Акционерлік қоғамдардың қалыптасу көздері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ..3

1 АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. Акционерлік қоғам мәні және
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

2. Акционерлік қоғамдардың қалыптасу көздері ... ... ... ... ... ... ...8

2 СИСТЕМОТЕХНИКА АҚ – НЫҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ

1. СИСТЕМОТЕХНИКА АҚ-ның технико – экономикалық
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ..14

2. Кәсіпорынның қызмет ету
тиімділігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ..17

3 АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІН
ЖОҒАРЛАТУ ЖОЛДАРЫ

1. АҚ – дың өндірістік және басқаруды ұйымдастыру
тиімділігін
арттыру жолдары және

стратегиялары ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 22

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..27

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... 29

КІРІСПЕ
Қазақстанның әлеуметтік-экономиаклық дамуының жаңа сатысы
экономикалық ғылымға көп деген проблемаларды тудыруда. Бәсекеге қабілетті
экономиканы құру және Қазақстан-2030атты ұзақ мерзімді стратегияны жүзеге
асыру шаруашылықтың барлық басқарудың тиімділігін қажет етеді. Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2006жылғы 1 наурызда Қазақстан
халқына жолдауындағы бірінші приоритетін жүзеге асыруда – Қазақстанның
әлемдегі бәсекеге қабілетті мемлекеттердің қатарына енуі: Қазақстан жаңа
технологияны ойлап табушы мен дамытушы халықаралық акционерлік компания
ретінде қатысады деп анықталды.
Бүгінгі күні Қазақстанда нарықтық экономиканың негіздерін құрудың
маңызды шарттарының бірі акционерлік қоғамдардың дамуы. Олар шетел
капиталын тарту арқылы нарықтық бейімделген шаруашылық құрылымдар мен
бәсекелестік ортаның құрылуына мүмкіндік береді, сонымен қатар алып – сату
мен кәсіпкерлік әрекеттердің дамуына жағдай жасайды. Акционерлік қоғамдар
акционерлерді басқаруға және пайданы бөлуге қатысуын қамтамасыз етеді.
Нарықтық экономиканың әлеуметтенуінің акционерлік формасы капиталды
демократияландырады. Акционерлік қоғамдардың әлеуметтік бөлігі меншік
иелерінің массалық негізі ретінде қоғамның орта табын қалыптастыру
шарттарының бірі болып табылады.
Экономикадағы өндірістің құлдырауы және дағдарыс жағдайларында
акционерлік қоғамдардың дамуы қаржылық ресурстардың көлденең түрде ауысуын
қадағалап, салааралық қаражаттардың қозғалысын рационалдайды, яғни
экономиканы көтерудің және қайта құрудың алғышарттарын қалыптастырады.
Елімізде акционерлік қоғамдардың дамуы мемлекет иелігінен алу мен
жекешелендіруді жүзеге асыру нәтижесінде кеңістікте де, уақыт бойынша да
жаңа қарқынға ие болды. Оның негізгі жекешелендіру формаларына
акционерлендіру жатады. Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру кезінде әр
түрлі деңгейде мемлекеттің қатысуымен акционерлік қоғамдар құрылады.
Өндірістің дамуында еңбек коллективтерінің еңбегін ынталандырудың,
қызығушылығын жоғарлатудың тиімді көзі акционерленген кәсіпорындардың
меншігіне қатысудағы олардың құқығын кепілдендіру болып табылады.
Сондай-ақ, акционерлік қоғамдар ел экономикасына несиелік және тікелей
формадағы шетелдік капиталды тартуға мүмкіндік береді. Тікелей
инвестициялар біріккен кәсіпорындарды құру, компанияның (қоғамның) акция
пакеттерін иемдену немесе кәсіпорынды жеке жоба бойынша жекешелендіру
бойынша тартылады. Шетелдік капитал өндіріс факторларының халықаралық
мобильділігіне сүйенуге, ғылым, технология, басқару тәжірибесін
тасымалдауға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін
пайдаланылатын, ең кең таралған ұйымдастырушылық – құқықтық нысан болып
акционерлік қоғамдар болып табылады. Акционерлік қоғамдардың ролі мен
маңызы 2003 жылы 13 мамырда Акционерлік қоғамдар туралы ҚР арнайы Заңы
қабылданғаннан кейін күшейді.
Жекешелендірудің мемлекеттік саясаты акционерлік қоғамдарды мүліктік
айналымның орталығына қойды, кәсіпкерлік қызметтің акционерлік нысаны
шаруашылық жүргізудің ең кең тараған нысанына айналып, Қазақстан
Республикасының экономикалық қайта құрулар механизміне терең енді және оның
дамуына біршама әсер етуде.
Акционерлік қоғам құрылымын құру мен басқару әлі толық
зерттелмеген, алайда елімізде отандық акционерлік қоғам арқылы экономиканың
құрылу жолдары белгілі. Сондықтан, алған тәжірибие акционерлік қоғамдардың
тиімділігін өсіруге, ғылыми жолмен дамытуға, анализ жасауға қажеттілігі
туындап отыр.
Қазіргі уақытта акционерлік қоғамдардың ұйымдастырушылық-
экономикалық басқару әдістері аз зерттелуде. Түрлі корпорацияларға және
холдингтерге тиімді басқару системасын құру қажет.
Түрлі шешілмеген сұрақтарды, акционерлік қоғамдардың жұмыс істеу
тиімділігін арттыру және даму процесстерінің басқару механизмін құру осы
тақырыпты таңдауға, мақсаты мен міндеттерін қарастыруға түрткі болды.
Мемлекеттік және коммуналдық кәсіпорындарды жекешелендіру салдарынан
кәсіпкерліктің акционерлік нысанының кең таралуы – бизнестің әр түрлі
сфераларында қайта құрылып жатқан акционерлік қоғамдар санының динамикалық
түрде өсуі және олардың ел экономикасына әсері акционерлік қоғамдардың
экономико – құқықтық мәнін, оларды құқықтық қамтамасыз етудің және дамудың
негізгі тенденцияларын терең зерттеуді талап етеді. Осының бәрі курстық
жұмыстың тақырыбын таңдауды анықтады.
Курстық жұмыстың мақсаты нарықтық экономика жағдайындағы акционерлік
қоғамдардың маңызы мен тиімділігін ашып көрсету.Аталған жұмысқа сай, оның
негізгі міндеттері болып мыналар табылады:
➢ Қазақстандағы АҚ-дың қазіргі уақытқа сай дамуын зерттеу;
➢ нарықтық экономика жағдайындағы акционерлік қоғамдардың теориялық
негіздерін ашып көрсету;
➢ Систематехника АҚ – ның технико – экономикалық көрсеткіштеріне
талдау жасау;
➢ АҚ – дың экономикалық мәнін, оның Қазақстан Республикасындағы ролін
қарастыру;
Зерттеудің теориялық және методологиялық негізін отандық және шет елдік
экономист ғалымдарының еңбектері құрайды. Бұл жұмыста Қазақстан
Республикасы Президентінің құқықтық актілері, министрліктің нормативтік
актілері; зерттеудің ақпараттық базасы ретінде Қазақстан Республикасының
статистикалық Агенттігінің мәліметтері қолданылды.

1 АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТИІМДІЛІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. Акционерлік қоғам мәні және мазмұны

Алғашында акционерлік қоғамның мәні біріккен тұлғалардың дамуымен
құрылған, яғни бірігіп қызмет жасау шарты негізінде пайда болған.
Г.ф.Шершеневичтің “Cауда құқығының курсы'' еңбегінде акционерлік қоғамға
толығырақ анықтама беріледі: “Aкционерлік қоғам салынған үлес мөлшерінде
әрбір қатысушының жауапкершілігі шектелген бірдей бөліктерге бөлінген
капитал көмегімен өндіріс пен сауданы келісім-шарт негізінен бірігіп жүзеге
асыру мақсатында құрылған тұлғалардың бірігуі”. Акционерлік компания
тұлғалардың, әлде капиталдардың бірігуі болып табыла ма? Осы мәселе бойынша
оқымыстылардың пікірлері бөлініп кетеді. Мысалы, Г.Ф.Шершеневич акционерлік
компанияны тұлғалардың бірігуі, ал А.И.Каминка біруақытта тұлғалардың да,
капиталдардың да бірігуі деп санаған: ”акционерлік компания өлі капиталдан
ғана емес, сонымен қатар осы капиталдардың өкілі болып табылатын
тұлғалардың бірігуі болып табылады”[11]. Пахман С.В., Писемский П.А.,
Цитович П.П. акционерлік компанияларды капиталдардың бірігуі деп санаған
Акционерлік қоғам – бұл акция сату мен ақшалық орталықтандыру
негізінде құрылған мекемелік форма, ол жалпы акционерлік капиталға ақшалық
негізде көмек беретін тұлғалардың жиынын ұсынады және ол капиталды белгілі
бір нақты жеке шаруашылықта қолдану, сонымен қатар кірген кірісті, шыққан
шығынды бірге алып жүреді.
Зерттеушілер көрсеткендей, акционерлік жекеменшік – бұл заңды түрде
өркендеу процесі нәтижесі және уақытша жекеменшік трансформациясы, белгілі
бір өркендеу дәрежесіндегі шығару масштабы, технология дәрежесі, жүйелік
мекеме қаржысы еркін кіру базасында жаңа принциптегі үлгіні ұсынады.
АҚ басқа заңды тұлғалардан негізгі айырмашылығы қатысушының
(акционердің) міндетті құқығын бекіту тәсілі арқылы ұйымға қатысты мүлікке
акцияға қатысты көз жеткізу жолы. АҚ шығаратын акциялар біркелкі номиналды
бағада болуы тиіс. Акциялар иесі – акционерлік ұйымның міндетімен жауап
бермейді, олар тек шығын әкеледі – оларға тиесілі акциялардың шығындары
жатады. Акционерлік Қоғамдар туралы Заңға байланнысты АҚ – дар тек
өздерінің міндеттері бойынша оларға қатысты мүліктерге жауап береді.
АҚ тек өзіне қатысты мүліктерге қорған бола алады, яғни ұйым өз
қатысушыларының міндеттеріне жауап бермейді. Акционерлердің кредиторлары
өзге қатысушылардан, жеке шаруашылықпен айналысатындардан АҚ – ның үлесін
талап ете алмайды.
Мүлік есептеудің алғашқы көзі – АҚ ақша соммалары болып табылады
(алайда төлем натуралды немесе басқа түрде болуы мүмкін). Уақытында
төленбеген акция кредитордың кепілдігін әлсіретеді және ұйымның шаруашылық
сферасын қиындата түседі. Қатысушылар уақытында акцияларды төлеп тұруы
үшін, АҚ – ның міндеттемелерін орындаулары қажет. АҚ ЖШС сияқты бір
тұлғаның компаниясы да болуы мүмкін. Ұйым бір қатысушы ретінде басқа
шаруашылық бірлестікті иемдене алмайды.
Акционерлік меншік тек екі жолмен ғана құрылады: салым салушы
акционерлік қоғамнан немесе мекемесі бар заңды тұлғадан.
Жекешелендіру қалпында акцияларды сату мекеме жұмысшыларында
акциялардың өсуі дегенді білдіреді. Жұмысшыларға акциялардың сатылуы –
жұмысқа деген қызығушылығын тудыртады және бұл мекемеге кіріс әкелудің бір
жолы болып табылады.
Алайда жұмысшылардың мекеме меншігіне айналуы тек мекемелік салық
түсімі және жұмысшыларға акция сатуға арналған немесе жеңілдік түрінде
сатылған акциялар болуы мүмкін. Нәтижесінде жеке шаруашылықтың потенциалды
және жұмысшылардың ұйымшылдық қабілеті толығымен қолданылмайды.
Жекешелендірудің ең көп тараған түрлерінің бірі – халыққа жария түрде
акцияларды сату болып табылады, яғни көрсетілген акциялардың ашық күйде
сатылуы конкурстық бағамен сатылады. Фиксацияланған акция сату кезінде
акция бағасы бір көтеріліп, бір түседі. Ал конкурстық бағамен сатқанда
мүлікке мемлекеттік шаруашылықтарға тұрақты баға қойылады.
Акцияны ашық күйде сату халыққа жинақ түрінде келеді. Оның ең басты
ерекшелігі – ашық түрде өтуінде. Мемлекеттік кәсіпкерлікті жекешелендіру
кезінде шетел инвесторларына да қатысуға болады. Алайда, ережеге сай, олар
ұлттық экономиканың бәсекеге қабілетті заңдарына сәйкес нақты анықталған.
Осы кезде олардың қатысуы мемлекеттік ұлттық экономиканың әлемдік
шаруашылыққа септігін тигізуі қарастырылады.
Қазақстанда Акционерлік қоғамдардың пайда болуы мемлекеттік
кәсіпкерліктерден екі бағытта тарайды.
Ең алғашқысы өз өркендеуін Мемлекеттену мен жекешелендіру туралы ҚР
Заңына сәйкес алды. Оның мазмұны – мемлекеттік кәсіпкерліктің қайта құрылуы
және акционерлік қоғамның салым салуы. Бұл процесс жекешелендірудің алғашқы
сатысы болып саналады.
Бұл сатыда мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі орган – акционерлер
жиналысын жасайды, акционерлік қоғам ережесін растайды және тіркейді, басшы
тағайындайды, АҚ бақылаушысы кеңес пен басқару жүйесін құрады. Бұл уақытта
АҚ үстінен мемлекеттік бақылау абсолютті болып келеді. Мемлекеттік
пакеттің кішіреюіне сәйкес жарғылық қорда акционерлік қоғамның мемлекеттік
бақылауы акционерлер жиналысының есебінен шектеледі. Осылай ол өз бетімен
АҚ – ның басшысын, сонымен қатар басқару мүшелерін, бақылаушы кеңес,
ревизиялық комиссияларды сайлауды шешеді. Мемлекет міндетті тұлға орган
ретінде өз құқықтарын акционерлерге ұсынады.Ережеге сай, бақылау кеңесінің
шекарасында мемлекеттік акция пакеттеріне сәйкес болады.
ҚР - да 1996 – 1998 жылдары мемлекеттік жекешелендіру программасы
ретінде арнайы комиссияның мемлекеттік акция пакетін иемденген. Бұл
комиссия реестр мүшелерін құрады,енгізеді және бақылау кеңесіне
кандидаттар, мемлекет атынан шығатын қатысушы АҚ да, тұлғалардың дайындығы
мен алдын ала дайындығын құрады. АҚ – ның бақылау кеңесіндегі мемлекеттің
қызығушылығын ұсынады. АҚ – ның жарғылық қорында мемлекеттік акция
пакеттерінің қысқаруы әрқашан өз жеке шаруашылығымен айналасуға мүмкіндік
бермейді. Мемлекет өз акцияларын талапқа сай, яғни АҚ мемлекеттік саяси –
экономикалық программаға қатысуында сатады.
Мемлекеттік акция пакеттерін алтын акцияға ауыстырылуы да бақылау
болып есептеледі, ол жарғылық қордың құрылуына қатыспайды,бірақ мемлекет
міндетті органдар арқылы акционерлердің ортақ шешеімін сонымен қатар
атқарушы органдарды да қайтарып тастай алады.
Мемлекеттік мүлікті қолданудың келесі бағыты – мемлекеттік АҚ мен
Мемлекеттік шаруашылықтар акционерлік компанияларға бірігуі арқылы жүзеге
асырылады (ұлттық акционерлік компаниялар, мемлекеттік холдингтік,
мемлекеттің қатысуындағы компаниялар). Акционерлік компанияның жарғылық
қоры мемлекеттік акция пакеттерін қоса ақы құрамы мен мемлекеттік шарушылық
мүліктерін құрайды. Мемлекттік пакет акциялардың көлеміне байланысты оған
салымдарды ҚР –ның президенті немесе оның рұқсатымен міндетті органдар
салады. Компаниялардың құрылуы халық шаруашылығындағы базалық басқарумен
түсіндіріледі және бұл ҚР президентінің Жарлығымен, яғни Қазақстан
Республикасындағы 1993-1995 жылдарға арналған мемлекеттену мен
жекешелендіру туралы заңында көрсетілген. Мемлекеттік акционерлік
компанияға мемлекеттік орган жеке функцияларды орындауды береді.Қазақстанда
акционерлік қоғамның құқығын қорғайтын заң алғашқы болып қабылданды. Ол
ҚазССР кезіндегі кезіндегі шаруашылық серіктестіктер мен акционерлік
қоғамдар туралы заң 1991 жылдың 21 маусымында қабылданған болатын. Осы
кезден-ақ акционерлік қоғамдар құрылып бастаған.ҚазССР 1991 жылы
қабылданған шарушылық серіктестіктер мен акционерлік қоғамдар туралы
заңның актуальдылығы кері процестермен, экономикада болып жатқан уақытша
меншіктің өркенделуімен түсіндіріледі.
Акционерлік қоғам - өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту
мақсатымен акция шығаратын заңды тұлға болып табылады.Қоғамның өз
акционерлерін мүлкінен оқшауланған мүлкі болады және олардың міндеттемелері
бойынша жауап бермейді. Қоғам өз міндеттемелері бойынша өз мүлкі шегінде
жауап береді. Қоғамның акционерлері оның міндеттемелері бойынша жауап
бермейді және ҚР-ның заң актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда,
өзіне тиесілі акциялардың құны шегінде қоғам қызметіне байланысты
залалдарға тәуекел етеді. ҚР-ның заңдарында көзделген жағдайларда АҚ-ның
ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес ұйымдар құрылуы
мүмкін. Қоғам облигациялар және бағалы қағаздардың өзге де түрлерін
шығаруға құқылы. Қоғамның фирмалық атауы болады, онда акционерлік қоғам
ұйымдық-құқықтық нысанын көрсету және оның атауы қамтылуы тиіс. Қоғамның
атынан кейін АҚ аббевиатурасын пайдалана отырып,қоғамның статусын
қысқартуға жол береді.
Ал акция дегеніміз – акционерлік қоғам шығаратын және акционерлік
қоғамды басқаруға қатысу, ол бойынша дивидент және қоғам таратылған
жағдайда оның мүлкінің бір бөлігін алу құқығын, сондай – ақ Заңда және ҚР-
ның өзге де заң актілерінде көзделген өзге де құқықтарды куәландыратын
бағалы қағаз. Дивидент дегеніміз – акционердің өзіне тиесілі акциялар
бойынша акционерлік қоғам төлейтін кірісі.

1.2. Акционерлік қоғамдардың қалыптасу көздері

Акционерлік қоғам капитал шоғырлануының қажеттілігі туындауы
нәтижесінде, ең алдымен, алыстағы отар елдермен сауда жасауда пайда болды.
Бұл қажеттілік ХV ғасырдың соңындағы Ұлы географиялық ашылулардың кең етек
алуымен байланысты. Акционерлік компаниялардың негізгі белгілері ХVІ
ғасырдағы Голландия компанияларында анық көрінеді. Дегенмен, көптеген
оқымыстылар акционерлік компанияларға тән белгілерді бұдан да ертерек
уақытта болғанын және олардың отаны ретінде ортағасырлық Италияны да,
Ежелгі Римді де көрсетеді. Каминканың айтуынша, голландиялық компаниялардың
көзге түсерлікткей айқын болуы бүкіл Еуропаның назарын өзіне
аударғандығынан ғана ең ежелгісі деп саналған [11,152 б.].
И.Т. Тарасов ең алғашқы акционерлік қоғам ретінде 1345 жылы (кейбір
мәліметтер бойынша 1371 жылы) Генуездік банкті атаған. Банктің капиталы
20400 тең бөлікке бөлінген, оның басқару органдары жалпы жиналыс пен
басқарма болған. Генуездік банктің үлгісі бойынша 1694 жылы Ағылшын
Патерсон банкі құрылған [17.83-84 б.].
Ресей империясында акционерлік істің дамуы алдыңғы қатарлы Еуропа
елдерінен әлдеқайда артта болды. Ең алғаш рет акционерлік компанияларды
енгізуге талпыныс жасаған 1699 жылдан кейін Еуропаға жасаған ең алғашқы
сапарынан кейін-ақ Петр Бірінші болған. Бірақ, бұл жарлық акционерлік
компаниялардың құрылуына әкелген жоқ. 1739 жылы Л.Ланг Қытаймен сауда жасау
үшін компания жобасын құрған. Сенат жобаны қарастырып, компанияға қатысқысы
келген барлық тұлғалардың, коммерциялық-әріптестердің , олардың салым
мөлшерін көрсете отырып жазу туралы келісім шығарды. Бірақ үкіметтің
шақыруына ешкім назар аударған жоқ. Бұл жағдай 1740 және 1741 жылдары да
қайталанады. Осы мәселелерге байланысты ғалымдар келесідей пікірді
ұстанады: сол кездің ірі капиталистері өте колайлы жағдайда болды, олардың
еркіндігінде шек болмады[11.341]. Ең алғаш рет жобалардан нақты іске 1757
жылы Ресейлік-Константинопльдік компанияның құрылуымен көшкен. 1758 жылы
Парсы сауда компаниясы пайда болады. 1822-1855 жылдар арасында Ресейде 81
акционерлік компания болды. Ресми мәліметтер бойынша 1876 жылы Ресейде 550
акционерлік компания болған.
Ең алғашқы акционерлік қоғамдар біздің елде 15.12.1990 жылы “Меншік
туралы” және 13.02.1991 жылғы “Қазақ ССР-індегі кәсіпорындар туралы”
Заңдарды жүзеге асырумен пайда болды. Ал одан кейінгі қабылданған
26.06.1991 жылғы “Шаруашылық серіктестіктер мен акционерлік қоғамдар
туралы” және 22.06.1991 жылғы “Мемлекетсіздендіру мен жекешелендіру туралы”
Қазақ ССР-інің Заңдарын ресми түрде бекітіп, акционерлік қоғамдар мен
бағалы қағаздар түсініктеріне заңды түрде анықтама беріліп, мемлекеттік
кәсіпорындарды республика үшін жаңа шаруашылық жүргізуші субъекті формасына
түрлендіру реті мен мерзімі анықталды. Яғни, акционерлік қоғамдар ең алғаш
бізде мемлекеттік меншікті жекешелендірудің бір түрі – акционерлендіру
негізінде пайда болды.
Қазіргі Қазақстан экономикасы нарықтық қатынастардың қалыптасу
процесінің жүруімен сипатталады. Олардың пайда болуы мен қалыптасуы
экономиканың барлық сферасын қамтыған дағдарысты жеңу және экономиканы
әкімшіл - әміршілдік арқылы басқарудың мүмкін еместігін алдын ала анықтап
берді.
Экономикалық реформаның басты мақсаттарының бірі – кәсіпорынды мүліктік
жауапкершілігі анықталған заңды тұлғалар құқықтарына бөліп беру.
Шаруашылықтың акционерлік формасы мұны қамтамасыз етеді. Акционерлер
қоғамның міндеттеріне жауап бермейді және тек сатып алған акция құнымен
шығын тәуекеліне барады. Акционерлік қоғамдағы капитал өндіріс құралдары
және бағалы қағаздар формасында қызмет етеді. Бұл өндіріс құралдарына
қоғамдық иемдену құқығы мен жеке меншік құқығын бекітудің материалдық алғы
шарты болып табылады. Акционерлік меншік формасын енгізу инфляцияның өсу
қарқынын төмендетуге мүмкіндік берумен қатар, мемлекеттің шығыстарын,
эмиссиялау көлемін біршама мөлшерде қысқартады, сол сияқты бағалы қағаздар
нарығының дамуын қамтамасыз етеді.
Акционерлеудің басты пайдасы - бұл алдағы уақытта әр түрлі қаржы
көздеріне кең көлемде қол жеткізуді қамтамасыз ету болып табылады.
Акционерлік қоғам облигацияларды эмиссиялаудан басқа да, яғни қосымша
акцияларды шығару нәтижесінде біршама қаражат тарта алады.
Егер, басқа да компанияның акцияларын орналастыру нәтижесіне байланысты,
оның акцияларын көп инвесторлар иеленсе, онда бұл олардың қор нарығындағы
нақты рейтингін материалдық жағынан куәландыруды білдіреді. Ондай
компаниялардың акцияларының ашық түрде сатылуына бірдей көңіл аударылады.
Компанияның танымалдығы мен ашықтығы, потенциалды клиенттері мен
серіктестерінің көп болуы ондай компаниялармен ынтымақтасуға болатындығын
көрсетеді. Егер де олар бұл компанияның акционерлері болатын болса, онда
оларда сол компанияның өнімі мен қызметіне деген ұзақ мерзімді мүдделігі
арта түседі.
Акционерлеу процесінің қолайлы жақтарымен қоса теріс жақтары да бар.
Дегенмен де, сол компанияның акцияларын сатып алу – сату объектісіне
айналдыру туралы шешім қабылдау, бұл шешімді іске асырумен байланысты
біршама материалдық шығындардың жұмсалуын қажет етеді.
Акционерлік меншік формасы қосарланған салық салуға, яғни салықты
корпорацияның пайдасынан іздестіруге, корпорацияның салық төлегеннен
кейінгі қалатын және акционерлер арасында бөлінетін пайдадан алуға
мүмкіндік жасайды. Шаруашылық қызметті ұйымдастырудың акционерлік формасы,
әсіресе ірі немесе орта кәсіпорындар үшін тиімді, себебі ондай
кәсіпорындарда мүлік құнының өте жоғары болуына байланысты бір немесе
бірнеше тұлғаның капиталы жеткіліксіз болатындықтан заңды және жеке
тұлғалардың қаражаттарын тарту талап етіледі.
Кәсіпорындар мөлшері және акцияны шығаруды ұйымдастырудың техникалық
қиындығы жауапкершілігі шектеулі серіктестік формасын таңдауға
итермелейді.Міне, сондықтан да Қазақстан заңдылықтарында ірі және орта
кәсіпорындарды жекешелендіру барысында, олардың негізінде жартылай
акциялары жеңілдік жағдайында сатылатын немесе сол кәсіпорын
қызметкерлеріне тегін берілетін акционерлік қоғам құру көзделген.
Акционерлік қоғамды құру мемлекеттік бір бөлігін иеленуге ынталы
кәсіпорынның еңбек ұжымының мүддесін, сондай – ақ жекешелендіруге жатпайтын
өндірістік емес сферада немесе кәсіпорында жұмыс жасайтын Қазақстанның
басқа да азаматтарының мүдделеріне қанағаттандыруға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік кәсіпорынды акционерлік қоғамға қайта түрлендіру
процесіндегі ең қиын сұрақ бұл акционерленетін кәсіпорынның мүлкін бағалау
болып табылады. Мүліктің құны жаңадан құрылатын акционерлік қоғамның
бастапқы капиталын алдын – ала анықтай отырып, кейіннен оның болашақтағы
пайдасына ықпал етеді. Қаншалықты төлем мөлшері үлкен болса, солғұрлым
кәсіпорының қожайындарының саны аз, пайдасы төмен және сондай – ақ
кәсіпорынды акционерлеу мерзімі ұзаққа созылып, ол кәсіпорынның мемлекеттік
құрылымдарға қаржылық жағынан тәуекелділігі сақталып қалады. Шындығында да
мүлік құнын жоғарылату барысында оны бірден сатып алу қиынға соғып,
мемлекет (Мемлекеттік мүлік комитеті) сол кәсіпорынды ұзақ уақыт басқаруға
араласа отырып, оның пайдасының бір бөлігін, өзіне тиесілі акциялары арқылы
дивидент ретінде иемденіп отырады. Мұның бәрі акционерленетін кәсіпорынның
бәсекелестік мүмкіндігін төмендетеді.Қазақстанда жекешелендіру объектісінің
мүлкін бағалау барысында инфляция индексін ескеретін қалдық құны негізінде
әдістеме қолданылады. Бұл әдістемені қалыптастыратын бағалар мен негізгі
қор құны және айналым қаражаттарының шекті қатынасын, сатып алатын өнімге
(қызметке) деген сұранысты, бәсекелестік қабілетті, рентабельдігіне,
кәсіпорынның даму перспективасын әлемдік бағалар деңгейі және басқа да
факторларды ескере отырып, ай сайын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік
мүлік комитеті анықтап отырады.
Дамыған елдердің ерекшеліктерінің бірі нарықтық шарушылықтың дамуы
болып есептеледі. Нарықтық экономиканы кәсіпкерліксіз елестету мүмкін
емес.Кәсіпкерліксіз тиімді экономика, нарық болмайды, адамдар таурларға
қанағаттанбайды. Қазіргі экономикада бизнестің келесідей ұйымдық формалары
бар: жеке меншік, серіктестік және корпарация. Осылардың ішіндегі күрделі
ұйым болып табылатыны – корпорация. Яғни өздерінің құралдарын біріктіре
отырып, акционерлік ұйымдық формасын құратын ондаған, жүздеген, және
мыңдаған экономикалық агенттерден тұрады. Акционерлік қоғам – нарықтық
экономиканың ажырамас бөлігі. Қазақстан Республикасының 2003 – ші жылғы 13
–ші мамырдағы Акционерлік қоғам туралы Заңына сәйкес Өзінің іскерлік
жұмысына табыс алып келуі үшін акция шығаратын заңды тұлға акционерлік
қоғам болып табылады делінген
Акционерлік қоғам - өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту
мақсатымен акцияға шығаратын заңды тұлға болып табылады.Қоғамның өз
акционерлерін мүлкінен оқшауланған мүлкі болады және олардың
мінгдеттемелері бойынша жауап бермейді. Қоғам өз міндеттемелері бойынша өз
мүлкі шегінде жауап береді. Қоғамның акционерлері оның міндеттемелері
бойынша жауап бермейді және ҚР-ның заң актілерінде көзделген жағдайларды
қоспағанда, өзіне тиесілі акциялардың құны шегінде қоғам қызметіне
байланысты залалдарға тәуекел етеді. ҚР-ның заңдарында көзделген
жағдайларда АҚ-ның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған коммерциялық емес
ұйымдар құрылуы мүмкін. Қоғам облигациялар және бағалы қағаздардың өзге де
түрлерін шығаруға құқылы. Қоғамның фирмалық атауы болады, онда
акционерлік қоғам ұйымдық-құқықтық нысанын көрсету және оның арауы
қамтылуы тиіс. Қоғамның атынан кейін АҚ аббевиатурасын пайдалана
отырып,қоғамның ататуын қысқартуға жол береді.
Акционерлік форма бір өндіріске көптеген тұлғалардың және де егер
ол түрлі себептермен өндірістік іспен айналыса алмаса да капиталдарын
салуға мүмкіндік береді.
Акционерлердің қатысуы өндіріске материалды ресурстарды шығынсыз
пайдалануға, еңбек өнімділігінің өсуіне және өндірістің тиімді өсуіне ықпал
етеді.
Ал акция дегеніміз – акционерлік қоғам шығаратын және акционерлік
қоғамды басқаруға қатысу, ол бойынша дивидент және қоғам таратылған
жағдайда оның мүлкінің бір бөлігін алу құқығын, сондай – ақ Заңда және ҚР-
ның өзге де заң актілерінде көзделген өзге де құқықтарды куәландыратын
бағалы қағаз. Акция көпшіліктің және басқа акционерлердің келісімінсіз
сатыла береді.Әрбір акционер акционерлік қоғамның жарғылық капиталына
акциясын сату – сатып алу арқылы өз бөлігін ұлғайта немесе қысқарта
алады.Акционерлер тек бағалы қағаздардың иесі ғана бола алады.
Басқа ұйымдық формалардан акционерлік қоғамның артықшылығы
дивиденттер төлеу болып табылады Дивидент дегеніміз – акционердің өзіне
тиесілі акциялар бойынша акционерлік қоғам төлейтін кірісі. Дивиденттер
компаниялардың түсіміне байланысты төленеді. Кейде пайда түспеген жағдайда
да дивидент төленуі мүмкін немесе сол кеңестің шешімімен барлық пайда қайта
инвестиция салуға жұмсалуы мүмкін. Дивидент көлемі акционерлік қоғам арқылы
белгіленеді. Егер компанияның ішкі қаржылық ресурсы бар болса, ал пайда
түспеген жағдайда ол дивидент төлеуі мүмкін. Керісінше, компанияның пайдасы
артқан жағдайда өндірістің дамуына қолдану үшін ол дивидент төлеуден бас
тарта алады.
Акционерлік қоғам инвесторларға салымдарын қайиарып бериеуге құқығы
бар. Сондықтан да акционерлердің салымдарын қайтару үшін биржа жұмыс
жасайды. Яғни акция инвесторларға ешқашан қайтарылмайтын капитал болып
табылады. Дивиденттік саясатты анықтағанда осы ерекшелігін ескеру қажет.
Акционер-инвесторларға акционерлік қоғам туралы толық қанағаттанарлық
ақпарат алу өте тиімді. Акцияның табыстылығы туралы болжам, олардың акция
сатып алу туралы шешіміне әсер етеді.
Акционерлік қоғамның тағы бір ерекшклігі, оның активтерінің құрылымы
кмпанияның меншігінен немесе өнеркәсіпке тиісті ақша қаражаттарынан тұрады
(ғимараттар, құрылғылар, машиналар мен құрал-жабдықтар, материалды
запастар, банктік салымдар, патент, авторлық құқықтары, т.б)
Акционерлік қоғам активтері акция эмиссиясы негізінде құрылады,
басқаша айтқанда акцияларды сатқанда құрылады. Ол компаниялардың жеке
меншігі болып табылады, ал акционерлер өз салымдарын акцияларын сатқанда
ғана қайтара алады. Акционерлердің ұйымнан шығуы компанияның активіне ықпал
етпейді, бұл да акционерлік қоғамның бір ерекшелігін көрсетеді, меншікті
капиталы компанияның түсімдерімен толтырылады.
Компанияның жұмыс істеу тиімділігі түрлі факторлардың әсерінен
болады. Өндірістің тиімділігін анықтайтынның барлығы – фактор болып
табылады. Акционерлік қоғам қызметіне сыртқы (экзогенді) және ішкі
(эндогенді) факторлар әсер етеді.
Сыртқы факторларға: табиғи, ғылыми – инвестициялық, экономикалық
және интеграциялық факторлар жатады. Ішкі факторларға: материалды –
техникалық, технологиялық ұйымдастырушылық және әлеуметтік – экономикалық
факторлар жатады.
Сыртқы (макроэкономикалық) факторлар саясаттың және жалпы
экономиканың өзгеруінен (инфлиция, бәсекелестік, саяси және экономикалық
кризис) болады. Бұл факторлар акционерлік қоғам қызметіне байланысты емес.
Ішкі факторлар компанияның өндірістік – экокномикалық қызметімен,
менеджменті, іскерлік белсенділігімен байланысты. Акционер – инвестордың
белсенділігі – көбінесе акционерлік қоғамның қаржылық – экономикалық
сипатына ықпал етеді.
1-суретте акционерлік қоғамның тиімді қызмет етуін анықтайтын факторлар
көрсетілген.

2. СИСТЕМОТЕХНИКА аҚ- НЫҢ ҚЫЗМЕТ ЕТУ ТИІМДІЛІГІН ТАЛДАУ.

2.1 Кәсіпорынның техника – экономикалық сипаттамасы

Қазақстан Республикасының нарығында “Системотехника” компаниясы 1994
жылдан бері қызмет атқаруда. “Системотехника” акционерлік қоғамы Қазақстан
Республикасының ірі, ұлттық компанияларын компьютерлік бағдарламамен
жабдықтайды. “Системотехника” АҚ-ы қызмет көрсететін мемлекеттік
компаниялар, ол КазАтомПром ұлттық компаниясы, ҚазақМыс ұлттық компаниясы,
сонымен қоса тағы кішігірім жеке фирмаларға өзінің қызметін көрсетеді.
“Системотехника” АҚ-ның дүние жүзіне танымал SIEMENS корпорациясының
техникасымен және SIMATIK Field PG бағдарламасы көмегімен өз қызметін
жүзеге асырады. Барлық жасаған қызметі мемлекеттік стандарттарға сай
келеді. Компанияларға енгізетін компьютерлік бағдарламалар тұрақты түрде
жаңартылып, қызмет көрсетудің тиянақтылығы, жылдамдығы тұтынушыларды
тартады. Компания өз тұтынушыларына көрсетілген қызметтердің ең жоғарғы
сапасын кепілдендіреді. “Системотехника” АҚ-ы компьютерлік бағдарламаларды
жабдықтау контракт негізінде жүзеге асырылады.
Компаниядағы барлық жұмыстарды кәсіби мамандар, өз ісінің шеберлері
жүзеге асырады, себебі олардың қызметінің нәтижесі табысты қамтамасыз
етеді. Компания кадрлары оның ең бағалы активтері болып келеді. Сондықтан
компания өз қызметкерлеріне еңбегіне қарай ақысын төлейді, мүмкіндігінше
ынталандырады, кәсіби және карьералық өсуіне мүмкіндіктер береді, жақсы
еңбек жағдайымен қамтиды.
2000 жылдан бастап “Системотехника” АҚ-ы компьютерлік техникаларды,
күрделі тұрмыстық аппараттарды жөндеу техникалық кәсіби орталығын ашты.
Техникалық орталық барлық клиенттерге ерекше маңызды. Тұтынушының аудио
және бейне аппараттары, күрделі тұрмыс техникасын жөндеу үшін ақыл-кеңес
беру, тұтынушыға жөнделген аппараттардың жөнделгені туралыхабар беру үшін
байланыс жүйесі құрылған. Техникалық кәсіби орталықтың басты қызметі жөндеу
жұмыстарынан басқа ақаулы бөлшектерді алмастыруға байланысты қызмет
көрсетеді.
Экономика департаменті
Қаржылық талдау бөлімі - өндірістің рентабльдігін жоғарлату,
өндірістік қуаттылықты, материалдық еңбек ресурстарын тиімді пайдалану
бойынша әдістерін қарастыруда қатысуды, кәсіпорынның қызметінің кешенді
экономикалық және қаржылық талдауын ұйымдастырады.
Орталық бухгалтерия – бухгалтерлік есепті жүргізеді және
ұйымдастырады.
Еңбекақы бөлімі – еңбекақыны ұйымдастырады.
Кадрлар бөлімі – жұмыс кадрлары мен мамандарды іріктеу және
пайдалануды ұйымдастырады.
Маркетинг бөлімі – маркетинг стратегиясының барлық түрлерін және
өндірісті тұтынушылардың шығарылып жатқан өнімге қоятын талаптарын
қамтамасыз етуге бағыттауды ұйымдастырады.
“Системотехника” акционерлік қоғамның шаруашылық қызметінің
сипаттамасы төмендегі 1-кестеде көрсетілген

1-кесте. 2004, 2005 жж-ғы Систематехника АҚ негізгі техника-экономикалық
көрсеткіштері
Көрсетікіштер Өлшем 2004 жыл 2005 жыл 2004ж-ға
бірлігі 2005ж-ға
%
1. Өткізілген өнімнен түскенмың тг. 816436,0 1015333,2 124,4
табыс
2. Өткізілген өнімнің мың тг. 592572,1 693876,9 117,09
өзіндік құны
3. Жалпы табыс мың тг. 223863,9 321456,2 143,6
4. Кезең шығындары мың тг. 164422,4 215221,6 130,9
5. Негізгі қызметтен түскенмың тг. 59441,4 106243,6 178,7
түсім
6. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Акционерлік қоғамның қаржылық жағдайы
Акционерлік қоғамның қаржысы
Қазақстан Республикасында акционерлік қоғамның қаржыларын ұйымдастыруының теориялық аспектілері
Акционерлік қоғамдардың қаржысы
Қор нарығы және оның қазақстандағы инвестициялық процеске әсері
Инвестициялық процеске қор нарығының әсері
АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ ҰҒЫМЫ, ҚҰРЫЛУЫ МЕН ТАРАТЫЛУЫ
Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және олардың бірлестіктерінің меншік құқығы
ШАРУАШЫЛЫҚ ЖҮРГІЗУШІ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ ҚАРЖЫСЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІКТЕР
Акционерлік қоғамның қаржылық ұйымдастыру ерекшеліктері
Пәндер