Жергілікті бюджет



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1.Жергілікті бюджет
2.Мемлекеттік шығын
3. Мемлекеттік бюджет
III. Қорытынды

Кіріспе

Жалпы мемлекеттік қаржылар.

Мемлекеттік қаржылардың жалпы сипаттамасы.

Қандай бір мемлекет болмасын оның қоғамдағы экономикалық қызметі
ірілендірілген түрде мына функцияларға бөлінеді:
- экономикалық дамудың қалыпты дамуына жәрдемдесетін
құқықтық базаны қамтамасыз ету;
- монополиялық қызметті шектеу және бәсекелестікті қорғау;
- табыстар мен байлықты қайта бөлу;
- экономиканы тұрақтандыру;
- ресурстарды
қайта бөлу;
Аталған функциялардың іс-қимылы тікелей немесе
жанама түрде “қар- жы” категориясын пайдаланумен байланысты
болып келеді; айтарлық- тай дәрежеде бұл байланыс мемлекеттің соңғы үш
функцияларында кө- рінеді. Мемлекеттік қаржылар мемлекеттің экономикалық,
әлеуметтік, саяси функцияларын орындау үшін оны қажетті ақша ресурстарымен
қамтамасыз ететін елдің жүйесінің маңызды сферасы болып табылады және олар
экономика мен бірге сан алуан өзара байланыстарды қамти- тын мемлекеттік
сектордың өндірістік және әлеуметтік қатынастардағы іс-қимылмен
байланысты.Мемлекеттік қаржылардың функциялары экономикалық категория
болып табылатын жалпы қаржылардың функ- цияларына ұқсас болып келеді: бұл –
бөлу мен бақылау функциялары. Мемлекеттік экономикалық мазмұны бірыңғай
бола бермейді, олардың құрамында жеке оқшауланған буындар болады және
олардың әрқайсы- сы өзгеше функцияларды атқарады. Республикалық және
жергілікті деңгейлерде іс-әрекет ететін және бюджетті, мемлекеттік несие,
мемле- кеттік және муниципалдық кәсіпорындардың қаржыларын қамтиды. Аталған
буындардың түрлі функционалдық арналымының арқасында мемлекет экономикалық,
әлеуметтік,саяси процестердің үлкен спекто- рына,салалық және аумақтық
проблемаларды шешуге ықпал етеді. Егер қаржы қатынастарын топтастыру
кезінде мемлекеттің экономика мен әлеуметтік процестерге басшылық жасау
деңгейіне сүйенетін болсақ, онда Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік
қаржылардың құрылымын мынадай түрде көрсетуге болады:
Қ.Р-ң мемлекеттік қаржылары : а)
республикалық
ә) жергілікті

Республикалық қаржылар : a) бюджет
ә) ресурстар

Жергілікті қаржылар : a) мемлекеттік несие
ә)
кәсіпорындар қаржысы Мемлекеттік қаржылардың құрамында
республикалық және жергілікті деңгейлерде қалыптасатын бюджеттік өзара
байланыстар маңызды рөл атқарады. Бюджеттік қатынастар көмегімен
мемлекеттік құрылымдардың қарамағында қаржылық әдіспен қайта бөлінетін
ұлттық табыстың едәуір бөлігі жұмылдырылады. Түрлі деңгейлердің бюджеттері
республикалық, жергілікті бюджеттер тиісінше өкімет пен басқарудың
республикалық және жергілікті органдары үшін тіршіліктің қаржы базасы болып
табылады. Қазақстан Республикасы аумағында жалпы функцияларды орындау үшін
республикалық бюджет қалыптастырылады. Оның ресурстары мемлекеттік мақсатты
кешенді бағдарламаларды қаржыландыруға, республикалық функцияларды
орындауға мүмкіндік береді.

Жергілікті бюджет.
Бюджеттік қатынастар жүйесінде жергілікті бюджеттерге маңызды орын
беріледі. Жергілікті бюджеттер көбінесе экономикалық процестерді реттеу
үшін пайдаланылады, өндіргіш күштерді орналастыруға ықпал етеді, жергілікті
кәсіпорындар шығаратын өнімнің бәсекелестік қабілетін арттыруға, аумақтық
инфрақұрылымды жасауға, еңбек ресурстарының ұдайы өсуі жөніндегі шығындарды
қаржыландыруға жәрдемдеседі. Жергілікті бюджеттер әлеуметтік
бағдарламаларды жүзеге асыруда зор роль атқарады.Мемлекеттік несиенің
мазмұнын құрайтын ақшалай қатынастар мемлекеттік қаржылардың өзгеше бөлігі
болып табылады. Мемлекеттік несие қатынастары кәсіпорындардың, ұйымдар мен
халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдыруға және оларды мемлекеттік шығындарды
қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін билік органдарына уақытша беруге
байланысты пайда болады. Заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос ақшаларын
мемлекеттің жұмылдыруы қаржы рыногында облигацияларды , қазынашылық
міндеттемелерді және мемлекеттік бағалы қағаздардың басқа түрлерін сату
арқылы жүзеге асады. Займдар мен қазынашылық ссудалар мемлекеттік несиенің
басты нысандары болып табылады. Мемлекеттік несие экономиканы нығайтуда
және оны қаржы жағынан сауықтыруда маңызды роль атқарады Мемлекеттік
сектордың іс-әрекет етуі мемлекеттік меншіктің болуына негізделген.
Меншікті жіктеу тұрғысынан мемлекеттік заңды ұйымдардың мүлкі және
мемлекеттік қазына болып ажыратылады.Мемлекеттік заңды тұлғалардың мүлкі
заңмен оқшауланған және мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысының
іс-әрекет етуі үшін негіз болады.
Мемлекттік қазына республикалық және жергілікті қазына болып бөлінеді.
Республикалық қазына мыналарды қамтиды:
-республикалық бюджеттің қаражаттары;
-мемлекеттің алтын валюта қаражаттары;
-мемлекеттің меншік құқығының мүлкі;
-коммуналдық меншікке жататын оқшауланбаған мүлік.
Қосымша өнімнің және тиісінше таза табыстың аса маңызды бөлігі
“пайда” болып табылады. Онда кәсіпорынның шаруашылық қызметінің
барлық жақтары неғұрлым толық бейнеледі. Сондықтан пайда өндіріс
тиімділігін маңызды құндық көрсеткіштердің бірі болып табылады.
Жергілікті қазына жергілікті бюджеттің қаражаттары мен коммуналды
меншікке жататын оқшауланбаған мүлікті қамтиды.

Мемлекеттік шығындар.

Мемлекеттік шығындар – бұл мемлекеттің іс-әрекет етуімен байланысты
ақша шығындары. Экономикалық категория ретінде олар қоғамдық өндірісті
дамытып, жетілдіру, қоғамның сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру
мақсатында жалпы ішкі өнімнің бір бөлігін бөлу және тұтынумен байланысты
экономикалық қатынастарды білдіреді.
Мемлекеттік шығындар -мемлекеттің қаржы
саясатының маңызды құралы, оның орталықтандырылған және
орталықтандырылмаған кірістерін пайдалануға байланысты болатын қаржы
қатынастарының бір бөлігі. Мемлекет шығындарының өзгешелігі сол, ол
қызметтің тек мемлекеттік қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Сондықтан
мемлекет шығындарының мазмұны мен сипаты мемлекеттің экономикалық,
әлеуметтік, басқару, қорғаныс және т. б. функцияларымен тікелей
байланысты. Мемлекеттің шығындары мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асатын
мемлекеттің тікелей шығындары мен өндірістік жәнеөндірістік салалардың
мемлекеттік кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің шығындарынан
тұрады.
Шаруашылық жүргізудің әртүрлі жүйесінде және типті экономика дамуының
түрлі кезеңдерінде мемлекеттің ролі, оның функциялары мен қызмет саласы
өзгеріп отырғандықтан бұған сәйкес мемлекеттің жасайтын шығындарының
құрамы мен көлемі тиісінше өзгеріп отырады. Мемлеккеттік шығындарының
құрамына мемлекеттік бюджеттің шығыстары, мемлекеттік кәсіпорындар мен
ұйымдардың, өндірістік және өндірістік емес сфералар мекемелерінің
шығындары кіреді. Мемлекеттік сектордың кәсіпорындары шығындарының
құрамына мыналар кіреді:
- өндірістік, шаруашылық қызметпен байланысты шығындар;
- ұлғаймалы ұдайы өндіріске жұмсалатын шығындар;
- бюджетке төленетін төлемдер;
Басқа категориялардың арасында мемлекет шығындарының жайы мемлекеттік
меншіктің маңызы мен мемлекеттің қазіргі жағдайдағы ролі мен анықталады.
Мемлекет шығындарының басым бөлігі қоғамдық тауарды, игіліктерді және
қызметтерді өндіруге немесе олармен халықты қамтамасыз етуге бағытталады,
бұл мемлекет шығындарының ролін айқындайды.Бағыттары мен мақсаттары
арналымы бойынша шығындардың барлық түрлерінің жиынтығы мемлекеттік
шығындардың жүйесін құрайды. Мемлекет шығындарының басым бөлігі мемлекеттің
бюджет қорында болады. Мемлекет шығындарының бір бөлігі салық төлемдері,

займдардан түсетін түсімдер
түріндегі халықтың қаражаттарымен жабылады. Мемлекеттік шығындарды
қаржыландыру үшін банктердің ұзақ мерзімді несиелері тартылады.
Мемлекет шығындары ішкі және сыртқы займдар есебінен жабылады.
Мемлекеттің шығындарын ұйымдастыруға оларды болжау, сондай-ақ оларды
қаржыландару мен қаражаттары арқылы қол жетеді.Сондықтан мемлекеттің
шығындарын ұйымдастыру қағидаларының бірі жоспарлық болып табылады.
Мемлекеттік шығындарын жоспарлаудың басты әдісі-теңгерімдік әдіс.
Мемлекеттік шығындарды қаржыландырудың мақсаты сипаты мем-лекеттің
қаражаттарын қатаң белгілі бір шараларға пайдалануды талап етеді. Мұның
негізінде ұлттық шаруашылықтың және аймақтың жекелеген салаларын
арақатыстарға жету, қаржылардың ең алдымен ғылыми-техникалық прогресті
айқындайтын неғұрлым перспективті және прогресивті салаларға бөлу аса
маңызды әлеуметтік порблемаларды шешу қамтамасыз етіледі.
Мемлекеттің шығындарын қаржыландырудың қайтарусыз сипаты берілген
ресурстарды тікелей төлеуді талап етеді; бұл пайдаланылатын қаржы
ресурстарының тиімділігін арттырады.
Дамуды жоспарлар мен болжамдардың орындалуына қарай қаржыландыру қаржы
ресурстарын тек өндірістік көрсеткіштер орындалғанда және шараларды
экономикалық-әлеуметтік дамудың болжамдарына сәйкес жүзеге кезде бөлуді
қажет етеді.
Ресурстарды пайдалануда үнем режимін сақтау- мемлекеттік шығындарды
ұйымдастырудың маңызды қағидасы, ол ішкі резервтерді жұмылдыруға өндірістік
және өндірістік емес сфералардың барлық бөлімдерінде мемлекет қаражаттарына
бақылауды күшейтүге, оларды ұтымды әрі құнды пайдалануға бағытталған.
Мемлекеттің шығындарын ұйымдастырудың қажетті қағидасы оларды жабудың
бюджет, несие және меншікті көздерінің оңтайлы үйлесуі болып табылады.
Мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандырудың көздеріндегі,
нысандарындағы және әдістеріндегі айырмашылықтар осыған байланысты болады.
Мемлекетттің шығындарын шектеудің (айырудың) аса маңызды крийтерийі
материалдық өндіріс пен ұлттық табысты жасаудың процесінде олардың қатысы
болып табылады. Осыған сәйкес мемлекеттік шығындар экономикалық мазмұны
бойынша үш негізгі топқа бөлінеді:

.
-материялдық өзгеріспен тікелей байланысты және өндірістік сфераға жататын
шығындар;
- қызметің өндірістік емес сферасындағы шығындар;
- үкіметтік резервтерді жасау шығындары;
Шығындардың бірінші тобы мемлекеттің шаруашылық қызметімен және ұлттық
табысты жасаумен байланысты.
Мемлекет шығындарының екінші тобы қоғамдық қажеттіліктерді
қанағаттандыру үшін ұлттық табысты тұтынумен байланысты. Өндірістік емес
сфераға жұмсалатын шығындар ең алдымен білім беру мен денсаулық сақтау
мекемелерін ұстауға, ғылым мен мәдениетті дамытуға, қоғамның барлық
мүшелерін әлеуметтік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жергілікті бюджеттердің құрылымы
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бюджет үдерісі
Экономиканың тұрақты дамуы жағдайындағы бюджет саясатының ахуалы
Жергілікті қаржының мәні мен маңызы
Бюджет жүйесі туралы ақпарат
ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТІ ҰЛҒАЙТУ ЖОЛДАРЫ
Бюджеттік көрсеткіштерді экономикалық талдау
Жергілікті бюджет және жергілікті салық салу жүйесінін құрылымы.
Жергілікті бюджеттің экономикалық мәні және мазмұны
Бюджетаралық қатынас: жағдайы мен дамуы
Пәндер