Қаржы жүйесін ұйымдастыру принциптері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе 2
1. Қаржы жүйесінің мәні 4
2 Қаржы жүйесінің құрылымы 7
Ақша жүйесі 9
Салық салу 14
3 Қазақстан Республикасының қазіргі қаржы жүйесі 16
Қорытынды 28
Қолданылған әдебиет тізімі: 30

Кіріспе

Бүгінгі күні кез-келген елдің, жеке алғанда Қазақстанның қаржы
жүйесінің басты және соңғы міндеті: баға тұрақтылығын қамтамасыз ету,
халықтың толық жұмысбасшылығын және өндірістің нақты көлемінің өсуін
қамтамасыз ету, екендігі бәріне белгілі.
Алайда, экономикалық дағдарыстардың әр елде әр түрлі көлемділігі және
ауқымдылығы, олардың қаржы сфераларында ауыр көрініс табады. Тоқыраудан
кейінгі ақша дағдарысы кезеңінен кейін қоғамның экономикалық өмірінде қаржы
рөлін түсіне бастады. Ұзақ уақыт кезеңінде тауар-ақша қатынастарына байқап
қарау біздің шаруашылық тәжірибемізді бүзды.
Қаржы саясатын әзірлеу және жүзеге асыру, теория мен саясатты
экономикалық нақтыларының өзара тығыз байланыстылығын болжайды. Өкінішке
орай бұл байланыстар тиімді болу үшін ұзақ уақыт қажет. "Білім әлемі" және
"әрекет әлемі" көбінесе бір-бірімен жерлеспей екі түрі әлемде дамиды. Қаржы
саясатын жүзеге асыру күрделі мәселе. Әрекеттердегі қажеттіліктерге
байланысты тәуекелділікті азайту үшін, ең болмағанда бір-бірін толықтыратын
үш әрекет жасау керек:
• қаржы саясатының институционалды және теориялық негіздерін әзірлеу;
• стратегияны анықтау, яғни оның мақсаттарын жан-жақты негіздеу және
белгілеу;
• монетарлық үкімет әрекеттерінің тактикасын анықтау, яғни алға
қойылған мақсаттарға жетуге көмектесетін тәсілдерді және құралдарды таңдау.
Бүгінгі күні көптеген елдер, оның ішінде Қазақстанның экономикасы
күрделі құрылымдық жаңалықтарды басынан кешіріп отыр: қаржы жүйесі
реформаланып жатыр, қатаң инфлеция жағдайында бұрын болмаған жаңа қаржы
қатынастары пайда болды. Бұл жағдайларда біздің артта қалуымызды жою үшін
жағымды тәжірибелерді пайдалану мақсатында отандық және шетел тәжірибелерін
салыстыру маңызды болып табылады.
Қаржылар, ең алғаш рет XIII-XV ғасырларда қалалары сауда, ақшалай
есептеу және банк ісінің ірі орталықтары болып табылған Италияда пайда
болды. Жүйесі мен мемлекеттің өз функцияларын атқаруда қолданылатын ақша
ресурстарының құрылуымен байланысты түсінік ретінде пайдаланылатын болды.
Мемлекеттік қаржылар арқылы салалық және территориялық аспектілердегі
қоғам өндірісі масштабтарын ретте, қоршаған ортаны қорғау және басқа да
қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру жүзеге асады.
Қаржылар объективті қажет, себебі қоғамдық даму қажеттіліктерімен
шартталған мемлекет қаржы қатынастарының объективті қажеттілігін есепке ала
отырып, оларды пайдаланудың әртүрлі түрлерін енгізуге немесе алыптастай
алмайды. Қаржы ресурстарын пайдалану формаларын езгерте алмайды және тағы
басқа. Мемлекет қоғамдық даму жолымен объективті әзірленбеген нәрсені құра
алмайды. Ол объективті экономикалық қатынастардың көріну формаларын ғана
белгілейді.
Қаржысыз кеңейтілген негіздегі өндірістік қорлардың өзі жеке және
қоғамдық айналымын қамтамасыз ету, экономиканың салалық және аймақтық
құрылымдарын реттеу, ғылыми-техникалық жетістіктерді тезірек енгізуді
ынталандыру, тағы басқа қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мүмкін
емес.
Жоғарыда айтылғандарды қорыта келгенде, таңдап алған курстық жұмыс
тақырыбын әзірлеу маңыздылығы мен қажеттілігін бөліп көрсетуге болады.
Курстық жұмыстың мақсаты негізінде ақша қаражаттарының сәйкес қорлары
құрылатын және пайдаланатын қатынастар жиынтығы ретіндегі қаржы жүйесі
түсінігін ашып, көрсету болып табылады.

1. Қаржы жүйесінің мәні

Мемлекеттердің қаржы жүйесі—әрбір ақша қаражатары қорын
қаржыландыратын қаржы-экономикалық институттар жиынтығы. Бұл экономикалық
мағынадағы анықтамасы.
Қүқықтық мағынада, қаржы жүйесі деп— мемлекеттің қаржы-экономикалық
мекемелер, (қаржы ведомствосы және оның бөлімшелері, салық органдары,
мемлекеттік банктер, мемлекттік сақтандыру компаниялары) жиынтығы
түсіндіріледі. Нарықтық экономика елдерінің қаржы жүйесі әдетте 5 буыннан
түрады: мемлекеттік бюджет, жергілікті қаржылар, арнайы қорлар, мемлекеттік
банктер қаржылары, мемлекеттік кәсіпорындардың және корпорациялардың
қаржылары.
Жалпы қаржы құқығының және жеке институттарының пәні ретіндегі
қоғамдық қатынастар, жеке алғанда қаржы-экономикалық қатынастар болып
табылады. Бұл қатынастардың белгілі топтары қаржы жүйесінің институттарын
қаржы-экономикалық институттар құрайды.
Қаржы жүйесіне:
1. қаржы құрылғысы;
2. ақша жүйесінің құқықтық негіздері;
3. қаржы саласындағы басқару;
4. қаржылық жоспарлау;
5. қаржылық бақылау.
Мемлекеттің қаржы жүйесі әр түрлі қаржы буындарының және қаржы
қатынастарының жиынтығы болып табылады. Экономикалық әдебиеттерде қаржы
жүйесі үш аспектіде зерттеледі;
1. ақша қатынастарының жиынтығы
2. ақша қорларының жиынтығы
3. басқару қаржы аппараты
Қаржы қатынастар мемлекет, кәсіиорындар, ұйымдар, салалар ақша
қорларының қозғалысына байланысты және азаматтардың арасында пайда болатын
экономикалық қатынастар жиынтығы болып табылады.
Мысалы:
• мемлекет пен кәсіпорындар арасындағы қаржы қатынастары—бұл бюджетке
төлемдер төлеу (салық, пайда) сонымен қатар жеңілдіктер мен несиелер.
• Кәсіпорындар арасындағы қаржы қатынастары бұл бір бірлескен
кәсіпорын құрған кезде үлестік қатысу; өзара несиелеу, бағалы қағаздарды
сатып алу-сату.
• Кәсіпорын мен оның жұмысшылары арасындағы қаржы қатынастар бұл
материалды еңбек қорының қозғалысы (еңбек ақы, дивидендтер)
• Кәсіпорын мен несие жүйесі арасындағы қаржы қатынасы несие бергені
үшін проценттерді төлеу кезінде жүзеге асырылады.
• Мемлекет пен халық арасындағы қаржы қатынастары бұл табыс салығын
төлеу; қаражаттарды дербес шарттарға салу, ссудалар алу.
Анықтамасы бойынша қаржы жүйесі - қаржы қатынастарының жиынтығы.
Табиғаты бойынша, қаржы қатанастары бөлуші болып табылады. Оның ішінде
құнды болу субъектілер арасында жүзеге асырылады. Субъетілер мақсаты ақша
қорларын, қоғамдық өндірістегі рөліне байланысты қалыптастырады. Мысалы:
оның тікелей қатысушылары болса, немесе сақтандыруды ұйымдастырса, немесе
мемлекттік реттеу жүргізсе, қоғамдық өндірістегі субъекттің ролі қаржы
қатынастарының жіктелуінің алғашқы объективті белгісі ретінде көрінеді.
Қаржы жүйесі не бірлік принципінде, не қаржы жүйесі институттарының
салыстырмалы дербестігі принципінде құрылуы мүмкін.
Қаржы жүйесін ұйымдастыру принциптері:
1. Кез келген елдің қаржысы ұйымдастыру сипатында жүреді, олар қаржы-
экономикалық институттарымен қаржыландырылатын ақша қаражаттарының белгілі
бір қорларына бөлінген.
2. Елдегі ақша жүйесін ұйымдастыруға арналған институт мемлекеттегі
барлық ақша қатынастарына (қаржы, тауар-ақша, еңбекті өтеу қатынастары)
бірдей.
3. Қаржы саласындағы басқару — ұйымдастырушы сипатта болады, себебі
қаржылар оның ұйымдастыру күшінен тыс, не пайда бола алмайды, не жұмыс
істей алмайды.
4. Өсуді қаржылық жоспарлау бюджеттік жоспарлауға, банк жоспарлауына,
мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдар қаржысын жоспарлауға беріледі.
5. Қаржылық бақылау бюджеттік банк, ведомстволық бақылауға айналады.

2 Қаржы жүйесінің құрылымы

Қаржы жүйесі орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қаржылардан
тұрады.
Орталықтандырылған (жалпымемлекеттік) қаржылар:
• бюджет (республикалық және жергілікті);
• арнайы бюджеттен тыс қорлар (зейнетақы қоры, әлеуметтік сақтандыру
қоры, халықты жұмысбастылықпен қамтамасыз ету қоры, инвестициялық және тағы
басқа).
Орталықтандырылмаған қаржылар:
• материялық өндіріс сферасының және материалдық емес өндіріс
сфераларының қаржыларына бөлінетін, кәсіпорындар мен халық шаруашылық
кәсіпорындар, ұйымдаардың қаржьісы;
• халық қаржысы (табыс салығын төлеу, материалдық және материалдық
емес игіліктерді алу, ақылы қызметтер көрсету, еңбек ақы.
Жоғарыда айтылғандай, қаржы жүйесі бес буыннан тұрады, оның үстіне
айтылған әрбір сала буындарға бөлінеді, және де қаржы қатынастарын топтау
субъектісін, қызметінің сипатына байланысты жүзеге асырылады. Бұл белгі
кәсіпорындар қаржылары сферасынан: коммерциялық бастауларда жұмыс істейтін
кәсіпорындар қаржысы; коммерциялық емес қызметті жүзеге асырушы мекемелер
мен ұйымдар қаржысы; қоғамдық бірлестіктер қаржысы сияқты буындарды бөлуге
жол береді. Сақтандыру сферасында, буындар ретінде: әлеуметтік сақтандыру,
жеке және мүліктік сақтандыру, жауапкершілікті сақтандыру, кәсіпкерлік
тәуекелділіктерді сақтандыру жүреді. Мемлекеттік қаржылар сферасында:
сәйкесінше, мемлекеттік бюджет, бюджеттен тыс корлар, мемлекеттік несие.
Қаржы қатынастарының сфералары мен буындары өзара байланысты, ал
олардың жиынтығы біртұтас каржы жүйесін құрайды.
Қаржы жүйесінің әр түрлі буындары қаржылық бөлудің әр түрінде қызмет
етеді: шаруашылық ішінде кәсіпорындар қаржысы арқылы, сала ішінде
кәсіпорындар, кешендер, ассоциациялар қаржысы арқылы, салааралық және
аймақаралықта — мемлекеттік бюджет, бюджеттен тыс қорлар арқылы.
Қаржы жүйесінің әрбір буыны өз кезегінде, қаржы өзара байланыстары бар
ішкі құрылымға сәйкес кіші буындарға бөлінеді. Осылайша, коммерциялық
бастауларда қызмет ететін кәсіпорындар қаржысының құрамына, салалық бағытқа
байланысты өнеркәсіп, ауылшаруашылық, сауда, көлік кәсіпорындары қаржылары;
ал меншік түрлеріне байланысты — мемлекеттік, кооперативтік, акционерлік
және тағы басқа кәсіпорындар қаржылары алынады. Коммерциялық бастауларда
қызмет ететін кәсіпорындардың салалық және экономикалық ерекшеліктері,
қаржы қатынастары ұйымдастыруға қалыптастырылып отырған мақсатты ақша
қорларының құрамына, олардың құрылу және пайдалану тәртібіне қатты әсер
етеді.
Сақтандыру қатынастар сферасында әрбір буын сақтандыру, түрлендіру
бойынша бөлінеді. Мемлекеттік қаржы құрамында, буын ішіндегі қаржы
қатынастарын топтастыру, мемлекеттік басқару деңгейіне сәйкес жүзеге
асырылады. Федералдық мемлекеттік құрылымды елдерде — федералдық; унитарлық
құрылымды елдерде, мысалы, Қазақстанда — мемлекеттік және жергіліктік.

Ақша жүйесі

Қаржы — экономикалық институттың негізі (қаржының бүкіл жүйесі) болып
табылатын ақша каражаттарының қоры. Қорлар – қаржы жүйесінің негізі болып
табылады және оның құрылуын анықтайды.
Мемлекеттік несиенің негізгі формасы мемлекеттік несие. Несиені
орналастыруда мемлекет ақша алады, ал өтеуде оны жұмсайды, несиелер
жалпымемлекеттік болуы мүмкін, бұл жағдайда алынған ақша белгілі бір
жалпымемлекеттік қордың табысына түседі (әдетте орталықтанған бюджеттің)
немесе жергілікті ақша қорларына ақша аударуға сәйкес жергілікті болуы
мүмкін. Несие барлық қаржы, экономикалық институттарға байланысты.
Ақша жүйесі тарихи қалыптасқан және заңмен бекітілген ақшаның қызмет
ету формасы. Қазіргі жағдайда ақша жүйесін ұйымдастыру, мемлекет
монополиясы болып табылады және оның қаржы қызметінің элементі болып
келеді. Мемлекет ақша жүйесін ұйымдастыра отырып, ақша белгілерін шығара
отырып, елде ақша қатынастарының дұрыс қызмет етуін қамтамасыз етіп қана
қоймай, қаржы жүйесін ұйымдастырады.
Ақша жүйесінің элементтері:
1. ақша бірлігі;
2. ақша бірлігінің түрлері;
3. белгілерді эмиссиялау шарты;
4. валюта тәріптемесі;
5. ақша айналысы тәртібі.
Елдің ерекшелігіне және ондағы ақша қатынастарын мемлекеттік реттеу
деңгейіне байланысты ақша жүйесіне тағы екі элемент кіреді:
1. ресми валюта бағалы (валюталық тепе-тендік)
2. баға масштабы.
Мемлекет ақша айналысын реттей отырып, ең алдымен, осы қоғам мүддесін
қорғайтын қоғамның саяси субъектісі ретінде көрінеді. Осылайша, мемлекет
ақша қатынастарының конструкторы рөлін атқарады. Бірақ мемлекет мұнда өз
мақсаттарын да көздейді, ақша айналысы реттелмесе — мемлекеттің қаржы
жүйесі дұрыс қызмет ете алмайды. Мемлекет ақша айналысын реттеу мақсатында
деноминация, девальвация және ревальвация сияқты қаржы құралдарын пайдалану
мүмкін.
Деноминация нәтижесінде, ескі ақша белгілерін белгіленген қатынас
бойынша жаңа ақша белгілеріне айырбастау жолымен ұлттық ақша бірліктерін
нығайту жүргізілетін ақша реформасы.
Девальвация — ақша өлшемінің алатын құрамын төмендету.
Ревальвация — девальвацияға қарама-қарсы түсінік. Ол ұлттық валюта
курсын басқа елдер валютасына қарағанда көтеру.
Мемлекеттік бюджет
Мемлекеттік бюджет мемлекеттік қаржы жүйесінде орталық орынға ие.
Бюджет жүйесі елдің ерекшелігін, оның әлеуметтік-экономикалық
құрылымын, мемлекеттік құрылымын көрсететін күрделі механизмді білдіреді.
Экономикалық мәні бойынша, мемлекеттік бюджет ақша қатынастарын
білдіреді. Бұл мемлекеттің заңды тұлғаларымен халық арасындағы қатынастары.
Қазіргі кездегі мемлекет бюджеті, оның түрлі функцияларын бейнелейтін
күрделі, көп жоспарлы құжат болып келеді.
Бөлу функциясы мемлекеттегі шоғырланған ақша қатынастардағы қоғамдық
қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдалану нәтижесінде пайда болады.
Бақылау функциясы қаржы ресурстарының мемлекет қарамағына қаншалықты
толық және өз уақытында өтіп отырғанын білуге жол береді.
Мемлекеттік бюджет — бұл мемлекеттік шығындардың және олардың қаржылық
жабу көздерінің жылдық жоспары. Бюджет жобасы заң шығарушы органмен, ел
парламентімен жыл сайын талқыланады және қабылданады. Қаржы жылы
аяқталғанда атқарушы үкіметтің өкілетті өкілдері, алдыңғы жыл қабылданған
бюджет туралы заңға сәйкес табыстарды жұмылдыру және шығындарды жүзеге
асыру жөнін1дегі өз қызметтері бойынша есеп береді.
Бюджетке бюджеттен тыс қорлар енеді. Бюджеттен тыс қорлар —
мемлекеттің мақсатты және мемлекеттік бюджетке кірмеген ақша қаражаттары,
бюджеттен тыс қаражаттар үкіметтік орталық органдарының қарамағында болады
және әрбірі белгілі бір қажеттіліктерге арналған арнайы қорларда
шоғырланады (мысалы, зейнет ақы қорына арналған). Олар арнайы салықтар,
несиелер, бюджеттен алынатын субсидиялар есебінен құралады.

1-кесте. Мемлекеттік бюджет құрылымы

Бюджет табыстары қажетті шығыстарды жүзеге асыру үшін жеткіліксіз
болған жағдайда, бюджет тапшылығы пайда болады.
Бюджет тапшылығы — шығыс бөлігінің табыс бөлігінен жоғары болуы.
Бюджет тапшылығы кезінде функцияларын дұрыс орындауға мемлекеттің қаражаты
жетіспейді. Соның нәтижесінде, әр түрлі несиелер алуға тура келеді, бұл
барлық ақша айналымының шаруашылығына әсер етіп, инфляцияның негізгі себебі
болады.
Бюджет тапшылығы елдегі төтенше жағдайды әрқашан білдіре бермейді.
Егер уақытша бюджет тапшылығы пайда болса, оны жабудың жолдары бар және
оның үлес салмағы жоғары емес.
Егер бір бюджет тапшылығы терең болып, экономикадағы дағдарыстың
құбылыстарын көрсетсе, онда ол қоғамға зиян тигізеді. Бұл шығыстар мен
табыстар арасындағы айырмашылықты жою үшін, қатаң шаралар қолдану қажет.
Табыс сомасының 10%-ға дейінгі бюджет тапшылығы болады, ал 20 % -дан жоғары
болса, шекті болады.
Мемлекеттік бюджет тапшылығын жабу мақсатында мемлекеттік несиенің
ішкі және сыртқы сияяқты түрлі формалары пайдаланады. қарыз ала отырып,
мемлекет, мемлекеттік деп аталатын қарыз жинақтайды. Мемлекеттік қарыз —
экономиканың қалыпты қызмет етуін қиындататын ауыртпалылық.
Мемлекеттік қарыздың өсуі экономикадағы капитал қорын, сәйкесінше,
болашақтағы деңгейімен халықтың өмір сүру деңгейін қысқартады.
Мемлекеттік қарыз ішкі және сыртқы болып бөлінеді, сонымен қатар қысқа
мерзімді және ұзақ мерзімді, ең ауыры қысқа мерзімді несиелер, себебі
оларға негізгі соманы жоғары пайыздармен (%) төлеуге тура келеді.

Салық салу

Нарықтық экономиканың дамуы қаржы-экономикалық әдістерімен салық салу
жүйесін қолдану, ссудалық капиталды және пайыз мөлшерімен оңтайландыру,
бюджеттен капитал салымдарының және дотациялардың бөліну, халық шаруашылығы
бағдарламаларын жүзеге асыру және тағы басқа жолдармен реттеледі. Бұл
экономикалық әдістер кешенінде орталық орынды салықтар алады.
Салық мөлшерлемесі, жеңілдіктер, айыппұл арқылы салық салу шартын, бір
салықтарды енгізіп, екіншілерін алып тастау арқылы өзгерте отырып, мемлекет
белгілі бір салаларының, кәсіпорындардың жедел дамуына жағдай жасайды,
қоғамға көкейкесті мәселелерді шешуге кемектеседі. Салықтар қаржы
қатынастарының, мемлекттің ақшалай табыстарын қалыптастырумен байланысты
бөлігін көрсетеді. Ол әлеуметтік қорғаныс, табиғат қорғау, құқықтық қорғау
және тағы басқа функцияларды атқару үшін қажет. Экономикалық қатынастардың
құрама бөлігі ретінде салықтар экономикалық базиске жатады да,
объективтілік қажеттілік болып табылады. Сонымен, салықтар мемлекетке өз
функцияларын орындау үшін қажет, салықтарды жою, талап ету, қоғамның өзін
жоюды талап етумен бірдей.
Қазіргі кезде, бүкіл әлемде, салық жүйесін оңайлату тенденциясы
бақыланып отыр. Салық жүйесі неғұрлым оңай болса, экономикалық нәтижені
анықтау соғұрлым оңай болады, есеп беру құжаттарын жасауда жұмыс азаяды.
Кәсіпкерлердің салықты қалай азайту емес, өнімнің өзіндік құнын қалай
төмендетуге болатыны туралы ойлануға уақыт көп қалады. Салық органдарына
салықты төлеудің дұрыстылығын бақылау оңай болады. Бұл қаржы органдарында
жұмысшылар санын азайтуға жол береді.

3 Қазақстан Республикасының қазіргі қаржы жүйесі

Қаржы жүйесін құрудың негізіне мына қағидалар қойылған:
1. Қаржы жүйесін ұйымдастыруда централизм мен демократизмнің үйлесуі.
Мемлекеттік қаржы органдары тарапынан болатын орталықтандырылған басшылық
пен бір мезгілде жергілікті қаржы органдары мен кәсіпорындарына кең құқық
пен дербестік берілген.
Бұл қағида жергілікті қаржы органдарының тиісті жергілікті әкімшілікке
және жоғары қаржы органдарына екі жақты бағынышты жүйесін алдын-ала
айқындайды.
Кәсіпкерлік секторда қаржы дербестігі анағұрлым толық көрінеді: оның
қатысушылары — мемлекеттің қаржы жүйесі, алдыңғы міндеттерді орындағаннан
кейін қаржы ресурстарын еркін иемденедңі.
2. Ұлттық және аймақтық мүдделерді сақтау. Бұл қағида қаржы
қатынастарда аймақты дамытудың қабылдауға болатын деңгейі сияқты ұлттық
кеңдікті қамтамасыз етуді де талап етеді.
Қаржы жүйесін құрудағы оның көрінісі мемлекеттік қаржы органдары
құрылымының ұлттық, мемлекеттік және әкімшілік-аймақтық құрылымына сай
келуі. Әрбір облыс, қала мен ауданның қаржы органдары болмауы мүмкін, онда
олардың функцияларын жергілікті әкімшіліктің аппараты атқарады.
Федеративтік құрылысы бар көпұлтты мемлекеттерде бұл принциптің маңызы аса
артып отыр.
3. Қаржы жүйесі бірлігінің қағидасы орталық қаржы органдары арқылы
мемлекеттің жүргізіп отырған біріңғай мақсаттарымен алдын-ала айқындалып
отырады. Қаржылардың барлық буындарын басқару бірыңғай негізгі заңнамалық
және нормативтік келісімдерге негізделеді. Қаржы жүйесі бірлігі қаржы
ресурстарының басты көздерінің ортақтастығында, олардың қозғалысының өзара
байланыстылығында қажетті қаржылық көмек көрсету үшін қаражатты аймақтар,
салалар арасында қайта бөлуде болып отыр. Қаржы жүйесі бірлігінің принципі
экономиканы басқарудың барлық деңгейлерінде жасалатын қаржы жоспарлары мен
теңгерімдердің (баланстардың) өзара үлесу жүйесінде нақты көрінісін табады.
4. Қаржы жүйесінің жеке құрамды элементтерінің фунционалдық
арналымының қағидасы қаржының әр буыны өз міндеттерін шешіп отыратындығынан
көрінеді. Оны айрықша қаржы аппарат анықтайды жөне шешеді немесе белгілі
бір министрліктің және тіпті үкіметтің басқаруына беріледі.
Қазіргі кезде қаржы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық менеджментінің функциясы мен принциптері
Мемлекеттік қаржылық реттеудің экономикадағы құрама бөлігі – салықтық реттеу
Ақша саясаты
Кәсіпорындағы бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың негіздері мен жалпы принциптері
Кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
Менеджмент қызметі
Бухгалтерлік құжаттарды ұйымдастыру жолдары
Бухгалтерлік есептің заң жүзіндегі реттелуі
Шаруашылық есептің тарихи шарттылығы
Кәсіпорын қызметінің тоқтауы (банкрот)
Пәндер