Кәсіпорынның қаржылық тұрақсыздығын талдау


МАЗМҰНЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 41
ҚОСЫМША 42
1 КОРПОРАТИВТІК ҚАРЖЫЛАР
- Қаржы-несие шешімдерін қабылдауға қаржы - экономикалық есептеудің математикалық негіздері
Қаржы-несие шешімдерін қабылдауға қаржы - экономикалық есептеудің матиматикалық негіздерінің ең негізгісі болып процентік ақша болып табылады. оны анықтаудың және есептеудің екі негізгі әдісі бар: декурсивті және антисипативтік әдіс.
Декурсивті әдіс бойынша пайызды есептеу интервалының соңында есептелінеді, пайыздың көлемін жалға берілген капиталдың колеміне байланысты анықталады.
Антисипативтік әдісте, бұл жағдай кері яғни пайызды есептеу интервалының басында есептелінеді. Пайыздық ақшаның сомасы өсірілген сомаға байланысты анықталады.
Жай ссудалық пайыздық мөлшерлемесі көбінесе есептеу интервалы, есептеу мерзіміне сәйкес келетін қысқа мерзімді қаржылық операцияларда қолданылады немесе әрбір есептеу интервалынан кейін несиелерге пайызын төлеген кезде. Декурсивті пайызды есептеу үшін келесі белгілерді еңгізу қажет:
ί (%) Жай жылдық ссудалық пайыздың мөлшерлемесі; ί - Жылдық пайыздың мөлшерлемесі; Уг - Жылына төленетін пайыздық ақшаның сомасы; У - Есептеу мерзімі бойынша төленетін пайыздық ақшаның сомасы; Р - Бастапқы ақша сомасының көлемі; S - Өспелі сома; Кн - Ұлғаю коээфициенті; δ - Күндермен есептелетін мерзімнің ұзақтығы; К - Күндермен есептелетін жылдың ұзақтығы; n - Көлемі пайызды есептеуге арналған уақытша база болып табылады.
Ссуданың көлемі мерзіміне (күндеріне) байланысты. Мерзімді есептеу екі тәртіппен жүргізіледі.
- Жылдың әрбір күніне реттік номер қойылған кесте бойынша ссуданың берілген дәл күндердің саны қолданылады. Яғни, қарызды күніне сәйкес күнінің номірінен, бірінші күннің номерін алады.
- Әрбір толық айда 30 күннен деген есеппен ссуданың болжамды күні қолданылады. Бұл әдіс дәлдік қажет болмаған жағдайда қолданылады.
ί (%) = Уг/Р * 100% (1)
ί = Уг/Р (1. 2)
У = Уг * n (1. 3)
S = Р +У (1. 4)
Кн = S/Р (1. 5)
n = δ/К (1. 6)
1. 2, 1. 3, 1. 4, 1. 6 формулаларың кезекті қолдану арқылы өспелі соманы анықтау формуласын табуға болады.
S = Р (1+ n ί) (1. 7)
S = Р (1+ δ/К ί) (1. 8)
Тәжірибде көбінесе басқадай жағдай болуы мүмкін: Ол болашақта S өспелі соманы құрайтын Р сомасын анықтау қажеттілігі.
Өспелі соманың S қазіргі көлемі Р анықтау - Дисконттау деп аталады. Ал өспелі сомасының S көлемін анықтау - хомпалтинг деп аталады.
Р = S/1+ n ί (1. 9)
n = S - Р/Рί (1. 10)
δ = S - Р/Рί *К (1. 11)
ί = S - Р/Р δ (1. 12)
Мысалы: №1. Жарты жылға 8 теңге 28% ставка негізінде несие беріледі. Өспелі соманы анықтаймыз.
Шешуі: (1. 7. Формуаланы пайдаланамыз)
S = Р (1+ n ί) S = 8(1+ 0, 5*0, 28) = 112000 теңге.
Мысалы: №2 Кредит 8 млн теңге көлемінде 10-ші ) қаңтардан 11-ші қазанға дейін 30% ставкаларымен беріледі (1 жылда 366 күн) . Өспелі соманы анықтау үшін дәл және жәй түрде есептейміз.
- Дәл пайыздық түрінде δ = 284 күн
S = Р (1+ δ/n* ί) (1. 8) S = 8(1+234/366*0, 03) = 153442, 4 теңге
- Жай пайыз, күрделі байынша;
S = 8 (1+284/360 *0, 30) = 1893332, 8 теңге
Жай шаманы алғанда күндердің саны негізінде S = 8 (1+270+10/360 *0, 3) = 223теңге
Егер несие ұзақ мерзімге берілсе: Келесі формуланы қолданамыз:
S = Р (1+Σ Nt * ίt) (1. 13)
Күрделі ссудалық ставкаларды есептеу келесі базалық белгілерді пайдаланамыз:
Ίc - жылдық күрделі пайыздық ставкасында салыстырмалы шамасы
Кнс - күрделі пайыздың ұлғайту коэффициенті
J - күрделі ссудалық пайыздың номиналдық мөлшерлемесі.
S = Р (1+ n ί) (1. 7)
Егер есептеу интервалына бір жыл қосылғада, онда 1. 7 формуласының негізінде өспелі соманы мына формуламен есептеуге болады.
S = Р (1+ ίс) (2)
Сонда ұлғайту коэффициенті Кнс = (1+ ίс) n (2. 2)
Егер қарыздың жылдық мерзімі бүтін сан болмаған жағдайда, ұлғайту коэффициенті келесі формуламен есептеледі: n = nа + nв
Кнс = (1+ ίс) n * (1+ nв ίс) (2. 3)
nа - Жылдың бұтін саны
nв - Жылдың қалған бөлшек саны.
Сонымен қатар n1, n2 . . . n n Жылдың есептелетін интервал ұзақтылығы,
ί1, ί2 . . . ί n жылдық пайыздық ставкалары осыған сәйкес бірінші есептеу интервалының соңында (1. 7) формуласына сәйкес өспелі сомма келесі түрде болады: S1= Р (1+ n1 ί1) . Екінші интервалының соңында өспелі сомма мына формула бойынша есептеледі: Sn = Р (1+ n1 ί1) *(1+ n2 ί2)
Sn = Р Π (1+ nr ίr) (2. 4)
Егер базалық есептеу интервалында және пайыз ставкасы бірдей болған жағдайда 2. 4 формуласын келесі түрде жазуға болады.
Sn = Р (1+ Πί) n (2. 5)
Егер қарыз мерзімі n-жылды құраса 2. 1 формуласынан өспелі соманы Σ формуласын табуға болады.
Sn = Р (1+ ƒ/m) mn (2. 6)
Мұнда mn қарыз берілген мерзімнің жалпы есептеу интервалының соңы.
Егер есептеу интервалының саны бұтін сан болмаған жағдайда 2. 6 формуланы келесі түрде жазуға болады:
Sn = Р (1 + ∫/m) mn *Χ(1+ ℓj/m) (2. 7)
ℓ- Есептеу интервалының бөлігі.
Сонымен қатар жай пайыздық мөлшерлемесі сияқты белгілі емес шамаларды алдыңғы формулалардан шығаруға болады.
Р = S/(1+ ίс) n = Sа (2. 8)
а - дисконттау коэффициенті. Ол ұлғайту көбейткішіне қарама - қарысы болып табылады. Яғни,
ί = √ S/Р - 1 (2. 9)
j = m (mn √ S/Р - 1) (2. 10)
2. 1 формуласын екі жағына логарифімдеу операцияларын қолдана отырып келесі формуланы анықтауға болады:
n = ℓn*S/Р / ℓn(1+ ί с) (2. 11)
N = ℓnS/Р / m ℓn(1+ ί ∫/m) (2. 12)
Сонымен бірге нақты пайыз мөлшерлемесі үшін бастапқы соманы екі есеге көбею мерзімінің жылдам есептеудің екі ережесі бар.
- “72” - ереже n = 72/ίс(%)
- “69” - ереже Нақты дәлдік n = 69/ίс(%) + 0, 35
Р - ақшалай сома, негізгі инвестициялық уақыт t жай пайыздық ставка i. Яғни, бұл мерзімі біткен кезде инвестор өз Р капиталын қайтарады және i пайыздық ставкасы бойынша белгілі бір працент негізіндегі табысты мөлшерін алады. Жай пайыздар келесі формула арқылы анықталады:
I = P · i · t, (1. 1)
Мұнда: І - жай пайыздар,
Р - инвестицияның негізгі сомасы,
і - белгілі кезендегі пайыздық ставка,
t - сәйкес келетін пайыздық ставкалардың кезең уақыты.
(1. 1) формуласында i мен t бір бірімен байланысты болуы тиіс, егер пайыздық ставка жылдық болса, онда уақыт жылдарде белгіленуі керек жәнеәне тағы сол сияқты.
Есеп №1. 200 000 мың теңге 6 ай мерзімге 8 %несиеге берілді. Пайыз мөлшері: а) әр айда 2%, б) 8 % жылдық.
Табу керек: мерзім аяқталғандағы осы соманың жай пайызын анықтау.
Шешуі:
а) І = 2 · 0, 02 · 6 = 24 000 теңге
б) І = 2 · 0, 08 · ½ = 8 000 теңге
Егер Р - негізгі сома ( банктік салым, несие және тағы басқа сол сияқты) ал, І - осы капиталға мерзімі аяқталғандағы инвестициялық пайыз болса, онда сомма:
S = P + I (1. 2)
Шыққан сомманың Р, толыққанды мағынасы. Ал,
S = P ·( 1+ i · t ) (1. 3)
Бұл жай пайыздар формуласы деп аталады.
а ( t ) = 1 + і · t (1. 4)
Бұл формула көбейткіш немесе аккумуляторлық көбейткіш деп аталады.
Есеп №2. 350 000 мың теңге 4 жылға 6 % мөлшерінде инвестицияланды. Мерзім аяқталғанға дейінгі қиын пайызды анықтау керек.
Шешуі: S = 35 · (1 +0, 06) 4 = 1484000 мың теңге
І = 1484000 - 35 = 1134000 мың теңге.
Есеп №3. Банк жарты жылда 48, 75$ валюталық салымды жылдық 6% -бен аударып отырады. Салымның мөлшері қандай?
Шешуі: І = 48, 75$,
І = 0, 06, t = ½
Яғни, Р = І/ і · t = 48, 75 · 2/0, 06 = 1657$
- Кәсіпорынның негізгі капиталы
Негізгі капитал (негізгі қаражат) - өнім өндіруге толығымен және бірнеше рет қатысатын өндірістік капиталдың бір бөлігі, өз құнының материалдық-заттай формасын өзгертпей бірнеше кезең ішінде өнімге ауыстырады.
Қазақстан Республикасы Салық кодексіне сәйкес негізгі капитал элементтері бір жылдан аса қызмет етеді және оларды алған сәттегі құны республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген тиісті қаржы жылына елуден аса айлық ессптік көрсеткішті құрайды. Негізгі капиталға үй, құрылыс, ғимарат, өткізу құрылғыларын салуға, машина, жабдық, көлік құралдарын, құралдар сатып алуға жұмсалған авансталған капиталдың бір бөлігі жатады.
Негізгі құрал-жабдыктардың бастапқы құны - бұл негізгі құрал-жабдықтарды арттыруға немесе алуға жұмсалған шығындар құны. Негізгі құрал-жабдықғардың ағымдағы құны - негізгі қаражаттың белгіленген күнге қолданыстағы нарық бағасы бойынша құны. Негізгі құрал-жабдықтардың баланстық құны - бұл жинақталған өтелу сомасын шегергендегі олардың бастапқы немесе ағымдағы құны. Негізгі құрал-жабдықтардың өткізу құны - бұл сатушы мен сатып алушы арасындағы негігі құрал - жабдықтарымен айырбас жасау құны. Негізгі құрал-жабдықтардың жойылу құны негізгі құрал-жабдықтарды пайдалану мерзімінің соңында жою кезінде бөлшектеуге жұмсалған шығынды шегергенде қалатын қосалқы бөлшектердің, сынықтардың болжалды құны. Тозу - негізгі құрал-жабдықтардың заттай жәнеәне моральдық сипатын жоғалту процесі. Негізгі құрал-жабдықтардың өтелуі - олардың тозу құнын пайдалы және қалыпты қызметі мерзімінің ішінде өндірілетін өнім құнына біртіндеп ауыстыру жолымен ақша түрінде өтелуі (ҚОСЫМША А1) .
Бірқалыпты әдіс - амортизацияны есептеу әдісі, бұл әдіс бойынша жыл сайын өнім кұнына негізгі құралдар кұнының бірдей бөлігі қосылады, яғни амортизациялық аударым сомасы олардың қызмет ету мерзіміне байланысты.
Өндірістік әдіс - өндірілген өнім мен орындалған жұмыс көлеміне үйлесімді негізгі қаражат амортизациясын есептеу әдісі.
Шоғырланымдық әдіс - негізгі қаражат құнын олардың қызмет ету мерзімінің жыл сомасымен анықталатын сан сомасы бойынша есептен шығару әдісі.
Кемитін қалдық әдісі - бір қалыпты әдісте қолданылатын амортизацияның көбейтілген нормасын тиісті жылдағы негізгі қаражаттың баланстық құнына көбейтумен анықталатын негізгі қаражаттың амортизациясын есептеу әдісі.
Материалдық емес активтер - табысқа жету үшін ұзақ мерзімді кезең ішінде (бір жылдан аса) қолданылатын материалдық емес объектілер.
Салықтық нұсқадағы тіркелген активтер амортизациясы - салық кезеңінің аяғында шағын топтың құндық балансына Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген шектен аспайтын амортизация нормасын қолдану жолымен өтеу.
Өндірістік қуат - технологиялық жабдықтар мен өндірістік алаңдар толық жұмысқа қосылғандағы белгілі бір уақыт аралығында көп өнім шығару немесе бастапқы шикізатты еңдеу мүмкіндігі.
1. Негізгі капитал амортизация есептеу үшін мына формулалар пайдаланылады:
а) қалыпты әдістегі амортизациялық аударым сомасы (АА) :
АА = (БҚ-ЖҚ) /Тқызм
мұнда БҚ - негізгі кұрал-жабдықтардың бастапқы құны;
ЖҚ - негізгі құрал-жабдықтардың жойылу құны;
Тқызм - негізгі құрал-жабдықтардың нормативті қызмет мерзімі;
ә) өндірістік әдістегі амортизациялық аударым сомасы (АА) :
АА = ((БҚ - ЖҚ) /1 ШӨ) Шөі,
мұнда Σ ШӨ- пайдалану кезеңіндегі шығарылатын өнім немесе орындалатын жұмыстың болжалды мөлшері;
Шөі - і-жылындағы шығарылатын өнім немесе орындалатын жұмыс;
б) кумулятивті әдістегі амортизациялық аударым сомасы
І(АА) :
АА = (БҚ-ЖҚ) *Кеа,
Мұнда Кеа - есеп айырысу коэффициенті, әрбір пайдалану жылы үшін мына формуламен анықталады:
Кеа = Nі / Шс,
Мұнда Nі - объектінің қызмет ету мерзімінің өтуіне дейін қалған жыл саны; объектінің қызмет ету мерзімінің жыл сомасымен анықталатын шоғырланбалы сан;
в) кемитін қалдык әдісіндегі амортизациялық аударым сомасы (АА) :
АА = (БҚ-2АН) /100,
мұнда БҚ - тиісті жылдағы негізгі құрал-жабдықтардың; баланстық құны;
АН - амортизация есептеудің қалыпты әдісіндегі негізгі құрал-жабдықтар амортизация нормасы (негізгі құрал-жабдықтар құнын өтеудің жылдық пайызы) .
2. Материалдық емес активтердің амортизациясы (Маа) былай есептеледі:
а) олардың пайдалы қолдану мерзімін анықтайтын материалдық активтер бойынша:
Маа = БҚ / Тқызм;
ә) олардың пайдалы қолданылу мерзімін дәл анықтай алмайтын материалдық емес активтер бойынша амортизациясы он жылдық қолдланылу мерзіміне байланысты есептеледі:
Маа = БҚ/10.
3. Негізгі капиталды ұдайы өндіру мынадай көрсеткіштер,
сипаттайды:
а) негізгі кұрал-жабдықтың істен шығу коэффициенті (Кіст) :
Кіш = НҚІш / НҚб,
Мұнда НҚіш- істен шыққан негізгі құрал-жабдық құны; НҚб - негізгі құрал-жабдықтың кезең басында құны; ә) негізгі кұрал-жабдыктың жаңару коэффициенті (Кжаң) :
Кжаң = НҚе / НҚс,
Мұнда НҚе - енгізілген негізгі құрал-жабдық құны;
НҚс - негізгі құрал-жабдық кезең соңындағы құны;
б) Негізгі құрал-жабдықтың тозу коэффициенті (Ктоз) ;
Ктоз = ЖА / БҚ,
мұнда ЖА - жинақталған амортизация;
БҚ - негізгі құрал-жабдықтың бастапқы құны;
в) негізгі құрал-жабдықтың жарамдылық коэффициенті (Кжар) :
Кжар = БҚ, / БҚ,
Мұнда, Кжар - негізгі құрал-жабдықтың жарамдылық коэффициенті; БҚі - негізгі құрал-жабдықтың баланстық құны; БҚ - негізгі құрал-жабдықтың бастапқы құны.
4. Негізгі құрал-жабдықтарды пайдалануды талдау үшін төменде берілген формула көрсеткіштері қолданылады: а) негізгі кұрал-жабдықтардың қор қайтарымы (ҚҚ) :
ҚҚ= ӨШ/НҚ,
мұнда ӨШ- тауарлы өнім шыгарылымы;
НҚ - негізгі құрал-жабдықтардың жылдық орташа кұны;
ә) өнімнің қор сыйымдылығы (ҚС) :
ҚС = НҚ/ӨШ;
б) еңбектің қормен жарақтандырылуы (ЕҚ) :
ЕҚ= НҚ/Қс,
мұнда Қс - қызметкерлер саны;
в) жабдықтың ауысымдық коэффициенті (Кауыс) :
Кауыс = Тн / (К * А * Ж),
Мұнда Тн - жабдықтың жұмыс уақытындагы нақты сағат саны; К - жұмыс күндері саны; А - ауысым ұзақтығы; Ж - жабдықтың орта тізімдік мөлшері;
г) жабдықтарды экстенсивті пайдалану коэффициенті (Кэкс)
Кэкс = Тн / Тж,
Мұнда Тн- жабдықтың нақты жұмыс уақыты;
Тж- жабдықты болжалды пайдалану уақыты;
г) жабдықты қарқынды пайдалану коэффициенті (Кқар) :
Кқар = Өн / Өн,
Мұнда Өні- уақыт бірлігіндегі өнімнің нақты келемі (жабдықтың нақты өнімділігі) ; Өн - уақыт бірлігіндегі өнім өндірудің белгіленген нормасы;
д) жабдықты интегралды пайдалану коэффициенті (Кип) :
Кип = Кэкс* Кқар;
е) өндірістік алаңның 1 м2-інен алынған өнім (Өоа) :
Өоа = ӨШ / S,
Мұнда 3 - кәсіпорынның өндірістік алаңы;
ж) негізгі кұрал-жабдықтың жылдық орташа кұны (Фжқ) :
Фжқ = Фб + (Фе • Тжі) : 12-(Фіш ((12-Тжі) : 12),
мұнда Фб - негізгі құрал-жабдықтың жыл басындағы құны; Фе - енгізілген негізгі құрал-жабдықтың құны; Фіш- істен шыққан негізгі құрал-жабдықтың құны; Тжі - негізгі құрал-жабдықтың жұмыс істеу уақыты.
5. Тіркелген активтер шағын тобының құндық балансы мына алгоритм бойынша анықталады:
а) кезең соңында шағын топтың құндық балансы (ҚБс)
амортизациясының бір жылында есептелген сомага ксмиді:
ҚБс - ЕА,
мұнда ЕА - есептелген амортизация;
з) шағын топтың құндық балансы қайта бағалау кезіңде
баланстық құнның өсу коэффициентіне түзетіледі:
(ҚБс - ЕА) • Кбқ,
Мұнда Кбқ - қайта бағалау кезіндегі баланстық құнның өс коэффициенті;
б) алынган мөлшерге ағымдағы жылы алынған тіркелге
активтер құны қосылады жэне оларды сатқанда шыққан сом
шегеріледі:
(ҚБс - ЕА) • Кбқ + А + В,
Мұнда А- алынған тіркелген активтер құны; В- сатылған тіркелген активтер құны;
в) шағын топтың түпкілікті қүндық балансы (ҚБ) жоғарыда көрсетілген құндық баланс сомасына салық салу мақсатында белгіленген шектен жоғары жөндеу жұмыстарына жұмсалатын нақты шығын сомасын қосу жолымен анықталады:
ҚБ = ((ҚБс - ЕА) • Кбқ + А - В) + Шж,
Мұнда Шж - салық салу мақсатында белгіленген шектен жоғары жөндеу жұмыстарына жұмсалған нақты шығын сомасы.
6. Кәсіпорынның жылдық орташа өндірістік қуаты (Қжо)
ша формула бойынша анықталады:
Қжо = Қб + (Қе • Тжі) : 12-(Қіш • ((12-Тжі) : 12),
Мұнда Қб- кезең басындағы өндірістік қуат;
Қе- өндірістік қуатты жаңа қуат енгізу немесе ұйымдастыру-техникалық шаралар өткізу арқылы арттыру; Қіш- істен шығу есебінен ондірістік қуаттың кемуі.
7. Өндірістік қуатты пайдалану коэффициенті мына формула бойынша есептеледі:
Кқ = ӨШ / Қжо,
Мұнда Кқ- өндірістік қуатты пайдалану коэффициенті.
Есеп №1
Цемент диірменінің амортизациясын түрлі әдістермен есептеп, оның баланстық кұнын анықтау кажет, оның бастапкы құны 1250 мың теңгені, жойылу кұны - 50 мың теңгені құрайды, қызмет мерзімі - 5 жыл. Диірменнің барлық пайдалану кезеңінде цемент шығару 600 мың теңге көлеміне есептеліп отыр, сонымен қатар 1-жылы - 120 мың т, 2-жылы - 140 мың т, 3-жылы - 150 мың т, 4-жылы -100 мың т, 5-жылы - 90 мың т. цемент шығарылады.
Шешуі:
1. Мына формуланы пайдаланып қалыпты әдіспен амортизацияны (амортизациялық аударымның жылдық сомасын) есептейміз:
АА = (БҚ-ЖҚ) /Тқызм,
Мұнда БҚ - негізгі құрал-жабдықтардың бастапкы қүны;
ЖҚ - негізгі құрал-жабдықтардың жойылу құны;
Тқызм - негізгі қүрал-жабдықтардың қызмет етуінің нормативті мерзімі.
Аа = (1250мың теңге - 50 мың теңге) : 5 жылга = 240 мың теңге.
2. Мына формула бойынша амортизацияны өндірістік әдіспен
есептейміз:
АА = ((БҚ - ЖҚ) /Σ ШӨ) * Шөі,
Мұнда Σ ШӨ - пайдалану мерзіміндегі шығарылатын өнім немесе орындалатын жүмыстың болжалды көлемі; Шөі - і-жылында шығарылатын өнім немесе орындалатын жұмыс көлемі. Бірінші өнім немесе орындалатын жұмыс бірлігіне амортизациялық аударым (ААл) сомасын анықтаймыз:
ААі = (БҚ - ЖҚ) / Σ ШӨ = (1250 мың теңге - 50 мың теңге) :
: 600 мың теңге = 2 теңге.
Сонда амортизация сомасы:
120 мың теңге * 2 теңге = 1-жылы 240 мың теңге;
140 мың теңге * 2теңге = 2-жылы 280 мың теңге;
150 мың теңге * 2 теңге = 3-жылы 300 мың теңге;
100 мың теңге * 2 теңге = 4-жылы 200 мың теңге;
90 мың теңге * 2 теңге = 5-жылы 180 мың теңге.
- Кәсіпорынның қаржылық тұрақсыздығын талдау
Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай - ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестер және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік - кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Нарықтық қатынастың қалыптасуы шаруашылық қызметін біртұтас кешенді талдауды ішкі (басқару) және сыртқы (қаржылық талдау) талдау деп бөлуді қажет етіп отыр. Талдаудың бұл түрлерінің әрқайсысының өзінің негізгі ақпараттық көздері бар.
Әлемдік тәжірибе керсеткендей, есеп берудің екі түрі бар: Акционерлерді, қалың жұртшылықты, банктерді, сондай-ақ сақтандыру ұйымдары мен үкімет органдарын кәсіпорынның жұмыс жағдайы мен оның қаржылық жағдайы және есепті кезеңдегі шаруашылық қызметінің нәтижесімен таныстыру үшін қаржылық газеттер мен бюллетендерде, арнайы анықтамаларда басылып шығатын қаржылық есеп беру. Сонымен қатар көбіне, есепте субъектінің шаруашьшық кызметін динамикада бейнелеп көрсетуге, даму бағыты мен оның алдыңғы кезеңдегі жағдайын болжауға мүмкіндік беретін бірқатар жылдардың мәліметтерін жариялайды. Есеп берудің екінші түрі - басқару талдауы, бұл кәсіпорын шығаратын өнімдердің жеке түрлерінің өзіндік құнының нормативтері туралы, сондай - ақ сапасының төмендігіне немесе тауардың мөлшерден тыс шығарылып, өтпей қалуына байланысты мәліметтерден тұратын қатаң құпияландырылған, басқа тұлғалар үшін жабық есеп болып табылады. Ішкі есеп берудің ішіндегі жауапкершілік орталықтары мен пайда болу орындары бойынша шығындар сияқты жеке бөлімшелердің жұмыс нәтижелерін сипаттайтын маңызды есеп түрлері болады.
Кәсіпорынның жеке бөлімшелеріндегі шаруашылық жүргізу деңгейін анықтау шығындар мен нәтижелерді салыстыру, кім қалай жұмыс істейтінін көруге мүмкіндік береді және еңбекке ақы төлеуде қандай да бір иесіздікті жояды. Ішкі талдау басқару есебі, ал сыртқы талдау қаржылық есеп негізінде жүргізіледі. Бүгінгі таңдағы нарыққа өту кезеңінде кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауда жаңа амалдар қажет.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақсыздығын талдаудың тәжірибесі қаржылық есепті оқудың негізгі ережелерін қалыптастырды. Олардың ішінен алты негізгі әдісті бөліп қарастыруға болады:
1) көлденең талдау;
2) тікелей талдау;
3) трендтік талдау;
4) салыстырмалы талдау;
5) факторлык талдау;
6) қаржылық коэффициентгер әдісі.
Көлденең (уақытша) талдау - есеп берудің әрбір позициясын өткен кезеңімен салыстыру. Ол өткен кезеңдегімен салыстырғандағы бухгалтерлік есептің түрлі баптарының абсолюггік және салыстырмалы ауытқуларын анықтауға мүмкіндік береді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz