Инвестициялық пай қорының ережесінде


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе3

1-бөлім. Инвестициялық пай қорлары институционалды инвесторлар ретінде4

1. 1 Инвестициялық пай қорлары түсінігі және түрлері4

1. 2 Инвестициялық пай қорының активтерінің құрамы мен құны, оларды басқару8

2-бөлім. Қазақстан Республикасындағы инвестициялық пай қорлары12

2. 1 Қазақстандағы инвестициялық пай қорларының ағымдағы жағдайы12

2. 2 Қазақстандық инвестициялық пай қорларының даму проблемалары мен перспективалары20

3-бөлім. Шетел тәжірибесі22

Қорытынды25

Қолданылған әдебиеттер25

Кіріспе

Нарықтық экономика негізінде экономиканы тұрақты өсуге әкелетін, бәсеке қабілеті жоғары өнімдер өндіруге мүмкіншілік туғызатын, елімізді дамыған елдер қатарына бір қадам болса да жақындата түсетін басты құралдың бірі - инвестиция. Инвестициялардың еліміздің өндірістік әлеуетін аша түсуге өз септігін тигізері сөзсіз. Себебі өмір өзі көрсеткендей, шикізат сатуға бейімделген экономика құлдырауға бағытталған. Тек жоғары сапалы, ең соңғы жетістіктерге сай техника мен технологиялар ғана экономиканы көркейтіп, халықтың тұрмыс деңгейін жақсартуға қабілетті деп ойлаймын.

“Инвестиция” түсінігі кең мағынада ел экономикасының өсуі мен дамуын қаржыландыру үшін қажетті механизмді қамтамасыз етуді білдіреді. Осындай проблемаларды шешу үшін сәйкес қаржылық институттар құрылады, осындай ұйымдардың ішінен инвестициялық қорларды бөліп көрсетуге болады. Біздің еліміздің де қор нарығының дамуындағы жаңалықтардың бірі - осы инвестициялық қорлардың пайда болуы.

Инвестициялық қорлар қаржы нарығында инвесторлардың құқықтарын қорғау және олардың ақша қаражаттарын тарту және кейіннен оларды диверсификациялау жолымен бағалы қағаздарға инвестициялау есебінен тәуекелдерді төмендету мақсатында қызмет етеді. Бұл қорлардың маңыздылығы - олар өз қолдарында ұсақ салымшылардың айтарлықтай мөлшердегі қаражаттарын шоғырландырады, бұл қаражаттар түпкілікті нәтижеде өндірістің дамуына бағытталады. Сонымен қатар олар инвесторлар үшін ақша қаражаттарын салудың көзі болып табылады.

Инвестициялық пай қорларының өзектілігі бір жағынан, халықтың өз табыстарын сенімді және табысты тәсілмен орналастыруға мүдделілігімен түсіндірілсе, екінші жағынан - кәсіпорындардың қаржыландырудың сыртқы мемлекеттік емес көздеріне қажеттілігінің өсуімен түсіндіріледі.

Дәл осы инвестициялық пай қорлары ұсақ жеке инвесторлардың қаражаттарын консолидациялау мәселелерін шешетін, инвестицияларды кәсіби басқаруды жүзеге асыратын, тәуекелдің диверсификациялануын қамтамасыз ететін, инвесторлардың кең массасына бағалы қағаздарды тікелей емес, жанама басқаруға мүмкіндік беретін кілтті қаржылық делдалдарға айналмақшы.

Курстық жұмысты жазудағы мақсатым - инвестициялық пай қорларының қызмет етуінің Қазақстандағы ерекшеліктерін ашып көрсету және шетел тәжірибесін Қазақстанда қолдану мүмкіндігін талдау.

Осы мақсатқа жету үшін алдыма мынадай міндеттер қойылды:

- инвестициялық пай қорлары туралы жалпы түсінік беру;

- олардың еліміздегі жағдайына талдау жасау;

- инвестициялық пай қорларының дамуын тежейтін проблемаларды атап өту және оларды шешу жолдарын ұсыну;

- Ресейлік тәжірибесін көрсету.

1-бөлім. Инвестициялық пай қорлары институционалды инвесторлар ретінде

1. 1 Инвестициялық пай қорлары түсінігі және түрлері

Инвестициялық пай қорларының идеясы тарихи түрде ұжымдық инвестициялаудың жеке тұлғалардың инвестицияларына бағытталған әдісі ретінде пайда болды.

Инвестициялық пай қоры (ИПҚ) - бұл инвесторлардың басқарушы компанияның сенімді басқарылуына берілген біріктірілген қаражаттары.

Инвестициялық пай қорлары (ИПҚ) - бұл пайға, сондай-ақ оларды инвестициялау нәтижесінде сатып алынған өзге де активтерге ақы төлеуден алынған, пайларды ұстаушыларға ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі және басқарушы компанияның басқаруындағы ақша жиынтығы. 1

Пай - инвестициялық пай қорындағы оның иесінің үлесін, инвестициялық пай қоры жұмыс істеуін тоқтатқан кезде оның активтерін өткізуден алынған ақшаны алу құқығын, сондай-ақ Заңда айқындалған инвестициялық пай қоры қызметінің ерекшеліктеріне байланысты өзге де құқықтарды растайтын, шығарылымы құжаттандырылмаған нысандағы атаулы эмиссиялық бағалы қағаз.

Инвестицялық пай қорлары (ИПҚ) - бұл сенімгерлік басқарудың құрылтайшысымен (құрылтайшыларымен) басқарушы компанияға мүлікті сенімгерлік басқарудың басқа да құрылтайшыларының мүлкімен біріктіру шартымен сенімгерлік басқаруға берілген мүліктен және осындай басқару нәтижесінде алынған мүліктен тұратын мүліктік кешен. Бұл мүлікке деген меншік құқығындағы үлес басқарушы компаниямен берілетін бағалы қағазбен куәландырылады. 2

Қазіргі кезде әлемде халықаралық инвесторларға жол ашық 50 000-нан астам инвестициялық пай қорлары бар, олардың активтерінің жалпы көлемі 15 триллион доллардан асады. Ең танымал инвестициялық қорлар келесілер: Fidelity Investments, Vanguard Funds, T. Rowe Price, American Funds, Franklin Templeton Investments және тағы басқалар.

Қазақстанда инвестициялық пай қорларының келесідей түрлері жұмыс істейді:

  1. ашық инвестициялық пай қоры;
  2. аралық инвестициялық пай қоры;
  3. жабық инвестициялық пай қоры.

Ашық инвестициялық пай қорының пай ұстаушысына басқарушы компаниядан Заңда және осы инвестициялық қордың ережелерінде белгіленген жағдайларда, шарттарда және тәртіппен пайды сатып алуын талап етуге құқық береді, бірақ ол екі аптада бір реттен кем болмауға тиіс.

Инвестициялық аралық пай қоры оның пай ұстаушысына басқарушы компаниядан Заңда және осы инвестициялық қордың ережелерінде белгіленген жағдайларда, шарттарда және тәртіппен пайды сатып алуын талап етуге құқық береді, бірақ ол жылына бір реттен кем болмауға тиіс.

Жабық инвестициялық пай қоры оның пай ұстаушысына осы қордың пай ұстаушыларының жалпы жиналысына қатысуға, сондай-ақ қор ережелерінде көзделген жағдайларда және тәртіппен пай бойынша дивиденд алуға құқық береді.

Жабық инвестициялық пай қорының пай ұстаушысы басқарушы компаниядан өзіне тиесілі пайларды сатып алуды талап етуге құқылы емес. 3

Инвестициялық декларациясында немесе ережелерінде белгіленген инвестициялау шарттарын сақтамай, қордың активтерін инвестициялау мүмкіндігі көзделген инвестициялық қор тәуекелмен инвестицияланатын қор болып табылады.

Акционерлік немесе жабық инвестициялық пай қорлары ғана тәуекелмен инвестицияланатын инвестициялық қорлар бола алады.

Инвестициялық пай қорларының ұйымдық-құқықтық формасына келсек, олар заңды тұлға болып табылмайды. Егер инвестициялық пай қорының ережесінде өзгеше жағдайлар көзделмесе қор шектеусіз мерзімге құрылады. Инвестициялық пай қорларының атауына келетін болсақ, “Инвестициялық қорлар туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының, 3-тармақшасына сәйкес, мұндай қорлардың атауында “инвестициялық пай қоры” деген сөздердің болуы, оның ашық, аралық немесе жабық болып табылатыны көрсетілуі тиіс. Сонымен қатар инвестициялық қордың атауында “ұлттық”, “орталық”, “үкіметтік”, “кепілдік берілген” немесе “сақтандырылған” деген сөздерді кез келген тілде көрсетілген немесе өзгертілген түрінде пайдалануға тыйым салынады. Инвестициялық қордың атауы инвестициялардан түскен кірісті сақтандыруды немесе оған кепілдік беруді растауға немесе білдіруге тиіс емес.

Инвестициялық пай қорының активтерінің ең төменгі мөлшері пайлар шығарылымын тіркеу күні тиісті қаржы жылына арналған “Республикалық бюджет туралы” Заңда белгіленген 50 000 айлық есептік көрсеткішті құрайды. Инвестициялық пай қорын құру туралы шешімді егер осы мәселе қордың жарғысында басқарушы компания акционерлерінің жалпы жиналысының ерекше құзіретіне жатқызылмаса, осы қордың басқарушы компаниясының Директорлар кеңесі қабылдайды. Инвестициялық пай қоры басқарушы компанияның Директорлар кеңесі егер оның жарғысында өзгеше жағдайлар қарастырылмаса, инвестициялық қордың ережелерін бекіту, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешімдер де қабылдайды. Басқарушы компания бір-бірінен инвестициялық декларация бойынша айырмашылығы болатын бірнеше ашық, аралық немесе жабық инвестициялық пай қорларын ашуға құқылы. Бұл жерде басқарушы компания - инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензия негізінде инвестициялық қор активтерін сенімгерлік басқаруды жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіпқой қатысушысы. 4

“Инвестициялық қорлар туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 3-тармақшасына сәйкес, басқарушы компания, кастодиан және тіркеуші, тәуекелмен инвестициялайтын инвестициялық пай қорының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, көрсетілген ұйымдарды қоспағанда, жұмыс істеуін жасалған шарттарға сәйкес өздері қамтамасыз ететін инвестициялық пай қорларының пайларын ұстаушылар бола алмайды.

Қордың ережелерінде белгіленген тәртіппен және шарттармен бір формадағы инвестициялық пай қорларын біріктіруге жол беріледі. Жабық инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысы қордың формасын ашық немесе аралық инвестициялық пай қорына өзгерту туралы шешім қабылдауы мүмкін. Ашық немесе аралық инвестициялық пай қорының формасын жабық инвестициялық пай қорына өзгертуге жол берілмейді.

Инвестициялық пай қорының ережесі - инвестициялық пай қорының мақсаттарын, жұмыс істеу және жұмыс істеуін тоқтату шарттары мен тәртібін айқындайтын құжат. Инвестициялық пай қорының ережесінде:

1) инвестициялық пай қорының толық және қысқартылған атауы;

2) инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясының толық атауы мен орналасқан жері;

3) инвестициялық пай қоры кастодианының толық атауы мен орналасқан жері, оның құқықтары мен міндеттері;

4) инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың тізілімдер жүйесін жүргізуді жүзеге асыратын тіркеушінің толық атауы мен орналасқан жері;

5) инвестициялық пай қоры басқарушы компаниясының және кастодианының аудитін жүзеге асыратын аудиторлық ұйымдардың толық атауы;

6) инвестициялық декларация;

7) инвестициялық пай қорының активтерін инвестициялық декларация талаптарына сәйкес келтіру тәртібі мен мерзімдері;

8) инвестициялық пай қоры жұмыс істейтін мерзім, оның мерзімсіз жұмыс істеуі туралы көрсету;

9) инвестициялық пай қоры активтерін сенімгерлік басқару шарты;

10) инвестициялық пай қорының пайларына инвестициялау кезіндегі инвесторлар тәуекелдерінің сипаттамасы;

11) инвестициялық пай қорын басқарушы компанияның құқықтары мен міндеттері;

12) инвестициялық пай қоры пайының бастапқы орналастыру кезеңіндегі нақтылы құны;

13) инвестициялық пай қорының пайларын сатып алуға өтінімдер беру мен оларды орындаудың шарттары мен тәртібі;

14) инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың құқықтары мен міндеттері;

15) инвестициялық пай қоры активтерінің құнын және пайдың есептік құнын есепке алу және айқындау тәртібі;

16) пайларды орналастыру кезінде олардың есептік құнының үстеме ақы қолдану шарттары мен есептеу тәртібі;

17) басқарушы компанияның және инвестициялық пай қорының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін өзге де тұлғалардың осы қордың активтері есебінен төленуге жататын шығыстары мен сыйақыларының түрлері, айқындалу тәртібі және ең жоғары мөлшерлері;

18) басқарушы компанияның, тіркеушінің немесе кастодианның инвестициялық пай қорының жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөніндегі қызметті одан әрі жүзеге асыруға мүмкіндігі болмаған немесе одан әрі бас тартқан жағдайларда, оларды ауыстыру шарттары мен тәртібі;

19) инвестициялық пай қорының пайларын орналастыруды тоқтата тұру шарттары мен тәртібі;

20) инвестициялық пай қорының жұмыс істеуінің тоқтатылғандығы туралы ақпарат жариялануға тиісті баспасөз басылымының атауын көрсете отырып, инвестициялық пай қорының жұмыс істеуінің тоқтатылу, оның ішінде қордың жұмыс істеуі тоқтатылған кезде пайларды сатып алудың шарттары мен тәртібі;

21) пай ұстаушылардың сұратулары бойынша есеп берудің шарттары мен тәртібі;

22) пай ұстаушылар алдында инвестициялық пай қоры, оның ережесі және оларға енгізілген өзгерістер, қордың таза активтері құнының және пайдың есептік құнының өзгеруі, пайды орналастыру және сатып алу бағалары туралы, сондай-ақ инвестициялық пай қорының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін тұлғалар, олардың қызметінің нәтижелері туралы ақпаратты ашу шарттары мен тәртібі;

23) басқарушы компанияның инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру және сатып алу жөніндегі өкілдерінің (олар бар болса) байланыс телефондарының нөмірлері, орналасқан жері көрсетілген тізбесі болуға тиіс.

Инвестициялық пай қорының жұмыс істеуін тоқтатуға келесі жағдайлар негіз бола алады:5

- инвестициялық пай қорын құрудың қор ережесінде белгіленген мерзімі өтсе;

- пайларды бастапқы орналастыру аяқталған соң инвестициялық пай қорының таза активтерінің құны инвестициялық пай қорының активтерінің ең төменгі мөлшеріне қойылатын талапқа сәйкес келмесе;

- пайларды сатып алу жөніндегі өтініштерді орындау нәтижесінде инвестициялық пай қоры активтерінің құны инвестициялық пай қоры активтерінің ең төменгі мөлшеріне қойылатын талапқа сәйкес келмесе және осы сәйкессіздік туындаған күннен бастап 2 ай ішінде жойылмаса;

- басқарушы компания немесе кастодиан өзінің шарт бойынша қабылдаған міндеттемелерін орындауға бұдан әрі мүмкіндігі жоқ екендігіне байланысты қор активтерін басқару немесе есепке алу және сақтау жөніндегі бұдан әрі орындаудан бас тарту жөнінде шешім қабылдаса және көрсетілген шешімді қабылдаған кезден бастап 3 ай ішінде инвестициялық пай қоры ережесіне жаңа басқарушы компания және жаңа кастодиан тағайындауға қатысты өзгерістер күшіне енбеген болса;

- басқарушы компанияның, кастодианның немесе тіркеушінің бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметтің тиісті түрін жүзеге асыруына лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрса және 3 ай ішінде лицензияның қолданылуы қайта басталмаса немесе инвестициялық пай қоры ережесіне жаңа басқарушы компания, кастодиан немесе тіркеуші тағайындауға қатысты өзгерістер күшіне енгізілбесе;

- басқарушы компанияның, тіркеушінің немесе кастодианның бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметтің тиісті түрін жүзеге асыруына берілген лицензиясы қайтарып алынса және егер лицензияны қайтарып алған кезден бастап екі ай ішінде инвестициялық пай қоры ережесіне жаңа басқарушы компания, жаңа тіркеуші немесе жаңа кастодиан тағайындауға қатысты өзгерістер күшіне енбеген болса;

- жабық инвестициялық пай қорының пайларын ұстаушылардың жалпы жиналысы оның жұмыс істеуін тоқтату туралы шешім қабылдаса.

“Инвестициялық қорлар туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабына сәйкес, инвестициялық пай қорының жұмысын тоқтатуды келесі тұлғалар жүзеге асырады:

- инвестициялық пай қорының жұмыс істеуін тоқтатуды қордың басқарушы компаниясы жүзеге асырады. Жабық инвестициялық пай қорының жүмыс істеуін тоқтату үшін басқарушы компания пай ұстаушылардың жалпы жиналысын шақырады және өткізеді;

- инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған немесе қайтарып алынған жағдайда қордың жұмыс істеуін тоқтатуды осы қордың кастодианы жүзеге асырады;

- кастодиан лицензиясының қолданылуы тоқтатыла тұрған немесе қайтарып алынған жағдайда қордың жұмыс істеуін тоқтатуды лицензиясының қолданылу-қолданылмауына қарамастан қордың басқарушы компаниясы жүзеге асырады;

- басқарушы компания мен кастодиан инвестициялық пай қорының жұмыс істеуі тоқтатылған жағдайда Заңның және қор ережесінің талаптарына сәйкес қор активтерін өткізуді қамтамасыз етуге, инвестициялық пай қорының кредиторларымен есеп айырысуды жүзеге асыруға, қордың жұмыс істеуінің тоқтатылуына байланысты шығындарды төлеуге және қалған ақшаны пай ұстаушылардың арасында бөлуге міндетті;

- уәкілетті орган инвестициялық пай қорының жұмыс істеуін тоқтату рәсімін бақылау үшін өз өкілін жіберуге құқылы.

1. 2 Инвестициялық пай қорының активтерінің құрамы мен құны, оларды басқару

Ашық және аралық инвестициялық пай қорларының активтерін қаржы құралдары құрайды. Жабық инвестициялық пай қорының активтерін “Инвестициялық қорлар туралы” Қазақстан Республикасы Заңымен, қордың инвестициялық декларациясымен немесе ережелерімен белгіленген жағдайларда және тәртіппен қаржы құралдары және (немесе) өзге де мүлік құрайды. Жоғарыда аталған Заңдағы өзге де мүлік деп мынадай инвестициялық объектілері:

1) акционерлік қоғамдар болып табылмайтын заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы үлестер;

2) жер учаскелері, үйлер, ғимараттар;

3) жылжымайтын мүліктің салынып жатқан және конструкцияланып жатқан объектілері, жобалық-сметалық құжаттама;

4) жер пайдалану және жер қойнауын пайдалану құқығы түсініледі.

Инвестициялық қор активтерін мүлікке инвестициялау кезінде тәуелсіз бағалаушы осы мүліктің міндетті түрде бағасын беруге тиіс.

Жабық инвестициялық пай қорының қаржы құралдарынан басқа өзге де мүлкі осы қордың таза активтерінің 30%-нан аспайтын құнын құрай алады.

Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі инвестициялар уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісімен белгіленген жағдайларда және тәртіппен инвестициялық қордың активтерін құрай алады.

“Инвестициялық қорлар туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 37-бабына сәйкес, инвестициялық қор активтерінің құрамында:

1) аталған Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, осы инвестициялық қордың басқарушы компаниясының басқаруындағы инвестициялық қорлар шығарған акциялар немесе пайлар;

2) осы инвестициялық қордың басқарушы компаниясы шығарған (берген) активтер;

3) коммерциялық емес ұйымдардағы акциялар немесе қатысу үлестері;

4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын және Қазақстан Республикасы қаржы агенттіктерінің агенттік облигацияларын қоспағанда, бір заңды тұлғаның қаржы құралдары бір түрдегі олардың жалпы санының он бес және одан да көп пайызы мөлшерінде болмауға тиіс.

Сонымен қатар инвестициялық қор активтері:

1) ашық немесе аралық инвестициялық пай қоры үшін таза активтер құнының он бес пайызынан;

2) жабық инвестициялық пай қоры үшін таза активтер құнының жиырма пайызынан;

3) тәуекелмен инвестицияланатын инвестициялық қор үшін таза активтер құнының отыз пайызынан асатын мөлшерде бір эмитенттің бағалы қағаздарына немесе бір тұлға шығарған (берген) қаржы құралдарына инвестицияланбауға тиіс.

Инвестициялық қор активтерінің құрамына өзге талаптар осы қордың инвестициялық декларациясында айқындалады. Бұл жерде айта кететін жәйт, инвестициялық декларация - инвестициялау объектілерінің тізбесін, инвестициялық қор активтеріне қатысты инвестициялық қызмет мақсатын, стратегиясын, шарттарын және оны шектеуді, қор активтерін хеджирлеу және әртараптандыру шарттарын айқындайтын құжат.

Инвестициялық декларацияда:

1) инвестициялық қордың инвестициялық саясаты мақсаттарының, міндеттерінің сипаттамасы;

2) инвестициялық қордың инвестициялау объектілерінің тізбесі, мәміле түрлері, инвестициялаудың шарттары мен лимиттері;

3) инвестициялық қор активтерін хеджирлеу және әртараптандыру шарттары;

4) инвестициялық декларацияда айқындалған объектілерді инвестициялауға байланысты тәуекелдер сипаттамасы;

5) инвестициялық саясат жөнінде Заңда көзделген шектеулер;

6) туынды бағалы қағаздармен мәмілелер жасасу, кері сату (сатып алу) міндеттемесімен активтерді сатып алу (сату), сондай-ақ ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында кез келген мәміле жасасу мүмкіндігі туралы нұсқаулар болуға тиіс.

Ендігі кезекте инвестициялық қор активтерін есепке алу және олардың құнын айқындау жайлы айтайық. Инвестициялық қор активтерін, инвестициялық қордың таза активтері құнын есепке алу және олардың құнын, инвестициялық пай қоры пайының есептік құнын айқындау бухгалтерлік есеп (қаржылық есептілік) стандарттарында, уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде, сондай-ақ инвестициялық пай қоры ережелерінде белгіленген жағдайларда әдістеме бойынша және тәртіппен жүзеге асырылады. Инвестициялық қор активтерінің құнын айқындау Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жүргізіледі.

Уәкілетті орган инвестициялық қор активтерінің, оның таза активтерінің құнын, пайдың есептік құнын, пайды кейінгі орналастыру немесе сатып алу бағаларын есепке алу және бағалау әдістері теріс қолданылған немесе олардың құны бұрыс есептелген жағдайда, басқарушы компанияларға орындалуы міндетті нұсқаулар беруге құқылы. Бұл жердегі пайдың нақтылы құны - инвестициялық пай қорының пайларын бастапқы орналастыру кезіндегі пай құнының ақшалай көрінісі. Ал пайдың есептеу құны - бұл инвестициялық пай қорының таза активтерінің құнын оның айналысындағы пайларының санына бөлу арқылы айқындалатын пай құнының ақшалай көрінісі. Пайларды бастапқы орналастыру түсінігіне келсек, бұл - инвестициялық пай қоры активтерінің ең төменгі мөлшерін қалыптастыру мақсатында пайларды нақтылы құны бойынша орналастыру кезеңі. Инвестициялық қордың таза активтерінің құны инвестициялық қордың барлық активтерінің құны мен оның инвестициялық қор активтері есебінен төленуге жататын міндеттемелері немесе есептелген шығыстары арасындағы айырма ретінде анықталатын инвестициялық қор активтерінің ақшалай көрінісі.

Инвестициялық қор активтерін басқарушы компания сенімгерлік басқарады деген болатынмын. Ондай болатын болса, инвестициялық қордың басқарушы компаниясының қызметіне тоқталып кетейін. Басқарушы компания Заңда, уәкілетті органның нормативтік-құқықтық актілерінде, сенімгерлік басқару шартында, инвестициялық декларацияда немесе инвестициялық қордың келісілген ережесінде белгіленген талаптарға сәйкес іс-әрекет жасау арқылы осы инвестициялық пай қорларының пайларын ұстаушылардың мүддесінде қорды сенімгерлік басқаруды жүзеге асырады.

Инвестициялық пай қорының басқарушы компаниясы акционерлік қоғам акционерлерінің жалпы жиналысында қордың пай ұстаушыларының өкілі болып табылады, оның дауыс беретін акциялары осы қордың активтерінің құрамына кіреді.

Инвестициялық қорды басқарушы компания Заңда, сенімгерлік басқару шартында немесе қордың ережелерінде көзделген жағдайларда және тәртіппен инвестициялық декларацияға немесе қордың ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуге бастамашы болуға құқылы.

Басқарушы компания қордың активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі қызметке байланысты инвестициялық пай қорының пай ұстаушыларының өкілі ретінде болуға, сондай-ақ пай ұстаушылардың мүдделері үшін сотқа талап-арыз беруге құқылы.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы инвестициялық қордың басқарушы компаниясы бола алмайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инвестициялық пай қорлары: отандық және шетел тәжірибесі
Инвестициялық пай қорының пайларын орналастыру
Қазақстан Республикасының инвестициялық пай қорлары, жағдайы және қызмет ету ерекшеліктері
Инвестициялық және венчурлік қорлар туралы Заңын талдау
Инвестициялық қордың активтерін басқару, сақтау және тіркеуді ұйымдастыру
Көпжанрлы іс-шараны ұйымдастыруда кейіпкер образын заманауи сахналау туралы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҒЫНДА МҮЛІКТІ СЕНІМГЕРЛІКПЕН БАСҚАРУ ИНСТИТУТЫ
Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлардың қызметін жүзеге асыруы мен оның маңызды мәселелері
Инвестициялық қызметтің бағалы қағаздар нарығындағы мәні мен мазмұны
Банктік қызмет
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz