Айналым өндірістік қорлар


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ АКАДЕМИЯСЫ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
ТАҚЫРЫБЫ: КӘСІПОРЫННЫҢ АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫ: ҚАЛЫПТАСУЫ, ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕН АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫН БАСҚАРУ САЯСАТЫ
Тексерген: Избуллаева Г. М.
Орындаған: Самат
КФ-301 тобы
МАЗМҰНЫ:
Кіріспе . . . 3
І БӨЛІМ. Айналым капиталының экономикалық мәні.
1. 1. Айналым қаражаттарының мәні, құрамы мен құрылымы . . . 4
1. 2. Айналым капиталдың негізгі капиталдан айырмашылығы, айналым қаражаттарының ауыспалы айналымы . . . 9
ІІ БӨЛІМ. Кәсіпорынның айналым қаражаттарын ұйымдастыру.
1. 1. Кәсіпорынның айналым қаражаттарын ұйымдастыру . . . 12
1. 2. Айналым қаражаттарын тиімді пайдаланудың көрсеткіштері . . . 17
1. 3. Кәсіпорынның айналым қаражаттарына қажеттілігін анықтау . . . 20
ІІІ БӨЛІМ. Айналым капиталының қалыптасу көздері.
3. 1. Айналым капиталының қалыптасу көздері . . . 23
3. 2. Кәсіпорынның айналым активтерінің негізгі элементтерін тиімді басқаруды жетілдіру жолдары. 25
Қорытынды . . . 28
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 29
І БӨЛІМ. Айналым капиталының экономикалық мәні.
Кәсіпорындардың іс-әрекеттерін қамтамасыз етудегі міндетті шарт - қолда бар айналым қаражаттарының (айналым капиталы) болуы. Айналым қаражаттары - бұл өндірістік айналым қорларын құру, пайдалану және үздіксіз өндірістік процестер мен өнімді өткізуді қамтамасыз ету үшін авансылаудың ақшалай қаражаттарының жиынтығы. Айналым қаражаттарының мәні ұдайы өндірістік процестердің қажеттілігін қамтамасыз етудегі экономикалық ролімен анықталады. Айналым қаражаттары өндірістік процеске бірнеше рет қатысатын негізгі қорларға қарағандағы айырмашылығы, ол тек бір ғана өндірістік тұтыну тәсіліне тәуелсіз өзінің құнын тікелей дайын өнімге апарады.
Айналым қаражаттарының құрылымы деп барлық жиынтықтағы олардың бөлек элементтерінің ара қатынасын атайды. Кәсіпорындағы айналым қаражаттарының құрылымына талдау жасау және оны жетік білу маңызды мәселелерінің бірі болып саналады. Себебі, белгілі бір шамада қаржы жағдайы кәсіпорын қызметінің не ол, не бұл мезетін сипаттайды. Мысалы, дебиторлық берешек үлесінің шамадан тыс артуы, қоймадағы дайын өнімдер, аяқталмаған өндіріс кәсіпорынның қаржы жағдайының нашарлығын білдіреді. Дебиторлық берешек осы кәсәпорындағы айналымнан оқшауландырылған қаражатты және оларды дебиторлық пайдалануын, өзінің айналымдағы борышкерлерді сипаттайды. Аяқталмаған өндіріс үлесінің артуы, қоймадағы дайын өнімдер айналымындағы айналым қаражаттарының оқшауланғанын, сату мөлшерінің, сонымен бірге пайданың азаюын да көрсетеді. Сондықтан, кәсіпорында айналым қаражаттарының құрылымын оңтайландыру және олардың айналымын арттыру басты мақсатқа айналғаны жөн.
Айналым капиталының құрылымы әр салада әр түрлі. Ол өндірістің техникалық деңгейіне, кәсіпорынның мамандану қарқынына, қайта өнделетін материалдардың ерекшеліктеріне байланысты. Осыған қарамастан айналым қаражаттары өндірістік қорлардың 80 пайызына дейін үлесін алады. Айнымалы қорлар мен айналыс қорлары өндірістің айнымалы қаражаттарын қалыптастырады. Айналымдық қорлар өндіріс процесінде айналыс қорларына айналады, яғни шикізат пен материалдарға. Айнымалы қаражаттар айналмалы қорлар мен айналыс қорларын қалыптастыру, пайдалану үшін бағытталған ақшалай қаражаттардың жиынтығы. Айнымалы қаражаттар екі бөлімнен тұрады:
1) Айналым өндірістік қорлар. Бұл өндіріс сферасымен байланысты қорлар. Олар еңбек ресурстарында және құны төмен және тез тозатын зат түріндегі еңбек құралдарында көрініс табады және өндірістік запастар, аяқталмаған өндіріс, кәсіпорын жасаған шалафабрикаттар түріне өтеді.
2) Айналыс қорлар. Бұл айырбас, яғни сату, сатып алу сферасымен байланысты қаражаттар.
Өндірістік айнымалы қорларға келесілер жатады:
1. өндірістік запас түріндегі айнымалы қаражатта р: материалдар, шикізаттар, жартылай фабрикаттар, қосымша бөлшектер, ыдыстар, құрылыс материалдары.
2. өндірістегі айналмалы қаражатта р: аяқталмаған өндіріс: негізгі өндіріс, көмекші өндіріс.
Аталған өндіріс запастарға және аяқталмаған өнімде қатысатын заттай элементтермен қатар өндірістік айнымалы қорлар жаңа құрылғыны орналастыруға кететін болашақ кезең шығындарынан тұрады.
Өндірістік қорлар өндіріс процесінің материалдық негізі болып табылады. Олар өнімді өндіру, өзіндік құнды қалыптастыру процестерін жүргізу үшін қажет.
Айналыс қорларына келесілер жатады:
1. дайын өнім : өндірілген және сатып алынған тауарлар.
2. ақшалай қаражаттар: инвестициялар, акциялар, облигациялар, ақшалай аударымдар, есеп шоттағы ақшалай қаражаттар .
Айналыс қорлары өндіріс процесіне тікелей қатыспайды. Олардың мақсаты - айналыс процесін ресурстармен қамтамасыз ету, кәсіпорынның қаражаттарының айналымын ұйымдастыру және өндіріс пен айналыстың біркелкілігін жасау.
Айналым қаражаттары кез келген күйде, яғни қоймадағы дайын өнім, артық шикізат пен материалдар күйінде артық ұстау шығындарды өсіреді, ал бос ақша пайда алудың тиімді бағыттарына үнемі қозғалып отыруы қажет.
Өндірістік айналым қорлар мен айналыс қорларын айналым қаражаттары деген категорияға біріктірлуі былайша негізделеді:
- Ұдайы өндіріс процесі - бұл өнімді өндіру мен өткізу процестерінің қосындысы. Айналым капиталының элементтері өндірістік сферадан айналыс сферасына үздіксіз айналып отырады. ;
- Айналым қорлары мен айналыс қорларының элементтері үздіксіз процесті қалыптастыратын айналымның қозғалысы бірдей сипатта болады. қайталану және жаңартудың үздіксіз процесі ретінде алынған қаражаттардың айналымы, ал оған қатысатын қаражаттарайналым қаражаттарыдеп аталады.
Айналым қаражаттарының ерекшелігі - ол шығындалмайды, қолданылмайды, тек қана шаруашылық жургізуші субъектінің ағымдағы шығындарына авансталып отырады. Авансылаудың мақсаты қажетті материалды запастарды, аяқталмаған өндіріс, дайын өнім және өны өткізу шарттарын жасау болып табылады.
Айналым қаражаттарының құрамы мен құрылымын келесі кестеден көруге болады.
Айналым қаражаттарының құрамы мен құрылымы:
Кәсіпорында айналым қаражаттарының құрамы тұрақсыз және көптеген себептердің ықпалымен өзгеріп те отырады. әрбір нақты кәсіпорында айналым қаражаттарының шамасы, олардың құрамы мен құрылымы өндірістік сипатымен күрделілігіне, өндіріс кезеңінің ұзақтығына, оларды жеткізу жағдайына және т. б. байланысты болады.
Түрлі салаларда айналым қорларының үлес салмағы кәсіпорындартың өндіріс қорларының құрамында әр түрлі. Мысалы, ауыр өндіріс кәсіпорындарында жеңіл өндіріс кәсіпорындарына қарағанда ол төмен. Кәсіпорында айналым қаржыларын ұйымдастыру мыналардан тұрады: айналым қаражаттарының қажеттілігін анықтау және олардың құрамы мен құрылымын, қалыптастыру көздерін табу және оларды реттеу, айналым қаражаттарының басқару және т. б.
Өндірістің нәтижелілігін арттыру жөніндегі шараларды белгілеген кезде кәсіпорынның өндіріс процесінің маңызды заттық элементі болып табылатын өндірістік айналым қорларын тиімді пайдалануға кәсіпорын ұжымдары айрықша назар аударғандары жөн.
1. 2. Айналым капиталдың негізгі капиталдан айырмашылығы, айналым қаражаттарының ауыспалы айналымы
Айналым капиталының негізгі капилалдан айырмашылығын келесі кестеден көруге болады.
Негізгі және айналым капиталының өндірісінің сипаттамасы.
1. Ұзақ мерзім бойы жұмыс істейді.
2. Өзінің материалды-заттай қолпын өзертпейді, өзінің тұтыну құнын ұзақ мерзім бойы жоғалтпайды.
3. Бір айналымды ұзақ мерзім бойында жасайды, әдетте бірнеше жылдар бойы.
4. Өзінің құнын өнімге біртіндеп және бөлшектеп енгізеді.
Бір өндірістік циклда толық шығындылады.
Өзінің бастапқа натуралды-заттай кейпін еңбек процесінде толығымен өзгертеді, өндіріс процесінде тұтынушылық құнын жоғалтады.
Айналым өндірістік циклға байланысты болады, кейде жылына бірнеше айналым болуы мүмкін
Өзінің құнын дайын өнімге толығымен және бірден енгізеді.
Осылайша, өндірістік айналым қаражаттары өндіріс сферасында қызмет етіп, бастапқы формасын ауыстырып, жаңадан жасалған өнімге өзінің құнын толығымен енгізеді. Және де бұнын барлығы бір өндірістік цикл бойында жасалады.
Айналым қаражаттарының ауыспалы айналымы. Айналым қаражаттары үнемі қозғалыста болады. Бір өндірістік кезең аралығында олар өзінің бастапқы формасын өзгертіп үш сатыдан тұратын ауыспалы айналым жасайды. Бірінші сатыда кәсіпорын ақша қаражаттарын еңбек заттарын (айналым қорларын) сатып алу үшін шарттарды төлеуге жұмсайды. Бұл сатыдан айналым қорлары айналыс аясынан өндіріс саласына өтеді.
Екінші сатыда алынған айналым қорлары өндіріс процесіне тікелей өтіп, әуелде өндіріс босалқы қорларына және шала фабрикаттарға, содан соң аяқталған өндіріс процесі - дайын өнімге (тауар нысанына) айналады.
Үшінші сатыда дайын өнім сатылады, нәтижесінде айналым қорлары өндіріс саласынан айналыс аясына қайтадан ақшалай нысанына келеді. Бұл қаржылар жаңадан еңбек құралдарын алуға жұмсалып, жаңа ауыспалы айналымға шығады. Бірақ, айналым қорлары бірінші сатыдан екінші сатыға жүйелі түрде өтеді дегенді білдірмейді. Керісінше, ол бір мезгілде айналымның барлық сатысында да белгілі орынды алады. Бұл нәрсенің әрбір мезеті сатып алынады, өндіріледі, сатылады және қайтадан сатып алынады. Нақ осы жағдай өндірістің үздіксіздігін, тоқтаусыздығын және өндірілген өнімдерді сатуды қамьамасыз етеді. Сонымен осыдан ескеретін жай - әрбір сатыдағы айналым қаражаттарыныңтұрған уақыты бырдей емес. Ол өнімнің тұтынушылық, технологиялық және өндіру сатыларының ерекшеліктеріне айланысты.
Ауыспалы айналым қаражаты мына тәсілмен шығады:
А - Қ . . . Ө . . . Д - А1,
мұнда А - шаруашылық субъектілерін авансылаудағы ақша қаражаттары;
Қ - өндіріс құралы;
Ө - өндіріс;
Д - дайын өнім;
А1 - өнімді сатудан және өзіне қосылған пайданын ақша қаражаттары.
Шаруашылық жүргізудегі нарықтық жүйе жайында кәсіпорын экономикасын дамуда оны айналым қаражаттарымен оңтайлы қамтамасыз етудің төтенше маңызы бар.
Айналым капиталының айналымының сатылары мен нысандары.
Ақшалай
(қамсыздандыру)
А - Т
Өндірістік
(өндіріс)
Т - Ө - Т’
Тауарлы
(өткізу)
Т‘ - А’
Ақшалай
Тауарлы
Тауарлы Өндірістік
Тауарлы
Тауарлы
Ақшалай
А - Ө . . .
Айналыс қорлар
Қ - Ө -Д
Өндірістік айналым қорлары
Д - А’
Айналыс қорлар
Айналым қаражаттарының айналымдылығын сипаттайтын бірнеше көрсеткіш болады. Олардың ішінде ең қарапайымы - айналым қаражатының айналымдылығ коэфиценті. Ол мына формуламен анықталады:
мұнда, Өқ - белгілі бір кезеңде өткізілге өнімнің құны (өнімді өткізуден түсетін түсім) .
Оқ - сол кезеңдегі айналым қаражатының орташа қалдығы.
Егер де өткізуден алынған түсім бір жылға есептелгенде, онда айналым қаражатының орташа қалдығы да сол жылға алынады.
ІІ БӨЛІМ. Кәсіпорынның айналым қаражаттарын ұйымдастыру.
1. 1. Кәсіпорынның айналым қаражаттарын ұйымдастыру
Айналым қаражаттарын ұйымдастыру келесідей әрекеттерден тұрады: айналым капиталының жеке элементтері бойынша және жалпы кәсіпорын бойынша оларға деген жоспарлы қажеттілікті анықтау, өндіріс және айналыс сферасында рационалды орналастыру, қаржыландыру жүйесін таңдау, нақты жағдайы мен тиімділікті қолдануды бақылау.
Жоспарлау, есептеу және талдау тәжірибесінде айналым қаражаттары келесілерге бөлінеді:
- Функционалдық арналымы бойынша- ақша қаражаттары олардың өнімді өндіружәне өткізу процестеріне қатысу ерекшеліктерін ескере отырып, олар айналымдық өндірістік қорлар мен айналыс қорларға бөлінеді.
Айналым қаражаттарын былай бөлу олардың айналыс және өндіріс фераларында болу уақытын талдау және есептеу үшін қажет. Айналым қаражаттары өндіріс сферасына неғұрлым көп уақыт қызмет ететін болса, соғұрлым олар тиімді пайдаланылады. Айналым қорларының өндіріс және айналыс сфералары бойынша рационалды құрылымды қалыптастыру жалпы активтердің заттай нысанынан ақшалай нысанға ауысуының жалыпы циклінің үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Бұл капитал айналымының жылдамдығына, оның көлеміне, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына, сонымен қатар ағымдағы активтердің жеке элементтерінің құрамымен байланысты ұсталымдардың деңгейіне әсер етеді.
- Ұйымдастыру және жоспарлау принципі бойыншаайналым қаражаттары нормаланатын және нормаланбайтын түрлерге бөлінеді. Бұл жағдайда айналым қаражаттары айналым активтердің ұдайы өндірісінің коценциясына негізделеді. Отандық тәжірибеде әрбір кәсіпорынның айналымында қажетті мөлшердегі өндірістік запастар, аяқталмаған өндіріс және дайын өнім запастары болу керек деп есептелінеді және де осы активтер нормаланады, ал айналым қаражаттарының басқалары нормаланбайды (есептегі шоттар, дебиторлық борыш, банктік шоттардағы ақша қаражаттары) . Бірақ айналым қаражаттарының бұл элементтері бойынша нормалардың болмауы, олардың көлемдері түрлі ауысып, оларға бақылау жүргізілмейді деп есептеуге болмайды. Нысандарының спецификасы, қозғалыс жылдамдығы, пайда болу заңдылықтары олардың жоспарлы қажеттілігін есептеуде белгілі бір қиындықтарды туындатады және оларды ұйымдастыру басқа әдістермен жүргізіледі. Осылайша фирмалар банктік шоттардағы қаражаттары оптималды бар болуын, кассадағы ақшалардың бар болуының лимиттерінің сақталуын бақылайды, ақша қаражаттарының ағымдарын жоспарлайды (олардың кірістерін, орналасуы мен шығындарын қосқанда) анықтайды. Дебиторлық қарыздарын басқаруға ерекше көңіл аударылады. Одан бөлек, кәсіпорындар арасындағықазіргі есептесу реттілігі төлемеушіліктердің өсіміне мемлекет тарапынан экономикалық санкцияларының жүйесін енгізеді;
- өтімділік деңгейіне қарай(ақша қаражаттарына айналу жылдамдығына) айналым қаражаттары келесілерге бөлінеді:
- абсолютті өтімді: банк шоттарындағы ақша қаражаттары, қысқа мерзімді салымдар;
- тез өткізілетін активтер: жіберілген тауарлар, дебиторлық қарыздар және басқа да активтер;
- өтімділігі төмен активтер: өндірістікзапастар.
Айналым қаражаттарын өтімділік деңгейіне қарай бөлу кәсіпорынның айналыстағы қаражаттарының сапасын сипаттап, өтімділігі ең аз ағымдағы активтерді анықтауға мүмкіндік береді. Бірақ айналым активтерінің өтімділігі жоғары және төмен активтерге бөлінуі абсолютті көрсеткіш болып табылмайды, ол кәсіпорынның әрбір жұмыс периодының нақты жағдайларына тәуелді болады. Тәжірибеде складтағы дайын өнім қалдықтары дебиторлық қарыздың өтелу уақытынан бұрын сатылып жіберілген жағдайлар кездеседі. Сондықтан әрбір кәсіпорынға және әрбір жұмыс периодына ағымдағы активтердің өтімділігі бойынша арнайы топтастырылады;
- капитал салымдарының тәуекелділік деңгейі бойыншаайналым қаражаттарының бөлінуін төмендегі кестеден көруге болады.
Айналым қаражаттарының тәуекелділік деңгейі бойынша құрамы мен құрылымы.
1. 1. Ақша қаражаттары:
касса
есеп айырысу шоты
басқа ақша қаражаттары
1. 2. Қысқа мерзімді қаржылық салымдар
2. 1. Күмәнді қарыздарды қоспағандағы дебиторлық борыштар
2. 2. Өндірістік запастар
2. 3. Дайын өнім мен тауарлардың қалдықтары (сұранысы төмендерді қоспағанда)
3. 1. Құндылғы төмен және тез тозатын заттар (қалдық құны бойынша)
3. 2. Аяқталмаған өндіріс
3. 3. Болашақ кезең шығындары
4. 1. Күмәнді дебиторлық борыштар
4. 2. Тұрып қалған өндіріс запастары
4. 3. Нормадан жоғары өндірілген аяқталмаған өндіріс
4. 4. Сұранысы төмен дайын өнім мен тауарлар
4. 5. Жоғарыдағы топтарға кірмеген ақша қаражаттарының басқа да элементтері
Капитал салымдарының тәуекелділік деңгейін анықтайтын негізгі фактор - ағымдағы активтердің өтімділігі болып табылады. өтімділіктің жинақталған бағалылығы айналым активтерінің әрбір түріне салынған қаражаттардың мүмкін болатын тәуекелділігін анықтайды. Өтімділікті тиімді басқару кәсіпорын активтеріне капиталдың рационалды орналасуын жоғары және орташа тәуікелділік деңгейіндегі ағымдағы активтер үлесін азайтуға мүмкіндік береді;
- қалыптасу және қаржыландыру көздеріне қарайайналым қаражаттары меншіктік және қарыздық болып бөлінеді. Бұлай бөліну кәсіпорынға айналым қаражаттарының пайда болу көздері мен ұсыну нысандарын тұрақты және мерзімді қолдануды анықтайды.
Меншікті қаражаттар әрдайым кәсіпорынның басқаруында болады. Олар кәсіпорынның мүліктік және оперативтік тәуелсіздігін, қаржылық тұрақтығын қаржы нарығындағы беделімен қамтамасыз етеді. Кәсіпорынның оларды сатуға, басқа шаруашылық жүргізуші субъектілерге беруіне, бағалы қағаздарға инвестициялауына құқығы бар.
Меншікті айналым қаражаттарының қалыптасу көздері болып жарғылық капитал, резервтік капитал, жинақталған пайда және тұрақты пассивтер табылады.
Қарыз қаражаттары қаржылық ресурстарға деген уақытша қажеттілікті жабады. Оларды тарту өндіріс сипаты мен төлемдік-есептесу қатынастарымен ескеріледі. Сырттан тартылған қаржыларға: банктік және коммерциялық несиелер, салықтық несие, салық төлемдерін уақытша төлемеу, займдар және де факторинг, франчайзинг, дебиторлардан салық ұстау сияқты қаражаттарды тарудың альтернативті нысандары.
Меншікті және қарыз каиталының барлық нысандары айналым қаражаттарын қаржыландыру көздерін таңдауда ескерілетін өзіндік құны болады. Осылайша, қарыз капиталының бағасы бағалы қағаздар бойынша төленетін ссуда мен табыстарға тең. Оның деңгейі кәсіпорынның шығындарының мөлшері мен оның соңғы қаржылық нәтижелеріне әсер етеді.
Сонымен қатар меншікті капиталының өзінің құны болады. Ол инвестицияларды қолдану үшін компенсация ретінде акцонерлерге төленетін дивиденд арқылы анықталады.
Сондықтан кәсіпорындағы айналым қаражаттарын ұйымдастырудың негізгі мәселесі көпвариантты есептесуді жүргізу болып табылады, яғни оларды меншік және қарыз капиталын тартудың тиімділігі көзқарасынан қаржыландыру болып тартылады.
Айналым капиталының рационалды құрылымын қалыптастыруды әрбір айналым қаражаттарының элементтерінің негізделген көлемі мен нақты өндірістің қажеттіліктерін ескере отырып олардың жалпы көлемін анықтау жолымен жеткізіледі.
1. 2. Айналым қаражаттарын тиімді пайдаланудың көрсеткіштері.
Кәсіпорынның өзіне тиесілі айналым капиталының болуы, оның құрамы мен құрылымы, айналу жылдамдығы және оны тиімді пайдалану кәсіпорынның жағдайының тұрақтылығын анықтайды. Басты қаржылық тұрақтылықты анықтайтын көрсеткіштерге келесілер жатады:
- кәсіпорынның төлем қабілеттілігі - бұл кәсіпорынның қарыздық міндеттемелерін уақытында өтей алу қабілеттілігі болып табылады;
- өтімділігі - кез келген уақытта қажетті шығыстар жұмсай алу қабілеті;
- болашақта қаржылық ресурстарды шоғырландыру мүмкіншіліктері.
Айналым капиталын тиімді пайдалану кәсіпорынның тұрақы жұмысын ұйымдастыруда, кәсіпорынның рентабельділік деңгейін көтеруде маңызды роль атқарады және көптеген факторларға тәуелді болады. Казіргі экономиканың дамыған кезеңінде айналым капиталының тиімділігінін өзгеруіне көптеген факторлар әсер етеді:
- Өндіріс көлемінің төмендеуі және сұраныстың азаюы;
- Инфляция қарқынының жоғары болуы;
- Шаруашылық байланыстарының үзілуі;
- Келісім шарттардың және төлем жасау, есеп айырысу тәртібінің орындалмауы;
- Салық мөлшерінің жоғары болуы;
- Банктік несиенің проценттік ставкасының жоғары болуы;
Бұл факторлар кәсіпорынның мүдделеріне тәуелсіз түрде айналым капиталын пайдалануға әсер етеді. Сонымен қатар кәсіпорынның өзінің ішкі резервтері арқылы айналым капиталының тиімділігін арттыруға болады. Ол үшін мына жұмыстарды орындау қажет:
- бір өндірістік запастарды рационалды ұйымдастыру (ресурстарды үнемдеу, оптималды нормалау, ұзақ мерзімді байланыстарды пайдалану) ;
- аяқталмаған өндірісте айнымалы қорлардың қалуын төмендету (қор қайтымдылығын өсіру, жаңа технология енгізу, өндірістік аппаратты жаңарту, соңғы қолданыстағы арзан материалды пайдалану) ;
- Айналысты тиімді ұйымдастыру (есеп айырысу жүйесін жетілдіру, өткізуді рационалды ұйымдастыру, тұтынушыларды өндірушілерге жақындату, есептеулердегі қаржылардың айналымдылығын үнемі бақылау, тапсырыстарды тікелей байланыстар арқылы орындау) .
Айналым капиталының пайдаланудың тиімділігік көрсеткіштері келесідей:
- Айналым капиталының рентабельділігі. Бұл пайданың айналым капиталының қатынасы арқылы есептелінеді:
Р а. к = (Пс. т/Са. к) * 100
Бұл көрсеткіш айналым капиталындағы әрбір теңгенің қанша пайда әкелетіндігін және кәсіпорынның қаржылық тиімділігін сипаттайды.
2. Айналым капиталының айналымдылық коэфиценті:
Кайн =cатылған өнім құны/айналым каиталының орташа көлемі
Айналым санын анықтау арқылы орташа бір айналым ұзақтығын анықтайды.
Айналым ұзақтығы = айналым уақыты/айналым саны
Айналымдық көрсеткіші кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау үшін қажет. өйткені айналым қорларының ақшаға айналуы кәсіпорынның төлем қабілеттілігін арттырады. Айналым жылдамдығы өскен сайын кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығы да өсе түседі.
3. Кәсіпорынның төлем қабілеті - бұл айналым капиталының қысқа мерзімді міндеттемелерінің қатынасы арқылы есептеледі:
Ктқ = АК/ҚММ мұндағы,
Ктқ - кәсіпорынның төлем қабілеттілігі;
АК - айналым капиталы;
ҚММ - қысқа мерзімді міндеттемелер.
4. Өтімділік коэфиценті - фирманың қысқа мерзімді міндеттемелерін қанағаттандыру қабілеті. Ол өтімділік қорлардың, яғни айналым қор запастарының қысқа мерзімді міндеттемелерге қатынасы.
Көтімділік = АҚЗ/ҚММ мұндағы,
АҚЗ - айналым қор запастары;
ҚММ - қысқа мерзімді міндеттемелер.
1. 3. Кәсіпорынның айналым қаражаттарына қажеттілігін анықтау.
Айналым капиталын тиімді пайдалану көбінесе олардың қажеттілігін дұрыс анықтау болып табылады. Себебі, өндірістің осы көлемінде жоспарланған пайданы ең төменгі мөлшердегі шығынмен табуға үлкен ықпалын тигізеді. Айналым қаражатының төмендетілген мөлшері кәсіпорынның тұрақсыз қаржы жағдайына, өндіріс процесінің іркілісіне әкеліп соғады. Осының салдарынан өндірістің көлемі мен пайдасы төмендейді. Осы кезекте айналым қаражатының көтеріңкі мөлшері кәсіпорынның өндірісті ұлғайту үшін күрделі қаржы шығының жұмсау мүмкіндігі төмендейді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz