Инвестициялық жобаны бағалау әдістері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе 2
I тарау. Инвестиция түсінігі 4
1.1 Инвестициялық қызметті іске асыру принципі 4
1.2 ҚР-ғы инновациялық және инвестициялық жағдай 6
1.3 Мемлекеттік инвестициялық саясаттың өзекті мәселелері 8
II тарау. Кәсіпорынның инвестициялық саясатын талдау 10
2.1 Инвестициялық саясат - дамудың алғы шарты 10
2.2 Қоржындық инвестиция қарекеті 15
2.3 Кәсіпорындағы инвестициялаудың ішкі көздері мен әдістері 18
2.4 Инвестициялық жобаны бағалау әдістері 23
III тарау ҚР-да инвестициялық саясаттың проблемалары мен жетілдіру көздері
28
3.1 Әлеуметтік салада инвестициялық процесті реттейтін құралдар 28
3.2 Инвестицияның әлемдік экономикаға қозғалысының қазіргі кездегі
тенденциялары 29
Қорытынды 32
Қолданған әдебиеттер тізімі 33

Кіріспе

Менің курстық жұмысымның мақсаты кәсіпорынның инвестициялық
қарекетін, яғни шетелдік және отандық инвестицияларды біздің кәсіпорындарға
тарту мәселесін ашу болып табылады.
Инвестициялық қарекетті нарықтық экономикалық жағдайда табыс алу
мақсатында шаруашылық субъектілер жүргізеді. Ол екі өзара байланысты
бөліктен тұрады:
- инвестиция қарекетінің объектілері;
- инвестиция қарекетінің субъектілері.
Инвестициялық қарекетінің объектілеріне жаңа ұйымдарды құру, істегі
ұйымды кеңейту, қайта құру және қайта қаруландыру бағалы қағаздар мақсатты
ақша салымдары және т.б. жатады.
Инвестициялық қарекетін субъектілеріне инвесторлар, инвестициялық
объектіні пайдаланушылар, жұмысты орындаушылар, инвестицияның барлық түрін
жеткізушілер.
Инвестициялық қарекет және оның сферасы сұраныспен, ұсыныспен және
инвестициялық бағасымен анықталады. Инвестициялық нарықтың конъюктурасы
инвесторлар үшін өте маңызды. Әсіресе, ол дамушы елдер үшін. Өйткені жаңа
ғана тәуелсіз алған елдердің саяси, экономикалық және әлеуметтік жағдайлары
табыс көзін іздеп жүрген шетелдік инвесторларға жаңа тұтыну нарығы керек.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының экономикасы негізінен мұнай
экспорттау және инвестицияның ағылуы арқасында жоғарғы қарқынды дамып
келеді.
Кәсіпорынның инвестициялық саясаты елдің экономикалық жағдайына және
мемлекеттің қаржы саясатына да сонымен қатар, кәсіпорынның таңдап алған
экономикалық және қаржылық стратегияның белсенділігіне де тәуелді болып
келеді. Сондай-ақ, олар өзара байланысты болғандықтан кәсіпорын басшылары
инвестициялық басқаруына көп көңіл бөлу керек. Ұйымдардың, компаниялардың,
холдингтердің саланың және жалпы елдің тиімділік дәрежесі инвестицияның
дұрыс жүргізілуіне тәуелді. Сондықтан тәжірибеде инвестицияны тиімді
ұйымдастыру ең бірінші орында.
Курстық жұмысымның I тарауында кәсіпорынның инвестициялық саясатының
принциптерін, көздерін және инвестициялаудың жоспарлау әдістерін
қарастырдым.
II тарауда инвестициялық саясатқа талдау жүргізілді. Яғни, ҚР-ның
экономикасына шетелдік және отандық тікелей инвестицияны тарту жолдары
іздестірілді.
III тарауда кәсіпорынның инвестициялық саясатындағы мәселесі. Әрбір
кәсіпорында бұл мәселелерді шешу амалдары қарастырылып қойғанымен, нақты ол
жүзеге асырылмауда.

I тарау. Инвестиция түсінігі

1.1 Инвестициялық қызметті іске асыру принципі

Инвестиция түсінігінің астарында ақша қаражаттары, мақсатты
банктік салымдар, акциялар және басқа бағалы қағаздар, технологиялар,
жабдықтар, лицензиялар, сонымен қатар мүлікке немесе мүліктік құқыққа
несие, тауарлы белгілер, табыс алу мақсатында кәсіпорын объектілеріне және
қызметтің басқа түріне салынатын интеллектуалды құндылықтар жатыр.
Инвестициялық қызмет инвестициялық салымдарды және инвестицияны
өткізуден тәжірибелік қызметтің жиынтығын көрсетеді. Сонымен қатар негізгі
қорды құру және қайта өндіруді инвестициялау капиталдық салымдар формасымен
іске асады.
Өтпелі кезеңнің экономикасы меншік формасы бойынша капиталдық
салымдардың структурасын баяулап өзгеруіне әкеледі. Бірақ қазіргі жағдайда
мемлекеттік меншікте инвестицияның үлесі көп.
Инвестициялық қызметтің субъектілері болып инвесторлар, мердігерлер,
инвестистициялық қызметтің объектілерін пайдаланушылар, сонымен қатар
жабдықтаушылар, заңды тұлғалар және инвестициялық қызметтің басқа
қатысушылары табылады.
Инвестициялар меншік, қарыздық және тартылған қаржы салымдарын
инвестиция формасында іске асырады және олардың мақсатты пайдалануын
қамтамасыз етеді.
Инвестор тапсырыс беруші де бола алады, сонымен қатар инвестициялық
жобаның қатысушыларының кәсіпкерлік немесе басқа қызметіне кіріспеітін,
егерде ол келісімде көрсетілмесе, инвестиялық жобаны өткізуді іске асыратын
инвесторлармен жауапты жеке және заңды тұлғалар бола алады.
Инвестициялық қызметтің объектілерін пайдаланушылар инвесторлар да
бола алады, сонымен бірге жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттік және
муниципалдық органдар, олар үшін инвесторлық қызметтің объектілері құралған
шетел мемлекеттері және халықаралық ұйымдар бола алады[1]. Егер инвесторлық
қызметтің объектісін пайдаланушы инвестор болмаса, онда инвестор мен оның
арасында қатынас инвестициялау туралы келісім шартпен анықталады.
Инвестициялық қызметін субъектілері екі немесе бірнеше қатысушылардың
функцияларын біріктіруге хұқы бар.
Инвестициялық қызметтің объектілері болып мыналар табылады:
- қайтадан құрылатын және модернизацияланған негізгі қорлар және халық
шаруашылығының барлық саласындағы айналым қаражаттары;
- бағалы қағаздар (акция, облигация т.б);
- мақсатты ақша салымдары;
- ғылыми-техникалық өнім және басқа меншік объектілері;
- мүліктік құқық және интелектуалдық меншікке құқық.
Егер заңға қайшы келмесе, аналогиялық объект шетелдік инвестицияларды
да қосады.
Шетелдік инвестициялар инвестициялауды мына жолдармен іске асыру
құқығы бар:
- заңды және жеке тұлғалармен бірігіп құрған кәсіпорындарда үлестік қатысу;
- толығымен шетелдік инвесторлардікі болып табылатын кәсіпорын құру және де
шетелдік тұлғалардың филиалдары;
- ғимараттарды, кәсіпорындарды, пайларды, кәсіпорынға қатысты үлестік
қатысуларды, акцияларды және басқа бағалы қағаздарды сатып алу;
- жерді пайдалану құқығын және басқа табиғи ресурстарды алу;
- займдерді, несиелерді, мүлікті және басқа да мүліктік құқықтарды беру.
Инвестициялық қызметтің субъектілері инвестицияның тәжірибелік
өткізуін іске асыратын инвестициялық салада қызмет етеді. Инвестициялық
саланың құрамына кіретіндер:
- инвестиция салалардың айналым және негізгі өндірістік қорларына салынатын
капиталдың құрылыс саласы;
- ғылыми-техникалық өнім және интеллектуалдық потенциал іске асырылатын
инновациялық сала;
- қаржы капиталының айналым саласы.
Барлық инвесторлардың инвестициялық қызметін іске асыру құқығы
бірдей. Инвестор көлемді, бағытты және инвестициялық нәтижелікті өзі
анықтайды[2].
Сәйкесінше, жұмысты орындайтын инвестициялық қызметтің
қатысушыларында осындай қызметті іске асыру құқы бар сертификат және
лицензия болу керек.
Инвестициялық қызметтің субъектілерінің өндірістік-шаруашылық және
басқа арақатынастарын бағыттайтын негізгі құқықтық құжат олардың арасындағы
келісім шарт болып табылады.

1.2 ҚР-ғы инновациялық және инвестициялық жағдай

ҚР экономикасында негізгі рольді шикізатты экспорттау болып табылады.
Оған дәлел қолда бар техникалық және өндірістік потенциалды пайдалану
нәтижесіздігі. Экономиканы дамыту үшін ірі инвестициялар тартылады. Сонымен
қатар, барлық инвестиция көлемінің 60% мұнай және газ саласында іске
асырылады. Электротехникаға, қара металлургияға және тамақ өнеркәсібіне
инвестиция шамамен 8%-дан тұрады. Негізгі капиталға инвестицияның
рационалды емес бөлінуі мынамен түсіндіріледі, біріншіден, шикізат саласына
инвестиция тез қайтарылады, екіншіден, шетел инвесторлары өндірістік
өнімнің әлемдік нарығында қазақстандық тауар өндірушілерді бәсекелеске
айналдырғылары келмейді.
Әлемнің көптеген елдерінде қиындығымен және жүйелігімен сипатталатын
“иновациондық” және “инвестициялық климат” деген түсінік бар.
Макродеңгейде ол өзіне саясаттық және экономикалық жағдай деген, сонымен
қатар, әлеуметтік климат деген факторларды қосады.
Инновациялық қарекет инвестицияны тартусыз болмайды. Инвестициянық
келуі ғылыми-техникалық, өндірістік, бақылаулық және қаржылық шараларды
қоса алатын мемлекеттік реттеудің сәйкесінше жүйесін қажет етумен
шарттайды.
Инновациялық қарекетті нәтижелі мемлекеттік реттеу үшін бірнеше
мәселелерді шешу қажет:
- инновация мен инвестицияның бағытын анықтау;
- инновациялық қарекетті дамыту үшін институционалды-құқықтық және
экономикалық ортаны құру;
- ғылыми-техникалық инфраструктураны дамыту;
- Қазақстанның транзиттік экономика жағдайына сәйкес инновациялық қарекетті
қаржыландыру механизмін құру.
Инновациялық және инвестициялық қарекеттің интеграциясы мемлекеттік
және шетел инвесторлардың мүмкіншіліктерін, сонымен қатар, отандық
банктерді, инвестициялық және зейнет ақы қорларын, бағалы қағаздар нарығы
құралдарын, халықтың ақша жинақтарын және кәсіпорындардың бос қаражаттарын
нақты сәйкестілік кезінде табысты болады.

Қызмет көрсету Қазақстан экономикасына инвестицияны тарту әдісі сияқты
Өндеу және қайта өңдеу салалардың дамуында арта қалған Қазақстан үшін
қызмет көрсету тек қана экономиканы қалпына келтіру негізі ғана емес,
сонымен қатар, тура шетел инвестицияларын тарту сферасы да бола алады.
Жеңілдік салық түрімен және оларды ұйымдастырудағы преференциямен
оның төмен сапасы үшін айыппен немесе басқа да бұзушылыкпен сипатталатын
қызмет саласына елде қатынас Қазақстан үшін жалпы экономикалық дамудың
көздері бола алады, өйткені халықтың жұмысбастылық деңгейін көтеруге, оның
тұрмыс жағдайын жоғарлатуға ықпалын тигізеді.
Қазақстанда қызмет көрсетудің жеке түрлерінің дамуын 2000 ж. құрылым
бойынша анықтауға болады. Олардың жалпы көлемінен жылжымайтын мүлікпен
байланысты қызмет көрсетудің үлесі 7,1% құрайды, жабдықтар мен машиналарды
арендалау бойынша 0,9%, компьютерлік қызмет - 1,8%, зерттеу саласындағы
қызмет көрсету 2,7%, коммерциялық қызмет 34,7%, мемлекеттік басқару
саласындағы қызмет бойынша 9,7%, демалысты ұйымдастыру қызметі бойынша
9,0%, басқалар 0,4%.
Қазіргі кезде ҚР қызмет көрсету саласы өзінің осындай өкілеттілігін
толық көлемде орындамайды. Көбінесе осындай жағдай кейбір салаларды
инвестициялайтын қажетті табыс саны жиналмауымен байланысты, ал салық
заңдылықтары өндірісті ынталандырмайды[3].
Осылай Қазақстанда қызмет көрсету саласын дамытуды күшейту қажетті,
инвестициялық саясат қажеттілігін жасап шетелден инвестицияның келу
салдарына және мүмкіншілігін талдауға жүгіну керек.

1.3 Мемлекеттік инвестициялық саясаттың өзекті мәселелері

Инвестициялық саясат экономикалық және техникалық өндірістік даму
деңгейіне қатты тәуелділікте болады. Инвестицияның мақсатты параметрлерінің
даму бағытын жаңа өндірісті ұйымдастыруға, техникалық қайта қарулануға және
қолда барды реконструкциялауға қолдануға болады. Нарықтық экономикаға көшу
жағдайында инвестицияны халықтық тұтынудағы тауарды өндеуге, машина жасауды
қайта іске қосуды және отандық өндірісті ынталандыруға мақсатты бағыттау
керек. Қазіргі кезде отандық өндіріс елдің тауарға деген сұранысының 40-50
% ғана қанағаттандыра алады. Дәл қазіргі уақытта инвестицияны өндірістік
сфераны дамытуға мақсатты ынталандыру керек, сонда ғана айналым сферасында
инвестицияны импорттық тауарды сату-сатып алу мақсатында пайдалану азаяды.
Жыл сайын республикаға шетел мемлекеттерінен 1,3 – 2 млрд. АҚШ
долларын займ және несие түрінде алып тұрады. Осындай соманың үстіне
процент қосып қайтарып беру біздің еліміз үшін ауыр екенің есте сақтауымыз
керек. Сондықтан, шетел капиталын тартудағы бұрын орын алған кемшіліктер
ескеріліп, енді әрі жібермеу қажет. Болашақта инвестициялық саясатта
өндіріс сферасын дамытуға отандық инвестицияны ынталандыруына көп көңіл
бөлуі үшін қор нарығын активизациялау керек. Айналым сферасынан
инвестициялар өндірістік сферасына ауысуы қажет, бұл жаңа жұмыс орындарын
ашады және жұмыссыздық санын азайтады[4].
Тартылған шетел инвестициясына үлкен процент төлейтіндіктен, оны
рационалды пайдалану жолдар іздеу керек. Сондықтан инвестиция көзінің
альтернативін іздеуді талап етеді. Бұл ішкі ресурстар.
Мемлекеттік реттеудің сенімді экономикалық құралы болып, салық
табылады. Инвестицияны өндірістік сферасына жұмсайтын кәсіпкерлерге деген
салық сауда орындарына жұмсайтын кәсіпкерлерге салатын салықтан әлде қайда
төмен болу керек. Отандық инвесторларға деген талап шетелдіктермен
салыстырғанда қатты болмау керек. Сонда ғана отандық өндірісті жандандыруға
болады.
Инвестицияның көлемі қосымша көздердің құрылуына да байланысты.
Солардың ішіндегі инвестиция көзінің елеулісі және ел бюджетінің табыс
жағын көбейтуінде үлкен орын алатыны шетелдік компаниялардың басқарылуы
беріліп қойылған кәсіпорыннан түсетін табыс болып табылады. Өкінішке орай,
мұндай кәсіпорындар табысты тығып қалу жағдайлар кездесіп жатыр.
Классикалық мысал ретінде мұнай өндіру мен металлургия кәсіпорындары
жатады. Мұнай бағасының өскенімен бюджетке түсетін табыс мөлшері ұлғаймай
тұр. Қаржы Министрлігінен және салық полициясынан қатан бақылау орнату
қажет.

II тарау. Кәсіпорынның инвестициялық саясатын талдау

2.1 Инвестициялық саясат - дамудың алғы шарты

Әрбір кәсіпорын өзінің инвестициялық саясатын жүргізу керек, ол үшін
оның тактикасы болу керек. Біз оны стратегиялық инвестициялық саясат
дейміз.
Инвестициялық саясат дегеніміз – инвестицияның жиынтық көрсеткішін
іске асыру және сол іске асырудың механизмі.
Пайда алу мақсатында көлемді құрылымды белгілейтін шаруашылық
шешімдердің жүйесі және инвестицияны шаруашылық объект бағытында
(кәсіпорын, фирма, компания) жүргізетін негіз – кәсіпорынның инвестициялық
саясатын құрайды. Осының арқасында көптеген мәселелер шешіледі. Мысалы:
өндірістің құрылымын жетілдіру, даму қарқын жылдамдату және т.б. Ерекше
орын алатын – жұмысшылардың кәсіби деңгейін, білімдерін және тәжірибесін
жоғарлату.
Басқарудың экономикалық әдісін кең қолдану жағдайында кредиттік
жағдайды кешіру және нарықтық қатынастарға өтуде перспективаға
инвестициялық саясаттың ғылыми дәлелдігін қамтамасыз ету керек, жаңа
шаруашылық механизммен инвестицияны болжау мен жоспарлау тәжірибесін
байланыстыру және салымдардың рационалды пайдасын қамтамасыз ету, елдің
әлеуметтік – экономикалық дамуының негізгі бағдарламасының бірі сияқты оның
нәтижелігін жоғарылату болып табылады.
Кәсіпорында инвестицияны тиімді пайдалану үшін мынадай шараларды
қолдану керек:
- экономикалық, ғылыми техникалық, әлеуметтік жетістіктерге жетудің
жолдарын табу;
- пайданы көздеу;
- жалпы шығындарды азайту;
- мемлекеттен келген, бюджеттен келген қаржыны, кредиттік қаржыны,
гранттан келген қаржыны дұрыс пайдалану;
- дүние жүзілік мүмкіндіктерді пайдалану, жеңілдетілген гранттар алу;
- инвестициялық тәуекелділік;
- инвестицияның өтімділігі.
Қазіргі кездегі инвестициялық саясаттың ерекшелігі техникалық
қаруландыруға салымдар және өндірістік кәсіпорынды қайта жөндеу,
инвестицияны базалық машина жасау саласына, ауыл шаруашылық саласына
жіберу, ресурс алатын, өндірістің және пайдалану саласына бағыттау.
Кәсіпорында инвестициялық саясатты жүргізген кезде мыналарды ескеру
керек:
- өндіріс орынның қаржылық ахуалы;
- өндірістің техникалық дәрежесі;
- бітпеген құрылыс;
- лизинг арқылы құрал-жабдықтарды алу мүмкіншілігі;
- меншікті қаржының жеткіліктілігі;
- капитал нарығының конъюктурасы;
- мемлекеттен келетін жеңілдіктер;
- инвестициялық бағдарламаның коммерциялық және бюджеттік тиімділігі;
- сақтандыру қызметі;
- салық;
- маркетингтік зерттеу;
- өнімнің сату бағасы;
- өнімді сатудағы географиялық шекараның жағдайы;
- жалпы өнімнің мөлшері;
- инвестициялық саясат жүргізетін уақытта тұтынушылардың сұранысының
динамикасы;
- нарықтағы бәсекелестік дәрежесі;
- техникалық мүмкіншілігі және дамыту мүмкіншілігі.
Инвестициялық жобалау дегеніміз техника – экономикалық негізі бар
(сызулар, түсіндірмелі хаттар, инвестициялық жобаның бизнес-жоспары және
жобаны жүзеге асыру үшін қажетті басқа материалдар.Оның ажырамас бөлігі
болып инвстициялық жобаның құнның анықтайтын смета табылады.
Жоба – бұл техникалық материалдар (сызба, есептер, жаңа құрылған
ғимараттардың макеті, құрылыстар т.б) белгілі бір құжаттардың алдын-ала
тексті.
Ең алдымен өндірістік бағытта инвестициялық жобаны өндеу ұзақ мерзім
уақыт бойы жүзеге асады - идеядан бастап материалдық деңгейге дейін.
Инвестициялық жобаны нарықтық көрсеткіштердің көмегімен тиімді
бағалау үшін жұмыстын басталуы мен аяқталуын нақты білу керек. Зерттеуші,
ғалым үшін жобаның басталуы идеяның туындауы болса, бизнесмендер үшін -
алғашқы ақша қаражатты жобаны жүзеге асыру үшін салу болып табылады.
Жобаны қаржыландыратын инвесторларды процестің жасалуы емес, оны
өткізуден алатын пайда қызықтырады. Ал жобаны жүзеге асыратын мекемелер
үшін – жұмыстың аяқталуы. Кейбір жобалар үшін жұмыстың аяқталуы –
қаржыландырудың тоқтатылуынан, объектіні пайдалануға шығару, жобалық
қуаттылықты толығымен игеру болады.
Жобамен жұмыс істеу мезгілінің басталуы мен аяқталуы құжатты түрде
негізделу керек.
Жобаның басталу кезінен өтімділік кезеңге дейінгі уақыт аралығы
инвестициялық цикл деп аталады.
Инвестициялық циклды 3 топқа бөлуге болады. Оның әрқайсысының өз
мақсаттары мен міндеттері бар:
- инвестицияға дейінгі - бастапқы зерттеулерден инвестициялық жобаны
қабылдау шешіміне дейін, яғни соңғы зерттеулерге дейін
- инвестиция кезеңі - келісім шарт жасау кезеңі
- өндірістік кәсіпорынның немесе объектінің шаруашылық қарекет ету
кезеңі.
Инвестициялауға дейінгі және инвестициялау кезіндегі этаптар
инвестициялық жобалау облысына кіреді. Ал өндірістік кезең арнайы жүргізуші
пәндер (өндірістік мекеме және еңбек күші, болжау, қаржыландыру, анализ т.б
) облысына кіреді.
Инвестицияға дейінгі кезде болашақ объектіні жобалау қарастырылады.
Кәсіпорын инвестиция туралы алдын-ала шешім қабылдайды, салынып жатқан
объектілерінің директорын тағайындайды. Жобаның техникалық экономикалық
бағалауын, өтімділік бағасын зерттеуді кәсіпорынның өзі жүргізеді немесе
мамандырылған мекемелердің көмегіне жүгінуге болады.
Дамыған елдерде инвестицияға дейінгі кезеңді орындау шығындары
жобаның сомасынан 1,5-5,5 % құрайды, соның ішінде: инвестициялық
мүмкіншіліктің құрылуы 0, 0,2-1%, инвестиция негізінде 0,25-1,5% шағын
жобалар үшін техника-экономикалық зерттеулер үшін 1,0-3,0 %, ірі жобаларға
0,2-1,2 %.
Жобаның алғашқы кезінде күтпеген жағдайларды ескеруге болады. Ол үшін
ең экономикалық жолдарды табу, жобаның өтімділігін бағалау, оның бизнес-
жоспарын құру. Бірақ, уақытында токтау деген принципке сүйене жүру керек,
яғни жұмыстын басында тиімсіз жобадан бас тартқан жөн.
Екінші инвестициялық кезенде жоба мыналарды енгізеді:
- жобалық кәсіпорынды таңдау;
- жобалық сызуларды және модельді объектілерді дайындау;
- жобалық және құрылыстық жұмыстын алдын – ала жоспары;
- деталдық жоспарлау және спецификация;
- құрылыстық орындардың сызбасы.
Осы кезеңде бас мердігер және субмердігер тағайындалады. Мердігерлер
мен жабдықтаушылармен есеп айырысу үшін қысқа мерзімді займдар анықталады.
Инвестициялық кезеңде орындалған көп нұсқаулы есептер нақты жобаны,
оның техникасын және жабдықтарды анықтауға мүмкіндік береді. Осы кезеңде
қабылданатын шешімдер техникалық деңгейін, құрылымын құрылыстық өндірістік
жобаны жүзеге асыру шығындары ғана емес, сонымен қатар пайдалану
шығындарына да тәуелді.
Жобалау процессін 2 кезеңге бөлуге болады:
- жоба алдындағы;
- нақты жобалау.
Нақты жобалау өзі екі кезеңді енгізеді: бастапқы және соңғы жоба. Әр
кезеңде болашақ объектінің сметасы анықталады.
Проектілеу процесінде болашақ объектінің негізгі мәселелері шешіледі.
Олар: өз белгілеуіне сәйкестілігі; прогресті пайдалану талаптары; қысқа
мерзім ішінде аз ғана еңбек күшін, материалды және ақша қаражатты
пайдалануда.
Отандық тәжірибеде кәсіпорынның жобасын жасау, өндеу кезінде мынадай
бөлімдерді өзіне енгізеді:
- түсіндірмелі хат;
- техника-экономикалық бөлім;
- бас жоспар;
- еңбек күші;
- құрылыстық бөлім;
- өндірісті басқару жүйесі;
- сметалық құжаттар.
Инвестициялық жобаның әр жұмысының кезеңінде оның құндық бағасы
анықталады. Шетелдік тәжірибеде оның кем дегенде төрт түрін есептейді және
олардын нақты деңгейі жобаны өңдеу кезінде өседі. Инвестициялық
мүмкіншілікті зертеу кезінде алдын-ала құнның бағасы есептелінеді. Оның
мөлшері 25-40% аралығында болу керек.
Инвестициялық процестің әр кезеңінде жобаның экономикалық өтімділігі,
табыстылығы анықталады. Басқа сөзбен айтқанда шығындарды алынатын
табыстылықпен салыстырғанда алатын жобалық анализ жоспарланады.
Инвестицияны өндіріс орнында басқаруды жақсарту үшін мынадай
шараларды қолдану керек:
- инвестиция қызметінің қажеттілігін табу;
- инвестициялық пайданың программасын жасау;
- осы программаның тиімділігін тексеру;
- инвестициялық жұмыстарды жақсарту;
- инвестицияны қаржылай қамтамасыз ету;
- әрбір объект үшін жоба жасау;
- мониторинг жасау;
- инвестициялық нәтиже жүргізу.
Кәсіпорында инвестициялық саясатты жүргізген кезде көптеген факторлар
маңызды роль ойнайды. Соның ішінде ерекше орын алатын – инвестицияны
мемлекеттік қолдау.
Мемлекеттік қолдау дегеніміз – инвестициялық преференциялау болып
табылады, яғни мемлекет тарапынан көрсетілетін, берілетін жеңілдіктер.
Жеңілдіктер үш түрде болып келеді:
- инвестициялық салықтық преференциялар;
- кеден баждарын салудан босату;
- мемлекеттік заттай гранттар.
Инвестициялық преференцияларды беру талаптары:
- көзделген қызметтердің басым түрлерінің тізбесіне сәйкес болу керек;
- осы заманға сай техникалар қолдана отырып жаңа өндірістер құру, жұмыс
істеп тұрған өндірістік кәсіпорындарды кеңейту.
Инвестициялық салықтық преференциялар тікелей активтерге салынатын
инветициялардың көлеміне қарай 5 жылдан аспайтын уақытта беріледі.
Преференция алу үшін келісім шарт жасау керек.
Мемлекеттік заттай гранттар ретінде мыналар болады:
- жер учаскелері;
- ғимараттар мен құрылыстар;
- есептеу техникасы;
- машиналар мен жабдықтар;
- көлік беру мүмкінділігі.
мемлекетті заттай гранттың ең жоғарғы мөлшері заңды тұлғаның тіркелген
активтерінен салатын инвестиция 30% аспау керек.

Сурет-1 – Инвестициялық саясаттың жүзеге асу кезеңдерi

2.2 Қоржындық инвестиция қарекеті

Қоржындық инвестиция дегеніміз – объектісі инвестициялық қағаздар
болып табылатын инвестиция. Бағалы қағаздардың бір текті болмауынан,
өтімділіктің, табыстылықтың және тәуекелдің деңгейінің әр түрлі болу
себебінен, кәсіпорын инвестицияны бағалы қағаздар нарығының әр түрлі
сегментінде жүзеге асырады. Кәсіпорынның инвестициялық жиынтығын бағалы
қағаздарға салу - бағалы қағаздар қоржының құрайды.
Әртараптанды бағалы қағаздар қоржынның болуы кәсіпорынға қаржылық
операцияларды әр түрлі табыс және тәуекел деңгейімен жүргізуге мүмкіндік
береді.
Егер кәсіпорынның иемденушілері бірігіп өндірістік қуатты, ғылыми
зерттеулерді, авторлық құқықты жүргізетін болса, онда қоржын синергетті
болады.
Қоржындық стратегия – кәсіпорынның қаржы стратегиясының ажырамас
бөлігі. Ол мыналарды енгізеді:
- капиталды орналастыру;
- кәсіпкерлік құрылымды;
- кәсіпорынды сату немесе сатып алу;
- синергизм тиімділігін пайдалану.
Қоржындық стратегия ішкі фактордың негізгі кәсіпорынның факторына
әсер етеді. Ол ішкі көздер арқылы өсуді қамтамасыз етеді.
Ішкі қаржыландырудың және ішкі қаржыландыру стратегиясының мақсаты –
қойылған мақсатқа жету үшін ресурстарды бөліп беру және олардың
координациясы.
Қоржындық стратегияның мақсаты тиімді құрылымды құру. Кәсіпорынның
бөлімдерін ескере отырып, ішкі қаражаттарға функционалды стратегия маңызды.
Қоржынды қалыптастыру стратегиясына жататындар:
кәсіпорынға қандай нақты бағдарламалар керектігі;
қандай мөлшерде күрделі қаржыны жоспарлау керек;
қандай қорлардан инвестицияның қоржындарын қаржыландырамыз.
Сондықтан, осы инвестициялық қоржынды басқару үшін күрделі
мәселелерді ескеру керек:
біршама ақшалай және материалдық қаражаттар;
салынған күрделі қаржыны салуда оның келешегінде көптеген тәуекелдіктер
бар, оны ескеру керек;
өндіріс мүмкіншілігінің ұлғаюы.
Кәсіпорынның қоржындық стратегиясы ішкі қаржыландыру стратегиясына
тәуелді. Ол заңды тұлғалардың акцияны пайдалануы қиылысты түрде болуына
әкеледі. Бұл құбылыс көптеген шетелдік корпорацияларда қолданады. Қиылысты
түрде акцияны пайдалану кезінде ең алдына инвестициялық шешімді жүргізуге
біріккен бақылау шығады. Акцияны былай пайдалану олардың тұрақты бағамын
ұстайды. Мұндай жүйе акционерлердің позициясын күшейтеді.
Инвестициялық өтімділіктің бір түрі – пайдық инвестициялық қорлар.
Инвестициялық пай – атаулы бағалы қағаз болып табылады. Әр инвестициялық
пай иемденушісіне бірдей құқық береді. Инвестициялық пайды шығару тәртібі,
оларды орналастыру, айналымға жіберу бағалы қағаздар нарығындағы федералды
комиссия шешеді.
Инвестициялық пай – құжатты және құжатсыз нысанда шығарылады.
Инвестициялық пайдың мерзімі анықталмайды. Инвестициялық пай бойынша
процент және дивиденд есептелінбейді.
Инвестициялық пай қорының мүлкі және инвесторлардың құқығы жүргізуші
кәсіпорынның келісім шарты негізінде мамандандырылған депозиттерімен жүзеге
асады. Инвестициялық пай қордың тек бір ғана маманданған депозитарийі
болады.
Инвестициялық пай қоры инвесторлардың мамандандырылған депозитарий
есебіне берілген және жүргізуші кәсіпорынның сенімді жерінде болған мүлкі
негізінде құрылады.
Мамандандырылған депозитарийға және жүргізуші кәсіпорынға есеп үшін
берілген мүлік инвестициямен пайды, инвестициялық пай қорын алу үшін жүзеге
асады.
Инвестициялық пай қордың құрылуы инвесторлардың жүргізуші
кәсіпорыннан инвестициялық пайды алу негізінде болады. Инвестициялық пай
қорынан инвестициялық пайды алатын инвестордың қаржысы мамандандырылған
депозитарий есебінен түседі.
Инвестициялық пай қоры 2 нысанда болады:
- ашық;
- интервалды.
Егер жүргізуші кәсіпорын өзі шығарған инвестициялық пайды
инвесторлардың сұрауы бойынша уақытында және инвестициялық пай қоры
белгілеген тәртіп бойынша сұрау күннен бастап 15 күннен кешіктірмей сатып
алуды міндетіне алса, онда ол қор ашық болады.
Егер жүргізуші кәсіпорын өзі шығарған инвестициялық пайды
инвесторлардың сұрауы бойынша уақытында және инвестициялық пай қоры
белгілеген тәртіп бойынша, бірақ жылына бір реттен артық емес болса, онда
ол интервалды қор болады.
Жүргізуші компания инвестициялық пай қорының мүлкін инвестициялауға
құқылы. Ол инвестициялық қорының мүлкіне кездейсоқ зақымдап алса, жоғалтса
өз мүлкімен жауап береді.
Инвестициялық пайды орналастыру жағдайында ол тек қана ақша
қаражаттарымен төленеді. Орналастыру жағдайында ескере кететін бір жағдай:
толық төленбеуге немесе төлемді кейінге қалдыруға болмайды.
Инвесторлар өздеріне тиісті инвестициялық паймен еркін қолданады.
Олар пайды мұрагерлікке қалдыруға, бағалы қағаздар заңына сәйкес басқа да
келісімдер жасай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестициялық жобаларды экономикалық бағалау әдістері
Нақты инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау
Инвестициялық жоба жайында
Инвестицияны қаржыландырудың сыртқы және ішкі көздері
Сапамен жобаларды басқару пәнінен оқу бағдарламсы
Инвестициялық жобаны бағалау
Инвестициялық жобаның тиімділігін бағалау әдістері
Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалаудың қағидаттары
Инвестициялық жобалар туралы
Нақтылы инвестициялық жобаларды бағалау
Пәндер