Қаржылық жағдайсыздықты реттеу



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе 3
1. Корпорациялардың қаржылық жағдайсыздығының мәні мен сипаты 5
1.1. Қаржылық жағдайсыздықтың пайда болу себептері 5
1.2. Қаржылық жағдайсыздықтың түрлері мен оны анықтаудың негізгі
принциптері 8
2. Корпорацияның қаржылық жағдайсыздығын модельдік талдау 11
2.1. Қаржылық тұрақтылықты талдау 11
2.2. Қаржылық жағдайсыздықты реттеу 18
3. Қазақстан Республикасында қаржылық жағдайсыздықтың тәжірибесі 21
Қорытынды 25
Қолданылған әдебиеттер тізімі 26

Кіріспе

Корпорацияның қаржылық жағдайын бағалау Отандық экономика теориясы мен
тәжірибесіндегі жаңа құбылыс ретінде тану қажет. Бұл қажеттілік ел
экономикасының нарықтық экономикаға көшуіне байланысты туындайды.
Кез-келген коммерциялық ұйымның мақсаты – тар мағынада максималды
деңгейде пайда табу, ал кең мағынада негізгі мақсаты ретінде қаржылық
жағдайды тұрақтандыру, ал максималды табыс табу осы мақсаттың негізі болып
табылады.
Қазіргі таңда нақты қаржылық жағдайды анықтау шаруашылық жүргізуші
субъектілер үшін ғана емес, сонымен қатар көптеген акционерлер мен келешек
инвесторлардың әлеуеті үшін үлкен мағынасы бар.
Корпорацияның қаржылық жағдайы жоғары, орташа және төмен болуы мүмкін.
Осыған байланысты нақты критерийлері әлі анықталған жоқ.
Нарықтық экономикасы дамыған мемлекет үшін кез-келген ұйымның,
кәсіпорынның, компанияның қаржылық жағдайын талдап, анықтау өте маңызды.
Мен курстық жұмысымды 3 бөлімге бөліп қарастырдым. Бірінші бөлімде-
кәсіпорындағы қаржылық жағдайсыздықтың мәні, сипаты, пайда болу себептеріне
тоқталдым.
Тақырыбым қаржылық жағдайсыздық жайлы болғандықтан негізгі бөлімде
қаржылық жағдайсыздықты талдап, оны қандай нормативтер арқылы реттеу керек
екендігін қарастырдым.
Корпорацияның қаржылық жағдайы - өте көлемді ұғым және оны нақты
белгі бойынша сипаттау мүмкін емес. Сондықтан, корпорацияның қаржылық
жағдайын сипаттау үшін қаржылық тұрақтылық, төлем қабілеттілігі, баланс
өтімділігі, несиелік қабілеттілік, рентабельділік (табыстылық) және т.б.
критерийлері қолданылады.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі-қаржылық жағдайсыздық болса,
зерттеу заты - қаржылық жағдайсыздық кезеңіндегі пайда болатын қатынастар
субъектісі болады.
Кәсіпорындағы қаржылық жағдай қаржылық қатынастарды реттеуге тікелей
қатыса отырып, экономикалық заңдылықтар мен жалпы және арнайы нормаларға
бағынуы қажет.
Қазақстандағы қаржылық жағдай экономикалық дағдарыс, гиперинфляция
жағдайында қалыптасқан. Сондықтан қаржылық жағдайы төмен кәсіпорындар
жағдайсыздыққа ұшырап, банкрот болды. Аман қалғандары бұл қатаң талаптарға
сай бейімделіп жатыр.
Жұмыстың басты мақсаты-кәсіпорын активтерінің құрылымына және сипатына
талдау жасай отырып, кәсіпорынның нарықтық жағдайдағы ағымдағы қаржылық
жағдайын талдау. Бұл категорияның Қазақстан тәжірибесінде көрінісіне талдау
жасау, оған жаңа позитивті өзгерістер енгізудің Қазақстанда және шетелдерде
ұйымдастырылуын қарастыру.
Мен өз жұмысымда көптеген авторлардың оқулықтары мен авторефераттарын
пайдаланғанды жөн көрдім. Соның ішінде Адамов В.Е., Сергеев И.Б., Мамыров
Н.Қ., Мұхамбетов Т.И., Нукушев А.Г. т.б.

1. Корпорациялардың қаржылық жағдайсыздығының мәні мен сипаты

1.1. Қаржылық жағдайсыздықтың пайда болу себептері

Қазақстан Республикасының Президенті мен жергілікті өкімдерге уақытша
қосымша өкілеттік беру туралы 1993 жылғы 10 желтоқсандағы ҚР-ның
Банкроттық туралы заңының 1-ші бабына сәйкес және шаруашылық жүргізуші
субъектіні банкрот деп жариялау мен оны таратудың негіздерін, тәртібін және
процедураларын, сондай-ақ қарызын өтей алмайтын борышқорды сауықтыруға
бағытталған арнайы процедураларды тағайындау мен өткізу тәртібін анықтау
мақсаты Банкроттық туралы жарлықта жарияланған.
Қазақстан Республикасының Банкроттық туралы заңына сәйкес 1 тарау 1
бап бойынша:[1]
Банкроттық дегеніміз - борышқордың, жеке кәсіпкердің немесе заңды
тұлғаның өз кредиторларының талаптарын қанағаттандыруға және борышқордың
пассивтері, оның активтерінен асып кетуі салдарынан салықтық және басқа
міндетті төлемдерді төлеуге тұрақты қабілетсіздігі.
Банкрот - қарызын өтей алмайтындығы сот шешімімен расталған борышқор.
Қазақстан Республикасының Банкроттық туралы заңына сәйкес
банкроттылық белгілеріне ақшалай міндеттерді орындамау,төлем
міндеттемелерінен бас тарту. Кәсіпорынның жағдайына теріс әсерін тигізетін
көптеген көрсеткіштерді қолдануға болады. Кәсіпорынның ағымдағы қаржылық
жағдайы мен салалардың орташа жағдайы жайлы есепті сәйкестендіру,
бухгалтерлік балансты талдауда маңызды роль атқарады. Есеп беруді кешіктіру
қаржы ұйымдарының тиімді қызметі мен төмен сапаны дәлелдейді. Өз кезегінде
ақпарат жүйесінің тиімсіз құрылуы, тиімсіз шешім қабылдау мүмкіндігін
ұлғайта түседі.
Сонымен төрелік соттың кәсіпорынның қаржылық жағдайсыздығы туралы
шешім қабылдау барысында кәсіпорынның экономикалық қызметі мен қаржылық іс-
әрекетін талдау маңызды роль атқарады.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайсыздығын анализдеу үшін белгілі
көрсеткіштер қолданылады. Олардың қатарына ағымдағы өтімділік коэффиценті
(Кл) төлемқабілеттігін қалпына келтіру коэффиценті (Квп(уп)) олар келесі
формула арқылы есептеледі:
Кл= Айналым қаражаттарының қоры, шығыны, басқа да активтер
ең мерзімді міндет

Ағымдағы өтімділік коффиценті (Кл) кәсіпорынның уақытылы мерзімді
міндеттерді өтеу мен шаруашылық қызметін жүргізу барысында кәсіпорында
меншік айналым қаражаттарының болуымен сипатталады.
Косс=меншік айналым қаражаты
Айналым қаражаттарының қоры,шығыны,басқа да активтер

Меншік қаражаттармен қамтамасыз ету коэффиценті (Косс) кәсіпорынның
қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге қажетті меншік қаражаттармен айналым
қаражаттарының жалпы сомасымен сипатталады.
Квп(Ур)= ағымдағы өтімділіктің есептік коэфиценті
Ағымдағы өтімділіктің нормативтік коэфиценті

Төлемқабілеттілігін қалпына келтіру коэфиценті (Квп(уп)) кәсіпорынның
қайта қалпына келтіру мүмкіндігінің болуы немесе белгілі бір кезең
аралығында төлемқабілеттілігін жоғалту.
Кәсіпорынның кризистік жағдайға екі түрлі әсері бар:
Біріншісі - қорғаныс әрекеті: шығындардың тез қысқаруы, фирма
бөлімдерінің жабылуы, құрал-жабдықтардың сатылуы, жұмысшы кадрларын, нарық
сегменттерін қысқарту, нарықтық тауарлар бағасының төмендеуі мен өндірістің
қысқаруымен байланысты.
Екіншісі - жаулап алушылық әрекет: жаңа технологияны енгізу,
модернизациялау, маркетингтік саясат жүргізу, бағаны жоғарылату, жаңа нарық
сегменттерін қарастыру, жоспарлау мен басқарудың прогрессивті стратегиялық
концепциясын дайындау және енгізу.
Қаржылық жағдайсыздыққа ұшыраған кәсіпорын (фирма) қарыз-кәсіпорын
болып танылады да, оған ҚР-ның заңында қарастырылған банкроттылық
процедуралары қолданылады.
Сонымен, егер кәсіпкер қаржылық жағдайсыздықты тәуекелдік кәсіпорын құру
арқылы жойғысы келсе, осы тәуекел - кәсіпорынды басқарудың экономикалық
стратегиясын ойластыруы тиіс. Кері жағдайда кәсіпорынның банкроттық немесе
қаржылық жағдайсыздыққа ұшырау тәуекелі өте жоғары. Қаржылық жағдайсыздыққа
ұшырататын факторлар төмендегі кестеде көрсетілген.[2]

1.2. Қаржылық жағдайсыздықтың түрлері мен оны анықтаудың негізгі
принциптері

Жағдайсыздықты статикалық және кенеттен пайда болған жағдай ретінде
түсіну дұрыс емес.
Жағдайсыздық процессі өзгеріс, қарым-қатынас байланысын жоюшы, қайта
құрушы немесе жалпы дамуды сипаттайды.
Кәсіпорындағы жағдайсыздық жалпы уақытпен шектелген процесті
сипаттайды, оны басқару немесе белгілі шектеулер шегінде ұстауға болады.
Жағдайсыздық процесі кәсіпорынға, оның құрылымына, инновациялық
потенциалына және т.б. байланысты ұзақ, жиі және түрлі деңгейдегі салдары
болуы мүмкін.
Кәсіпорынның жағдайсыздығын даму формасында түсіну үшін келесі
көзқарастар түрі қарастырылған.
Мюллер өз зерттеуінде стратегиялық жағдайсыздық, қорытындылар
жағдайсыздығы, өтімділік жағдайсыздығы жайлы қарастырған. Осы жағдайсыздық
түрлері арасында уақытша байланыс болады.
Стратегиялық Кәсіпорынның дамуына кедергілердің
жағдайсыздық пайда болуы
Қорытындылар Мақсаттар мен қызмет қорытындыларына
жағдайсыздығы қауіп-қатер немесе оларды жоғалту
Өтімділік өтімділіктен айрылу қатері немесе
жағдайсыздығы бюджет дефицитінің пайда болуы
Банкроттылық өтімсіздік немесе кәсіпорындағы
бюджет дефициті

Жағдайсыздық түрлерінің пайда болу жағдайы келесі: Мюллердің ойынша
жетістікке жету-табыс табу мен жағдайдың күрт төмендеуінен сақтану. Алайда
әр жетістіктің шегі бар болғандықтан, тауарлардың айналымын қамтамасыз етіп
отырған ескірген тауарларға жаңа тауар айырбасы келмесе, мұндай кәсіпорын
стратегиялық жағдайсыздыққа ұшырайды. Қорытындылар жағдайсыздығы, жақында
табыс әкелген тауар айналысының төмендеуі, қойма шығындарының өсуімен
сәйкес келген жағдайда туындайды. Бұл өз кезегінде ішкі қосымша
инвестицияны қажет етеді. Өтімділік жағдайсыздығы, классикалық мағынада
пайда болады. Мысалы: кәсіпорындағы көптеген процестерді ішкі көздерден
қаржыландыру салдарынан несие берушілерді несиелік шектеу. Төмендегі
кестеде Мюллер бойынша жағдайсыздық түрлері көрсетілген.
Кризистик жағдайсыздық процесінің кезеңдерін мүмкіндікке байланысты,
жағдайсыздықты жеңу және ол туралы алдын-ала мәлімет берумен сипаттайды.
Кризистик бойынша келесі кезеңдердің сипаттамасы келесідей:
1.Потенциалды жағдайсыздық кезеңі (потенциальный кризис). Кәсіпорындағы
жағдайсыздық біртіндеп туындайтын жағдай,ол өз басын мүмкін болатын
жағдайсыздықтан алады. Жағдайсыздық жайлы нақты мәліметтердің жоғынан
кәсіпорын жалған (квазинормальный) деп есептеледі, яғни кәсіпорынның
тұрақты жағдайына сәйкес келеді.
2. Латенттіжасырын жағдайсыздық кезеңі. Бұл кезеңдегі жағдайсыздық
жасырын немесе жуырда пайда болатын жағдаймен сипатталады,оның әсерін
кәсіпорындағы бар құралдар анықтауы мүмкін емес. Алайда, алдын-ала
анықтаушы әдістер арқылы болашақ жағдайсыздық кезеңін жобалауға мүмкіндік
туғызады.
3. Жойылуы мүмкін жағдайсыздық кезеңі. Бұл кезеңде жағдайсыздық айқын
байқалады. Сонымен қатар кәсіпорынға қарсы деструктивті (бүлдіргіш)
әсерлер: уақыттың жеткіліксіздігі, шешім қабылдаудың мерзімділігі тұрады.
Бұл кезеңде жағдайсыздықты жеңу үшін, кәсіпорынның жалпы күшін біріктіру,
мобилизациялау және жағдайсыздықты жеңудегі жалпы резервтік құралдарды
біріктіру мәселесі алдыңғы қатарда тұрады. Жағдайсыздықты жеңу барысында аз
уақыт мерзімінде бар күшті салу мүмкіндігі қозғалады.
4. Терең жойылмайтын жағдайсыздық кезеңі. Егер терең жағдайсыздықты
жеңу мүмкін болмаса,кәсіпорын жағдайсыздықтың соңғы кезеңі кәсіпорынды
жоюға мәжбүр болады. Бұл кезеңде жағдайсыздықты жеңу сұранысы мүмкіндіктен
жоғары. Жағдайсыздықты жеңу мүмкін емес,себебі деструктивті (бүлдіргіш)
әсерлер мен тығыз уақытқа байланысты.
Қазіргі таңда кәсіпорынның нақты қаржылық жағдайын анықтау тек
кәсіпорын мен оның акционерлері үшін ғана қажет емес,сонымен қатар мүмкін
болатын инвесторлар үшін де өте маңызды.
Әрдайым жасалатын қаржылық бақылау кәсіпорынның теріс жақтарын анықтау
және оны мерзімінде дұрыс шешім қабылдау арқылы түзетуге мүмкіндік береді.
Сондықтан кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жасағанда үлкен назар
аудару қажет. [3]

2. Корпорацияның қаржылық жағдайсыздығын модельдік талдау

2.1. Қаржылық тұрақтылықты талдау

Экономиканың нақты секторын тұрақтандыру мақсатында, қаржылық жағдайды
нақты шаруашылық субъектінің тұрақты өндіріс негізінде талдау қажеттілігі
туындайды. Қазіргі экономикалық бәсекелестік жағдайда кәсіпорын, фирма,
компания жайлы нақты мәліметтер, ұсақ шаруашылық бөлімдердің қаржылық даму
тенденцияларын, олардың тұрақтылық деңгейін бақылауға мүмкіндік береді.[4]
Бұл жайлы нақты мәліметтер арқылы электротехникалық өнімдер өндіретін
Казэнергокабель А.Қ-ды қарастырғанды көрдім.
Казэнергокабель Акционерлік Қоғамы 1993 жылы ақпанда шаруашылық
объект ретінде құрылған,жарғылық қордың өсуіне байланысты мемлекеттік
тіркеуден қайта өтіп, Қазақстан Республикасының 28 қаңтар 1999 жылғы заңына
сәйкес акционерлік қоғам ретінде мәлім. Меншік формасы - жеке. Қаржылық
және өндірістік қызметі шаруашылық дербестік негізінде жүзеге асырылады.
Казэнергокабель А.Қ-ның қызметінің табыс табу мақсатына негізделген. Олар
келесідей:
- өндірістік (кабель өнімдерін өндіру)
- коммерциялық (делдалдық, қызмет көрсету)
- ішкі экономикалық (заң шегінде)
- Қазақстан Республикасының заңымен рұқсат етілген өзге қызмет түрі.
Жалпы экономикалық көрсеткіштерді: өндірістік және шаруашылық қызмет
көрсеткіштерін талдау тұрақты және динамикалық дамуды көрсетті (1 кесте)

КазэнергокабельА.Қ-ның өндірістік-қаржылық қызметінің негізгі
көрсеткіштері
№ Көрсеткіштің аты2002 жыл 2001 жыл өсутөмендеу %
1 2 3 4 5
1 өндіріс көлемі 1288963 933149 138,1
2 өзге өнімді 439962 511745 86,0
өткізу көлемі
3 Меншік өнімді 1210777 1014008 119,5
өткізу көлемі
4 кәсіпорын бша 1928745 1841215 104,7
жалпы айналым
5 Қаржылық 90349 174791 51,7
қызметтің
қорытындысы
6 Амортизациялық 131307 56900 230,8
аударымдар
7 Жалпы қаржылық 203660 231691 87,9
ағым
№ Көрсеткіштің аты2002 жыл 2001 жыл өсутөмендеу %
8 Қоймадағы 153199 128159 119,5
тауарлар
9 Қоймадағы 68198 64578 93,2
шикізат
10 Аяқталмаған 21608 8843 245,4
өндіріс

Берілген мәліметтер негізінде келесі қорытындылар жасауға болады:
өндіріс көлемінің өсуі 2002 жылы 2001 жылмен салыстырғанда 138 %-ға өскен.
Баға факторының әсерін ескермеу үшін натуралдық негіздегі қайта өңдеу
көрсеткіштерін қарастырамыз, шикізаттың құны өнім құнының 60 %-дан артығын
құрайды,ал өнімнің өзіндік құны 80 %-ға жуық. Кәсіпорын кабельдік өнімдерді
өндіруде шикізат пен материалдарды қайта өңдеуде: 2002 жылы - 3824 тонна
2001 жылғы 3318 тоннаға қарсы. Шикізатты қайта өңдеу көлемі осы кезеңге
сәйкес-115 %- ды құрады.
Казэнерго А.Қ-ның 2 жыл ішінде өткізілген өнім көлемі мен өсу
қарқынын талдау келесі кестеде көрсетілген:

Казэнерго А.Қ-ның өткізілген өнім көлемі

№ Көрсеткіштің 2002 жыл 2001 жыл Алдағы жылдағы
аты өсу қарқыны %
1 Кабельдік өнім449408 230841 194,7
2 Меншік өнімнің1210777 1014008 119,4
өткізілген
құны
3 өзге өнімнің 439862 511745 86,0
өткізілген
құны
4 өзге 17935 33597 53,3
өткізілген
өнімдер
5 Жалпы 16666572 1559350 106,9
өтізілген
өнім(келісілге
н баға ҚҚС
қоспағанда)
6 Жалпы 1928745 1841215 104,7
өткізілген
өнім(ҚҚС
қосқанда)

Казэнерго А.Қ-мы құрылған күнінен Отандық тұтынушыға негізделген,
шетелге өнім шығару ұдайы емес сипатта, қазіргі уақытта Қаэақстандық
кабельдік өнімдер нарығы жоғары қарқынмен дамуда, оған өз үлесін қосып
отырған Ресейлік өндірушілер. Ішкі бәсекелестік ортаның жағдайына үйрену
бағаның төмендеуіне әсер ететін бірден-бір фактор. Ресейлік өндірушілердің
кабельдік өнімдерінің кедендік баждарды қоспағанда Отандық өндірушілерден
төмен, оның ең негізгі себебі-материал мен шикізат құнының төмен болуы.
Шикізаттың негізгі түрлері (алюминий, катанка, пластикат, полиэтилен, мыс
т.б.) Ресей Федерациясынан импортталады, өйткені Қазақстанда өндірілмейді,
ал Ресейде экспортталған шикізат құнын жоғары. Компания шикізатты қайта
өңдеуде Ресейге қарағанда төмен баға ұстанса да, Ресейлік өндірушілер
деңгейінде бағаны тағайындай алмайды, өйткені экспортталған шикізаттың
бағасы өте жоғары. (кабельдік өнімдердің шикізат пен материалдардың өзіндік
құны 80%-ға жуық) Кабельдік өнімдердің бағасының өте сирек төмендеуіне
байланысты 2002 жылы Ресейлік өндірушілер өнім бағасын өткен жылмен
салыстырғанда 30%-дан 40%-ға дейін төмендетті. Өндіріс шығындарын өндіріс
көлемін күрт жоғарылату арқылы қысқартуға болады, соның салдарынан-
кәсіпорынның өндірілген өнім бағасын төмендетуге қол жеткізеді.
Компанияның негізгі артықшылығы өндірілген өнімнің жоғары сапасы,
технологиялық жағынан жабдықталған өндіріс, тұтынушылардың қажеттілігін
қанағаттандыру, өндірілетін өнім көлемін өсіру жоспары және нарық
қажеттілігіне сай ассортимент көлемін кеңейту. Казэнерго А.Қ-ның соңғы
екі жыл ішіндегі кіріс және шығыс құрылымы 3 кестеде көрсетілген.

Казэнерго А.Қ-ның кіріс және шығыс құрылымы.

№ Көрсеткіштің аты 2001 жыл 2002 жыл
1 өндірістік қызмет 1014009 1210777
дайын өнімнен түскен
табыс
2 Сатылған дайын өнімнің699674 932876
өз.құны
3 Ұлттық табыс 314335 277901
4 Жалпы және әкімшілік 139826 139240
шығыстар
5 өткізу шығындары 63677 88372
6 %-ды өтеу шығыны 34238 20939
7 Кезең шығысы 237741 248551
8 өндірістік қызмет 76594 29349
шығысыкірісі
9 Коммерциялық 511745 439862
қызмет:алынған
тауарлардан түскен
табыс
10 Сатуға алынған 408492 366255
тауардың өз.құны
11 өзге табыстар 30779 13794
12 өзге шығыстар 22707 16618
13 Ком.қызметтен 111325 70783
кірісшығыс
14 Негізгі қызметтен 187919 100133
кірісшығыс
15 Нег.емес қызметтен -13218 -9784
табысшығыс
16 Салық салуға дейін 174791 903249
жалпы табыс
17 Корпоративтік табыс -17997
салығы
18 Салық салынғаннан 174791 72352
кейінгі табыс

Негізгі қызметтен алынған табыс яғни, өздері өндірген кабельдік
өнімдерді өткізуден және өткізуге алынған өнімнен түскен табыс.
Негізгі емес қызметтен пайда болған шығыстарды валюта курсының құбылысы
құрайды.
Өткізу рентабельділігі (кәсіпорынның 1 теңге сатудан алған табысы) -
таза табыстың сату көлеміне %-тік қатынасы 2001 жылы -11%
(1747911556553*100) және 2002 жылы -4% (723521664433*100) құрайды.
2001 жылмен салыстырғанда 2002 жылғы сату рентабельділігінің төмендеуі
өнім өндіретін завод өткізу бағасын төмендетумен тікелей байланысты.
Жылдық өндіріс көлемі мен өткізу көлемінің өсуі,кәсіпорынға табыс
әкеледі. Ол келесі бағыттарда жұмсалады:
- Қ.Р-ның үкіметінің бағдарламасы шегінде импортты орналастыру мен қайта
өңдеу өндірісін дамыту мақсатында алынған несиені өтеу (1,515413 АҚШ
доллары Қазақстанның Реабилитациялық Қоры А.Қ-нан);
- өндірісті қайта қаржыландыру мақсатында инвестициялау арқылы кеңейту;
- кәсіпорынның техникалық саясатына сәйкес жаңа өнім түрлерінің
бейімделуі.
Капиталдың құрылымы мен құрылысын талдау халықтың меншік капиталы жыл
басына - 1 330 811 мың теңге; ал жыл соңына - 1 370 679 мың теңге; өсу -
40575 мың теңге немесе 1% құрайды.
Акционерлік капиталды тиімді пайдалану (% мөлшерде таза табыстың
меншік капиталға қатынасымен анықталады)-2001 жылы 13%
(1747911330811*100%) - 2002 жылы 5% (723521 403163*100%) -өндірістің
төмендеуі 2001 жылмен салыстырғанда 8% құрады.
Қаржылық жағдайды анықтайтын коэффициенттерді талдау және анализдеу
Казэнергокабель бухгалтерлік баланс 01.01.2003 жылғы мәліметтерінде
берілген.

Казэнергокабель А.Қ-ның қаржылық жағдайын анықтайтын коэфиценттерді
талдау және бағалау.

№ Көрсеткіштің аты Жалпы мағынасы Нормативтік
мағынасы
1 Ағымдағы өтімділік коэфиценті 2,78 2,0
2 Абс.өтімділік коэфиценті 0,54 1,0
3 Инвестициялау коэфиценті 0,54 1,0
4 қаржыландыру коэфиценті 4,2 1,0
5 қаржылық тәуелділік коэф 0,15 1,0
6 Тәуелсіздік коэффициенті 0,7 0,5
7 Қаржылық тұрақтылық коэф. 0,87

Қаржылық тәуелсіздік коэффициенті кредиторлар мен инвесторлар үшін өте
маңызды, өйткені олар меншік капиталының үлесі жоғары және қаржылық
автономдылығы бар кәсіпорындарды қалайды. Бұл коэффициент жалпы
қаражаттардың соммасындағы меншік иесінің қызмет ету барысында авансталған
бөлігін сипаттайды. Автономды коэффициент өсімі заемдық қаржылыландыру
көзінен кәсіпорын тәуелділігінің төмендеуін сипаттайды, яғни меншік капитал
есебінен міндеттерді өтеу. Көптеген жағдайларда меншік капиталының жалпы
көлемі 50%-дан кем болуы мүмкін, соған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Терең жойылмайтын жағдайсыздық кезеңі
Шағын және орта бизнестің қаржы менеджментін ұйымдастыру
Шағын және орта бизнес үшін қаржы ұйымдастыру ерекшеліктері
Шағын және орта бизнестерін ұйымдастыру
Фирманың ағымдағы шығындарын басқару
Шағын және орта бизнестің (ШОБ) қаржы менеджментін ұйымдастыру ерекшеліктері
Нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның ағымдағы шығындарының құрамы мен құрылымын анықтау және соны тиімді басқаруды, оның өзіндік құнын төмендету жолдарын теориялық жағынан қарастыру және оны талдау
Банктің қаржы ресурстарын қалыптастыру және оны тиімді пайдалану
ASTANA MOTORS АҚ кәсіпорынның ақша ағымдарын басқарудың тиімділігін және оны ұйымдастыруды талдау
ДЕВИАНТТЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫ ЖАСТАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТАР
Пәндер