Қаржы ресурстары


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

Жоспары:

I. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Қаржы ресурстарының көздері
  2. Бюджеттен тыс ресурстардың арнаулы корлары

ІІІ. Қорытынды

IV. Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазақстан Республикасы индустриалды - инновациялық дамуы үшін алдағы жылдарда арналған стратегиясын жасап тұруы қажет және оны іске асыруда. Аталмыш стратегияларды іске асыру үшін көптеген қаражаттар қажет. Республикалық және жергілiктi бюджеттерден қаржыландыру көлемi тиiстi жылға бюджеттi қалыптастыру кезiнде нақтыланатын болады. Стратегия iс-шараларын қаржыландыру үшiн Даму банкiнiң, Инвестициялық қордың, Инновациялық қордың қаражаты тартылатын болады. Бұл ретте жаңа инвестициялық және инновациялық институттарды құру iрi қаржы ресурстарын iздестiрудi қажет етедi. Яғни әрбір мемлекеттің даму сатысы, әлемдік деңгейде алатын орны, халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайы және т. б. қаржы ресурстарымен тығыз байланысты.

Қаржы ресурстарын қарастыру үшін алдымен қаржы ғылымына шолу жасап кеткен жөн. Қаржы дегеніміз - бұл мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілерде ақшалай табыстар мен жинақтарды қалыптастыруға, оларды қоғамның әлеуметтік және басқа да қажеттіктерін қанағаттандыру үшін ұлғаймалы ұдайы өндіріс үдерісіне пайдалануға байланысты жалпы қоғамдық өнім құны мен ұлттық байлықтың бөлігін бөлу және қайта бөлу үдерісінде туындайтын ақша қатынастары. Қаржының қызмет етуінің шарты болып ақшаның болуы, ал қаржының пайда болуының себебі болып мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін қамтамасыз ететін ресурстарға деген қажеттік танылады.

Қаржы ғылымы қаржыны тек экономикалық категория, яғни айрықшалықты өндірістік қатынастардың жиынтығы ретінде ғана қарастырып қоймайды, сонымен бірге мақсатты ақша қорлары түріндегі олардың материалдық іске асуын баса көрсетеді. Бұл қорлар қаржы қатынастарының тұрақты иесі болып келеді. Олардың қалыптасу көздері және қорлардың өздері (бұл көздерді біріктіруші) ұлттық шаруашылықтың тиісті буындарының қаржы ресурстары болып табылады. Қаржы ресурстары ұдайы өндірістің және мемлекеттің шығындарын жабу үшін қажет. Демек, қаржы ресурстары - бұл жалпы ішкі өнім құнының бір бөлігін, атап айтқанда, ақша нысанындағы таза табысты бөлу және қайта бөлу процесінде жасалынатын мемлекеттің, шаруашылық жүргізуші субъектілердің және халықтың қарамағындағы ақша қаражаттары, олар ұлғаймалы ұдайы өндіріс пен басқа жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қамтамасыз етуде пайдаланылады. Тап қаржы ресурстары қаржы категориясын баға және басқа құндық категориялардан бөліп алуға мүмкіндік жасайды. Қоғамдық жалпы өнім мен ұлттық табысты арттыру қаржы ресурстары өсуінің басты шарты болып табылады.

Қаржы ресурстарында негізгі орынды таза табыс (пайда, қосылған құнға салынатын салық, акциздер, кеден төлемдері, қоғамдық мүдделерге төленетін жарналар нысанындағы) және амортизациялық аударымдар алады.

Қаржы ресурстарының қаржы қорларынан айырмашылығы бар. Қаржы қорлары (қорланым, босалқы қор) - қаржылық әдіспен қалыптастырылған, белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланылатын мақсатты ақша қаражаттары, ал қаржы ресурстары болса, ол мемлекеттің (оның органдары арқылы) және шаруашылық жүргізуші суъектілердің табыстары мен түсімдері. Біріншіден, қаржы ресурстары деп ақша қаражаттарының көздерін, шаруашылық органның немесе шаруашылық жүргізуші субъектінің мұндай қаражаттарды жасау мүмкіндіктерін түсінеді. Екіншіден, қаржы ресурстары - бұл қорлардағы, яғни ақша қаражаттарының мақсатты босалқы қорларындағы «байланылған» қаражаттар, сондай-ақ әлі мақсатты белгілі бір бағыттылығы жоқ қорлар бойынша қалыптаспаған ақша қаражаттары. Мысалы, ақша қаражаттарының бір бөлігінің алғашқыда қор сипаты болмайды - бұлар шаруашылық органдарының олардың шаруашылық әріптестері тарапынан келісімшарттарды, өзара шарттарды және шаруашылық жүргізудің басқа шарттарын бұзғаны үшін алатын айыппұлдары, өсімдері, тұрақсыздық төлемдері. Мұндай қаражаттардың түсуін күні бұрын есепке алу мүмкін емес.

«Қаржы ресурстары» ұғымындағы оның екі жағын ажырата білген жөн.

  1. Шаруашылық жүргізу практикасында «қаржы ресурстарының» ұғымы деп мемлекеттің, кәсіпорындардың қарамағындағы белгілі бір кезеңдегі барлық ақша кірістері мен қорланымдардың жиынтығын, яғни ақша қорларын, кредит ресурстарын, ақша резервтерін айтады. Бұл шаруашылық жүргізудің шаруашылық есеп практикасы тұрғысынан туындаған практикалық тәсілдеме. Расында, кәсіпорынның банктегі оның шотындағы белгілі бір күндегі ақшалары олар кәсіпорынның меншікті немесе қарыз қаражаттары болып келетіндігіне қарамастан оның барлық нақтылы қаржы ресурстарын құрайды. Сол секілді мемлекеттік бюджетте шоғырланған кірістер, қорланымдар олар жасалынған құнды алғашқы немесе кейінгі бөлудің нәтижесі болып табылатындығына қарамастан мемлекеттің әрбір нақты күндегі қаржы ресурстары болып саналады.
  2. Егер жиынтық өнімнің (c+v+m) материалдық-заттай және құндық құрылымына, оның бөлісіне және бұл процестегі орнына сүйенсек, онда қаржы ресурстарының ұғымы басқаша көрінеді. Егер қайталама есептің элементін шығарып тастасақ, онда «қаржы ресурсының» ұғымы тікелей мемлекет пен кәсіпорындарда оларға жүктелінген функцияларды орындау үшін шоғырланатын құндық (ақша) нысанындағы жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың бір бөлігін білдіреді.

Қаржы ресурстарын пайдалану (оларды пайдаланудың қор емес нысанының да мүмкін болғанымен) негізінен арнаулы мақсатты арналымның ақша қорлары арқылы жүзеге асырылады. Қаржы ресурстарын пайдаланудың қор нысаны ұлғаймалы ұдайы өндірістің қажеттері негізінде объективті түрде алдын ала анықталады және қор емес нысанымен салыстырғанда оның бірқатар артықшылықтары бар. Қор нысанының артықшылықтарына мыналар жатады: кез келген қажеттілікті (қажетсінуді ) қанағаттандыруды экономикалық мүмкіндіктермен тығыз ұштастыру мүмкіндігі; ресурстарды қоғамдық өндірісті дамытудың негізгі бағыттарына шоғырландыруды қамтамасыз ету; қоғамдық, ұжымдық және жеке мүдделерді толығырақ үйлестіру мүмкіндігі.

Қаржы мен қаржы ресурстары - бара-бар ұғымдар емес. Қаржы ресурстары өзінше қаржының мәнін анықтамайды, оның ішкі мазмұны мен қоғамдық арналымын ашпайдй. Қаржы ғылымы тап мұндай ресурстарды жасау, бөлу және пайдалану негізінде туындайтын қоғамдық қатынастарды зерделейді; ол қаржы қатынастары дамуының заңдылықтарын зерттейді.

Қаржы ресурстары жалпы қоғамдық өнімнің жартысын құра отырып, мемлекеттің қаржылық қуатының көрсеткіші болып табылады. Қоғамдық өнім мен ұлттық табысты өндіру, бөлу және қайта бөлу процесінде қалыптаса отырып, олар түпкілікті пайдалануға, яғни негізгі құрал-жабдықтарды толтыруға, ұлғаймалы ұдайы өндірісті қамтамасыз етуге және жалпы мемлекеттік қажеттерді қанағаттандыруға қоғам жұмсайтын материалдыққ ресурстардың бір бөлігінің ақша көрінісі болып табылады. Қоғамдық өндіріс процесінде қаржы ресурстары неғұрлым көп жасалса, соғұрлым ол тиімдірек болады. Сонымен бірге бүкіл ұдайы өндірістің тиімділігін арттыру проблемасын шешу және экономикалық өсудің қарқынын тездету ұлттық шаруашылықта қаржы ресурстарын тиімді пайдалануға байланысты.

  1. Қаржы ресурстарының көздері

Қаржы ресурстарының көздері қоғамдық өнім құнының барлық үш элементі: «c», «v», «m», болып табылады (сызбаны қараңыз), бірақ олардың әрқайсысының қатысу дәрежесі әр түрлі. Мысалы, өндірісті кеңейту үшін, «С» элементін көбейту үшін қосымша ресурстар тарту керек. «V» элементі қызметкерлердің жеке (меншікті) табысы, әдеттегідей жалақысы бола отырып, қаржы ресурстарының көзі ретінде үш бағытта көрінеді: салықтар (еңбекақыдан төленетін) ; сақтық төлемдері (сыйақылар) ; басқадай төлемдер (ерікті жарналар, арнаулы қорларға аударылатын жарналар және т. б. сияқты) . «М» элементі табыс (пайда), өнімдер мен импортқа салынатын салықтар нысанындағы қосымша өнім қаржы ресурстарының негізгі көзі болып табылады.

Сызба. Қаржы ресурстары

Жалпы қоғамдық өнім: Жалпы қоғамдық өнім
Жалпы қоғамдық өнім: с
v
m
Жалпы қоғамдық өнім: Материалдық шығындар
Қажетті өнім
Қосымша өнім
Жалпы қоғамдық өнім: ӨЗІНДІК ҚҰН (ШЫҒЫНДАР)
Жалпы қоғамдық өнім:

Амор-

тиза-

циялық

ауда-

рым-

дар

Айна-

лым-

дағы

қара-

жаттар

Матери-

Алдық шығын-

дар

құра-

мындағы

төлем-

дер

Ұлттық табыс
Жалпы қоғамдық өнім: Әлеуметтік қорларға аударылатын аударымдар (әлеуметтік салық)

Таза

Табыс (пайда)

Жалпы қоғамдық өнім: Халықтан алынатын салықтар Қарыздар мен лотереялар Ерікті жарналар
Жанама салықтар (қосылған құнға салынатын салық, акциздер, басқалары)
Жалпы қоғамдық өнім:

Роялти, бонустар

Табиғи ресурстар үшін төлемдер

Баждар, лицензиялар үшін төлемдер

Тіркеу алымдары

Табиғатты қорғау қорына төленетін төлемдер

Сыртқы экономикалық қызметтен түсетін түсімдер
Жалпы қоғамдық өнім:
Мемлекеттік мүлікті сатудан (жекешелендіруден) түсетін түсімдер
Жалпы қоғамдық өнім: Сыртқы көздерден түсетін түсімдер (қарыздар, трансферттер, гранттар)

Қаржы ресурстарының қызмет етуі еңбек ресурстарында да көрінеді. Мемлекеттің индустриялық - инновациялық дамуын iске асыру оны өнеркәсiптiк өндiрiстi инновациялық даму талабына сай барабар әрекет ететiн жоғарғы бiлiктi кәсiби мамандармен қамтамасыз етуге тiкелей тәуелдi. Бұл ғылыми, инженерлiк-техникалық, ғалым-конструктор мамандарға да, ұйымдастыру-басқару мамандарына (менеджерлерге) да бiрдей қатысты болады.

Бұл мiндеттi шешу үшiн өнеркәсiптi қарқынды дамыту және жоғарғы технологиялар жағдайындағы жұмысқа қажеттi түрлi кәсiптердiң мамандарын даярлаудың арнаулы стратегиясы әзiрленедi.

Тiкелей қозғалатын басқа да маңызды әлеуметтiк-экономикалық проблема жұмыспен қамтамасыз ету болып табылады. Қосылған құны жоғары өңдеушi өнеркәсiп салаларын жеделдете дамыту, бiр жағынан жұмыспен қамтудың өсуiне және жұмыс күшiнiң салааралық қайта айналуына алып келедi, ал екiншi жағынан инновациялық даму жекеленген салаларда, әсiресе бiлiктiлiгi төмен жұмысшыларды жұмыспен қамтудың төмендеуiне әкеп соғады.

Соңғы проблема жұмыс күшiнiң салааралық қайта айналуы мен өңiраралық ауысуы, оны жұмылдыруды арттыру есебiнен жеңiлдейтiн болады. Бұл кадрларды, оның iшiнде жұмысшы мамандарын кәсiби даярлау және қайта даярлауды мемлекет арқылы да, өңiрлердегi еңбек рыногы мен тұрғын үй, әлеуметтiк-тұрмыстық блок, өндiрiстiк инфрақұрылымды және т. б. дамытудың жекеше жүйесi арқылы да жүзеге асыруды талап етедi.

Бүгiнде Қазақстанның еңбек және жұмыспен қамту рыногына Қазақстанда жұмыс iстейтiн шетел компанияларындағы шетел мамандары мен жұмысшыларының ағылып келуi айтарлықтай салмақ түсiрiп отыр.
Компанияларда мынадай таңдау мүмкiндiктерi бар:

Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген квота шеңберінде шетел мамандарын тарту немесе;

Сондай біліктілігі бар жергілікті кадрларды, біршама төмен деңгейдегі еңбекақыға тарту.

"Ақыл-ойдың сыртқа кетуi" бұрынғы коммунистiк елдердiң экономикасын дамытуды баяулататын басты фактордың бiрi болды. Бұл ахуалды тұрақтандырмай әрi елдегi бiлiм берудiң жалпы деңгейiн көтермей, Қазақстан әлемде лайықты орын ала алмайды.

Қазiргi жағдайда экономикалық өсу ғылыми-техникалық прогреспен, бiрiншi кезекте, еңбек ресурстарының кәсiби сапасымен теңестiрiледi.
Қазақстандағы бiлiм беру жүйесi ырғақты дамитын ғаламдану мен ақпараттанудың қарқынды әлемдiк процестерiне барабар әрекет етуге қабiлеттi болуы тиiс. Бiлiм берудi реформалау және еңбек ресурстарын дайындау саласындағы нақты мемлекеттiк саясат кәсiптiк техникалық бiлiм беру және инновациялық менеджмент бөлiгiнде де қажет.

Қаржы ресурстарының көздері макродеңгейде (мемлекет деңгейінде) және микродеңгейде (шаруашылық жүргізуші субъект деңгейінде) іс-әрекет ететін көздер болып бөлінеді:

Макродеңгейдегі қаржы ресурстарының көздері:

  • жалпы ішкі өнім;
  • ұлттық байлық;
  • тартылған (қарыз) ресурстары;

Мысалы Қазақстан Республикасының электр энегиясының ЖІӨ-ң жағдайын алатын болсақ, ЖIӨ-нiң 1 долларына электр энергиясының жұмсалу деңгейi бойынша, сондай-ақ экономика салаларындағы еңбек өнiмдiлiгi бойынша кейбiр индустриялық дамыған елдерден 7-10 еседен астам артта қалып отырмыз.

Қазақстан кәсiпорындарының негiзгi қорлары құлдырау алдында. 2001 жылдың басында негiзгi құралдардың тозу дәрежесi орта есеппен 29, 7 % құрады. Бiрқатар салаларда негiзгi құралдардың нақты тозуы 50 % және одан астам деңгейге жақындауда.

Қазiргi уақытта қолданылып жүрген кәсiпорынның қарауында қалған пайда есебiнен негiзгi құралдарды жаңартуға қаржы ресурстарын жинақтау тәртiбi моральдық тұрғыдан ескiрген жабдықты ауыстыруға ынталылық туғызбайды және оны жаңартуда белгiлi бiр дәрежеде тежеушi болып отыр.

Негiзгi құралдарды жаңарту коэффициентi 1999 жылы - 8 %, 2000 ж. - 13, 8 % құрады. Бұл статистикалық көрсеткіштен еліміздегі құралды жаңарту саясаты қолға алынып, біртіндеп жақсарып келе жатқаны бәрімізге аян. Мұндай өсуге мұнай және табиғи газ өндiруге инвестиция салу есебiнен қол жеткiзiлдi.

Негiзгi құралдар құрылымында аса тозғандары - машиналар және жабдықтар. Олардың тозу дәрежесi 2000 жылы 42, 1 % құрады. Көлiк құралдары - 41 %, ғимараттар 36, 5 % тозған.

Мұнай өндiрумен және металдарды өндiрумен байланысты емес салаларда жабдықтың тозу дәрежесi соңғы үш жылда 45 %-тен 62 %-ке дейiн құрады. Өңдеушi өнеркәсiп кәсiпорындарында толықтай тозған машиналардың, жабдықтардың және көлiк құралдарының үлес салмағы 12 %-ке жеттi.
Бұл жабдықтың шығарылу жылына қарай және моральдық тұрғыдан алғанда ескiруiне, ел экономикасының бәсекеге түсу қабiлетiнiң төмендеуiне душар етедi. Егер Қазақстанда ЖIӨ-нiң 1 долларын өндiруге 2, 8 киловатт сағат жұмсалатын болса, ёлыбритания, Германия, Италия және Жапония сияқты елдерде бұл көрсеткiш 0, 22 - 0, 3, АҚШ, Франция, Түркия, Кореяда - 0, 4 - 0, 6, Канада мен Қытайда - 0, 8 - 1, 2 киловатт сағатты құрайды.

Микродеңгейдегі қаржы ресурстарының көздері:

  • меншікті қаржы ресурстарының көздері: өнім өткізуден түскен табыс (кәсіпорын ресурстарын қалыптастыруға мүмкіндік береді) ;
  • субьектінің сыртқы экономикалық қызметі: мүлік (сатуға болатын ғимараттар, жабдықтар және өзге активтер) ;
  • шаруашылық жүргізуші субъектісінің меншікті қаражаттарына теңестірілетін қаражаттар (олар субъектінің қарамағында болады) : тұрақты пассивтер нысанындағы жалақы; қосымша жалақы-қызметкерлердің демалысын төлеуге арналған ақша (есептелінеді, бірақ шаруашылық жүргізуші субъектінің қарамағында болады) ;
  • тартылған қаражаттар (бұл кәсіпорынның қаржы рыногында-бағалы қағаздар, несие капиталдары және т. б рыногында қалыптастыратын қаражаттары) : акциялар мен облигацияларды сату; қарыз қаражаттары;
  • қаражаттарды қайта бөлу тәртібімен алынатан көздер: жоғары инстанциялардан (министрліктерден, бюджеттен алынатын) алынатын қаражаттар; сақтық өтеулері (сақтандыру-қаражаттарды қайта бөлу әдісі) .

Ашық экономикалы шағын ел болғандықтан, Қазақстан әлемдiк бағаларға әсер ете алмайды, сондықтан оларды сол қалпында қабылдауға тиiс. Осының салдарынан ел өз экономикасына пәрмендi ықпал ету құралдарының шектеулi мөлшерiн ғана қолдана алады. Осыған байланысты экономиканың сыртқы факторларға дәрменсiздiгiн азайту үшiн елде жоғары технологиялық өндiрiстердi құру аса өзектi мәселеге айналуда.

Мысалы, микродеңгейдегі қаржы ресурстарының алғашқы көзі болып табылатын меншікті қаржы ресурстарының көзі - өнім өткізуден түскен табыс. Осы өткiзуден түсетiн табыстың 1 теңгесiне жұмсалатын шығындардың көрсеткiшi еңбек және материалдық ресурстарды пайдалану тиiмдiлiгiн бағалаудың индикаторы болып табылады. Бұл көрсеткiш өткiзiлген өнiмнiң (жұмыстардың, қызметтердiң) өзiндiк құнының оларды сатудан түсетiн табысқа қатынасымен өлшенедi. Бұл көрсеткiш аз болған сайын кәсiпорынның табысы жоғары болады.

Қазақстан экономикасында 2002 жылы мұнай және табиғи газ өндiру (0, 39) кезiнде, қаржы қызметiнде (0, 48), темекi өнiмдерiн өндiруде (0, 58), түстi металдар өндiруде (0, 55) өндiрiлген капитал мен адам күшін пайдаланудың жоғары тиiмдiлiгi орын алды. Өткiзiлген өнiмнiң 1 теңгесiне жұмсалған шығындардың төмен деңгейi ауыл шаруашылығында (0, 91), химия өнеркәсiбiнде (0, 85), электр энергиясын, газ және су өндiру мен бөлуде (0, 86), құрылыста (0, 85), сусындарды қоса алғанда тағам өнiмдерiн өндiруде (0, 8) байқалды.

Салық шегерiмдерiн, өнiм тасымалдауға және жарнамаға жұмсалатын шығындарды есепке алғанда көптеген салалардың кәсіпорындары залалда қалады.

Жұмысшылардың санын қысқартатын жаңа технологияларды қолдану, өнiмнiң материал және энергия сыйымдылығын төмендету кәсiпорынның

Макродеңгейдегі қаржы ресурстарының негізгі түрлері:

  • Халықаралық валюта қорының және басқа халықаралық ұйымдардың кредиттері;
  • Ұлттық банктің ішкі кредиттері;
  • салықтар;
  • бюджетке төленетін басқадай төлемдер;
  • бюджеттен тыс қорларға аударылатын аударымдар және өзгедей түрлері.

Микродеңгейдегі қаржы ресурстарының негізгі түрлері:

  • шаруашылық жүргізуші субъектінің таза табысы-пайдасы;
  • амортизациялық аударымдар;
  • кредиттер;
  • сақтық өтеулері;
  • істен шыққан мүлікті сатудан түскен түсім-ақша;
  • орнықты пассивтер;
  • құрылыста ішкі ресурстарды жұмылдыру;
  • серіктестіктер мен кооперативтер мүшелерінің үлестік және басқа жарналары;
  • меншікті бағалы қағаздарды сатудан алынған табыстар;
  • жоғарғы құрылымдардан аударылған қаржы ресурстары;
  • бюджет субсидиялары және басқадайлары.

Қаржыландырудың қажетті ресурстары мен көздері

Шағын бағдарлама: Шағын бағдарлама
Қаржылан дыру көлемі: Қаржылан дыру көлемі
Соның ішінде қаржылану көзінен: Соның ішінде қаржылану көзінен
Шағын бағдарлама: Бюджеттік қаржылар
Қаржылан дыру көлемі: кәсіпорындар мен мекеме-лер қаржылары
Шағын бағдарлама: Жергілікті бюджет
Қаржылан дыру көлемі: Облыстық бюджет
Соның ішінде қаржылану көзінен: Республикалық бюджет
Шағын бағдарлама: Тіршілікті қамтамасыз ету объектілері
соның ішінде
электрқуаты
жылумен қамту
сумен қамту
газбен қамту
Қаржылан дыру көлемі: 5044885

471547
39
573361
22200
Соның ішінде қаржылану көзінен: 265524

37300
197438
30786
-
141029

-
-
141029
-
184850

-
20850
164000
-
4453482

434247
3759489
237546
22200
Шағын бағдарлама: Тұрғын үй шаруа шылығы
Қаржылан дыру көлемі: 105027
Соның ішінде қаржылану көзінен: 94877
-
-
10150
Шағын бағдарлама: Санитарлық жұмыстар
Қаржылан дыру көлемі: 152745
Соның ішінде қаржылану көзінен: 152745
-
-
-
Шағын бағдарлама: Көшелерді жарықтандыру
Қаржылан дыру көлемі: 112210
Соның ішінде қаржылану көзінен: 112210
-
-
-
Шағын бағдарлама: Көркейту
Қаржылан дыру көлемі: 33466
Соның ішінде қаржылану көзінен: 33466
-
-
-
Шағын бағдарлама: Көгалдандыру
Қаржылан дыру көлемі: 45027
Соның ішінде қаржылану көзінен: 45027
-
-
-
Шағын бағдарлама: Көшелерді реконструкциялау және ұстау.
Қаржылан дыру көлемі: 940291
Соның ішінде қаржылану көзінен: 940291
850
-
87650
Шағын бағдарлама: Барлығы
Қаржылан дыру көлемі: 6521304
Соның ішінде қаржылану көзінен: 1644143
141029
184850
4551052

Алдағы кесте Қарағанды облысының қаржы ресурстарымен қамтудың жылдық статистикалық көрсеткіштері жазылған.

Қаржы ресурстары орталықтандырылған және орталықтандырылмаған болып бөлінеді.

Орталықтандырылған қаржы ресурстары бюджет және макродеңгейдегі ұдайы өндірістердің қажеттіліктерін қамтамасыз етеді.

Ұлттық шаруашылықты қаржыландырудың мынадай бюджеттік әдістері болады:

  1. Мемлекеттік күрделі жұмсалымдар (бұл әдіс экономиканы жандандыру, өндірістің жаңа салаларын жасау үшін пайдаланылады) .
  2. Мемлекеттік көтере сатып алу (оның көмегімен жиынтық сұраным белгіленеді, мемлекет тауарлардың уақытылы өтуіне мүмкіндік туғызады) .
  3. Субсидиялар (өтеусіз берілетін қаражаттар) . Оның түрлері:
  • Демеуқаржы (дотация) -залалдарды, берешектерді, мысалы жалақы жөніндегі, жабуға пайдаланылатын субсидиялардың түрі;
  • Субвенциялар-мақсатты шығындарға жұмсалатын субсидия түрі;
  • Экспорттық сыйлықақылар-экспортталатын тауарлардың бағасын төмендету үшін пайдаланылатын субсидиялардың түрі.
  1. Бірлескен кәсіпорындарға жұмсалатын инвестициялар.
  2. Мемлекет тарапынан болатын жеңілдікті несиелендіру.

Орталықтандырылмаған қаржы ресурстары шаруашылық жүргізуші субъектілерде қалыптасады және өндірісті кеңейтуге, кәсіпорын қызметкерлерінің әлеуметтік-мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдаланылады.

Қаржы ресурстарын босатып алудың мынадай жағдайлары болады:

  1. айналым қаражаттарының айналымдылығын тездету;
  2. өндірісті қысқарту;
  3. тауар-материлдық құндылықтардың босалқы қорларын қысқарту;
  4. материал сыйымдылығын қысқарту;
  5. меншікті қаражаттарды қарыз қаражаттарымен ауыстыру.

Ұдайы өндірістік процесті жандандырудың маңызды аспектісі ғылыми-техникалық прогресс болып табылады. Оны қаржы ресурстарының-орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ресурстары есебінен қамтамасыз ету-оларды пайдаланудың басым бағыттардың бірі.

Қаржы ресурстарының бір бөлігі резервтерді-көлденең пайда болған қажеттеліктерді қаржыландыруды қалыптастыру үшін бөлінуі тиіс.

  1. Бюджеттен тыс ресурстардың арнаулы қорлары

Қаржы ресурстарының құрамында олардың аса маңызды екі бөлігін бөліп көрсетуге болады:

  1. мемлекеттің кірістері. Олар республикалық және жергілікті бюджеттерде шоғырланғанады. Мемлекеттің кірістері заңнамалық тәртіппен бекітіледі және мемлекеттің функцияларына сәцкес жұмсалынады. Мемлекеттің кірістерін жұмылдырудың негізгі әдістері салықтар, қарыздар мен лотереялар, сыртқы көздерден түсетін түсімдер;
  2. бюджеттен тыс қаражаттар. Олар шаруашылық жүргізуші субъектілердің қарамағында болады. Олардың пайда болуы мемлекеттің мақсатты шығыстарымен байланысты. Бюджеттен тыс ресурстар автономды арнаулы қорлар, арнаулы қаржы сметалары, қазынашылық шоттар түрінде болып келеді. Мысалы мынадай қорларды атап өтуге болады: инвестициялық қор, инновациялық қор және сақтандыру қорлары және т. б.

Қазақстанның инвестициялық қорының (ҚИҚ) мақсаты Қазақстанда да, шет елдерде де кәсiпорындардың жарғылық капиталына үлестiк және бақылаусыз қатысу арқылы жеке сектордың экономиканың шикiзаттық емес секторындағы бастамаларына қаржылай қолдау көрсету болып табылады.
ҚИҚ құру қажеттiлiгi қор рыногының дамымауымен, отандық компаниялардың капиталдану төмендiгiне, отандық рынокта өңдеушi өнеркәсiпке келiп түсетiн инвестиция ағымына ықпал ететiн барабар нарықтық тетiктердiң болмауымен байланысты болып отыр. ҚИҚ құру қаржы секторы үшiн қызмет етудiң сапалы жаңа деңгейiне көшу қажеттiлiгiне белгi болып табылады. Банктермен және басқа да қаржы агенттерiмен ҚИҚ әрiптестiгi жаңа өндiрiс пен қаржы рыногының дамуы үшiн белсендi серпiлiс болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктің қаржы ресурстары және капиталын қалыптастыру және оны тиімді пайдаланудың теориялық негіздері
Қарастырылған процестер қаржы қатынастарының күрделі тоқайласуын
Қаржы ресурстарының экономикалық негізі
Қаржылық ресурстар жайлы түсінік
Аймақтың қаржылық ресурстары
Кәсіпорындағы қаржылық қорларды жоспарлау, бақылауды талдау
Қаржының мәні, функциялары және рөлі. Қаржы қатынастарының объектісі ретіндегі қаржы ресурстары мен қорлары
Қаржының мәні, функциялары және рөлі туралы ақпарат
Кәсіпорындардың қаржылық ресурстарын басқаруды қалыптастырудың экономикалық механизмін жетілдіру жайлы
Ұйымдағы қаржылық ресурстардың теориялық негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz