Қаржы саясаты - экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе 3
1. Қаржы, қаржы шаруашылығы және қаржы жүйесі 5
1.1 Қаржы ұғымы және оның мәні 5
1.2. Қаржының функциялары және рөлі 7
1.3 Қаржы жүйесі және оны басқару 9
2. Қаржы саясаты және оны басқару 11
2.1 Қаржыны басқару мазмұны 11
2.2 Мемлекеттік қаржыны басқару 13
3. Қазақстанда қаржы жүйесінің құрылуының принциптері және ерекшеліктері
18
Қорытынды 25
Қолданылған әдебиеттер 27

Кіріспе

А. Шипов: "Мен қаржы деп, мемлекет өзінің барлық қажеттіліктерін
қанағаттандыра алатын мемлекеттік қазынаның ақшалық құралдарын атаймын".
Мен бұл қаржы жүйесі деген курстық жұмысты алу себебім, ол өзекті
тақырыптардың бірі. Өйткені Қазақстан қазіргі кезде экономика мен қаржы
саласында кейбір қиындықтарды бастан өткізуде. Экономикалық реформалардың
табысты өтуі қаржы жүйесінің тұрақтандырылуымен байланысты.
Курстық жұмыстың бірінші бөлімінде қаржы ұғымы мен мәнін түсіндірілген.
Онда қаржының теориялық анықтамасы, құрылу жолдары, оның функциялары мен
атқаратын рөлі туралы айтылған. Жалпы түрде қаржы жүйесін ұйымдастыру мен
қолдану әдістері, негізгі концепциялары берілген.
Екінші бөлімінде қаржыны баскару формалары, ұйымдастыру жолдары мен
әдістері, оның негізгі мақсаттары қарастырамын. Қаржыны баскару мәні
ашылған, мемлекеттің қаржыны басқарудағы атқаратын рөлі, мемлекеттік қаржы
қалай қорланып оның қайда жұмсалатыны, оны қандай органдар жүзеге асыратыны
жазылады.
Үшінші бөлімде Қазақстанның қазіргі кездегі қаржы жүйесінің құрылу
ерекшеліктері мен принциптері, оның проблемалары мен қиындықтары, оларды
шешу жолдары мен әдістері қарастырамын. Қаржылық жүйенің халықпен,
өндіріспен және шаруашылық субъектілермен қатынасы көрсетіледі.
Қазақстанның қаржы жүйесінің даму тенденциялары мен алдағы мақсаттары
жазылады. Қазақстан Республикасының негізгі қаржы құжаты мемлекеттік
бюджеттің негізгі баптары келтіремін.
Қаржының даму тенденциясын бөліп қарау, оларды қолданудың негізгі
концепцияларын, қаржылық қатынастырды ұйымдастыру принциптерін анықтау
маңызды болып отыр. Ұзақ уақытты концепцияларды және мақсатты
бағдарламаларды таңдау қаржылық ресурстарды, ұсақ мәселелерге шашыратпай,
басты экономикалық және әлеуметтік бағыттарға топтастыру үшін қажет. Басты
назарды икемді қаржылық тактикаға, қоғам дамуымен қаржылық байланыстарды
ұйымдастыру әдістерін өзгертуге, қаржылық ресурстарды қайта топтастыруға
бөлу керек.
Алайда қаржылық саясат алдына қойылған тапсырмаларды дұрыс іске асыру
үшін қаржылық саясаттың мақсатын және іске асыру механизмін, мәнін түсінуге
анық және терең ден қою керек.
Сөзсіз, қаржылық саясатты анықтайтын барлық факторларды білу мен
зерттеу, оны ғылыми түрде қарастыру, оның экономикалық объективті
қатынастардан тәуелсіз болып кетуіне кепілдік береді. Тәжірибе
көрсеткендей, қаржылық саясаттың экономикадан бөлінуі күрделі экономикалық
қиындықтар тудырып, оның мүмкіндіктерін шектейді. Қаржылық жүйені құруға
ғылыми бағыттың болуы, қаржы теориясының қорытындыларын ескеру, оның
әлеуметтік даму заңдылықтарына сәйкес болуын болжайды. Бұл шарттарды бұзу
халық шаруашылығын үлкен күйзеліске ұшыратуы мүмкін.
Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу
механизмінде де қаржы зор рөл атқарады. Қаржы - нарықтық қатынастардың
кұрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзге асырудың құралы. Бұл орайда
қаржының әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-әрекет
етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың, Қазақстан экономикасының ойдағыдай
дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың
әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.

1. Қаржы, қаржы шаруашылығы және қаржы жүйесі

1.1 Қаржы ұғымы және оның мәні

Ф. В. Мильгаузен: "Қаржы деп ортақ мемлекеттік мақсаттарға жету үшін,
халық мүлігінен бөліп алатын және үкімет колыма берілетін заттық
құндылықтарды атайды... Мемлекет бұйрығына келетін құндылықтар жиынтығын,
біз оны қаржы деп атаймыз... Қаржы ғылымы туралы пәні ортақ мемлекеттік
мақсаттарға жету үшін қажетті заттық құндылықтарды алу мен қолдануда
басшылыққа алатын экономикалық заңдарды баяндайды". "Финансы Учебник для
вузов 54-55 бет
Қаржы ("қолма-қол ақша", "табыс" ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын
тілінің fіnаnсіа сөзінен пайда болған француздың "Fіnаnсе" сөзінен шыққан)
қоғамда нақты өмір сүретін, объективті сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы
бар өндірістік қатынастарды білдіре отырып, тарихи қалыптасқан экономикалық
категория ретінде көрінеді. Құн категорияларының жүйесінде (ақша, баға,
кредит, пайда, жалақы және т.т ) қаржы белгілі орын алады және өзінің ішкі
ерекшеліктерімен, сондай-ақ ұдайы өндірістегі өзгешілік рөлімен
айшықталады.
"Қаржы" ұғымы мемлекетпен бірге бір уақытта қоғамның таптарға жіктелуі
кезінде, мемлекеттің дамуы мен оның ресурстарға деген қажеттіліктерін
қанағаттандыруға байланысты жүйелі тауар-ақша айырбасы жағдайында пайда
болып, дамыды және ол ақша нысанындағы қоғамдық өнімді бөлумен байланысты
болатын экономикалық қатынастардың кең ауқымын қамтиды. Тауар - ақша
қатынастарының жалпы қамтуындағы сипатқа ие болып отырған нарықтық
экономика жағдайындағы қаржы нақтылы және үздіксіз болып жататын ақша
айналымын - ақша ағынын бейнелеп көрсетеді. Қаржының қажеттілік факторларын
1-суреттен көруге болады.
Қаржының мәні, оның даму заңдылықтары, тауар-ақша қатынастарын қамту
сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі ролі қоғамның экономикалық
құрылысымен, мемлекеттің табиғаты мен және функцияларымен айқындалады.
Қаржы - қаражат жүйесі және оның шаруашылық механизмі.
Қаржы мәні - ақша ресурстарын бөлу және пайдалануға байланысты құн
ағымдарының жүйесі. Экономика ғылымында бұл ең күрделі категориялардың
бірі.
Арасында ақша ағымдары үздіксіз ағатын негізгі субъектілер мыналар:
мемлекет (және оның құрылымдары), кәсіпорындар (фирмалар) және тұрғындар.
Дәл осы субъектілердің үш тобы - көптеген экономикалық байланыстар
түрлерінің қалыптасуы орталықтары. Бұл байланыстардың көбі қаржылық
қызметсіз өмір сүруге де, дами да алмайды.
Теорияда "қаржы" ұғымымен катар "қаржы шаруашылығы", "қаржы жүйесі"
деген атауларда пайдаланылады.
Отандық экономика ғылымында "қаржы - қаражат шаруашылығы" атауы,
макроэкономикалық мазмұны терең және көп қырлы болса да, өкінішке карай,
пайдаланылмайды деуге болады.
Теорияда қаржы шаруашылығының сипаттамасы "мемлекет қызметінің кеңею
заңы", немесе "мемлекет қажетіліктерінің өсу заңы" деп аталатын заңдармен
байланысты анықталады. Неміс экономисі А. Вагнер анықтап берген бұл заң
экономика мен қоғамдағы мемлекет ролінің арту тенденциясын көрсетеді.
Қажеттілік шығындарды туындыратын болса, онда аталған заңдылық мемлекеттің
қаржы қажеттіліктерінің өсу заңы ретінде анықталады.
Қаржы шаруашылығының ең маңызды белгілері мынадай: а) ақша ресурстарын
міндетті түрде кайта бөліп, жаңа табыс түрлерін жасау; б) табыстарды
өндіріске емес, қажеттіліктерге жұмсау.
Қаржы шаруашылығы бірнеше қызмет түрлерін атқарады. Олардың ішінен мына
қызметтерді ерекше бөліп көрсетуге болады: ресурстарды қайта жылжытып,
жаңаша орналастыру; табыстарды кайта бөлу және тұрақтандыру.
Қоғамдағы экономикалық ресурстарды қайта жылжытып орналастыру қызметі
батыс әдебиеттерінде "аллокация" деп аталады. Бұл қызмет мемлекеттің
белгілі бір игілік түрлерін (қоғамдық игіліктерді) өндіріп немесе
қаржыландырып, оларды қоғамға (немесе оның белгілі әлеуметтік топтарына)
"тегін" немесе "жартылай" бағамен пайдалануға беруінен туындайды.
Мемлекеттік табыстардың және шығындардың маңызды мақсаты осындай, жеке
экономика секторы өндіріп ұсына алмайын қоғамдық игіліктерді қаржыландыру
болады.

1.2. Қаржының функциялары және рөлі

Ф. Мильгаузен: "Қаржылық ғылымы үкімет өзінің шаруашылығында әрекет етуі
тиіс бастамаларды, ережелерді анықтайды, дәлірек айтқанда, мемлекеттік
мақсаттарға жетуі үшін қажетті заттық құндылықтарды дұрыс алу мен қолдануға
ұмтылуы керек". "Финансы" Учебник для вузов 54-55
Қаржының мәні, іс-әрекет механизмі және ролі оның функцияларынан айқын
көрінеді. Қаржының мәнін толық ашу оның ұғымы мен қажеттілігін ғана емес,
сонымен бірге қаржының қоғамдық арналымын, яғни оның функцияларын анықтауды
да талап етеді.
Қаржыға қатысты функция осы экономикалық категорияға тән қызмет тобын,
мәнінің іс-қимылындағы көрінісін, сапаның өзіне тән категориялары кескіннің
айрықшалықты әдістерін білдіреді. Функцияда категорияның қоғамдық арналымы
қамтып көрсетіледі, оның экономикалық табиғаты ашылады.
Қаржы басқа тым жалпы категория - ақшадан туындайтын айрықшалықты
экономикалық категория болып табылатындықтан және бұл экономикалық
категорияның іс-қимылының шегін созып қоюдың мүмкін еместігіне, оның
қоғамдық саяси және экономикалық өмірдің барлық сферасына терең дендеп
енуіне байланысты қаржы функциясы туралы мәселе ғалым-теоретиктер арасында
осы күнге дейін пікір талас тудырады.
Қазіргі уақытта қаржының бөлгіштік және ұдайы өндірістік тәрізді екі
тұжырымдамасы танылып отыр. Бірінші тұжырымдаманың жақтаушылығы қаржы
қоғамдық өндірістік екінші стадиясында - ақша нысанындағы қоғамдық өнімнің
құнын бөлу процессінде пайда болады, қаржының бөлгіштік сипаты оның іс-
әрекет етуінің ерекшелігін көрсетеді деп санайды. Бұл тұжырымдағы сәйкес
қаржы екі функция орындайды: болу және бақылау.
Бөлу функциясы қаржы құралдарын қоғамдық жалпы өнім мен оның аса маңызды
бөлігі - ұлттық табысты, сондай-ақ ұлттық байлықтың бір бөлігін (мысалы,
айналым қаражаттары, мемлекеттік мүлікті сату операцияларын шығарып
тастағанда) бөлу және қайта бөлу процесіне пайдаланған кезде көрінеді. Бұл
функцияны қаржы өнімді өздігінше бөле береді деген мағынада емес, қаржы тек
жасалған өнімді бөлуді ғана ортақтастырып, жүзеге асырады деп түсіну керек.
Былай деп айтқан дұрыс: өнімнің натуралды - заттық құрамын бөлу ақша
қорларын бөлу арқылы жасалады. Мемлекет, кәсіпорын, фирма және халық
арасында ақша қорларын (табыстар мен қорланымдарды) бөлуге сәйкес жасалған
натуралды өнім де бөлінеді қаржының бөлгіштік функциясының іс - қимылы оның
мәнімен: жиынтық қоғамдық өнімді ұлттық табысты және таза табысты бөлумен
және кайта бөлумен байланысты қатынастардың қамтамасыз етуге; табыстар мен
қорланымдарды қалыптастырудан ақша қорларын жасаудан туындады.
Қаржы ұлттық табыс құрамындағы бастапқы табыстарды да ақырғы табыстарды
да қалыптастыру мен пайдалануды қауыштырады. Қаржы көмегімен ұлттық табысты
болу жәме кайта болу екі әдіспен жүзеге асырылады:
• қаржылық - бюджеттік әдіс. Ол бюджетке табыстарды алғанда және
бюджеттен қаражаттарды қайтарусыз тәртіппен бергенде қолданылады;
• несиелік - банктік әдісі. Ол уақытша басы бос ресурстарды жұмылдыру
және қайтарымдық негізде несиелер беруді білдіреді.
Қоғамдық өнімді құндық бөлудің процессі мемлекет белгілеген қаржы
құралдарының - қалыптардың, ставкалардың, тарифтердің, аударымдардың және
тағы баска көмегімен жүзеге асыруы мүмкін. Ұлттық табысты қаржы көмегімен
қайта бөлудің негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:
• өндірістік емес саланы қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету: бұл салада
ұлттық табыс жасалмайтыны белгілі;
• елдің жеке экономикалық аймақтарының арасында қаржы ресурстарын
мақсатты бөлу;
• қаржы ресурстарын маңызы зор прогрессивті салалардың айырықша дамуын
қамтамасыз ететін басым түрде салааралық бөлу;
қаржы ресурстарын ұтымды түрде сала ішінде бөлу, ол кәсіпорындардың
әртүрлі рентабелділігімен және күрделі жұмсалымдардың құбылмалы
тиімділігімен ынталандырып отырады. Сөйтіп ұлттық табысты қаржы көмегімен
бөлу және кайта бөлу қоғам мен кәсіпорын, фирманың материалдық және ақша
ресурстарын ұдайы өндірістегі қажетті мөлшерлестігін қамтамасыз етеді.
Қаржының бақылау функциясы коммерциялық есеппен маркетинг операцияларын
жүзеге асыруға байланысты. Бақылау функциясы қаржылық бақылау көрінеді,
бірақ бұл ұғымдарды бірдей деуге болмайды. Бақылау функциясы қаржының ішкі
қасиеті, ал қаржылық бақылау қаржыға тән объективті мазмұн ретінде бақылау
функциясын нақтылы іс - жүзінде пайдалану болып табылады. Қаржының бақылау
функциясының экономикалық мағынасы кәсіпорынның, фирманың шаруашылық -
қаржы қызметіне теңгемен жүргізу. Бұл бақылау материал, еңбек және ақша
ресурстарын өнімсіз әрі тиімсіз пайдалануды нақтылап қоймайды, сонымен
бірге кәсіпорындарда, фирмаларды өндіріс рентабельдігін арттыруға
резервтерін ашуға, өндірістік емес шығындарды болдырмау мүмкіндік береді.
Қаржы микроэкономикалық дамудың тиімді арақатынасын белгілеуде, ұдайы
өндірістің заттық және құндық элементтерінің тепе-теңдігіне жетуде, өндіріс
тиімділігін арттыруда маңызды роль атқарды.
Қаржының экономикалық рөлі мына бағыттардан көрінеді:
қаржы капиталдың айналымын тездете отырып кәсіпорындардың, фирмалардың
өндірістік қызметі тиімділігінің өсуіне жағдай жасайды;
кірістер мен шығыстарды ұдайы салыстырып отыру арқылы қаржы
кәсіпорындардың, фирмалардың коммерциялық есебін нығайтып, дамытады;
қаржы ақша қорларын бөлу және қайта белу арқылы экономикалық өсудің ара
- қатынасын қамтамасыз етеді;
қаржы ұлттық табыстарға қорлану мен тұтыну қорларының үйлесуі
тиімділігін арттырудың экономикалық негізін жасайды;
қаржы ұлттық экономикада меншіктің сан алуан нысандардың және шаруашылық
жүргізудің нысандарының дамуына мүмкіндік туғызады.

1.3 Қаржы жүйесі және оны басқару

"Қаржы жүйесі" ұғымы қатынастар жиынтығын қамтиды, ол қатынастар
негізінде ақшалай қаражаттардың сондай-ақ бұл қатынастарды ұйымдастырушы
органдардың тиісті қорлары қалыптасады және пайдаланылады.
"Жүйе" термині өзара байланысты элементтердің шағын жүйелердің іс -
әрекетін білдіреді.
Қаржы жүйесі мынадай 3 бөліктен тұрады:
Қаржы қатынастарының жиынтығы;
Ақшалай қаражат қорларының жиынтығы;
Басқарудың қаржылық аппараты;
3. Қаржы жүйесінің бөліктерінен басқа буындары да бар. Қаржы жүйесінің
буындары жоғарыда аталған: қаржы қатынастарының қаржы қорлары мен қаржы
аппаратын қамтиды. Бұл жалпы мемлекеттік қаржы мен кәсіпорындардың
қаржысына да тікелей қатысты. Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінің
сызбасы 2-суретте көрсетілген.
Халықтың қаржысы - қаржы жүйесінің өзгеше бір бөлігі. Халық өзінің
қаржысы арқылы жалпы мемлекеттік қаржы жүйесімен, өндірістік және
өндірістен тыс салалардағы кәсіпорындар мен меншіктің - мемлекеттік және
басқа формаларымен қатынасқа түседі.
Сонымен қатар халық қаржысынның ерекшелігі сол - онда қаржы жүйесіне тән
екі бөлік: қор нысаны мен сырттан басқару жоқ.
Қаржы қатынастары формалары мен ақшалай қаражаттар қорлары басқарылатын
материалдық объект құрайды. Қаржы аппараттарды басқарушы субъектіге
айналады, ол қаржыны басқаратын мемлекеттік және қоғамдық аппараттар
жүйесімен қаржы жүйесінің үшінші бөлігі болып табылады.
Қаржы жүйесіне құру негізіне мынадай принциптер алынған: І.Қаржы жүйесін
ұйымдастырудағы демократиялық централизм принципі мынадан көрінеді:
мемлекеттік қаржы органдарының орталықтандырылған басшылығы кезінде
жергілікті қаржы органдары мен кәсіпорындарға да кең ауқымда құқықтар мен
дербестік беріледі.
Демократиялық централизм принципі жергілікті қаржы органдарының қос
бағыныс жүйесін - тиісті әкімшілік пен жоғары қаржы органына бағынысын -
тудырды.
2. Ұлттық және аймақтық мүдделерді сақтау. Бұл прициптің талаптары қаржы
қатынастарындағы ұлттық тепе-теңдікті, сондай-ақ аймақтарды дамытудың
әлеуметтік жағынан құптарлық деңгейін қамтамасыз етуге арналған.
Қаржы жүйесінің бірлігі принципін мемлекет орталық қаржы органдары
арқылы барлық қаржы органдарын бірыңғай қаржы саясатын жүргізуге жұмылдыру
жолымен жүзеге асырылады. Қаржының барлық буындарын басқару бірыңғай
негізгі заңдар мен заң актілері негізінде жүргізіледі.
Қаржы жүйесінің жекелеген құрамдас элементтерінің қызметтік арналым
принципі әрбір буынның өз міндетін орындауынан көрінеді. Оның өзіне сәйкес
айрықша қаржы аппараты болады. Мемлекеттік бюджет ресурстарын қалыптастыру
мен пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды Мемлекеттік салық инспекциясы
мен республикалық қаржы министрлігі жүзеге асырады.

2. Қаржы саясаты және оны басқару

2.1 Қаржыны басқару мазмұны

Қаржы саясаты - мемлекеттің өз міндеттері мен қызметін қаржы саласында
іске асыру үшін жүргізетін нысаналы іс - шараларының жиынтығы. Қаржы
саясаты - экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі. Қаржы саясаты баска
барлық саясат сияқты кондырмаға жатады. Жалпы алғандағы экономикалық саясат
сияқты, мемлекет қаржы саясатын да экономикалық заңдардың - қоғамының
экономикалық өмірінің құбылыстары мен процестерінің мәндік, ұдайы
қайталанып отыратын, объективті байланыстары мен өзара тәуелділіктерінің
талаптарын басшылыққа алып әзірлейді.
И. Янжула: "Мемлекеттің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін ең оңтайлы
әдістерді зерттеу пәні". "Финансы" Учебник для вузов 56-57 бет
Басқару адам қызметінің барлық аясына, оның ішінде қаржы қызметіне де
тән нәрсе. Қаржыны баскару - бұл қаржы қатынастарының бүкіл жиынтығының
тиімді жұмыс істеуіне жетуді және мұның негізінде тиісті қаржы саясатын
жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі мемлекет (қаржы органдары) шараларының
жиынтығы. Қаржы жүйесінде басқару қаржы механизімі - арқылы оның
әдістерінің, тұтқаларының, стимулдардың және санкцияларының көмегімен
жүзеге асырылады. Сөйтіп қаржыны басқару бұл тиісті қаржы саясатына жетудің
мақсаты. Қаржы механизмі - бұл мақсатқа жетудің құралы; Қаржы саясаты -
қаржыны басқарудың тиісті процессінің ақырғы қорытынды нәтижесі.
Қаржы қатынастарының әрбір сферасы мен әрбір буынында басқару
субъектілері қаржыға мақсатты. ықпал етуді өзіндік әдістері мен нысандарын
пайдаланады. Мәселен, қаржыны басқаруда мынадай бірнеше өзара байланысты
функционалдық элементтерді бөледі: ақпарат, жоспарлау (болжау),
ұйымдастыру, реттеу, бақылау.
Қаржылық аппаратты ғылыми негізделген жоспарлау мақсаты үшін де, бүкіл
процесті оперативті басқару үшін де зор маңызы бар. Жоспарлау процесіндегі
басқару шешімдері қаржы ақпаратына талдау жасау негізінде қабылданады ол
осыған байланысты жеткілікті толық әрі ақиқат болуы тиіс. Ақпаратты алудың
ақиқаттығы мен уақыттылығы негізделген шешімдер қабылдауды қамтамасыз
етеді.
Жоспарлау (болжау) қаржыны басқарудың жүйесінде маңызды орын алады.
Қаржылық жоспарлардың нақты міндеттері қаржы саясатымен анықталады. Бұл -
жоспарлы тапсырмаларды орындауға қажетті ақша қаражатының мөлшерін және
оның көздерін анықтау; орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорлар
арсында, халық шаруашылығының салаларымен әкімшілік - аумақтық бөліністері
арасында қаражаттарды бөлудің оңтайлы арақатынасын (пропорциясын) белгілеу;
ресурстарды пайдаланудың нақты бағыттарын анықтау және т. б.
Ұйымдастыру басқарудың барлық буындарының жөнге салынғандығын,
айқындығын, қаржы ақпаратының жоғары нәтижелігін, басқару қызметкерлерінің
жауапкершілігі мен тәртіптілігін білдіреді.
Қаржылық реттеу - бұл жоспарлы тапсырмалардың орындалуы үшін қаржы
ресурстарын икемді, шебер жұмсау, белгіленген нәтижеден теріс ауытқулардың
барлық түрінің алдын алуға және жоюға бағытталған; мұның өзі резервтік
қорлар, жоспардан тыс қаржы ресурстарды, пайдаланылмаған қаржылар есебінен
қызметтерінің барлық түрінде арақатынас пен үйлесімділікті қамтамасызды
білдіреді.
Бақылау басқарудың элементі ретінде жоспарлау процесіне де, оперативтік
басқару статьясында да жүзеге асырылады.Ол қоғамда барлық қаржы процестерін
(операциялардың) жүргізудің дұрыстылығы мен заңдылығын тексеру және
қамтамасыз ету жөніндегі қаржы құқығының нормаларын басшылыққа алып
отыратын қаржы аппаратының қызметін қамтиды.
Нарықтық экономика кезінде экономикалық,соның ішінде қаржылық нысандар
мен әдістер арқылы жанама реттеме іс-әрекет етеді. Дүниежүзілік практикада
мынадай реттеуіштерді жасады; салықтардың ставкалары,салық салу жөніндегі
жеңілдіктер мен санкциялар, бюджеттен қаржыландырудың (субвенция),
(субсидия), (трансферттер) көлемі, амортизацияның нормалары,
кәсіпорындардың, фирмалардың қорларына аударылатын аударымдардың
нормативтері, әлеуметтік қамсыздандырудың нормативтері және басқалары. Бұл
реттеуіштер ақша (қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалар, эмиссияның
көлемі,валюталық бағам), несие(несие үшін сияқтылар (мүдделер), есеп
ставкасы мен ұлттық банктердің резервтік талаптары, ашық рыноктегі ұлттық
банк операцияларының ауқымы), баға (реттелмелі бағалардың деңгейі, еркін
және тіркелген бағалардың ара-қатынасы, рентабельділіктің шекті деңгейі)
реттеуіштерімен толықтырылады.
Сондықтан осы негіздер бойынша мемлекеттік реттеудің жүйесін шектеу
типтерге, түрлерге, нысандарға және әдістерге жіктеу өте қажет.

2.2 Мемлекеттік қаржыны басқару

Д. Львов: "Мемлекеттің немесе үкіметтің шаруашылық іс-әрекеті
мемлекеттік шаруашылық, әйтпесе қаржы деп аталынады". "Финансы" Учебник
для вузов 56-57 бет
Қаржыны басқару стратегиялық яғни қаржыны жалпы және оперативті басқару
болып ажыратылады. Стратегиялық басқару қаржы ресурстарын келешекте болжау
арқылы анықтауда, мақсатты бағдарламаларды және басқаны іске асыруға
арналған қаржы ресурстарын белгілеуде көрінеді. Осы дәстүр бойынша
мемлекеттік биліктің және басқарудың жоғары органдары -Президент аппараты,
Парламент, Үкімет, Қаржы Министрлігі жүзеге асырады. Қазақстанның
мемлекеттік қаржы құрамын 3-суреттен көруге болады.
Қазақстан Республикасының Президентіне кеп жағдайда Президент аппараты
арқылы қаржыны басқаруға үлкен өкілдік берілген. Президент стратегиялық
жоспарларды, Республикалық Бюджетті және оның орындауы туралы есепті
әзірлеу тәртібін белгілейді, мемлекеттік бағдарламалар мен стратегиялық
жоспардарды бекітеді.
Қаржыны жалпы баскару Қазақстан Республикасының ең жоғарғы өкілді органы
- Парламентке жүктелген. Палаталардың бірлескен отырысында Парламент
республикалық бюджетті үкімет пен республикалық бюджеттің атқарылуын
бақылау жөнінде есеп комитетінің бюджеттің атқарылуы туралы есептерін
бекітеді, бюджетке өзгертулер мен толықтырулар енгізеді, салықтар мен
алымдарды белгілейді және оларды алын тастайды, мемлекеттік қарыздар мен
республиканың экономикалық және өзгеде көмек көрсетулері туралы мәселелерді
шешеді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі - Министрлер Кабинеті Республика
Президенті белгілейтін тәртіппен Республикалық бюджетке әзірлеу мен
өзгертуге қатысады. Парламентке Республикалық бюджетті және оның атқарылуы
туралы есепті ұсынады, бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді.
Оперативті басқару - қалыптасқан қаржы ситуациясын оперативті талдау
негізінде жасалатын және қаржы ресурстарын кайта бөлу көмегімен ең аз шығын
жұмсап, ең көп пайда алуды мақсат ететін шаралардың кешені. Оперативтік
басқарудың негізгі мазмұны "қысаң" жерлерді жою, қайта болған мәселелерді
және тағы басқаларды шешу мақсатымен қаржы ресурстарын пайдалануға саяды.
Қаржыны оперативті басқару органдары мыналар болып табылады: Қаржы
Министрлігі, Мемлекеттік Кіріс Министрлігі, Ұлттық Банк. Экономика
Министрлігі. Олар қаржы саясатын жүзеге асырады; қаржы қатынасының
нысандары мен әдістерінің жобасын жасап, әзірлейді және оларды Парламент
бекіткеннен кейін нұсқалықтар шығарады; қаржы қатынастарының белгіленген
нысандары мен әдістерінің сақталуын бақылайды, олардың шынайылығын
зерделейді және оларды жетілдіру жөнінде Парламентке ұсыныстар жасайды және
т. б.
Қаржыны оперативті баскару - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Салық саясатының әлеуметтік-экономикалық мазмұны және оның қазақстан республикасында қолданылуы
Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы - біртұтас қаржы жүйесінің құрамдас бөлігі
Қазақстан Республикасының қаржылық қатынастары
Аймақтық даму проблемасы
Қаржы нарығының құрылым
Қаржы нарығы туралы ұғымы
Қаржы саясаты жайлы
Үкіметтің макроэкономикалық саясатын талдау
Фискалдық саясаттың нұсқалары
Аванс туралы түсінік
Пәндер