Бухгалтерлік баланс - негізгі қаржылық құжат


ЖОСПАР
Кіріспе2
1 бөлім. Қаржылық есеп беру2
1. 1. Қаржылық есеп берудің сипаттамасы мен маңызы2
1. 2 Қаржылық есеп беруді жасау5
2-бөлім. Бухгалтерлік баланс - негізгі қаржылық құжат10
2. 1 Бухгалтерлік баланс, оның мәні мен ерекшеліктері10
2. 2. Баланстың құрылымы және оның баптарының мазмұны11
Қорытынды14
Әдебиеттер тізімі15
Кіріспе
Нарықтық экономикаға көшу барысында барлық кәсіпорындар мен заңды тұлғаларда қаржылық есеп беру - заңды тұлғаның негізгі де, қажетті де қаржылық жағдайының көзі болып табылады. Ол кәсіпорынның өндірістік, қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді.
Жұмыстың қамтитын мәселелері - жалпы қаржылық есеп беруге шолу, оның маңызы, оны жасау және жасау бойынша түгендеу жұмыстары - бұл бірінші бөлім.
Келесі бөлімі - бухгалтерлік баланс. Өйткені бухгалтерлік баланс қана қаржылық есеп берудің негізгі құжаты болып саналмақ. Мұнда бухгалтерлік баланстың құрылымы, топтары мен бөлімшелерінің сипаттамасы, сондай-ақ шаруашылық операциялардың бухгалтерлік балансқа әсері көрсетілген.
1 бөлім. Қаржылық есеп беру
1. 1. Қаржылық есеп берудің сипаттамасы мен маңызы
Есеп беру деп, кәсіпорынның өткен кезеңдегі қаржылық-шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз. Есеп беру процесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады.
Қаржылық есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды беру болып табылады. Қаржылық есеп берудің пайда ланушылардың қатарына потенциалды инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, еңбеккерлер, сондай - ақ мемлекеттік органдар, т. б. кіреді.
Қаржылық есеп беру басқарушы органдардың жұмысын және субъектінің ресурстарын, міндеттемелерін және ақша қаражаттарының болашақтағы ағымдарын бағалауға, несие беру бойынша шешімдерге және инвестициялық шешімдерді қабылдауға пайдалы ақпараттарды береді.
Есеп беру мәліметтерін кәсіпорынның тиімділігін бағалау үшін, сондай-ақ шаруашылық қызметін талдау үшін сыртқы пайдаланушылар пайдаланады.
Осымен қоса, есеп беру кәсіпорынның шаруашылық қызметін жедел басқару үшін қажет және ол болашақ кезеңдерді жоспарлау мен болжау үшін басты (бастапқы) база болып табылады.
Есеп беруге қойылатын негізгі талаптар: кәсіпорын қызметінің нәтижесін анық және объективті көрсету, барлық көрсеткіштерді бір-бірімен қатаң үйлестіру, бухгалтерлік есеп пен жедел статистикалық есеп берудің үйлесімділігін сақтау, әдістемелік және басқа да ережелерді сақтау болып табылады.
Бұрмаланған есеп бергені үшін кәсіпорынның басшысы мен бас есепшісі Қазақстан Республикасының әрекет етіп тұрған заңдарына сәйкес жауап береді.
Қаржылық есеп берудің негізгі қағидаларына келесілер жатады:
Есептеу. Қаржылық есеп берудің есептеу қағидасының негізінде жасалады, соған сәйкес өнім жөнелтілген, жұмыс атқарылған кезінен бастап, олардың төлену нәтижесіне қарамастан табыс болып танылады, ал шығысы мен зияны орын алынған кезден бастап танылады.
Талассыздық. Субъект өз қызметін жақын арада тоқтатпауды топтастырады және ондай ниеттің көз жетерлік болашақта пайда болуын да мақсат тұтпайды.
Түсініктілік. Қаржылық есеп беруде берілген ақпарат пайдаланушыларға түсінікті болуы тиіс.
Маңыздылық. Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар, ондағы мэліметтерге қанағаттануы тиіс; қаржылық, шаруашылық, жедел жағдайларын бағалаған кезде, олардың қабылданған шешіміне алынған (немесе пайдаланған) мәліметтер өз септігін тигізуі керек.
Мәнділік. Қаржылық есеп беру негізінде қабылданған экономикалық шешімдер, олардың ұғымдарының дұрыстығына немесе дұрыс еместігіне әсер етуі мүмкін.
Дұрыстық. Есеп беру негізінен анық мәліметтердің көрсеткіштерінен құрылады, егер де онда мәнді қателер немесе күні бұрын пішілген ойлар болмаса.
Шындық және алалықсыз ұсыну. Қаржылық есеп беру субъекттің ақша қаражатының қозғалысы, операцияның нәтижесі, қаржылық жағдайы туралы пайдаланушыларға шындық және алалықсыз мәліметтерді ұсынуы тиіс.
Бейтараптылық. Қаржылық есеп беруде берілген ақпараттар күні бұрын ойластырылған мәліметтен алшақ болуы керек, яғни сенімді болжамы болғаны абзал.
Сақтық. Кез-келген шешімді қабылдаған кезде сақтық деңгейін сақтаған жөн, белгісіз жағдайда активтер мен табыстың, сондай-ақ міндеттемелер мен шығыстың қайта бағалануына барынша жол бермеу керек.
Аяқтау және салыстыру. Қаржылық есеп берудегі ақпараттардың анықтылығын қамтамасыз ету мақсатында ондағы мәліметтер толық болуы тиіс. Ақпараттың пайдалылығы мен мазмұндылығын арттыру үшін бір есептік кезеңмен салыстырылуы тиіс.
Жүйелілік. Пайдаланушы субъектінің қаржылық есеп беруін, оның әртүрлі есептік кезеңімен салыстыру мұмкіндігін қалыптастыру керек, өйткені оның көмегімен қаржылық жағдайдың тенденциялық өзгерістерін анықтай алады, демек қабылданатын шешімдердің жүйелілігін сақтау мүмкіндігі артады.
Есеп беруге қойылатын ең басты талап, оның тазалығы (ашықтығы) болып табылады, яғни акционерлер мен инвесторларға есеп берудің мәліметі түсінікті болуы тиіс. Есеп беру белгіленген мәліметтердің мерзімінде жасалғаны жөн. Кәсіпорынның есеп беруі бухгалтерлік, статистикалық және жедел (оперативті) болып бөлінеді. Жедел-статистикалық есеп беру кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметінің жекелеген жақтарын бухгалтерлік және жедел-статистикалық есепке алудьщ деректері бойынша жасалады. Бухгалтерлік есеп беру кәсіпорындардың өндірістік және қаржылық қызметін бастапқы құжаттармен және есепке алу жазбаларымен расталып, жинақталған деректерден жасалады. Қандай кезеңге берілгендігіне қарай есеп шұғыл және пошта арқылы берілетін есептер болып бөлінеді.
Балансты және басқа да берілетін есептерді уақытында, әрі сапалы жасау үшін бухгалтерия өндірістік бөлімшелеріндегі барлық мәліметтердің құжатталуын, белгіленген материалдық және басқа да есептерін толық көлемде берілуін қамтамасыз ету керек.
Бухгалтерлік есептің ақпараттары балансқа дейін қажет өңдеулерден өтеді. Бұл өндеу процесі төрт кезеңнен тұрады:
1. Әртүрлі шаруашылық фактілері құжатталады (іскерлік мәміле жасалады ) ;
2. Есеп мәліметтері есеп талабына байланысты жіктеледі, содан соң бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетіледі (есеп регистрлері ЖО, ведомость, Бас кітап) .
3. Есеп жиынтығы есеп беру нысандарына көшіріледі (баланс, қаржылық-шаруашылық қызметі туралы есеп беру, ақша-қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру т. б. ) .
4. Шаруашылық субъектінің қаржылық-шаруашылық қызметі талданады. Есеп беру жөніндегі жұмыстарды мүлтіксіз ұйымдастыру ісінде есепші қызметкерлердің міндеттерін өзара дұрыс блудің және есеп жұмыстарының кестесін белгілеудің маңызы зор. Берілетін есеп тиісті жиынтық құжаттарында, саралау парақтарында және белгіленген көлемдерде есептік тізімдемесінде жинақталады. Аталған деректердің негізінде талдау жасалынады.
Жасалған баланстық және басқа берілетін есептердің көрсеткіштерінің дәлдігін қамтамасыз ету үшін арифметикалық және логикалық тұрғыдан мұқият тексеру керек. Баланстың сабақтастығын есепті кезеңнің басындағы баланс баптарының деректерін ағымдағы кезеңнің осы баптағы деректерімен салыстырып, жыл соңындағы көрсеткіштердің әрбір жолы анықталады. Қаржы есебін беру тәртібі бухгалтерлік есептің стандарттарымен реттеледі:
№ 2 " Бухгалтерлік баланс және қаржылық есептің негізгі көрсеткіштерін ашып көрсету " (№ 2 БЕС) ; " Қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру "(№ 3 БЕС) және " Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру " (№ 4 БЕС) арқылы жүзеге асады.
Жылдық есептің меншік иелерінде (қатысушыларында, құрылтайшыларында) немесе құрылтай құжаттарында көрсетілген мәліметтері бойынша тиісті органдарға: салық инспекциясына (кәсіпорынның тұрған жері бойынша) ; жергілікті қаржы органына, мемлекеттік статистика органдарына есеп береді.
Талаптары бар кәсіпорындар өздерінің бухгалтерлік есептерін берумен қатар, жалпы белгіленген тәртіпте біріккен (жиынтық) есебін де береді.
Кәсіпорындар (бұған шетелдіктердің қатысы бар кәсіпорындар да енгізіледі), егер Қазақстан Республикасының заңдарында басқадай ерекшеліктері ескерілмеген болса, онда жылдық бухгалтерлік есепті есепті жылдан кейінгі келесі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей береді. Бухгалтерлік есеп берудің нақты күнін көрсетілген мерзімдердің шегінде салық органдарының келісімдері бойынша кәсіпорынның иелері (қатысушылары, құрылтайшылары) белгілейді.
Бухгалтерлік есеп беру күні болып, бір қаладағы кәсіпорындар үшін оның барлық қажетті ақпараттарын нақты берген күні есептеледі, ал басқа қаладағы кәсіпорын үшін пошта арқылы жіберілген күні есептеледі.
Берілген бухгалтерлік есепке кәсіпорын басшысы мен бас есепші қол қояды, олар оның уақытында берілуіне жауап береді.
Кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің нәтижелерін, мүлік пен қаржы жағдайы туралы жылдық бухгалтерлік есептерін мүдделі пайдаланушылар үшін жариялауға жол ашық.
Бухгалтерлік есепте жазбаларға өзгеріс енгізу жағдайы туындаса, осы жылға және өткен жылға қатысты берілген есептер мен баланс деректерінің барлығын түзетуді қажет деп тапса, онда ол есепті айдан кейінгі бірінші айда жасалады, сонда тиісті түзетулер көрініс береді. Өткен жыл үшін берілген жылдық бухгалтерлік есептер мен баланстар деректерінің түзетілуі, сол жыл үшін берілген есептер мен баланстар бекітілгенге дейің жасалады. Мұндайда өткен жылғы желтоқсан айында есепке алынған деректерге қажетті түзетулер енгізілуі мүмкін.
1. 2 Қаржылық есеп беруді жасау
Жоғарыда айтқанымыздай, қаржылық есеп берудің құрамына бухгалтерлік баланс, шаруашылық-қаржылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру, ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру және түсіндірме хаттамасы кіреді.
Қаржылық есеп берудің мақсаты - пайдаланушыларды есептік кезеңдегі қызметінің нәтижесі мен қаржылық жағдайы туралы пайдалы, әрі мәнді және сенімді ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады.
Бірақ қаржылық ақпараттарды пайдаланушылар кәсіпорынның қызметі туралы әрқилы мәліметтерді қажет етеді, мысалға:
инвесторлар - жасаған инвестициясының тәуекелділік дәрежесі, олардың алатын табысына қаншалықты пара-пар келетіндігін анықтау үшін; кәсіпорынға салған инвестициясын сатудың немесе соған сәйкес активтерін сатып алудың, немесе аз үлесін сақтаудың қажеттілігін анықтау үшін; кәсіпорынның келешектегі күтілетін девидендтерді төлеу қабілеттілігін анықтау үшін қажет ақпараттарды талап етеді;
- кредитор - алған қарызын және төленетін процентін өтеу қабілеттілігін анықтау үшін қажет ақпараттарды талап етеді;
- жабдықтаушылар - кредиторлық қарызды дер кезінде өтей алатын қабілетін тексеру үшін қажет ақпараттарды қажет етеді;
- сатып алушы - кәсіпорын қандай кезеңде өз қызметін жалғастыра алатындығы жөніндегі ақпараттарға мүдделі болып келеді;
- қызметкерлер - кәсіпорынның тұрақты әрі рентабельді жұмыс істегеніне мүдделі, өйткені олар, өзінің еңбек ақысының және басқа жеңілдіктері мен төлемін алады, ал акционерлер - тұрақты түрде дивиденд алып тұруын көздейді;
- Мемлекеттік органдар - кәсіпорынның тұрақты әрі рентабельді болғанына мүдделі, өйткені олар солардың көмегімен экономикалық саясатты (салық шараларын қоса алғанда) жүзеге асырады, сондай-ақ статистикалық мәліметтерді жинайды;
- Жұртшылық - жұмыс орнын табу мақсатында қажетті ақпараттарды елді мекенді, аймақты дамытуға керек ақпараттарды жинауға мүдделі болып келеді.
Қаржылық есеп беру кәсіпорынның инвестициялық саясатын жасауға, несиелеу аясын дұрыс қалыптастыруға, болашақ ақша қаражатының ағымын бағалауға, кәсіпорынның міндеттемесі мен ресурстарын бағалауға және олардың басқарушы органдарының қызметіне қажет ақпараттармен қамтамасыз етуге өз септігін тигізеді.
Кәсіпорынның қаржылық есеп беруін әртүрлі пайдаланушылардың әрқилы мүдде бойынша пайдалануы кәсіпорынның сол жалпы талапқа сай келуі үшін оның қызметіне капиталдың жеткілікті болуы абзал. Сондықтан олардың негізгі талабы (басқа жағдайлары бірдей болғанда) : кәсіпорыннан алған меншік капиталы мен басқа инвестициясы туралы ақпараттар оларды қанағаттандыруы тиіс.
Бұл ереже барлық пайдаланушылардың мүддесіне ортақ әрі сай келетін ақпарат болып саналады. Жалпы алғанда, пайдаланушылар келесі ақпараттарға мүдделі болып келеді.
Экономикалық ресурстары
(активтер құрылымы)
Кәсіпорынның табыс алу қабілетін бағалау
және болашақта болатын ақша қаражаты
Қаржылық құрылымы (кәсіпорынның қарызы мен меншік
капиталының ара қатынасы)
Қарыз қаражатының келешекке қажеттілігін
багалау және болашақта алынатын пайда мен ақша қаражатын мүдделі тараптардың арасына тарату; кәсіпорынның сырттан инвестицияны тартудың потенциалдық икемділігін бағалау
Өтемділік пен төлем қабілеттілігінің
коэффициенті
Қаржылық есеп беру өзара байланысты, өйткені ондагы шаруашылықтың бір ғана операциясы әртүрлі фактімен көрініс табады. Әрбір есеп беру әртүрлі ақпаратты береді, ал оны сол немесе басқаша күйінде шаруашылық жүргізуші субъект пайдаланылады.
Қаржылық есеп пайдаланушылар үшін айқын, түсінікті болуы және барлық мәнді ақпараттарды алуы тиіс. Қажет болған кезде түсініктеме хаттамасында баптардың жіктемесі мен ақша қаражаттары туралы қосымша мәліметтер арқылы, олардың мазмұнын түсіндіру керек.
Қаржылық есеп беруде заңды тұлғалардың атауы, тұрған жері, есеп беру кезеңі мен күні көрсетілуі тиіс. Сондай-ақ, ұйым қызметінің түрі, заңды нысаны, өлшем бірлігі көрсетілуі тиіс.
Қаржылық есеп беру өткен кезеңдердің мәліметтерімен салыстырылады. Есеп беру Қазақстан Республикасының валютасында жасалады, өлшем бірлігі - мың теңге. Жылдық есеп берудің есептік кезеңі болып, толық календарлық жыл саналады; ал жаңадан құрылған субъектілер үшін - заңды тұлға ретінде статусын алған күнінен бастап, есепті жылдың 31-ші желтоқсанына дейін саналады. Меншік иесінің есеп берудің басқа да кезеңдігін белгілеуге құқығы бар (жылына 1 реттен кем болмауы керек) .
Қаржылық есеп берудің элементтері. Қаржылық есеп беру мәміленің және басқа да оқиғаның нәтижесін классқа топтастырып, экономикалық мазмұнына сәйкес көрсетіледі. Экономикалық мазмұн қаржылық есеп берудің элементтері болып табылады.
Актив - бұл құндық бағасы бар субъектінің құқығы мен жеке мүліктік және мүліктік емес игілігі.
Активтер болашақта жүзеге асатын экономикалық олжа ретінде көрсетіледі. ол өткен мәміленің немесе басқа оқиғаның нәтижесі болып табылады, бірақ ол өздігінен активтің пайда болуына әкелмейді. Актив өнімді (жұмысты, қызметті) өндіру үшін, сондай-ак өндірісті басқару және басқа мақсаттар үшін пайдаланылады. Болашақ экономикалық олжа ретінде жүзеге асатын активтер өндірісте және күрделі құрылыста сатылуы немесе басқа активтерге айырбасталуы, кәсіпорынның міндеттемесін өтеу үшін қолданылуы, меншік иелерінің арасында бөлінуі мүмкін.
Активтердің физикалық нысаны да бар болуы мүмкін (ғимараттар, қондырғылар, машиналар т. б. ) және ондай нысаны болмауы да мүмкін (лицензия, ноу-хау, гудвилл т. б. ) ; сондай-ақ активтер дебиторлық қарыз іспеттес те болып келуі мүмкін.
Шаруашылық жүргізуші субъектінің активтерге меншік құқығы болуы да және оның болмауы да мүмкін, бірақ сол активтер кәсіпорынның өз меншігіне жатпаса да, олардың сақталуын қамтамасыз етеді және оларды пайдаланудан алынатын олжаны бақылай алады. Жаңа активтерді жасау мен оларға жұмсалған шығындардың арасында тікелей байланыс болады, бірақ олар уақыт кеңістігінде әр уақытта бір-бірімен тұспа-тұс келе бермейді. Бұл жағдайда шығын тек болашақ олжаны іздестіру үшін жасалғандығын көрсетеді, бірақ бұл активтердің түпкілікті өз арналымдарына сәйкестігін көрсетпейді.
Міндеттемелер - бұл өткен мәміленің нәтижесі, ол жүзеге асқандықтан қарызданушының міндеттемесінің пайда болғанын, белгілі-бір әрекеттің кредитор, пайдасына жасалатындығын көрсетеді: қарызды төлеу немесе одан бас тарту, ал кредитор қарызданушыдан өз міндеттемесін орындалуын талап етуге құқығы бар. Міндеттеменің осы шақтағысы мен болашақтағысының жігін ашу қажет. Субъектінің болашақта активтерді алу ниеті міндеттеменің пайда болуына әкелмейді. Міндеттеме тек актив алынған кезде пайда болады. Міндеттеме оны төлеу жолымен өтеледі, немесе басқа активті берген кезде жойылуы мүмкін. Сондай-ақ міндеттемеден кредитордың өзі бас тартқан кезде ол өтелген болып саналады (сот шешімі бойынша, немесе іздестіру мерзімІ өтіп кетсе) .
Меншік капиталы - бұл субъектінің міндеттемесі шегерілген активі. Бухгалтерлік есепте ол бірнеше классқа бөлінеді: жаргылық капиталы, қосымша төленген капиталы, резервтік капитал, таратылмаған табыс. Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар үшін мұндай бөліну, шаруашылық қызметін талдаған кезде қажет. Егер де баланс пассивінің қурылымында меншік капиталының үлес салмағы көп болса, онда ол субъектінің қаржылық жағдайының тұрақтылығын көрсетеді.
Қаржылық нәтижесі - бұл есепті жылдағы кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі (шығыс - табыс) . Қаржылық нәтижесін өлшеу элементі: табыс пен шығыс болып табылады.
Табыс - бұл есепті кезеңдегі активтердің өсуі, не міндеттемелердің азаюы; шығыс - бұл есептік кезеңде активтердің азаю, не міндеттемелердің өсуі. Бұл жерде иеленушілердің жарғылық капиталына салған салымы субъектінің табысы болып табылмайды, ал субъект иелеріне меншік капиталын таратып беру - шығыс болып табылады.
Қаржылық есеп беруде шаруашылық жүргізуші субъект қызмет түріне қарап табыс пен шығысты бөліп көрсетуіне болады. Мысалға, өнеркәсіп өндірісі, делдалдық қызмет, ауыл шаруашылық қызметі бойынша және т. б., сондай-ақ табыс пен шығысты әдеттегі қызметі мен төтенше жағдайдан алатын табыстары немесе шығыстары бойынша бөлуі мүмкін.
Табыстар - бұл субъектінің негізгі және негізгі емес қызметінің нәтижесі. Негізгі қызметтен алатын табыстардың қатарына: өнімді, жұмысты, қызметті сатқаннан алынған табысы; сондай-ақ тауарлы-материалдық құндылықтардан, жалға беруден, инвестициялық қызметтерден түсетін табыстардың қатарына: негізгі құралдар, материалдық емес активтерді, бағалы қағаздарды сатқаннан және бағамдық айырмадан түскен табыстары жатады.
Шығыстар - өнімді өндірумен, жұмысты атқарумен, қызметті көрсетумен байланысты шыгындар, негізгі және негізгі емес қызметтен шеккен зияндар және төтнше жағдайдан туындаған шығындары. Шығыстар, әдетте, шығын (отток) нысанын қабылдайды немесе активтердің пайдалануын көрсетеді (ақша қаражаттары, материалдық запастар, негізгі құралдар т. б. ) . Зиян экономикалық олжаның азайғанын көрсетеді. Зиян өз табиғи бойынша, шығыстан айтарлықтай ерекшеленбейді және ол жеке элемент болып та саналмайды.
Қаржылық есеп берудің элементтерін тaнy - бұл бухгалтерлік балансқа енгізу процесі немесе қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп берудің бабы, ал ол элементтерге берілген анықтамаларына сәйкес келеді және мынадай тану тұжырымдамасын қанағаттандырады:
- кез-келген болашақтағы олжаның осы баптарда көрініс табу ықтималдылығы бар, оның түсуі де, шығып кетуі де мүмкін;
- баптың құны бар, ол үлкен дәлдікпен өлшенуі мүмкін.
Қаржылық есеп элементтерін бағалау. Бағалаудың көмегімен олардың құны анықталуы мүмкін, соның нәтижесінде олар (активтер мен міндеттемелер) танылады және қаржылық есеп беруге тіркеледі. Бағалаудың келесі түрлері бар:
- бастапқы құны - активтер тараптардың келісімі бойынша белгіленген және олардың алынған бағасы бойынша көрініс табады; міндеттеме келіп түскен сомасы бойынша көрініс табады, түрлі жағдайлардың салдарынан қалыпты кезінде олардың өтелуі үшін төлем жасалады;
- ағымдағы құны - активтер есеп берудегі ақшалай сомасы бойынша көрініс табады, егер де осы немесе осыған ұқсас актив алынса, онда ол сол сомада төленеді; міндеттемелер есеп берудегі дисконтталмаған бағасы бойынша көрініс табады және тап осы сомада өтелуі талап етіледі;
- сату құны- активтер өзінің сатылған құны бойынша көрініс табуы мүмкін; міндеттемелер өзінің өтелген сомасы бойынша көрініс табады, демек дисконтталмаған сомасын білдіреді және олардың өтелуін талап етеді;
- дисконтталған құны - активтер келешекте келіп түсетін ақша қаражатының дисконтталған құнын білдіреді, ағымдағы құны бойынша көрініс табады, ол субъектінің әдеттегі қызметінің барысында солайша топтап көрсетіледі;
- баланстық құны - актив пен міндеттеме баланстық есеп берілген күніндегі бағасы бойынша көрініс табады.
Субъект қаржылық есеп беруді жасау кезінде активтер мен міндеттемелерді бағалау үшін бастапқы құнын негізге алады және сонымен қоса баска да бағалау әдістерін пайдаланады.
2-бөлім. Бухгалтерлік баланс - негізгі қаржылық құжат
2. 1 Бухгалтерлік баланс, оның мәні мен ерекшеліктері
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz