында
беріледі.
Несие келісімдерін ақшалай түрін рәсімдеу қаржы вексельдері болып
есептеледі. Оған банктік, қазыналық, траст және басқа банк емес несие
ұйымдарының вексельдері жатады.
Жалған вексельдерді беру нақты не материалдық, не ақша құндылықтарының
қозғалысымен байланысты емес. Оларға достық, қола, яғни құр қуыс және қарсы
жүретін вексельдер жатады. Олардың кепілімен несие алу үшін және банкте
есепте болу мақсатымен беріледі. Демек, жалған вексельдер ештеңемен
қамтмасыз етілмеген құжат.
Бағалы қағаздардың басқа түрлері. Бағалы қағаздардың өте көп басқа
түрлері болады. Оларды әртүрлі эмитенттер шығарады. Солардың екі-үш
түрлерін қарап өтейік. Корпорацияның жарғысына қарсы келмесе онда оның
екінші қатардағы, немесе айналымдағы бағалы қағаздарға қосымша тағы да
бағалы қағаздар шығаруға апитал табуға мүмкіндігі бар. Оларды құқықты
бағалы қағаздар деп те атайды. Оларға жазылу құқын опцион, варрант деген
сөздер айқындайды.
Жазылу құқын үш түрлі жолмен жүзеге асыруға болады:
1. өз құқын іске асыру, яғни жаңа акция сатып алу. Ол үшін
сертификатты толтырып және ақша аударып корпорацияға жіберу
керек;
2. жазылу құқын сатуға болады;
3. жазылу құқын пайдаланбауға да болады.
Жазылу құқы – қысқа мерзімді бағалы қағаз. Әдетте, ол бір айдан
аспайды. Егер корпорацияның акциясы қор биржасындағы айналымда болса, онда
құқық сертификаттары да сол биржада бағалануы мүмкін. Оларға басқа баға
қойылады.
Опцион – шартқа енгізілген мерзімдік талапты көрсететін бағалы
қағаз. Ол бойынша екі жақтың біріне белгілі бір уақыттың ішінде көрсетілген
ақыға бағалы қағаздардың біраз мөлшерін сатуға немесе сатып алуға құқық
беріледі, ал екінші жақ қажт болғанда шартта белгіленген ақыға бағалы
қағаздарды сатуға және сатып алуға міндеттенеді. Опцион – заңды түрде
бекітілген стандартты құжат. Онда сатылатын бағалы қағаздар саны
көрсетіледі. Оның өлшемі лот деп аталады. Яғни, бір лотта 100 дана бір
атаулы бағалы қағаз болады.
Бағалы қағаздардың туынды түрлерінің бірі – варрант. Варрант –
ерекше бағалы қағаз. Ол корпорацияның айналымдағы бағалы қағаздарына
сатушының сатып алушыға меншік құқын беретін міндеттемесі. Варрант
иемденушісі қолындағы варрантты белгілі бір уақыт аралығында тұрақты
бағамен онда белгіленген жәй акциялар санына айырбастауға құқығы бар.
Варрант ұзақ мерзімді бағалы қағаз. Әдетте оны корпорация облигацияларымен
және артықшылықты акцияларымен қоса шығарады.
Бағалы қағаздардың келесі тобына қаржы нарығы айналымындағы
мемлекеттік институттар және банктердің қарыз міндеттемелері жатады. Олар:
• қазыналық вексельдер;
• депозиттік сертификат;
• чек.
Чек - заңды түрде бекітілген ақшалы құжат. Ол қаржы институттарындағы
ағымдағы есепшот иесінің чек иесіне көрсетілген соманы төлеуін талап еткен
жарлығы. Чектер бірнеше түрге бөлінеді:
• атаулы чектер, оны чек беруші белгілі бір адамның аты-жөнін
көрсетіп толтырады;
• ордерлі чектер, олар жеке немесе заңды тұлғаларға толтырылады;
• иесі ұсынушы чектер, ол бойынша көрсетілген сома чек ұсынушыға
төленеді.
1.3 Мемлекеттегі бағалы қағаздар нарығының қызметі
Бағалы қағаздар нарығы басқа нарықтардан өзінің айрықша тауарымен
өзгешелінеді. Ол өзгеше тауар - бағалы қағаздар. Ол біріншіден, меншік
белгісі, екіншіден, қарыз міндеттемесі, яғни олар бойынша табыс алу құқы
және табыс төлеу міндеттемесі пайда болады. Бұдан бұрын айтқанымыздай, бұл
тауарды өз құны аз болса да, өте жоғары нарық бағасымен сатуға болады.
Бағалы қағаздардың көрсетілген құны өте төмен болғанымен, мысалы өндіріс
кәсіпорынына жұмсалған нақты капиталдың белгілі бір мөлшерін көрсетеді.
Егер бағалы қағаздарға нарықтық сұраныс оның ұсынысынан жоғары болса, онда
оның бағасы көрсетілген құннан жоғары болады. Бұндай нарықтық бағаның
номиналдан ауытқуы, бағалы қағаздардың жалған капитал екенін көрсетеді.
Жалған капитал – нақты капиталдың қағаз белгісі, яғни өндірістік
капиталдың оқшауланып шыққан бір бөлігі.
Бағалы қағаздар ақша капиталының немесе басқа материалды
құндылықтардың орнына жүретін символы болғандықтан, оны қордың құндылықтары
деп те атайды. Сонымен қатар, бағалы қағаздар қордың инструменті немесе
құралы болып та есептеледі. Себебі тек сол құралды пайдаланып, нақты
құндылықтарға қол жеткізуге немесе сол құндылықтар бір субъектіден екіншіге
ауысуға болады. Сонымен бағалы қағаздар нарығы капитал нарығының, яғни ақша
және басқа материалдық құндылықтардың нақты қызметін көрсетеді.
Бағалы қағаздар нарығы нарықтық экономикада күтпеген кездейсоқ болатын
процестердің реттеушісі. Бұл алдымен капиталды инвестициялау процесіне
қатысты. Капиталды инвестициялау деген оның капиталға мұқтаж өндіріс
салаларына құйылуы, ал артық болған уақытта сол саладан қайта алынады.
Капиталдың бұндай айналыс механизмі мынадан түсінікті. Мысалы, кейбір
тауарларға немесе қызмет түрлеріне сұраныс өссе, онда соған сәйкес бағасы
да өседі. Демек, оларды өндіруден пайда да өседі, сондықтан басқа
салалардың бүгінгі сұранысы азайып, олардың экономикалқ тиімділігі кеміп,
ондағы капиьал өніміне сұраныс өсіп тұрған салаларға құйылады. Бағалы
қағаздар осы механизмнің қызметін қамтамасыз ететін құрал. Олар уақытша бос
капиталды сату-сатып алу арқылы тиімді өндіріске бағыттап отырады. Нарықтық
экономиканың тәжірибесінде капитал ең алдымен қоғамға шын мәнінде қажетті
өндіріске орналасады. Нәтижесінде қоғамдық өндірістің кең үйлесімді
құрылымы пайда болып, тапшылықсыз экономика қалыптасады: қоғамдық өндіріс
негізінен қоғамдық сұранысқа сай болады. Бұл өркендеген нарық
экономикасының басты жетістігі. Біздің еліміздегі Мемлекеттік жоспарлау
комитеті басқарған орталықтанған – жоспарлы экономика 70 жыл (1921-1991жж.)
бойы қоғамның зарарсыз өсуін қамтамасыз ете алмады. Ал нарықтық
қатынастарды дамыту қоғамдық экономиканың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz