Кәсіпорынның несие қабілеттілігін талдау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

І Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау.
1.1. Баланс актив құрылымының
динамикасы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..6
1.2. Баланс активтерінің құрастырылу көздерінің
құрамы ... ... ... ... ... ...8

ІІ Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының қаржы-шаруашылық қызметінің
көрсеткіштері
2.1.Баланс өтімділігін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
...14
2.2.Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..18
2.3. Кәсіпорынның несие қабілеттілігін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..25

III Қаржылық тұрақтылықты жетілдіру жолдары
3.1.ҚР-ның ірі және шағын кәсіпорындарның қаржылық тұрақтылығы
мәселелерін талдау
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ..31
3.2.Кәсіпорын қаржылық тұрақтылығын нарықтық жағдайдағы
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ..34

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ..3 7

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..38

Кіріспе

Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын
талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорынның тәуелсіздікке ие болуымен,
сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестіктер
және басқа да контрагенттер алдында өзінің өндірістік – кәсіпкерлік
қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Нарықтық жағдайда кәсіпорынның келешектегі кепілі мен жай-күйінің
орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады.
Ал кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы нені білдіреді? Бұл ұғымға
анықтама әр оқулықтарда әр түрлі беріледі. Бір авторлар қаржылық
тұрақтылықты өз қаражаттарын шебер пайдалану қабілеттілігі, жұмыс
процесінде үздіксіздігін қамтамасыз ететін қаржының жеткілікті болуы деп
түсіндіреді.
Енді біреулер өз қаражаттары есебінен активтерге (негізгі қорлар,
материалдық емес активтер, айналым қаражаттары) жіберілген қаражаттарды
жабатын, сондай-ақ өтелмеген дебиторлық және кредиторлық қарыздарға жол
бермейтін және өз міндеттемелерін уақытысында қайтаратын шаруашылық
субьектілері қаржылық тұрақты болып табылады деп жазады.
В.М. Родионова мен М.А. Федотованың айтуынша қаржылық тұрақтылық -
кәсіпорындарда тұрақты қалыптасқан табыстың шығыннан артуы.
А.Д. Шеремет пен В.С.Сайфуллиннің түсінігі бойынша, қаржылық
тұрақтылық қорлар мен шығындардың қалыптасу көздерінен қамтамасыз етілуіне
байланысты.
Бұл көрсетілген анықтамалар қаржылық тұрақтылықты әр түрлі мағынада
ашады. Осы берілген түсініктерге сүйене отырып, кәсіпорынның қаржылық
тұрақтылығын тәуекелдіктің мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі
мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны
тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы
ресурстарының жағдайы деген тұжырым жасауға болады.
Осылайша қаржылық тұрақтылықтың мәні кәсіпорынның өз міндеттемелері
бойынша есептесу мүмкіндігі немесе сауда, несие және басқа да төлем
сипатындағы операциялардың нәтижесінде пайда болатын кәсіпорынның төлем
міндеттемелерін уақытылы және толық орындау мүмкіндігін көрсететін төлем
қабілеттілігінен шығады.
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі қаржылық тұрақтылығының сыртқы
көрінісі болып табылады. Төлем қабілеттілігі есеп айырысысу шоттарында,
валюталық шоттарда ақша қаражаттарының болуымен, қысқам мерзімді қаржылық
салымдардың болуымен, сондай-ақ мерзімі өтіп кеткен қарыздар мен
төлемдердің болмауымен сипатталады.
Төлем қабілеттілігінің төмендеуі кездейсоқ, уақытша және ұзақ мерзімді
болуы мүмкін. Оның себептеріне қаржы ресурстарымен толық қамтамасыз
етілмеуін, өнімді өткізу жоспарының орындалмауын, келісім-шарттар бойынша
төлемдердің уақытында түспеуін жатқызуға болады.
Кәсіпорынның тұрақтылығының жоғары дәрежесі деп оның үздіксіз дамып
отыру қабілеттілігін айтамыз. Ол үшін кәсіпорынның қаржылық ресурстары
жеткілікті болуы керек және қажет болған жағдайда сырттан қосымша
қаражаттар тартуға мүмкіндік беретіндей несиеге қабілетті болуы керек.
Кәсіпорынның несиеге қабілеттілігі оның төлем қабілеттілігін сипаттайтын
маңызды көрсеткіш болып табылады. Төлем қабілеттілігі несиеге
қабілеттілік түсінігімен салыстырғанда кеңірек ұғым. Төлем қабілеттілігі
кәсіпорынның барлық қарыздарын өтеуге, соның ішінде алынған банк несиесін
қайтаруға мүмкіндік беретін қаржылық жағдайын сипаттайды.
Сонымен, кәсіпорынның несиеге қабілеттілігі деп банктен алған қарызды
пайыздарымен қосып есептегенде толығымен әрі уақытында өз қаражаттарының
есебінен қайтара алу мүкіндігін айтамыз. Академик Е.С.Стоянова бастаған
ресейлік ғалымдардың ойынша, қаржылық тұрақтылық кәсіпорынның қаржы-
шаруашылық қызметінің төрт көрсеткіштерімен сипатталады, олар:
❖ Жоғары дәрежеде төлем қабілеттілігі
❖ Жоғары дәрежеде несие қабілеттілігі
❖ Жоғары дәрежеде баланстың өтімділігі
❖ Жоғары дәрежеде рентабельділік
Бұл курстық жұмыстың ең өзекті мәселесі кәсіпорынның қаржылық
тұрақтылығының мәні мен кәсіпорынның қызметіне әсер ететін факторлар.
Қазіргі өмірде кез келген кәсіпорынның келешектегі кепілі, қаржылық жағдайы
мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып
табылады. Корпорацияның қаржылық тұрақтылығы кең мағынада болғандықтан,
біз сол өндірістің барлық жағынан қарастырамыз. Яғни баланс активтерінің
құрамы мен құрылымының динамикасын, олардың құрастырылу көздерінің құрамы
динамикасын, баланстың өтімділігін талдаймыз және кәсіпорынның төлем және
несие қабілеттілігін қарастырамыз.
Курстық жұмыстың мақсаты: Көптеген экономикалық әдебиеттерді қолдана
отырып, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының мәні, жаңа қоғамдық
экономикалық нарықтағы алатын рөлін анықтау, ол нені білдіретінің әр
оқулықта әр түрлі берілгендіктен, оны бір жобаға келтіріп, курстық жұмыстың
мазмұнын ашу ең бірінші біздің бағытымыз болып келеді.
Осы мақсатқа сәйкес келесі міндеттер қойылады:
✓ Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы туралы жалпы мәлімет;
✓ Оған әсер ететін факторлар және оны сипаттайтын маңызды
көрсеткіштерін анықтау;
✓ Көптеген әдебиеттермен салыстырып, ең маңызды, нақты
мәліметтерді пайдалану.

І. Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының
динамикасын талдау.

1.1. Баланс актив құрылымының динамикасы.

Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау –
кәсіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінің абсолютті
және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.
Қаржылық есептің маңызды элементтері болып саналатын активутердің,
талдау барысында, осы активтердің нақты қолда бары, құрамы, құрылымы және
оларды болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің жалпы құрылымын және оның
жеке топтарын талдау, олардың рационалды таратылуын талқылауға мүмкіндік
береді.
Активтердің өсуі (артуы) кәсіпорынның болашақтағы дамуын көрсететін
болғандықтан, ол осы кәсіпорын жұмысының оң нәтижесін сипаттайды.
Алайда, кәсіпорын мүлік құнының өсу себептерін талдағанда, жоғары
деңгейі баланстық себептің номиналды көрсеткіштерінің нақты
көрсеткіштерден айтарлықтай ауытқуына әкеліп соқтыратын инфляция әсерін
ескеру қажет. Отандық тәжірибие инфляцияны есепке алу тек негізгі
құралдардың баланстық құнын бұру барысында жүргізіледі.
Отандық есептік-аналитикалық тәжірибеде өндірістік қорлар, дайын өнім
және тауарларды қайта бағалау жүргізілмейді. Сондықтан да олардың құнының
өсуі, инфляциялық фактор әсерінен болатыны күмәнсіз.
Баланс мәліметтері бойынша активтердің құрамы мен олардың таратылуына
талдау жасау үшін келесі 1-аналитикалық кесте құрылады.
Кесте мәліметтерінен активтердің нақты құнын көрсететін баланс
валютасының есепті жылы 79803464 теңге немесе 38,79%-ке артқандығын көруге
болады. Бұл кәсіпорынның әрі қарайғы дамуын көрсететіндіктен, оның
жұмысының оң нәтижесін сипаттайды.
1-кесте мәліметтері көрсеткендей қаражаттарды ұзақ мерзімді және
ағымдағы активтер арасына тарату жыл аяғына соңғылардың пайдасына шешілді.
Егер ағымдағы активтердің үлесі 2005 жылы 33,56 пунктке аз (33,22-66,78),
2006 жылы ол ұзақ мерзімді активтер үлесі 40,66 пунктке аз болады (29,67-
70,33) және 29,67%-ды құрады. Ағымдағы активтердің өсуі ұзақ мерзімді
активтердің өсуінен 0,52 есеге кем (23,9746,17) болып отыр.
Осы көрсеткіштен кейін баланс валютасындағы ағымдағы активтер үлесін
анықтау маңызды: ағымдағы активтер құнының кәсіпорынның барлық мүлкінің
құнына қатынасымен анықталатын кәсіпорын активтерінің іске тартылу
(мобильді) коэффициентінің өсуі. Ол қарызды өтеуге арналған қаражат үлесін
сипаттайды. Коэффициент мағынасы артқан сайын кәсіпорынның үздіксіз
жұмысты қамту және кредиторлармен есеп айырысу мүмкіндігі де арта түседі.

Көрсеткіштер 2005 жылы 2006 жылы Екі жыл бойындағы өзгерісҚұрылымы-ның
(+;-) өзгеруі
(4гр.-2гр.)
Сомасы мың тг. Үлес салмағы, % Сомасы, мың тг. Үлес салмағы, % Мың тг.
(3гр.-1г
р.)
сомасы, мың тг.үлес
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ӘЛЕУЕТТІ ҚАРЫЗ АЛУШЫНЫҢ НЕСИЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ТАЛДАУ ФАКТОРЛАРЫ
Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау
Банк клиентінің несие төлеу қабілеттілігі
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылығы
Теориялық негіздер және қарыз алушының несие алуы туралы түсінік
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін және несиеге қабілеттілігін талдау
Баланс өтімділігін талдау
ҚМГ-Астана жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің төлем қабілеттілігінің ерекшеліктері
Қазіргі жағдайда қаржыны басқару: оның мазмұны және қызмет атқару механизмі туралы
Нарықтық экономикадағы факторингтік операцияның маңызы
Пәндер