Кәсіпорынды қаржылық сауықтандыру



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 2
I-БӨЛІМ. КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ БАНКРОТТЫҚҚА ҰШЫРАУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 3
1.1 Банкроттықтың теориялық негіздері 3
1.2 Банкроттықтың себептері, белгілері мен болжау әдістері 9
1.3. Кәсіпорынның қаржылық және экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етудің
мүмкіндігі және объективті қажеттілігі 15
II-БӨЛІМ. Кәсіпорынды қаржылық сауықтандыру жолдары 23
2.1 Кәсіпорынды қаржылық сауықтандыру 23
Қорытынды 30
Қолданылған әдебиеттер тізімі 32

КІРІСПЕ

Банкроттық... Бұл сөз, көбінесе, қорқынышпен, үреймен айтылады, себебі
ол фирманың, банктің, организацияның ісінің толық тоқтатылуын, я болмаса,
кем дегенде, кардинальді түрде қайта ұйымдастырылуын білдіреді. Бұл, өз
кезегінде, барлық қызығушылығы бар тұлғаларға айқынсыздық пен белгісіздікті
әкеледі. Банкротқа ұшыраған компаниядан ақшаны қайтаруға болады ма?
Басшылық билікте қала алады ма? Осы және де басқа көптеген сұрақтар өзінің
қаржылық міндеттемесін орындай алмаған компанияға қандай да болмасын қатысы
бар тұлғалар алдында тұрады.
Берілген курс жұмысы осы аталған сұрақтар мен басқа да кәсіпорынның
қаржылық дәрменсіздігі себебінен туындаған күрделі мәселелерді шешуге
бағытталған.
Банкроттық - борышкердің сот шешімімен танылған немесе несие
берушілермен келісім бойынша соттан тыс тәртіппен ресми түрде жарияланған,
оны таратуға негіз болатын дәрменсіздігі.
Курс жұмысының I бөлімі банкроттықтың мәнін, оның экономикалық
мазмұнын, пайда болу себептері мен көрініс табу нысандарын айқындауға
арналған.
Банкроттықтың алатын мәні ерекше зор және маңызды. Біріншіден,
нарықтық экономика жағдайындағы банкроттық экономиканы сауықтырудың құралы
болып табылады және экономиканы сауықтыруға, кәсіпкерлер мен мемлекеттің
қызығушылығын қорғауға бағытталған. Екіншіден, банкроттық - бұл нарықтық
экономикаға сай объективті экономикалық құбылыс. Мәселен, мақсаты пайда
табу болып табылатын кәсіпорын қызметіне сай белгі - тұтынушылардың әрқашан
өзгерісте болатын қажеттіліктері мен сұранысы бар әлемде өз орнын табу және
қажеттіліктерді қанағаттандыруда әрқашан ізденісте болу. Шаруашылық
жүргізуші субъект пайда табу мақсатында бизнестің әр түрлі түріне ақша
салады. Бірақ нәтиже оң да, теріс те болуы мүмкін. Басқаша айтқанда
шаруашылық жүргізуші субъект үлкен, я болмаса аз табыспен немесе тіпті
табыссыз қалу жағдайы тууы мүмкін, яғни банкроттық қаупі алдында қалуы
ықтимал.
II бөлімде дәрменсіздікке ұшыраған кәсіпорынның қаржылық жағдайын
сауықтандыруға бағытталған іс-шаралар мен оңалту рәсімін колданудың
ерекшеліктері мен тәртіптері қарастырылған.
I-БӨЛІМ. КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ БАНКРОТТЫҚҚА ҰШЫРАУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Банкроттықтың теориялық негіздері

Банкроттық деген сөз барлық қызығушы тұлғалар үшін белгісіздікке
әкелетін фирманың, банктың, ұйымның қызметінің жойылуын білдіретіндіктен
жиі қорқыныш пен үрей туғызады.
Бірақ, бұл тек банкроттықтың салдары ғана. Іс-жүзінде нарықтық
экономикада банкроттықтың ролі зор және кең.
Біріншіден, нарықтық экономика жағдайында банкроттық экономиканы
сауықтыру құралы және экономиканы сауықтыруға, мемлекет пен кэсіпкерлердің
мүддесін қорғауға бағытталған. Банкроттық процедураларын арқасында, мысалы
Қазақстанда осы процедураларға қамтылған кәсіпорындардың жартысы өндірісін
жаңғыртады.
Екіншіден, банкроттық - нарықтық экономикаға тән объективті
экономикалық құбылыс.
Банкроттық, әруақытта кәсіпкерліктің соңғы нәтижесіне жетудің
белгісіздігімен демек, жоғалтулар тәуекелімен түйіндес, нарықтық қатынастар
мәнімен алдын-ала анықталған.
Үшіншіден, өтпелі экономика жағдайында банкроттық көптеген
мәселелердің шешілуіне, сонымен қатар өтелмеген төлемдер, өндіріс дамуына
жәрдемдеседі. Сондықтан да ол ұлттық өндірістің құрылымдық бөлігі болып
табылады.
Егер, бұны мойындаса проблеманың шешілуінің басты механизмі автоматты
түрде банкроттық механизмі болуы керек. Бұл механизмді бүкіл дүние жүзінде
қолданады, бірақ бізде меншік пен экономиканың қайта бөлісуі ретінде,
ұлттық өндірушілерді басу механизмі ретінде, экономиканың жандануына қарсы
механизм ретінде қабылданады. Оның нәтижесінде біздің елімізде бұл
механизмнен қорқады, олар толығымен банкроттық процесін қосу жағдайды
нашарлатып кейіннен өндірістің тоқтауына және жұмыссыздықтың көбеюіне
әкеледі дегеннен шығады. Сонымен қатар мемлекеттік экономикалық ҒЗЖ-ның
ұсыныстары да құрастырылған. Кәсіпорындарды жою және қайта құру агенттігі
арқылы банкроттық процедураларына ұшырайтын кәсіпорындарды талдау оларды 2
категорияға бөлуге болатынын көрсетеді:
- бәсекеқабілетті емес өнімді шығаратын кәсіпорындар, олардың
басшылығы тіпті 10 жыл ішінде (баяғыда оларды жекешелеп) бір себептен
жаңартуды, қайта құруды және өнімді жаңаландыруды өткізе алмайды, ол нашар
менеджмент. Мұндай кәсіпорындардың басшылары мынадай тактиканы таңдап
алған: олар баяғыдан банкке баруды қойған және өздерін және бухгалтерлерді
қамтамасыз ете отырып төмен ликвидті қорларды қарапайым сатумен айналысып
ақшалы өмір сүре береді. Бұл кезде қарыздар өсіп жатады, көлеңкелі
экономика осы емес пе?

- басшылары ақшаларды айналдыру бойынша мақсатқа бағытталған тактика
мен саясатты жүргізіп отырған кәсіпорындар. Олар үшін кәсіпорын - ақша
айналдыру құралы ғана. Мұндай басшылар мен менеджерлердің мақсаты біреу -
ол салықтарды төлемей, жалақыны төлемей және т.б. көп ақшаны шыгарып алу.
Өндірісті ұстау үшін минималды мөлшерде тек айналым қаражаттары ұсталады,
бірақ салықтар төленбейді және барлық табыстар басшылардың қалталарына
кетеді. Бұл топ басшыларының кейбіреулері салықтардан қашудың ұзын сызбасы
бойынша жүреді: қарыздарды критикалық нүктеге дейін апарады, банкроттықтың
алдында олар ликвидты активтерді шығарып алады, жаңа кәсіпорынды
ұйымдастырады және таза беттен салықтарды төлемеуді жалғастырады.
Банкроттық бүгінде - экономиканы жаңартудың, төлемқабілетсіздік
дағдарысын құрудың және экономиканы дамудың жаңа сатысына өткізудің ең
тиімді процесі. Осылайша, нарықтық экономика жағдайындағы банкротықтың ролі
үлкен.
Осылайша, ТМД және Қазақстан елдері экономикасында бар болудың
тәжірибесі бұл инститтуттың қызмет етуіндегі көптеген сұрақтарды туғызады.
Бұлардың себеебі аз емес, көбінесе ол теориялық базаның жетіспей
жасалғандығы.
Банкроттық мәнін көрініс ретінде анықтау үшін бұл институттың пайда
болу және даму тарихына көңіл аудару керек, сонымен қатар банкрот сөзінің
этимологиясын қарастыру керек.
Банкротық түсінігі Рим жеке қоғамында енгізілгені. Бастапқыда Рим
империясының азаматы өзіне жүктелген міндеттемелер үшін барлық мүлкімен,
өзінің жеке бостандығымен және жанұя мүшелерінің бостандығымен жауап
беретін. Кредиторға бағыну - кредиторлар өз міндеттемелерін орындату үшін
қолданылатын әдістер. Сауда байланыстарының ары карай дамуы және кеңеюі
банкроттыққа деген жай көзқарасқа әкелді. Жәймендеп ауырлық орталығы төлем
қабілетсіз борышкерді қылмыстық жазалаудан оның мүлкін төлеттіріп алуға
ауыстырылды. Борышкерді төлем қабілетсіз деп танудың процесі мен тәртібі
реттеле бастады. Рим құқығы кредитор қызығушылықтарын сөзсіз қорғау
приципіне негізделді және мүлік жетіспеушілігі анықталған кезден бастап
қолдан жасалған және шынайы түрдегі банкроттықты бөлмеді, борышкер барлық
жағдайларда қамауға алынды, ол борышкер іс-әрекеттерін шектеудің шарасы
және банкроттық мүлкін алып алудық процесінің басталуы болды. Сонымен
қатар, борышкердің кредитормен шешілудің кез-келген сатысында әлемдік
келісімдерге келу дәстүрі пайда болды.
Сонымен қатар дәл осы Көне Рим империясының заңгерлері басқа елдерде
кең өріс алған борышты қайтармағандығы үшін қылмыстық және мүліктік
жауапкершілік жиынтығы туралы Концепцияны бірінші болып жасағандығын ескеру
керек.
Банкрот сөзінің этимологиясы ортағасырлық Италияның XII ғасырында
орындық, сөрені немесе айырбасшының жұмыс орнын білдіретін banca -
орындық, және rote - сынған дегенді білдіретін итальян сөздерінен шыққан.
Осылайша, сынған орындық көпестердің және айырбасшылардың
төлемқабілетсіздік белгілері болды, ал банкрот сөзінің өзі жалпы мәнге
иеленді, осылайша дәрменсіз борышкерді айтатын болды.
Банкроттықтың дамуы негізгі ролі Англияда, бұл институт өз басталуынан
осында ерекшелікке ие болды. Бұл елде тіпті 1543ж. өзінде қарыздың
төлемсіздіктері туралы сот істерінің қарастырылу негізіне қарыз барын
дәлелдеу емес, ал оны жабу мүмкіндігі жатқызылды. Кейінгі жылдары
банкроттыққа алып келетін жалған келісімдер туралы заңдар жетілдіріледі,
басты назар борышкерлерден мүліктер мен қаржылық қаржаттарды тығу
фактілеріне, саналы түрде қарызды біреуіне төлеп екіншісіне зиян келтіруіне
аударылады.
Ресейде банкроттық институты европалық елдермен қатар жүргізілді және
оның құқықтық реттелуінде үш негізгі сатыны бөліп көрсетуге болады. Бірінші
саты - революцияға дейінгі. Банкроттық институты дамуының бұл сатыны
Ресейде көбінесе кредиторлардың қызығушылығын сипатайтын дәрменсіздік
процедурасын өткізуге кредиторлар аралық бағыт ерекшелейді.
Екінші саты - ЖЭС кезеңі. Бұл кезеңнің дәрменсіздікті (банкротттықты)
құқықтық реттеудің негізгі сипаттамасы болып қызығушылықтары ең алдымен
мемелкет алдындағы міндеттемелер қорғалып орындалатын процестің барлық
сатыларындағы үкіметтің өктемдік ролі.
Үшінші саты - Ресейдегі дәрменсіздік институтының дамуы - оның
басталуы 1992ж. Банкроттық процедурасын реттеу қажеттілігі КСРО
басшыларымен нарықтық экономикаға өтуді жариялаудан басталды.
Тәуелсіздікті алғанға дейінгі Қазақстандағы банкроттық дамуының тарихы
және Ресейдегі банкроттық дамуының тарихы өзара бүтін және жалпы ретінде
сәйкес келеді.
Жоспарлық рельстерден нарықтыққа өту рельстері банкроттық механизмінің
іс-әрекетін енгізуді талап етті.
Нарықтық экономика - біржақты емес экономика, онда әдетте мемлекеттік
сонымен қатар жеке кәсіпорындар бар, және де кәсіпорын иеленушілері болып
мемлекет және де жеке тұлғалар табылатын аралас әкономикалы сектор
табылады. Нарықтық экономиканың тиімділігі оны бұл мақсаттарда банкроттық
механизмін пайдаланып бәсекеқабілетті емес элементтер жүйелерінен шығарудың
тұрақты шығару арқылы қамтамасыз етіледі.
Қазақстанда жалпы банкроттық механизмін жасап шығару және іске
енгізуге қол жеткендігін мойындау керек. Тәелсіздік алғаннан бергі кезеңде
сәйкес заңды-нормативті база қалыптасты, банкроттық бойынша мамандар саны
дайындалған, банкроттық және банроттық процедураларды өткізу туралы істерді
соттық қарастырудың белгілі бір тәжірибесі жасалған.
Қазіргі кезде белгілі бір дэрменсіздікті және банкротықты біршама
райдаланудың әртүрлі варианттары кездеседі. Отандық және әлемдік
эдебиеттерде банкроттықтың бірегей анықтамасы жоқ. Мысалға, қазіргі
ресейлік заңнамаларда дәрменсіздік және банкроттық түсініктері тепе-
тең. ТІпті банкроттық сөзінің қалыптасқан әсерлесуін назарға алатын
болсақ та дәрменсіздік пен банкроттықтың американдық вариантын қолданған
дұрыс болар еді. Осылайша, АҚШ-та банкроттық процедуларына қатысты
жүргізілген тұлға өндіріс кезінде дәрменсіз болып саналады, ал сот
шешімінен кейін банкрот болып саналады.
Банкроттық түсінігі өзара байланысты экономикалық және заңды
қатынастардың кең аймағын қамтиды, ол берілген көріністің табиғатына
әртурлі көзқарастар мен сипаттардың көзі болып табылды. Құқықтық бағыт
тұрғысынан банкроттық төлемқабілетісіздіктің заңды дәләлі, ол оны жою үшін
негіз болып табылады. Банкроттық берілген контекстте заңгерлермен
дәрменсіздік синонимі ретінде қолданылады, заңцарда бұл екі термин
қолданылатыны жай емес.
Банкроттықтың мақсаттарын, міндеттері мен функцияларының өз түсінігіне
жүгіне отырып қазақстандық ғалымдар өз анықтамаларын береді. Банкроттық -
бұл шаруашылық жүргізудің экономикалық дәрменсіздігі, уақытша сипатты емес
шаруашылық соттың шешімімен жарияланған қарыз міндеттемелері бойынша төлем
қабілетсіздігі.
Өз мәні бойынша - банкроттық нарықтық экономиканың дұрыс көрінісі,
бәсекелік күрестің өзіндік процесі, онда әлсіз кәсіпкерлік құрылымдар өз
шаруашылық қызметін толықтырады. Банкроттық бәсекелік күрестің нәтижесі
ретінде өндіріс дамуын, кәсіпкерлік ынтаны ынталандырады.
Банкроттықтың болуын дағдарыстың 2 формасымен анықтайды:
- кредиторлармен жарияланған талаптардың жалпы сомасы заңмен
орнатылған 150 минималды айлық есептік көрстекішінен томен болмағанда;
- кәсіпорын ағымдағы төлемдерін тоқтатып, сәйкес міндетті орындаудың
мерзімі басталуынан үш ай ішінде кредиторлардың талаптарын орындауды
қамтамасыз ете алмаса және қабілетті болмаса.
Әртүрлі елдердің заңдарында қабылданған құқықтық формалар мен
әдістердің әртүрлілігінде барлық заңдық жүйелерде орталық орынды меншік
құқығы және оның кепілдемелері (немесе мұндайдың жоқтығы) алады. Борышкерді
дәрменсіз (банкрот) деп жариялау немесе борышкердің езінің дәрменсіздігі
(банкротығы) туралы жариялауы бұл құқық мүлкін өткізу (жою) үшін
жүргізіледі. Құқық заңды тұлғаны сотпен дәрменсіз деп жариялаудың жариясына
айналады. Занды тұлғаны жою оның басқа тұлғаларға құқықтық берілуі
тәртібінде құқықтар мен міндеттемелерінің өтуінсіз тоқтауына әкеледі.
Сондықтан көптеген зерттеушілердің ойы бойынша банкроттық категория ретінде
көбінесе заңды қатынастарды сипаттайды. Құқықтық бағыт тұрғысынан
банкроттық - бұл сотпен (арбитражды сотпен) танылған немесе борышкермен
жарияланған міндетті төлемдерді төлеу бойынша міндетті орындау және
(немесе) ақшалай міндеттері бойынша кредиторлардың талаптарын толығымен
қанағаттандыруға борышкердің қабілетсіздігі.
Құқықтық толтырылусыз қарыз қатынастары мүмкін емес болатыны сөзсіз,
бүгінде банкроттық бойынша әдебиеттерде оны анықтауға деген құқықтық бағыт
басым болатыны кездейсоқ емес.
Құқықтық бағытқа сәйкес, банкроттық - заңды тұлғаны жою бойынша негіз
болып табылатын оның төлем қабілетсіздігінің заңды дәлелі. Құқықтық
бағғыттың конституциялық бағытталуы - сотпен дәлелденген
төлемқабілетсіздік. Сәйкесінше, сотқа дейінгі төлемқабілетсіздік бұл
көзқарастан кәсіпорын құқықтық көзқарастан ондай болып табылмайды.
Бұл контекстте төлемқабілетсіздік және дәрменсіздік түсініктерін
нақты бөлу қажеттілігі пайда болады. Қазақстандық ғалымдар нақты жауаптар
береді. Төлемқабілетсіздік - бұл орындау мерзімдері болған ақшалай
сипаттағы ақшалай міндеттемелер мен басқа да талаптарды борышкердің орындау
қабілетсіздігі. Кәсіпорынды банкрот деп жариялау мақсатында дәрменсіздік
деп бюджет және бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдерді қамтамасыз ету
қабілетсіздігін қосқанда тауарларды төлеу бойынша (жұмыстарды, қызметтерді)
кредиторлардың талаптарын қанағаттандыру қабілетсіздігі түсіндіріледі.
Біздің көзқарасымыз бойынша, қарыз қатынасындағы зерттеудің бастапқы
нүктесі болып органикалық байланысқан бірақ өзара жеке жақтардың бөлінуі
болуы керек: экономикалық мазмұны және заңды форма, бірақ та бұл жерде
олардың араласуы және де қарама-қарсы қойылуы мүмкін емес. Банкроттыққа
деген экономикалық құқықтық бағыт кездейсоқ емес және оны таза экономикалық
немесе таза құқықтық көрініс ретінде қарастыру құқықтық жағдайдан дұрыс
емес.
Экономикалық бағытта банкроттықты анықтау үщін бұрыштың негізіне
шаруашылық субъектінің дәрменсіздігіне әкелетін себептерді зерттеуді қояды.
Банкроттық макро және микроэкономикалық өлшемдерде қарастырылады,
бірінші бағыт қазіргі экономикалық теорияның, нарыктар теориясының
жағдайлары мен қортындыларына, екіншісі - банкроттықа әкелген механизмдер
мен экономикалық себептерді ашып көрсетуге, нарық теорияларына негізделген.
Егер банкроттық макроэкономикадық көзқарастан құрылымдық қайта құру
мен экономиканы реформалаудың құралы болса, микроэкономикалықтан бұл
дағдарыстың белсенді формасы. Әрине, бұл форманы түсінуде бірнеше
ерекшеліктер бар. Ең кең таралғаны болып банкроттық дағдарыстың ең шекті
көрінісі түрінде қаралатыны табылады.
Сонымен қатар кез келген шаруашылық субъект дағдарыстың әртүрлі
түрлеріне (экономикалық, қаржылық, өндірістік) ұшырауы мүмкін және
банкроттық солардың бірі болып сипатталады. Банкроттықты бұл жағдайда
қаржылық дағдарыс, яғни шаруашылық субъекттің өзінің ағымдағы
міндеттемелерін орындау қабілетсіздігін ретінде түсіну керек. Бірақта
шаруашылық процесінде кәсіпорындар одан да басқа экономикалық дағдарысқа
(компанияның материалдық ресурстары тиімсіз пайдаланылған жағдайда) және
басқару дағдарысына (еңбек ресурстарын тиімсіз пайдалану, қоршаған орта
талаптарына басқару шешімдерінің адекватты емес көзқарасы және т.б.)
ұшырауы мүмкін.
Осыдан шыға отырып банкроттық түсінігін анықтаудың экономикалық бағыты
біздің көзқарасымыз бойынша, келесідей түсініктемеден тұрады: Банкроттық -
бұл қызметтің тоқталуына әкелген өндірістік функциялар мен міндеттерді
орындау үшін ақшалай-қаржылық ресурстардың бар болуымен немесе олардың
жетіспеушілігімен, жоқтығымен байланысты тікелей кәсіпорында пайда болған
экономикалық дағдарыс.
Басқа сөзбен айтқанда экономикалық бағыт кәсіпорынның банкроттықтың
экономикалық механизмдерін қаржылық дағдарыс ретінде, құқықтық бағыт
дәрменсіздік фактісі расталғаннан кейінгі кәсіпорынды жоюдың
ұйымдастырушылық-құқықтық механизмі ретінде, яғни қаржылық банкроттық
ретінде қарастырады. Ол макроэкономикалық, микроэкономикалық және қоғамдык
аспекті бар банкроттықтың күрделі табиғатынан шығады: банкроттық экономика
көзқарасынан және банкроттық жою процесі ретінде.
Банкроттық түсінігінің сонымен қатар оның анықтамасын ерекшелейтін
екі жақты аспектісі бар. Шетелдік теорияда және тәжірибеде банкроттық
процесс ретінде қарастырылады. Бірінші жағдайда - бұл процедурасында
борышкер мүлкін жою жатқан заңды процесс. Банкроттықтың екінші анықтамасы
дәрменсіз борышкердің оның кредиторларымен қатынастарды реттеу
процедурасымен байланысты. Мұндай екіжақты бағыт банкроттық табиғатының
күрделілігімен негізделген. Жоғарыда аталған екеуінен, ең дұрысы деп екінші
анықтаманы санау керек, өйткені банкроттық процесіне тек жою процесі ғана
емес, процедуралардың кең спектрі кіреді.
ТМД елдерінде, сонымен қатар Қазақстанда банкроттық түсінігіне деген
құқықтық бағыт басым, ол экономикалық жасаулардың жоқтығымен байланысты, ал
банкроттық туралы заң банкроттық мәселелерін жүйелейтін жалғыз ғана құжат
болып шығады. Екінші жағынан банкроттық туралы түсінік экономикадағы
құқықтық қатынастарды заңды бекітудің әдісі ретінде, сәйкес экономикалық
қатынастардан ерте тариха түрде қалыптасқан. Бірақ занды процестер
экономикалық көріністердің терең мазмұнын сипаттай алмайды, құқықты формалы
макроэкономикалық қатынастарды тек бекітеді. Осылайша, кәсіпорын оның
дәрменсіздігі сотпен жарияланғаннан кейін ғана, сонымен қатар егер де ол
өзінің банкроттығы және жойылуы туралы ресми түрде жарияласа ғана банкрот
болып жарияланады.
Осылайша, біз банкроттықты анықтауға деген әртүрлі бағыттардың қарама-
қайшылығын көреміз. Көптеген сұрақтар туады, оның ең маңыздысы: банкроттың
айтылған бағыттарының қайсысы бүгінгі таңда қолдануға болатын және
банкроттық теориясында қолданылады.
Т.И.Мухамбетовтың пікіріне сәйкес олардың әрқайсысының бар болуға
құқығы бар және олардың әркайсысы банкроттыққа дееген қатынастар жағын
қарастырады. Егер де экономикалық бағыт банкроттыққа әкелген себептерге,
банкроттықтың экономикалық табиғатына негізделсе сонымен қатар кәсіпорынның
дағдарыстан шығу мәселелері қарастырса, құқықтық бағыт банкроттықты заңды
реттеуге негізделген.
Тек көріністің ішкі жағдайын көру, ондағы тұрақты байланыстарды, мәнді
ерекшеліктерді анықтау белгілі сипаттамасы туралы жалпы сипат береді.
Банкроттықтың мазмұнын сипаттайтын экономикалық негізін елемеу күрделі
теріс салдарға әкелуі мүмкін. Шаруашылық өмірдің императивтері банкроттық
категориясында ең алдымен критериалды белгілерді бөлуді талап етеді.
Банкроттық - бұл нарықтық экономикадағы экономикалық объективті
көрініс. Ол сәйкесінше кәсіпкерліктің шекті нэтижелеріне жетуінің
белгісіздігімен, сәйкесінше жоғалту тәуекелімен байланысқан нарықтық
қатынастардың мәнімен анықталған. Нарық тәукелсіз мүмкін емес, және де
Тәуекел нарық үшін оның шаруашылық субъектілерінің ерекшелігіне байланысты
тұрақты және болмауы мүмкін емес жағдай.
Осылайша, банкроттық деп кредиторлармен борышкерлердің арасындағы
соңғылардың төлем қабілетсіздігі және құқықтық формаларға сәйкес бекітілген
өз міндеттемелері бойынша қарыздармен өз уақтылы төлемдерінің мүмкінсіздігі
себебі бойынша қатынастарды сипаттайтын экономикалық құқықтық категорияны
түсінеді. Бүгінде экономикалы-құқықтық бағыт басым болғанымен, соңғы кезде
банкроттық тәжірибесінде оның экономикалық жақтары көріне бастады.

1.2 Банкроттықтың себептері, белгілері мен болжау әдістері

Біздің мемлекетіміздің тұруы кезінде экономикаға өнеркәсіптің
құлдырауы, экономикалық дағадарыс, инвестициялардың жоқтығы, ақша-несие
қатынастарының күшейтілуі сияқгы құбылыстар тән болды, ол әлбетте
шаруашылық субъектілерінің дәрменсіздігіне әкелді.
Банкроттықтың пайда болуының негізгі себептері ретінде келесілерді
келтіруге болады:
1) шаруашылық жүргізумен байланысты объективті себептер:
- қаржылық, ақшалай, несиелік, салық жүйесінің, экономиканы
реформалаудың нормативті және заңды базасының жетілмегендігі;
- инфляцияның біршама жоғары деңгейі.
2) тікелей шаруашылық жүргізуге қатысты субъективті себептер:
- басшылардың банкроттықты көре алу және оны болашақта болжаудағы
қабілетсіздігі;
.- сұраныстың нашар зерттелуі салдарынан сату көлемдерінің төмендеуі,
өткізу торабының, жарнаманың болмауы;
- өндіріс көлемдерінің азаюы;
- өнім сапасы мен бағасының төмендігі;
- кейбір өнім түрлері багаларының аналогиялық, бірақ жоғары сапалы
импортты бағаларға жақындығы;
- өтелмеген жоғары шығындар;
- өнімнің төмен рентабельділігі;
- өндірістің өте үлкен циклы;
- көп қарыздар, өзара өтелмеген төлемдер;
- басқарудың көне мектеп менеджер-өкілдерінің нарық қалыптасуының
тұрақты нақтылығына әлсіз бейімділігі, олардың жоғары сұранысқа ие өнім
шығаруды орнатудағы ынталарын көрсете алмауы, тиімді, бағалық және
инвестициялық саясатты таңдай алмауы;
- кәсіпорын капиталы ұдайы өндірісінің экономикалық механизмінің тепе-
теңдігінің бұзылуы.
Қазіргі қазақстандық экономика жақында дамыған социализм экономикасы
деп аталды. Ол ондаған жылдар бойы қалыптасты және ңарыктық экономикаға
таныс емес бірқатар сипаттамалар қатарына ие болды.
Осылайша кәсіпорын табыстары кәсіпорындармен өнімді тиеу кезінде
алынатын. Халық шаруашылығын басқарудың жоғарғы деңгейлерінде бұл табыстар
жинақталып, үлестірілді. Жартылай олар кәсіпорындарға қайтарылды, бірақ
табылған емес, алынған ретінде.
Кәсіпорындар орталықтандырылған түрде капиталды салымдарды, жалықы
қорын алды, осылайша іс-сапар шыгындарына дейін, яғни нақты түрде олар
шығындардың тұрақты жүйесі жағдайына қойылды, ол ешқашанда кәсіпорынның
нақты пайдалылығымен байланыстырылмады.
• Осы ерекше сипаттамалардың жиынтығы көптеген қазақстандық
компаниялардың экономиканы реформалау жағдайларында банкроттық пен
дағдарысқа бейімділігін аныктады.
Қазақстанда жұмыс істеп тұрған кәсіпорынның банкроттыққа айналу
үрдісін келесі түрде көрсетуге болады: (1 -сурет)

дағдарыс

1 сурет- Кәсіпорын дәрменсіздігінің даму үрдісі

Бірінші саты - бұл Кәсіпорын дағдарысының алғышарттары ол үшін ең
алдымен кәсіпорын алдына қойылған және қалыптасқан ағымдағы міндеттердің
үштен бір бөлігінің орындалуы немесе мүлдем орындалмауы, кәсіпорын дамуының
мақсатты орнатулары мен оған жету жолдары арасындағы жанжалдың тереңдеуі
тән. Бірақ бұл сатының басталуы өте күрделі, өйткені қойылған
міндеттемелерді жартылай орындамауды өзгертілген объекивті факторлар
есебіне жатқызуға болады, ал кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің
көрсеткіштері өзгеріссіз қалуы мүмкін.
Екінші саты - бұл Кәсіпорын дағдарыстарының дамуы сатысы. Ол
талданатын кәсіпорынның қаржылық-шаруышылық қызмет көрсеткіштерінің
нашарлауымен сипатталады, ол өтімдлік дағдарысына алып келеді. Кәсіпорын
дағдарысының бірінші сатысының аяқталуын және екіншісінің басталуын
кәсіпорын іскерлік белсенділігінің негізгі көрсеткіштерінің тез ауытқуы
бойынша, кәсіпорынның құнды қағаздар нарығындағы жағдайы бойынша
салыстармалы жеңіл сәйкестендіруге болады. Екіншінің аяқталу және үшіншінің
басталу сатысы өтімділік көрстекіштерінің нашарлауымен және төлем
қабілетсіздік жағдайының басталуымен сипатталады.
Үшінші саты - бұл Кәсіпорын дағдарысы сатысы. Бұл саты кәсіпорынның
ез міндеттемелері бойынша жауап беру қабілеттілігінің болмауымен
сипаталады. Бұл сатыда кәсіпорын дилемманың алдына қойылған: жойылу немесе
қайта құрылу.
Кез келген кәсіпкер үшін банкроттық қалаусыз екендігі бәріне белгілі.
Сондықтан кәсіпкер қауіпті сигнал болатын негізгі көрсеткіштерді білуі
қажет. Тәжірибе көрсеткендей, мұндай көрсеткіштерге мыналар жатады:
- өндірістік қызметтегі көп уақытқа созылған үзілістер (тоқтап
қалулар);
- меншікті қаражаттардың тұрақты жетіспеушілігі және өткізілген
міндеттемелерді өтей алу қабілетсіздігі;
- кредиторлық борыштың тез көбеюі;
- дұрыс қызметті ұстау үшін біршама қысқа мерзімді қарыз қаражаттарын
тартудың өспелі қажеттілігі;
- өтіп кеткен дебиторлық борыштың жоғары үлес саламағы;
- қалып қойған тауарларға және өтімді емес өндірістік запастарға
қоймаларды толтыру;
- несие қабілеттілігінің төмен индексі;
- тиімді іскер серіктестерді немесе өндірілетін өнім тапсырушыларды
жоғалту;
- кәсіпорын акцияларының нарықтық құнының төмендеуі;
- әртүрлі себептермен жетекші және ең тәжірибелі мамандардың және т.б.
кәсіпорыннан кетуі;
Келе жатқан банкроттықтың бірінші сигналдары ретінде қаржылық
қызметтердің жұмыстары туралы көрсететін қаржылық есеп берудің басталуын,
сонымен қатар баланс құрылымындағы және табыстар мен шығыстар туралы есеп
берудегі тез өзгерістерді көруге болады.
Баланстың қанағаттаңдырылмайтын құрылымы - бұл борышқор мүлкінің
жеткіліксіз өтімділік дәрежесімен байланысты кредиторлар алдында мүлік
есебінен міндеттемелер өз уақытында орындалмауы қамтамасыз етілмеуі мүмкін
болатын борышқор міндеттемелері мен мүлкінің жағдайы.
Ұйым банкроттығының ықтималдылығын бағалау үшін аудиттеу тәжірибесі
бойынша комитетпен (Ұлыбритания) ұсынылған дағдарыс көрстекіштерінің
тізімін құрайтын формальданған емес критерийлер жүйесін пайдалануға болады.
Бұл көрсеткіштерді екі топқа бөлуге болады.
Бірінші топқа қолайсыз ағымдағы жағдайлары немесе қалыптасқан
өзгерістер динамикасы болашақта мағыналы қаржылық қиыншылықтар туралы,
сонымен қатар банкроттық туралы көрсететін критерийлер мен көрсеткіштерді
жатқызуға болады. Оларға мыналар жатады:
- негізігі өндірісті қызметегі қайталанатын мәнді жоғалтулар;
- ұзақ мерзімді салымдарды қаржыландыру ретінде қысқа мерзімді қарыз
қаражаттарын шамадан тыс көп қолдану;
- өткізілген кредиторлық борыштың бірнеше дағдарыс деңгейінің артуы;
- өтімділік коэффицентерінің тұрақты төмен мәні;
- айналым қаражаттарының дағдарыстық жетіспеушілігі;
- қаражаттар көздерінің жалпы сомасында қарыз қаражаттарының қауіптіге
дейін тұрақты көбейетін үлесі;
- дұрыс емес қайта инвестициялық саясат;
- инвесторлар, кредиторлар және акционерлер алдында міндеттемелерді
ұзақ уақыт бойы орындамау (дивидендтерді, проценттерді төлеумен, қарызды
уақытында қайтару қатысында);
- өтіп кеткен дебиторлық борыштың жоғары үлес салмағы;
- нормадан артық жатқан тауарлар мен өндірістік запастардың болуы;
- банк жүйесі мекемелері мен катынастардың нашарлауы;
- қатысты тиімсіз шарттарда қаржылық ресурстардың жаңа көздерін
пайдалану (мәжбүрлі);
- өндірістік үрдісте іске қосу мерзімі өтіп кеткен құрал-жабдықты
пайдалану;
- ұзақ мерзімді келісімдердің потенциалды жоғалтулары;
- тапсырыстар портфеліндегі қолайсыз өзгерістер.
Екінші топқа қолайсыз жағдайлары ағымдағы қаржылық жағдайды дағдарысты
деп қарауға себеп болмайтын критерийлер мен көрсеткіштер жатқызылады,
сонымен қатар олар белгілі бар жағдайларда, шарттарда немесе қажет іс-
әркеттерді жасамағанда жағдай нашарлауы мүмкін екендігін көрстетеді.
Оларға мыналар жатады:
- басқару аппаратының негізгі қызметкерлерін жоғалту;
- мәжбүрлі тоқтап қалулар, сонымен қатар өндірістік-техникалық
үрдістің ырғақтылығындағы бұзушылықтар;
- шаруашылық субъект қызметінің қаржылық нәтижелерінің қандай да бір
нақты жобадан, құрал-жабдық типінен, активтер түрінен және т.б. тым
тәуелділігі;
- жаңа жобаның мүмкін болатын және болжанатын табыстылығы мен
пайдалылығына тым артық ставка;
- күтілмеген жағдаймен аяқталатын сот істеріне ұйымның қатысуы;
- басты контрагенттерді жоғалту;
- шаруашылық субъектінің тұрақты техникалық және технологиялық
жаңартуды бағаламау;
- тиімсіз ұзақ мерзімді келісімдер,
- жалпы шаруашылық субъектімен жалпы немесе оның бөлімшелерімен
байланысты саяси тәуекел;
Бұл ұсыныстардың жақсы жақтарына мүмкін болатын банкроттық
көзқарасынан шаруашылық субъектінің қаржылық жағдайын түсінуге деген
жүйелілікті, кешенді бағытты, кез келген саланың кез келген кәсіпорынының
мәнді жөндеулерсіз қолдануын жатқызуға болады.
Бұл ұсыныстарды пайдаланудағы қиыншылықтар мынада: бір критериялық
жағдайға қарағанда көп критерийлі міндеттер жағдайында шешімдер қабылдау
күрделілігінің жоғары дәрежелілігі.
Бұл критерийлардың критикалық мәндері салалар мен қосалқы салалар
бойынша детальдану керек, ал олардың өңделуі тек белгілі статистикалык
берілгендерді жинақталғаннан кейін орындалуы мүмкін.
Отандық тәжірибеде қолданылатын, ұйымның мүмкін болатын банкроттығының
көзқарасынан қаржылық жағдайды болжау әдістері болып 1995 ж. 12 шілдеде
Қазақстан Республикасы Министрлігімен бекітілген кәсіпорынның баланс
құрылымын бағалау туралы Ережесінде келтірілген критерийлер жүйесі
табылады. Бұл нормативтік құжатқа сәйкес баланс құрылымының қанағаттанарлық
талдауы мен бағалауы келесі көрсеткіштер негізінде жүзеге асырылады:
- ағымдағы өтімділік коэффиценті;
- меншікті қаражаттармен қамсыздандыру коэффиценті.
Ұйымның қаржылық жағдайын талдауды өткізудің мақсаты болып баланс
құрылымын қанағаттанарсыз деп, ал ұйымды - төлеуге қабілетсіз деп тану
туралы шешімді негіздеу табылады.
Ұйымның балансын қанағаттанарсыз, ал субъектті - төлеуге қабілетсіз
деп тану үшін келесідей жағдайлардың бірі жасалуы керек:
- есепті кезең аяғына ағымдағы өтімділік коэффиценті мәні 2,0 -ден
төмен;
- есепті жылдың аяғына меншік қаражаттарымен қамсыздандыру деңгейі
мәні 0,1 -ден төмен.
Ағымдағы өтімділік коэффиценті жылдың аяғына (К), нормативтік
мэні 2-ден темен болмауы керек, ағымдағы активтердің (Аа) ағымдағы
міндеттемелерге (Ам) қатынасы ретінде анықталады:
К = АаАм 2 (1)
Меншік қаражаттарымен қамтамасыз етілу коэффиценті (К) есепті
жылдың аяғында нормативті мәні 0,1-ден темен болмауы керек мына формуламен
есептеледі:
К = Ма.к. Аа 0,1 (2)
мұндағы: Ма.к. - меншікті айналым капиталы;
Аа - ағымдағы активтер. Баланстың қанағаттанарлықсыз құрылымында
ұйымның өз төлемқабілеттілігін қайта қалпына келтіру үшін төлем
қабілеттілікті қайта орнату коэффиценті 6 ай мерзімге келесі түрде
есептеледі:
Кқк. = К+ Пу По х (К - К) К (3)
мұндағы: Кжәне К- есепті кезеңнің соңына және басына
ағымдағы өтімділік коэффицент мәнінің нақты мәні;
Пу - айлардағы төлемқабілеттілікті қалпына келтірудің орнатылган
кезеңі;
По - есепті кезең.
К= 2
6 айға тең кезге есептелген мәні 1-ден үлкен төлемқабілеттілікті
қалпына келтіру коэффиценті кәсіпорынның өз төлемқабілеттілігін қалпыну
келтіру нақты мүмкіндігінің бары екендігін көрстетеді. Алты айға есептелген
мэні 1-ден кіші болатын төлемқабілеттілікті қалпына келтіру коэффиценті
кәсіпорында жақын кезде өз төлемкабілеттілігінің жоқтығын көрсетеді.
Баланстың қанағаттанарлық құрылымында (Ка.ө 2 және К 0,1)
қаржылық жағдайдың тұрақтылығын тексеру үшін 3 ай мерзімге
төлемқабілеттілікті жою коэффиценті келесідей есептеледі:
Кж = К + Пу По х (К - К) 2 (4)
мұндағы: Пу - айлардағы көрстетілген төлемқабілеттілігін жоюдың
орнатылған кезеңі.
- Егер 3 айға есептелген төлемқабілеттілігін жою коэффиценті 1-ден көп
болса, талданатын кәсіпорынның өз төлемқабілеттілігін жоғалтпауға нақты
мүмкіндігі бар. Егер 3 айға есептелген төлемқабілеттілікті жою коэффиценті
1-ден аз болса, онда талданатын кәсіпорынның өз төлемқабілеттілігін жою
мүмкіндігі бар.
Көптеген отандық ұйымдар банкроттық белгілеріне ұшырайды. Бұл көптеген
ұйымдар ішінен банкроттық үрдісі қаупі төнетіндерді бөліп
көрсетпегендіктен, бұл критерийлер жұмыс істемейтіндігін білдіреді.
Әлемдік тәжірибеде ұйымның қаржылық тұрақтылығын болжау үшін, оның
қаржылық стартегиясын таңдау үшін, сонымен қатар тәуекелді анықтау және
банкроттылықты алдын-ала айту үшін экономиклық-математикалық модельдер
қолданылады.
Банкроттылық ықтималдылығын бағалаудың ең кеп қолданылатын әдістері
болып белгілі американ экономисті Э.Альтман ұсынған Z модельдер табылады.
Бұл модельдердің ең қарапайымы болып екі факторлы табылады. Ол
Э.Альтманның ойынша банкроттық ықтималдылығы байланысты екі негізгі
көрсеткішке негізделеді: субъект активтердің өтімділігін сипаттайтын жалпы
жабу коэффиценті (К) немесе ағымдағы өтімділік коэффиценті (К)
және қаржылық тұрақтылықты сипаттайтын қаржылық тәуекелділік коэффиценті.
Бұл көрсеткіштер коэффиценттердің үлестік мәніне көбейтіледі, сосын
нәтижелері қандай да бір тұрақты шамаға жинақталады.
Американдық тәжірибеде коэффиценттедің мынадай үлестік мәндері
анықталып пайдаланылады:
- ағымдығы өтімділік (Ктл) немесе жабу (Кп) коэффиценттері үшін (Кп)-(-
1,0736),
- баланс пассивындағы қарыз қаражаттарының үлестік салмақ
көрсетекіштеір ( К3) үшін (К3) - (+ 0,0579);
- тұрақты шама-(-0,3877).
мұндағы Z есептеу формуласы келесі түрде болады:
Z = -0,3877 + Ка.ө. х (-1,0736) + Кт х 0,0579 (5)
Ка.ө. = ағымдағы активтер ағымдағы міндеттемелер
Кт = қарыз қаражаттары (міндеттемелер) қарыз көздерінің жалпы шамасы
(жинақталған капитал)
Z = 0 болатын кәсіпорындарда банкроттылық ықтималдылығы 50%-ке тең.
Егер Z 0 болса, банкроттылық ықтималдылығы 50%-тен төмен және ол Z
азайған сайын төмендейді. Егер Z 0 болса, онда банкроттық ықтималдылығы
50%-тен жоғары, және ол Z өскен сайын өседі.
Ұйымдардың банкроттык ықтималдылығын болжау үшін нарықтық экономикасы
бар дамыған елдерде Э.Альтманның көп факторлы модельдері кең қолданылады,
олар ұйым балансы, табыстармен шығыстар есебі, сонымен қарапайым
артықшылығы бар акциялардың нарықтық құны негізінде есептеледі. 1968 ж.
Онымен болжаудың бес факторлы моделі ұсынылды. Банкроттыққа ұшыраған
американ фирмаларының қаржылық жағдайын зерттеу сол саладағы және тура
сондай масштабты дамушы кәсіпорындардың көрсеткіштерімен сәйкестіргенде ол
оған банкроттық ықтималдылығы тәуелді бес негізгі құраушы факторларды
аныктауға және олардың үлестік коэффиценттерін анықтауға мүмкіндік берді.
Жалпы түрде Э.Альтманның моделі былай көрсетіледі:
Z = 1.2хК1 + 1,4хК2 + 3,3хК3 + 0,6хК4 + 1,0хК5 (6)
мұндағы К1 және К5 көрсеткіштері келесідей есептеледі:
К1 = меншікті айналым қаражаттары барлық активтер
К2 = бөлінбеген табыс барлық активтер
К3 = проценттер мен салықты төлегенге дейінгі пайда барлық активтер
К4 - меншік капиталы қарыз капиталы
К5 = өткізуден түскен табыс барлық активтер
Zсчет = 1,80 болған немесе төмен жағдайдағы ықтималдылық немесе - өте
жоғары; Zсчет = 1,81 - 2,7 жоғары, Zсчет = 2,8 - 2,9 мүмкін, Zсчет = - 3,0
және жоғары - ықтималдылығы аз.
Басқа да осындай критерийлер белгілі, әсіресе британ ғалымдары Тафлер
және Тишоу 1977ж. төрт факторлы болжау моделін ұсынды.Осы жылы Э.Альтман 5
жыл бойы 70%-ты дәлдікке дейін банкроттық ықтималдығын бақылауға мүмкіндік
беретін жеті факторлы модельді ұсынды. Бұл модельге келесі көрсеткіштер
кіреді: 1) активтер рентабельділігі; 2) пайда динамикасы; 3) несие бойынша
кредиттерді жабу коэффиценті; 4) кумулятивті пайда; 5) ағымдағы өтімділік
коэффиценті. 6) автономия коэффиценті. 7) жинақталған активтер.
Кәсіпорынның банкроттығын болжаудың шетелдік модельдерін қолдану
байқаушылықты талап етеді, өйткені олар бизнес ерекшелігін (мысалы әртүрлі
салалардағы капитал құрылымын) және елдегі экономикалық жағдайды
ескермейді. Оларды пайдалану қазақстандық экономикадағы тұрған пропорциялар
есебінен алдын-ала сипатта болады.
Қазақстандық заңнамаларда баланс құрылымын бағалаудың нормативтік мән
көрсеткіштері салалық спецификаны, талданатын кәсіпорынның өндіріс типін
ескермейді. Бұл екі факторлар айналым қаражаттарының құрылымын, олардың
айналымдылығын анықтайды, және өз кезегінде меншікті айналым қаражаттармен
қамсыздандырылуын және ағымдағы өтімділік көрсеткіштерінің мәнін орнату
керек. Бұны қалдырып кету кәсіпорын төлемқабілеттілігін бағалауда
қателіктерге әкеледі.
Бакроттық ықтималдылығын талдауда тағы бір жағдай бар. Кез келген
кәсіпорын уникалды. Ол ықтималдылығы төмен жағдайда да банкроттыққа ұшырауы
мүмкін, және керісінше ешқандай мүмкіндігі болмаса да жағдайдан шығуы
мүмкін. Бұл жерде кәсіпорын қызметіндегі басқару шешімдерін қабылдаудағы
субъективизмнің ролі үлкен.

1.3. Кәсіпорынның қаржылық және экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етудің
мүмкіндігі және объективті қажеттілігі

Кәсіпорынның қойылған максатқа жетуі оның өндірістік жүйесінің барлық
элементтері жұмыс істеген кезде, өзара реттеліп балансталған жағдайда ғана
мүмкін болады. Нарықты жағдайда кәсіпорын өзінің ішкі және сыртқы ортасымен
спецификалық ерекшеліктермен байланысқан, күрделі, ашық өндірістік-
экономикалық жүйені сипаттайды. Кәсіпорының ішкі ортасы өндірістің
келесідей төрт элементінің үнемді және жұмысқа қабілетті сәйкестігін
қамтамасыз ететін жағдайлық факторлармен ұйымдастырушы құрылымды
сипаттайды: таза еңбек, еңбек құралдары, еңбек заттары және олардың
жағдайын сипаттайтын ақпарат.
Кәсіпорынның сыртқы ортасы - бұл кәсіпорынның нәтижелілігіне әсер
ететін кәсіпорынға қатысты айнымалылар.
Сыртқы орта факторлардың өзара байланыстылығымен, күрделілігімен,
қимылымен, белгісіздігімен, сонымен қатар ішкі ортаға тікелей және жанама
іс-әрекетімен сипатталады. Сыртқы құрылымның сипатты ерекшелігі болып оның
тұрақсыздығы табылады, өйткені оның кез-келген өзгерісі кәсіпорынның ішкі
ортасына әсер етіп, жағдайының өзгеруін талап етеді. Сыртқы орта жағдайының
өзгерісі кәсіпорынның ішкі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Компанияның қаржылық жағдайына талдау
Банкроттық туралы істер бойынша төрелік соттың актілері
«Қазақпарат» ұлттық компаниясындағы басқаруды талдау
ҚР-ның ЖЕКЕ КӘСІПКЕРЛІГІ ЖӘНЕ ҮКІМЕТ ТАРАПЫНАН ҚОЛДАУ
Тұтыну несиесінің жіктелуі ерекшелікғтері
Кәсіпорынның инвестицияны тартудың тиімділгінің теориялық негізі
Қазақстандағы тұтыну несиесінің қазіргі жағдайы және оны талдау
Кәсіпорынның қаржылық сауықтыру стратегиясын әзірлеу
Акционерлік қоғам түсінігі және экономикада алатын рөлі
Ұйымның қаржы жағдайын талдау
Пәндер