Құйылым шығындары


Тақырыбы. МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚАРЖЫСЫ. реферат
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 2
Мемлекет қаржысының жалпы сипаттамасы 3
І. Мемлекеттің экономикалық қызметі 3
2 Қоғамдық тауарлар, игіліктер және қызметтер көрсету. 7
3. Мемлекет қаржысының ұғымы және құрымы 10
ҚОРЫТЫНДЫ 15
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 16
КІРІСПЕ
Мемлекет қаржысының жалпы сипаттамасы
І. Мемлекеттің экономикалық қызметі
Кез келген қоғамда мемлекет бірқатар факторларға: қоғам дамуының тандап алынған үлгісіне, саяси құрылысына, қалыптасқан дәстүрлерге, сыртқы факторларға қарай экономикалық қызметке қатысады. Жалпы мемлекеттің қоғамдағы экономикалық қызметі оның мына функцияларында білінеді:
1) экономикалық дамудың қалыпты дамуына құқықтық базаны анықтау;
2) монополиялық қызмеггі шектеу және бәсекелестікті қорғау; 3) табыстар мен байлықты қайта бөлу;
4) экономиками тұрақтандыру;
5) ресурстарды қайта болу.
Аталған функциялардың іс-әрекеті тікелей немесе жанама түрде "қаржы" категориясын пайдаланумен байланысты болып келеді; айтарлықтай дәрежеде бұл байланыс мемлекеттің ү шінші, төртінші және бесінші функцияларында көрінеді.
Нарықтық жүйе табыстар мен байлықты алғашқы бөлуде айтарлықтай теңсіздікті тудыратындықтан мемлекет оларды қайта бөледі. Мемлекет азаматтардың (үй шаруашылықтарының) табыстарын теңестіру үшін салық салудың, трансферттердің, жалақыны реттеудің, бағалардың жүйелерін пайдаланады.
Мемлекеттің экономиканы тұрақтандыру жөніндегі іс-қимылы экономикалық жағдаяттың ауытқулары туғызатын жұмыспен қамтылуы және инфляция деңгейін бақылауды, сондай-ақ экономикалык өсуді ынталандыру жөніндегі шараларды қамтиды.
Экономикалык, ресурстарды қайта бөлу екі жағдаятта нарықтық жүйенің жетілмегендігінен барып туады:
1) бірқатар тауарларды өндірудің тепе-тендік көлемінің олардың оңтайлы колемінен ауытқуы;
2) ресурстарды болуден рыноктың бас тартуы немесе қоғамдық тауарларды, игіліктерді және қызметтер көрсетуді ұлғайту мен өндіру үшін оларды жеткілікті бөлмеу.
Бірінші жағдаятта тауарлар мен қызметтер көрсетудің бірқатарын өндіру немесе тұтыну бұл тауарларды тікелей өндіруші немесе тұтынушылар болып табылмайтын субъектілерде шығын тудырады немесе пайда келтіреді. Бұл құбылыс "жанама нәтижелер" немесе "құйылымдар" деп аталады және бұл шаруашылық процестердің қатысушылары емес адамдардың немесе топтардың пайдалары немесе шығындары болып табылады.
Құйылым шығындарына айналадағы ортаның ластануымен, шудың, тербелістердің, түрлі қолайсыздықтардың болуымен байланысты шығындар жатады. Бұл жағдайда өндірушілер өздерінің шығындарының бір бөлігін халыққа аударып салады және өндірушілердің шығындары азаяды. Нәтижесінде өндірушілерде өндірістің үлкен көлемі болуы мүмкін, демек, бұл тауарларды өндіру үшін ресурстар көбейтілген көлемде түсетін болады.
Құйылым щығындарын теңестіру үшін мемлекет ұсынымды шалатын мынадай реттеуші шараларды жүргізеді:
1) қызметті заңнамалық шектеу немесе оны зиянды әсер болмайтын жағдайларға жеткізу талабы; мұндай қызметтің нормалары мен стандарттарын сақтау шығындарды арттыруға және тепе-тең және оңтайлы көлемінің сәйкестігіне жеткізеді.
2) құйылым шығындарына тең немесе жақын арнаулы салықтарды енгізу, бұл шаруашылық жүргізуші субъектілердің жалпы шығындарын арттырады және тепе-тендіктің жай-күйін қамтамасыз етеді.
Екі жағдайда да өнімге немесе қызмет көрсетуге ресурстарды тым көп бөлу жойылатын болады.
Құйылым пайдаларын: білім беру, санитарлық-профилактикалық шаралар, медициналық көмек, ауа райын болжау, өрттен қорғау және басқа бірқатар қызметтер көрсету жасайды, бұлардан пайданы бұл игіліктерді нақты пайдаланушылар ғана емес, сонымен бірге жалпы қоғам да алады. Бұл қызметтер көрсетуді нақты пайдаланушылар тек нарықтық сұранымды қалыптастырады, ал құйылым пайдалары ақиқаттық мөлшерге дейін сұранымды толықтырады және қызмет көрсетудің қажетті көлемін белгілейді. Бұл жағдаят мұндай қызметтер көрсетуге ресурстарды бөлудің жеткіліксіздігін сипаттайды.
Құйылымдар пайдалары кезіндегі мемлекетгің реттеуші іс-қимылдары сұраным мен ұсынымды кобейтуге бағьпталған. Сұраным тұтынушыларды құйылым пайдаларын тудыратын тауарлар немесе қызметгер көрсетуді сатып алу үшін қосымша сатып алуға жарамдылықпен қамтамасыз ету жолымен арттырылады. Ұсыным өңдірушілерді қаражаттаңдыру жолымен арттырылады, бұл олардың шығындарын азайтады және өндірістерді кеңейтуге мүмкіндік береді.
Құйылым шығындарының іс-әрекет процесі сызбаларда көрсетілген. Бұл шығындардың болуының нәтижесінде (10. 1 сызба) ұсыным сызығы S ! жағдайында болады, яғни қоғамға аударып салынған шығындардың бөлігінен кәсіпорын босатылады. Барлық шығындарды қосқан жағдайда ұсыным сызығы 8, жағдайында болады; бұл орайда тепе-тең көлем 0, -ден Q2-re төмендейді, ал тепе-тең баға Р, -ден Р, -ге көбейеді. Ұсыным сызығының сапырылысуына жоғарыда айтылған мемлекеттің іс-қимылымен қол жетеді.
1 сызба. Құйылым шығындары
Құйылым пайдаларының іс-әрекеті (10. 2 сызба) D, сұраным сызығы тек оның нарықтық жагынан қамтып көрсететінін және Q2 сызығына сәйкес келетін сұранымның жалпы мөлшерін төмендететінін білдіреді, яғни нарықтық сұраным қоғамдық тауарлармен және қызметтер көрсетумен қамтамасыз етумен және оларды тұтынумен байланысты қоғамның барлық пайдасын қамтып керсетпейді. Сұранымның нарықтық мөлшері оңтайлы мөлшерінен аз болып шығады, ал бұл мақсаттарға жұмсалатын ресурстар жеткіліксіз колемде түседі.
2 сызба. Құйылым пайдалары.
Сұранымға құйылым пайдаларының әсері
Құйылым пайдаларын түзету 10. 3 сызбада кескінделген: "а" жайғасымында бұған қоғамдық тауарларды тұтынушыларды мемлекеттің қаражаттандыруы жолымен, ал "ө" жайғасымында өндірушілерді қаражаттандыру жолымен Dl -ден D2-re көбейтумен қол жетеді. Екі жағдайда бұл тауарларды өндірудің тепе-тең көлемі көбейеді, бірақ екінші жағдайда бұдан басқа оларға бағаны темендетуге қол жетеді.
3 сызба. Құйылым пайдаларын реттеу
а) сұранымды реттеу
ә) ұсынымды реттеу
2 Қоғамдық тауарлар, игіліктер және қызметтер көрсету.
Өндіріске және тиісінше белгілі бір тауарларды, игіліктерді және қызмсттер көрсетуді өндіретін, қамтамасыз ететін саларды қаржыландыруға мемлскет сондай-ақ тікслей қатыса алады. Олар қоғамдық және ә леуметтік деп аталады. Қоғамдық тауарлардың кәдуілгі рыноктық тауарлардан қағидалы айырмашылығы сол, олар бөлінбейді жөне шығарып тастау қағидатының іс-әрекетіне ұшырамайды.
Бөлінгіштік жеке сатып алушының тауарға қол жетушілігін, оның тап өзіне қажетті нақтылы тауарларды сатып алу мүмкіндігін қажет етеді, мұның өзі сатып алушының егемендігін анықтайды.
Шығарып тастау қағидаты тұтынушыны егер ол тауардың нарықтық бағасын төлей алмаса немесе төлегісі келмесе осы тауардан болатын пайдадан аластатуды білдіреді.
Қоғамдық тауарлар бөлінбейді, өйткені олар жеке сатып алушыларға бөлшектеніп сатылмайды және пайдаланушыларды әдеттегідей оларды пайдаланудан аластатуға болмайды, яғни бүл жерде шығарып тастау қағидаты іс-әрекет етпейді. Рыноктық тауарлардан алынған пайда оларды сатып алу кезінде, ал қоғамдық тауарлардан алынған пайда өндіру кезінде ажыратылады.
Елеулі сипаттағы қоғамдық тауарларга қалалар мен елді мекендердсгі абаттандыру объектілерінің құрылысы мен оларды: көше жарығын, көгалдандыруды, тротуарларды жөне басқа қолайлылықтарды ұстау; кеңірек аспектіде - құқықтық тәртіпті қорғау жөніндегі қызметтер, мемлекетті сырттан қол сұғушылықтардан қорғау, мемлекеттік басқару қызметтері жатады.
Бірқатар қызметтер көрсету шығарып тастау қағидатының ықпалына түсіп кетеді, яғни оларға баға белгілеугс және оларды кәсіпксрлік құрылымдар арқылы откізуге болады. Мысалы, біқатар медициналық қызмсттер, білім деңгейін көтеру, қағида бойынша, бұл қызметтср көрсету мсмлекст белгілген кепілдікті минимумнан жоғары қамтамасыз етіледі. Бұл қатарда мұражайлардың, кітапханалардың, қоғамдық теледидар мсн радиохабарын тарату қызметтері, жол желісі жоне басқалары. Оларды құйылымдардың елеулі пайдасын жаңғырту ерекшелігі біріктіреді, мұның нәтижесінде жеке меншік сектор оларды жеткілікті көлемде өндіруге бармайды. Сондықтан ресурстарды бөлудегі үйлесімсіздікті болдырмау үшін мемлекет едәуір дәрежеде оларды өндіру мен қаржыландыруды қамтамасыз етеді; бұл - "аралық, "қоғамдык, қызметтер көрсету немесе қоғамдық, сықайлы (мемлекеттік сьщайлы) тауалар (10. 4 сызбаны қара-ңыз) .
Кез келген жагдайда нарықтық жүйе не қогамдық тауарларға ("таза" қоғамдық тауарлар мен қызметтер көрсету үшін) ресурс
4 сызба. Тауар әлеміндегі қоғамдық тауарлар, қызметтер көрсету, игіліктер.
тарды белмейді, немесе оларды жеткіліксіз көлемде ("аралық" қоғамдық қызмсттер корсету үшін) беледі. Сондықтан мемлекеттің қаржы механизмі арқылы мұндай тауарларды, игіліктерді және қызметтер көрсетуді өндіру және қоғамды олардың белгілі бір көлемімен қамтамасыз ету туралы мемлекет шешім қабылдауы тиіс. Экономикалық ресурстарды қайта бөлуге салық-бюджет жүйесі арқылы жетеді: салық және басқа міндетті төлемдер арқылы, жекеше сектор дара, нарықтық тауарларды өндіруде, ал халық оларды тұтынуда шектелінеді. Сөйтіп, ресурстардың бір болігі мемлекеттік бюджетке беріліп, керекті қажеттіліктерді, қоғамдық мүдделерді қанағаттандыруды қамтамасыз етуші салалар, өндіріс қаржыландырылады.
Теориялық айкындамалар түрғысынан қоғамдық тауарлардың оңтайлы саны тұтынушы таңдауының теориясына, тұтынушылардың соңғы қосымша өлшемді толеуге жалпы әзір екендігі, яғни оның бағасы қоғамдық тауардың бұл өлшемінің шскті шығындарымен теңестірілгенде шекті пайданың шекті шығындарга (шекті пайдалылық, теориясы) сәйкестігі қағидаты бойынша баға мен өндіріс колемінің есептелуіне сәйкес анықталады. Алайда практикалық тұрғыда қоғамдық тауарларды пайдаланудан болатын өндіріс шығындары мен пайданы үнемі есептеу мүмкін емес, өйткені бірінші жағдайда құйылымның қосымша шығындарының болуы мүмкін, ал пайда көптеген тұтынушылар арасында «ыдырап тарап кетеді». Сондықтан қоғамдық тауарлардың санын «шығын пайданы» талдау әдісімен анықтау мемлекеттік органдардың шешімдерімен толықтырылады. Және жалпы қоғамдық тауарлармен қамтамасыз ету, оларды өндіру үшін экономикалық ресурстарды болу проблемалары мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясаттың, соның ішінде қаржы саясатының да предмет! болып табылады. Мұндай шешімдер демократиялық жолмен - ел азаматтарының оз еркін білдірумен қабылдануы тиіс, бұл саяси дау-ыс беру рәсімдеріне саяды. Сайлаушылар оздерінің ортақ мүдделері мен артықшылықтарын асқан дәрежеде қанағаттандыратын бағдарламалар мен олардың сыртында түрган партияларды, саяси жетекшілерді тандайды. Және, керісінше, олардың коңілін, разылығын ақтамаған және орындамаған немесе ішінара орындаған саяси жетекшілерді орындарынан кері шақырып алады. Сөйтіп, экономикалық ресурстарды қайта болу проблемасы саяси тұрғыдан салық-бюджет механизм! арқылы шешілетін мемлекеттің каржы саясаты шараларының аспектісіне ауысады және қоғам дамуының бұл кезеңінің мемлекеттік қаржы саясатының тиімділігі мен мақсатқа сайлығының мән-мағынасын құрайды.
3. Мемлекет қаржысының ұғымы және құрымы
Мемлекеттің қаржысы мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, саяси функцияларын орындау үшін оны қажетті ақша ресурстарымен қамтамасыз ететін елдің қаржы жүйесінің маңызды сферасы болып табылады және олар экономика мен социумдағы сан алуан озара байланыстарды қамтитын мемлекеттік сектордың өндірістік және әлеуметтік қатынастардағы іс-қимылымсн байланысты.
Экономикалық мәні жағынан мемлекеттің қаржысы мемлекеттің, оның кәсіпорындарының қаржы ресурстарын қалыптастырып, алынған қаражаттарды мемлекет пен оның
Социум лат. socium ортақ, бірлескен- белгілі бір типтің адами ортақтығы, мыс., тайпа, ұлт. кәсіпорындарының функцияларын орындауға пайдалану үшін қоғамдық өнімнің құны мен ұлттық байлықтың бір белігін бөлу және қайта бөлумен байланысты болатын ақша қатынастарын білдіреді.
Мемлекет (өзінің билік пен басқару органдары арқылы), бір жағынан, жеке кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер, азаматгар, басқа жағынан, бұл сферадағы ақша қатынастарының субектілері болып табылады.
Ішкі ұлттық өнімнің өсуімен салыстырғанда мемлекеттің шығыстары көлемінің озыңқы қарқынмен өсуі мемлекеттің қаржыларына тон сипат болып табылады. Бұл құбылыс XIX ғасырдағы неміс экономно! Вагнердің заңы - " Өспелі мемлекеттік белсенділікы" ретінде белгілі. Бұл заңға сәйкес өнеркәсіп саласы дамыған слдерде мемлекеттің шығындары өндіріс көлеміне қарағанда жылдамырақ өсуі тиіс. А. Вагнер мемлекеттік белсенділіктің есуін үш фактормен байланыстырады:
1) экономика дамуының нәтижесінде экономикалық тірліктің күрделенуімен және еңбек бөлінісінің тереңдеуімен; бұл мемлекет тарапынан тиімді және ұтымды экономиканы, құқық тәртібін, заң қызметтерін кеңейтуді қолдаудың қажеттігіне жеткізеді;
2) техника мен технологая дамуы капиталдың үлкен мөлшеріне қажеттілікті қажет етеді, бұл капиталды майда фирмалардың алдында артықшылықтары бар акционерлік компаниялар немесе мемлекттік корпорациялар қамтамасыз ете алады; мемлекет монополиялардың қызметін реттеу үшін техникалық шарттар бойынша олар құрылатын өндірістерге қатысуы тиіс;
3) көрсетілетін қызметтерден болатын пайда экономикалық бағалауға төзбейтін білім беру және денсаулық сақтау сфераларында мемлекет белсенділікті күшейтеді.
Сойтіп, Вагнердің заңы нарықтық шаруашылықтың белгілі бір шектеулілігін жөне экономикалық процестерді мемлекеттік реттеудің қажеттігін дәледдейді.
Мемлекет қаржысының функциялары экономикалық категория болып келеді: бұл - бөлумен бақылау функциялары (1. 2 бөлімді қараңыз) .
Алайда фукциядағы мемлекеттің қаржысын неғұрлым толық сипаттау үшін мемлекеттің реттеуші іс-қималдарының қажеттігінен туындайтын құрамдас қосалқы функцияларды бөліп көрсеткеннен (10. 1 бөлімдегі 3, 4, 5-іншітармақтар) ; бұл:
1) орналастыру;
2) қайта болгіштік;
3) тұрақтандыру қосалқы функциялары.
Орналастыру қосалқы функциясы қоғамдық тауарлар, игіліктер және қызметтер көрсету нарықтық жүйе арқылы қамтамасыз етілуі мүмкін еместігінде, мемлекеттің оларды өндіру және халықты қамтамасыз ету үшін ресурстарды белуі және орналастыруы қажет екендігінде корінеді. Мәселе шектеулі экономикалық ресурстарды «жекеше» және «қоғамдық» тауарлар арасында оңтайлы бөлуде және олардың құрылымы мен мөлшерін таңдауда болып отыр. Қоғамдық тауарлардың ресурстары көбінесе салықтардың есебінен қалыптасатындықтан, жекеше, рыноктық тауарларды өндірудің мүмкіндіктері шектелінеді, оңтайландыру проблемалары фискалдық саясат үшін қиын болып көрінуі мүмкін.
Түрлі фискалдық қүралдар арасында бөлініс көбінесе тікелей мыналар арқылы орындалады:
1) табысы томен үй шаруашылыгын қаражаттандыруды жоғары табыстарга үдемелі салық салумен ұштастыратын салықтық -траніфсрттік тәсімі арқылы;
2) баламалы түрдегі болініс жалдаушылардан темен табыс болатын тұрғын үй сықылды қогамдық шаруашылықты қаржыландыру үшін пайдаланылатын прогрессивті салықтар арқылы орындалуы мүмкін;
3) ақырында, қайта болуге табысы төмен тұтынушылар пайдаланатын басқа тауарларды қаражаттандыруды көбінесе жоғары табысты тұтынушылар сатып алатын тауарларға салынатын салықтармен ұштастыру арқылы жету мүмкін.
Саясаттың баламалы құралдарын тандауда тұтынушылардың немесе өндірушілердің тандауга араласуы болғанда котерілстін толық нәтижеленетін ысыраптар немесе тиімділік шығындары есепке алынуы тиіс. Салықтық - трансферттік механизм арқылы қайта бөлудің жеке тұтыну немесе өндірістік тандауға кедергі жасамай-тын артықшылыгы болады. Алайда тіпті бұл механизм де «тиімділік шығындарысыз» емес, сондықтан жанжалды тендік пен тиімді мақсаттарды теңгеруді табу қажет. Жүргізілетін оңтайлы саясат мүдделердің екеуіне қолданылуы тиіс.
Тұрақтандырудың қосалқы жуйесінің іс-әрекеті сыртқы сауда мен төлем балансының жай-күйінің нәтижелерін ескере отырып, жоғары жұмыспен қамтуға, баганы тұрақтандыру мен экономикалық осудің қолайлы дәрежесін қамтамасыз етуге саяды. Сонымен бірге мемлекеттік бюджеттің шығыстары және салық салу-дагы өзгерістер бойынша қатаң не шектеулі шараларды қолдана отырып, мемлекет жиынтық сұранымға ықпал жасайды.
Мемлекет қаржыларының экономикалық мазмұны бірыңғай емес: олардың құрамында жеке оқшауланған буындар бөлінеді, олардың әрқайсысы өзгеше функцияларды орындайды.
Мемлекеттің қаржысы республикалық және жергілікті деңгейлерде іс-әрекет етеді және мемлекеттік бюджетті, бюджеттен тыс қорларды, мемлекеттік кредитті, мемлекеттік жоне муниципалдык, кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржыларын кіріктіреді. Аталған буындардың түрлі функциялық арналымының арқасында мемлекет экономикалық, әлеуметтік, саяси процестердің үлкен спектріне, са-лалық жәнс аумақтық проблемаларды шешуге ықпал етеді. Экономикалық және әлеуметтік сферага мемлекеттік басшылықтың деңгейіне қарай мемлекеттің қаржысы жалпымемлекеттік (республикалық} және жергілікті (муниципалдық} қаржылар болып бөлінеді.
Функциялық арналымы бойынша мұндай сан алуан кдржылық байланыстардың арқасында мемлекст аумақтық, сондай-ақ салалық аспектілерде көптеген экономикалық және әлеуметтік процестерге ықпал жасай алады.
Егер қаржы қатынастарын топтастыру кезінде мемлекеттің экономика мен әлсуметтік процестергс басшылық жасау деңгейіне сүйенетін болсақ, онда Қазақстан Республикасындағы мемлекет қаржысының құрылымын шамамен мынадай түрде көрсетуге бо-лады (10. 5 сызба) .
5 сызба. Қазақстанның мемлекетгік каржысының құрамы
Мемлекет қаржысының құрамында республикалық және жсргілікті деңгейлерде қалыптасатын бюджеттік қатынастар мен өзара байланыстар маңызды рөл атқарады. Бюджеттік қатынастар комегімен мемлекеттік құрылымдардың қарамағына қаржылық әдіспен қайта болінетін ұлттық табыстың едәуір бөлігі жұмылдырылады. Түрлі деңгейдің бюджеттері - республикалық, жергілікті бюджеттер тиісінше өкімет пен басқарудың республикалық және жергілікті органдары үшін тірліктің қаржы базасы болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz