Қаржылық лизинг



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
М А З М Ұ Н Ы

КІРІСПЕ 2
1 ТАРАУ. ҚАРЖЫ ЛИЗИНГІНІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ 3
1.1. Қаржы лизингінің түсінігі және оның түрлері 3
1.2. Лизинг түрлерінің салыстырмалы сипаттамалары және ерекшеліктері 9
ҚОРЫТЫНДЫ 12
Пайдаланылған нормативтік-құқықтық актілер 13
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 13

КІРІСПЕ

Қазіргі жағдайда Қазақстан экономикасының дамуы оның барлық
салаларындағы терең нарықтық өзгертулер бойынша шаралар жүргізуге және
экономикалық өсуді қамтамасыз етуге бағытталған. Қазақстан Республикасының
стратегиялық даму бағдарламасы 2030 жылға дейін халық шаруашылығын
басқарудағы елеулі оңды өзгертулерді қарастырады. Экономиканы басқару
стратегиясында лизинг механизміне елеулі мән беріледі, себебі, онда отандық
кәсіпкерлік нарықтың дамуына үлкен потенциал салынған.
Өз қаржы ресурстарының, бюджеттік қаражаттың және шетелдік инвестиция
шектеулілігі жағдайында қазақстан кәсіпорындары жаңа техниканы лезде сатып
алуға мүмкіндігі, құрал-жабдықтарды өндірушілердің өздері елеулі қаржы
ресурстарын қажет етеді, банктер шаруашылық субъектілерді несиелендіру үшін
лезде кепіл сұрайды.
Кәсіпорындардың техникалық жабдықталу жағдайы негізгі қорлардың
физикалық және моральдік тозудың шекті деңгейін жағдайы негізгі қорлардың
және аморальдік тозудың шекті деңгейін көрсетіп отыр. Аталған факторлардың
барлығы ұлттық экономикаға теріс әсер етеді және негізгі құралдарды
жаңартудың альтернативті жолдарын іздеуді талап етеді.
Лизингтік қатынастардың құрылуы және дамуы қазақстандық кәсіпорындардың
техникалық потенциалын қайта құруға жағдайлармен және мүмкіндіктермен
қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Шағын кәсіпорындар үшін ерекше
қажеттілігі: мүліктің рухани ескіруіне байланысты шығынға жол бермеу;
келісімді 100 пайыз қаржыландыруды қамтамасыз ету, жалгерлік төлемге
қолайлы жағдай туғызуға келісу, ағымдағы шағын ретінде қаралатын жалгерлік
өтем қаржысына салынатын таза табыс салығының бір бөлігін азайту.
Халықаралық ақша айналымында лизинг елдердің жалға берушілеріне салық
жеңілдіктерін пайдалануға мүмкіндік бередің1. Бірақ, қазіргі уақытта
республикадағы лизингтің даму деңгейі оған қойылатын талаптарға толық
сәйкес келмейді. Бұл лизингтің қолданылатын экономикалық-ұйымдық
механизмдердің әлсіз тиімділігімен, лизингті басқару сұрақтары бойынша
заңдық және құқықтық актілердің жетілмегендігімен, ұсынылатын лизингтік
қызметтердің құрамы мен сипаты туралы ақпараттық базаның
жеткіліксіздігімен, лизингтік қатынастарда толық қатысу үшін көптеген
лизинг алушылардың психологиялық дайынсыздығы, көптеген лизингтік
компаниялардың инвестициялық потенциалының әлсіздігімен түсіндіріледі.
Осыған байланысты бүгінгі таңда көптеген лизингтік компаниялар банктік және
сақтандыру секторының, олардың лизингтік фирмалардың қызметінде тікелей
қатысуымен және лизингтік қызмет сферасын кеңейту үшін клиент тартуымен
қаржылық ресурстарын тарту арқылы кеңею саясатын жүргізеді. Бұдан басқа,
лизингтік компаниялардың ассоциацияларға және одақтарға бірігу тенденциясы
байқалуда, бірақ лизингтік қатынастардың бұл жағы пайда болу және тұрғызылу
кезеңінде болып отыр және Қазақстан жағдайында лизингті пайдалану
тиімділігінің экономикалық-ұйымдастырушылық факторларды зерттеуді қажет
етеді.
Лизингтік компаниялар мен ассоциациялар жұмыс істеуінің экономикалық
тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін лизинг бойынша заңдық және нормативтік
базаны жетілдіру бойынша шаралар қолдану, лизингтік қатынастарға барлық
қатысушылардың мүдделерінің жақындауы үшін жағдай жасау керек.

1 ТАРАУ. ҚАРЖЫ ЛИЗИНГІНІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ

1.1. Қаржы лизингінің түсінігі және оның түрлері

Инновациялық процестердегі лизингтің рөлін терең анықтау үшін лизингтің
экономикалық мәнін және оның қаржы ресурстарының жетіспеушілігі жағдайында
негізгі қорларды қайта құру процесіне ықпалын анықтау керек.
Лизинг термині ағылшынның lease етістігінен шықты және жал деп
аударылады, лизинг келісімінің негізінде тараптардың мүлікті уақытша
пайдалануға қатысты қатынастары жатқанымен, келісімнің сипаттамасы осымен
шектелмейді. Неміс тілінде leasіngvertrage термині тұрғын үйді бұзу және
жөндеу үшін жауапкершілік жалға алушыда болатын жалдау келісімінің түрін
білдіреді.
Тек француз тілі credіt-baіlң түсінігінің мазмұнын кішкене ашуға
мүмкіндік береді: жалгер-кәсіпорын үшін арнайы алынған құрал-жабдықтарды
жалдау.
Қазақстан Республикасының Қаржы лизингі туралы Заңына сәйкес лизингң -
лизинг беруші сатушыдан өз меншігіне сатып алған және лизинг шартымен
келісілген лизинг нысанасын лизинг алушыға белгілі бір төлемақысына және
белгілі бір талпптармен уақытша иеленуге және кәсіпкерлік мақсаттар үшін
кемінде үш жыл мерзімге пайдалануға беруге міндеттенетін инвестициялық
қызметтің бір түрі. Бұл орайда лизинг шарты бойынша лизинг нысанасын беру
мына талаптардың біріне немесе бірнешеуіне сай келуі тиіс:
1) лизинг нысанасын алушының меншігіне беру және (немесе) лизинг
алушыға тіркелген баға бойынша лизинг нысанасын сатып алу құқығын
беру лизинг шартымен айқындалады;
2) лизинг мерзімі лизинг нысанасының пайдалы қызмет ету мерзімінің 75
процентінен асады;
3) лизинг төлемдерінің лизингтің бүкіл мерзімі ішіндегі ағымдық
(диконттық) лизингтің ьерілген нысанасы құнының 90 процентінен
асады.1
Бірінші лизингтік компания 1952 жылы Америка Құрама Штатында құрылды.
Осы қысқа мерзімде, яғни 1959 жылы лизинг операциясының көлемі 300 миллион
долларды құрады. Германияда лизингтік компания 1962 жылы, ал, Жапонияда -
1963 жылы құрылды. Италияда лизингтік бірінші қызмет 1966 жылы енгізілді.
Осы кезеңдерден бастап лизингтік бизнестің ауқымы барынша кеңейді. Қазір
бұл инвестициялық қаржыландыру механизмінің дамыған нарық экономикасындағы
банк бизнесінің жүздеген миллиард қаржысын құрайтын табыс көзіне айналды.
1980 жылдың соңында АҚШ-та лизингтік жабдықтау мен машинаны инвестициялау
көлемінің 28-30 пайызын құрады. 1995 жылдың мәліметі бойынша Батыс Еуропа
елдерінде лизингтік жабдықтау, оны жеткізу көлемі 12-16, Ұлыбританияда -
31, Австрияда - 32 пайызға жетті.
Лизинг – бұл лизинг берушінің құрал – жабдықтарды, машиналарды, ЭЕМ,
ұйымдастыру техникаларды, өндіріске, сауда-саттыққа және қоймаға арналған
құрғыларды лизинг алушыға лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген
мерзімге пайдалануға беруді қарастыратын жалға беру шартын білдіреді.
Лизингтік мәмілелердің бірнеше түрлері бар. Барлық лизингтік операциялар
екі түрге бөлінеді: шұғыл және қаржылық лизингтер.
Шұғыл лизинг – бұл мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда, оның
пайдалану мерзімінің қысқалығын және мүліктің құнын толық өтемеуін
сипаттайды.
Қаржы лизингі – бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзімі
ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шығуымен немесе өзін-өзі
өтеуімен байланысты сипатталады. Қаржы лизингі үлкен күрделі қаржы
жұмсалымын талап ететіндіктен де, оларды банктермен ынтымақтаса отырып
жүзеге асырады.
Сондай-ақ, лизингтің отандық және халықаралық тәжірибеде қолданылатын
мынадай түрлері бар:
Ішкі лизинг – бұл, оның қатынасушыларының бір елден болып келуімен
байланысты сипатталады.
Халықаралық лизинг – бір тарап немесе барлық тараптардың әр елден болып
келуін сипаттайды.
Сыртқы лизинг экспорттық және импорттық болып бөлінеді. Экспорттық
лизингте шетел лизинг алушы болса, импорттық лизингте шетел лизинг
беруші болып табылады.
Лизингтің екі негізгі түрін белгілейді: қаржылық және оперативті , басқа
авторлар үш түрін белгілейді: оперативтік, қаржылық және қайталама,
кейбіреулері – төрт және одан да астам: қаржылық, оперативтік,
жылжымайтын мүліктің және жабдықтардың лизингі және т.б.
Е.Н.Чекмарева, Л.Прилуцкий, В.Голощапов, В.М.Джуха өз схемаларында
төменде көрсетілген сегіз нышандарға сүйене отырып, лизингтің түрлеріне
жіктеме береді: мәмілелер қатысушыларының құрамы, лизингке берілетін
мүліктің типі, оның өтелімділігінің дәрежесі, амортизация жағдайлары,
қызмет көрсету көлемі, операция жүргізілетін нарықтың секторы, салықтық
және амортизациялық жеңілдіктерге қатынасы, лизингтік төлемдердің сипаты.
А.С.Смагулов лизинг типтері жіктемесінің сызықты және сатылы принципінің
жақтаушыларын белгілейді1. Олар үшін лизингтің екі түрі бар – қаржылық және
оперативтік, ал қалғандары осы нысандардан туынды болып табылады, оларға
В.В.Бочаров, Р.Г.Ольхова, И.Т.Балабанов, Л.Павлова, В.Я. Горфинкель жатады.
Сонымен қатар, екі жіктемеде бірқатар кемшіліктер бар: сызықты
принциптердің ізбасарлары үшін осы ұғымның бір жақтылығы, оларға
Е.Чекмарева жатады. Лизингтің қаржылық және оперативтік болып бөлінуі жоқ,
ол лизинг жүргізу механизміндегі негіз салушы болып табылады, сондай-ақ
сатылы жіктеудің ізбасарлары үшін кемшіліктер жоқ – лизингтің жеке
түрлеріндегі түсінік беру аяқталмаған.
А.С.Смагулов жалпыға танылған жіктемені келесі сегіз нышандармен
толықтыруды ұсынады: мәміленің мерзімімен кезеңімен, қосымша және қарыз
қаржылармен, мәміленің масштабымен, мәміленің сомасымен, лизингтік
мәміледегі опционның болуымен, негізгі мерзім ішінде шартты бұзу шарттары,
мүлікті бухгалтерлік есептеу тәсілімен. А.С.Смагулов ұсынып отырған
лизингтің әзірленген жіктемесінде лизингтің ұйымдастыру нышандары бойынша
дифференциация мәселелері жеткілікті терең баяндалған. Лизинг түрлерінің
кең спектріне келесі факторлар әсер етті:
- шетел терминологиясының сөзбе-сөз аудармасы мен ұғынуының
айырмашылығы;
- құқықтық мәртебенің айрымашылығы және түрлі елдердегі заң базасының
дамуы;
- түрлі елдердегі лизинг бизнесінің мемлекет тарапынан қолдау
дәрежесінің айырмашылығы;
- түрлі елдердегі лизинг түрлілігі үшін салықтық және амортизациялық
қалқанның айырмашылығы;
- лизингтік мәміленің барлық қатысушыларына арналған несиемен
салыстырғанда лизинг тартымдылығындағы айырмашылық;
- нақты лизингтік операцияның ұлттық спецификасы.
Лизингтің барлық түрлерінің нақтыланған жіктемесі терминдердің әр
түрлілігі және лизингтік мәміле жасау шарттары үшін қиын болып табылады.
Бұндай жағдайда олардың негізін салушы нышандарын қарау және лизингтің
мәнін түсіну үшін жіктемелі сипаттамасын бөлу маңызды.
Лизингтің анықтамасы және мазмұны бойынша зерттеулердің қорытындыларын
зерттеп, келесі 16 сипаттамалар бойынша лизинг түрлерінің жіктемесін
нақтылау керек. Осы сипаттамаларда лизингтің жеке түрлері нақтыланған және
А қосымшасында көрсетілген лизинг түрлерінің сипаттамаларында жүйелілік пен
көлемділікті біріктіру талпынысы жасалған. Осыған байланысты, зерттеуде
отандық және шетелдік авторлардың көзқарастарын критикалық шолу негізінде
сипаттамалар бойынша лизинг түрлерінің шектелу критериялары нақтыланған
және толықтырылған:
-Ұйым нысаны мен қатысушылар құрамы;
- Мәміленің объектісі;
- Өтелімділік дәрежесі мен амортизация шарттары;
- Қызмет көрсету көлемі мен дәрежесі;
- Қаржыландыру түрлері;
- Нарықты қамтамасыз ету;
- Мақсаттық белгілеу;
- Шарттың сипаты.
Төлемдердің сипаты, олар мыналарға бөлінеді:
- төлем нысаны бойынша;
- лизингтік төлемдерді төлеу тәсілдері бойынша;
- төлемдер мерзілімділігі бойынша;
- төлем түрлері бойынша;
Мүлікті сатып алуға қа.тынас;
Мәміленің ұзақтылығы;
Жеке меншік нысаны мен саласы;
Лизингтік келісім-шарттың сомасынан тәуелдену;
Лизинг беруші үшін тәуекел дәрежесінен тәуелді.
Ұлттық нарықтың дәлдігіне және даму спецификасынан тәуелді.
Түрлі елдердегі бухгалтерлік есеп жүргізудің қолданылынатын
стандарттары.
Лизинг нысанының алуан түрлілігіне байланысты отандық және шетел
авторлар негізгі түрі ретінде қаржылық және оперативтік лизингті таниды,
оларға лизингтің қалған түрлері бөлінеді.
Лизингтің барлық түрлерінің ішінен қаржылық лизингті сипаттайтын негізгі
нышандар белгіленеді:
- қатынастың жаңа субъектісінің пайда болуы – мүлікті өндіру-сатушысы;
- лизинг берушінің лизингке арнайы өткізуге сатып алынған мүлік, сонымен
қатар мүлік пен сатушыны таңдау құқығы лизинг алушыға жатады.
- Мүліктің сапасы, оның жинағы бойынша наразылық, кепілді мерзім ішінде
кемшіліктерді жою бойынша талапты мүліктің сатушысына тікелей ұсыну, яғни
лизинг жабдығының өндірушісіне, ал лизинг беруші бұндай жағдайда ешқандай
жауаптылық көтермейді.
- Лизинг мүлікті қабылдау-өткізу актісіне қол қойылғаннан кейін мүліктің
кездейсоқ бұзылуының барлық тәуекелі лизинг алушыға көшеді.
Соңғы екі тармақ қаржылық лизингтің оперативтік лизингтен айырмашылығын
көрсетеді. Оперативтік лизингке ғана тән нышандарды қарастырайық 1 кесте.
Осы ерекшеліктермен қатар, оперативтік лизингтің келесі
сипаттамалары белгіленеді:
- лизингтік шарт нормативтік шарттан аз мерзімге жасалады, сондықтан да
лизинг беруші өзінің барлық шығындарын бір лизинг алушының түскен лизингтік
төлемдер есебінен өтеуді ескермейді;
- лизингке лизинг алушының өтінімі бойынша арнайы сатып алынған емес,
лизинг берушінің қолындағысы өткізіледі;
- лизингтік мәміле екіжақты сипатталады лизинг беруші-лизинг алушы;
- мүлік лизинге көп есе өткізіледі;
- лизингтің шарты аяқталғаннан кейін мүлік лизинг берушіге жаңа шарт қол
қою және лизинг алушы сатып алу мүмкіндікпен қайтарылады.

1 кесте
Оперативтік лизингктің ерекшеліктері
Қатынастардың Сипаттамасы
мазмұны
Меншіктік құқық Мүлік лизинг берушінің меншігі болып табылады
Лизинг алушының Шартты мерзімінен бұрын тоқтату және лизинг берушіге
құқығы мүлікті қайтару
Мүлікті қайтару Лизинг алушы белгіленген күнге шартта көрсетілген
кездегі қатынас мүлік құнының айырмашылығын өтейді мүліктің
болжамдалған қалдық және жою бағасы арасындағы
айырмашылық.
Лизингтік Жоғары, өйткені лизинг беруші жүргізетін сервистік
төлемдер-дің қызмет көрсету бойынша барлық шығындар жатады.
жүктемесі
Лизингтік мәмілердінМүлік тозу кезеңінен елеулі қысқабір реттік,
мерзімі маусымдық.
Қасиеттері Қаржы болмаған жағдайда лизинг алушы мерзімін
ұзартып мүлікті пайдаланады
Лизинг берушінің Мүлікті бұзған жағдайда оның құнын өтеу
тәуекелі
Лизинг алушының Мүліктің белгіленген қалған құнын шарттың мерзімі
кепілі аяқталуына дейін қамтамасыз ету.

Оперативтік лизинг жүргізу кезінде лизинг алушыға келесі факторлар
тартымды болып табылады:
- кәсіпорынның өндірістік қуаттылығын көбейтумен өндірістің рентабель-
ділігін көтеруге мүмкіндік беретін технологиялық жаңалықтары бар жаңа мүлік
алу мүмкіндігі;
- мүлікті иелену құқықсыз тозудың жоғары қарқынымен мүліктің ұзақ емес
уақытқа пайдалану;
- мүліктің моральды тозуы бойынша минималды тәуекелдер;
- салықтық міндеттемелердің төмендеуі;
- жабдықты ұстау бойынша шығындардың болмауы;
- лизингтік жабдықтардың арнайы техникалық қызмет көрсетуін алу
мүмкіндігі;
- лизингтік мүліктің алғашқы құнын жабусыз оның пайдалануынан табыс
шығару мүмкіндігі;
- жабдықты қысқа мерзімде пайдалану кезінде нарықтың өзгеріп отырған
конъюнктурасына оралымды қатынас.
Оперативтік лизингтің аталған ерекшеліктері ауыл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Лизинг нысанасын лизинг алушыға беру
Қазақстанда енді ғана қалыптасып келе жатқан лизинг нарығының бүгінгі жағдайына талдау жасау
Қаржылық лизинг – инвестиция қызметін қаржыландыру нысаны
Қазақстандағы лизингті жетілдіру
ЛИЗИНГТІК ОПЕРАЦИЯЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ СИПАТТАМАСЫ
Қазақстанда қаржылық лизингтің даму жолдары мен мәселелері
Мәміленің объектілері
Лизингтік төлемдерге банк комиссиясын үнемдеу
Лизинг беруші және лизинг алушы арасындағы лизинг шарты
Негізгі құралдардың ағымдағы жал бойынша операцияларының есебі
Пәндер