Кәсіпкерлік мекемелердің қаржысын ұйымдастыру



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік Университеті

Курстық жұмыс
Тақырыбы:

Қазақстан Республикасындағы қаржы жүйесі және оны дамыту.

Орындаған:
Тексерген:

Қарағанды 2006ж
Жоспары:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .3

Негізгі бөлім:

I. Кәсіпкерлік мекемелердің қаржысын ұйымдастыру.

1.1.Қаржының
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 5
1.2. Қаржы жүйесінің
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9

II. Қазақстан Республикасы мекемелері мен ұйымдарының қаржысы.

2.1. Кәсіпкерлік мекемелер мен ұйымдардың қаржысын ұйымдастыру
принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1
3
2.2. Қазақстан Республикасында қаржылық мекемелердің ұйымдастырылуына әсер
ететін жағдайлар ... ... ... ... ... ... .. ... ...14

III. Кәсіпкерлік мекемелердің кірісі мен пайдалылығы ... ... .19

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...22

Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 24

Кіріспе.

Нарықтық экономика жағдайында экономикалық процестерді реттеудің
негізгі құралы ретінде қаржы ерекше орын алатын, құндылық категориялары
жұмыс істейді. Қаржы экономиканы мемлекеттік және субъектілер деңгейінде
реттеу құралы болып, экономиканың әртүрлі салаларында жұмыс жүргізеді.
Қаржы жағдайы олардың әрекеттерінен көрініс тауып отырады. Қаржы
тұрақтылығы олардың болуы мен стабильділігі мемлекеттің даму деңгейі мен
кәсіпкерлік субъектілердің жағдайын сипаттайды.
Қаржылар ақша қатынастарын белгілейді. Олар қоғамдық қатынастарды
қамтамассыздандыру үшін қаржы игіліктерін құру мен пайдалану арқылы ұлттық
өнімнің бағамдық құнын бөлу жағдайымен байланысты.
Коммерциялық ұйымдар мен мекемелердің қаржылары қаржы жүйесінің
негізгі бөлімдері болып табылады. Олар негізінен ұлттық пайда
мен қоғамдық өнімнің жинағы құрылатын материалдық өндіріс саласында жұмыс
істейді.
Шаруашылықтың қаржылық жағдайлары көптеген өзгерістерге ие
болды. Олар экономиканың либерализациясында, жекеменшік түрлерінің
өзгеруі, кең ауқымды приватизацияның жүруі, мемлекеттік реттеу
жағдайларының өзгеруі, коммерциялық ұйымдар мен мекемелердің салық салу
жүйесін жүргізуде көрініс тапты.
Коммерциялық ұйымдар мен мекемелердің кәсіпкерлік істері барысында
белгілі қаржылық қатынастар туындайды. Олар өзгерісті ұйымдастыру мен
өнімді өткізу, қызмет көрсету мен жұмыстарды орындау, жеке қаржы
игіліктерін құру мен қаржының сыртқы көздерін тарту, оларды бөлу және
қолданумен байланысты болады.
Қаржының арқасында шаруашылық саласында үнемі ауысып отыратын
өндірістік қажеттіліктерді қамтамассыздандырып отырады. Қаржысыз өндірістік
қор айналымын, экономикадағы салалық және территориялық пропорцияларды
реттеу өндіріс дамуын жүзеге асыруы мүмкін емес.
Қаржылық қатынастардың материалдық негізі болып ақша табылады.
Қаржылық қатынастар – ақша қатынастарының бір бөлігі болып, өз капиталы,
орталықтанған және орталықтанбаған ақша қорларын қолданумен жүргізіледі.
Тақырып актуальділігі: нарыққа өту кезеңінде шешімді талап ететін
проблемалар арасында маңызды орындардың бірін ақша қатынастарының бір
бөлігі ретінде қаржыны тұрақтандыру міндеті алады.
Берілген курстық жұмыстың мақсаты: қаржы, қаржы жүйесі және олардың
құрылымдық элементтері түсініктеріне талдау жасау.
Берілген курстық жұмыстың тақырыбын қарастыру барысында, алға
қойылған төмендегідей міндеттерді атап өтіге болады: ақша жүйесі, өндірісі
дамыған елдердің ақша жүйесі, ақша жүйесі қызметінің механизмі, ақша
сясатының негізгі бағыттары.

I. Коммерциялық мекемелердің қаржысын ұйымдастыру ерекшеліктері.
1.1. Қаржының мәні.
Қаржылардың пайда болуының себебі, мемлекет пен әртүрлі
субъектілердің олардың әрекеттерін қамтамассыздандыратын игіліктерді қажет
ететіндігінде болып табылады. Игіліктердегі қажеттілікті қаржысыз еш бір
салада, не шаруашылықта, не әлеуметтік салада қамтамассыздандыруға
болмайды. Өйткені тек қаржының арқасында өндірістік процесс субъектілері
бойынша құнды бөлу жұмысы жүргізіледі.
Ұйымдар қаржыларының қоғамдық міндеті заңды тұлға түрінде қоғамдық
әрекет субъектілерін қаржылық игіліктермен қамтамассыздандыру болып
табылады. Қызмет ету принциптеріне қарай бұл ұйымдар өз қызметін
коммерциялық есеп жағдайында жүргізеді. Басқаша айтқанда, пайда табу
мақсатын көздейді немесе бұндай мақсат қоймай, бірақ олардың жұмысы
қоғамға қажетті және пайдалы болып келеді.
Бұнымен қоса, заңды тұлға ретінде тіркеле алатын әртүрлі қоғамдық
бірлестіктер бар. Заңды тұлғалардың – мекемелердің қаржылары –
төмендегідей бөлінеді: коммерциялық мекемелердің қаржылары, коммерциялық
емес мекемелердің қаржылары, қоғамдық мекемелердің қаржылары.
Өз жұмысының негізгі мақсаты ретінде пайда табуды көздейтін заңды
тұлға коммерциялық мекеме болып табылады. Бұндай заңды тұлға мемлекеттік
мекеме, шаруашылық бірлестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив
түрінде құрылады. Коммерциялық мекеме кәсіпкерлік қызмет жүргізуге тиісті
болады.
Кәсіпкерлік – тауарға (жұмысқа, қызметке) сұранысты қанағаттандыру
жолымен таза кіріс табуға бағытталған, жекеменшік түріне тәуелсіз заңды
тұлға мен азаматтардың инициативтік әрекеті. Ол жекеменшікте (жеке
кәсіпкерлік) немесе мемлекеттік мекеменің шаруашылық жүргізу құқығына
негізделеді.
Коммерциялық бастамада жұмыс істейтін мекемелерге материалдық
өнеркәсіп саласы, тауар айналымы саласының барлық мекемелер түрі мен
сонымен бірге өнірістік емес сала мекемелерінің бір бөлігі, шағын
мекемелер, жеке кәсіпкерлік, акционерлік қоғам, бірлестік, ассоциация,
коммерциялық банктер, сақтандыру компаниялары жатады.
Коммерциялық бастамада қызмет ететін қаржылық кәсіпорындардың
ұйымдастырылуына үлкен әсерін коммерциялық есеп пен коммерциялық құпия
тигізеді.
Коммерциялық есеп – шығын мен қызмет нәтижелерін ақшалай түрде
салыстыруға негізделген, шаруашылықты жүргізу әдісін белгілейді. Оның
мақсаты болып минимум шығын жұмсап, максимум пайда табу табылады.
Коммерциялық есеп кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін міндетті кіріс
табу мен тиімділіктің жоғарғы деңгейіне жетуді көздейді. өйтпеген жағдайда,
кәсіпорын қаржысынан айырылып, банкрот деп жарияланып, ликвидацияланады.
Банкротқа түсу – қарыздар жеке кәсіпкер немесе заңды тұлғаның өз
несие берушілерінің талаптарын орындай алмау мен оның пассивтарының
активтарынан жоғары болуына байланысты салықтық және басқа да міндетті
төлемдерді төлей алмау жағдайы болып табылады.
Активтер – кәсіпкерлік субъектісінің мүлкі. Оларға барлық негізгі
және айналымдық құралдар кіреді. Ал пасситер - кәсіпкерлік субъектісінің
міндеттері болып, олар несиелік қарызбен қоса заемдық және сырттан алынған
құралдардан тұрады.
Коммерциялық құпия - бұл бәсекелестерден оқу мен пайда табуға
бағытталған кәсіпорын үшін құнды болып табылатын кез-келген конфиденциалды
басқарушылық, өндірістік, ғылыми-техникалық, сааудалық, қаржылық немесе
басқа да ақпараттар.
Коммерциялық құпия жағдайының орын алуы мен коммерциялық есеп әдісін
қолдану қаржыларды ұйымдастырудың ерекшеліктерін белгілейді. Ол
төмендегідей белгілерге ие болады.
- Коммерциялық мекемелер реальді қаржылық тәуелсіздікке ие. Қаржылық
тәуелсіздік кәсіпкерлік субъектісінің өнімді өткізуден алынған пайданы өз
қалауынша бөлуде, салық төлемдерін қалған кірісті үйлестіруде, өндірістік
және тұтыну қорларын құру мен пайдалануда, өндірісті кеңейту көздерін өз
еркімен табуда, несиелік игіліктерді сырттан алуда, құнды қағаздарды
басуда және тағы басқа жағдайларда көрінеді.
Кәсіпорындар кез – келген коммерциялық банктерде ақшаны сақтау мен
барлық есеп, несие және кассалық операцияларды жүргізуде есептік және басқа
шоттарды ашуға құрылады.
- Қызметтеріне коммерциялық құпия әсер ететін субъектілердің
қаржыларын ұйымдастыру мемлекет тарапынан ұсақ регламентациядан бос болады,
басқаша айтқанда ол толық шаруашылық бостандыққа ие болады. Кәсіпорынның
қаржылық шаруашылық әрекетін мемлекет көп жағдайда құнды құралдар
көмегімен, тиісті салытық, амортизациялық валютаның, экспортты – импорттық
саясатын жүргізеді.
- Коммерциялық мекемелер жұмыс нәтижелері, тұтынушы мемлекет,
банктермен басқа контрагенттер алдында міндеттерді уақытында орындауға
толық қаржылық жауапкершілікте болады. Нарықтық экономика жағдайында
кәсіпорын өз міндеттері үшін жеке мүлкімен жауап беріге тиісті болады.
Міндеттерді орындамағаны үшін кәсіпорындарға негізделген қаржылық
санкциялар жүйесі: айып пұл, төлем ақының өсуі қолданылады. Бұл жағдайда
инновациялық әрекет шығындары қаржылық резерв және сақтандыру жүйесімен
жабылып, шараусыздық шығындары - кіріс есебінен жабылып отырады. Кәсіпорын
жер мен басқа да табиған игіліктерін тиімсіз пайдалану, сыртқы ортаны
ластау, сақтық және өндіріс ережелерін бұзу, санитарлық-техникалық
норманың дұрыс сақтанбауы мен тағы басқа үшін шығындар төлеуге тиісті.
Коммерциялық ұйымдардың қаржылық жауапкершілігінің орындалуы заңмен
қамтамассыздандырылып отырады.
- Коммерциялық мекемелердің қаржыларын ұйымдастыру еңбек нәтижелерін
жақсартуға материалдық қызығушылықты қамтамассыздандыруға бағытталған. Бұл
пайданы үйлестіру жүйесі (ұжымдық қызығушылық) және материалдық сыйақы
(жеке қызығушылық) жүйесі арқылы жүзеге асады.
- Коммерциялық ұйымдардан банк, сақтандыру компаниялары мемлекет
пен қаржылық қарым-қатынасқа түседі. Бұндай қарым-қатынас коммерциялық есеп
принциптерін ескере отырып жүргізіледі. Кәсіпорындар мен банктер бұл
пайдаға бағытталып өз операцияларының қаржылық жағдайын ұйымдастырып, тең
партнерлер: банктер ақылы және шұғыл несиелер ұсынады. Өз клиенттерінен
делдалдық және трастық операциялар үшін коммисиондық төлемдер алады.
Өз кезегінде егер де кәсіпорын бос ақшаны депозиттық шарттарда сақтап
отырса, онда банк оларға проценттер қосып отырады.
Сақтандыру компаниялары коммерциялық кәсіпорындардың әртүрлі
объектілерінің, олардың көптеген қауіптерінің сақтандырылуын жүзеге
асырады. Осының арқасында коммерциялық мекемелердің кәсіпкерлік
қызметтірінің белгілі тұрақты гарантиялары болып табылады.
Сонымен бірге мемлекет кәсіпорынның партнері ретінде жұмыс істейді.
Өйткені соңғысы негізгі салық төлеуші болып, мемлекеттік бюджетке қаржы
түсуін қамтамассыз етеді. Осыған байланысты мемлекет өнеркәсіпті дамытуда
кәсіпкерлік субъектілерінің қызығушылықтарын жоғалтып алмау үшін салық
төлемдерін дұрыс деңгейге қоюға тиісті. Осылайша, коммерциялық мекемелердің
контагенттермен қаржылық қарым – қатынастары коммерциялық есепті
тұрақтандырып, кәсіпкерлік қызмет тиімділігін арттыруға бағытталған.
Коммерциялық кәсіпорындар мен мекемелердің қаржысы – жеке капитал,
ақшалай құралдардың мақсатты қорларын, олардың үйлестірілуі мен пайдалануын
қалыптастыру процестерінің кәсіпкерлік әрекеттеріндегі қаржылық және
ақшалай қатынастары болып табылады.

1.2. Қаржылық жүйе түсінігі.

Ұлттық экономика шеңберіндегі қаржылық қатынастардың жиынтығы
мемлекеттің қаржылық жүйесін құрайды. Әлеуметтік-экономикалық қатынастар
көзқарасынан, ол орталықтанған, орталықтанбаған қаржылар және қаржылық үй
шаруашылығынан тұрады.
Орталықтанған қаржылар – бұл мемлекеттік бюджеттік жүйе, мемлекеттік
несие, арнайы бюджеттен тыс қорлар, мүліктік және жеке сақтандыру қорлары.
Олар жалпы ұлттық экономиканы реттеу құралы ретінде, маңызды экономикалық
және әлеуметтік міндеттерді шешуде қолданылады.
Орталықтанбаған қаржылар – жекеменшіктің әр түрлі формаларының
фирмалары мен кәсіпорындарының қаржысы. Бұл заңды тұлғалар, заңды тұлғалар
мен мемлекет, заңды және физикалық тұлғалар арасында қаржылық қатынастар
болып табылады. Өздерінің стимулдаушы қызметтерінде олар жеке шаруашылық
субъектілері шеңберінде экономикалық және әлеуметтік қатынастарды зерттеуде
қолданылады. Фирмалар, кәсіпорындар мен халық шаруашылық салаларын
қаржыландыру қаржы негізін құрайды. Бұнда қаржылық игіліктердің басым
көпшілігі құрылады. Әртүрлі жекеменшік түрлері кәсіпорындарының қаржы
жағдайлары көп жағдайда мемлекеттің жалпы қаржылық жағдайына байланысты
болады.
Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорындар өз әрекеттерін
коммерциялық есеп негізінде жүзеге асырады. Ал ондағы кірістер шығындарға
сәйкес болып, ұжымдардың өндірістік және әлеуметтік дамуының қайнвр көзі
болып кіріс табады. Кірістің арқасында өндірістік және әлеуметтік қорлар,
инвестицияға арналған құралдар құрылады. Соның ішінде қаржылық нарық
игіліктері де пайдаланылады.
Үй шаруашылығы қаржылары дегеніміз - бұл жеке қаржылар, басқаша
айтқанда, ол бірге тұратын және ортақ шаруашылық жүргізетін физикалық
тұлғалар арасында болатын қарым- қатынастар. Отбасына қарағанда,
шаруашылық тек туысқандардан ғана құрылмай, сонымен бірге үй шаруашылығы
бюджетіне өз үйлесін қосқан адамдардан тұра алады.
Қаржы жүйесінің әр элементі өндіріс процесіне ерекше әсер етіп, өзіне
ғана тән функцияларға ие болады. Осылайша, орталықтанған қаржының көмегімен
мемлекеттің орталықтанған қаржының негізіне игіліктер жинақталып, олардың
ұлттық шаруашылық, экономикалық аймақ халықтың жеке топтарының арасында
бөлініп, қайта бөлінуі жүгізіледі. Орталықтанған қаржылар шеңберінде
бюджеттік емес қаржылар қатаң мақсаттық бағытқа ие болады. Қазақстан
Республикасының үлкен әлеуметтік Зейнет Қоры мемлекет азаматтарына
зейнетақы төлемдерін жинайды. Мүліктік және жеке сақтандыру қорлары төтенше
жағдайлармен, табиған құбылысьтары мен кәсіпорындар мен халыққа
келтірілген шығынды өтеуге бағытталған және сақтандыру жағдайы орын
алғанда сақтандыруға тіркелген тұлға немесе оның отбасына материалдық
төлемдер жасауға бағытталған. Мемлекеттік несие орталықтанған қаржылардың
элементі ретінде мемлекет пен заңды және физикалық тұлғалар арасындағы
несиелік қарым-қатынастарды сипаттайды. Онда көп жағдайда мемлекет қаржыны
беруші ретінде жұмыс жүргізеді.
Мекеме қаржысы өндірісті қамтамассыздандырып отырады. Олардың
арасында валдық ұлттық өнім құрастырылады. Ол өз кезегінде мекеме ішінде
және ұлттық шаруашылық қажеттіліктерінің салалары бойынша бөлінеді.
Қаржылар үй шаруашылығының өмірінің материалдық негізі болып
табылады. Себебі олар қоғамның жеке экономикалық бөлігі шеңберінде болатын
кірістер мен шығындардың бақылауын белгілейді.
Осылайша қаржылық жүйенің әр бөлігі қаржылық қатынастардың белгілі
сапасыен сипаттайды. Ал жалпы қаржылық жүйе қаржы қатынастарының әртүрлі
салалық жиынтығын көрсетеді. Бұл процесте ақша қорлары қалыптасып,
пайдаланып отырады.
Макроэкономикалық талдау мен ұлттық экономиканың дамуындағы мемлекет
ролі тұрғысынан алғанда, мемлекеттік қаржылар ерекше мәнге ие болады.

II. Коммерциялық мекемелер мен ұйымдардың қаржысы.

2.1. Коммерциялық мекемелер мен ұйымдардың қаржысын ұйымдастыру
принциптері.

Коммерциялық мекемелер мен кәсіпорындардың қаржылық қатынастары
белгілі принциптер негізінде құрылады. Ол шаруашылық қызмет негіздерімен:
шаруашылықтық өзіндік жұмыспен, өзіндік қаржыландырумен, материалдық
қызметпен, қаржылық резервті қамтамассыз етумен байланысты.
Шаруашылықтық өзіндік жұмыс принципі қаржы саласындағы тәуелсіз
жұмыссыз орын алмайды. Жекеменшік түріне қарамастан, шаруашылық
субъектілері экономикалық әрекеттің саласын өздері анықтап, қаржыландыру
көздерін пайда табу мақсатында ақша айналымданының бағыттарын өздері
белгілеййді. Алайда бұнда толық шаруашылық өзіндік жұмыс туралы айтуға
болмайды. Себебі мемлекет олардың қызметінің жеке жақтарны реттеп отырады.
Заң коммерциялық мекемелер мен кәсіпорындардың әртүрлі деңгей бюджеттерімен
өзара қарым-қатынастарын реттейді.
Өзін қаржыландыру принциптерінің жүзеге асуы – кәсіпкерлік әрекеттің
негізгі жағдайларының бірі болып табылады. Ол шаруашылық субъектілерінің
бәсекелестігін қамтамассыз-дандырады. Өзін қаржыландыру өнімнің өндірісі
мен сатылуына кеткен барлық шаруашылық шығындардың өтелуін, жұмыстардың
орындалуы мен қызметтердің көрсетілуін, өз ақшаларынан өндіріс дамуына
инвестиция жасау мен банктік және коммерциялық несиелердің алынуын
белгілейді.
Материалдық қызығушылық принципі – кәсіпкерлік қызметінің негізгі
мақсаты пайда табуды қамтамассыздандыру принципінің объектілерінің
қажеттілігін білдіреді.
Кәсіпорынның жеке жұмысшылары деңгейінде бұл принциптің орындалуы
еңбектің жоғары дәрежеде төленуімен қамтамассыздандырыла алынады. Кәсіпорын
үшін берілген принцип мемлекеттің тиімді салықтық саясатын жүргізуі,
өнеркәсіптің дамуы үшін экономикалық жағдай жасау нәтижесінде жүзеге асады.
Мемлекеттің қызығушылықтары кәсіпорынның рентабельдік әрекеттерімен
реттеліп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның қаржылық жұмысын ұйымдастыру
Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелер
Шаруашылық жүргізүші субъектілердің негізгі ұйымдық - құықтық нысандары
Кәсіпорындағы қаржылық шаруашылық жұмысының негіздері
Коммерциялық емес ұйымдар мен мекемелердің қаржысы
Шаруашылық жүргізуші субьектілер қаржысының мазмұны
Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру және қаржыландыру мәселесі бойынша кәсіпкерлік мәліметтерді талдау
Корпоративтік қаржы ұғымы
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы туралы түсінік
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің сыныптамасы
Пәндер