Банк шығаратын бағалы қағаздар есебі


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

КІРІСПЕ 3

І. БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ЕСЕБІ, ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ РЕТТЕУ САЯСАТЫ5

1. 1 Бағалы қағаздар туралы ұғым 5

1. 2 Саудадағы арналған және сатуға жарамды бағалы қағаздар9

1. 3 Банк шығаратын бағалы қағаздар есебі12

ІІ. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕГІ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР РЫНОГЫН ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ16

1. 1 Бағалы қағаздар рыногын дамыту мәселелері16

1. 2 Бағалы қағаздар рыногын жетілдіру жолдары 18

1. 3 «ТұранӘлемБанк»-тің бағалы қағаздармен жұмысы және жетістіктері20

ҚОРЫТЫНДЫ25

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 28

ҚОСЫМША29

КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстанда бағалы қағаздар есебін толық қалыптастыру үшін ұлттық өндіріс пен ішкі ұлттық нарық жүйесін қалыптастырып тереңдету керек. Қазақстан экономикасының өндірістік құрылымын қайта құрып жетілдіру мәселесі тұрғындардың қолындағы сақталған қаржы ресурстарын жұмыл- дырып экономиканың реалды секторына жұмсауды қажет етеді. Кіріс министрлігі мен Салық комитеті мамандарының пікірінше Қазақстан тұрғындарының қолында айналымға тартылмаған 2-3 млрд доллар нақты қаржы қорлары бар екен. Осы қорларды инвестицияға айналдыру үшін Қазақстандағы банкілердің мүмкіншілігін нығайтып, олардың са- лымшыларға беретін сақтандыру кепілдіктерін (гарантия) жоғары деңгейге көтеру қажеттілігі туындап отыр. Соңғы кездері Қазақстандағы ең ірі коммерциялық банктер келісімге келіп, банкаралық сақтандыру қаржы қорын құру саясатын іске асырмақшы. Қазақстанда тұрғындар өз қаржы-қаражатын негізінен Халық банкісінде сақтайтыны белгілі. Банк басқармасы тұрғындардың салымдарын сақтап, олардың тұрақты тұрде өсімін қамтамасыз ету мақсаттарында, Қазақстанда тұрақты жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар акцияларын сатып алу құқығын алуға ниет білдіріп, қажетті құжаттар дайындап оларды заңдастыруға күш салып отыр.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері . Бағалы қағаздар рыногын мемлекеттік реттеу механизмі келесі бағытта жүзеге асады:

Мемлекет бағалы қағаз рыногын реттеп, ұйымдастыратын заң жүйесін қабылдайды. Бұл заңдар:

  • акционерлік қоғамдардың қалыптасу тәртібін анықтайды және реттейді;
  • бағалы қағаздарды шығару тәртібін және акцияны шығаруға рұқсат алу түрлерін анықтап реттейді;
  • бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялардан түсетін пайдаға салық кесімдерін реттейді;
  • биржаның қызметін және бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялар түрлерін анықтап реттейді.

2. Мемлекет мекемелері рынок субъектісі ретінде бағалы қағаздар рыногына шығады. Қаржы ресурстарын жинау үшін мемлекет облигациялар, қазыналық міндеттемелер (қысқа мерзімдік облигациялар) сияқты бағалы қағаздарды айналымға шығарады.

3. Ұлттық банктің ақша - несие саясаты арқылы бағалы қағаздар рыногына ықпал жасайды. Басқаша айтқанда, қор рыногындағы жағдай айналымдағы ақша көлемін реттеумен және несиені қолдау саясатымен тығыз байланысты.

Бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру үшін, оның инфра- құрылымдарын құру және бұл құрылымдардың қызмет атқару тәртібін анықтап реттейтін заңдар мен құжаттарды дайындап шығару қажет екені белгілі. Елімізде Қазақстан Республикасының Құнды қағаздар жөніндеғі Ұлттык комиссиясы құрылған, 1995 жылдың сәуірінде «Қазақстан Республикасында акционерлік қоғамдардың акцияларын шығару мен өтеудің тәртібі туралы ереже» әзірленіп бекітілді.

І. БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ЕСЕБІ, ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖӘНЕ РЕТТЕУ САЯСАТЫ

1. 1 Бағалы қағаздар туралы ұғым

Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының ағымдағы жағдайын, экономиканың өтпелі кезеңдегі жалпы жағдайымен байланысты дағдарысты деп сипаттауға болады. Бағалы қағаздар нарығы - бұл жалпы нарықтар сияқты экономиканың жан-жақты дамуынсыз толыққанды түрде қызмет ете алмайтын нарықтың бір сегменті. Қор нарығының жағдайы бірқатар факторларға байланысты, соның ішінде ең басты ролді инфляция қарқыны алады. Өндірістің құлдырауы және бағаның өсуі тұсыныда қор нарығының көптеген артықшылықтары жарамсыз болып қалады.

Барлық қиын жағдайда да қор нарығының инвестициялық процестегі ролі арта түсуде. Бұл ең бастысы күрделі капитал жұмсалымын қаржыландыруға арналған ресурстарға деген қажеттіліктен туындайтын кәсіпорындарды акционерлеумен байланысты. Қор нарығы арқылы жүзеге асырылатын өндіріске және инфрақұрылымға шетел инвестицияларын тарту үшін қолайлы база жасалуы қажет.

Сондай-ақ әр түрлі бюджеттен тыс қорлар да құрылады. Қаражат жинақтау шамасына қарай, олар қаражаттарын бағалы қағаздарға инвестициялайды.

Осындай және басқа да факторлар қор нарығын инвестициялауға арналған қаражат жинақтау жолдары ретінде арттырудың потенциалды мүмкіндіктерін көрсетеді.

Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының даму болашағы үшін ресурстарды жинақтау (материалдық база, адамдарды оқыту, заңдарды шығару, технология және ақпараттық база және т. б. ) сұрақтарын ғана қамтып қоймай, сондай-ақ нарыққа өту барысында туындаған макроэкономикалық мәселелердің стратегиялық шешімін және талдауды қамтитын бағалы қағаздар нарығын дамытудың ұзақ мерзімді саясаты болуы керек.

Мұндай әрекет ету бағдарламасының мемлекеттік деңгейде, оның қаржы саясаты аясында жасалады деп күтуге болмайды. Мемлекеттің фискальдық мүддесі, оның кұрылымдары арасындағы қарама-қайшылық, бұл міндетті шешуге мүмкіндік жасамайды. Міне, сондықтан да, жаңадан құрылыған бағалы кағаздар нарығының кәсіби қатынасушыларының бірігуімен жасалатын қаржы тұрақтылығына және өндірістің дамуына дейін биржалардың, брокерлік фирмалардың және т. б. ұзақ мерзімді мүдделерін қамтамасыз ететін стратегияның болуының маңызы зор тобының (30 өнеркәсіп корпорациясы, 15 қоғамдық қолдану кәсіпорыны, 20 темір жол компаниясы, - барлығы 65 корпорация) күнделікті арифметикалық котировкасын құрайды.

Бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру мәселесі бойынша Қазақстанда негізінен екі түрлі ғылыми-әдістемелік көзқарас - пікір қалыптасқан. Алғашқы кездері экономистердің басым көпшілігі Қазақстанда нарық жүйесін қалыптастыру үшін құнды қағаздар нарығы қажет деген пікірде болғаны белгілі. Соңғы жылдары нарыққа көшу мәселесін механизмнің тиімді қызмет атқару жағдайларымен байланыстырьш қарайтын пікір-көзқарас басымдылық алып келеді.

Құнды қағаздар нарығын қалыптастыру үшін, оның инфра- құрылымдарын құру және бұл құрылымдардың қызмет атқару тәртібін анықтап реттейтін заңдар мен құжаттарды дайындап шығару қажет екені белгілі. Елімізде Қазақстан Республикасының Құнды қағаздар жөніндеғі Ұлттык комиссиясы құрылған, 1995 жылдың сәуірінде «Қазақстан Республикасында акционерлік қоғамдардың акцияларын шығару мен өтеудің тәртібі туралы ереже» әзірленіп бекітілді, бағалы қағаздар эмиссиясы есепке алынып, қор биржаларында тіркелетін болды. Республикада құнды қағаздар нарығына қатысушылардың Ұлттық қауымдастығы құрылды. Құнды қағаздар нарығын реттейтін ҚР Үкіметінің қаулылары, оның ішінде бағалы қағаздар рыногында кәсіптік қызметтерді лицензиялау туралы ережелер», және басқа да көптеген құжаттар пакеті (20-дан астам) қабылданды, қолданылып келген заң актілеріне өзгерту мен толықтырулар енгізілді. Құнды қағаздар нарығы ҚР-ның заңдарымен, Президент жарлықтарымен, Қазақстан Үкіметі, Мүлік комитеті және Ұлттық банк қабылдаған қаулылармен, ҚР Қаржы министрлігінің және Бағалы қағаздар жөніндегі комиссияның нұсқауларымен реттеледі.

Қазақстанда құнды қағаздар нарығын толық қалыптастыру үшін ұлттық өндіріс пен ішкі ұлттық нарық жүйесін қалыптастырып тереңдету керек. Қазақстан экономикасының өндірістік құрылымын қайта құрып жетілдіру мәселесі тұрғындардың қолындағы сақталған қаржы ресурстарын жұмыл- дырып экономиканың реалды секторына жұмсауды қажет етеді. Кіріс министрлігі мен Салық комитеті мамандарының пікірінше Қазақстан тұрғындарының қолында айналымға тартылмаған 2-3 млрд доллар нақты қаржы қорлары бар екен. Осы қорларды инвестицияға айналдыру үшін Қазақстандағы банкілердің мүмкіншілігін нығайтып, олардың са- лымшыларға беретін сақтандыру кепілдіктерін (гарантия) жоғары деңгейге көтеру қажеттілігі туындап отыр. Соңғы кездері Қазақстандағы ең ірі коммерциялық банктер келісімге келіп, банкаралық сақтандыру қаржы қорын құру саясатын іске асырмақшы. Қазақстанда тұрғындар өз қаржы-қаражатын негізінен Халық банкісінде сақтайтыны белгілі. Банк басқармасы тұрғындардың салымдарын сақтап, олардың тұрақты тұрде өсімін қамтамасыз ету мақсаттарында, Қазақстанда тұрақты жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар акцияларын сатып алу құқығын алуға ниет білдіріп, қажетті құжаттар дайындап оларды заңдастыруға күш салып отыр.

Бағалы қағаздар рыногын мемлекеттік реттеу механизмі келесі бағытта жүзеге асады:

1. Мемлекет бағалы қағаз рыногын реттеп, ұйымдастыратын заң жүйесін қабылдайды. Бұл заңдар:

  • акционерлік қоғамдардың қалыптасу тәртібін анықтайды және реттейді;
  • бағалы қағаздарды шығару тәртібін және акцияны шығаруға рұқсат алу түрлерін анықтап реттейді;
  • бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялардан түсетін пайдаға салық кесімдерін реттейді;
  • биржаның қызметін және бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялар түрлерін анықтап реттейді.

2. Мемлекет мекемелері рынок субъектісі ретінде бағалы қағаздар рыногына шығады. Қаржы ресурстарын жинау үшін мемлекет облигациялар, қазыналық міндеттемелер (қысқа мерзімдік облигациялар) сияқты бағалы қағаздарды айналымға шығарады.

3. Ұлттық банктің ақша - несие саясаты арқылы бағалы қағаздар рыногына ықпал жасайды. Басқаша айтқанда, қор рыногындағы жағдай айналымдағы ақша көлемін реттеумен және несиені қолдау саясатымен тығыз байланысты.

1. 3 Саудаға арналған және сатуға жарамды бағалы қағаздар

1. Банк 2002 жылдың қаңтар айында қор биржасынан эмитент 2002 жылдың қаңтарында айналым мерзімі 3 жылға шығарған және орналастырған бағалы қағаздарды келесі шарттар бойынша алады:

Саны 1 000 дана

Атаулы кұны 1 000. 000 теңге

Жарияланған табыстылық (сыйақы мөлшерлемесі) жылдық 6 %

Сыйақыны төлеу дүркінділігі ай сайын

Қор биржасындағы бір бағалы қағаздың құны - 1020, 00 теңге

Қор биржасындағы бағалы қағаздардың жалпы кұны - 1 020 000, 00 теңге

Жасалған мәміле бойынша биржаның ұстап қалатын комиссиялық жиыны - 5 100, 00 теңге

I. 2. Сатып алу бағасына бағалы қағаздарды сатып алу кезінде келесі бухгалтерлік жазба жасалады;

1) саудаға арналған бағалы қағаздар бойынша:

Дт 1201 «Саудаға арналған бағалы қағаздар» 1 025 100, 00 Кт 1050 «Банктердің корреспонденттік есепшоттары» 1 025 100, 00

2) сатуға жарамды бағалы қағаздар бойынша:

Дт 1452 «Сатуға жарамды бағалы кағаздар» 3 025 100, 00 Кт 1050 «Банктердің корреспонденттік есеп шоттары» 1 025 100, 00

3. Банктің есеп саясатына сәйкес ай сайын/күн сайын сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйақыны есептеу жүргізіледі. Сонымен қатар келесі бухгалтерлік өткізбе жасалады:

1) саудаға арналған бағалы қағаздар бойынша:

Дт 1201 «Саудаға арналған бағалы қағаздар» 5 000, 00

Кт 4201 «Саудаға арналған бағалы қағаздар бойынша сыйақыны алуға байлалысты кірістер» 5 000, 00

2) сатуға жарамды бағалы қағаздар бойынша:

Дт 1452 «Сатуға жарамды бағалы қағаздар» 5 000, 00

Кт 4452 «Сатуға арналған қолда бар бағалы қағаздар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістер» 5 000, 00

4. Банктің есеп саясатына сәйкес ай сайын/күн сайын бағалы қағаздардың құны нарықта (баға) белгілеуге немесе әділ құнын есептеуге сәйкес қайта бағаланады. Сонымен қатар асып түсу сомасына келесі бухгалтерлік өткізбе жасалады:

1) бағалы қағаздардың әділ құнының олардың баланстық құнынан асып түсуі кезінде (бағалы қағаздардың нарықтық құны 2002 жылдың қаңтар айының соңында 1 032, 00 теңгені құрады, есептелген сыйакы есебімен бағалы қағаздардың баланстық құны 1 030, 10 теңгені құрайды (1 025, 10 + 5, 000) ) ;

а) саудаға арналған бағалы қағаздар бойынша: Дт 3201 «Саудаға арналған бағалы қағаздар» 1 900, 00

Кт 4709 «Саудаға арналған және сатуға жарамды бағалы қағаздардың құнын өзгертуден кіріс» 1 900, 00

ә) сатуға жарамды бағалы кағаздар бойынша: егер есеп саясатына сәйкес қайта бағалау нәтижесі табыстар мен шығыстар шотына жатса:

Дт 1452 «Сатуға жарамды бағалы қағаздар» 1 900, 00

Кт 4709 «Саудаға арналған және сатуға жарамды бағалы қағаздардың құның өзгертуден кіріс» 1 900, 00

Егер есеп саясатына сәйкес қайта бағалау нәтижесі осы бағалы қағаздарды сату кезіндегі табыстар мен шығыстар шотына қайта бағалау нәтижесінен кейін ауыстырумен байланысты капитал шотына жатқызылса:

Дт 3561 «Сатуға жарамды бағалы қағаздардың құнын қайта бағалау резервтері» 1 100, 00

Кт 1452 «Сатуға жарамды бағалы қағаздар» 1 100, 00

Сонымен қатар қайта бағалау жүргізу үшін капитал шотында қаражат болмаған жағдайда жетіспеген сома шығыстар шотына жатқызылады:

Дт 5921 «Банктік қызметтен өзге шығыстар»

Кт 1452 «Сатуға жарамды бағалы қағаздар»

5. Бағалы қағаздар бойынша сыйақыны төлеу кезінде келесі бухгалтерлік жазба жүргізіледі (есептелген сыйақы көлемі қаңтар айына 5 000, 00 тенгені құрайды) :

3) саудаға арналған бағалы қағаздар бойынша:

Дт 1050 «Банктердің корреспонденттік есеп шоттары» 5 500, 00

Кт 1201 «Саудаға арналған бағалы қағаздар» 5 500, 00 21 сатуға жарамды бағалы қағаздар бойынша:

Дт 1050 «Банктердің корреспонденттік есеп шоттары» 5 500, 00

Кт 1452 «Сатуға жарамды бағалы қағаздар» 5 500, 00

6. Банк ақпан айыңда осы бағалы қағаздарды сатуға шешім қабылдады делік.

1. 2 Банк шығаратын бағалы қағаздар есебі

Бағалы қағаздарды айналысқа шығару кезінде банк оларды атаулы құнына тең келмейтін баға бойынша сатуы мүмкін. Бұл ең алдымен бағалы қағаздар бойынша сыйақы (купон) алдын ала белгіленуімен байланысты, ал нарықта күнделікті сыйақы мөлшерлемесі, сәйкесінше табыстылық та өзгеріске асырап отырады.

Шығарылған бағалы қағаздар бағасы мен оның атаулы құны арасындағы айырма әр түрлі себептердін нәтижесі болып табылады, соның ішінде бағалы қағаздар бойынша сыйақы мөлшерлемесі мен сыйақының орташа нарықтық мөлшерлемесі арасындағы айырмашылықтар. Бұл айырмашылықтар банк балансында есептеледі:

теріс - шығарылған бағалы қағаздар бойынша жеңілдік ретінде;

оң - шығарылған бағалы қағаздар бойынша сыйақы ретінде.

Бағалы қағаздарды өтеу олардың атаулы құны бойынша жасалады, сонымен бірге белгіленген сыйақы сомасы төленеді. Бағалы қағаздарды айналысқа жеңілдік ретінде шығару:

сатылу сомасына

Дт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»

Кт 2301 «Айналысқа шығарылған облигациялар»

2303 «Айналысқа шығарылған басқа да бағалы қағаздар»;

жеңілдік сомасына:

Дт 3803 «Атаулы құны мен сатып алу бағасы арасындағы айырма түріндегі айналысқа шығарылған облигациялардың болашақ кезеңдердегі шығыстары»

Кт 2301 «Айналысқа шығарылған облигациялар»

2303 «Айналысқа шығарылған басқа да бағалы қағаздар»;

• Бағалы қағаздарды айналысқа сатылу сомасына сыйақымен шығару кезінде:

Дт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»

Кт 2301 «Айналысқа шығарылған облигация»

2303 «Айналысқа шығарылған басқа да бағалы қағаздар»;

• сыйақы сомасына:

Дт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»

Кт 2803 «Айналысқа шығарылған бағалы қағаздардың атаулы құны мен олардың сату бағасы арасындағы айырма».

Одан әрі айналысқа шығарылған бағалы қағаздар бойынша сыйақы және жеңілдіктер сомасы сыйақы төлеу бойынша шығарылады, әрбір есептеу кезінде амортизацияланады. Сыйақыны есептеу оны ай сайын банк шығындарына жатқызу арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар бағалы қағаздар номиналы теңге болса:

Шығындар сомасына:

Дт 5301 «Айналысқа шығарылған облигациялар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар»

5303 «Айналысқа шығарылған басқа да бағалы қағаздар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар»

Кт 2730 «Айналысқа шығарылған өзге бағалы қағаздар бойынша есептелген шығыстар»;

• сыйақы амортизация сомасына:

Дт 2803 «Айналысқа шығарылған бағалы қағаздардың атаулы құны мен олардың сату бағасы арасындағы айырма»

Кт 2730 «Айналысқа шығарылған өзге бағалы қағаздар бойынша есептелген шығыстар».

Егер бағалы қағаздың номиналы валютада болса, онда сыйақы валютада есептеледі:

• шығындар сомасына:

Дт 1858 «Банктің шетел валютасы бойынша валюталық қысқа позициясы»

2858 «Банктің шетел валютасы бойынша валюталық ұзақ позициясы»

Кт 2730 «Айналысқа шығарылған өзге бағалы қағаздар бойынша еептелген шығыстар»;

сыйақы бойынша амортизация сомасына:

Дт 2803 «Айналысқа шығарылған бағалы қағаздардың атаулы

Құны мен олардың сату бағасы арасындағы айырма»

Кт 2730 «Айналысқа шығарылған өзге бағалы қағаздар бойынша есептелген шығыстар» және бір уақытта есептелген шығындар сомасына теңге бойынша жазылу жасалынады:

Дт 5301 «Айналысқа шығарылған облигациялар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар»

Кт 1859 «Шетел валютасының теңгемен көрсетілген қарсы құны (валюталық ұзақ позиция) »

2859 «Шетел валютасының теңгемен көрсетілген қарсы құны (валюталық қысқа позициясы) ».

Есептелген сыйақыны төлеу бағалы қағаздарда көрсетілген мерзімде жүзеге асырылады. Көп жағдайларда әрбір жарты жыл сайын жүргізіледі:

Дт 2730 «Айналысқа шығарылған өзге бағалы қағаздар

бойынша есептелген шығыстар»

Кт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша».

Егер келісімшартқа сәйкес сыйақыны төлеу ай сайын жүргізілсе, онда:

алғашқы сыйлық ақыдан сату (егер бағалы қағаз теңгеде болса) :

Дт 5301 «Айналысқа шығарылған облигациялар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар» 2803 «Айналысқа шығарылған бағалы қағаздардың атаулы құны мен олардың сату бағасы арасындағы айырма» (сыйлықақының амортизация сомасына)

Кт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»;

немесе жеңілдікпен алғашқы сату кезінде:

Дт 5301 «Айналысқа шығарылған облигациялар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар»

1803 «Атаулы құны мен сатып алу бағасы арасындағы айырма түріндегі айналысқа шығарылған облигациялардың болашақ кезеңдердегі шығыстары» (сыйлықақының амортизация сомасына)

Кт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша». Егер бағалы қағаздар валюта да болса:

сыйақыдан алғашқы сату: Дт 1858 «Банктің шетел валютасы бойынша валюталық қысқа позициясы»

2858 «Банктің шетел валютасы бойынша валюталық ұзақ позициясы»

2803 «Айналысқа шығарылған бағалы қағаздардың атаулы құны мен олардың сату бағасы арасындағы айырма» (сыйлықақының амортизация сомасына) Кт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»; немесе жеңілдікпен алғашқы сату кезінде: Дт 1858 «Банктің шетел валютасы бойынша валюталық қысқа позициясы»

2858 «Банктің шетел валютасы бойынша валюталық ұзақ позициясы»

1803 «Атауы құны мен сатып алу бағасы арасындағы айырма түріндегі айналысқа шығарылған облигациялардың болашақ кезеңдердегі шығыстары» (сыйлықақының амортизация сомасына)

Кт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша» және бір уақытта теңге бойынша:

Дт 5301 «Айналысқа шығарылған облигациялар бойынша сыйақы төлеуге байланысты шығыстар»

Кт 1859 «Шетел валютасының теңгемен көрсетілген қарсы құны (валюталық ұзақ позиция) »

2859 «Шетел валютасының теңгемен көрсетілген қарсы құны (валюталық қысқа позиция) »;

Бағалы қағаздарды өтеу олардың атаулы құны бойынша жасалады, сонымен қатар белгіленген сыйақы сомасы төленеді. Айналымға шығарылған бағалы қағаздарды өтеу, оларды банктің сатып алуымен жасалады:

Дт 2301 «Айналысқа шығарылған облигациялар»

Кт 1001 «Кассадағы қолма-қол ақша»

2303 «Айналысқа шығарылған басқа да бағалы қағаздар».

Банк және бағалы қағаздарды ұстаушы келісімі бойынша бағалы қағаздар мерзімінен ерте сатып алған уақытта атаулы құн мен сатып алу бағасы арасындағы айырма банк табысына жатқызылады.

ІІ. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕГІ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР РЫНОГЫН ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

2. 1 Бағалы қағаздар рыногын дамыту мәселелері

Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының даму болашағы үшін ресурстарды жинақтау (материалдық база, адамдарды оқыту, заңдарды шығару, технология және ақпараттық база және т. б. ) сұрақтарын ғана қамтып қоймай, сондай-ақ нарыққа өту барысында туындаған макроэкономикалық мәселелердің стратегиялық шешімін және талдауды қамтитын бағалы қағаздар нарығын дамытудың ұзақ мерзімді саясаты болуы керек.

Мұндай әрекет ету бағдарламасының мемлекеттік деңгейде, оның қаржы саясаты аясында жасалады деп күтуге болмайды. Мемлекеттің фискальдық мүддесі, оның кұрылымдары арасындағы қарама-қайшылық, бұл міндетті шешуге мүмкіндік жасамайды. Міне, сондықтан да, жаңадан құрылыған бағалы кағаздар нарығының кәсіби қатынасушыларының бірігуімен жасалатын қаржы тұрақтылығына және өндірістің дамуына дейін биржалардың, брокерлік фирмалардың және т. б. ұзақ мерзімді мүдделерін қамтамасыз ететін стратегияның болуының маңызы зор тобының (30 өнеркәсіп корпорациясы, 15 қоғамдық қолдану кәсіпорыны, 20 темір жол компаниясы, - барлығы 65 корпорация) күнделікті арифметикалық котировкасын құрайды.

Бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру мәселесі бойынша Қазақстанда негізінен екі түрлі ғылыми-әдістемелік көзқарас - пікір қалыптасқан. Алғашқы кездері экономистердің басым көпшілігі Қазақстанда нарық жүйесін қалыптастыру үшін құнды қағаздар нарығы қажет деген пікірде болғаны белгілі. Соңғы жылдары нарыққа көшу мәселесін механизмнің тиімді қызмет атқару жағдайларымен байланыстырьш қарайтын пікір-көзқарас басымдылық алып келеді.

Құнды қағаздар нарығын қалыптастыру үшін, оның инфра- құрылымдарын құру және бұл құрылымдардың қызмет атқару тәртібін анықтап реттейтін заңдар мен құжаттарды дайындап шығару қажет екені белгілі. Елімізде Қазақстан Республикасының Құнды қағаздар жөніндеғі Ұлттык комиссиясы құрылған, 1995 жылдың сәуірінде «Қазақстан Республикасында акционерлік қоғамдардың акцияларын шығару мен өтеудің тәртібі туралы ереже» әзірленіп бекітілді, бағалы қағаздар эмиссиясы есепке алынып, қор биржаларында тіркелетін болды. Республикада құнды қағаздар нарығына қатысушылардың Ұлттық қауымдастығы құрылды. Құнды қағаздар нарығын реттейтін ҚР Үкіметінің қаулылары, оның ішінде бағалы қағаздар рыногында кәсіптік қызметтерді лицензиялау туралы ережелер», және басқа да көптеген құжаттар пакеті (20-дан астам) қабылданды, қолданылып келген заң актілеріне өзгерту мен толықтырулар енгізілді. Құнды қағаздар нарығы ҚР-ның заңдарымен, Президент жарлықтарымен, Қазақстан Үкіметі, Мүлік комитеті және Ұлттық банк қабылдаған қаулылармен, ҚР Қаржы министрлігінің және Бағалы қағаздар жөніндегі комиссияның нұсқауларымен реттеледі.

2. 2 Бағалы қағаздар рыногын жетілдіру жолдары

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік бағалы қағаздар эмитенті
БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРМЕН ОПЕРАЦИЯЛАР
Бағалы қағаздардың мәні
Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар бойынша әдебиеттерге қабылданған заңдар мен актілерге шолу
Банктің шетел валютасындағы операциялары
Бағалы қағаздар нарығы туралы мәлімет
Бағалы қағаздар нарығының мамандары
Бағалы қағаздар түрі мен олардың жіктелуі
Бағалы қағаздар классификациясы
Екінші деңгеңгейлі банктердің бағалы қағаз операциясының есебі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz