Кәсіпорынның қаржылық жоспарлаудың қағидалары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе 2
I бөлім. Кәсіпорынның қаржылық жоспарлау мен болжаудың теориялық негіздері
3
1.1. Кәсіпорынның қаржылық жоспарлаудың қажеттігі, міндеттері және
мақсаттары 3
1.2 Кәсіпорынның қаржылық жоспарлаудың қағидалары 7
1.3 Кәсіпорынның қаржылық жоспарлауды жасау кезеңдері 9
II бөлім. Кәсіпорынның қаржылық жоспары мен болжауының әдістемесі 14
2.1 Қаржылық жоспарлау және болжау әдістері 14
2.2 Кәсіпорынның қаржылық жоспарлау мен болжауды жетілдіру (бизиес-жоспар)
және көрсеткіштері мен олардың ерекшеліктері 14
Қорытынды 19
Қолданған әдебиеттер 20

Кіріспе

Нарықтық қатынастардың құрылымын да, мемлекет тарапынан оларды реттеу
механизмінде де Кәсіпорын қаржысы зор рөл атқарады. Кәсіпорын қаржысы -
нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге
асырудың құралы. Бұл орайда, қаржының әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіне
білудің, оның іс-әрекет етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың, Қазақстан
экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық
және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.
Кәсіпорынның қаржылық жоспарлаудың түсініктемесін бермес бұрын,
қаржының не екеніне тоқталып кеткеніміз жөн. Қаржы деп мемлекеттің
функциялары мен міндеттерін орындау және ұлғаймалы өндірістің жағдайын
қамтамасыз ету мақсатында орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша
қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдаланумен байланысты болатын
экономикалық қатынастарды айтады.
Осы жұмыста қарастырылатын қаржылық жоспарлау мемлекеттік қаржыны
басқару теориясының бір элементі болып табылады. Қаржыны басқару - бұл
қаржы қатынастарының бүкіл жиынтығының тиімді жұмыс істеуіне жетуді және
мұның негізінде тиісті қаржы саясатын жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі
мемлекет (қаржы органдары) шараларының жиынтығы. Қаржыны басқаруда мынадай
бірнеше өзара байланысты функционалдық элементтерді бөледі: ақпарат,
жоспарлау (болжау), ұйымдастыру, реттеу, бақылау.
Жоспарлау (болжау) қаржыны басқарудың жүйесінде маңызды орын алады.
Кәсіпорынның қаржылық жоспарлардың нақты міндеттері қаржы саясатымен
анықталады. Бұл - жоспарлы тапсырмаларды орындауға қажетті ақша
қаражаттарының мөлшерін және оның көздерін анықтау; орталықтандырылған және
орталықтандырылмаған қорлар арасында, халық шаруашылығының салалары мен
әкімшілік-аумақтық бөліністері арасында қаражаттарды бөлудің оңтайлы
арақатынасын (пропорциясын) белгілеу; ресурстарды пайдаланудың нақты
бағыттарын анықтау және т.б.
Кәсіпорынның қаржылық жоспарлау - бұл белгілі бір кезеңге арналған
қаржы ресурстарының және тиісті қаржы қатынастарының қозғалысын негіздеудің
ғылыми процесі.
Қаржыны жоспарлаудың міндеті — жұмылдырылатын және пайдаланылатын қаржы
ресурстарының ұдайы өндірістің материалдық-заттай элементтеріне оңтайлы
сәйкестігі негізінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жүйелердің
дамуының пропорционалдығы мен теңдестірілуіне жету.
Экономикалық жоспарлау жүйесінде қаржылық жоспарлау белсенді рөль
атқарады, өйткені ол, бір жағынан - қаржы ресурстарын басқарудың құралы,
басқа жағынан - қоғамдық өндіріс процесіне ықпал етудің маңызды тұтқасы.
I бөлім. Кәсіпорынның қаржылық жоспарлау мен болжаудың теориялық негіздері

1.1. Кәсіпорынның қаржылық жоспарлаудың қажеттігі, міндеттері және
мақсаттары

Кәсіпорынның қаржылық жоспарлау мен болжау — бұл қаржы механизмінің
қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және
әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Олар экономиканың
үйлесімді және тепе-теңдік дамуына жетуге, біртұтас ұлттық шаруашылық
кешенінің барлық буындарының қызметін үйлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің
жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған.
Кәсіпорынның қаржылық жоспарлаудың өзіндік ерекшелігі сол, бұл жоспарлау
өндірістің материалдық-заттай элементтері турасында, ақшамен қоғамдық ұдайы
өндіріске белсенді ықпал жасау турасында ақша қозғалысының салыстырмалы
дербестігімен шарттасылған ақша нысанында жүзеге асырылады.
Кәсіпорынның қаржысының табысты іс-әрекет етуі және қоғамдық
процестерге белсенді ықпал етуі көбінесе қаржы ресурстарының қозғалысын,
шаруашылықты жүргізудің барлық деңгейлерінде ақша қорларын қалыптастырып,
бөлуді алдын ала үлгілеуге байланысты болады. Мұндай процесс тәртіпті
(реттілікті) анықтайтын өзара үйлесілген тапсырмалардың, көрсеткіштердің
кешенді жүйесін жасауды, ақша түсімдерін жұмылдырудың прогрессивті
нысандарын қолдануды қажет етеді.
Кәсіпорынның қаржылық көрсеткіштерді, белгіленетін қаржы операцияларын
негіздеп дәлелдеуге, көптеген шаруашылық шешімдердің нәтижелілігі сияқты,
қаржылық жоспарлау мен болжау процесіндс қол жетеді. Бұл өте ұқсас ұғымдар
экономикалық әдебиет пен практикада жиі теңестіріледі. Іс жүзінде қаржылық
болжау жоспарлаудың алдында болуы және көптеген нұсқаларды бағалауды жүзеге
асыруы тиіс (тиісінше макро-және микродеңгейлерде қаржы рссурстарының
қозғалысын басқарудың мүмкіндіктерін анықтауы тиіс). Кәсіпорынның қаржылық
жоспарлаудың көмегімен белгіленетін болжамдар нақтыланады, нақтылы жолдар,
көрсеткіштер, өзара үйлесілген міндеттер, оларды іске асырудың дәйектілігі,
сондай-ақ таңдалынған мақсатқа жетуге көмектесетін әдістер анықталады.
Кәсіпорынның қаржылық жоспарлау - бұл қаржы жоспарларын
(тапсырмаларын) әзірлеу, қаралған мерзімде оларды орындау, белгіленген
мақсаттарға жетуге бағытталған процесі. Жоспарлау басқарудың элементі
ретінде қаржы саясаты құралдарының бірі болып табылады. Ол ірі шаруашылық
өзгерістерді байсалды және елеусіз жасауға мүмкіндік туғызады.
Кәсіпорынның қаржылық жоспарлаудың объектісі шаруашылық жүргізуші
субъектілері мен мемлекеттің қаржылық қызметі, ал қорытынды нәтижесі қаржы
жоспарлары мен жеке мекеменің сметаларынан бастап мемлекеттің жиынтық қаржы
жоспарына дейінгі қаржы жоспарларын жасау болып табылады. Әрбір жоспарда
белгілі бір мерзімге белгіленген кірістер мен шығыстар, қаржы және кредит
жүйелерінің буындары мен байланыстары анықталады.
Кәсіпорынның қаржылық жоспарлаудың мазмұны ақшалай табыстар мен
қорланымдарды жасау, бөлу және қайта бөлуді экономикалық процестермен
оңтайландырудың күні бұрын анықталған мүмкіндік ретінде көрінеді және
осының негізінде орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларын
қалыптастыру және пайдалану.

Кәсіпорынның қаржылық жоспарлау экономиканы және оның буындарын
басқарудың аса маңызды функциясы болып табылады. Оны мемлекеттік билік пен
басқарудың органдары, мекемелері және олардың жоғарғы құрылымдары жүзеге
асырады.

Кәсіпорынның қаржылық жоспарлаудың нақтылы міндеттері
қаржы саясатымен айқындалады. Бұл: жоспарлы тапсырмаларды орыңдауға қажетті
ақшаның көлемі мен олардың көздерін анықтау; кірістерді өсірудің,
шығыстарды үнемдеудің резервтерін анықтау; орталықтандырылған және
орталықтандырылмаған қорлар арасында қаражаттарды бөлуде оңтайлы
үйлесімдерді белгілеу және басқалары.

Жоспарлау:
1) экстенсивтілігімен (әлеуметтік-саяси және экономикалық
құбылыстардың кең шеңберін қамтиды);
2) қарқындылығымеы (кәміл техника мен әдістерді қолдануды
түсінеді);
3) тиімділігімен (қорытындысында қаржыны басқару қойған міндеттерге
жетудің қажеттілігін білдіреді) сипатталады.

Кәсіпорынның қаржылық жоспарлауда мына тәсілдемелер пайдаланылады:
а) автоматтық (өткен жылдың деректері келесі жылға көшіріледі.
Инфляция кезінде деректер Инфляцияның коэффициенттеріне көбейтіледі. Бұл
әдіс ең қарапайым әдіс болып табылады және, әдеттегідей, уақыт
жетіспеушілігі кезінде пайдаланылады;
э) статистикалық (өткен жылдардың шығыстарын қосып, өткен жылдардың
санына бөледі);
б) нөлдік база тәсілдемесі (барлық айқындамалар қайта есептелуі
тиіс бұл әдіс нақтылы қажеттіліктерді есепке алады және
оларды мүмкіндіктерімен үйлестіріледі).
Нарықтық экономика жағдайында жоспарлау басқарудың функциясы ретінде
экономикалық және әлеуметтік қызметтің барлық жақтарын жалпыға
бірдей қамту нысанын алуы тиіс. Егер жоспарлы экономикада қаржыны
жоспарлауда сүйеніш белгіштік процестерге жасалынса, нарықтық экономикада
айырбас сферасына сүйенеді, бұл сфера арқылы тауарлар мен қызметтерді
өткізу және оларды өндіру мен өткізу кезінде қоғамдық қажетті шығындарды
тану (мойындау) жүзеге асырылады.
Демек, нарықтық экономикада тауарлар мен қызметтерді өндіру мен өткізу
процесіндегі байланыстың үстемдік және айқындаушы әдісі ақшаны, бағаны, құн
заңын, сұраным мен ұсыным заңын кіріктіретін өзінің механизмі бар рынок
болады. Нарықтық механизмнің мұндай табиғаты өндіріс пен айырбас
нәтижелерін анықтаудың әдісі ретінде, бірақ жоспарлаудың элементтері
болатын болжаудың қажеттігін анықтайды.
Шаруашылықты жүргізудің нарықтық жағдайында қаржылық жоспарлау
шаруашылық жүргізудің белгіленетін түпкілікті нәтижелеріне ықпал етуші
көптеген факторлардың екі үштылығына байланысты көбінесе болжау ретінде
жүргізіледі.

Кәсіпорынның қаржылық болжау - мемлекеттің мүмкін болатын қаржы
жағдайын алдын ала көре білу, қаржы жоспарларының керсеткіштерін негіздеу
(дәлелдеу). Болжамдар орташа мерзімді (5-10 жыл) және ұзақ мерзімді (10
жылдан астам) болуы мүмкін. Кәсіпорынның қаржылық болжау қаржы жоспарларын
жасау стадияларынан бұрын болады, қоғам дамуының белгілі бір кезеңіне
арналған қаржы саясатының тұжырымын жасайды. Кәсіпорынның қаржылық
болжаудың мақсаты - болжанған кезеңдегі қаржы ресурстарының шынайы мүмкін
болатын ауқымын, оларды қалыптастырудың кездерін және пайдалануды анықтау
болып табылады. Болжамдар қаржы жүйесінің органдарына қаржы жүйесін
(құрамын) дамыту мен жетілдірудің түрлі нұсқаларын, қаржы саясатын іске
асырудың нысандары мен әдістерін белгілеуге мүмкіндік береді.
Кәсіпорынның қаржылық болжау әр түрлі әдістерді қолдануды қажет етеді:
экономикалық процестерді анықтайтын факторларға қарай қаржы жоспарлары
көрсеткіштерінің динамикасын бейнелеп көрсететін экономикалық үлгілерді
жасау;
корреляциялық-регрессиялық талдау; тікелей сараптамалық бағалау әдісі.
Шаруашылық жүргізудің нарықтық жүйесінде сонымен бірге индикативтік,
яғни •ұсынбалы (нұсқамалық) жоспарлау пайдаланылады; ол ақпараттық-
үйлестіруші рөлді орындайды және қаржы қызметінің субъектілеріне
экономикалық реттеушілер арқылы жанама түрде ықпал етеді. Индикативтік
жоспарлау нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеуде және экономиканың
стратегиялық ұзақ мерзімді бағыттарын анықтауда маңызды орын алады, мұның
процесінде экономиканы ойдағыдай дамытудың бүкіл шегі анықталады.
Қазақстанда индикативтік жоспарлау 1993 жылдан бері қолданылады. Оны
жасау барысында батыс Еуропа және Шығыс Азия елдерінің тәжірибелері негізге
алынып келеді. 1996 жылдан бері ағымдағы индикативті (жылдық) жоспарлау
негізінде мемлекеттік бюджетті жасау жұмыстары қалыптасты.
Индикативтік жоспарлаудың қазіргі кезеңдегі басты ерекшелігі
зерттемелік қасиеті. Яғни қоғамдағы тенденцияларға терең және жан-жақты
сараптама жасау арқылы әлеуметтік-экономикалық дамудың нысандары
көзделінеді, әрі алда тұрған небір өзекті мәселелер нақтылы белгіленеді.
2001-2005 арналған индикативтік жоспардың басты мақсаты - экономикада
бәсекелестікті арттыру.
Индикативтік жоспардың ажырағысыз бөлігі индикативтік қаржылық
жоспарлау болып табылады, бұл жоспарлаудың басты мақсаты -болжанған дамуды
қамтамасыз ету үшін қаржы ресурстарының шамаланған ауқымын және олардың
бағытын анықтау. Индикативтік қаржы жоспарларының мемлекеттік секторда ғана
міндетті сипаты, ал меншіктің басқа нысандарының секторлары үшін
кепілдемелік сипаты болады. Соңғыға

экономикалық тетіктерді - реттелетін бағаны, субсидияларды, кредиттерді,
салық мөлшерлемелері мен жеңілдіктерін, жетелдетілген амортизацияны және
басқаларды пайдалану арқылы жетеді. Аса маңызды индикаторларға мыналар
жатады: валюта бағамы, Инфляцияның болжанған деңгейі, ¥лттық банктің қайта
қаржыландыру мөлшерлемелері, амортизациялық аударымдардың нормалары.

Әлеуметтік-экономикалық болжау жүйесінде қаржылық жоспарлау белсенді
рөл атқарады. Қаржы жоспарлаудың әзірлеу кезінде өндірістік тапсырмалардың
қауырттылығының дәрежесі тексеріледі, өнім өндіру мен оның сапасын жақсарту
бойынша өндірістік қуаттылықтарды неғұрлым толық пайдалану есебінен,
шығындарды төмендету және өнімсіз шығасыларды қысқарту резервтері есебінен
қаржы ресурстарын көбейтудің мүмкіндіктері анықталады. Өндіріске қолда бар
материалдық ресурстарды тартуды, айналым қаражаттарының айналымдылығын
тездетуді, құрылыстың сметалық құнын төмендетуді, басқару аппаратын ұстау
шығындарын қысқартуды және т.б. ескере отырып, сондай-ақ ақшаға деген
қажеттілікті азайтудың жолдары қарастырылады. Сөйтіп, қаржылық жоспарлау,
бір жағынан, қаржыны басқарудың құралы, басқа жағынан қоғамдық өндірістің
процесіне ықпал жасаудың белсенді құралы болып табылады.

1.2 Кәсіпорынның қаржылық жоспарлаудың қағидалары

Кәсіпорынның қаржылық жоспарлаудың әдістемелігі аса маңызды мына
қағидаттарға негізделеді:

Орталықтандырылған және орталықтандырылмаған тәсілдемелердің үйлесуі.
Бұл Кәсіпорынның қаржы жоспарларын жасағанда екі негіздің (бастаудың) -
орталықтандырылған қаржылық жоспарлаудың жергілікті (төменгі) бастаманы
барынша дамытумен етене ұштасуын білдіреді. Орталықтандырылған қаржылық
жоспарлау мемлекетке бірыңғай қаржы саясатын жүргізуге, мемлекет ауқымында
қаржы ресурстарын бөлуді және қайта бөлуді нысаналы басқаруға мүмкіндік
береді. Кәсіпорынның қаржылық жоспарлаудағы децентрализм өндірістік
бөліністер мен биліктің жергілікті органдарының нақтылы жоспарлар жасап,
оларды орындаудағы, өндірісті өркендеудің және оның нәтижелілігін
арттырудың резервтерін іздестірудегі шығармашылық белсенділігін дамытуға
жәрдемдеседі.
Биліктің жергілікті органдары бюджеттерінің олардың аумағында
орналасқан шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің нәтижесіне
тәуелділігін белгілейтін ұзақ мерзімді нормативтердің негізінде аймақтардың
қаржыларын басқарудың экономикалық әдістеріне көшу үлкен маңызға ие болып
келеді. Сонымен бір мезгілде жалпы мемлекеттік қаржыларды жүйелі түрде
нығайту, мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігінің тұрақтылығын, қоғамдық
ендіріс дамуының әлеуметтік бағдарлануын күшейтуде, тиімділікті арттыруда
оның рөлін арттыру қажет;

- бірлік қағидаты Кәсіпорынның қаржылық жоспарлаудың экономикалық және
әлеуметтік жоспарлаумен тығыз өзара байланысы мен өзара тәуелділігінде
көрініп білінеді. Қаржы жоспарларының негізінде экономикалық және
әлеуметтік даму жоспарлары мен болжамдарының көрсеткіштері жатыр. Сонымен
бірге қаржылық жоспарлаудың барысында объектінің дамуының белгіленген
параметрлері дәлелденіп анықталады, экономикалық және әлеуметтік жоспардың
жеке элементтері мен бөлімдерінің баланстық байланыстары тексеріледі.
Кәсіпорынның қаржылық жоспарлаудың бірлігі сонымен бірге қаржы
жоспарларының барлық түрлерінің тығыз өзара байланысын білдіреді. Жоғарғы
ұйымдардың қаржы жоспарларының көрсеткіштері оған қарасы субъектілердің
жоспарлы жобаламаларын кіріктіреді. Мемлекеттік деңгейде жасалынатын қаржы
жоспарлары (мемлекеттік бюджет) басқарудың жергілікті органдарының
Кәсіпорындары мен ұйымдарының қаржы жоспарларының көрсеткіштерін тірек
етеді;

жоспарлаудың үздіксіздік қағидаты перспективалық және жылдық
(ағымдағы) қаржы жоспарларының тығыз үйлесуін шамалайды, бұған
перспективалық жоспарлаудың іс-қимылының мезгілін ұзартумен және жылдық
жоспарлауда олардың міндеттерін нақтылаумен қол жетеді.
Кәсіпорынның Қаржылық жоспарлаудың бұл қағидаты ағымдағы және
перспективалық жоспарлаудың арасында үзілісті болдырмауға, шаруашылық
жүргізуші субъектілерді, олардың нақтылы даму перспективаларын анықтай
отырып, дұрыс бағыттауға мүмкіндік береді; бұл қағидат шығыстардың
көпшілігі үшін, әсіресе мемлекет қаржысын бөлуді есептеу кезінде
қолданылады. Бұл жоспарлаудың жүйелік-түрлендірме әдісі – жоспарлау,
бағдарламалау және бюджет жасау:

жоспарлау өзіне мақсаттар мен міндеттерді қалыптастыруды және
баяндауды кіріктіреді;

бағдарламалау деп мақсаттарға жету үшін пайдаланылатын құралдардың
қолда барын іріктеуді және жаңаларын табуды түсінеді;
бюджет жасау - жалпы көпжылдық бағдарламаларды қаржы жылдары бойынша
жылдық бюджеттік цифрлар тіліне аудару процесі. Бұл дәстүрлі бюджеттік
топтастыру бойыыша сан жағынан тұлғаланған операциялардың бүкіл жиынтығын
бөлу процесі.

Кәсіпорынның Қаржылық жоспарлау (болжау) белгілі әдістердің көмегімен
жүзеге асырылады, олардың қатарына жататын ең маңыздылары мыналар:

1. Экстраполяция (немесе коэффициенттер) әдісі. Оның мағынасы
қаржылық көрсеткіштерді олардың динамикасын белгілеу негізінде
анықтауда болады. Есеп-қисаптар есепті кезеңнің жетістіктері және оларды
өсудің немесе төмендеудің салыстырмалы тұрақты қарқынына түзету
негізінде жүргізіледі. Мұндай тәртіптің айтарлықтай кемшіліктері бар:

мүмкін болатын ішкі шаруашылық резервтерді анықтауды есепке алмайды;

материалдық және ақша ресурстарын пайдалануға теріс әсер етеді,
өйткені жоспарланатын кезеңде олардың көлемі қол жеткен деңгейге қарай
анықталады.
2. Нормативтік әдіске сәйкес жоспарлы қаржылық көрсеткіштер белгіленген
нормалар мен нормативтердің негізінде есептеп шығарылады.
3. Математикалык, үлгілеу әдісі: процестің үлгісін құру және оны қаржы
саласына көшіру.
4. Баланстық әдіс шығындардың оларды жабу көздерімен
үйлесушілігін, қаржы жоспарларының барлық бөлімдерінің, сонымен бірге
өндірістік және қаржылық көрсеткіштердің және қаржылық көрсеткіштердің
өзара үйлесуін қарастырады. Қаржы балансының талаптарын сақтау
кәсіпорынның, саланың, бюджеттердің, бүкіл ұлттық шаруашылықтың
шығындары мен табыстарының арасында үйлесімсіздіктің пайда болуынан
сақтандыруға; ұлттық шаруашылықты дамытудың қажетті қарқындары мен
үйлесімдерін анықтауға; ішкі резервтерді жұмылдыруды ескере отырып оларды
жан-жақты негіздеуге мүмкіндік береді.
5. Сараптық бағалаулар әдісі жоспарлау объектісінің жай-күйінің
параметрлерін анықтау үшін аса білікті мамандардың тәжірибесін пайдалануды
қажет етеді.

1.3 Кәсіпорынның қаржылық жоспарлауды жасау кезеңдері

Объективті талаптарға жауап беретін Кәсіпорынның қаржылық жоспарлауды
ұйымдастыру оның негізгі қағидаттарын саналы есепке алуды қажет етеді.
Отандық экономикалық әдебиеттерде қаржылық жоспарлаудың қағидаттарын
анықтауда әр түрлі көзқарас бар. Алайда қағидаттар басқарудың бұл
стадиясының негізгі ережелері ретінде дамудың барлық дәуірі, кезендері үшін
бірдей болады. Өзгеретін жоспарлаудың қағидаттары емес, тек оларды іске
асырудың механизмі, өндіргіш күштердің, ғылымның және көптеген басқа
факторлардың даму деңгейіне байланысты оның әдістері өзгереді.
Кәсіпорынның қаржылық жоспарлауда тарихи мына ұйымдық қағидаттар
қалыптасты: ведомстволық, салалық, аумақтық және предметтік-мақсатты.
Ведомстволық және салалық қағидаттар экономиканы бір орталықтан басқарудың
(оның қатаң, әміршіл әдістерімен) кезеңіне сипатты болды.

Нарықтық қатынастар жағдайында аумақтық және предметтік-мақсатты
қағидаттар кеңінен қолданылатын болады. Кәсіпорынның Аумақтық, қаржылық,
жоспарлау әкімшілік-аумақтық бөліністердің қаржы ресурстарын анықтауға
мүмкіндік береді; ресурстар ауқымын шаруашылық қызметтің нәтижелеріне
тәуелді ғып қоюға көмектеседі; объективті себептер бойынша ресурстардың
тапшылығы жағдайында аймақтың қолайлы әлеуметтік дамуын қамтамасыз ету үшін
оларды орталықтандырылған қорлар арқылы қайта бөлу мүмкін. Кәсіпорынның
қаржылық жоспарлаудағы предметтік мақсатты қағидат белгілі бір
экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, мәдени және басқа бағдарламаларды
қамтамасыз ету үшін қаржы ресурстарын нақтылы қалыптастыруға және
пайдалануға бағытталған.

Кәсіпорынның қаржы жоспарларын жасау негізінен үш кезеңнен тұрады:
бірінші кезеңде есеп беріліп отырылған мезгілдің қаржылық көрсеткіштердің
орындалуына экономикалық талдау жасалады. Кәсіпорынның қаржылық
көрсеткіштерді талдау өндірістік мәліметтермен өзара байланыста
жүргізіледі. Мұның өзі қаражаттарды толық жұмылдырудың себептерін ашуға,
оларды пайдаланудың тиімділігі дәрежесін анықтауға, ішкі шаруашылықтық
резервтерді табуға мүмкіндік береді.
Екінші кезеңде әлеуметтік жөне экономикалық даму жоспарлары мен
бағдарламаларының көрсеткіштері негізінде кірістер мен шығыстардың нақтылы
түрлерінің есеп-қисаптары жасалады.
Үшінші кезеңде сметадағы тапсырмалар және кірістердің баптары үйлестіріліп,
теңестіріледі. Егер қарастырылған шаралар мен жоспарлы тапсырмалар ақша
ресурстарымен сәйкес келмеген жағдайда табыстар мен
қорланымдарды көбейтудің көздері іздестіріледі, оларды аса тиімді
пайдаланудың жолдары анықталады, ал кейбір жағдайда шығындардың жеке
түрлерін тікелей қысқарту қарастырылады.
Кәсіпорынның қаржылық жоспарлаудың негізгі құжаты болып келетін қаржы
жоспары шаруашылық жүргізуші субъектілердің, салалардың, аймақтардың және
жалпы мемлекеттің ақшалай табыстары (кірістері) мен қорланымдарын құрудың
және пайдаланудың жоспары болып табылады. Қаржы жоспары ұлттық
шаруашылықтың ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Басқарудың барлық деңгейлерінде жасалынатын саны көп қаржы жоспарларын
бір жүйеге келтіру үшін оларды көптеген белгілер бойынша сыныптаған орынды.
Экономикалық әдебиеттерде олар негізгі екі топқа бөлінеді: жиынтық және
бастапқы қаржы жоспарлары.
Кәсіпорынның жиынтық қаржы жоспарлары жалпы мемлекеттік қаржы
ресурстарының қозғалысын негіздейді, мемлекеттің қаржы жүйесі жүзеге
асыратын қайта бөлу процестерін белгілейді.
Нысаны бойынша олар әрқашан жиынтық жоспарлар болып табылады, бірақ
бұл оның жалғыз ғана белгісі емес. Сонымен бірге министрліктердің,
ведомстволардың қаржы жоспарларының да құрамалық сипаты болады, бірақ олар
қаржы ресурстарының қозғалысын тек нақтылы саланың, ведомствоның шегінде
ғана жобалайтындықтан, олар бастапқы жоспарларға жатады. Жиынтық қаржы
жоспарлары ең алдымен өзінің мазмұнымен, ресурстардың объектісімен және
сферасымен, жоспарлау әдістерімен және арналымымен ерекшеленеді.
Қазіргі кезде жиынтық қаржы жоспарлары жалпы мемлекеттік, салалық,
аумақтық жоспарларды кірістіреді. Мыналар жалпы мемлекеттік болып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аудиторлық тексеру
Корпорацияның қаржылық жоспарлауы мен қаржылық бақылауы
Кәсіпорынның қаржылық жоспарлаудың объектісі
Кәсіпорында қаржылық жоспарлау жүргізу
Жоспарлау түсінігі. Бизнес-жоспар бөлімдері
Жоспарлау түсінігі. Бизнес-жоспар бөлімдері туралы
Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің мүлкі
Рахат фабрикасының өндіріс саласындағы жоспарлау көрсеткіштері
Қаржылық жоспарлауды талдау
Бизнес-жоспардың маңызы мен баптары
Пәндер