Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының талдауы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі

Курстық жұмыс

Тақырыбы: “Бағалы қағаздар нарығындағы мемлекеттің қызметі”

Орындаған:

Тексерген:

Алматы 2006 жыл

Жоспар

Кіріспе2

I тарау. Бағалы қағаздар нарығындағы мемлекет қызметінің теориясы5

1. 1. Бағалы қағаздарды шығару және олардың эмиттенттері5

1. 2. Бағалы қағаздар нарығы - қаржы нарығының құрамдас бөлігі8

1. 3. Бағалы қағаздар нарығының қызметі және оның маңызы10

1. 4. Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының құқықтық негіздері11

II тарау. Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы17

2. 1. Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығының талдауы17

2. 2. Бағалы қағаздар нарығы және оларды мемлекеттік реттеу20

2. 3. Бағалы қағаздар нарығының даму жолдары25

Қорытынды28

Қолданылған әдебиеттер29

Кіріспе

Қазақстанның орталықтанған - жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтуі қоғамдық өндірістің сипатын өзгертуде. Олар - меншік қатынастары; шаруашылық субъектілерінің құрылымы мен оның қызмет көрсету механизмі; олардың өзара қаржылық байланыстарының формалары; қоғамның барлық топтарының шаруашылық нәтижесіне мүдделілігінің дәрежесі.

Қоғамдағы соңғы 6 - 7 жылда болған өзгерістер - Қазақстан Республикасының нарық қатынастары арқылы демократиялық ел болуға бет алғандағы өтпелі дәуір кезеңдерінің өзгерістері. Нарық қатынастары өркениетті елдерде ежелден дамып, соңғы 70 - жылда “социализм” мен “капитализм” деген екі жүйенің бәсекесінде өзінің өміршеңдігін, экономикалық және әлеуметтік тиімділігін дәлелдеді. Сол “капитализм” экономиканың жеке және мемлекеттік секторларын қолайлы үйлестіру арқылы уақыт талабына сай әлеуметтік бейімделген нарықтық шаруашылық құра білді. Қаржы - несие институттары демократиялық негізде құрылған қазіргі нарық - адамзат дамуының ең жоғарғы жетістігі. Одан әрі даму және өркендеу кезінде оның институттары мен салалық құрылымдары, басқару әдістері мен қызмет ететін субъектілері және т. с. с. нарыққа қатысушылары өзгеруі мүмкін. Бірақ ол өзгерістер нарықтың түп негіздеріне әсер ете алмайтын жеке тұрғыдағы өзгерістер.

Социализм жүйесі өндірісті де, әлеуметтік - экономикалық қажеттілікті де және өнімді тең бөлуді де, жалпы қоғамдық экономиканы жоспарлы түрде басқарып, меншікті тек “жалпыхалықтық” меншік тұрғысынан қарап, халықтың қажеттілігін өтей алмады.

Нарық - күрделі, әрі жан-жақты қызмет атқаратын қоғамдық қатынастар жиынтығы. Ол бір жағынан тауар және көрсетілген қызмет нарығын қамтыса, екінші жағынан қор жинау нарығын қамтиды. Соңғысы, өз кезегінде, қаржы нарығы мен қозғалмайтын мүлік нарығынан тұрады. Осы аталған нарықтардың өзара байланысы ұлттық экономикалық механизмді құрайды. Ал бұл механизм несиеге негізделген. Басқаша айтқанда, нарыққа қатысушылардың басым көпшілігі іскерлік шартқа қол қойып, өздеріне бағалы қағаз түрінде міндеттеме алады. Кәсіпкерлердің өзара жасаған дәл осы міндеттемелері - экономикалық механизмнің тұрақтылығының кепілі.

Бағалы қағаз нарығы субъектілерінің қатынастары экономикалық - құқықтық механизмге негізделеді. Бұл бағалы қағаздардың материалдық түрі ретінде оның маңызын дәлелдейді. Бірақ бағалы қағаздардың маңызы онымен шектеліп қоймайды. Бағалы қағаздар кез - келген мемлекеттің төлем айналымында маңызды орын алады, себебі олар арқылы мемлекеттің инвестициялық қызметі жүзеге асырылады. Дәлірек айтқанда, бұл күрделі қаржы тікелей халық шаруашылығының ең тиімді саласына жіберіледі, дәлірек айтқанда, бұл күрделі қаржы тікелей халық шаруашылығының ең тиімді саласына жіберіледі, яғни оларды нарық жүйесіндегі ең өміршең субъектілер ғана ала алады.

Бұл курстық жұмысты жазудағы менің мақсатым: бағалы қағаздар нарығындағы мемлекеттің қызметі туралы білгім келді.

Курстық жұмысты жазуда пайдаланылған әдістемелік негіздер ретінде - Көшенова Б. А. “Бағалы қағаздар нарығы”, журналдар, газеттер болып табылады.

Курстық жұмыстың міндеттері ретінде:

  • бағалы қағаздар туралы түсінікті ашу
  • бағалы қағаздардың мәнін, құрылымын ашу
  • ҚР бағалы қағаздар нарығын талдау болып табылады.

Өзінің ұйымдық және құрылымдық ерекшеліктеріне орай бағалы қағаздар қаржы институттары, қаржы нарықтары және оларды реттейтін құқықтық ережелермен қатар мемлекеттің қаржы жүйесінің тұтас бір бөлігін құрайды. Мұндай жүйе біздің мемлекетімізде нарық қатынастарын қалпына келтіру қажеттілігі туындаған кезде, яғни 90-шы жылдардың басында құрыла бастады.

90-шы жылдардың экономикалық тәжірибесі дәлелдегеніндей шаруашылықты жетілдірудің нарықтық әдістерін қалпына келтірудің және оны одан әрі дамытудың басты құралы - бағалы қағаздар екені талассыз ақиқат. Бағалы қағаздар ақша түріндегі капиталға да, заттай капиталға да меншік құқын бекітіп, тек бағалы қағаздар арқылы ғана мемлекеттік меншікті акционерлік қоғамдардың, яғни жекеменшік иелері - халықтың меншігіне айналдыру мүмкін. Бағалы қағаздар нарығында өзіне тән қаржы институттары жүйесі қалыптасып, оларды экономикалық өрістеудің қаржы көздері шоғырланып және инвестициялық қорларды бөлу қатынастары жүзеге асады. Қазіргі өндірістің жалпы құлдырап, қысқаруы кезінде мемлекеттік жалпы ұлттық өнімдегі өндірістік инвестицияның үлесін арттыру бағалы қағаздар нарығының потенциалды қорларын пайдаланбай іске асуы мүмкін емес.

Қазақстан Республикасының мемлекеті бағалы қағаздар нарығын құру және оны одан әрі өрістеу мақсатында қажетті шараларды жасауда. Қазақстандағы меншікті мемлекет иелігінен алу және жекеменшіктендірудің Ұлттық бағдарламасы бағалы қағаздар нарығының негізгі элементтерін құру процесін жеделдетті. Мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлік қоғамдар түрінде қайта құру олардың инвестиция тартудың ең бір тиімді механизмдерінің бірі - акция шығаруды пайдалану мүмкіндігін ашты. Бағалы қағаздар нарығының механизмі экономиканың барлық субъектілеріне инвестиция көздерін алуға мүмкіндік жасайды. Акция шығару осы ресурстарды шектеусіз алуға мүмкіндік туғызса, ал облигация шығару ақша ресурстарын, оларды банктерден алудан гөрі, тиімді жағдайда алуға мүмкіндік береді. Мемлекет бюджет кемшілігін толтыру мақсатында да ақша белгілерін эмиссияламай, мемлекеттік бағалы қағаздар шығарумен шұғылданады.

I тарау. Бағалы қағаздар нарығындағы мемлекет қызметінің теориясы

1. 1. Бағалы қағаздарды шығару және олардың эмиттенттері

Бағалы қағаздар - ең алдымен мүлікті иемденуге құқық беретін ақшалы құжат немесе қарыз берушіге қарыз алушының берген қарыз міндеттемесі. Бағалы қағаздар толтырылуы немесе жазылуы жөнінен екі түрлі болуы мүмкін: не заң жүзінде бекітілген жеке құжат түрі, не есепшотқа енгізілген жазу түрі. Егер басқа адамға иемденуге берілсе, бағалы қағаздардың екінші түрі бойынша ерекше куәлік толтырылып беріледі. Оны иемдену құқын беретін құжатты сертификат деп атайды.

Шығару жөнінен бағалы қағаздар нарықтық және нарықтан тыс болып та екіге бөлінеді. Нарықтан тыс бағалы қағаздар әлеуметтік - нарықтық қатынастардың дамуы негізінде пайда болған қағаздардың ерекше түрі. Оларға жинақ облигациялары, зейнетақы қорларының облигациялары, депозиттік (салым) облигациялары және с. с. жатады. Жинақ облигациялары негізінен жеке тұлғалар арасында орналастырылады. Бұл бағалы қағаздар қазірге кезде АҚШ - та кең тараған. Зейнетақы қорларының облигациялары және жеке зейнетақы облигациялары, оларға, мысалы, АҚШ-та біреуге жалданбай - ақ өзалдына қызмет істейтін адамдардың ақшасына шығарылған облигациялар жатады. Ал депозиттік облигациялар қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді болып үшке бөлініп, тек жергілікті басқару органдарына ғана сатылады. Бұл ұйымдар шамалы болса да табыс әкелетін, бірақ салық төлеуден босатылған өздерінің облигацияларын шығаруы мүмкін.

Нарықтан тыс бағалы қағаздар әр түрлі қорларға немесе банктерге, оның ішінде шетел банктеріне және кәсіпорын, ұйымдарға салған капиталдан түскен табысты иемденуге құқық береді. Бұл бағалы қағаздарды шығару шарты бойынша иемденуші - заңды немесе жеке тұлғалар - оларды басқа иемденушіге беруге құқығы жоқ. Сондықтан бұл қағаздар нарықта еркін айналымға түсе алмайды.

Сонымен қатар, нарықтан тыс бағалы қағаздарға (мысалы, АҚШ-та және кейбір басқа елдерден тараған) басқа мемлекеттердің Орталық банктерінде орналастыру үшін шығарылуы кең өрістеген облигациялар жатады. Соңғы кездерде барлық дамыған елдерде нарықтан тыс бағалы қағаздарды шығаруды кеңейту және олардың түрлері мен санын көбейту тенденциялары байқалуда.

Ал айналымға түсетін бағалы қағаздарды нарықтық бағалы қағаздар деп атайды. Бағалы қағаздар айналысы деп оларды сатып алу-сатуды және заң жүзінде олардың иемденушісін өзгерту әрекеттерін айтады. Бағалы қағаздарды шығарып, оны айналымға түсірушіні эмитент деп атайды.

Бағалы қағаздарды шығарып, оларды бірінші иемденушілерге (инвесторларға) сату мына түрде жүзеге асырылады (инвесторлар жеке және заңды тұлға болуы мүмкін) :

Біріншіден, қоғам құрып, олардың акцияларын құрылтайшылар арасында орналастырғанда.

Екіншіден, қоғамның алғашқы жарғылық капиталының көлемін жаңадан акция шығарып өсіргенде;

Үшіншіден, заңды тұлғалардың, яғни мемлекеттің, мемлекеттік органдардың немесе жергілікті әкімшіліктердің облигация және басқа қаржы міндеттемелерін шығару арқылы қарыз капиталын пайдаланғанда.

Сонымен, қоғам құрылғанда оның жарғылық капиталы құрылтайшылар арасында толығынан үлестірілуі қажет. Қоғам құрылған кезде оның акцияларына жазылуға болмайды.

Эмитент және сонымен қатар эмитенттің келісімімен бағалы қағаздарды алғашқы иемденуші инвестициялық институттар әрбір бағалы қағаздарды сатып алушыға сату тәртібін түсіндіретін эмиссия проспектісін алдын - ала шығаруы тиіс. Оны ақпарат құралдарында жариялау міндетті.

Эмиссия проспектісінің бірінші тарауында эмитент туралы жалпы деректер, яғни эмитенттің аты мен ұйымдастыру - құқықтық формасы және эмиссия проспектісіндегі деректердің дұрыстығына жауапты адамның аты - жөні көрсетіледі. Ал екінші тарауында инвестициялық мәлімдеме жарияланып, онда инвестицияның маңызы және инвестициялық саясаттың бағыты немесе бағалы қағаздар нарығындағы эмитенттің қысқаша жұмысы баяндалады. Үшінші тарауында бағалы қағаздар шығару жөнінде мәліметтер жарияланады. Ол мәліметтер арасында:

  • Кәсіпорын құрылған кездегі оның жарғылық капиталының мөлшері;
  • Шығарылатын бағалы қағаздардың түрі, оның номиналы, жазылу бағасы;
  • Акция сатуды бастау және аяқтау күндері;
  • Бір инвестор сатып алуға рұқсат етілген акция саны;
  • Бағалы қағаздарды сату түрі (қолма-қол ақшаға немесе қолма-қол ақшасыз есеп арқылы сату) ;
  • Кейбір инвесторларға сатып алуды шектеу;
  • Эмитенттің адресі мен телефоны бар.

Эмиссия проспектісінің келесі тарауларында бұдан бұрынғы эмиссия туралы, эмитенттің құрылтайшысы, басқарушылардың аты-жөні және олардың қоғамның жарғылық капиталындағы үлесі, сонымен қатар басқарушылардың қазіргі уақыттағы жұмыс лауазымы мен соңғы 5 жыл ішіндегі қызмет орны, оның ішінде басқару органынан тыс жердегі қызметі туралы мәліметтер көрсетіледі. Бұдан басқа, проспектіні тіркеу кезінде болған (егер ондай болса) эмитент пен оның басшыларына сотқа берілген арыз және жазалау шаралары көрсетіліп, қоғамның қаржылық жағдайы жөніндегі есеп пен қызмет нәтижесі баяндалады.

Ал қорытынды тарауларында бағалы қағаздарды сатып алу шарттары, иемденушінің құқығы және сол сияқты инвесторларды қызықтыратын басқа да хабарлар орын алады.

Қорыта айтқанда, эмиссия проспектісін шығару эмитенттің сенімділігін, инвесторлар мүддесінің қорғалуын, сайып келгенде, бағалы қағаздар нарығы қызметін бақылауға көмектеседі.

Эмитент пен инвестиция институттары, яғни акцияларды алғашқы иемденушілерге сатушылар акцияның бағасын барлық алушыларға бірдей белгілеулері міндетті. Бұл жағдайда бір уақытта шығарылған акциялардың бағасы бірдей болуы шарт.

Бағалы қағаздарды шығаруды мемлекет органдары қатаң бақылап отырады. Оларды шығарушылардың барлығы Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі жанындағы Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссияда тіркеуден өтіп, мемлекеттік тіркеу номерін алуы қажет.

Бағалы қағаздар нарығы тек әдеттегі тауар - ақша қатынастары және меншік қатынастары жағдайында дамуы мүмкін. Мемлекеттік меншікті жаңа нарық қатынастарына сай өзгерту тек оны жекеменшіктендіру арқылы ғана іске асады. Соңғы 10 - жылдықта дүниежүзінің көптеген елдерінде жекеменшіктендіру жүрді. Әсіресе Англияда ол шапшаң қарқынмен өтті. Бірақ Батыс Еуропа елдерінде жекеменшіктендіру өркендеген нарық экономикасы жағдайында өтті. Сондықтан жекеменшіктендірілген кәсіпорындардың акция саны қанша көп болса да, өркендеген нарық жағдайында оларды орналастыру өте оңай. Ал тәуелсіз мемлекеттер достастығындағы (ТМД) елдердің жайы өзгеше.

Бұл елдерде бағалы қағаздар нарығы жаңадан қалыптасып келе жатқан жағдайда жекеменшіктендіру акцияландырумен тікелей байланысты. Себебі, көптеген кәсіпорындар да, халық та осындай жаңа құбылыстар арқылы нарыққа кең көлемде қатынасуға мүмкіндік алады. Жекеменшіктендіру бағалы қағаздардың жаңа түрі - жекеменшіктендіру чектерін (купондарын) өмірге келтірді. Бұл мемлекеттік бағалы қағаздар, өз иесіне мемлекеттің иелігінен алып, жекеменшіктендірілген меншікті бір бөлігін қайтарымсыз пайдалануына құқық береді.

Ірі және орта кәсіпорындарды жекеменшіктендіру оларды акционерлік қоғам ретінде қайта құрудан басталды. Акционерлік қоғамның иесі - акционерлер, олардың меншік құқы акция берумен куәландырылады.

Жекеменшіктендіру чектеріне кез - келген жекеменшіктендірілген кәсіпорынның акциясын сатып алуға болады. Ал жекеменшіктендірілген кәсіпорын ұжымы мүшелері өз кәсіпорнының акциясын жеңілдікпен сатып алуға құқы бар. Ондай сатып алуды да жекеменшіктендіру чегімен төлеуге болады.

Жекеменшіктендіру чегіне басқа акционерлік қоғамға айналған кәсіпорындардың акциясын сатып алу аукциондарда жүргізіледі. Аукцион өтетіне туралы алдын - ала ақпарат құралдарында жарияланады. Сонымен бірге жекеменшіктендіру чегіне арнаулы инвестициялық қорлардың да акциясын сатып алуға болады. Ондай қорлар чектерді өздерінде көптеп шоғырландырып, оған басқа акционерлік қоғамдардың акциясын сатып алады. Инвестициялық қорлардың акциясын сатып алушы сол қордың иемденушісінің біреуі болып есептеледі. Қор оған өз пайдасының бір бөлігін төлейді. Инвестициялық қорлар - жеке мекеме. Мемлекет инвестициялық қорларға салған чектерге кепілдік бермейді.

Осы айтылғандардан басқа, жекеменшіктендіру чегін мұра етіп қалдыруға, сыйлық ретінде беруге және сенімхатпен басқа адамға беруге де болады. Біздің елімізде жекеменшіктендіру чегіне акция сату және меншікті жекеменшіктендіру 1994 - 1995 жылдары өтті. Ол кездерде көптеген инвестициялық қорлар ашылып, халық ол қорларға чектерін тапсырғанмен олардың орнына акция алғандары аз.

Қорыта айтқанда, жекеменшіктендіру бір жағынан бағалы қағаздардың жаңа түрі - жекеменшіктендіру чегін нарыққа әкелсе, екінші жағынан кәсіпорынның жаңа ұйымдастыру - құқықтық формасы - акционерлік қоғамдардың көптеп құрылуына және олардың қалыптасуына жол ашты. Бұл жағдай жаңа акциялар мен облигацияларды эмиссиялаумен қатар, бағалы қағаздардың басқа түрлерін шығаруға да себепші болады. Сонымен, кәсіпорындарды жекеменшіктендіру - бағалы қағаздар нарығының қалыптасуындағы алғашқы кезең.

1. 2. Бағалы қағаздар нарығы - қаржы нарығының құрамдас бөлігі

Қазақстан Республикасының жоспарлы экономикадан түбегейлі жаңа, нарықтық, мемлекет реттейтін экономикаға өтуі елімізде қаржы нарығын және оның қызметін қамтамасыз ететін институттрадың құрылуын талап етеді. Бұл өте күрделі және ауқымды мақсат. Көптеген жылдар бойы елімізде шын мәнінде ия қаржы нарығы, ия оның инфрақұрылымы, яғни жеке коммерциялық және инвестициялық банктер, биржалар, сақтандыру қоғамдары болған жоқ. Қаржы саласының барлығын мемлекет айрықша құқықпен (монопольно) өзіне қаратып, барлық кіріс көздерін халықтың қажетін өтемейтін міндеттерге жұмсап отырды. Оған дәлел мынадай мысал,

ұлттық жалпы өнімнің заттай құрылымының ¾ бөлігі өндірістік құрал - жабдықтарды өндіруді ұлғайтуға жұмсалған. Негізгі құрал - жабдықтар соғыс - өнеркәсіп кешеніне жұмсалғандықтан халық игілігіне қолдануға болмаған. Елімізде “ұзаққа созылған тапшылық экономикасы” қалыптасып, ол тек тұрмыстық игіліктің өткір кемшілігін ғана емес, сонымен қатар үнемі рухани кемшілікті де тудырды. Сондықтан, шаруашылықты ұйымдастыру мен оны басқаруды жаңа әдіспен жүргізу объективті қажеттілік еді.

Нарықтық экономика - адамзат өркениеттілігінің ең жоғарғы жетістігі және өндірісті ұйымдастырудың ең тиімді түрі екендігін дүниежүзі мемлекеттерінің көпшілігінің өркендеу тәжірибесі дәлелдеген ақиқат шындық. Ал Қазақстан Републикасы үшін шаруашылықты жүргізудің жаңа әдістеріне өту - тек ашық нарыққа өту ғана емес, сонымен бірге мемлекеттік экономикалық саясаттағы субъективизмнен (әділетсіздіктен) бас тарту.

Шаруашылықты нарық әдістерімен жүргізу қаржы нарығының мол мүмкіндігін пайдалануды талап етеді. Қаржы нарығы - мемлекеттің бүкіл ақша қорларының жиынтығы. Бұл қорлар экономиканың әртүрлі субъектілерінің сұранысы мен ұсынысы әсерінен өзгеріп және үнемі қозғалыста болады. Қазіргі кезде дүниежүзінде АҚШ - тың, Еуропа бірлестігі мен Жапонияның қаржы нарығы ең үлкен қорларды иемденуде. Ал Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өтпелі кезеңінде оның қаржы нарығының қоры мол, өз өркендеуіне жетеді деуге әзір ерте.

Жалпы қаржы нарығы біріне - бірі байланысты және бірін - бірі толықтырып тұратын, бірақ әрқайсысы өз алдына қызмет жасайтын үш нарықтан тұрады:

Біріншіден, айналымдағы қолма - қол ақша нарығы және қолма - қол ақша қызметін атқаратын қысқа мерзімді төлем құралдары (вексельдер, чектер және с. с. ) жатады. Қазақстан Республикасының қаржы нарығы қазірге кезде айналымдағы қағаз ақшасының құнсыздануынан инфляцияға ұшырауда. Егер жалпы ұлттық өнім жылына 5% - ке, ал айналымдағы ақша - 6 - 7% - ке өссе, онда жалпы ұлттық өнімді сату да оңайға түседі. Онда экономикада жағымды өзгерістерді аңғаруға болады. Егер де жалпы ұлттық өнім жылына сол 5% - ке, ал айналымдағы ақша 10 - 20% - ке және одан да көп өссе, онда қарқынды инфляция болып, экономика құлдырап төмен кетеді. Қазірге кезде біздің мемлекеттің экономикасы дағдарыста.

Екіншіден, несие капиталының нарығы, яғни қысқа және ұзақ мерзімді банктік несие нарығы. Коммерциялық банктер (олардың саны 71) қысқа мерзімді несиені қайтарылуына көзі жеткенде ғана жоғары проценттік өсіммен береді. Бұл несиені өзінің айналым қаржысы жоқ кәсіпорындар алуына мәжбүр. Негізгі қорларды құсуға және оларды жаңартуға проценттік өсім өзгеріп, қайта қаралып отыратын ұзақ мерзімді несие беріледі. Сондықтан, қаржы нарығының бұл бөлігіне де дағдарыс тән;

Үшіншіден, бағалы қағаздар нарығы. Бұл нарықтың кебір белгілері

КСРО - да қазан революциясына дейін болғанымен, соңғы 70 жыл бойы оның ешқандай өсу белгісі болған жоқ. Ал 90 - шы жылдардың басында ТМД елдерінде, оның ішінде Қазақстанда басталған нарық қатынастары даму және одан әрі жетілу үшін белгілі бір уақыт қажет. Себебі, нарық меншік қатынастарын және мемлекет пен жергілікті басқару органдарының қаржы саясатын өзгертуден басталады. Айта кету керек, нарық ең бірінші меншікті жекеменшіктендіру және мемлекеттік кәсіпорындарды акцияландырудан басталады. Қазіргі кезде егемен жас мемлекеттер бюджет тапшылығын толтыру мақсатында бұрынғы үйренген әдіс - ақша белгілерін шығарумен шұғылданбай, оның орнына мемлекеттік бағалы қағаздардың бірі - қысқа мерзімді мемлекеттік вексельдерді шығарумен айналысуда. Жергілікті басқару органдары да дәл осы жолды пайдалануда.

Бағалы қағаздар нарығы экономиканың кез - келген саласының өз қажетіне ақша қорын алуына жол ашуда. Мысалы, акция шығарып осы қорды үнемі, яғни кәсіпорын жабылғанша пайдалануға болады, ал облигацияны шығару несиені банктен алудан тиімділеу жағдай жасайды. Бұл айтылғандар бағалы қағаздар нарығын өрістеуге мүмкіндік береді. Қаржы нарығына мемлекеттік үстемдікті жойған кезде, ол әкімшілік емес, тек экономикалық заңдардың әсерімен қызмет жасайды. Егер қаржы нарығы жеке меншікке негізделсе, әрине оның әкімшілік тәсілмен қызмет етуі мүмкін емес. Кәсіпорын мемлекеттік меншіктен акционерлік меншікке өткенде бүкіл табыстың салық төлегеннен кейін қалғаны өз меншігінде болады. Кәсіпорындар осы уақытша бос қаржысына коммерциялық банктердің төлейтін проценттік мөлшері нарық деңгейіне сай келгенде ғана есепшотта сақтайды. Сонымен, шаруашылықты экономикалық әдістермен жүргізу - өндірістің өсуіне қамтамасыз етіп, қаржы қорларының көбейіп, қоғамда әлеуметтік оң өзгерістердің болуының кепілі.

1. 3. Бағалы қағаздар нарығының қызметі және оның маңызы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық қатынас
Банк қызметіне қаржылық талдау
Бағалы қағаздар нарығы және оның құрылымы
Қаржы нарығының құрылымы және олардың атқаратын қызметтері
ҚР бағалы қағаздар нарығы
Бағалы қағаздар - қарыз міндеттемесі ретінде
Ақшаларды түгендеудің әдістері
Коммерциялық банктердің несиелендіру операциялары
Қ.Р. қаржы нарығын талдау
Қазақстан Республикасында шетелдердің тәжірибесі бойынша ипотекалық несиелеу жүйесінің мүмкін болатын моделін дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz