Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі------------------------ ---3

1.1 Қаржы министрлігінің тарихы, құрылуы және құзіреттері-------------------
-3
1.2 Қаржы министрлігінің атқаратын міндеттері------------------------- ------
-----5
1.3 Қаржы полициясы агенттігі-------------------------- ---------------------
-----------6
1.4 Қаржы министрлігінің құқықтары-------------------------- ----------------
--------9
1.5 Қаржы министрлігінің функциялары------------------------ ----------------
-----10
1.6 Қаржы полициясы агенттігінің басқару органдары--------------------------
--12

Пайдаланылған әдебиеттер------------------------- ---------------------------
-------14

І. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
1.1 Қаржы министрлігінің тарихы, құрылуы және құзіреттері
Қаржы Министрлігінің мынадай құзіреттері бар:
✓ Қазынашылық комитеті,
✓ Қаржылық бақылау комитеті,
✓ Салық комитеті,
✓ Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті.
✓ Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитет.
Қазынашылық комитетінің ұйымдық құрылымы Қаржы министрлігі
құрамындағы Қазынашылықтың орталық аппаратынан және оған бағыныстағы
аймақтық бөлімшелерден тұрады.
Қазынашылық органдары мынадай міндеттер мен функцияларды орындайды:
республикалық бюджетті ұйымдастыру, оның кассалық атқарылуын жүзеге
асыру, жергілікті бюджеттерге есеп-қисаптық-кассалық қызмет көрсету және
мемлекеттік бюджеттің орындалуын бақылау;
касса бірлігі қағидатын негіздей отырып, қазынашылықтың шоттарындағы
ақша қаражаттарын басқару;
республикалық және жергілікті бюджеттер арасында өзара есеп айырысуды
енгізу;
республикалық және жергілікті бюджеттер арасында салықтарды және басқа
міндетті төлемдерді бөлуді қамтамасыз ету және оларды түрлі деңгейлердің
бюджеттеріне есептеу;
мемлекеттік мекемелердің валюталық операцияларын басқару және есепке
алу, оларды жүргізген кезде заңнамалықтың сақталуы жөнінде тексерулер
ұйымдастыру т.б.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық департаменті
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бекітетін республикалық бюджет
шығыстарының кестесіне сәйкес, сондай-ақ қолда бар қаржылық ресурстардың
шегінде ұйымдарға Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1995 жылгы 18
қыркүйектегі N 239 "Қаржылық жоспарды жасау және қолма-қол ақшаның ағысын
болжау жөніндегі" Нұсқаулығында айқындалған және Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің 1996 жылғы 5 маусымдағы N 130 бұйрығымен енгізілген
өзгерістердің тәртібімен ұйымдарға қазынашылық рұқсаттар береді.
Қазынашылық ұйымдарында министрліктің 2-үлгідегі шешімінің және
төменде тұрған бюджеттік қаржыларды басқарушының 2-үлгідегі шешімінің
негізінде ұйымдардың шығыстарына және орталықтандырылған шараларға бір
бюджеттік шот ашылады.
▪ Министрліктің қарауындағы комитеттер мен мемлекеттік ұйымдардың
бұйрықтарын, өзге де кесімдерін тоқтатуға немесе тоқтата тұруға;
▪ акционерлік қоғамдардағы мемлекеттік үлеске және республикалық
меншіктегі басқа да мүлікке иелік етуге, пайдалануға, сондай-ақ
заңнамалық актілермен және Үкімет белгілеген жағдайларда билік
етуге;
▪ өз құзырындағы мәселелер бойынша халықаралық ұйымдармен
ынтымақтастықты жүзеге асыруға;
▪ бірыңғай қазынашылық шоттағы және Қазынашылық комитетінің
корреспонденттік шоттарындағы ағымдағы қалдықтарды Үкімет
белгілеген тәртіппен тиімді орналастыру жолымен басқаруды жүзеге
асыруға;
▪ бюджеттік заңнамада көзделген жағдайларда бюджет қаражаттарын
қайтарып алуға, қаржыландыруды тоқтата тұруға;
▪ қымбат бағалы металдар мен асыл тастарды басқаруды, есебін және
сақтауды ұйымдастыруды жүргізуге;
▪ ұлттық және шетелдік валютада банктік: операциялардың жекелеген
түрлерін жүзеге асыруға;
▪ өзіне заңдармен жүктелген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға
құқықтары бар.
1.2 Қаржы Министрлігінің атқаратын міндеттері

Қаржы Министрлігінің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
➢ республикалық бюджеттің атқарылуын және жергілікті бюджеттердің
атқарылуына кассалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;
➢ салықтардың, алымдардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті
төлемдердің түсуін және өзге де бюджетке түсетін түсімдерді,
міндетті зейнетақы жарналарының толық және уақытылы аударылуын,
шикізат секторы ұйымдарынан бюджетке түсетін түсімдер бөлігінің
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударылуын қамтамасыз ету;
➢ өз құзыры шегінде республикалық және жергілікті бюджеттер
қаражатының тиімді және мақсатты пайдалануын бақылау;
➢ мемлекеттік меншікті басқарудың тиімділігін арттыру;
➢ мемлекеттік салық саясатын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
➢ банкроттық рәсімін жүргізуге (банктерді және сақтандыру (қайта
сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда), сондай-ақ соттан тыс рәсімде
дәрменсіз борышкерді таратуға мемлекеттік бақылау;
➢ алкоголь өнімдері мен этил спиртінің өндірілуін және оның
айналымын мемлекеттік реттеу;
➢ өз құзыры шегінде Қазақстан Республикасының экономикалық
қауіпсіздігін жүзеге асыру;
➢ Министрліктің құзыры шегінде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге
асыру;
Қаржы Министрлігі жүйесіндегі ең көбі жергілікті қаржы органдарының
аппараты, ол облыстық, қалалық, аудандық қаржы 6асқармалары мен бөлімдерін,
салық комитеттерін қамтиды. Олар басқару жөніндегі жұмыстарды жүргізеді,
яғни жергілікті бюджеттердің атқарылуымен, ішкі шаруашылық резервтерді
анықтаумен және шаруашылық кешенінің және әлеуметтік-мәдени сфераның барлық
буындарында ресурстарды үнемдеуді іздестіру мен айналысады.
Қаланың қалалық қаржы басқармасының құрылымы мыналарды қамтиды:
➢ Басшылық (меңгеруші, оның орынбасарлары);
➢ Кадр бөлімі;
➢ Бюджет бөлімі;
➢ Бюджет қаражаттарының атқарылуын бақылау жөніндегі бөлім;
➢ Бөлім және мәдениет мекемелерін қаржыландыру бөлімі;
➢ Денсаулық сақтау мекемелерін қаржыландыру бөлімі;
➢ Жергілікті бюджеттің атқарылуы жөніндегі бөлім;
➢ Материалдық өндіріс пен өндірістік емес сфера салаларын
қаржыландыру бөлімі;
➢ Халықты әлеуметтік қорғауды қаржыландыру бөлімі;
➢ Басқару аппараты органдарын қаржыландыру бөлімі;
➢ Қаржы органдарын қаржыландыру бөлімі.
Елімізде Республикалық бюджеттің атқарылуын сыртқы бақылаумен
байланысты мәселелермен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау
жөніндегі есеп комитеті айналысады, ол Президентке тікелей бағынатын және
есеп беретін республикалық бюджеттің атқарылуын сыртқы бақылауды жүзеге
асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

1.3 Қаржы полициясы агенттігі
Қаржы полициясы агенттігі Қазақстан Республикасы Президентінің
"Қазақстан Республикасының кұкық қорғау қызметін жетілдіру жөніндегі
шаралар туралы" 2001 жылғы 22 қаңтардағы Жарлығына сәйкес Қазақстан
Республикасының құқық корғау қызметін жетілдіру мақсатында құрылды.
Қаржы полициясы агенттігін ұйымдастыруды және қызметін реттейтін
негізгі заң актілері Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан
Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтары,
Қазакстан Республикасы Үкіметінін қаулылары және өзге де нормативтік
құқықтық актілер, соның ішінде Қазақстан Республикасының халыкаралык
шарттары мен ҚР Үкіметінің 2001 жылғы 27 ақпандағы қаулысымен25 бекітілген
"Қаржы полициясы агенттігі туралы" ереже болып табылады.

Қазіргі кезде ҚР Қаржы полициясы агенттігі өз кызметін елдің
экономикалық және қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жүзеге
асырады.
Қаржы полциясы агенттігі Үкіметтің 2001 жылғы 27 ақпандағы № 283
қаулысымен бекітілген Ережеге сәйкес Қазақстан Республикасының экономикалық
қауіпсіздігін қамтамасыз ету ; максатында экономика және қаржы қызметі
саласында құқық бұзушылыктардың алдын алу, анықтау, жолын кесу мен тергеу
бойынша басшылыкты, сондай-ақ заңнамамен көзделген шекте -салааралық
үйлестіруді әрі өзге де арнайы атқарушы және рұқсат етуші функцияларды
жүзеге асырушы Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамына кірмейтін орталық
атқарушы орган болып табылады.
Агенттік құқық қорғау органы болып табылады. Агенттіктің негізгі
міндеттері: 1) экономика және қаржы қызметі саласында құқық бұзу-
шылықтардың алдын алу, анықтау және жолын кесу;
2) Қазақстан Республикасының экономикалык қауіпсіздігін қамтамасыз ету
бойынша, оның ішінде экономика және қаржы қызметі саласында құқық
бұзушылықтарды тергеу бойынша, сон-дай-ақ салықтарды, кеден алымдарын және
бюджетке төленетін баска да міндетті төлемдерді төлеуден жалтаруға, заңсыз
жолмен табылған ақшалай қаражаттарды немесе өзге де мүлікті заңдастыруға
(тазартуға) байланысты қаржы полициясы органдарының тиімді іс-қимыл жасауын
ұйымдастыру;
3) экономика және қаржы кызметі саласында құқық бұзушылықтар жасаған
немесе соларды жасағанына күдікті адамдарды іздестіруді жүзеге асыру,
сондай-ақ мемлекетке келтірілген зиянды өтеуге шаралар қабылдау;
4) республикадағы жедел жағдайды талдау және болжау, экономика және
қаржы кызметі саласында заңдылықты нығайту жөнінде ұсыныстар әзірлеу әрі
қаржы полициясы органдарының кірісуін талап ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік бюджетті қалыптастыру механизмі
Сыртқы істер Министрлігінің Валюта-қаржы департаменті
ҚР Қаржы Министрлігінің мамандандырылған комитеттері
Салық басқармаларының функционалдық міндеттері
КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУДЫҢ ПРИНЦИПТЕРІ
Қаржы, каржы шаруашылыгы және каржы жүйесі жайлы
Тәжірибеден өту базасы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің Үржар Ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы
Қазынашылық жүйе
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні туралы
Қаржы саясаты - экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі
Пәндер