Қаржылық менеджердің қызметі
Мазмұны
Кіріспе 2
1 ТАРАУ . ҚАЗІРГІ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДАҒЫ КӘСІПОРЫН ҚАРЖЫСЫНЫҢ МӘНІ МЕН
МАҢЫЗЫ 4
1.1 Кәсіпорындағы қаржы ресурстарын басқару жүйесінің қызмет ету процесі
және құрылымы 4
1.2 Нарықтық экономика жағдайындағы қаржы менеджменттің мәні мақсаты және
міндеттері. Қаржылық менеджменттің эволюциясы 7
2-ТАРАУ. ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІНІҢ МӘНІ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 11
2.1 Қаржылық менеджердің біліктілік сипаты және оның функциялары 11
2.2 Қазақстан кәсіпорындарындағы қаржылық менеджменті 20
Қорытынды 25
Қолданылған әдебиеттер 27
Кіріспе
Қазақстанда нарықтық экономика барған сайын үлкен қарқын алуда. Онымен
бірге шаруашылық процесті реттеудің негізгі маханизімі ретінде бәсекелестік
те күш алуда. Бәсеке қабілеттелік кәсіпорынға, акционерлік қоғамға, кез-
келген шаруашылық субъектісіне капиталдың қозғалысын дұрыс басқарумен
ондағы қаржы ресурстарының басқарылуының қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасының аумағында кәсіпорындардың келесі түрдері
құрылып жұмыс істеуі мүмкін:
• Адамдардың бірігуі ретінде серіктестік, олардың қызметіне
құрылтайшылар тікелей қатысуы міндетті;
• Капиталды біріктіру ретіндегі қоғам;
• Қарапайым азаматтардң өндіріске қатысу нысанындағы өндірістік
коперативтердің нысаны;
• Мемлекеттік кәсіпорындар.
Шарушылық қоғам үш түрде болуы мүмкін:
1. Акционерлік қоғам
2. Жаупкершілігі шектеулі шаруашылық қоғам
3. Қосымша жауапкершілігі шектеулі шарушылық қоғам
Меншік нысанының әртүрлілігі Қазақстандағы қаржы рыногының пайда болуы
рынок қатысушыларының арасындағы қаржылық қатынастардың пайда болуын
көздейді.
Қаржылық қатынастар келесі негіздерден пайда болады:
• Ұйымдармен кәсіпорындар арасында жиынтық табысты қалыптастыру мен
бөлу процесінде, жеткізілімді төлеу кезінде, дайын өнімді сату
кезінде;
• кәсіпорынның акцияларын шығару мен тарату кезінде;
• Валюталық қорды пайдалану кезінде кәсіпорындармен және шетелдік
әріптестер арасында.
Қаржылық менеджмент немесе қаржылық ресурстарды және қатынастарды
басқару шаруашылық субъектінің бәсекелестік қабілетінің көтерілуі
мақсатында қаржы саласында нарықтық механизмді реттеудің нысандары мен
тәсілдерін, қағидаларын, әдістерін қамтиды.
Шағын бизнесте қаржыларды басқару үшін бүхгалтермен экономистің
біліктілігі жетіп жатыр, өйткені қаржылық операциялар негізі ақша айналымы
болып табылған жай қолма-қолсыз есептесудің шегінен шықпайды. Ірі
бизнестегі көрініс тіптен басқаша. Ірі бизнесте санының сапаға өтуінің
заңдылығы жұмыс істейді. Ірі бизнеске ірі капитал қажет және өнімді
тұтынушылар қажет. Орташа немесе үлкен бизнестегі қызметінің көлемімен
мөлшерін инвестициямен, капиталды көбейтумен байланысты қаржылық
операциялар иеленеді.
Ірі бизнестегі қаржыны басқару үшін қаржылық бизнес саласында арнайы
дайындықтағы мамандар қажет. Қаржылық менеджерлер (қаржылық директорлар).
Қаржылық теориясын біле тұра менеджмент негіздері, қаржылық менеджер
тәжірибе жинақтай отыра бизнестің негізгі тұлғасы болады. Қазақстанда елдің
әлемдік дамудың жалпы экономикалық процестеріне тартылуымен қамтылған терең
экономикалық өзгерістер болды. Экономиканы басқарудың бұрыңғы механизмін
түбегейлі қайта құруы жүріп жатыр.
Нарықтық экономика оның үлгілерінің әр-түрлілігі кезінде мемлекет
реттеумен толықтырылатын әлеуметтік бағыттаға шаруашылықты білдіреді.
Нарықтық қатынастардың өзіндік жүйесінде, сондай-ақ оларды мемлекет
тарапынан реттеу механизмінде де қаржы басты рөл атқарады. Олар нарықтық
қатынастардың ажырамас бөлігі болып табылады, және мемлекттік саясаттың
жүзеге асырылуының маңызды құралы болып табылады. Міне, сондықтанда
қаржылық менеджердің жұмысының маңыздылығы артып отыр.
Қазақстанның экономикасының көтерлуі, бұған кең ауқымды теориялық
білімдері бар жоғары білікті кадрлардың және оларға инвесторлардың,
акционерлердің, несие берушілердің, өзгеде қаржылық қатынастар
қатысушылардың мүдделердің объективті қорғауды жүзеге асыратын жақсы
тәжірбиелік мектептің қатысуынсыз мүмкін емес.
Міне, сондықтан да қазіргі таңда біздің республикамызда қаржылық қызмет
саласында мамандардың даярлаумен оқытуға көп көңіл бөлінуде.
Бұл курс жұмысы, кәсіпорындағы және қазіргі таңдағы нарықтық
экономикадағы қаржылық менеджердің орынын, қаржылық менеджерге қойылған
талаптарын ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған. Жұмыс қаржылық
менедрментінің кәсіпорындағы атқаратын рөлін айқындауға және шарушылық
субъектінің қаржылық жағдайын талдау әдістемесіне арналған.

МАҢЫЗЫ

және құрылымы
Кез-келген бизнес келесі үш басты сұрақтарды қоюмен оған жауап іздеуден
басталады:
• Кәсіпорын алдына қойылған мақсаттар мен міндеттерді орындауға
мүмкіндік беретін кәсіпорынның активтерінің тиімді құрамымен
көлемі қандай болуы қажет?
• Қаржыландырудың көздерін қайдан табу қажет және олардың тиімді
құрамы қандай болуы қажет?
• Кәсіпорынның төлем қабілеттілігімен қаржылық тұрақтылығыгн
қамтамасыз ететін қаржылық қызметі ағымдағы басқаруды қалай
ұйымдастыру қажет?
Бұл мәселелер кәсіпорынды басқарудың жалпы жүйесінің негізгі бірден-бір
жүйесі болып табылатын қаржылық ресурстарды тиімді басқарудың жүйесі
ретінде қаржылыж менеджменттің шегінде шешіледі. (1-сурет).
Ø
Шаруашылық субъектісін, сондай-ақ оның кадрлық құрамын басқару жүйесін
ұйымдастырушылық құрылымы, кәсіпорынның көлемімен оның қызмет түріне
байланысты түрлі тәсілдермен құрылған. Ірі компания үшін бухгалтерия мен
қаржылық бөлім кіретін қаржы бойынша вице- президентпен (қаржылық
директормен) басқарылатын арнайы қызметтің бөлінуі тән болып келеді.
Сурет-2
2-суретте көрсетілген схема типтік болып табылмайды, оның құрамы қандай
да бір елде бизнесті, компания түрін, оның көлемі мен басқа да фаторларын
ұйымдастырудың ұлттық ерекшеліктеріне байланысты өзгеріп отыруы мүмкін1.
Үлкен емес кәсіпорындарда қаржылық директордың рөлін әдетте бас
бухгалтер атқарады. Қаржылық менеджердің жұмысында басты, ол оның фирманы
басқарудағы жоғары буыны жұмысының бөлігі болып немесе оған қаржылық
сипаттағы басқару шешімдерінің қабылдану үшін қажетті сараптамалық
ақпаратты берумен байланыстылығы табылады. Фирма басқарудың
ұйымдастырушылық құрылымына байланыссыз қаржылық мәселелерді талдауына
жауап береді.
Кез келген ірілеу компания белгілі бір дәрежеде қаржылық рынокпен
байланысты; бұл байланыс көп түрлі, өйткені компания әр түрлі жағдайда
болуы мүмкін; бағалы қағаздардың эмитенті, инвестор, қарыз алушы, лендер,
алып сатушы болуы мүмкін. Осыған байланысты қаржылық рыноктағы операциялар
қаржылық құралдардың көмегімен жүзеге асырылады. Осы ұғымның талдануына әр
түрлі көз қарастар бар. Сонын ішінде: қаржылық құралдар қаржылық рынокта
саудасы жүзеге асырылатын қысқа және ұзақ мерзімді инвестициялауды
көздейтін контрактыны білдіреді. Осылайша, қаржылық құралдарға акцияларды,
облигация, фьючерстарды жатқызуға болады.
Қаржылық менеджердің аясында әдістер мен тәсілдер көп түрлі. Оларды үш
топқа бөлуге болады: жалпы экономикалық, болжамды – сараптамалық және
арнайы.
Бірінші топқа несиелеу, саудалық – қарыздық операциялар, кассалық және
есептесу операцияларының жүйесі, сақтандыру жүйесі, есептесу жүйесі
қаржылық санкцияларының жүйесі, трансферттік опреациялар, амортизациялық
аударымдар өндірісінің жүйесі, салық салу жүйесі жатады. Мұндай тәсілдердің
жалпы логикасы олрадың негізгі параметрлері, орындаудың мүмкіндігі немесе
міндеттілігі экономиканы мемлекеттік басқарудың жүйесінің шеңберінде
орталықтандырылған. Бірақ оларды қолданудың вариабельдігі жеткілікті
дәрежеде шектеулі болғанымен, жекелеген тәсілдерді пайдаланудың варианттары
нақты кәсіпорынның деңгейінде жиі анықталады.
Екінші топқа қаржылық жоспарлау, салықтық жоспарлау, болжау әдістері,
үлгілеу әдістері жатады. Бұлардың көбісі табиғаты бойынша жасалған.
Осы екі топ арасындағы аралық жағдай орталықтандырылған реттеудің
дәрежесі бойынша жеке қолданудың міндеттілігі бойынша қаржыларды басқарудың
арнайы тәсілдері алады. Олардың көбісі өзінің таралуын енді бастап жатыр,
бұл дивиденттік саясат, қаржылық аренда, факторингтік операциялар,
франчайзинг, фьючерстер. Осы тәсілдердің негізінде туынды қаржылық
құралдар жатыр.
Қаржыларды басқарудың ақпараттық қамтамасыз ету жүйесінің негізі болып
қаржылық сипатты кез келген мәліметтер, соның ішінде бухгалтерлік есепті,
қаржылық органдардың хабарландырудың, банктік жүйенің мекемелерінің
ақпаратын, тауарлық, қорлық және волюталық биржалардың мәліметтерін, өзге
де ақпараттарды айтуға болады.
Қаржыларды басқарудың техникалық қамтамасыз ету жүйесі дербес болып
табылады және оның негізгі элементі болып табылады. Көптеген, қазіргі
таңдағы қағассыз технологияға негізделген (банкаралық есептесулер өзара
есептесулер несие карточкалар арқылы есептесулер, клирингтік есептесулер)
жүйелер ЭВМ желісін, персоналды компьютерлерді, қолданбалы бағдарламалардың
қызмет ету пакеттерін қолданусыз мүмкін емес. Ағымдағы сарапатамалық
есептерді орындау үшін қаржылық менеджер стандартты бағдарламалық
қамтамасыз етумен, соның ішінде Excel, Lotus типіндегі пакетпен қолдануы
мүмкін.
Қаржыларды басқарудың кез келген жүйесін қызмет етуі құқықтық және
нормативтік қамтамасыз етудің шеңберінде жүзеге асырылады. Оған
президенттің заңдары, бұйрықтары, үкіметтің қаулылары министрлер мен
ведомстволардың бұйрықтары мен нұсқаулары, лицензиялар, жарғылық құжаттар,
нормалар, инструкциялар, әдістемелік көрсеткіштер жатады.

міндеттері. Қаржылық менеджменттің эволюциясы
Бухгалтерлік есепке қарағанда қаржылық менеджмент дербес ғылым ретінде
жақында ғана құрылды. Қаржы теориясы бойынша жекелеген жасақтауы екінші
бүкіл дүние жүзілік соғысқа дейін жүргізілген: соның ішінде, 1938 жылы Дж.
Уильямс ұсынған қаржылық активтің құнын бағалуды белгілі үлгісін атап
кеткен жөн. Ол фундаменталды көзқарастың негізі болып табылады. Соған
қарамастан, бұл процестің негізін қалаған Г. Марковица екіндігін санаған
жөн. Бұл жұмыстарда қаржылық активтердегі инвестициялау саласында
қабылданған шешімдердің әдістемесі беріліп, сәйкес ғылыми инструментари
ұсынған. Ұсынған идеялар математикалық апарат секілді елеулі дәрежеде
теориялық сипатқа ие болды, ол олардың тәжірибедегі қолданысына қиындатты.
Кейінінен Марковицаның шәкірті Уильям Шарп математикалық ақпартты
“анағұрлым тиімді және жеңілдетілген вариантын ұсынды”. Оған бір факторлы
үлгі деген атау берілді. Шартпен берілген техника жүздеген қаржылық
активтер кіретін ірі портфельдерді тиімді басқаруға мүмкіндік берді.
Бұл бөлім өзінің одан ары дамуын бағалы қағаздардың баға
қалыптастыруына, капитал рыногының тиімділік концепциясын жасауына
тәуекелмен кірістіліктің үлгісін құруға және олардың эмпирикалық
бекітілуіне, жаңа қаржылық құралдардың жасалуына арналған зерттеулерде
алады.
Соның ішінде 60 – жылдарында У. Шарп, Дж. Линтер, Дж. Моссина күшімен
портфельдің жүйелі тәуекелділігі мен кірістілігін білдіретін қаржылық
активтердің (Capital Assets Pricing Model, CAPM) кірістілігін бағалаудың
үлгісі жасалды. Бұл үлгі қаржылар теориясындағы ана ғұрлым маңызды ғылыми
жетістік ретінде қалып отыр. Соған қарамастан, ол белгілі бір сынауға
тұрақты ұшырап отырды. Сондықтанда САРМ үлгісіне ұқсас бірнеше тәсілдер
жасалынды. Соының ішінде бұл арбитражды баға қалыптастырудың теориясы,
опционалдық бағасының қалыптасы теориясы, және белгісіздік жағдайындағы
преференция теориясы. 2
Анағұрлым танымалдықты арбитражды баға қылыптасу теориясы алды.
(Arbitrage Pricing Theory, APT). APT концепциясы қаржы саласындағы белгілі
маман Стивен Росспен ұсынылды. Үлгінің негізіне кез келген акцияның
фактілігің кірістілігі екі бөліктен тұрады деген пайымдау енгізген: қалыпты
немесе күтілетін кірістілік және тәуекелділік немесе белгісіздік
кірістілік. Соңғы момент бірнеше экономикалық факторлармен анықталды.
Мысалы, елдегі нарықтық жағдаймен, ішкі жиынтық өнімімен бағаланатын
әлемдік экономиканың тұрақтылығымен, инфляциямен, пайыздық ставкалардың
динамиксымен анықталады.
САРМ басқа екі альтернативті үлгілері – опциондар бағасының қалыптасу
теориясы (Option Pricing Theory OPT) және белгісіздік жағдайындағы
преференция теориясы (State Preferens Theory SPT) белгілі бір себеп
бойынша жеткілікті дәрежеде дамыған жоқ және қалыптасу сатысында тұр. Соның
ішінде SPT теориясына қатысты оның теориялық сипат иеленетіндігі туралы
айтып кетуге болады. Мысалы, рыноктың болашақ жағдайын нақты бағалаудың
анықтау қажеттлігін көздейді ОРТ теориясының қалыптасуының Ф. Блэк және М.
Скоулз аттарымен байланыстырды, ал преференция теорисының Дж. Хиршипр
атымен байланыстырды.
Қаржылық активтердің және ақпараттың құнының өзара байланысы 50-
жылдардың аяғында зерттелді. Бірақ, ақшалай болып Ю. Фамның мақаласы
саналады. Онда капитал рыногының тиімділігінің үш нысанының бөлінуі
қарастырылады. Ол күшті, бәсең, әлсіз болып бөлінеді. Бұл саладағы кейінгі
жаңалықтар ұсынылған топтамалардың теориялық аспектілерін қарастырмады, тек
оның бекітілуінің эмпирикалық жағын қарастырды.
50-жылдарының екінші жартысында капитал құрылымының теориясымен
қаржыландырудың көздерінің бағасы бойынша қарқынды зерттеулер жүргізілді.
Бұл зерттеулердің бастамасы 30 – шы жылдары Дж. Ульямс жұмысымен, кейінінен
50-жылдары Д. Дюранның жұмысымен басталды. Соған қарамастан бұл бөлім
бойынша негізігі үлес Ф. Модильяни және Ф. Миллерге берілгендігі жалпыға
белгілі болып табылады. Олардың теориясы шектеуші сипатқа ие болатын бір
қатар алғы шарттарға негізделген. Осы саладағы одан әрі қарайғы зерттеу осы
шектеулердің әлсізденуінің мүмкіндіктерін зерттеуге арналған. Сонымен қатар
әр түрлі үлгілерді қолданылу мүмкіндігі, соның ішінде әр түрлі көздердегі
капиталдың құнын есептеу үшін САРМ зерттелді. 3
Барлық аталған жаңалықтардың ішінен екі бағыт – портфель теориясымен
капитал құрылымының теориясы ірі компанияның қаржыларының басқаруларының
ғылымы мен техникасын негізін білдіреді. Олар екі маңызды мәселелерге жауап
беруге мүмкіндік береді: қаржылық ресурстарды қайдан алу керек, және қаржы
ресурстарды қайда салу керек? 1958 ж. Модильян мен Миллердің пионерлік
жұмысы басылып шыққаннан кейін қаржы теориясы аясында ірі мамандар
Т.Е.Коупленд және Дж. Ф. Уенстонмен қазіргі уақытта жаңа қаржы теориясы
ретінде танылған, қолданбалы микроэкономикадан жеке бағыт ретінде бөлінген
бұл жұмыс қарастырылған.
Қаржылардың қазіргі таңдағы теориясының шеңберінде қаржылық
менеджменттің қолданбалы пәні қалыптасты. Ол ірі компанияның қаржыларын
басқарудың техникасымен әдістемесіне арналған ғылымы ретінде қалыптасты.
Бұл негізінен қаржылық ресурстардың теориясынның базалық бөлімдерін
бухгалтерлік есептің (компанияның қаржылық жағдайының анализі, дебиторлық
борышты басқару мен анализ) сараптамалық бөлімдерімен табиғи толықтырылу
жолымен жүзеге асты. Сондай-ақ басқарудың теориясының бір қатар апараты
арқылы жүзеге асады. Осы жаңа пән бойынша алғашқа монографиялары 60-
жылдардың басында ағылшын тілді елдерде қалыптасты. Оны оқу құрал ретінде
де қолдануға болады. Қазіргі таңда қаржылық менеджмент туралы дербес ғылыми
бағыты ретінде және тәжірибелік қызметі ретінде ғана емес, сондай ақ оқу
пјні ретінде де қалыптасқандығы туралы айтуға болады.
Басқару теориясының, қаржы теориясының, бухгалтерлік есептің
сараптамалық апаратының дербес бағыттағы – қаржылық менеджментке синтезі
толық түсінікті болы қана қоймай, сондай-ақ тиімді болып табылмайды.Басқару
аспектілердің күшімен қамтамасыз етілген мүндай метамарфозалар маңызды болы
табылады. Анағұрлым көрсеткіш мысалы ретінде бухгалтерлік есептің англо-
американдық үлгінің шеңберінде басқару есебінің трансформациясы көрінеді.
Мәселелердің сәйкес көлемі шығының есебі ретінде және басқарма есебі
ретінде қамтылады.Кейінгі кезде ол шығынды басқару ретінде түсіндіріледі.
Бұл пәннің мазмұнды бөлігі әр түрлі жағдайда анықталуы мүмкін. Соның
ішінде тәсілдердің бірінен көрінгендей ол осындай болуы мүмкін. Ірі
компанияның қаржыларын бақару оның иелерінің мүдделеріне байланысты жүзеге
асырылады.Жоғарыда аталғандай негізгі мақсат айқындалады: оның
капитализациялынған қүнның өсіру арқылы фирманың құнын өсіру арқылы
фирманың құнын максимизациялау болып табылады. Бұл мақсатқа жету үшін
компанияның қаржылырын басқару шегінде шешімдер үш бағытта қабылдануы
керек:
• Инвестициялық саясат
• Қаржы көздерін басқару (яғни құралдарды қайдан алуға болады және
қаржыландыру көздерін оптималды құрылымы қандай)
• Дивидендтік саясат
• Революцияға дейінгі Ресейде қаржылық менеджменттің дербес ғылым
ретіндегі ұғымы болған емес. Соған қарамастан осы ғылымның
базалық құрылымына кіретін екі бағыт қажет. Олар: қаржылық
есептеулер мен баланстық таңдау. Бұлар сол кездің өзінде де сәтті
дамыған.
Қаржылық есептер капитализмнің пайда болуымен қалыптасты, бірақ жеке
сала ретінде 19-ғасырда ғана қалыптасты. Сол кезде олар коммерциялық
есептерге немесе коммерциялық арифметика ретінде белгілі. 19 – ғасырда бір
қатар елдердің экономикалық өсімін коммерциялық білімнің таралу жүйсін
қолдаудың дәрежесімен байланыстырады. Соның ішінде, Германияда сол жылдары
осы білімді тарататын 24 – жоғары коммерциялық училище өмір сүрді.
Коммерциялық ғылымының негізін қолданылуы әр бір қаржылық операцияны,
әр бір сауда актісін әр қашан алып жүру ғана емес, көбінде оны ғылым
ретінде коммерциялық арифметика құрады. Қазіргі таңның көзқарасы тарапынан
жаңа ғылымының процедуралық жағы қиын емес, ол пайыздық есептеу
техникасын, вексельдік есептеу техникасын, вексельдік бағам және қаржылық
операциялар бойынша есептеу техникасын енгізді. Бірақ, коммерциялық
арифметиканың мазмұнды жағы қазіргі таңда да өзекті болып отыр.
Экономикасы дамыған елдерде қаржылық анализді капитал рыногындағы
анализдің әрекетін аясын шектейтін тәсіл бар. Осы тәсілге сәйкес қаржылық
менеджер – бұл ірі компанияның қаржыларын басқару бойынша маман; қаржылық
сарапшы – белгілі бір дәрежеде анағұрлым тар маман.
Сонымен, қаржылық менеджментке қатысты бұл бағыт әлеуметтік экономикада
бір қатар себептерге байланысты қалыптаса алмады. Соның ішінде бағалы
қағаздар рыногының болмауынан және кәсіпорынның қаржылық дербестігінің
болмауынан орын алған.
90-жылдардан жүзеге асырылған экономиканың нарықтық қатынастарға көшуі,
соның ішінде банктік жүйедегі түбегейлі өзгерістер, меншік нысандарының
енгізілуі, бухгалтерлік есептің трансформациясы шаруашылық субъектінің
қаржылық ресурстарын басқаруды қайтадан өзекті етті. Бұл түсінікті де,
өйткені қаржыландыруды иелене отырып, талап етілген комбинацияда қажеттілік
кезінде кез келген басқа ресурстарды алуға болады. 4
2-ТАРАУ. ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІНІҢ МӘНІ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
2.1 Қаржылық менеджердің біліктілік сипаты және оның функциялары
Қаржылық менеджердің біліктік сипаты оған оның теориялық дайындығына
және жұмысының тәжірибесіне талаптар қояды. Біліктік сипаты екі бөлімнен
тұрады: Білуі қажет және жасай алуы керек.
Келесілерді білу қажет:
1. Менеджмент теориясын
2. Қаржының, несиенің, ақша айналымының теориясын
3. Қаржылық менеджмент теориясын
4. Бухгалтерлік есепті
5. Экономикалық статистиканы, статистикалық есепті
6. Қаржылық, несиелік, банктік, биржалық қызметінің саласында ҚР
заңнамасын білу
7. Халықаралық есеп және сыртқы экономикалық қызмет бойынша нормативтік
заң актілерін
8. Бағалы қағаздардың түрлерін және олардың айналымдарын. Бағалы
қағаздардың шетелге айналымын
9. ҚР ішкі қаржылық рыногындағы операциялардың жүргізілу ережесімен
тәртібін
10. Халықаралық қаржы рыногында операцияларды жасаудың негіздерін
11. Шаруашылық субъектісінің экономикасының негіздерін
12. Экономикалық анализдің әдістемесі мен әдісін
13. Іс жүргізуді және корреспонденцияны
Келесілерді жасай білу қажет:
1. Бухгалтерлік балансты оқу
2. Шаруашылық субъектісінің статистикалық, бухгалтерлік және оперативтік
есебін білу
3. Қаржылық ақпаратты білу
4. Шаруашылық субъектісінің сауда - өндірістік және әсіресе қаржылық
қызметтінің нәтижелерін анализдеу
5. Капитал салу бойынша шаралардың экономикалық тиімділігн анализдеу мен
бағалау
6. Капитал салудың нәтижелерін болжамдау, нақты шешімдерін қабылдау мен
бағалау
7. Қаржылық ресурстарды пайдаланудың бағдарламасын жасау
8. Қаржылық ресурстарды пайдалану бойынша және қаржылық жоспарды орындау
бойынша есеп жасау
9. Қаржылық жоспарды құру
10. Банкттерге, салық қызметіне өзге де басқа да органдарына беру үшін
қаржылық мәселері бойынша құжаттарды дайындау
11. Қаржылық мәселелер бойынша басқару органдырмен және шаруашылық
субъектілерімен хат алысуды жүргізу
12. Қаржылық жоспардың, қаржылық бағдарламаның көрсеткіштерінің
орындалуына, қаржылық ресурстарды, негізгі қорды, материалдық емес
активтерді, айналым қаражатын тиімді пайдалануға бақылауды жүзеге
асыру.
Қаржылық менеджердің қызметі.
Қаржыларды жоспарлау
Қаржылық жоспарлау бұл кәсіпорынның дамуын қамтамасыз ету үшін ақша
қаражаттарын шығандаудың бағыттарын барлық оның кірістерін жоспарлау болып
табылады. Қаржылық жоспарлау әр түрлі мазмұндағы және бағыттағы қаржы
жоспарлаудың міндеттерін және объектілеріне байланысты жүзеге асырылады.
Осыны басшылыққа ала отырып, қаржылық жоспарларды перспективті,
ағымдағы және опреативтік деп бөлуге болады.
Перспективті және ағымдағы жоспарлаудың мысалы болып бизнес-жоспар
табылады. Ол дамыған капиталистік елдерде жаңа кәсіпорын құру кезінде және
өнімнің жаңа түрлерін өндіру кезінде жасалады. Ол үш жалдан бес жалға дейін
мерзімде жасалады. Өйткені жоспарлар одан көп жылға жарамауы мүмкін. Бизнес-
жоспар тек қаржылық жоспар болып табылмайды. Ол нақты инвестордың белгілі
бір жағдайда жаңа кәсіпорынды құруға немесе жаңа өндірістік бағдарламаны
қаржыландыруға қатысуға тартудың стратегиясын жасау үшін қажет.6
Бизнес-жоспарды құру сөзсіз кәсіпорынды ішкі басқаруды қамтамасыз
етеді. Өтйкені ол мақсаттардың қойылуымен олардың тәжірибе жүзінде іске
асырылуы жасалады. Бизнес-жоспардың кәсиби құрылымы инвесторлардың
қаражаттарын сақтауға және банкроттық ықтималдылығын төмендетуге мүмкіндуік
береді. Кәсіпорынның басшылығы барлық уақытта таңдау алдында тұрады. Ол
жүзеге асырылуы тиімді бағасының таңдауын жүзеге асырады, несиелік және
инвестициялық саясаттың салсындағы шешімдерді қабылдайды.
Кәсіпорынның барлық қызметі рентабельді болу, кәсіпорынның жұмысының
нәтижелеріне мүдделі толғалардың тобын (меншік иелері, кридиторлар т.б.)
қанағаттандыратын көлемде ақша қаражатының түсі мін қамтамасыз ететін
жағдайға жету қажет. Экономикалық қызметтің күтілетін нәтижелерін бейнелеу
болашақта кәсіпорынның бюджетін құрған кезде орын алады.
Жалпы қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді жоспарлауды ажыратады.
Қабылданатын шешімдердің бір қатарын мәні өте ұзақ мерзімді
перспективаларға таралады. Бұл мысалы, негізгі капиталдың элементтерін алу,
кадр саясаты шығарылатын өнімнің түрлерін анықтау секілді салалардағы
шешімдерге қатысты болады. Мұндай шешімдер кәсіпорынның қызметін бірнеше
жылға алға анықтайды және ұзақ мерзімді жоспарда көзделу қажет. Ондағы
дәйектілік дәрежесі жоғары емес. Ұзақ мерзімді жоспарлар құрамдас элементі
қысқа мерзімді жоспарлар болып табылатын шектеулі конструкцияны білдіруі
қажет.
Негізінен кәсіпорындарда қысқа мерзіміді жоспарлау қолданылады, және
бір жылға тең жоспарлы кезеңге қатысты болады. Бұл мұндай аралықта
кәсіпорын өміріне қатысты жағдайлар орын алады. Өйткені бұл мерзімде
коньюктураның мерзімді қозғалысы теңеседі. Уақыты бойынша жылдық бюджетті
айлық немесе кварталдық бюджет деп бөлуге болады.
Бюджеттің дәйектілігінің деңгейін бекітетін жалпы ережелер жасалынады.
Бірінші кезекте құрылған есептердің өнімділігі деңгейінің қаншалықты жоғары
екендігіне байланысты. Сонымен қатар, әр бір нақты кәсіпорында жекеленген
жоспарланған әрекеттерді үйлестіруді қамтамасыз ету үшін бюджеттердің
қажетті дәйектілік деңгейін бағалау қажет.
Жоспарлау мақсаты әр түрлі кәсіпорында әртүрлі. Жоспарлаудың
функциясына кәсіпорынның түрі мен көлеміне байланысты әр түрлі мағына беруі
мүмкін. Бюджет экономикалық болжау секілді. Кәсіпорынның басшылығы оның
көлемімен түріне байланыссыз экономикалық қызметтің аясындағы қандай
міндеттерді ол келесі кезеңге жоспарлай алатындығын білуі қажет.
Кәсіпорынның мүдделі тұлғалар оның жұмысының нәтижелеріне аз талаптар
қояды. Сонымен қатар қызметтің бір қатар түрлерін жоспарлаған кезде
қойылған міндеттерді орындау үшін қандай экономикалық ресурстардың талап
етілетіндігі туралы білуі қажет. Бұл мысалы, капиталды тартудың аясындағы
жоспарлауға (несие алу акционерлік капиталдың ұлғаюы және т.б.) және
инвестиция көлемін анықтауға қатысты болып табылады.
Бюджет бақылау үшін негіз болып табылады. Бюджеттегі жоспарлардың
жүзеге асырылуы бойынша кәсіпорынның қызметінің фактілік нәтижелерін тіркеу
қажет. Жоспарланған фактілік көрсеткіштермен салыстыра отырып бюджеттік
бақылауды жүзеге асыруы мүмкін. Бұл жағдайда негізгі назар жоспарлыдан
алшақтайтын және осы ауытқулардың негізінде анализделетін көрсеткіштерге
бөленеді. Осылайша, кәсіпорынның барлық жағы бойынша ақпарат осылай
толықтырылады. Бюджеттік бақылау кәсіпорынның қандай-да бір жоспарланған
жоспарлары қанағаттанарлықсыз болуының мән – жайын анықтайды. Бірақ, мұндай
жағдай орын алған кезде бюджеттің өзі нақты емес жағдайлардың негізінде
құрылуы мүмкін. Екі жағдайда да басшылық осы туралы ақпарат алуға мүдделі
болады.
Бюджет үйлестіру құралы ретінде. Бюджет өндіріс, шикізат сатып алуда,
өндірілген өнімді жүзеге асырудың саласындағы құндық көрсеткіштерінде
көзделген әрекеттердің бағарламасын білдіреді. Әрекеттердің бағдарламасында
жекелеген шаралардың уақытша және функцияналдық үйлесімділік қамтамасыз
етілуі қажет. Оның рентабельділігі мысалы, жеткізушінің күтілетін
көлемінен, өндіріс жағдайына байланысты. Шығарылатын өнім саны – жүзеге
асырудың күтілетін көлеміне байланысты. Шығарылатын баға көлемі өндірістің
бағдарламасы талап ететін материалдардың көлеміне байланысты7.
Бюджет міндет қою үшін негіз ретінде келесі кезеңге бюджетті жасай
отырып, осы кезеңге қызметтің басталуына дейін шішімі қабылдануы керек.
Мұндай жағдайда жоспардың жасаушысына баламалы ұсыныстарды таңдауы үшін
“уақыттың жеткіліктілігінің” ықтималдылығы жүзеге асады.
Бюджет құзіретті бөлу құралы ретінде. Бюджеттің жоспарының кәсіпорын
басшылығымен мақұлдануы одан арғы шешімдердің бөлініс деңгейінде
қабылдануының белгісін білідіреді. Әрине егер ол бюджетпен белгіленген
шектен шықпаса. Егер де бөлініс деңгейіндегі бюджет жасалмаса, онда
кәсіпорынның басшылығы мұндай жағдайда жедел шешімдерді қабылдау процесінің
децентрализациялануына жақын болуы екі талай.
Жоспарлауды ұйымдастыру кәсіпорынның көлеміне байланысты. Өте шағын
кәсіпорында басқару функциялардың бөлінісі орын алмайды. Осыған орай
басшылар барлық мәселелерге өздері енуге мүмкінді алады. Ірі кәсіпорындарда
бюджетті (жоспарды) құру бойынша жұмыстар орталықтан тыс болуы қажет.
Бөлініс шеңберінде ғана өндіріс саласында тәжірибесі бар кадрлар үйлеседі
емес пе. Сондықтан да бөліністерде болашақта қабылдануға тиіс әректтерге
қатысты ұсыныстар ұсынылады.
Бөлімшелердің бюджеті бір бірінен алшақталмған, есептеу кезінде мысалы,
сатудың жоспарлы көрсеткіштерін есептеу кезінде өндіріс жағдайын білу
қажет. Үйлесімінің жүйесін қамтамасыз ету үшін көптеген кәсіпорындарда
бюджетті құру бойынша нұсқаулар жасалады. Онда уақытша жоспар, сондай-ақ
бюджеттік көрсеткіштердің есебі кезінде міндеттер мен жауапкершілікті бөлу
орын алады.
Кәсіпорындағы жоспарлау туралы әдебиеттерде әдетте бюджетті құру
бойынша жұмыстарды ұйымдастырудың екі схемасын ажыратады: Break-Down
(жоғарыдан төменге) әдісі бойынша және build-up (төменннен жоғарыға)
тәсілі бойынша. Break-down тәсілі бойынша бюджеттік құру жұмысы жоғарыдан
басталады. Яғни, кәсіпорын қаржылық менеджері оның міндеттерімен
мақсаттарын анықтайды. Содан кейін бұл көрсеткіштер кәсіпорын құрылымының
төмен деңгейіне қарай қозғалысы бойынша, барынша дәйектелген формада
бөлімшенің жоспарына енеді. Build-up тәсілі бойынша керісінше жүзеге
асырылады. Мысалы, өткізу көрсеткіштерінің есебін жекелеген өткізу
бөлімшелері бастайды, одан соң кәсіпорынның өткізу бөлімінің бастығы бұл
көрсеткіштерді соңыра кәсіпорынның жалпы бюджетін (жоспарының) құрамдас
бөлігіне кіруі мүмкін біріңғай бюджетке енгізіледі.
Break-down және Build-up екі тәсілі қарама-қарсы тенденцияны білдіреді.
Тәжірибеде бұл екі тәсілдің біреуін қолдану тиімсіз. Бюджетті жоспарлау мен
құру түрлі бөлімшелер бюджеттерін үйлестіруді тұрақты жүзеге асыру қажет
болатын ағымдағы процесті білдіреді.
Жоспарлау процесі кәсіпорын екі негізгі экономикалық аяда жоспарлау мен
бақылаудың жүзеге асырылыуы тиіс. Бұл жерде оның жұмысының пайдалылығы мен
оның қаржылық жағдайы туралы сөз болып отыр. Сондықтан да пайда мен
қаржылық жоспар бойынша бюджет ішкі фирмалық жоспарлаудың орталық элементі
болып табылады.
Айналым капиталын қажеттілікті жоспарлау. Кәсіпорында пайдалану
жоспарын жүргізу қажет. Бұл жоспардың негізгі факторы болып кіріс пен шығыс
түсімінің уақытын жоспарлау болып табылады. Кәсіпорынның айналым
капиталының болуы, өндірістің басталу уақытынан басталып тұтынушымен өнімді
төлеуге дейін шығысты жабуы қажет.
Негізгі капиталға деген қажеттіктің жоспарлау. Кәсіпорынның даму аясына
қарай, технология өзгереді, жаңа ғимараттар, жабдықтар, компьютерлер қажет
етіледі. Негізгі капиталды сатып алу мерзімі жеткілікті дәрежеде жиі жоғары
болады.
Бұл қаржылық жоспарлауды кәсіпорынның стратегиялық жоспарлау процесіне
енгізу маңызды болып табылады. Егер кәсіпорын жаңа рыноктарды игергісі
келсе ол маркетинг бойынша ұзақ мерзімді жоспардың қалыптасу кезінде
капиталға қажеттілік туралық назар аударуы қажет.
Табыс көзін жоспарлау. Кәсіпорын қорларының өнімді сатудан түскен
табысты, оның меншік иелерінің инвестициясын, сонымен бірге займды қосқанда
көптеген көздер білігілі бірінші кезектегі міндет, нақты қажеттілік
туындаған уақытта әр бір қажеттілігі үшін, нағыз көздері таубудан көрінеді.
Сапалық жоспарлау қажетті қорды тек уақытнан ғана емес, сондай-ақ
төменгі баға бойынша алудан көрінеді. Бұл үшін қазіргі уақытта оларды
көрсететін табыстан түсімдер немесе акция шығару мен банктік займға ғана
қарап отыру болмайтындықтан, түрлі қаржы көздерін жинақтап пайдалану
мақсатында қор көздерін қалыптастыратын банкті табу қажет. Соның ішінде,
уақытты дұрыс таңдай білу ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz