Халықаралық мемлекеттік кредит
Тақырып: Мемлекеттік кредит пен мемлекеттік борыш. КУРСОВАЯ
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
1. Мемлекеттік кредиттің мәні 4
2. Мемлекеттік кредиттің нысандары мен әдістері 7
3. Халықаралық мемлекеттік кредит 11
4. Мемлекеттік борыш және оны басқару. 15
Қорытынды 26
Қолданылған әдебиеттер тізімі 27
Кіріспе
Мемлекеттік кредит пен мемлекеттік борыш
17.1. Мемлекеттік кредиттің мәні
Мемлекет пен муниципалдық құрылымдардың (жергілікті атқарушы
органдардың) қарамағына заңды және жеке тұлғалардың бос ақша қаражаттары
несие капиталы ретінде уақытша пайдалануға шоғырландыру үшін және бюджет
тапшылығы проблемаларын шешу үшін тартылуы мүмкін. Оны алудың басты әдісі
мемлекеттік кредит болып табылады.
Мемлекеттік кредит — жалпымемлекеттік қаржының басты буындарының бірі
және кредит қатынастарының жиынтығы, бұл қатынастарда тараптардың бірі
мемлекет, заңды және жеке тұлғалар несиегерлер (кредиторлар) немесе
қарызгер болып табылады. Халықаралық экономикалық қатынастар саласында
мемлекет қарызгердің де, қарыз алушының да, несиегердің де рөлінде
көрінеді.
Мемлекеттік кредиттің ерекшелігі қарызға берілген қаражаттардың
қайтарымдылығында, мезгілдігінде және ақылығында. Алайда бұл қатынастарды
банк несиесімен шатастыруға болмайды. Несие қоры ұлғаймалы ұдайы өндіріс
процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында кәсіпорындар мен
ұйымдарды иесиелендіру және оның тиімділігін арттыру үшін пайдаланылады;
несиелерді жеке адамдар да ала алады. Шаруашылық жүргізуші субъектілерді
банктік несиелендіру несие қорын өнімді пайдалану болып табылады.
Мемлекеттік кредиттің көмегімен жұмылдырылған қаражаттар көбінесе
экономиканы қаржыландыруға багытталатындықтан оның өндірістік сипаты болуы
тиіс. Мемлекеттік кредит жөніндегі қатынастар мына негіздерде қаржы
қатынастарына кіреді:
мемлекеттік кредит жолымен жұмылдырылатын қаражатгар әр түрлі
қажеттіліктерді — өндірістік, өндірістік емес, сол сияқты стратегиялық,
оперативтік қажеттіліктерді де қаржыландыруға бағытталатын мемлекеттік
қаржы ресурстары ретінде қаралады;
алынған және берілген кредиттер үшін есеп айырысулар, олар үшін
пайыздар төлеу бюджеттердін қаражаттары есебінен жүргізіледі. Бюджет
кірістерінің негізгі және тұрақты бөлігін салықтық түсімдер құрайтындықтан
қарыздар арқылы жұмылдырылатын қаражаттар "антиципацияландырылған
салықтар", яғни мерзімінен бұрын өндіріп алынған салықтар деп саналады.
Қаржының бөлгіштік функциясы шеңберінде мемлекеттік кредит ақша
қаражаттарын (оларды кейін қайтару шартында) қайта бөлудің қосалқы
функциясын орындайды. Бұл халықтың, косіпорындар мен ұйымдардың уақытша бос
ақша қаражаттарын шоғырландырумен байланысты. Бұл функцияда мемлекеттік
кредит жинақ ақшаны ұйымдастыру нысандарының бірі болып табылады. Бұл
функция іс-әрекетінің объективті нәтижелері ұлғаймалы ұдайы өндірістің
ауқымын арттыру және оның қарқынын тездету болып табылады.
Мемлекеттік кредиттің екінші қосалқы функциясы — реттеу функциясы.
Бірінші кезекте мемлекет несиелік пайыздың мөлшеріне ықпал жасай отырып,
ақша ағындарын реттейді: несие капиталының рыногінде қаржыгер бола отырып,
ол бұл капиталға деген сұранымды арттырады, мұның нәтижесінде несие
капиталының нормасы артады. Сөйтіп, мемлекет бұл рыноктегі бәсекеге
араласады, одан жеке инвесторларды ығыстырады ("ығыстыру әсері"). Бұл
олардың бизнестің белгілі бір түрлерін инвестициялауын шектеуді тудырады.
Бір мезгілде мемлекеттің бағалы қағаздарын сатьш алу кезінде айналыстағы
ақшаның (қолма-қол ақшаның және қолма-қолсыз ақшаның) қысқаруына жеткізеді,
мұның өзі ақша эмиссияның зардаптарын жою үшін тиімді болуы мүмкін.
Сөйтіп, егер кредитгің қайта бөлгіштік функциясының көмегімен мемлекет
қаржы ресурстарын тікелей белгілі бір салаларға (немесе қажетті өндірістің
дамуына) бағыттайтын болса, реттеуші функция арқылы мемлекеттік несие
жөніндегі қатынастарға қатыспайтан шаруашылық қатынастарының субъектілеріне
қосымша жанама ықпал етуге жетеді.
Мемлекеттік кредиттің рөлі халықтың, кәсіпорындардың, ұйымдардың
уақытша бос қаражаттарын жұмылдырудагы мүмкіндіктеріне және оларды
мемлекеттің кезек күттірмейтін қажеттерін қаржыландыруға бағыттауға саяды.
Мемлекеттік кредит түрлері бойынша ішкі, сыртқы (халықаралық), шартты
болып ажыратылады (17.1 сызбаны қараңыз).
Ішкі кредитте мемлекеттік кредит қатынастары жан-жақты тұрғыда:
қарызгер кезінде де, несиегер ретінде де елдегі үкіметтің, биліктің
жергілікті органдарының, кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың арасында
пайда болады.
Халықаралық кредитте қатынастарға бір жағынан, үкімет биліктің
жергілікгі органдары, екінші жағынан басқа мемлекетгердің үкіметтері,
банктері, компаниялары, сондай-ақ халықаралық қар
-жы-банк ұйымдары араласады. Кредит беруші тарап мемлекет-донор немесе
ұйым-донор, ал кредит алушы ел реципиент-ел деп аталады.
Шартты мемлекеттік кредит отандық қарызгерлер: кәсіпорындар, ұйымдар,
фирмалар, жергілікті билік органдары алған қарыздарына басқа елдердің
несиегерлеріне берілген кепілдіктер бойынша үкіметтің міндеттемелері
ретінде болады. Қарыз шарттары орындалмаған жағдайда үкімет отандық
қарызгердің уақыты келген міндетгемелері бойынша қарызгердің мүлкінен
немесе басқа активтерінен бюджет қаражаттары есебінен қарыздың сомасын
төлейді.
17.2. Мемлекеттік кредиттің нысандары мен әдістері
Мемлекеттік кредиттің негізгі нысаны кредит қатынастары болып
көрінетін мемлекеттік қарыздар болып табылады, бұл қатынастарда мемлекет
негізінен қарызгер ретінде болады.
Қарыздар өтеу мезгілі, орны, орналастыру әдістері, қарыз валютасы,
эмитенттер, табыстылық түрлері бойынша ажыратылады. Өтеу мезгілі бойынша:
қысқа мерзімді (бір жылға дейін), орта мерзімді (1 жылдан 5 жылға дейін),
ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары) болып ажыратылады. Орналастыру орны бойынша
қарыздар ішкі және сыртқы қарыздар болып бөлінеді. Ішкі қарыздардың
облигацияларын шетел азаматтары мен қоғамдар сатып ала алады. Орналастыру
әдістері бойынша: еркін айналатын, жазылу бойынша орналастырылатын және
мәжбүрлеме қарыздар болып ажыратылады. Мемлекеттік қарыздар, әдетгегідей,
ақша нысанында шығарылады, бірақ қажет болғанда заттай нысаны да болады.
Мысалы, 1922-1923 жж. КСРО-да заттай қарыздар (екі нан және бір қант
қарыздары) шығарылды. Оларды шығару сол кездегі ақшаның тез құнсыздануымен
айқындалды. Осындай мақсатпен алтын қарыздар да (яғни алтын түрінде
есептелген қарыздар) шығарылды. Заттай қарыздарды өтеу не зат түрінде, не
қарызды өтеу мезетіндеп қанттың немесе нанның рыноктік бағасы бойынша
ақшамен жүргізілді. Бұл қарыздарды өтеу жыл бойы жүргізілді.
Эмитентке қарай қарыздар үкіметтіқ қарыздарына және биліктің
жергілікті органдарының қарыздарына (муниципалдық қарыздарға) ажыратылады.
Табыстылық түрлері бойынша қарыздар пайыздық (қарыз иелері жыл сайын
тең үлеспен бекітілген мөлшерлеме бойынша тұрлаулы табыс алады); ұтыс
немесе лотореялық (табыс облигациялардың өтеу тиражы немесе ұтыс тиражы
шыққанда төленеді) қарыздар болуы мүмкін. Аталған мемлекеттік қарыздардан
басқа олардың тарихында (бұрынғы КСРО бойынша) шаруа қарыздары (1924, 1925,
1927 жж.), үш индустрияландыру қарызы белгілі.
Сондай-ақ әскери қарыздар, 1946-1950 жж. халық шаруашылығын қалпына
келтіру және дамыту қарыздары (5 қарыз) белгілі.
Дербестікке ие болғаннан кейін Қазақстан Республикасында меншікті ішкі
қарыздарды қолдану басталды. 1992 ж. республика үкіметі Мемлекеттік ішкі
қарыз шығарды, ол кәсіпорындар мен ұйымдар арасында таратылды. Сол жылы
айналысқа 20 жылға (2012 жылға дейін) есептелінген Қазақстан
Республикасының мемлекеттік ішкі ұтыс қарызының бондары шығарылды. Қарыздар
бойынша ұтыстар жыл сайын 25, 50, 500 мың теңге көлемінде 4 рет ойналады.
1996 жылы Қазақстан Республикасында резидент және бейрезидент заңды
және жеке тұлғалар арасында номиналы 1000 теңгеге, айналым мерзімі 364
күнге тең мемлекеттік бағалы қағаздар болып табылатын Мемлекеттік ішкі
қарызының ұлттық жинақ облигациялары таратыла бастады. Ұлттық жинақ
облигацияларына жүзбелі табыстық пайыздары есептеліп, олар тоқсан сайын
төленіп тұрады.
Ақша ресурстарындағы қысқа мерзімді қажеттіліктерді жабу үшін
қарастырылған шараларды бюджеттен қаржыландыру кезінде кірістердің түспеген
немесе жеткіліксіз түскен кезінде кредиттің мемлекеттік қазынашылық
міндеттемелері (МҚМ) сияқты нысаны пайдаланылады. МҚМ қағазсыз нысанда
заңды тұлғаларға — коммерциялық банктерге, кәсіпорындарға, фирмаларға
арналып 3, 6, 9, 12 ай мерзімге шығарылады. Иелері арасында МҚМ-ді
орналастыру аукциондық сауда-саттықта жүргізіледі, онда міндеттемелердің
кезекті шығарылуының дисконтталынған бағасы белгіленеді. Қаржы министрлігі
оларды айналыс мерзімінің бітуіне қарай көрсетулі құны бойынша сатып алады.
Бұл бағалы қағаз номиналы (атаулы құны) мен дисконтты баға арасындағы
айырмашылық инвестордың табысын құрайды. Мемлекет МҚМ-ға есеп айырысу мен
шаруашылық операциялар бойынша қалыптасатын рыноктік бағалар бойынша
(жағдаятты ескере отырып) төлемдердің мәртебесін бере отырып, олардың
тұрақтылығына кепіл болады.
1999 жылдан бастап атаулы құны 100 АҚШ доллары болатын айналыс мерзімі
5 жыл арнаулы валюталық мемлекеттік облигацияларды (АВМЕКАМ) жинақтаушы
зейнетақы активтерін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы үкіметінің
атынан Қаржы министрлігі (эмитент) шығарды. Бұл облигациялар иелеріне өтеу
кезінде олардың атаулы құнын алуға және жылына 6,14% молшерінде сыйақы
(мүлде) алуға құқық береді.
Сонымен бірге Қаржы министрлігі бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін
пайдаланатын құралдардың түрлерін кеңейту мақсатында теңгенің еркін айырбас
бағамы жағдайында айналыс мерзімдері 3, 6, 9, 12 ай болып табылатын
мемлекеттік қазынашылық валюталық міндеттемелер (МЕКАВМ) шығаруды бастады.
Ол құжаттық емес нысанда және нақты 100 АҚШ долларына аукциондық әдіспен
анықталған дисконтталған баға бойынша орналастырылды. Қазынашылық
міндеттемелерді ұстаушылар Қазақстан Республикасы резиденттері де,
бейрезидентттері де болып табылатын заңды және жеке тұлғалар бола алады.
Инвесторлардың сатып алынған қазынашылық валюталық міндеттемелер үшін ақы
төлеу мен Қаржы Министрлігінің қазынашылық валюталық міндеттемелердің нақты
құнын өтеу төлеу күні мен өтеу күнінің қарсаңындағы әр эмиссиясының
шарттарын жариялау кезінде Қаржы министрлігі тағайындаған Ұлттық банктің
ресми бағамы бойынша теңгемен жүргізіледі.
Мемлекеттің шығыстарын қаржыландыруға пайдаланылатын несие қорын
қалыптастыруға мемлекеттік банктердегі халықтық салымдары бойынша
қалдықтардың бір бөлігін айналысқа қосу да мемлекеттік кредиттің нысаны
болып табылады.
Мемлекеттік кредиттің келесі нысаны — елдің орталық эмиссия банкінің
қаражаттарын тарту. Мемлекет айналыстағы ақша массасының инфляциялық
құнсыздануымен қосарланатын бұл нысанға мемлекеттік кредиттің әр түрлі
келеңсіз себептерден — дағдарысты жағдаяттардан, мемлекеттік бағалы
қағаздарға сенімнің жоғалуынан, төтенше жағдайлардан туатын басқа
нысандарын пайдалану мүмкіндігі болмаған жағдайда иек артады.
КСРО-ның практикасында мемлекеттік кредиттің нысаны ретінде бюджет
тапшылығын жабу үшін жалпымемлекеттік несие қорынан қарыз алу нысанының кең
таралғаны белгілі. Қаржыландырудың мұндай әдісі дүниежүзілік практикада
басқарудың тоталитарлық режімі орын алған мемлекеттерге тән. Ол инфляциялық
процестерді жоймайды, керісінше, оларды күшейтуі мүмкін. Сондықтан
Қазақстан Республикасының үкіметі 1998 жылдан бастап жалпымемлекеттік несие
қорының қаражаттарынан тікелей қарыз алуды тоқтатты.
Экономиканы тиімді реформалау міндеттерін сонымен қатар шетелдік
инвестицияларды кеңінен қатыстырмайынша да шешу мүмкін емес.
Бұл орайда сыртқы кредиттер мен қарыздарды тікелей шетелдік
инвестициялармен шатастырмау керек. Кредит пен қарыздардың бәрі
инвестицияларға жата бермейді. Әсіресе, 1993-1994 жылдардағы кредиттер мен
қарыздар инвестицияға кірмегенін айтқан жөн. Олар бюджет тапшылығын жабу
үшін, басқа да зәруліктерді қамтамасыз ету үшін жұмсалды.
"Мемлекеттік және мемлекет кепілдендірген қарыз алу мен борыш туралы"
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес қарыз алудың мынандай түрлерін
атауға болады: мемлекеттік қарыз алу және мемлекет кепілдендірген қарыз
алу.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік қарыз алуды оның үкіметі, Ұлттық
банкі және жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.
Үкіметтің қарыз алуы республикалық бюджеттің тапшылығын қаржыландыру
мақсатында, Ұлттық банктің қарыз алуы төлем балансын қолдау және Ұлттық
банктің алтынвалюта активтерін толықтыру мақсатында, сондай-ақ елдегі
жүргізіліп отырған ақша-кредит саясатымен айқындалатын басқа да
мақсаттарында жүзеге асырылады. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік
қарыз алуы аймақтық инвестициялық бағдарламаларды қаржыландыруға байланысты
жергілікті бюджеттің тапшылығын жабу мақсатында жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қарыздардың мынадай түрлері мен нысандары болады:
1. Қарызгерге қатысы бойынша:
Қазақстан Республикасы үкіметінің қарыздары;
Қазақсган Республикасы Ұлттық банкінің қарыздары;
Қазақстан Республикасы жергілікті атқарушы органдарының қарыздары
болып бөлінеді.
2. Несие капиталының рыногі бойынша:
сыртқы мемлекеттік қарыздар;
ішкі мемлекеттік қарыздар болып бөлінеді.
Қарыз алу нысаны бойынша:
мемлекеттік бағалы қағаздар эмиссиясы;
қарыз туралы шарттар (келісімдер) жасау болып бөлінеді.
Қолданылу мерзімі бойынша мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар:
айналыс мерзімі 1 жылға дейін, қысқа мерзімді;
айналыс мерзімі 1 жылдан 10 жылға дейін, орта мерзімді;
айналыс мерзімі 10 жылдан астам, ұзақ мерзімді болып бөлінеді.
Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар құжаттық және құжатсыз нысанда
(оны ұсынушылар үшін тек қана құжаттық нысанда), номиналды және
дисконтталған құны бойынша, сыйақының (мүлденің) бекітілген және
бекітілмеген (өзгермелі) мөлшерлемесімен шығарылуы мүмкін.
Қарыз туралы келіссөздер жүргізу, шарттарға (келісімдерге) қол қою
тәртібін, оның атынан эмиссияланатын мемлекеттік эмиссиялық бағалы
қағаздарды шығару, орналастыру, айналысқа түсіру, өтеу және оларға қызмет
керсету тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Мемлекеттік кредиттің әдістері әр түрлі және баяндалған нысандарға сай
келеді. Мемлекеттік қарыздарда — бұл қаражаттарды тартудың жоне оларды
кейін қайтарудың амалдары, тәсілдері: олар қарыздарды шығарудың шарттарымен
анықталады: табыстылықты анықтаудың және табыс алудың әдістері, іс-қимылдың
мерзімі, орналастыру амалдары (облигацияларды, бондарды еркін сатып алу
және сату; жазылу; мәжбүрлеме орналастыру), өтеу амалы (облигациялар
бойынша ұтыстар, қордаланган пайыздық кірісі бар облигацияларды төлеп
(сатып) алу; мерзімсіз қарыздарда — пайыздық кірісті дүркіндік төлеу).
Қарыздардагы әдістерге сондай-ақ мемлекеттің борышын басқару әдістері
де жатады (ары қарай қараңыз: жаңғырту (конверсия), нығайту (консолидация),
сәйкестендіру (унификация), қайта қаржыландыру).
МҚМ-да мыналар әдістер болып табылады: дисконттың мөлшері, кесіп
тастау бағасы (, құн бойынша өтеу, өтеу мерзімі, аукциондарды өткізудің
тәртібі (реті).
Мемлекеттік кредиттің нысандары кезінде — мемлекеттік банктердің
депозит ресурстарының қалдықтарын пайдалану кезінде мұндай қолданудың
шарттары әдістер болып табылады: мемлекеттік қаржы ресурстары ретінде
тартылатын ресурстардың үлесі, қайтару мерзімі, табыстылық нормасы. Елдің
орталық эмиссиялық банкісінің қаражаттарын тарту шарттары — әдістері ұқсас
болады; бұл әдістер мұндай қарыз алудың инфляциялық ықпалын азайтуы тиіс.
Мемлекеттік кредиттер нысанындағы әдістер кәдуілгі банк кредитінің
әдістеріне ұқсас болып келеді.
17.3. Халықаралық мемлекеттік кредит
Өзінің шығындарын жабуға мемлекет шетелдік кредиттерді де тартады.
Сыртқы экономикалық байланыстардың қарқындап өсуі халықаралық мемлекеттік
кредиттің тез дамуына жеткізіп, соның негізінде сыртқы берешектердің шапшаң
өсуіне себептер болып отыр. Мемлекеттер өзіне қажет қаржы ресурстарын
жұмылдыру үшін ұлттық шекарадан тысқары жерлердегі бос ақша көздерін барған
сайын белсенді пайдалануда. Компаниялар, банктер, сондай-ақ әр түрлі
елдердің мемлекеттік органдары кредит мәмілелерінің қатысушылары болып
отыр.
Халықаралық мемлекеттік кредит — халықаралық экономикалық қатынастар
сферасында елдердің материалдық ресурстарының қозғалысы, мемлекет
дүниежүзілік қаржы рыногінде борышкер немесе несиегер рөлінде болатын
қатынастардың жиынтығы. Бұл қатынастар мемлекеттік сыртқы қарыздар нысанын
қабылдайды және ішкі қарыздар секілді олар да қайтарымдылық, мерзімділік
және ақылық жағдайында беріледі. Алынған сыртқы қарыздардың сомасы
есептелген пайыздармен бірге елдің мемлекеттік борышына қосылады.
Мемлекеттік сыртқы қарыздар ақша және тауар нысанында беріледі. Несие
субъектісі мемлекеттік уәкілетті органдар арқылы елдер болып саналады.
Халықаралық кредит — бірқатар елдер мемлекеттерінің, банктерінің,
сондай-ақ басқа заңды және жеке тұлғаларының басқа елдердің мемлекеттеріне,
банктеріне және өзге де заңды және жеке тұлғаларына беретін қарыздары.
Сыртқы экономикалық байланыстардың дамуына байланысты халықаралық кредит
сферасында мына валюта-кредит ұйымдары барған сайын маңызды орын алып отыр:
Халықаралық Валюта Қоры (ХВҚ), Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі (ХҚАБ
Дүниежүзілік банкі) және оның ұйымдары — Дамудың Халықаралық Ассоциациясы
(ДХА), Инвестициялар Кепілдігінің Көпжақты Агенттігі (ИККА), Халықаралық
Қаржы Корпорациясы (ХҚК), Европа Қайта Құру және Даму Банкі (ЕҚДБ), Азия
Даму Банкі (АДБ), Ислам Даму Банкі (ИДБ) және басқалары. ХВҚ валюта
бағамдарын реттеу нормаларын белгілеу және оларды сақтауға бақылау жасау,
қатысушы елдер арасында валюталық шектеулерді жою, оларға төлем баланстарын
реттеу үшін қаражаттар беру арқылы халықаралық сауда мен валюталық
ынтымақтастыққа жәрдемдеседі.
Дүниежүзілік банк пен оның ұйымдары елдердің экономикалық дамуын
оларға техникалық көмек көрсету мен елдердің экономикалық әлуетін іске
асыруға қабілетті жобаларды қаржыландыру арқылы қолдап отырады.
Өзінің мәні жағынан халықаралық мемлекеттік кредит ұлғаймалы ұдайы
өндірісті қамтамасыз ету құралдарының бірі болып табылады, бірқатар
жағдайда дамушы елдерге экономикалық көмек көрсетудің құралы болып
саналады.
Халықаралық кредиттің қажеттігі экономикалық зандардың бүкіл
жиынтығымен айқындалады.
Халықаралық кредиттің дамуы мына факторларға байланысты болады:
еңбектің халықаралық бөлінісі мен экономикалық бірігу (интеграция);
өндірістің мамандандырылуы, қауымдасуы;
елдердің табиғи ресурстарымен және жұмыс күшімен әр түрлі қамтамасыз
етілуі;
жеке елдердің экономикалық дамуының біркелкі еместігін жеңіп шығудың
қажеттігі;
дамушы елдерге экономикалық көмек көрсетудің қажеттігі;
дамушы елдердің дамыған елдермен сауда-экономикалық ынтымақтастығы;
Халықаралық кредитке берілетін мемлекеттің кредит ресурстары:
қорланым қорларына жататын мемлекеттік бюджеттердің қаражаттарынан:
ұжымдық несие қорларынан (ұлттық және халықаралық банктердің меншікті
және тартылынды (тартылған) қаражаттары);
мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың қаражаттарынан тұрады.
Ақша нысанындағы халықаралық кредит ұлттық валюталарда және еркін
айырбасталымды валюталарда беріледі.
Халықаралық кредиттің функциясы мемлекеттердің сыртқы экономикалық
қызметі процесінде мерзімділік, ақылық және қайтарымдылық жағдайында тауар
және ақша ресурстарын қайта бөлу болып табылады.
Халықаралық кредитті пайдалану экономиканың дамуын тездетуге,
экономикалық дамудың деңгейлерін теңестіруге, сыртқы сауданың өсуіне,
экономикалық бірігуді тездетуге жәрдемдеседі.
Халықаралық кредиттің негізгі нысаны сыртқы қарыздар болып табылады.
Қарыз қаражаттары сыртқы сауда мәмілелерін жүзеге асыру немесе экспорт пен
импортқа жәрдемдесу — сыртқы сауданы несиелендіру үшін пайдаланылады.
Сыртқы сауданы несиелендіру кезінде кредиттерді беру, пайдалану және өтеу
елдердің тиісті бағдарламалары мен бюджеттерінде қарастырылады, мұның өзі
оларға өздерінің міндеттемелерін толық әрі бөгетсіз орындауына мүмкіндік
береді.
Халықаралық кредит нысандарында экономикалық дамуды қолдау мақсатымен
шетел мемлекеттері мен көпжақты ұйымдар беретін дамуға ресми көмек
ерекшеленеді. Кемек беру мақсаттарының коммерциялық емес сипаты болады,
яғни көпжақты валюта-кредит ұйымдары (ХҚАБ, ЕҚАБ, АДБ) өздерінің пайдасын
барынша көбейтуге ұмтылмайды, керісінше құрылымдық жаңғыртуды және
экономикалық өсуді қамтамасыз ететін сфераларды қаржыландырады. Мысалы, ХВҚ-
ның кредиттері Қазақстанға макроэкономикалық тұрақтандырудың және
құрылымдық реформалардың бағдарламаларына, теңгенің бағамын қолдауға
беріледі, мұның өзі басқа халықаралық ұйымдар қарыздарының елге түсу
шарттарының бірі болып табылады.
Халықаралық экономикалық қатынастар практикасында сондай-ақ экспорттық
немесе "байланыстырылған кредиттер " нысаны қолданылады. Мұндай кредиттерді
беру қарызгер-елге нақтылы тауарларды сатып алуға берілетін кредит олардың
жеткізілімімен "байланыстырылады". Әдетте байланыстырылған кредиттер
жеңілдік жағдайда беріледі, мұның езі өз еліндегі жеткіліксіз сұранымды
тауарларды басқа елдердің рыноктеріне қорғаудың қажеттілігінен туады.
Экспорттық кредиттерді пайдаланудың елдің сауда балансына ықпал
жасайтын зардабы болады. Қосымша қаржыландырудың есебінен импорт өседі, ал
бұл сауда балансының тапшылығын тудыруы немесе көбейтуі мүмкін. Бұдан
басқа, экспорттық кредиттер реципиент-елдегі экономикалық өсуге кері ықпал
жасайды, өйткені, біріншіден, тиісті қаражаттарды өндірістік сфераға салуға
мүмкін болар еді және болашақта ағымдағы қажеттіліктерді мезеттік
қанағаттандырудың орнына табыс әкелер еді; екіншіден, импортталатын
тауарлар неғұрлым сапалы және арзан тауарлар ретінде отандық тауарларды
ығыстырады немесе оларды өндіруді жаншиды. Қазіргі жағдайда жабдықты,
материалдарды, азық-түлікті сатып алу кезінде дамыған елдерде сыртқы сауда
ұйымдары мен сыртқы экономикалық банк контрактар мен келісімдер, соның
ішінде өтемдік келісімдер негізінде бұл елдердің банктері мен фирмаларынан
алатын банк және коммерциялық кредитгерді пайдаланады. Өтемдік келісімдер —
бұл сыртқы сауда келісімдерінің түрі, бұл келісімдер кезінде тауарды сатып
алушы оның құнын басқа тауарлар жеткізілімімен төлейді. Өтемдік келісімдер,
әдеттегідей, шетел банктерінен ұзақ мерзімді кредиттер алуды қарастырады,
бұл кредиттердің есебінен шетелдік фирмаларға белгілі бір объектіні салу
үшін олардан сатып алынатын тауарлар төленеді. Жеткізілімнің құны салынған
объектілер өнімінің экспорты есебінен өтеледі.
1996 жылдан бастап халықаралық қаржы рыноктерінде орналастыру үшін
Қазақстан АҚШ доллары мен еурода көрсетілген еуробондарды — егеменді
облигацияларды шығаруды бастады.
Мемлекеттік сыртқы қарыздардың мақсаты республикалық бюджет тапшылығын
қаржыландыру және төлем балансын сүйемелдеу болып табылады. Сыртқы қарыздар
бойынша үкімет алған қаражаттар республикалық бюджетке есептеледі және
бюджеттің атқарылуы ретінде пайдаланылады, ал Ұлттық банк алған қаражаттар
ақша-кредит саясатын іске асыру мақсатында пайдаланылады. Бұл қаражаттар
мақсатты арналымына қарай тікелей өтеусіз пайдалануға бағытталуы мүмкін
немесе қайтарылатын негізде ішкі (соңғы) қарызгерге берілуі мүмкін. Өтеусіз
пайдалану бюджеттен жұмсау (қаржы бөлу) немесе қаржыны Ұлттық банктің
пайдалануы жолымен жүзеге асырылады. Ішкі (соңғы) қаржыгерлер үшін қаржыны
кредит келісімшарттары бойынша қарыз беруші — Үкімет немесе Ұлттық банк
береді. Қарыз қаражаттарының мақсатты пайдалануына бақылауды заңнамаға және
кредит келісімшартына сәйкес қарыз беруші жүзеге асырады, ал келісілген
шарттар сақталмаған кезде тиісті санкциялар қолданылады.
Кредитті өтеу қабілетін бағалау үшін рейтинг агенттіктері елдің несие
рейтингін әзірлейді, бұл орайда мына аспектілерге назар аударылады:
Демократиялық саяси жүйені жасаудағы прогресс; мұны демократиялық
саяси институттардың тиімділігі, шешімдер қабылдау процесінің ашықтығы,
экономикалық реформаларды жүргізуге саяси жолды ұстаушылық және оларды
практикалық жүзеге асыруға қабілеттілік деп түсінеді.
Қаржылық тұрақтылыққа және экономикалық өсуге жетудегі жетістіктер.
Олар өзіне мыналарды қамтиды: фискалдық және монетарлық саясаттың
тиімділігі, ұлттық валютаның тұрақтылығы мен айырбасталымдығы кезінде
инфляцияның төменгі деңгейін ұстап тұру.
Нарықтық экономикаға көшудегі прогресс: экономикадағы жеке меншік
сектордың ролі (мемлекеттік секторды жекешелендірудің дәрежесі, жеке меншік
компаниялардың жетістіктері. кәсіпорындардың құрылымын өзгерту,
корпорациялық басқарудың тиімділігі, қоғамның салық салуға қатысындағы
өзгерістер және төлем тәртібі, экономикалық қызметті ырықтандыру (баға
белгілеудің еркіндігі, жаңа отандық және шетелдік компаниялар үшін
рыноктердің ашықтығы, сыртқы сауда мен инвестициялық ұйымдарына қатысу,
қаржыландырудың көзі ретіндегі шетелдік тура инвестициялардың ролі,
менеджменттің деңгейі, технологияларды беру арқылы бағаланады.
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы шетелдерден едәуір кредиттер
алды. Сондықтан валюта қаражаттарын ұтымды, үнемді жұмсаудың маңызы арта
түсуде. Олар бірінші кезекте тұтынуға арналған тауарларды шығаратын
кәсіпорындарды құру және жаңғырту және басым өндірістерді, яғни экономиканы
сауықтыру үшін белгіленген құрылымдық саясатты ескере отырып дамыту үшін
пайдаланылуы тиіс.
17.4. Мемлекеттік борыш және оны басқару
Мемлекеттік кредит қызметінің нәтижесінде мемлекеттік борыш түзіледі.
Мешекеттік борыш — бұл алынған және белгілі бір күнде өтелмеген мемлекеттік
қарыздардың сомасы (олар бойынша есептелген пайыздарды қоса). ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz