Қаржылық жоспарлау процесі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАРЫ

Кіріспе 2
І. Қаржылық жоспарлау – бизнес жоспарлаудың маңызды құрамдас бөлігі 4
1.1 Қаржылық жоспарлаудың рөлі мен міндеттері 4
1.2.Қаржылық жоспарлау процесі 7
1.3.Бизнес-жоспар құрамындағы қаржылық жоспарлау 10
ІІ. Бизнес-жағдайды зерттеу: инвестициялау және несиелеу 16
2.1 Жаңа өнім түрін өндірудің нәтижесіне жалпы баға беру 16
2.2 Капитал салымының қайтарылу мерзімін бағалау 22
ІІІ. ҚР-дағы инвестициялық жобалардың бизнес-жоспарын дайындауда және
талдауда қолданылатын компьютерлік бағдарлама өнімдері 25
Қорытынды 27
Қолданылған әдебиеттер тізімі 29

Кіріспе

Нарықтық қатынастар жағдайында жоспарлау кәсіпкерлік тәжірибенің
маңызды бөлігі болып табылады. Жоспарлаудың маңызды мағынасы белгілі
афоризмде айтылған: Жоспарлау немесе жоспарланып қалу. Мұның мағынасы,
кәсіпорын өз қызметін жоспарлай алмаса немесе жоспарлауды қажет етпесе,
онда өзі жоспарлаудың нысаны болып қалады. Осыған сәйкес жоспарлауға дұрыс
байсалды көзқарас, кәсіпорынның тұрақты және тиімді жұмысының негізін
құрайды.
Кәсіпорынға бүгінгі таңда нарық ерекше талаптар қояды. Нарықтағы
жүріп жатқан күрделі және жоғарғы дәрежедегі қимыл поцестері жоспарлауды
қолданудың жаңа алғы шарттарын құруды қажет етеді. Осыдан, нарықтық
жағдайда жоспарлау рөлінің артуына орай мынадай факторлар туындайды:
-кәсіпорын аясының өсуі және олардың қызмет түрлерінің күрделенуі;
-сыртқы ортаның қозғалысы;
-экономикалық ұйымдарда орталық күштердің нығайтылуы;
Кәсіпорындағы бүкіл жоспарлау процесін екі негізгі сатыға бөлуге
болады:
-кәсіпорын қызметінің стратегиясын дайындау – стратегиялық жоспарлау;
-дайындалгған стратегияны іске асырудың тактикасын анықтау –
оперативті немесе тактикалық жоспарлау.
Жалпы жоспарлау процесі тікелей (стратегиялық дайындықтан оперативті
жоспарларды анықтап, бақылауды іске асырғанға дейін) және кері (орындалу
нәтижелерін ескеріп, жоспарды қайта дайындау) тұйықталған циклдар
байланысын көрсетеді.
Жоспарлау процесінің нәтижесі – жоспарлар жүйесі болып табылады.
Қазақстан экономикасының қазіргі даму кезеңінде жоспарлаудың бір түрі болып
бизнес-жоспар саналады.
Бизнес жоспардың маңызды құрамдас бөлігі қаржылық жоспар болып
табылады. Бұл бөлім кәсіпкерлік кәсіпорындар, сондай-ақ инвесторлар мен
кредиторлар үшін қажет әрі маңызды. Кәсіпорындар жобаны жүзеге асыруға
қажетті қаржы ресурстарының көздері мен көлемін, қаражаттарды пайдалану
бағыттарын, өз қызметінің қорытынды нәтижесін білуі тиіс. Инвесторлар мен
кредиторлар өз кезегінде аталмыш қаражаттар қаншалықты тиімді
пайдаланылатынын, өтелу және қайтарылу мерзімінің ұзақтығын білуі тиіс.
Осыған байланысты жазылған бұл жұмыстың негізгі мақсаты – бизнес-
жоспар құрамындағы қаржылық жоспарлауды компьютерлік есептеумен қамтамасыз
ету.
Аталмыш мақсатты жүзеге асыру бүгінгі таңда аса өзекті мәселелердің
бірі болып табылады. Себебі қазіргі таңдағы бәсеке тұсында нарықта өмір
сүре білу жұмыс нәтижесін жетілдірдіруге тікелей байланысты. Бұл ретте
келесі міндеттер орындалады:
-кәсіпорынның бизнес жоспар құрамындағы қаржылық жоспарлаудың мәнін,
міндеттерін, сатыларын ашып көрсету;
-компьютерлік бағдарлама арқылы бизнес-жағдайды бағалау;
-бизнес-жоспар құруды бағдарламалық қамсыздандыру пакеттерін ашып
көрсету.
Бұл жұмысты орындау барысында отандық және шетелдік әдебиеттер мен
мерзімдік басылымдардың материалдары пайдаланылды.

І. Қаржылық жоспарлау – бизнес жоспарлаудың маңызды құрамдас бөлігі

1.1 Қаржылық жоспарлаудың рөлі мен міндеттері

Ұйымдардың қаржысын тиімді басқару шауашылық субъектілеріне қатысты
барлық қаржы ресурстарын, олардың көздерін жоспарлау жағдайында ғана мүмкін
болады.
Жоспарлау – бұл сандық және сапалық көріністе мақсатты міндеттерді
жасау және қабылдау, сондай-ақ оларға қол жеткізудің тиімді жолдарын
анықтау процесі.
Кәсіпорынның қаржысын жоспарлау әкімшіл-әміршіл жүйе тұсында да
болған. Ол кезде кәсіпорын жоспарлары салалық министрліктердің
тапсырмаларымен анықталған. Бұл ретте олардың көлемі ауқымды және
тәжірибеде қолдануда қиындықтарға итермелейтін болған. Нарықтық экономикада
кәсіпорындағы жоспарлау кәсіпорынның ішкі мәселесі болып табылады, яғни
директивті сипатта болмайды. Ішкі кәсіпорындық жоспарлаудың мақсаты –
табысты шаруашылық қызметті жүзеге асыруға арналған оңтайлы мүмкіндіктерді
қамтамасыз ету, оған қажетті қаражаттарды табу және нәтижесінде
кәсіпорынның табыстылығына қол жеткізу. Жоспарлау, бірішіден қаржы
саласындағы қате әрекеттерді болдырмаумен, екінші жағынан, пайдаланылмаған
мүмкіндіктерді азайтумен байланысты.
Нарықтық экономика күрделі әрі ұйымдастырылған әлеуметтік-
экономикалық жүйе болғандықтан сапалы қаржылық жоспарлауды талап етеді. Бұл
ретте кәсіпорын өз қаржы жағдайының нашарлауымен жауапкершілікте болады.
Соңғы он жылдықта қалыптасқан кәсіпорындардағы қаржылық жоспарлау
жүйесінің бірқатар кемшіліктері бар:
1.Дәстүр бойынша жоспарлау процесі, өнімді сатудан емес, өндірісінен
басталады.
2.Бүгінгі таңдағы жоспарлаудың еңбек сиымдылығы өте жоғары. Жоспарлау-
экономикалық бөлімдер әрекеттерді талдау және түзету мақсатында көпшілігі
қаржылық қызметте қолданылмайтын ауқымды құжаттарды әлі де дайындауда.
3.Қаржылық жоспарлау процесі ұзақ уақытты қамтиды, бұл өз кезегінде
жедел басқару шешімдерін қабылдауға жоспарлы мәліметтерді пайдалануға
мүмкіндік бермейді.
4.Жоспарлауда бағаны қалыптастырудың шығындық механизмі әрекет етеді:
кәсіпорынның көтерме бағасын қалыптастыруда нарық конъюуктурасы
ескерілмейді.
5.Ережеге сәйкес, кәсіпорындарда шығындарды өзгермелі және тұрақты
деп бөлмейді, маржиналды табыс түсінігі қолданылмайды, өткізудің
шығынсыздығын талдау әруақытта жүзеге аса бермейді.
6.Қаржылық жоспарлау процесінде операциялық тетіктің нәтижесі
бағаланбайды, қаржылық беріктік қорының есебі жүргізілмейді.
7.Әрекет етіп отырған жоспарлау жүйесі нарықтағы қызмет жағдайларының
өзгеруіне байланысты кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын сенімді бағалауға
мүмкіндік бермейді.
Дегенмен жоғарғы аталған кемшіліктермен қатар кәсіпорында қаржылық
жоспарлаудың шектелуін талап ететін факторлар да бар. Олардың негізгілері
келесілер:
-қоғамдық өмірдің барлық саласындағы түбегейлі өзгерістермен
байланысты нарықтағы екі ұштылықтың жоғарғы деңгейі;
-күрделі қаржылық жоспарлауды жүзеге асыруға қаржылық мүмкіндіктері
бар кәсіпорындар үлесінің аздығы;
-отандық бизнестің тиімді нормативті-құқықтық базасының болмауы.
Үлкен кәсіпорындар үшін тиімді қаржылық жоспарлауды жүзеге асырудың
мүмкіндіктері жоғары. Қаржы саласында ауқымы кең жоспарлау жұмыстарын
жүргізетін жоғарғы білікті мамандарды қатыстыруға олардың қаржы құралдары
жеткілікті.
Ережеге сәйкес, шағын кәсіпорындарда бұл мәселелерге қаражаттар
болмайды. Шағын кәсіпорындар өз шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін
қарыз қаржаттарды қатыстыруға мүдделі болады. Осының нәтижесінде олардың
болашағы сенімсіздеу келеді.
Шаруашылық субъектілерінің қаржылық жоспарлауының мәні келесіде:
-стратегиялық мақсаттарды нақтылы қаржылық көрсеткіштер нысанына
айналдырады;
-өндрістік жоспарда қамтылған қаржы ресурстарымен дамудың
экономикалық үйлесімдерін қамтамасыз ету;
-бәсеке жағдайында кәсіпорын жобасының өміршеңдігін анықтау
мүмкіндіктерін ұсынады;
-сыртқы инвесторлардан қаржылық қолдау құралы қызметін атқарады.
Нарықтық экономика жағдайында шаруашылық жүргізу тәжірибесі
жекеленген кәсіпорындардың дамуын жоспарлаудың нарықтағы нақтылы
жағдайларды ескеру арқылы меншік иелерінің мүддесіне сай әдістерін
дайындады.
Кәсіпорын қаржылық жоспарлаунының негізгі міндеттері:
-өндірістік, инвестициялық және қаржылық қызметті қажетті қаржы
ресурстарымен қамтамасыз ету;
-қаржы салымдарының тиімді жолдарын нақытау, оның ұтымды пайдалану
деңгейін бағалау;
-ақшалай қаражаттарды үнемді пайдалану есебінен табысты жоғарылатудың
ішкі шаруашылық резервтерін айқындау;
-бюджетпен банктермен және контрагенттермен ұтымды қаржы қатынастарын
бекіту;
-кәсіпорынның қаржы жағдайын, төлем қабілеттілігін және несие
қабілеттілігін бақылау.
Қаржылық жоспар шаруашылық субъектісінің кәсіпкерлік жоспарын қаржы
ресурстарымен қамтамасыз етуге бағытталған, осы арқылы ол кәсіпорын
экономикасына елеулі ықпал етеді. Ол бірқатар міндеттемелермен байланысты.
Біріншіден, қаржылық жоспарда нақтылы мүмкіндіктермен қызмет жүргіузе
арналған күтілетін шығындар есептеледі және түзетулер енгізу нәтижесінде
материалдық-қаржылық тепе-теңдікке қол жеткізіледі.
Екіншіден, қаржылық жоспар баптары кәсіпорын қызметінің барлық
экономикалық көрсетіштерімен байланысты және кәсіпкерлік жоспардың негізгі
бөлімдерімен үйлесілген: өнім және қызмет өндірісі, ғылыми-техникалық даму,
өндіріс пен басқаруды жетілдіру, өндіріс, күрделі құрылыстар тиімділігін
арттыру, материалды-техникалық қамсыздандыру, еңбек және кадрлар, табыс
және рентабельділік, экономикалық ынталандыру және т.б. Сонымен, қаржылық
жоспарлау қаржыландыру объектісін, қаржы құралдарының бағыттарын анықтау
арқылы шаруашылық субъектісі қызметнің барлық жақтарына ықпал жасайды және
еңбек, материал және ақша ресурстарының ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз
етеді.
Сонымен, қаржылық жоспарлау кәсіпорынның дамуын қажетті қаржы
ресурстарымен қамтамасыз ету және оның болашақтағы қызметінің тиімділігін
арттыру бойынша қаржылық жоспарлар және жоспарлық көрсеткіштер жүйесін
жасау процесі болып табылады.

1.2.Қаржылық жоспарлау процесі

Кәсіпорындағы қаржылық жоспарлаудың алдына қойылған мақсаттарына қарай
отырып, оның күрделі процесс екенін анықтауға болады. Осыған байланысты
қаржылық жоспарлау процесі бірнеше сатыдан тұрады:
Бірінші сатыда өткен жылдағы қаржылық көрсеткіштер зерттеледі. Бұл
үшін кәсіпорынның негізгі қаржылық құжаттары – бухгалтердік баланс,
табыстар мен шығыстар туралы есеп беруі, ақшалардың қозғалысы туралы есеп
беруі пайдаланылады.
Олардың қаржылық жоспарлаудағы маңызы зор. Себебі олар кәсіпорын
қызметінің қаржылық көрсеткіштерін талдауға және есептеуге арналған
мәліметтерді қамтиды. Сонымен қатар талдау жұмыстары қаржылық есеп беру
нысандары мен жоспарланатын қаржылық кестелер мазмұны бойынша біріңғай.
Кәсіпорын балансы қаржылық жосарлау құжаттаның құрамына кірдеі, ал
есепті бухгалтерлік баланс жоспарлаудың бірінші сатысында бастапқы құжат
болып табылады. Бұл ретте батыс компаниялары ережеге сәйкес талдауға ішкі
фирмалық қолдануға арналған сенімді ақпааттарды қамтитын ішкі балансты
пайдаланады. Әдетте жариялануға арналған сыртқы баланс түрлі себептерге
байланысты (салық салуға, резервтік капиталды қалыптастыруға және т.б.)
табыстың азайтылған көлемін көрсетеді.
Екінші саты перспективалық қаржылық жоспарларға жататын және
кәсіпорынның ғылыми негізделген бизнес-жоспарының құрылымында қамтылатын
баланс, табыстар мен шығыстар туралы есеп беру, ақшалардың қозғалысы туралы
есеп беру болжамы сияқты негізгі болжам құжаттарын жасауды қарастырады.
Үшінші сатыда ағымдағы қаржы жоспарларын жасау арқылы болжалдық
қаржылық құжаттардың көрсеткіштері нақтыланады.
Төртінші сатыда оперативтік қаржылық жоспарлау жүзеге асады.
Қаржылық жоспарлау процесі жоспардың нақтылы енгізілуімен және
олардың орындалуына бақылау жасаумен аяқталады.
Кәсіпорындағы қаржылық жоспарлау үш шағын жүйеден тұрады:
-перспективалық қаржылық жоспарлау;
-ағымдағы қаржылық жоспарлау;
-оперативтік қаржылық жоспарлау.
Аталмыш шағын жүйелердің әрқайсысына орындалатын жекеленген қаржылық
жоспар нысандары және белгілі бір кезеңдер тән. Оны келесі кестеден көруге
болады.
1-кесте
Қаржылық жоспарлаудың Орындалатын жоспарлардың Жоспарлау кезеңі
шағын жүйелері нысандары
Перспетивалық Бухгалтерлік баланс болжамы 3-5 жыл
(стратегиялық) Табыстар мен шығыстар туралы
қаржылық жоспарлау есеп беру болжамы
Ақшалардың қозғалысы туралы
есеп беудің болжамы
Ағымдағы қаржылық Операциялық қызмет бойынша 1 жыл
жоспарлау табыстар мен шығыстар
жоспарлары
Инвестициялық қызмет бойынша
табыстар мен шығыстар
жоспарлары
Ақшалай қаражаттардың түсімі
мен шығыстарының жоспары
Баланстық жоспар
Оперативтік қаржылық Төлем календарі Он күндік, ай,
жоспарлау Кассалық жоспар тоқсан

Қаржылық жоспарлаудың барлық шағын жүйесі өзара байланысты және
белгілі бір тәртіппен жүзеге асады. Жоспарлаудың бастапқы сатысы
перспективалық жоспарлау процесінде жүзеге асатын кәсіпорынның қаржылық
қызметінің негізгі бағыттарын болжау болып табылады. Бұл сатыда ағымдағы
қаржылық жоспарлуадың міндеттері мен параметрлері анықталады. Өз кезегінде
оперативтік қаржылық жоспарлауға қажетті негіздер ағымдағы қаржылық
жоспарлау сатысында қалыптасады.
Қаржылық жоспарлау тәжірибесінде келесі әдістер қолданылады:
экономикалық талдау, нормативтік, баланстық есептеу, ақшалай ағындар, көп
варианттыллық, экономика-математикалық модельдеу.
Экономикалық талдау әдісі натуралды және құндық көрсеткіштер
қозғалысының заңдылықтарын, тенденцияларын, кәсіпорынның ішкі резервтерін
анықтауға мүмкіндік береді.
Нормативтік әдістің мәні алдын ала белгіленген нормалар мен технико-
экономикалық кормативтердің негізінде шаруашылық субъектілерінің қаржы
ресурстары мен олардың көздеріне деген қажеттіліктері есептеледі.
Қаржы құралдарына деген болашақтағы қажеттіліктерді анықтау үшін
баланстық есептеулер әдісін пайдалану болашақтағы белгілі бір мерзімдегі
баланстың негізгі баптары бойынша қаражаттар түсімі мен шығындарды болжауға
негізделеді.
Ақшалай ағындар әдісі қаржы жоспарларын жасауда әмбебап сипатталады
және қажетті қаржы ресурстарының түсу көлемі мен мерзімдерін болжаудың
құралы қызметін атқарады.
Есептеудің көп варианттылығы әдісі оңтайлысын таңдау мақсатында
жоспарлы есептеулердің балама варианттарын жасауға негізделген. Бұл ретте
таңдау критерилері әр түрлі болып келеді.
Экономикалық-математикалық модельдеу әдістері негізгі көрсеткіш пен
оны анықтаушы негізгі факторлардың арасындағы тығыз байланысты сандық
сипаттауға мүмкіндік береді.

1.3.Бизнес-жоспар құрамындағы қаржылық жоспарлау

Кәсіпкерлік кәсіпорынмен орындалатын жоспарлы құжаттардың бірі бизнес-
жоспар болып табылады. Оны құру көптеген мақсаттарды қарастырады (1-сурет).
Аталған мақсаттар бизнес-жоспардың сыртқы көздерден ақша қаражаттарын алуды
негіздеу үшін жасалатынын көрсетеді. Бизнес-жоспарды кәсіпорынның
өндірістік және коммерциялық қызметін жоспарлаудың негізгі аспектілерін
мазмұндайтын, кездесуі мүмкін тәуекелдерді талдайтын, қаржы-шаруашылық
міндеттерді шешудің әдістерін анықтайтын кәсіпорынның ішкі жоспарлық құжаты
ретінде анықталады.

1-сурет.Бизнес-жоспарды жасаудың негзгі мақсаттары
Бизнес-жоспарды жасауда кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелері,

оның ішінде қаржылық бөлім де қатынасады. Ол әдетте 3-5 жылға және бұл
ретте бірінші жылдың көрсеткіштері айға немесе тоқсанға бөлу арқылы
орындалады. Бизнес-жоспар кәсіпорынның өндірістік, коммерциялық және
қаржылық қызметінің барлық жақтарын бейнелейді және келесі бөлімдерді
қамтиды:
-резюме;
-кәсіпорын сипаттамасы;
-өнімнің (жұмыс, қызмет) сипаттамасы;
-нарықтар мен бәсекелестерді талдау;
-маркетингтік жоспар;
-өндірістік жоспар;
-ұйымдық жоспар;
-қаржылық жоспар;
-тіркемелер.
Бизнес-жоспар – бұл, бір жағынан, маңызды талдамалық құжат, екінші
жағынан, жарнама құралы. Сондықтан ол қаржыгерлерге, банкирлерге, бизнес
бойынша серіктестерге түсінікті іскерлік тілмен жазылуы тиіс. Ондағы
қамтылатын ақпараттар анық, сиымды және қысқа болуы тиіс. Бизнес-жоспарды
құруда банктер мен инвестициялық компаниялар көптеген ұсыныстарды
қарастыратынын ескеру қажет. Соған байланысты аталмыш құжат ұсынылатын
ұйымдар мен тұлғалардың талаптары мен стандарттарына сай болуы тиіс.
Бизнес жоспардың маңызды құрамдас бөлігі қаржылық жоспар болып
табылады. Бұл бөлім кәсіпкерлік кәсіпорындар, сондай-ақ инвесторлар мен
кредиторлар үшін қажет әрі маңызды. Кәсіпорындар жобаны жүзеге асыруға
қажетті қаржы ресурстарының көздері мен көлемін, қаражаттарды пайдалану
бағыттарын, өз қызметінің қорытынды нәтижесін білуі тиіс. Инвесторлар мен
кредиторлар өз кезегінде аталмыш қаражатар қаншалықты тиімді
пайдаланылатынын, өтелу және қайтарылу мерзімінің ұзақтығын білуі тиіс.
Қаржылық жоспар бірнешен құжаттарды қамтиды, оның құрамында
келесілерді атап көрсетуге болады:
-сату көлемін болжау;
-табыстар мен шығыстарды болжау;
-ақшалай түсімдер мен төлемдерді болжау;
-активтер мен пассивтердің жиынтық балансы;
-қауіпсіздік нүктесін анықтау.
Сату көлемін болжау маркетинг жоспары көрсеткіштерін ескеру арқылы
жүзеге асады және әрбір тауар бойынша болжалды бағаның негізінде болжалды
өткізу көлемі туралы ақпараттарға негізделеді. Аталмыш жоспар келесі кесте
нысанында жүзеге асады.

2-кесте
Сату көлемінің болжамы
Сатылатын тауар Натуралды Өнім бірлігінің Ақшалай
түрі бірліктегі сату бағасы бірліктегі сату
көлемі көлемі
Тауар А
Тауар В
Тауар С
Барлығы

Табыстар мен шығыстарды болжау табыс қалай қалыптасып, өзгеруін
көрсету мақсатында және ережеге сәйкес үш жылға құрылады, оның ішінде
бірінші жылдағы мәліметтер ай сайынға көрсетілуі тиіс. Табыстар мен
шығыстар болжамының үлгі ретіндегі сұлбасы келесі кестеде берілген.
3-кесте
Табыстар мен шығыстар болжамы
Жылдар
Көрсеткіштер
1-жыл 2-жыл3-жыл
Айлар
1 2 ... 12
Өнім (жұмыс, қызмет) өткізуден түскен
табыс
Қосымша құн салығы
Өткізілген өнімнің өзіндік құны
Жалпы табыс
Эксплуатациялық шығыстар, барлығы
Оның ішінде:
-басқару шығыстары, барлығы
-еңбекақы
-кеңсе тауарлары
-телефон төлемдері
-пошта шығындары
Өткізу шығындары
Жалдық төлемдер
Көлік шығындары
Жарнама
Сақтандыру
Жарнама
Салықтар
Сыйақылар
Амортизация
Ғылым шығындары
Басқа да шығындар
Салық салуға дейінгі табыс
Табыс салығы
Таза табыс

Аталмыш құжатты дайындау кәсіпорынға өнім өндіру табыстылығы, оның
рентабельділігі, өндірістік және өндірістік емес шығындардың деңгейі,
кәсіпорынның бюджет жүйесімен өзара қатынасы, күтілетін таза табыс көлемі
сияқты оның қызметінің маңызды жақтарын айқындауға мүмкіндік береді.
Ақшалай түсімдер мен төлемдер болжамы кәсіпорынның қалыпты қызмет
атқаруына қажетті ақшалай қаражаттарға деген қажеттілігі бағалайды. Ол
сондай-ақ ақшалай түсімдер мен төлемдердің сәйкестігін, кәсіпорынның
өтмділігін, яғни қаржылық міндеттемелерді өтеуге қажетті ақшалай
қаражаттардың нақтылығын тексеру үшін жасалады. Оның үлгісі келесі кестеде
көрсетілген.
4-кесте
Ақшалай түсімдер мен төлемдердің болжамы
Жылдар
Көрсеткіштер
1-жыл 2-жыл3-жыл
Айлар
1 2 ... 12
1.Нақтылы ақша (жыл басындағы)
2.Ақшалай қаражаттардың түсмі (өнім
өткізуден түсім, шоттар боййынша
түсімдер, алынған түсімдер және басқа
да түсімдер)
3.Барлық түсімдер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорында қаржылық жоспарлау жүргізу
Кәсіпорын бюджетін қалыптастыру әдісі
Қаржылық жоспарлау және болжау
Бюджет және бюджетті жоспарлау
БАСҚАРУ ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қаржылық жоспарлаудың объектісі
Бюджеттеу, бюджет түрлері және бюджеттік бақылау
Кәсіпорынның қаржылық жоспарлаудың қағидалары
Маркетинг жоспары
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ САЯСАТЫ МЕН ҚАРЖЫ МЕХАНИЗМІ
Пәндер