Несие капиталының нарығы


ЖОСПАР
КІРІСПЕ
I БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ, МӘНІ, МАЗМҰНЫ, РӨЛІ, ЖІКТЕЛУІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ
1. 1 Бағалы қағаздар нарығы: мәні мен мазмұны, экономикалық рөлі
1. 2 Бағалы қағаздар нарығының жіктелуі және түрлері
1. 3 Еліміздің бағалы қағаздар нарығының ерекшеліктері
II ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТРАНСФЕР-АГЕНТТІК ЖЕЛІНІ ЕНГІЗУ ЖӘНЕ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫ ДАМЫТУ
2. 1 Қазақстанда почта-банк қызметінің қалыптасуы
2. 2 «Қазпочта» АҚ базасында трансфер-агенттік желіні енгізу
2. 3 Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Қазақстанның орталықтанған жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтуі қоғамдық өндірістің сипатын өзгертуде. Бұл экономикаға өтуі елімізге қаржы нарығын және оның қызметін қамтамасыз ететін институттардың құрылуын талап етті. Көптеген жылдар бойы елімізге шын мәнінде де қаржы нарығы, яғни екінші деңгейлі және инвестициялық банктер, биржалар болған жоқ еді. Қаржы саласының барлығын мемлекет айрықша құқықпен өзіне қаратты.
Нарық - өте күрделі, әрі жан-жақты қызмет атқаратын қоғамдық қатынастар жиынтығы. Ол бір жағынан тауар және көрсетілген қызмет нарығын қамтыса, екінші жағынан қор жинау нарығын қамтиды. Қаржы нарығы - мемлекеттің бүкіл ақша қорларының жиынтығы. Жалпы қаржы нарығы біріне-бірі байланысты және бірін-бірі толықтырып тұратын, бірақ әрқайсысы өз алдына қызмет жасайтын үш нарықтан тұрады:
- Айналымдағы қолма-қол ақша нарығы.
- Несие капиталының нарығы.
- Бағалы қағаздар нарығы.
Қазіргі уақытта егемен жас мемлекеттер бғалы қағаздар шығарумен айналысуда. Бағалы қағаздар нарығы кез келген мемлекеттің инвестициялық қызметін жүзеге асырады. Дәлірек айтқанда, бұл күрделі қаржы тікелей халық шаруашылығының ең тиімді саласына жіберіледі, яғни оларды нарық жүйесіндегі ең өміршең субъектілер ғана ала алады. 90-жылдардың экономикалық тәжірибесі дәлелдегендей шаруашылықты жетілдірудің нарықтық әдістерін қалпына келтірудің және оны одан әрі дамытудың басты құралы - бағалы қағаздар екені талассыз ақиқат. Бағалы қағаздар ақша капиталға да, заттай капиталға да меншік құқын бекітіп, тек бағалы қағаздар арқылы ғана мемлекеттік меншікті акционерлік қоғамдардың, яғни жекеменшік иелері - халықтың меншігіне айналдыру мүмкін. Бағалы қағаздар нарығында өзіне тән қаржы институттары жүйесі қалыптасып, оларда экономикалық өрістеудің қаржы көздері шоғырланып және инвестициялық қорларды бөлу қатынастары жүзеге асады. Қазіргі өндірістің жалпы құлдырап, қысқаруы кезінде инвестицияның үлесін арттыру бағалы қағаздар нарығының потенциалды қорларын пайдаланбай іске асуы мүмкін емес.
Қазақстан Республикасының мемлекеті бағалы қағаздар нарығын құру және оны одан әрі өрістету мақсатында қажетті шараларды жасауда. Қазақстандағы меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендірудің Ұлттық бағдарламасы бағалы қағаздар нарығының негізгі элементтерін құру процесін жеделдетті. Мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлік қоғамдар түрінде қайта құру олардың инвестиция тартудың ең бір тиімді механизмдерінің бірі - акция шығаруды пайдалану мүмкіндігін ашты. Мемлекет бюджет кемшілігін толтыру мақсатында да ақша белгілерін эмиссияламай, мемлекеттік бағалы қағаздар шығарумен шұғылданады. Бағалы қағаздар ақша капиталының немесе басқа материалды құндылықтардың орнына жүретін символы болғандықтан оны қордың құндылықтары деп те атайды. Сонымен қатар, бағалы қағаздар қордың инструменті немесе құралы болып та есептеледі. Себебі тек сол құралды пайдаланып, нақты құндылықтарға қол жеткізуге немесе сол құндылықтар бір субъектіден екіншіге ауысуына болады. Сонымен бағалы қағаздар нарығы капитал нарығының, яғни ақша және басқа материалдық құндылықтардың нақты қызметін көрсетеді.
Өркениетті мемлекттерде экономикалық өрлеуді қаржыландырудың басты жолы бағалы қағаздар нарығы болып табылады. Сонымен бағалы қағаздар нарығы - шаруашылықты дамытудың басты құралы, экономикалық өрлеуді көп жағдайда қаржыландырып ең оңай және ең қолайлы қаржы көзі.
Ұсынылып отырған курстық жұмыстың өзектілігі - агенттік бағалы қағаздардың Қазақстандағы дамуы және оның экономикадағы рөлі туралы қарап шығуға тырысамыз. Осы курстық жұмыста мен атақты ғалымдардың Сейітқасымов, Көшенова, Ілиясов, Блеутаева және тағы басқа ғалымдардың өздерінің бағалы қағазадар нарығы туралы көзқарастарын және көптеген еңбектерін, әдебиеттерін қолданып, экономист-ғалымдардың мақалаларын талдап жалпы осы курстық жұмыстың мазмұнын аштым.
Курстық жұмыстың негізгі мақсаты - бағалы қағаздар нарығының теориялық және методологиялық негіздерімен қатар оның жоғарыда аталған ұйымдық-экономикалық құрылымдарының нарықтық экономикадағы маңызын көрсету. Яғни, негізгі қойған мақсатым - барлығына түсінікті болатындай бағалы қағаз туралы толығырақ мәлімет беру және экономикадығы рөлін көрсету.
Курстық жұмыстың міндеті:
1) Бағалы қағаздар нарығының мәнін, мазмұнын және экономикадағы рөлін анықтау;
2) Қазақстандағы бағалы қағаздардың түрлерін қарастыру;
3) Еліміздегі бағалы қағаздардың ерекшелігін білу;
4) Трансфер-агенттік желіні енгізу туралы қарастыру;
5) Қазақстандағы бағалы қағаздарды даму жолдарын талдау.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс кіріспе, негізгі бөлім және қорытындыдан тұрады. Жұмыстың бірінші тарауында бағалы қағаздар нарығы туралы жалпы мәлімет, жіктелуі, түрлері, мәні мен мазмұнын және экономикадағы рөлі туралы қарастырылады. Ал екінші тарауында Қазақстан Республикасындағы трансфер-агенттік желіні енгізу және бағалы қағаздарды дамыту туралы толық мәлімет ұсынылады. Берілген суреттер арқылы бағалы қағаздардың іс тәжірибесін жылдам игеруіне септігін тигізеді.
БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ, МӘНІ, МАЗМҰНЫ, РӨЛІ, ЖІКТЕЛУІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ
1. 1 Бағалы қағаздар нарығы: мәні мен мазмұны, экономикалық рөлі
Бағалы қағаздар нарығы қаржықаражат нарығының құрамдас бөлігі болады. Қаржы нарығын келесі түрде жіктеуге болады:
1. Қарызқаржы нарығы, оның ішінде: қайтару мерзімі бір жылдан кем, қысқа мерзімдік қарыздар айналымы - ақша нарығы деп аталады.
2. Капитал нарығында бағалы қағаздар нарығын жеке қарастыруға болады. Капитал айналымы ақша формасындағы капиталдар айналымынан және бағалы қағаздар айналымынан тұрады. Қаржы капиталын банк несиесі ретінде алуға болады, немесе бағалы қағаздарды шығарып алуға болады. Яғни, капиталдар нарығы ақшалай капитал нарығынан және бағалы қағаздар нарығынан тұрады.
Бағалы қағаздар нарығы, өз кезегінде, бағалы қағаздардың бастапқы және қайталама нарық түрлеріне бөлінеді. Бастапқы нарықта алғашқы шығарылған қағаздар инвесторларға сатылады. Қайталама нарықта бұрынғы шығарылған бағалы қағаздар сатып алынады және қайта сатылады.
Бағалы қағаздар екі түрлі әдіспен ұйымдастырылған. Біріншіден, жоғары деңгейде орталықтандырылған арнайы қаржыделдалдық құрылымдарда, қор биржаларында әлемдегі ең ірі корпорациялардың қағаздары тіркеліп сатылады, екіншіден, еркін айналымдағы бағалы қағаздар биржадан тыс нарық жүйесінде сатылады.
Бағалы қағаздар нарығы экономиканың барлық субъектілерінің өздеріне қажетті ақша ресурстарын алуына кең мүмкіндіктер жасайды және алудың жолын жеңілдетті. Ол нарықтық экономикадағы көптеген стихиялы түрде өтіп жатқан процесстердің реттеушісі болып табылады. Бұл әсіресе күрделі жұмсалымдарды инвестициялау процесіне қатысты.
Осы күнгі ұйымдастырылған және жанжақты заңдастырылған нарықтық шаруашылық жүйесіндегі бағалы қағаздардың орны ерекше. Бағалы қағаздар дегеніміз - иеленушілеріне мүліктік құқықтар және белгілі бір ақша сомаларын алуға құқық беретін ақшалай немесе тауарлай құжаттар. Бағалы қағаздар нарық шаруашылығы жүйесінде ақшаны жұмылдыру, жұмсау және айырбастау процесіндегі ыңғайлы әрі тиімді құрал рөлін атқарады. Халыққа белгілі бір кәсіпорынның табыстарына ортақтасуға мүмкіндік бере отырып, бағалы қағаздар іскерлік белсенділікті арттыра түседі және ұлттық байлықты басқаруды жеңілдетеді.
Бағалы қағаздардың айналысқа шығарылуы әдетте нақтылы шаруашылық келісімшарттарға негізделеді.
Бағалы қағаздар бойынша олардың иелеріне дивидендтер немесе пайыздар түрінде табыстар төлеу, сондай-ақ бұл құжаттардан туындайтын ақшалай немесе өзге құқықтарды басқа тұлғаларға беру мүмкіндігі қарастырылады.
Бағалы ерекше тауар ретінде өмір сүреді, оның өзінің оған тән онда жұмысты ұйымдастыру мен ережелері бар нарығы болуы тиіс. Алайда бағалы қағаздар нарығында сатылатын тауарлар өзгеше тауар болып табылады, өйткені бағалы қағаздар - бұл меншік титулы, табысқа құқық беретін құжаттар, бірақ нақты емес капитал. Бағалы қағаздар нарығының оқшаулануы тап олардың осы қасиетімен айқындалады және нарық бағалы қағаздарды бір иеленушінің басқа иеленушіге көп жағдайларда еркін және оңай беруімен сипатталады [1, 440-444бб. ] .
Бағалы қағаздар нарығының жұмыс істеуі елдің экономикасында жалған емес нағыз дербестігі бар меншік иелерінің болуымен объективті түрде алдын ала анықталады. Тек осындай тәуелсіз меншік иелері ғана бағалы қағаздар нарығында қаржы ресурстарына деген сұранымды көрсете отырып әрі оларды әр түрлі шығындарға тиімді етіп жұмсауға бағыштай отырып, сауда мәмілелерін жасай алады. Сонымен бірге бағалы қағаздар нарығының жұмыс істеуі тиісті құқықтық негіздерсіз де мүмкін емес.
Қаржы нарығындағы сансыз көп бағалы қағаздар күнделікті айналымға шығады. Басқаша айтқанда, бағалы қағаздар нарығында сатусатып алу операциялары тәулігіне 24 сағат тоқтаусыз жүріп жатады. Бұл осы күнгі, нарықтың ең икемді еркін бәсекелі нарық жүйесіне жатады. Бұл нарыққа ену де, одан шығып қалу да басқа нарық түрлеріне қарағанда оңай, кедергісіз. Осы күнгі байланыс жүйесі, компьютерлік технология бұл нарықтың мүмкіншілігін және ауқымын шексіз етеді.
Ақшақаржы нарығы, оның ішінде бағалы қағаздар нарығы информацияға негізделген. Информациялық технология арқылы қоғамға шығарылған бағалы қағаздардың сатылуы мен сатып алынуы бір жерге шоғырланады, соның нәтижесінде ең толық көлемдегі нарықтық ұсыным мен сұраным, бағалы қағаздардың курстары қалыптасады. Бағалы қағаздардың курстары нарықта қалыптасқан сұраным мен ұсыным көлемдерінің арақатынасын көрсетеді.
Банк процестері мен бағалы қағаздар курстары өзара байланысты келеді; сондықтан, бірі екіншісіне ықпал жасайды. Мысалы, банк проценті өскен болса, онда банктен несие алу қиындайды. Сондықтан, бағалы қағаздар ұсынысы артады, олардың курстары төмендейді. Мемлекет банк процентіне ықпал жасай отырып, жалпы бағалы қағаздар нарығына да ықпал жасайды. Немесе, Ұлттық банк бағалы қағаздар нарығына шығып та оны тікелей реттейді. Бағалы қағаздар нарығын реттеу мемлекеттің инвестициялық саясатына сәйкес жүреді.
Бағалы қағаз нарығының субъектілерінің қатынастары экономикалық - құқықтық механизмге негізделеді. Бұл бағалы қағаздардың материалдық түрі ретінде оның маңызын дәлелдейді. Бірақ бағалы қағаздардың маңызы онымен шектеліп қоймайды. Бағалы қағаздар кез-келген мемлекеттің төлем айналымында маңызды орын алады, себебі олар арқылы мемлекеттің инвестициялық қызметі жүзеге асырылыды. Дәлірек айтқанда, бұл күрделі қаржы тікелей халық шаруашылығының ен тиімді саласына жіберіледі, яғни оларды нарық жүйесіндегі ең өміршең субъектілер ғана ала алады.
Өзінің ұйымдық және құрылымдық ерекшеліктеріне орай бағалы қағаздар қаржы институттары, қаржы нарықтары және оларды реттейтін құқықтық ережелерімен қатар мемлекеттің қаржы жүйесінің тұтас бір бөлігін құрайды. Мұндай жүйе біздің мемлекетімізде нарық қатынастарын қалпына келтіру қажеттілігі туындаған кезде, яғни 90-шы жылдардың басында құрыла бастады.
1990 жылдың басынан экономикалық тәжірбиесі дәлелдегеніндей шаруашылықты жетілдірудің нарықтық әдістерін қалпына келтірудің жєне оны одан әрі дамытудың басты құралы - бағалы қағаздар екені талассыз ақиқат. Бағалы қағаздар ақша түріндегі капиталға да, заттай капиталға да меншік құқын бекітіп, тек бағалы қағаздар арқылы ғана мемлекеттік меншікті акционерлік қоғамдардың, яғни жекеменшік иелері - халықтың меншігіне айналдыру мүмкін. Бағалы қағаздар нарығында өзіне тән қаржы институттары жүйесі қалыптасып, оларда экономикалық өрістеудің қаржы көздері шоғырланып және инвестициялық қорларды бөлу қатынастары жүзеге асады. Қазіргі өндірістің жалпы құлдырап, қысқаруы кезінде мемлекеттік жалпы ұлттық өнімдегі өндірістік инвестицияның үлесін арттыру бағалы қағаздар нарығының потенциалды қорларын пайдаланбай іске асуы мүмкін емес.
Акция шығару осы ресурстарды шектеусіз алуға мүмкіндік туғызса, ал облигация шығару ақша ресурстарын, оларды банктерден алудан гөрі, тиімді жағдайда алуға мүмкіндік береді. Мемлекет бюджет кемшілігін толтыру мақсатында да ақша белгілерін эмиссияламай, мемлекеттік бағалы қағаздар шығарумен шұғылданады.
Өркениетті мемлекеттерде экономикалық өрлеуді қаржыландырудың басты жолы бағалы қағаздар нарығы болып табылады. Бағалы қағаздар нарығының күрделі ұйымдық - экономикалық жүйесі көптеген өзара байланысты элементтерден тұрады:
- эмитенттер, яғни әртүрлі бағалы қағаздар шығаратын шаруашылық субъектілері;
- инвесторлар, яғни уақытша бос ақша иелері - заңды және жеке тұлғалар;
- бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандары: брокерлер, дилерлер, инвестициялық басқарушылар, маркетмейкерлер;
- инвестициялық компаниялары, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары және т. б. қорлары;
- қор биржаларды, депозиттік, клирингтік және басқа бағалы қағаздарды тіркейтін, сақтайтын ұйымдар.
Осы күрделі құрылымдардың қызметін ұйымдастыратын, басқаратын және реттейтін заңдар мен ережелер және мемлекеттік органдар қажет.
Айтылған мәселелердің барлығы мемлекетіміздің экономикалық дамудың бүгінгі кездегі сатысында Қазақстан халқының жас буыны алдында жаңа, тіпті ерекше бағыт, яғни бағалы қағаздарды шығару және сол қағаздар нарығындағы операцияларды меңгеру және құқықтық білімді, математикалық және бағдарламалық жағынан қамтитын және жинақтаған дағдыны ұғынуды талап ететін күрделі де қиын кәсіпшілік. Сонымен бірге өткен тәжірбиені зерттеп және өз мемлекетіміздегі қазіргі қажеттілікті ескеріп, бағалы қағаздар нарығы туралы қарастырлады. Қaзipгi кезде Республикада бағалы қағаздар нарығы қалыптасу шағында. Оның даму жолында алғашқы ic-шаралар жургізуде. Бюджеттің кемшілігін толтыру мақсатында мемлекет бұрынғыдай ақша белгілерін шығармай, оның орнына мемлекеттік бағалы қағаздар, мысалы мемлекеттік қысқa мерзімді вексельді шығара алады. Алайда, бағалы қағаздар нарығының дамуы жолында шешуін талап ететін экономикалық және әлеуметтік-психологиялық мәселелер көп кездесті. Соның ішінде экономикалық мәселелерге тоқтайтын болсақ:
а) нарықты реттейтін механизмнің жоқтығы;
ә) бағалы қағаздар нарығын дамытатын бірыңғай көзқарас жүйесінің жоқтығы;
б) заңдардың мүлтіксіз орындалмауы;
в) салымдарды тіркеу жүйесінің жоқтығы;
г) бағалы қағаздар нарығының материалдық техникалық негізінің аздығы;
д) нарық инфрақұрылымы өсу деңгейінің төмендік жатады.
Ал, әлеуметтік-психологиялық мәселелерге тоқтайтын болсақ, олар бағалы қағаздар нарығында мамандандардың аздығы мен халықтың инвестициялық белсенділігінің төменгі деңгейлігі жатады. Бұл мәселелер халықтың басым көпшілігінің бағалы қағаздар нарығының мәнін түсінбеушілігі мен инвестиция беруге психологиялық дайындығының жоқтығынан туындайды.
Дүниежүзілік нарық тарихында бағалы қағаздар нарығының негізгі үш үлrici (моделі) бар. Олар:
1. Банктік үлгi - онда бағалы қағаздар нарығы механизмі арқылы банктер қаржы қорларын бөледі (мысалы, бұл үлгі Германияда, Австрияда, Бельгияда көп тараған) . Бұл үлгi бойынша экономиканы инвестициялау мен мемлекеттік бюджет кемшілгін жоюды банктер өз міндетіне алады.
2. Банктік емес үлгі немесе нарықтық үлгі - онда бағалы қағаздар нapығы механизмі арқылы қаржы қорын бөлумен банк емес мекемелер шұғылданады (мысалы, АЌШ-та, Ұлыбританияда, Малайзияда, Пәкістанда, Сингапурда) . Бұл үлгі бойынша бағалы қағаздар нарығы демократиялық жолмен өркендейді. Қаржының негізгі бөлігі жеке тұлғалардың ақшасы. Ол банктен алған ақшаға қарағанда "арзан" ақша.
3. Аралас үлгі - онда бағалы қагаздар нарығы механизмі арқылы қаржы қорын бөлумен банктер де, банк емес мекемелер де шұғылданады (мысалы, Жапонияда) .
Еліміздің бағалы қағаздар нарығының epeкшелігi - кіші және жалпы жекеменшіктендіру механизмі арқылы меншік қатынастарын өзгертуге жеке инвесторлар мен өз мемлекетіміздің әрбір азаматын қатыстыру. Соның нәтижесінде жекеменшіктендіруге банк жүйесі қатынасқан жоқ. Дүниежүзілік тәжірбие дәлелдегендей банктер бағалы қағаздар нарығында жеке үстемдік (монополизация) роль атқарады. Дәл осы жағдай көпшілік мемлекеттердің бағалы қағаздар нарығының банктік үлгісінен бас тартуына әкеп соқтырды. Сондықтан еліміздігі экономикалық өзrеpic әлеуметтік бейімделген бағалы қағаздар нарығын құруға негізделгені дұрыс. Отандық бағалы қағаздар нарығының құрылуына әрбір азаматтың қатысуына мүмкіндік берген жөн. Дәл осы мүмкіндіктерді бағалы қағаздар нарығының банктік емес үлгісі яғни немесе нарықтық үлгісі іске асыра алады деген ойлар бар.
Бағалы қағаздар нapығының нарықтық үлгісінің банктік үлгіден айырмашылықтары мыналар:
- нapықтa акционерлік капитал үлгісінің көптiгi;
- үлестік бағалы қағаздардардың қарыздық қағаздардан көптігі;
- өндірісті қаржыландырудағы тура банктік несиенің аздығы;
- нарықтағы банк емес мекемелердің көптігі.
Бұлардан басқа мемлекетіміздің бағалы қағаздар нapығының нapықтық үлгісін таңдап алуға себепші болған үш фактор бар. Олар:
Бірінші өндірісті өркендету үшін шығарылып сатылған акциядан түскен aқшa - ол "арзан" aқшa. Өнеркәсіп өндірісін акционерлік қоғам етіп қайта құру - өндіpіcті ұйымдастырудың ең тиімді формасы. Себебі акционерлердің де, онда қызмет істеп жүргендердің де мүддесі шешедi.
Екінші әлі көп yaқытқa дейін еліміздің нарығында өндіріс саласын өз активтері мен (қаржыларымен) инвестициялайтын отандық ұйымдар болмайды. Сондықтан мемлекеттік меншікті жалпы жекеменшіктендіру арқылы халықты кәсіпорын басқаруына тарту жақын арада бұл механизмді пайдалануға мүмкіндік береді.
Үшінші саясат факторы - дуниежүзіндегі сияқты, елімізде бос ақша көздерінің нeгiзri иесі - халық. Жекеменшіктендіру купондары apқылы әрбір адамды акционерлік қоғамның меншік иесі болу құқын жүзеге асыру-бүгінгі кездегі ең кезекті саясат (халықтың социалистік менталитетін есептегенде) .
Сонымен Қазақстанның қалыптасып келе жатқан бағалы қағаздар нарығының үлісіне факты бірыңғай көзқарас жоқ. Сондықтан бағалы қағаздар нарығына уақыт талабына сай әлі де біраз өзгерістер енгізілуі мүмкін [2] .
1. 2 Бағалы қағаздар нарығының жіктелуі және түрлері
Бағалы қағаздар бірнеше түрлі болып жіктеледі: біріншіден, түсіретін кірісіне; екіншіден, эмитенттің сипатына; үшіншіден, айналым мезгілі мен айналым жеріне байланысты.
1. Кіріс төлеу жөнінен қарызды және үлесті бағалы қағаздар болып екіге бөлінеді. Қарызды бағалы қағаздар бойынша кіріс нақты процентпен төленіп, ал қарыздың күрделі негізгі бөлігін келешекте белгіленген уақытта өтеу көзделеді. Үлесті бағалы қағаздар немесе оны акция деп атайды. Акция оны иемденушінің корпорация мүлігіндегі үлесін көрсетеді және иемденушіге шектеусіз уақыт бойы дивиденд түрінде кіріс түсіреді. Ал бағалы қағаздардың басқа түрлері қарызды және үлесті түрлерінен туындайды.
2. Бағалы қағаздар шығарушысы жөнінен де жіктеледі. Олардың эмитенттері мемлекет, жергілікті әкімшілік, корпорациялар, қаржы институттары және тағы басқа заңды тұлғалар болуы мүмкін. Эмитенттеріне байланысты үлесті және қарызды бағалы қағаздар төмендегідей түрге бөлінеді:
1) Қазыналық немесе үкімет атынан Қаржы Министрлігі шығарған бағалы қағаздар. Себебі оның төлемін мемлекеттік бюджеттің қаржысы қамтамасыз етеді. Бұл бағалы қағаздардың көп тараған түрлері қазыналық облигациялар. Мемлекеттік меншіктегі кәсіпорындары да көбіне облигация түріндегі бағалы қағаздарды шығарады.
2) Жергілікті әкімшіліктер мен олардың меншігіндегі кәсіпорын бағалы қағаздары. Олардың төлемін қамтамасыз ететін жергілікті салықтар мен істің жобасына үкіметтің берген дотациясы.
3) Қаржы институттары мен корпорациялардың, яғни ашық түрдегі акционерлік қоғамдардың акция және облигация түріндегі бағалы қағаздары. Оларды өндіріс, құрылыс, сауда, жол қатынасы кәсіпорындарымен қатар коммерциялық банктер, сақтандыру және инвестициялық компаниялары, зейнетақы қорлары шығарады.
4) Банктердің бағалы қағаздары - олар депозиттік сертификаттар, чектер және бұдан да басқа банктің өзінің қарыз міндеттемелері.
5) Кәсіпкерлердің бағалы қағаздары олар коммерциялық вексельдер, фьючерстік шарттар және басқа коммерциялық қағаздар.
3. Бағалы қағаздар қай жерде сатылады деген сұраққа жауап бойынша да жіктеледі. Сатылу жеріне байланысты ақша нарығындағы бағалы қағаздар 2 бөлінеді.
Ақша нарығы қаржы нарығының бір бөлігі, онда қысқа мерзімді бағалы қағаздар сатылып және сатып алынады. Оның айналу мерзімі 1 күннен 1 жыл аралығына созылады. Бұл нарыққа қазыналық вексельдер, депозиттік сертификаттар және басқа коммерциялық қағаздар сатуға түседі. Оларды шығарушылар әр түрлі жіктелу топтарына жатса да, олардың бәрі қарызды бағалы қағаздарға жатқызады.
Капитал нарығына 1 жылдан астам уақытта шығарылған бағалы қағаздар түседі. Олар үлесті де, қарызды да бағалы қағаздар болуы мүмкін. Олардың эмитенттері де әр түрлі: мемлекет, жергілікті әкімшілік, корпорациялар, қаржы институттары және тағы басқалар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz