Кәсіпорын өнімінің өзіндік құны
sЖОСПАР
КІРІСПЕ 2
1. Нарық жағдайында өнімнің өзіндік құнын төмендетудің экономикалық маңызы
5
1.1 Өнімнің өзіндік құны, оның мазмұны және құрылымы 5
1.2 Өзіндік құнның жіктемелік белгілері, олардың ерекшеліктері 9
1.3 Өзіндік құнды есептеудің шетелдік тәжірибедегі әдістері 15
2. Кәсіпорын өнімінің өзіндік құны 21
2.1 Кәсіпорын өнімдерінің өзіндік құн құрылымын талдау 21
2.2 Кәсіпорында өнімнің өзіндік құнын төмендету резервтері 24
ҚОРЫТЫНДЫ 32
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 34
КІРІСПЕ
Кез келген кәсіпорын өзінің атқарған жұмысынан неғұрлым көп пайда алуға
тырысады. Кәсіпорындар өздерінің тауарларын тек жоғарғы тиімді бағамен
сатып қана қоймай, сонымен қатар оны өндіруге және өткізуге кететін
шығындарды қысқартуға тырысады. Кәсіпорын табысының ұлғаюының қайнар көзі,
ең біріншіден, оның сыртқы жағдайына байланысты болса, екіншіден,
кәсіпорынның ұйымдастырылған өндіріс үрдісінің тиімділігіне және
өндірілетін тауардың кезекті өткізілуіне байланысты болады.
Өндірістік шығындар, өнімнің өзіндік құны экономикалық сатының басты
элементтері болып табылады. Олардың деңгейі, көбінесе, пайда көлемін,
кәсіпорын рентабельділігін және шаруашылық қызметінің тиімділігін
анықтайды. Сонымен қатар, кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін, беріктілігін,
қаржылық тұрақтылығын анықтай отырып, оның өндірістік шығындарын қысқартып,
оптималды экономикалық жетілдірудің негізгі бағыты болып табылады.
Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында
деген ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында (Астана, 2005 жылғы 18
ақпан):
Экономиканы түпкілікті реформалауға бағыт ұстап, біз қысқа мерзімнің
ішінде нарықтық реформаларды жүргізе білдік, тиісті заңнамамызды жасауға
қол жеткіздік. Бүгінгі таңда Қазақстанда нақтылы жұмыс істеп тұрған
нарықтық экономика бар.
Егер осыдан он жыл бұрын жан басына шаққандағы жалпы ішкі өніміміз жеті
жүз доллардан сәл ғана асса, 2004 жылдың соңында ол екі мың жеті жүз
долларға жетті, ендеше 2005 жылы біздің жан басына шаққандағы жалпы ішкі
өніміміз енді үш мың доллардай болады деген болжамымыз бар.
Мен 2010 жылы жан басына шаққанда жалпы ішкі өнімді 5 800 АҚШ долларынан
асатын мөлшерге, яғни Чехия, Венгрия, Польша, Малайзия сияқты елдердің
бүгінгі деңгейіне, 2015 жылы шамамен 9 000 АҚШ доллары мөлшеріне жеткізуге
күшіміз жетеді деп санаймын. Жалпы, сатып алу қабілетінің шамасы жағынан
бұл цифрларға біз қазірдің өзінде жақынбыз.
Біз еліміздің жалпы ішкі өнімін 2000 жылмен салыстырғанда 2010 жылы екі
есе ұлғайтуды жоспарласақ та, бұл көрсеткішке 2008 жылы-ақ жететінімізге
сеніміміз мол, - деп жазған. [1]
Осыған орай, біз ұлттық табысты арттыруымыз қажет. Ал ол үшін, ең
алдымен, табыс, пайда әкелетін кәсіпкерлікті, әсіресе шағын және орта
бизнесті, олардың субъектілерін одан әрі дамытып, өнім сапасы мен өндіріс
тиімділігін арттырып, табысын көбейту керек. Яғни, кез келген өндірістік
кәсіпорын өзінің өндірістік шығындарын қысқартқаны, төмендеткені жөн. Бұл
пайданы арттырудың негізгі кепілі болып табылады. Сондықтан, осы курстық
жұмыстың тақырыбы Кәсіпорын өнімінің өзіндік құн ерекшеліктерін есептеу
және бағалау - қазіргі кездегі өндірістік кәсіпорындар үшін өзекті мәселе
болып отыр.
Жалпы, өнімнің өзіндік құны дегеніміз – кәсіпорынның өнім өндіруге және
өткізуге жұмсаған шығындарының ақшалай тұлғалануы. [16]
Ол кәсіпорынның жалпы өндірістік тиімділігін анықтайды. Өзіндік құнды,
яғни өндірістік шығындарды жүйелі түрде төмендету – кәсіпорындардың жұмыс
істеу тиімділігін арттырудың негізгі құралы болып табылады. Нарықтық
экономика жағдайында залалды кәсіпорындарды қаржылай қолдау қағидаға
жатпайды.
Ұлттық экономиканың барлық салаларында өндіріс шығындарын төмендетудің
мына негізгі бағыттарын айтуға болады:
- ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін пайдалану;
- өндіріс және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру;
- экономикалық үрдістерді мемлекет тарапынан реттеу.
Ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін іске асыру – бұл, бір жағынан,
өндіріс қуатын, шикізат және материалдар, оның ішінде отын-энергия
ресурстарын көптен-көп пайдалану, ал екінші жағынан, тиімді жаңа
машиналарды, жаңа технологиялық үрдістерді іске асыру.
Шығынның белгілі бір мөлшерін мейлінше тиімді ету – шаруашылықты
жүргізудің әр түрлі мәселелерін шешуге келгендегі басты талап болып отыр.
Тек қанша өнім өндірілгендігінің ғана емес, оны өндіруге қанша еңбек
жұмсалғандығының да маңызы зор. Мәселенің бұлайша қойылуы мынаны аңғартады:
шикізат пен материалдарды жұмсай отырып немесе машиналар мен механизмдерді
пайдалана отырып, шикізаттардың әрбір бөлігінен неғұрлым көп өнім алуға,
әрбір станок пен технологиялық үрдістердің түсімін өсіруге, шығындарын,
бұйымдардың өзіндік құнын төмендетіп, кәсіпорындардың пайдасын көбейтуге,
өндірістің тиімділігін арттыруға жету керек.
Егер кәсіпорын ұжымдарының ішкі шаруашылық резервтерін тауып,
пайдалануының негізгі бағыттарын қорытындылауға талпыныс жасалса, онда
оларды үш топқа бөлуге болады. Өндіріс тиімділігін, біріншіден, негізгі
өндіріс қорларының пайдалануын жақсартудың, екіншіден, айнымалы өндіріс
қорларын неғұрлым тиімді пайдаланудың және үшіншіден, қазіргі еңбек
шығындарының нәтижелілігін жақсартудың есебінен арттыру.
Өндірісті және еңбекті ұйымдастыруды жетілдіруге келсек, онда бұл процесс
- ысырапты қысқарту есебі мен шығындарды үнемдеу, сонымен қатар нақты
еңбектің шығынын үнемдеу болып табылады. Қазіргі кезеңде нақты еңбекті
үнемдеудің экономикалық дамуы қоғамдық еңбекті үнемдеумен салыстырғанда,
едәуір салмақты нәтиже береді. Қазіргі таңда өндірісті ұйымдастыруды
жетілдірудің екі негізгі мектебі бар: американдық және жапондық. Бұл -
өндірісті материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз ету, оларды
экономикалық жағынан ынталандыру және тағы басқа көптеген жүйелер.
Сонымен қатар, өндіріс шығындарын төмендетуде мемлекеттік ғылыми-
техникалық прогресс жөніндегі бағдарламалары мен мемлекеттік стандарттар
елеулі орын алады. [7]
Курстық жұмыстың мақсаттары – қазіргі нарық жағдайындағы кәсіпорындардың
өнімдерін өндіруге кеткен шығындарын, яғни өнімнің өзіндік құнын төмендету
жолдарын анықтау, олардың теориялық аспектілерін көрсету, шығындарды
қысқартудың тиімді жолдарын таңдау болып табылады.
Ал курстық жұмыстың міндеттері – таңдап алынған тақырыпқа сай келтірілген
кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық, қаржылық құжаттарын өз бетінше
қолданып, оған талдау жасау, кәсіпорынға іс жүзінде нәтиже берерлік жаңа
ұсыныстар, идеялар ұсыну.
Курстық жұмыс негізгі 2 тараудан тұрады:
Бірінші тарауда тақырыпқа қатысты теориялық анықтамалар, аспектілер
қарастырылады. Мәселен, көптеген әдебиеттерді, оқу құралдарын қолдана
отырып, өнімнің өзіндік құны дегеніміз не, өндірістік шығындар, олардың
мазмұны, құрылымы, жіктелімі, ерекшеліктері, өзіндік құнды төмендету
резервтері, тағы басқа мәселелерді теориялық тұрғыда сипаттау.
Екінші тарауда таңдап алынған тақырыпқа сәйкес талдаулар практика жүзінде
Адал АҚ кәсіпорнының мәліметтерімен жасалады. Бұл тарау кәсіпорынның
экономикалық белсенділігін, өнімдерінің өзіндік құн құрылымын, шығындарының
қалыптасуын талдап көрсетеді. Осы курстық жұмыстың авторының өз пікірі мен
ұсыныстары жазылады. Ол тақырыпқа сәйкес, қазіргі нарық жағдайында әр түрлі
ұсыныстар жасап, осы өндірістік салаға өз үлесін қосу керек.

1.1 Өнімнің өзіндік құны, оның мазмұны және құрылымы
Көп экономистер шығындарды анықтау үшін айтарлықтай өз үлестерін қосқан.
К. Маркс 2 дәрежелі қағидаға негізделеді, олар: өндірістік шығындар,
айналым шығындары.
Өндірістік шығындар түсінігінде жолақыға, шикізатқа, материалдарға кеткен
шығындар кіреді, сонымен қатар мұның ішіне еңбек құралдарының амортизациясы
да кіреді. Тағы басқа өндірістік шығындар түсінігіне тауарды шығару
мақсатында кәсіпорын ұйымдастырушыларының жұмсаған шығындары жатады. Бір
тауар құнының екіден бір бөлігін өндірістік шығындар құрайды.
Айналым шығындарының жіктелуі сол тауарды өткізу үрдісімен байланысты. Ол
өндірістік инфрақұрылымға жақынырақ болып келеді және тауар құнына кіріп,
соңғысын ұлғайтады. Қосымша шығындар тауар сатылғаннан кейін түскен ақшадан
ғана төленеді. Таза айналым шығындары – сату шығындары (сатушылардың
жолақысы және тағы басқа), маркетинг (тұтынушылардың сұранысын анықтау),
жарнама, штаб-пәтер персоналының жолақысы және тағы басқа. Таза шығындар
тауар құнын ұлғайтпай, тауарды өндіру үрдісі кезіндегі сатылғаннан түскен
пайдамен төленеді.
Қазіргі кездегі шығындар концепциясын Шығыс экономистері енгізген, олар
көбінесе жоғарыда айтылып кеткен екі кезді де қамтиды. Жалпы теорияда
экономикалық және бухгалтерлік шығындар қалыптастырылады.
Өндірістік шығындарға ақша түрінде көрсетілгенімен, белгілі бір өнім
өндіруге, қызмет көрсетуге кеткен материалдық және еңбекке кеткен шығындар
жатады. Сонымен қатар, олар өзіне өндіріс құралдарына жұмсаған шығындарды
(шикізат, материалдар, бұйымдардың жиынтығы, жанар май, электр энергиясы
және тағы басқа) және өндіріс қызметкерлерінің жалақысын жатқызады. Осы
арқылы тауар өндірісі кәсіпкерге қаншаға айналатынын көруге болады.
Берілген анықтама бухгалтерлік шығындарды анықтап, сатып алынған
ресурстардың төлемі ретінде тек нақты шығындарды қосады. Осылайша,
бухгалтерлік шығындар экономикалық шығындардан ерекшеленеді. Ал сол
экономикалық шығындар болса, өнім өндіру үшін нақты емес шығындарды қоса
есептейді.
Нақты емес шығындар – бұл өнім процесінде қолданылатын өндірістік фактор,
бірақ ол белсенді емес. Оған фирманы басқаратын адамдардың өзіндік еңбегін,
оның өнім өндірісінде қолданылатын өзіндік капиталын немесе жерді жатқызуға
болады, бірақ ол кәсіпорын меншігінде болуы керек. Нақты емес шығындарды
фирманың экономикалық шығындарына қосу үшін оларға ақшалай түрде баға беру
керек. Ал егер ресурстарды сатып алмаса, оны қалай істеуге болады? Ол үшін
берілген ресурстардың альтернативті құны деген түсінік қолданылады.
Мысалы, белгісіз бір кәсіпкер өндіріске өзінің қаржысын салды дейік.
Бұл қаржыны қолданудың альтернативті нұсқауы ретінде машиналарды
жатқызуға болады. Кез келген кәсіпорынның акциясын сатып алатын болса,
соған байланысты ол дивиденд алады және коммерциялық банктің депозитіне
ақша салып, процент алады. Берілген ресурстардың жоғарыда айтылып кеткен
альтернативті нұсқауларына қарағандағы ақша салымының альтернативті құнын
бағаласақ, кәсіпкердің өз өндірісіне салғаны тиімді болады, әрі ақшалай
табыс әкеледі. Егер акцияны сатып алуды альтернативті жағынан пайдаланатын
болсақ, онда өз өндірісіне салынған салым жіберіп алған дивидендтер
қатынасының альтернативті құнын құрайды, яғни нақты емес шығындар көлемі
бухгалтерлік шығындармен қосқандағы өндірістік шығындардың нақты көлемін
көрсетеді.
Кәсіпкер үшін, көбінесе, жалпы шығындарының көлемі емес, орташа шығындар
көлемі – бір бұйымды өндіру үшін орта есеппен неше шығын жұмсайтыны маңызды
болып табылады. Орташа шығындарды есептеу үшін жалпы шығындарды өндіретін
өнім көлеміне бөлу керек. Орташа шығынды тауар бағасымен салыстыра отырып,
бұл өнімді өндірудің тиімділігін анықтауға болады.
Шекті шығындар бір өнім данасын артық шығарса, қаншалықты өсім болатынын
анықтайды. Бұл фирмаға бір дана өнімді артық шығарғанда қаншалықты табысты
болатынын көрсетеді.
Шығындар ұзақ және қысқа мерзімді болып ажыратылады. Қысқа мерзімде
тұрақты шығындар көрсетіледі. Ал ұзақ мерзімде ауыспалы шығындар
көрсетіледі.
Өнімді өндіруге кететін шығындар, яғни өндірістік шығындар келесідей
факторларға байланысты болады:
1. Өнімді өндіру үшін қажетті технологиялардың жұмсалуы және өндірістің
дұрыс ұйымдастырылуы;
2. Табиғи шикізаттардың пайдаланылуы;
3. Өндіріске дайын болу және оны дұрыс меңгеру;
4. Технологияны жаңарту және оны ұйымдастыру, сонымен қатар өнім сапасын
жоғарылату, оған деген сенімділікті күшейту және тағы сол сияқты;
5. Өнімді өндірер алдында оған алдын-ала жоба жасау, яғни ойдан сол
тауарды құрастыру, арнайы модель немесе үлгілер жасау, эксперимент
жұмыстарын жүргізу және осы жұмыстарды жүзеге асыратын адамдарға
авторлық жұмысына сыйақылар беру;
6. Өндірістік процесті қамтамасыз ету, яғни өндіріске қажетті шикізат,
материалдар, отын, энергия, құрал-жабдықтар және басқа да еңбек
құралдары, жұмысқа жарамды негізгі өндірістік қорлар, санитарлы-
гигиеналық жұмыстарын жүргізу және осылармен қамтамасыз ету;
7. Жұмысшыларға еңбек ету үшін жақсы жағдай жасау және техникалық
сақтандыруды қамтамасыз ету;
8. Өндірісті басқару, яғни фирма немесе кәсіпорында қанша адам жұмыс
істейді, ол фирманың құрылымы қандай және қандай жұмыстарды жүзеге
асырып отыр, осы фирмаға кеткен ақпаратты, консультациялық, аудиторлық
қызметтерге кеткен шығындарды есептеу;
9. Кадрлар дайындау және қайта дайындау;
10. Мемлекеттік қорға кететін шығындарды есептеу, яғни әлеуметтік
сақтандыруды мемлекеттік және мемлекеттік емес деп бөлу, зейнетақымен
қамтамасыз ету, осылардың бәріне белгілі мөлшерде ақша-қаражат беру;
11. Медициналық сақтандырумен және тағы басқаларымен қамтамасыз ету.
Әрине, кәсіпорын қызметінің нәтижесі оның өнімінің қаншалықты
сатылғанынан (қызмет көрсетілгенінен) көрінеді. Ал оның ақырғы нәтижесі
сатылған өнім көлемі мен сол өнімді өндіруге кеткен шығыны арқылы
анықталады.
Жалпы, нарықтық экономика жағдайларында жақсы нәтиже беретін шығындарды
қалыптастыру керек. Сондықтан, шығындарды басқаруға аса маңызды көңіл
бөлінеді. Кез келген объектінің басқарушылығына сәйкес, кәсіпорын
шығындарын басқару - оның барлық қызметінің орындалғанын болжау қажет.
Шығындарды басқару қызметі басқару элементтерінің циклы арқылы жүзеге
асады: жоспарлау, ұйымдастыру, координациялау және реттеу, ынталандырушы
және активизация, есеп және талдау.
Шығындарды жоспарлаудың негізгі міндеті – жоспарлау кезінде материалды,
өндірістік және айналым процесіндегі еңбек және басқа ресурстарды үнемдеу
арқылы өндірістік шығындарды дұрыс анықтау. Кәсіпорын шығындарын жоспарлау
үшін әр түрлі көрсеткіштер қолданылады. Олардың ішіндегі ең негізгілері –
бұл бір дана өнімнің өзіндік құнының калькуляциясы және бір теңгеге
шаққандағы шығыны. Сонымен қатар, өткізген өнімнің өзіндік құнын
жоспарлағанда, шығындар элемент түрінде көрсетілген, өнімге кеткен өзіндік
құнды құрайтын шығындар сметасы жасалынады.
Өндірістік шығындар сметасы – кәсіпорынның өндірістік қызметтерінің,
экономикалық элементтерінің, кесіп алғандағы, оның барлық шығындарының
соммасы көрсетілген жалпылама көрсеткіш. Онда, біріншіден, өнімнің жалпы
және тауар өндірісімен байланысты негізгі және қосымша өндірістің барлық
шығындары; екіншіден, өндірістік емес қызмет көрсету және жұмыс шығындары;
үшіншіден, орналасқан жері мен қайнар көзіне байланыссыз жаңа өндірісті
қабылдауға кеткен шығындар көрсетілген. Бұл шығындар ережесі бойынша зауыт
ішіндегі айналым есебісіз алынады.
Өндіріс шығындарының сметасын жасау үрдісін келесі кезеңдерге бөлуге
болады:
1) Нақты бір өнімге жатқызуға болатын тікелей шығындар есебі және шыққан
орнында жойылатын шығындар;
2) Бастапқы шығын есебі, бірақ ол нақты шығындарды алып жүрмейді.
Жойылуына байланысты ол 2 түрлі болады:
- пайда болған орнында жойылатын тікелей жойылу шығындары;
- шығындардың пайда болған орнына тікелей қатысты емес шығындар.
Басшылар сметаның көмегімен, өздерінен төменгі деңгейдегі басшыларға
өздерінің жоспары туралы хабарлайды. Оны дайындау үрдісі басқарушылық
шешімдерді қабылдауға, үлкен көлемдегі қажетті ақпараттарды алуға мүмкіндік
береді. Егер смета фирмадағы үлкен көлемдегі жұмысшылардың қатысуымен
жасалса, онда ол барлық бөлімшелердің өте тиімді ынталандырғышы болады.
Негізделмеген баға құруды және кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық
қызметін басқару үшін тек кәсіпорын бойынша ғана емес, оның бөлімшелерінің,
өнім түрінің шығындарын ғана емес, сонымен бірге бір өнімге кеткен шығынды
есептеу керек, яғни өзіндік құнның калькуляциясын, өнімнің калькуляциясын –
бір бұйымның немесе жартылай фабрикаттың бір данасын анықтап есептеу керек.
Кәсіпорынның іс-әрекетіндегі басты көрсеткіштердің бірі - өнімнің өзіндік
құны болып табылады. Ол - өнімді өндіруге және оны сатудағы ақшалай
нысанында көрсетілетін шығындардың жиынтығы. Өзіндік құнның экономикалық
мазмұны – жұмсалған шығындардың орнын толтыру және соның есебінен
өндірілетін барлық элементтердегі жай, ұдайы өндірісті, өндірістік қорларды
және жұмыс күштерін қамтамасыз ету. Осы арада, кәсіпорын өнімінің өзіндік
құнының маңызды элементтері: амортизация, жұмсалған материалдық
ресурстардың құны, еңбек ақы – бұл шығындардың басты статьялары. Сонымен
қатар, кәсіпорын бір уақытта басқа да шығындарды іске асырады: өз
қызметкерлеріне сый ақы, банктік несиеге пайыз төлеу, әлеуметтік
объектілерді ұстау, бюджеттен тыс қорларға аударым жарналарын жасау – бұл
шығындар кәсіпорынның қосымша шығындарын құрайды. Бірақ, өнімнің өзіндік
құнына шаруашылықтың әлеуметтік шығындары (балалар бақшасы, емхана,
жатақхана, мектеп, клуб, тағы басқа) кірмейді.
Өнімнің өзіндік құнына қосымша қосылатын шығындар:
• Әлеуметтік сақтандыруға жалақы қорынан 37 %;
• Банк несиесіне пайыз;
• Мемлекеттік тұрғындарды жұмыспен қамту қорына жалақы қорынан 1%;
• Міндетті медициналық сақтандыруға;
• Негізгі капиталды жұмысқа жарамды қалпында ұстауға кететін шығын;
• Айыптар, тағы басқа ескерілмеген өндірістік шығындар;
• Тәуекелділікке, мамандар ұстауға қосымша шығындар.
Өзіндік құн өндіру сатыларына байланысты: цехтық, фабрика-зауыттық немесе
өндірістік және толық өзіндік құн болып бөлінеді.
Өнімнің цехтық өзіндік құны – өндірілген өнімге цехта, учаскілерде,
бригадаларда шыққан шығындар.
Фабрика-зауыттық немесе өндірістік өзіндік құн – бұл цехтық шығындармен
қоса, жалпы өндірістік шығындар немесе:
ӨӨҚ = ЦӨҚ * (1 + Әж.ө.ш.). (1)
Мұнда жалпы өндірістік шығын (Әж.ө.ш.) коэффициент арқылы беріледі.
Мысалы, цехтық шығынға щаққандағы жалпы өндірістік шығынның коэффициенті
0,5 болса, онда ӨӨҚ = ЦӨҚ * (1 + 0,5) =1,5 ЦӨҚ болады.
Өнімнің толық өзіндік құны - өндірістік өзіндік құн және өнімді өткізуге
кететін шығындар (кезең шығындары):
ТӨҚ = ӨӨҚ * (1 + 0,03). (2)
Мұндағы 0,03 коэффициенті өндіріспен байланысы жоқ шығындар мөлшері болып
табылады.
Сонымен қатар, өнімнің өзіндік құнын қолдану мақсатына қарай оны бірнеше
түрге бөлуге болады: жоспарлы, болжамды (есеп) және нақтылы.
Жоспарлы өзіндік құн – ғылым мен техника жетістігіне және ұйымдастыру
жағдайына байланысты қажетті шығындар.
Болжамды өзіндік құны – технико-экономикалық есептерді ескере отырып,
жаңа енгізілген ғылыми жетістіктерге кеткен шығындар.
Нақтылы өзіндік құн – барлық өнімге шаққан нақты шығындар және өнім
бірлігіне шаққандағы өзіндік құн. [19]
Өзіндік құн тиімділіктің мынадай маңызды көрсеткіштері – пайда және
пайдалылықтың деңгейі мен серпінін анықтайды. Өзіндік құнның маңызы оның
орындалу функцияларымен анықталады:
1. Өзіндік құн өнім құнының кең бөлігі болып табылады. Мұның мәні -
өнімнің өзіндік құны арқылы өндіріс қаражаттарын жұмсауды қамтамасыз
етеді.
2. Өзіндік құн көтерме сауда бағасын қалыптастырудың негізі болып
табылады, оның есепсіз жүргізілуі бағаның құрылуына негіздеме бола
алмайды.
3. Өзіндік құнның негізінде пайданы, кейбір бұйымдардың пайдалылығын,
яғни оларды шығарудың мақсатқа сай екендігін есептеу. [7]
1.2 Өзіндік құнның жіктемелік белгілері, олардың ерекшеліктері
Кәсіпорын өзінің қызмет ету барысында жай және күрделі өндіріс үшін
материалды және ақшалай шығындарға ұшырайды, мысалы: негізгі қор және
айнымалы құралдарға, өнімді өткізуге, еңбек коллективінің әлеуметтік
дамуына және тағы басқаға кететін шығындар. Ал кәсіпорынның ең көп
шығындарды талап ететіні – ол өнім өндірісіне кететін шығындар болып
табылады.
Кәсіпорынның еңбек қабілеттілігін ұстап тұру үшін, өнімді өткізу үшін
және өндірістік факторларды қолдану мақсатындағы шығындардың құны ақшалай
көрсеткішпен бағаланады. Өндірістік шығындардың жиынтығы өнімнің өндірістік
өзіндік құнын құрайды. Өнімнің өзіндік құны өнім өндірісінің үрдісінде
қолданылатын табиғи ресурстардың, шикізаттың, материалдардың, жанар майдың,
энергияның, негізгі қордың, еңбек ресурстарының және тағы басқа өнім
өндірісіне, өнімді өткізуге кеткен шығындарды көрсетеді.
Өндірістік шығындар - өзіндік құн экономикалық категориясының бастысы
болып есептеледі. Олардың деңгейі, көбінесе, пайданың көлемін, кәсіпорынның
рентабельділігін, оның шаруашылық қызметінің тиімділігін анықтайды.
Өндірістік шығындарды қысқарту және оптимизациялау - әр кәсіпорынның бәсеке
қабілеттілігін, беріктілігін, қаржылық тұрақтылығын білдіретін экономикалық
қызметінің негізгі бағыты.
Жалпы, шығындарды жақсы түсіну үшін олардың түрлерін қарастырайық.
Біріншіден, мынаған көңіл бөлген жөн: экономист өндірістік шығындарды
қысқартуды ойластырады, ал бухгалтерді фирманың қаржылық балансы
қызықтырады. Бухгалтер фирманың бұрынғы қызметінің тиімділігін бағалап,
активі мен пассивін қадағалайды және фирманың қаржысына ретроперспективті
көзқараспен қарайды. Экономистер мен басқарушылар, керісінше, фирманың
перспективасына қызығушылық білдіреді. Олар болашақ шығындарды қалайша
азайтамын және рентабельділікті қайтіп көбейтемін деп қам жейді.
Сонымен, шығындар экономикалық және бухгалтерлік деп бөлінеді.
Экономикалық шығындарға ресурстарды қолдану үшін кәсіпорынның
жабдықтаушыларға төлейтін барлық шығындары жатады. Олар сыртқы шығындардан
тұрады, яғни жабдықтаушыларға, ресурстарға, жанар майға, материалдарға,
шикізатқа, жұмыс күшіне және тағы басқаға төленетін ақшалай төлемдер.
Сонымен қатар, экономикалық шығындарға ішкі шығындар да жатады, яғни
кәсіпорын иесінің өндірістік ресурстарды қолданғаны үшін төлейтін шығындар.
Ішкі шығындар кәсіпорынның қосымша ресурстарын және нормалды пайданы
көрсетеді. Экономикалық шығындар деген түсінікті жоспарлы есепте,
құрылымдық талдауда, шығындарды қысқарту резервтерін шығаруда, өнімнің
құнын белгілегенде және тағы басқа жағдайларда қолданады. Ал бухгалтерлік
шығындар фирманың практикалық қызметін шығарғанда, шығынның нақты соммасын
есептегенде, салық салынатын пайданы анықтағанда және тағы басқа
жағдайларда қолданады.
ТМД елдерінде жалпы бухгалтерлердің өнім өндірісінде қолданатын
шығындардың классификациясын қарастырайық.
1) Өнімнің өзіндік құнының құрамына кіруіне байланысты шығындар:
- тікелей шығындар, олар өнімнің өзіндік құнына тікелей кіретін, өнімнің
жеке түрлерінің өндірісімен байланысты болады;
- жанама шығындар, олар бөлінгеннен кейін ғана өнімнің өзіндік құнына
кіріп, бірнеше өнім шығарумен байланысты болады.
2) Өндіріс көлемінің өзгеру деңгейіне байланысты шығындар:
- пропорционалды шығындар, олардың соммасы тікелей өнім өндірісіне
байланысты болады;
- пропорционалды емес шығындар, олар өнім өндірісі кезінде өзгермейді
немесе өзгерісі айтарлықтай көрінбейді (жанар май, ғимараттың
амортизациясы, тағы басқа).
Бұл классификация бір өнім өндірісіне кеткен шығындар минималды
болып, оптималды өнім көлемін анықтауға мүмкіндік береді.
3) Шығындардың шығу орнына байланысты шығындар:
- негізгі шығындар;
- қосымша шығындар.
4) Біртектілік деңгейіне байланысты шығындар:
- элементті шығындар (шикізатқа, негізгі материалдарға, негізгі қордың
амортизациясына кететін шығындар), оларды құрамдық бөліктерге бөлуге
болмайды;
- кешенді шығындар (құрал-жабдықтардың эксплуатациясы және оларды
сақтаудағы жалпы өндірістік шығындар), олар бірнеше біртекті
шығындардан тұрады.
5) Технологиялық үрдісіне байланысты шығындар:
- негізгі шығындар, олар өнім өндірісіне тікелей қажетті, жұмысты
атқаруға, қызмет көрсетуге қажетті шығындар;
- қосымша шығындар, олар өндіріс үрдісін басқаруға, қызмет көрсетуге,
координациялауға, еңбек етуге жағымды жағдай жасауға қажет.
6) Өнімнің өзіндік құнына және пайда болу уақытына байланысты шығындар:
- ағымдағы шығындар, олар ағымдағы уақытқа қатысты болып, сол кезеңнің
өзіндік құнына кіреді;
- болашақ кезең шығындары, олар берілген уақытта болады, бірақ алдағы
уақыттағы өнімнің өзіндік құнына белгілі бір мөлшерде кіреді;
- алдағы күтілетін шығындар (кезекті демалысқа төленетін төлемдер,
мезгілдік шығындар және тағы басқа), бұл әлі жұмсалмаған шығындар,
бірақ бұларға нормалданған смета жасалады.
7) Бастапқы элементтер бойынша шығындар:
- Материалды шығындар элементі бойынша. Бұған шикізаттың құны,
транспортты дайындау шығындарын ескере отырып, негізгі материалдардың
құны, комплектілік бұйымдар, жартылай фабрикаттар, қосымша
материалдар, сонымен қатар жанар майға және энергияның барлық
түрлеріне кеткен шығындар жатады;
- Еңбек ақы элементі бойынша. Олар: негізгі өндірістік персоналдың
жалақысы, оның ішінде өндіріс нәтижесіне берілетін жұмысшылардың сый
ақысы, ынталандырушы және орнын толтыратын төлемдер, соның ішінде
пайданың индексациясына және бағалардың жоғарылауына байланысты
компенсациялық жалақы, заңмен бекітілген мөлшердегі әйелдерге баланы
қарағаны үшін жартылай төленетін төлем;
- Сақтандыруға берілетін төлемдер элементі бойынша. Заң шеңберінде
бекітілген әлеуметтік сақтандыру, зейнетақы қоры, толық жұмыс күніне
байланысты мемлекеттік қордан және жұмысшылардың жалақысынан алынатын
медициналық сақтандыру шығындары;
- Қосымша шығындар элементі бойынша. Кешенді сипаттағы өндірісті
басқарумен және қызмет көрсетумен байланысты шығындар, яғни
шығындардың құрамына барлық экономикалық элементтегі шығындар кіреді,
сондай-ақ бір немесе бірнеше өнімдерді шығарғанда, бір жағынан, бұл
шығындар нақты сол өнімге қатысты болмай, дайын өнім арасында
бөлінеді, екінші жағынан, жанама кезектегі бұйымдар арасында бөлінеді.
Бұл элемент өзіне келесілерді кіргізеді: өндірісті еңбек құралдарымен
және құрал-жабдықтармен қамтамасыз ететін шығындар, негізгі өндірістік
қорды жұмыс жағдайында ұстап тұру, негізгі өндірістік персоналдың
жалақысы, оның ішінде өндіріс нәтижесінде берілетін жұмысшылардың сый
ақысы, ынталандырушы және орнын толтыратын төлемдер, өндіріс тоқтап
тұрғандағы жоғалтулар, кепілдікпен қызмет көрсетуге кеткен шығындар,
өнімді жөндеуге және жоғарыда көрсетілген шығындар элементтерінің
біреуіне де қатысты емес басқа да шығындар;
Жоғарыда айтылып кеткен жалпыға бірдей элементтер өзінің сипаты бойынша
сапалы біртекті, өндірістік бағытталуға және қолдануға байланыссыз
шығындар. Сондықтан, экономикалық элементтердің классификациясы
кәсіпорынның өнім өндірісінің жалпы шығындарының негізінде жатыр.
8) Калькуляциялау статьялары бойынша шығындар классификациясы өндірістік
бағытта, өндіріс үрдісінің пайда болу орнына байланысты және өнімді
өткізу бойынша бөлулерді көрсетеді. Халықаралық бухгалтерлік есеп
стандарттарының классификациясына сәйкес, шығындар келесі топтар
бойынша классификацияланады:
1. Тауарлы-материалдық корларды бағалауға мүмкіндік беретін және өндірген
өнімнің өзіндік құнын есептейтін шығындар:
- өтіп кеткен шығындар – болашақта пайда әкелмейтін және жұмсалып болған
қаржылар, бұрын сатып алынып, қазір қолда бар және болашақта пайда
әкелетін шығындар;
- өндірістік және өндірістік емес шығындар;
2. Басқарушылық шешімдерді қабылдауға мүмкіндік беретін шығындар:
- тұрақты және ауыспалы шығындар;
- шығындарды есептегенде қабылдайтын және қабылдамайтын шығындар (яғни
болашақ кезең шығындары және өткен кезең шығындары);
- алып тастауға болатын шығындар, альтернативті дұрыс бағытты
таңдағанда, құтылуға болатын шығындар;
- алып тастауға болмайтын шығындар;
- альтернативті шығындар – белгілі бір альтернативті бағытты таңдағанда,
басқа біреуінен бас тартуға тура келеді;
- өсімкі шығындар – қосымша өнім топтарының бірлігін шығарудың
нәтижесінде пайда болатын қосымша шығындар (маржиналды шығындар –
қосымша бір өнім бірлігін шығаруға кеткен шығындар);
Берілген классификация шекті шығындар және шекті пайда теңдеуінің
ережесіне негізделе отырып, оптималды көлемді және бағаны анықтауға
мүмкіндік береді.
3. Шығындардың деңгейін бағыттап және қадағалап отырумен байланысты
шығындар:
- бағытталатын шығындар;
- бағытталмайтын шығындар.
Сонымен, өндірістік шығындардың теоретикалық бөлімін жалғастырайық.
Тұрақты шығындар өндіріс көлеміне байланыссыз және нөлдік өнім көлемінде де
бола береді. Бұл - кәсіпорынның алдындағы міндеттемелер (қарыздар бойынша
проценттер және тағы басқалары), салық, амортизациялық төлемдер, күзет
қызметіне төлемдер, жал төлемі, нөлдік өнім көлеміндегі құралдарға қызмет
ету шығындары, басқару персоналының жалақысы, тағы басқалар. Ауыспалы
шығындар өнім көлемінің санына байланысты болып келеді. Олар материалға,
шикізатқа, жұмысшылардың жалақысына және тағы басқаға кеткен шығындардан
тұрады.
Тұрақты және ауыспалы шығындардың соммалары жиынтық шығынды құрайды, ол
дегеніміз – белгілі бір өнім түрінің өндірісіне кететін ақшалай шығын.
Өнімнің бір данасына кеткен шығынның мөлшерін білу үшін ортақ, ортақ
тұрақты және ортақ ауыспалы шығындар категориялары қолданылады. Ортақ
шығындар жеке жиынтық шығынды өндірген өнім көлеміне бөлгенге тең. Ортақ
тұрақты шығындар тұрақты шығындарды өндірген өнім көлеміне бөлгенге тең. Ал
ортақ ауыспалы шығындар ауыспалы шығындарды өндірген өнім көлеміне бөлгенге
тең.
Максималды пайдаға жету үшін қажетті өнім өндірісін анықтау керек.
Экономикалық талдаудың құралы болып шекті шығындардың категориясы
есептеледі. Шекті шығындар берілген өнім көлемімен салыстырғанда, қосымша
өнім данасына кеткен қосымша шығынды көрсетеді.
Нақты тәжірибеде Ресей және Батыс елдерінде кәсіпорынның шығындарына
талдау жасағанда біраз ұқсастықтар мен айырмашылықтар байқалады. Ал
Қазақстанда өнім өндірісіне және өнім өткізуге кеткен шығындардың соммасы
арқылы өзіндік құн категориясы анықталады. Теорияда өнімнің өзіндік құнына
нормативті өндірістік шығындар кіруі керек, бірақ практикада нормативтен
асатын шикізатқа, материалдарға және тағы басқаларға кететін шығындар
жатады. Сонымен қатар, өзіндік құнды экономикалық элементтерді қосу арқылы
анықтайды (экономикалық мәні бойынша біртекті шығындар). Ал Батыс елдерінде
өзіндік құнның калькуляциясын шығару үшін тікелей немесе жанама шығындардың
классификациясы қолданылады. Тікелей шығындар – бұл өнімнің бір бірлігін
жасауға кететін шығындар. Жанама шығындар – бұл кәсіпорындағы берілген өнім
түрін шығару үрдісіне байланысты шығындар.
Жалпы көзқарас кейбір баптардың нақты классификацияларының арасындағы
айырмашылықты жоққа шығармайды. Батыс елдерінде жоғарыда айтылып кеткен
шығындар бөлінісі қолданылады. Олар, әуелі, тікелей шығындарды және жанама
шығындардың жартысын ауыспалы шығындарға жатқызады, ал жанама шығындардың
екінші жартысын (өнім көлеміне байланыссыз шығындарды) тұрақты шығындарға
жатқызады. Жартылай ауыспалы шығындар болып жоғарыда айтылған жанама
шығындардың бөлігі жеке топ болып көрсетіледі, себебі бұл шығындар өнім
көлемінің өзгерісіне пропорционалды тәуелсіз болып, өзінің көлемі бойынша
өзгереді. Шығындарды тікелей және ауыспалы деп бөлу қосылған құн деген
көрсеткішті алуға мүмкіндік береді. Ол кәсіпорынның жалпы табысынан
ауыспалы шығынды алып тастау арқылы анықталады. Бұл көрсеткіш өндірістің
жалпы тиімділігін және өнімді өткізудегі ауыспалы шығындардың өндіріс
көлемінің санына тікелей байланыссыздығын бағалауға мүмкіндік береді.
ТМД елдерінде шығындарды шартты-тұрақты және шартты-ауыспалы деп бөлу
экономикалық элементтер бойынша есептеледі де, технико-экономикалық
факторлар арқылы экономияны есептегенде қолданылады. Толық есептері қолда
бар фактілік өзіндік құнға негізделе отырып, өнімнің жоспарлы өзіндік құнын
анықтау есебінде де қолданылады. Бұндай есептеулер әрқашан мақсатты емес,
себебі, егер шартты-тұрақты шығындар өнім өндірісінің көлеміне тура
пропорционалды өссе, сонда ғана олар шығындардың ұлғаюын көрсетеді.
Нақты өндіріс қызметінде тек фактілік ақша шығындарын есептемей, сонымен
қатар альтернативті шығындарды да есепке алу қажет. Соңғысы осы немесе
басқа экономикалық шешімдердің таңдауына байланысты болады. Альтернативті
шығындарды өлшеу тек нарықтық қатынастарда ғана керек емес, сонымен қатар
тауар болып табылмайтын объектілерге де керек. Реттелмейтін тауар нарығында
альтернативті шығындар сол кездегі нарықта бекітілген бағаға тең болады.
Егер нарықта бірнеше әр түрлі баға болса, онда тауарды сатудағы
альтернативті шығын, әрине, сатушының тұтынушыға ұсынған ең жоғарғы бағасы
қалған ұсынылған бағаларға тең болады. Альтернативті шығындардың
концепциясы өндірістік қызметке тікелей қажетті.
Шекті шығын деңгейі ресурстарды бөлу тиімділігін анықтағанда және өнім
өндірісі көлемінде максималды пайда әкелетін қағидатты мағынаны береді.
Мүлтіксіз бәсекелестік жағдайында (біртекті өнім шығаратын нарық бағасына
әсер етпейтін көптеген ұсақ өндірушілер) қосымша сатылған бір дана өнімнің
пайдасы осы өнімнің шекті шығынынан көп болады да, кәсіпорынның пайдасы
өседі. Кез келген кәсіпорынға шекті шығындардың және қосымша табыстың
арасында теңдік болып, шығарған өнім көлемін сол көлемде өткізу
пайдалылырақ болады. Сатылған тауар көлемі бір дана өнімнің бағасын және
шекті шығынды еселейді, себебі қосымша көлемдегі өнімді сату қосымша пайда
әкелмейді. Кәсіпорын максималды пайда табуға тырысады, егер тауардың шекті
шығыны нарықтағы бағадан кем болса, ал егер ол нарық бағасынан көп болса,
онда ол өз өндірісін тоқтатады.
Әр кәсіпорын қолда бар ресурстарды өндірістің кең түріне оптималды бөліп,
өзінің қажеттілігін санымен және сапасымен қанағаттандыратын тиімді
экономикаға жетуге тырысады. Бұл мәселені толығымен зерттеуге В. Паретто
айтарлықтай өз үлесін қосқан. В. Пареттоның концепциясына сәйкес, толық
бәсекелестік жағдайында бір кәсіпорынның тиімді дамып-өсуі үшін екінші
кәсіпорынның құлдырауы керек.
Әр салада шекті пайдалылық пен шекті шығынның арасындағы сәйкестіліктің
болуы қоғамдық жағымды жағдайдың болуына және тиімділіктің өсуіне қажет.
Ресурстарды тиімді бөлу баға мен шекті шығындардың тең келуінде ғана
болады. Ол бәсекелестік нәтижесінде шекті пайдалылыққа пропорционалды
болады. Жалпы тиімді бөлу кез келген ұйымның өнім көлемінің жоғарылауына
әкеледі. Егер шекті шығын және нарықтық баға тең болса, онда өнім минималды
жиынтық шығынмен өндіріледі.
Жалпы, өнімнің өзіндік құнын құрайтын шығындар екі негізгі белгілермен
топтастырылады:
1. Шығындардың бастапқы элементтерімен;
2. Пайда болу және міндет жүктеу сипатымен.
1.3 Өзіндік құнды есептеудің шетелдік тәжірибедегі әдістері
Әрбір мемлекетте әр өнім өндіруші өнімнің өзіндік құнын есептеп,
өндірістік шығындарды төмендетуге талпынуы қажет. Өткізетін өнімнің бағасы
мен басқа да жағдайлар тұрақты болғанда, өнім бірлігіне қажетті шығындарды
қысқарту табыс көлемін ұлғайтады.
Әр мемлекетте өндірістік шығындарды азайтудың әр түрлі жолдары
қолданылады. Олардың барлығын төмендегідей етіп біріктіруге болады:
1. Өндірістік-техникалық деңгейін жоғарылату шаралары:
- өндірістік үрдістерді механизациялау мен автоматизациялауды басқарудың
автоматизацияланған жүйелері мен жаңа технологияларды енгізу;
- қолданылатын техника мен технологиялардың эксплуатациясы;
- өнім сапасын жоғарылату, өнімдердің техникалық сипаты мен құрылымын
өзгерту;
- еңбек құралдарын жетілдіру, яғни жетілдірілген шикізат пен
материалдар;
- шикізат пен материалдарды ұтымды пайдалану;
- өндірістің техникалық деңгейін жоғарылатушы басқа да факторлар;
- амортизациялық аударымдарды көбейту арқылы өнімділікті жоғарылатушы
құралдарды қолдану.
Жалпы, материалдар мен ресурстарды үнемдеудің түрлі жолдары бар, олардың
негізгілері төмендегідей:
1) Материал, шикізат, отын, электроэнергияны рационалды пайдалану;
2) Бұрыс өнімді жою;
3) Экономикалық материалдардың жаңа түрін енгізу;
4) Шикізат пен материалдарды кешенді пайдалану.
2. Өндіріс пен еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру шаралары:
- өндірісті басқаруды жетілдіру;
- еңбекті ұйымдастыруды жақсарту;
- материалдық-техникалық қамсыздандыруды жетілдіру;
- өндірістік емес шығындарды жою;
- өндірісті мамандандыру;
- шығындарды жақсарту;
- жұмысшылардың уақытын нәтижелі пайдалану;
- өндірісті ұйымдастыруды жетілдірудің басқа да факторлары.
3. Өндірілетін өнімнің көлемі мен құрылымын өзгерту шаралары:
- амортизациядан басқа, тұрақты шығындарды айтарлықтай қысқарту;
- өндірістік қорларды пайдалануды жақсарту, соған байланысты
амортизациялық аударымдарды айтарлықтай қысқарту;
- өндірілетін өнімнің құнын өзгерту.
4. Пайдалы қорлар мен басқа да шикізаттарды қысқарту әдістері мен табиғи
жағдайларды өзгерту.
Ескеретін жайт, өнімнің өзіндік құнын қысқарту – бір жолғы процесс
емес, ол күнделікті кәсіпорын басшыларының алдындағы міндет болып табылады.
Өзіндік құнды төмендету дегеніміз – жүйелі әдіс-тәсілдерді және жалпы
басқаруды талап ететін көп жоспарлы үрдіс.
Соңғы 34-40 жылдар ішінде дамыған мемлекеттер өндірілген өнімге кеткен
шығындарды ескергенде, қысқартылған калькуляция әдісін қолданып келеді. Бұл
әдіс тұрақты, ауыспалы, жалпы және шекті шығындарды анықтайды.
Шетелдік кәсіпорындарда өнімнің өзіндік құнын жоспарлағанда және
бақылағанда, оның ішінде ауыспалы шығындарды зерттегенде директ-костинг
әдісі қолданылады. Бұл әдісте негізгі қаржылық көрсеткіш ретінде маржиналды
табыс және табыстың өзі алынады. Ол келесі кестеде көрсетілген:
1-кесте - Директ-костинг жүйесі бойынша табыс жайында есеп беру
№ Көрсеткіштер Шартты белгіленуі
1 Өнімді сатудан түскен түсім В (табыс)
2 Ауыспалы шығындар Зпер
3 Маржиналды табыс Пм = В – Зпер
4 Тұрақты шығындар Зпост
5 Табыс П = Пм - Зпост
Осы кестені ұсынған авторлардың көрсетуі бойынша директ-костинг әдісі
өндіріс көлемі мен оған кеткен шығындар арасында, өндіріс көлемі бойынша ол
өндіріс табысты болып жатыр ма, әлде шығындалып жатыр ма, өндіріс көлемін
ұлғайтқанда немесе төмендеткенде өнімнің өзіндік құны қандай болатынын
көрсетіп, осындай көрсеткіштер арасында байланыс орнатуға мүмкіндік береді.
Осы калькуляциялық әдісте тұрақты шығындардың көлемін ерекше қарау сол
шығындардың табыс соммасына қаншалықты көлемде әсер ететінін көрсетеді.
Маржиналды табыс көлемінің өзгеруі шығарылатын өнімнің ассортиментіне
өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді.
Қорытындылап айтатын болсақ, директ-костинг әдісі табыстың көлемін
анықтайды және ауыспалы шығындардың өткізу бағасынан, шығаратын өнім
құрылымының әсерінен табыс көлемінің ауытқуын, өзгерісін анықтауға
мүмкіндік береді. Осындай талдаулар негізінде кәсіпорын мен шығындарды
басқарудың керекті шараларын қабылдауға болады. Мұндай жүйелерді қолдану,
әсіресе, Қазақстанның нарықтық экономикасын жақсы білу үшін пайдалы.
Бүгінгі күнде табыстың өсуі – біздің негізгі мақсатымыз болып
табылатындықтан, оған жету үшін өнімнің бағасын көтеруіміз керек.
Керісінше, өндірілген өнімге жоғары емес бағаны қоя отырып, оны бәсеке
қабілетті өнім ретінде ұсынуымыз керек. Сонымен қатар, нарықты жаулап алу
үшін және оны ұстап қалу үшін табыстың нормасын төмендету негізінде арзан
әрі сапалы өнім сатуымыз қажет. Яғни, сату көлемін ұлғайта отырып, жоғарғы
табысқа жетуімізге болады.
Сонымен, басқару шешімдерін қабылдаудағы негізгі көрсеткіш болып
шығынсыздық нүктесі саналады. Оның негізі мынада – кәсіпорын пайда да
көрмейді, шығынға да ұшырамайды.
Шетел кәсіпорындары мен фирмаларында бәсекелестердің өндіріс
шығындарының салыстырмалы талдаулары жүзеге асырылады. Мұндай талдау
өзінің өндірістік шығындарын бәсекелес кәсіпорынның өндірістік шығындарымен
салыстыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, олардың артықшылықтарын біле
аламыз, олардың өндірістік шығындарының көлемімен таныса аламыз. Олардың
қателіктерін ескере отырып, өзіміздің өндіріс шығындарының құрылымын
жақсартамыз және шығындарды төмендетеміз.
1–сурет - Табыстылық графигі
Бізге белгілі болғандай, жоғарғы сапалы өнім өндірісі жоғарғы деңгейлі
шығындарды талап етеді. Бірақ, 70 жылдардың аяғы және 80 жылдардың басында
бұл пастулат іс жүзінде Жапонияның машина жасау компанияларымен толық жоққа
шығарылды. Себебі, жоғарғы сапалы өнімдерді шығаратын кәсіпорындарда еңбек
өндірісі жоғары болып, өндірістік шығындар төмен болады. Жапониядағы
автокөлік және электронды өндіріспен айналысатын кәсіпорындардың еңбек
өндірісі сол өндіріспен айналысатын АҚШ кәсіпорындарынан 2 - 2,5 есе артық
болды. Бұл айырмашылық дәл уақыт әдісін қолданғаны үшін ғана пайда болып
тұр.
Дәл уақыт әдісі Жапониядағы Тойота атты автомобиль шығаратын фирманың
басты басқару жүйесі болып табылады. Бұл жүйенің негізгі мақсаты –
шығындарды қысқарту болып табылады. Шығындарды қысқарту үшін сұраныстың
күнделікті өзгеруін, жоғарғы сапалы комплектілік бұйымдармен қамтамасыз
етілуін, қызығушылықтың өсуін, жұмыскерлердің жұмыс белсенділігі мен
өнімнің номенклатурасын және өнім өндірісінің көлемін үздіксіз бақылап
отыру керек. Дәл уақыт әдісінің негізгі қағидасы болып автономизация және
персоналды қолдану жүйесінің икемді болуы табылады. Бұл әдіс өндірісте
қажет емес өнімді қажет емес уақытта және қажет емес көлемде талап етеді.
Автономизация деген сөз ахуалды ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz