Қаржы және инфляцияның шығу тарихы
ЖОСПАР
Кіріспе 2
1-бөлім. Теориялық-методологиялық бөлім. 3
1.1 Қаржы және инфляцияның шығу тарихы 3
1.2 Қаржы және инфляция: мәні мен мазмұны 7
2-бөлім. Инфляция, оның Қазақстандағы ерекшеліктері 16
2.1 Инфляция, оның Қазақстандағы ерекшеліктері 16
2.2 Инфляцияның альтернативті көздері және түрлері 16
2.3 Инфляция деңгейін өлшеу 22
3-бөлім. Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік зардаптары 23
Қорытынды 28
Қолданылған әдебиеттер 29
Кіріспе
Қаржы нарығы — құнды қағаздар айналысына байланысты экономикалық
қатынастар және мемлекеттің бүкіл ақша қорының жиынтығы. Ол нарық
қатынастарының құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, несие,
валюта, сақтық және т.б. капитал, жұмыс күші, тұрғын үй, алтын нарықтарымен
байланысты болады. Қазіргі кезде дүние жүзінде АҚШ, Еуропа бірлестігі мен
Жапония қаржы нарығының ең үлкен қорларын иемденуде. Ал Қазақстанның
нарықтық экономикаға өтпелі кезеңінде оның қаржы нарығының қоры мол, өзінің
өркендеуіне жетеді деуге әзірше ерте.
1-бөлім. Теориялық-методологиялық бөлім.
1.1 Қаржы және инфляцияның шығу тарихы
Қаржы нарығы біріне-бірі байланысты және бірін-бірі толықтырып
тұратын, бірақ әрқайсысы өз алдына қызмет жасайтын үш нарықтағы туралы
қолма-қол ақша нарығы, несие капиталының нарығы және бағалы қағаздар
нарығы.
Ақша ретінде екі металдың қолданылуы жалпыға ортақ эквивалент
табиғатына қарама-қайшы болды. Алтын мен күміс арасындағы шекті қатынасты
белгілеуде қиындықтар туды. Қосарлы ақша жүйесін мемлекетаралық реттеу
нәтижесіз болды. Күмістің құнсыздануы, нәтижесінде алтын монеталар
айналыстан қазынаға кете бастады. Монометаллизм - жалпыға эквивалент ролін
бір ғана металл (не алтын, не күміс) атқаратын ақша жүйесі. Алтын
монометаллизм алғаш рет Ұлыбританияда 1816 ж., Германияда 18711873 жж.,
Францияда 1876 1878 жж., Ресей мен Жапонияда 1897 ж., АҚШта 1900 ж.
белгіленді. Күміс монометаллизм Ресейде 1834 – 1852 жж., Үндістанда 1852
1893 жж., Нидерландыда 1847 1875 жж. қолданылды. Құн белгілерін алтынға
айырбастау сипатына байланысты алтын монометаллизмі үш түрге бөлінді:
1. Алтын монета стандарты, оған алтын монетасының айналысы, алтынның
ақша қызметін атқаруы, құн белгілерінің еркін алтын монеталарға өсу құны
бойынша айырбасталуы және т.б. тән.
2. Алтын құйма стандарты - Ұлыбритания мен Францияда енгізілді. Мұнда
банкноталар заңмен бекітілген соманы (Ұлыбританияда 1700 фунт стерлинг,
Францияда 215 мың франктың құны 12 кг массасындағы стандарт құймасының
бағасына сәйкес келеді) ұсынған жағдайда алтын құймаларына фйырбасталды.
3. Алтын девиз стандарты - Германияда, Австралияда, Данияда,
Норвегияда және басқа елдерде бекітілген. Бұл банкноталардың алтынға, шетел
валютасына (девизіне) айырбасталатынын білдіреді. Сөйтіп, бұл стандарт бір
елдің валюталы басқа елдің валютасына тәуелділігін көрсетті.
Ақша айналысы...
1929-1933 жж. дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың нәтижесінде алтын
монометаллизмнің барлық формалары жойылды. Алтынға айырбасталмайтын
несиелік ақшалардың жүйесі бекітілді. Банкнотаның алтынмен қамтамасыз
етілуі және оны алтынға айырбастау капиталистік елдердің барлығында
тоқталды. Сөйтіп, 1972 ж. шетел орталық банктері үшін АҚШ долларын алтынға
айырбастау да тоқталдьь Ақша эмиссиясын қамтамасыз етуінің негізі
мемлекеттің бағалы қағаздары болды.
Алтын айналысынан айырбасталмайтын несиелік ақшалар жүйесі, ақша
бірлігі құндарының қалыптасу механизміне қарай айырбасталды. Несиелік
ақшалардың номиналдық құны оның нақты құнынан біршама асап түрады.
Эмиссиялық жүйені реттеу ашық нарықтағы операциялар, міндетті резервтер
нормасы, пайыз мөлшерлемесі, ақша-несиенің басқа да әдістері арқылы, қаржы
және валюта саясатының көмегімен жүзеге асырылады.
Айырбасталмайтын несиелік ақшаларға өту ақша жүйесінің іргетастық
қағидаларының, яғни ақша айналымының объективтік қажеттілігінен артық
айналысқа ақша шығаруды шектеу қағидаларының бұзылуына әкеліп соқты.
Шаруашылық механизмінің құрамдас бөлігі ретіндегі ақша жүйесі қоғамдық
ұдайы өндіріс процесіндегі сәйкессіздіктерге жауап қайырады. Кез келген
сәйкессіздіктер ақша жүйесінің тұрақсыздығына, ақырында ақшаның
құнсыздығына, инфляцияға әкеп тірейді.
Қаржы нарығының ұғымы көбінесе кең түрде, оған ақша, несие, валюта
нарықтары қоса түсіндіріледі. Мұның өзі қаржыны ақшаға тең санат ретінде
қарастыратын дүниежүзілік практикаға байланысты.
Қаржы нарығынан айырмашылығы ақша нарығы төлем қаражаттарының нарығы
болып табылады, ол қолма-қол ақшаны ғана емес, сондай-ақ қолма-қол емес
төлем қаражаттарының, оның ішінде қысқа мерзімді банк несиесін қамтиды.
Несие нарығы банктердің ортаща жөне ұзақ мерзімді несие жөніндегі
банктік несие операцияларына байланысты, бұған коммерциялық несие де
жатады.
Қаржы нарығы негізінен ұзақ мерзімді сипаттағы міндеттемелері немесе
куәліктер нарығы болып табылады. Қаржы нарығын кейде қор нарығы деп те
атайды. Ақша мен несие нарықтары әдеттегідей айналым активтерінің
қозғалысына қызмет етеді.
Қызмет жағынан алғанда қаржы нарығы — кәсіпорындардың, банктердің,
мемлекеттің құнды қағаздар сату арқылы халықтың уақытша бос қаржысын жинап
қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастар жүйесі.
Нарықтардың барлық түрлерінің өзара байланысы қаржы нарығы болуының
шарттарын айқындайды. Оларға мыналар жатады: 1. Реттелген тауар нарығының
болуы, яғни тауарлар мен қызметтің кез келген түрлері мен арналуы бойынша
сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі; 2. Ұлттық банк тарапынан ақша айналысын
дұрыс реттеу; бұған қолма-қол және қолма-қол емес айналым эмиссиясына
бақылау жасау жатады;
3. Несие нарығын жандандыру, оны толық коммерцияландыру, яғни несие
ресурстерын еркін нарыққа орналастыру: несие ресурстарының қозғалысын
Ұлттық банк тағайындайтын пайыздық есептік мөлшерлемесін, коммерциялық
банктердің міндетті резерв нормасын белгілеу ақша нарығында операциялар
жүргізуі арқылы реттеледі. Қаржы нарығы қызметінің алғышарттары мыналар
болып табылады:
1. Бәсекені дамытып, монополиялық үстемдікті шектеу мақсатымен
меншіктің барлық формасындағы, соның ішінде мемлекеттік сектордың,
материалдық өндіріс саласындағы кәсіпорындардың бастапқы шаруашылық
буындарына неғұрлым кең дербестік беру;
2. Қаржы ресурсын қайта бөлуде мемлекеттің рөлін қысқарту; өндірістік
күрделі жұмсалымды орталықтан қаржыландыруды азайту, кәсіпорындар арасында
қаражаттарды ведомстволық қайта бөлуді жою;
3. Шаруашылық субъектілері мен халықтың құнды қағаздарға салынатын
ақшалай табыстарының өсуі; Бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін несие қорын
пайдалануды доғару; республикалық жөне жергілікті бюджеттердің тапшылығы
мемлекеттік займдар шығару арқылы жабылады.
Қаржы нарығының маңызы 6oc ақша қаражаттарын алып, оларды қайта бөлу
есебінен ұдайы өндіріс үрдісіне ықпал етуінен ғана айқындалып қоймайды.
Оның қызметі ресурстарды тікелей бөлуге мүмкіндік береді, тікелей қозғалыс
барысында қаржы ресурстарын қайта бөлу түрінде кәсіпорындар арасында тіке
байланыс орнайды. Мұның өзі кәсіпорындардың, салалардың, тұтас халық
шаруашылығының қаржы жағдайын қаржыны неғұрлым маңызды объектілер мен
салаларға аудару арқылы жақсартады. Қаржы нарығы инфляцияны тежейді,
өйткені бюджет тапшылығын жабу үшін үкімет ақша эмиссиясын пайдаланбайды,
керісінше, құнды қағаздар шығарады, олар нарықта еркін жүреді жене
қамтамасыз етумен айқындалады.
1.2 Қаржы және инфляция: мәні мен мазмұны
Экономикалық реформа үрдісі барысында қор нарығының қалыптасып, жұмыс
істеуі экономика дағдарысынан және онымен қабаттасқан инфляциядан болған
қиындықтарға кезігуде.
Инфляция елеулі әсер ететіндіктен, құнды қағаздар қысқа мерзімді әрі
құны түспейтін болуы тиіс. Баға ұдайы өсіп отырғандықтан, инвесторлар ұзақ
мерзімге қаржы салмайды. Инфляция жағдайында ұзақ мерзімді инвестициялар
тауарға, валютаға, жылжымайтын мүлікке салынады. Құнды қағаздарға салу
тиімсіз. Қаражаттың жетіспеуі қысқа мерзімді несиелер мен депозиттердің
пайыздық мөлшерлемелерінің өсуіне жеткізеді. Нәтижесінде құнды қағаздар
банктердің ақша-несие операцияларымен бәсекелесе алмайды.
Экономикалық кеңістіктегі саяси тұрақтылық қаржыны жандандыруы
мүмкін. Мұндай жағдайда құнды қағаздардың бастапқы нарығы дамиды, екінші
(биржа) нарықтың жағдайы саяси экономикалық жағдай тұрақтанғанға дейін анық
болмайды.
Инфляция қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі сәйкессіздіктен
туындайтын бағаның өсуі ретінде анықталады. Ұзақ мерзімді болшақта, сондай-
ақ ақща массасының өсуі ірі масштабқа жеткенде, инфляцияның басты факторы
ақша массасындағы өзгеріс болып табылады.
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция ұзақ уақыт өмір сүруде. Оның
пайда болуын ақшаның шығуымен, қызметімен байланыстырады. Инфляция термин
латын сөзі inflatio (вздутие) қампаю, тұңғыш рет Солтүстік Америкада 1861-
1865 жылдардағы азамат соғысы кезінде пайда болып, айналымдағы қағаз
ақшалардың тым көбейіп кетуі процесін білдірген. XIX ғасырда бұл термин
Англия мен Францияда қолданыла бастады. Экономикалық әдебиеттерде инфляция
түсінігі XX ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін жиі қолданылып,
кеңес өкіметінің экономикалық әдебиеттерінде 20-жылдардың орта кезінде
көрінді.
Инфляцияның жалпы, әдеттегі анықтамасы айналымдағы ақша массасының
қажеттіліктен тыс артып кетуі. Бұл ақша өлшемінің құнсыздануына және тауар
бағаларының соғұрлым өсуіне әкеледі. Алайда инфляцияны айналым процесін
құнсызданған қағаз ақшамен толтыра беру деп түсіндіру жеткіліксіз. Инфляция
тауар бағаларының өсуінен көрінгенімен, ол тек ақшаға тән "ғажайып" құбылыс
емес. Ол күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс, оны тудырушы рынок
шаруашылығының түрлі саласындағы ұдайы өндіріс сәйкестілігінің бұзылуы.
Инфляция дүние жүзіндегі көптеген елдердің экономикалық өміріндегі ең өткір
проблемаларының бірі.
Инфляцияның себептері
Ақша тауарларды сатып алу қабілеті күшті валютамен салыстырғанда
құнсызданады. Инфляцияны бұлай түсіндіру, яғни ақшаның алтынға қатысты
құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп
қарастыруда жатыр. Ең алдымен бағаның өсуі тауарға сұраныстың оның
ұсынысынан артық болумен байланысты. Белгілі тауар рыногында сұраныс пен
ұсыныстың сәйкелістігінің бұзылуы әлі инфляция емес. Инфляция елдегі баға
деңгейінің өсуі. Бағаның көтерілуіне нақтылы экономикалық жағдайлар да әсер
етеді. Мысалы, 70-жылдарлағы энергетикалық дағдарыс тек мұнай бағасының
өсуінен (мұнай бағасы 20 есеге өсті) емес, басқа да тауар мен қызмет
көрсету бағаларының өсуімен байланысты. 1973 жылы жалпы бағаның деңгейі 7%-
ға, 1979 жылы 9% артты. Ақша әсеріне тыс, тауар багаларының өзгеруі еңбек
өнімділігінің артуына, циклдық және маусымдық тоқырауға, ұдайы өндірістен
құрылымдық өзгерістерге, бағаның монополиялануы мен экономиканы мемлекеттік
реттеуге, салықтың жаңа ставкаларын енгізуге, ақша өлшемінің
девальвациялануы мен ревальвациялануына, рынок коньюктурасының өзгеруі мен
сыртқы экономикалық байланыстардың ықпалына және т.б байланысты. Демек,
бағаның өсуіне көптеген неше түрлі себептердің әсері болады.
Коньюктураның циклдық толқуынан болатын бағаның өскін, инфляцияға
жатқызуға болмайды. Циклдық түрлі фазаларынан өту барысында (әсіресе XIX
XX ғасырдың бас кезіне тән классикалық түрі ) бағалардың динамикасы
өзгеріп отырады. Аласапыранның бас кезіндегі оның өсуі дағдарыс пен
депрессия фазасында төмендеп, жандану кезінде баға тағы да көтеріледі.
Еңбек өнімділігін арттыру бағаның төмендеуіне әкелуі тиіс. Циклдық
тоқыраудың тағы бір көрінісі жалақының өсуі еңбек өнімділігінен артып
кетуінде. Мұндай құбылыс шығынның инфляциясы деп аталады, ол өз кезегінде
баға деңгейінің жалпы өсуіне алып келеді. Кездейсоқ апаттар да бағаның
инфляциялық өсуіне көп әсер етпейді. Айталық, су басып кеткен аймақтардағы
құрылыс материалдарын шығаратын өндірісті ұлғайтады, ал олар рынокты
толықтыру барысында, баға төмендеуі тиіс.
Сонымен, баға өсуінің инфляциялық себептеріне нені жатқызамыз?
Инфляция көп сәйкессіздіктермен байланысты екенін еске ұстап, оның ішіндегі
ең бастыларын атайық.
Біріншіден, мемлекеттік шығыстар мен кірістердің тепе-теңдігінің
бұзылуы, баланстың болмауы. Ол мемлекеттік бюджеттің тапшылығынан көрінді.
Егер дефицит Орталық эмиссия банкісінен заем арқылы қаржыландырылса,
басқаша айтқанда "ақша станогы" белсенді пайдалынылса, онда айналыста ақша
массасы көбейді. Айырбастың сандық теңдігін MV = РО еске түсірсек М мен Р
көрсеткіштері өсуінің байланысы анық. Екіншіден, осындай жолмен
қаржыландыру жүргізілген жағдайда да бағаның инфляциялық өсуі болады.
Әсіресе экономиканы милитариландырумен байланысты инвестиция инфляцияны
өршітеді. Ұлттық табысты әскери мақсатқа пайдалану, өндірістік емес
шығындар олар қоғамдық байлықты текке рәсуә етеді. Әскери ассигнациялар
бір сөтке ғана қосымша төлем қабілеті бар сұраныс туғызып, тауармен
қамтамасыз етілмеген ақша массасының өсуіне әкеледі. Әскери шығындардың
өсуі мемлекеттік бюджетті тұрақты тапшылық жағдайына және мемлекеттік
қарыздың ұдайы өсуіне ұрындырады.
Үшіншіден, баға деңгейінің жалпы өсуі қазіргі рыноктық экономикалық
ерекшелігіне байланысты. Бұл кезең жетілген баға кезіндегі рынокта көптеген
өндірушілер болып, өнімдерінің түрі аз, капитал ауысуы оңай уақытқа мүлдем
ұқсамайды. Қазіргі рынок белгілі дәрежеде олигополиялық рынок. Ал
олигополист (жетілмеген бәсекелес) едәуір дәрежеде бағаны билейді.
Олигополиялар бағаны бірінші болып бастамаса да, олар оны қолдауға ынталы.
Жетілмеген бәсекелес бағаның жоғары деңгейін ұстап тұру үшін өндіріс пен
тауар ұсынуды қысқарту арқылы дефицит жасауға тырысады. Өздері билік
жасайтын рынокта бағаның төмендеуін болдырмау үшін олигополия мен монополия
икемді тауар ұсынысына қарсы болады. Салаға жаңа өндірушілердің келуін
тежеу үшін олигополистерге жиынтық сұраныс пен ұсыныстың сәйкес келмеуі
көмектеседі.
Төртіншіден, елдің экономикасының ашық болуы оның бірте-бірте әлемдік
шаруашылық байланыстарға тартылуы барысында "импорттық" инфляцияның қаупі
туады. Жоғарыда айтылған 1973 жылғы энергияға бағаның шарықтауы
(энергетикалық дағдарыс) сырттан әкелетін мұнайға бағаны өсіріп,
технологиялық тізбек бойынша басқа тауарлар бағасының қымбаттауына әкелді.
"Импорттық" инфляциямен күресу мүмкіндігі шектеулі. Әрине өз валютасын
ревальвациялау ұлттық валютаның құнын жоғарлату арқылы мұнай импортын
арзандатуға болады. Бірақ ревальвация отандық тауарлардың экспорттық
бағасын да қымбаттатады, ал бұл дүниежүзілік рынокта бәсекелестік қабілетті
төмендетеді.
Бесіншіден, инфляция өзіне-өзі дем беретін сипат алады, ол "инфляцияны
күту" нәтижесінде орын алады. Батыс елдерінің көптеген экономистері және
біздің елімізде де осы факторды ерекше көрсетуде. Халық пен өндірушілердің
инфляцияны күту себептерін жою инфляцияға қарсы саясаттың ең басты міндеті.
Инфляциялық күту жағдайындағы экономикаға ықпал етудің механизмі
қандай? Баға деңгейінің жалпы өсуі жағдайында өмір сүруге үйренген халық,
бағаның одан әрі өсуін күтеді. Мұндай жағдайда еңбекшілер жалақыны
көбейтуді талап етеді. Халық тауарларды көптеп алады, өйткені олардың
бағасы ертең тағы да өсуі мүмкін ғой. Өндірушілер өз өнімдерінде өте жоғары
баға белгілейді, сөйтіп қысқа мерзімде шикізат, Материал, қосалқы бөлшектер
қымбаттайды. Мысалы Ресей экономикасындағы (қаңтар көкек 1992 жылы)
инфляцияның жоғары қарқыны тұсында өндірушілер өздерін жабдықтаушылардың
бағаны көтеру мүмкіндігінен сақтанып, алдын ала өз өнімдерінің бағасын
жоғарлатты. Нәтижесінде Ресей экономикасындағы басқа да ТМД елдеріндегі
бағалар бұрынғы төлем қабілеті бар сұраныс деңгей ғана емес, инфляцияны
күткен деңгейден де асып түсті.
Дүниежүзілік қоғамдастықтың барлық елдерінде де инфляция өршуінің сан
түрлі себептері бар. Алайда бұл құбылысты қоздыратын факторлардың
комбинациясы жекелеген елдің нақты экономикалық жағдайына байланысты.
Айталық Батыс Еуропада II дүниежүзілік соғыс біткеннен соң инфляция
көптеген тауарлардың тапшылығынан пайда болады. Оған кейінгі жылдарда
инфляциялық құбылыстың күшеюіне мемлекеттік шығыстар, баға мен жалақының
ара қатысы, инфляцияны басқа елдерден келуі және т.б. факторлар себепші
болды. Бұрынғы КСРО-ны алсақ жалпы заңдылықтармен қатар, соңғы жылдардағы
инфляцияның себептеріне экономикадағы ерекше тепе-теңсіздік (диспропорция)
жатады, ол қасына тән жағдай ЖҰӨ-дегі әскери шығындар үлесінің көптігі,
өндіру, бөлу және қаржы-несие жүйесін монополияландырудың жоғары деңгейі,
ұлттық табыстағы жалақы үлесінің аздығы және т. б. ерекшеліктер.
"Инфляция" термині АҚШ-та 1861-1865 жж. Азамат соғысы тұсында, екі жыл
ішінде доллардың 60 %-ға сатып алу қабілетінің төмендеуі кезінде қолданыла
бастады.
КСРО халық шаруашылығындағы инфляцияның барлығын көптеген жылдар бойы
мойындамай келген. Инфляция бұл тек капитализмге ғанa тән, ал социализм
жағдайында, жоспарлы экономика тұсында, ол болуға тиіс емес деген фактілер
оған себеп болды. Шындығында да, директивті түрде баға белгілеу барысы,
халықтың күнделікті қажеттілігіндегі тұтыну заттарының бағаларын тұрақты
дейгейде ұстап отыруға мүмкіндік берді. Бірақ тұтыну бағаларының деңгейі
бір өзі ғана инфляцияны өлшейтін құрал болып табылмайды, Инфляция, сондай-
ақ өнеркәсіптегі және ауыл шаруашылығындағы көтерме сауда бағасының
деңгейімен, ЖІӨ дефляторыменен сипатталуы мүмкін.
Өнімнің көтерме бағасы, оларды дайындауға кететін шығындардың өсуімен
байланысты өсіп отырды. Экономиканың әр түрлі секторларындағы табыстарды
мемлекет тарапына қайта бөлу есебінен кейбір тауарлар шеңберіне бөлшек
сауда бағасы тұрақты болып отырды. Сонымен қатар тауарлардың тапшылығына
байланысты арзан тауарларды шығару орын алды. Кейбір тауарлардың бөлшек
саудада болмағанына қарамай, төменгі бағалары сақталып қалды Мұның барлығы
жабық инфляцияның болғандығы туралы айтуға мүмкіндік берері сөзсіз. I
Қазақстандағы және басқа да ТМД елдеріндегі қазіргі инфляцияның
себептеріне: 30жылдардан басталған өндіріс құралдары мен тұтыну заттары
өндірісінің дамуындағы аяқ асты орын алған сәйкессіздік; қорғанысқа кететін
үлкен шығыстар; Қазақстандағы өнеркәсіптердің ендіру салалары мен ауыл
шаруашылығының дамуына салынған капитал жұмсалымдарының тиімсіздігі; баға
белгілеудегі қателіктер және бағаның өзіндік құннан өте көп мөлшерде алшақ
болуы. Бағаны ырықтандырмайынша нарықтық қатынастарға өту мүмкін
еместігінің салдарынан, бағаның бірден өсуіне, инфляцияға жол берілді.
Экономикадағы инфляцияның деңгейін сипаттайтын басты көрсеткішке
тұтыну бағаларының индекс (ТБИ) жатады. Ол үй шаруашылығының "тұтыну
қоржынына" жататын жекелеген тауарларға, қызметтерге оның үлес салмағын
ескере отырып, бағаның өсуі индекс негізінде анықталады. ТБИ Қазақстанда
1991 ж. бастап анықталды. "Тұтыну қоржыны" 275 тауарлар мен қызметтер түрін
қамтиды. Бағаның құрылымы мен тұтыну тауарларының өзгеруіне байланысты ТБИ
қайта қаралып, өзгеріп отырады. 1996 ж. шілдеден бастап, 1995 жылғы әрбір
жанұя бюджетін зерттеу нәтижесінен келіп "тұтыну қоржынындағы" тауарлар мен
қызметтер үлесі былай анықталынды: тамақ өнімдері 62,6% (бұрынғысы 58,2%
болған), азық-түлік емес тауарлар 23,2% (30°)о); ақылы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz