Қаржылық жоспарлаудың объектісі


МАзмұны
Кіріспе3
І- Тарау Қаржылық жоспарлау туралы түсінік5
1. 1 Қаржылық жоспарлаудың мазмұны, міндеттері, қағидаттары мен әдістері5
1. 2 Қаржылық жоспарлаудың объектісі6
1. 3 Қаржылық жоспарлаудың мазмұны8
Қорытынды11
Пайдаланған әдебиеттер тізімі14
Кіріспе
Қаржылық жоспарлау - бұл қаржы жоспарларын әзірлеу, қаралған мерзімде оларды орындау, белгіленген мақсаттарға жетуге бағытталған процесі. Жоспарлау басқарудың элементі ретінде қаржы саясаты құралдарының бірі болып табылады. Ол ірі шаруашылық өзгерістерді байсалды және елеусіз жасауға мүмкіндік туғызады
Ұзақ мерзімді жоспарлауды құруды негізгі күрделі мәселе деп есептеуге болады. Мұнда екі жағдай қарастырылады: шаруашылық қызметтің тәуекелі мен болжаудың тәуекелі. Тәуекелдің бірінші түрі іскер қызметкерлердің, эксперттердің тартылуы есебінен төмендеуі мүмкін. Тәуекелдің екінші түрін шет елде және өзімізде жинақталған тәжірибені қолдану арқылы, сонымен қатар ЭЕМ көмегімен шаруашылық қызметі көп вариантты ұқсас есептеулер жолымен төмендетуге болады.
Қазіргі экономика ғылымының өз қарауында қаржылық көрсеткіштерді жоспарлау әр түрлі әдістері мен тәсілдері бар. Кәсіпорынның банкрот болу мүмкіндігінің тұрғысынан қаржылық болжаудың 4 негізгі тәсілін қарастырамыз:
а) несие беру қабілеттілігі индексінің есебі;
б) формаланған және формаланбаған белгілердің жүйесін қолдану;
в) төлем қабілеттілігі көрсеткіштерін болжау;
д) қаржылық ағымның құйылуын талдау.
Кәсіпорынның банкроттығы жайында шешімдер қабылдау үшін негіз ретінде кәсіпорынның баланс құрылымының қанағаттанарлықтай екенін бағалаудың белгілер жүйесі алынады. Ол Қазақстан Республикасындағы қанағаттанғысыз мемелекеттік кәсіпорындарды жою, қайта құру, қаржылық-экономикалық сауықтырудың механизмі жайындағы Ережемен, сонымен қатар 1995 жылдың 12 шілдедегі Қазақстан Республикасының Экономика министрлігімен бекітілген кәсіпорындардың баланстық құрылымын бағалау тәртібі туралы Ережесімен белгіленген.
Қаржылық жоспарлаудың объектісі шаруашылық жүргізуші субъектілері мен мемлскеттің қаржылық қызметі, ал қорытынды нәтижесі қаржы жоспарлары мен жеке мекеменің сметаларынан бастап мемлекеттің жиынтық қаржы жоспарына дейінгі қаржы жоспарларын жасау болып табылады. Әрбір жоспарда белгілі бір мерзімге белгіленген кірістер мен шығыстар, қаржы және кредит жүйелерінің буындары мен байланыстары анықталады. Қаржылық жоспарлаудың нақтылы міндеттері қаржы саясатымен айқындалады. Бұл: жоспарлы тапсырмаларды орындауға қажетті ақша-ның көлемі мен олардың көздерін анықтау; кірістерді өсірудің, шығыстарды үнемдеудің резервтерін анықтау; орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорлар арасында қаражаттарды бөлуде оңтайлы үйлесімдерді белгілеу және басқалары
І- Тарау Қаржылық жоспарлау туралы түсінік
1. 1 Қаржылық жоспарлаудың мазмұны, міндеттері, қағидаттары мен әдістері
Қаржылық жоспарлау мен болжау - бұл қаржы механизмінің қосалқы жүйесі, саналы басқарудың аса маңызды элементтерінің бірі және әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың құрамды бөлігі. Олар экономиканың үйлесімді және тепе-теңдік дамуына жетуге, біртұтас ұлттық шаруашылық кешенінің барлық буындарының қызметін үйлестіруге, қоғамдық өндіріс өсуінің жоғарғы қарқынын қамтамасыз етуге, халықты әлеуметтік қорғауға бағытталған. Қаржылық жоспарлаудың өзіндік ерекшелігі сол, бұл жоспарлау өндірістің материалдық-заттай элементтері турасында, ақшамен қоғамдық ұдайы өндіріске белсенді ықпал жасау турасында ақша қозғалысының салыстырмалы дербестігімен шарттасылған ақша нысанында жүзеге асырылады.
Қаржының табысты іс-әрекет етуі және қоғамдық процестерге белсенді ықпал етуі көбінесе қаржы ресурстарының қозғалысын, шаруашылықты жүргізудің барлық деңгейлерінде ақша қорларын қалыптастырып, бөлуді алдын ала үлгілеуге байланысты болады. Мұндай процесс тәртіпті (реттілікті) анықтайтын өзара үйлесілген тапсырмалардың, көрсеткіштердің кешенді жүйесін жасауды, ақша түсімдерін жұмылдырудың прогрсссивті нысандарын қолдануды қажет етеді.
Қаржылық көрсеткіштерді, белгіленетін қаржы операцияларын негіздеп дәлелдеуге, көптеген шаруашылық шешімдердің нәтижелілігі сияқты, қаржылық жоспарлау мен болжау процесінде қол жетеді. Бұл өте ұқсас ұғымдар экономикалық әдебиет пен практикада жиі теңестіріледі. Іс жүзінде қаржылық болжау жоспарлаудың алдында болуы және көптеген нұсқаларды бағалауды жүзеге асыруы тиіс (тиісінше макро- және микродеңгейлерде қаржы ресурстарының қозғалысын басқарудың мүмкіндіктерін анықтауы тиіс) . Қаржылық жоспарлаудың көмегімен белгіленетін болжамдар нақтыланады, нақтылы жолдар, көрсеткіштер, өзара үйлесілген міндеттер, оларды іске асырудың дәйектілігі, сондай-ақ таңдалынған мақсатқа жетуге көмектесетін әдістер анықталады.
Қаржылық жоспарлау - бұл қаржы жоспарларын (тапсырмаларын) әзірлеу, қаралған мерзімде оларды орындау, бслгіленген мақсаттарға жетуге бағытталған процесі. Жоспарлау басқарудың элементі ретінде қаржы саясаты құралдарының бірі болып табылады. Ол ірі шаруашылық өзгерістерді байсалды және елеусіз жасауға мүмкіндік туғызады.
1. 2 Қаржылық жоспарлаудың объектісі
Қаржылық жоспарлаудың объектісі шаруашылық жүргізуші субъектілері мен мемлекеттің қаржылық қызметі, ал қорытынды нәтижесі қаржы жоспарлары мен жеке мекеменің сметаларынан бастап мемлекеттің жиынтық қаржы жоспарына дейінгі қаржы жоспарларын жасау болып табылады. Әрбір жоспарда белгілі бір мерзімге белгіленген кірістер мен шығыстар, қаржы және кредит жүйелерінің буындары мен байланыстары анықталады. Қаржылық жоспарлаудың нақтылы міндеттері қаржы саясатымен айқындалады. Бұл: жоспарлы тапсырмаларды орындауға қажетті ақшаның көлемі мен олардың көздерін анықтау; кірістерді өсірудің, шығыстарды үнемдеудің резервтерін анықтау; орталықтандырылған және орталықтандырылмаған қорлар арасында қаражаттарды бөлуде оңтайлы үйлесімдерді белгілеу және басқалары.
Жоспарлау:
1) экстенсивтілігімен (әлеуметтік-саяси және экономикалық құбылыстардың кең шеңберін қамтиды) ;
2) қарқындылығымен (кәміл техника мен әдістерді қолдануды түсінеді) ;
3) тиімділігімен (қорытындысында қаржыны басқару қойған міндеттерге жетудің қажеттілігін білдіреді) сипатталады.
Қаржылық жоспарлауда мына тәсілдемелер пайдаланылады:
а) автоматтық (өткен жылдың деректері келесі жылға көшіріледі. Инфляция кезінде деректер инфляцияның коэффициенттеріне көбейтіледі. Бұл әдіс ең қарапайым әдіс болып табылады және, әдеттегідей, уақыт жетіспеушілігі кезінде пайдаланылады;
ә) статистикалық (өткен жылдардың шығыстарын қосып өткен жылдардың санына бөледі) ;
б) нолдік база тәсілдемесі (барлық айқындамалар қайта есептелуі тиіс, бұл әдіс нақтылы қажеттіліктерді есепке алады және оларды мүмкіндіктерімен үйлестіріледі) .
Нарықтық экономика жағдайында жоспарлау басқарудың функциясы ретінде экономикалық және әлеуметтік қызметтің барлық жақтарын жалпыға бірдей қамту нысанын алуы тиіс. Егер жоспарлы экономикада қаржыны жоспарлауда сүйеніш бөлгіштік процестерге жасалынса, нарықтық экономикада айырбас сферасына сүйенеді, бұл сфера арқылы тауарлар мен қызметтерді өткізу және оларды өндіру мен өткізу кезінде қоғамдық қажетті шығындарды тану
Демек, нарықтық экономикада тауарлар мен қызметтерді өндіру мен өткізу процесіндегі байланыстың үстемдік және айқындаушы әдісі ақшаны, бағаны, құн заңын, сұраным мен ұсыным заңын кіріктіретін өзінің механизмі бар рынок болады. Нарықтық механизмнің мұндай табиғаты өндіріс пен айырбас нәтижелерін анықтаудың әдісі ретінде, бірақ жоспарлаудың элементтері болатын болжаудың қажеттігін анықтайды.
1. 3 Қаржылық жоспарлаудың мазмұны
Қаржылық жоспарлаудың мазмұны ақшалай табыстар мен қорланымдарды жасау, бөлу және қайта бөлуді экономикалық процестермен оңтайландырудың күні бүрын анықталған мүмкіндік ретінде көрінеді және осының негізінде орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларын қалыптастыру және пайдалану.
Қаржылық жоспарлау экономиканы және оның буындарын басқарудың аса маңызды функциясы болып табылады. Оны мемлекеттік билік пен басқарудың органдары, мекемелері және олардың жоғарғы құрылымдары жүзеге асырады.
Шаруашылықты жүргізудің нарықтық жағдайында қаржылық жоспарлау шаруашылық жүргізудің белгіленетін түпкілікті нәтижелеріне ықпал етуші көптеген факторлардың екі ұштылығына байланысты көбінесе болжау ретінде жүргізіледі.
Қаржылық болжау - мемлекеттің мүмкін болатын қаржы жағдайын алдын ала көре білу, қаржы жоспарларының көрсеткіштерін негіздеу (дәлелдеу) . Болжамдар орташа мерзімді (5-10 жыл) және ұзақ мерзімді (10 жылдан астам) болуы мүмкін. Қаржылық болжау қаржы жоспарларын жасау стадияларынан бұрын болады, қоғам дамуының белгілі бір кезеңіне арналған қаржы саясатының тұжырымын жасайды.
Қаржылық болжаудың мақсаты - болжанған кезендегі қаржы ресурстарының шынайы мүмкін болатын ауқымын, оларды қалыптастырудың көздерін және пайдалануды анықтау болып табылады. Болжамдар қаржы жүйесінің органдарына қаржы жүйесін (құрамын) дамыту мен жетілдірудің түрлі нұсқаларын, қаржы саясатын іске асырудың нысандары мен әдістерін белгілеуге мүмкіндік береді.
Қаржылық болжау әр түрлі әдістерді қолдануды қажет етеді:
- экономикалық процестерді анықтайтын факторларға қарай қаржы жоспарлары көрсеткіштерінің динамикасын бейнелеп көрсететін экономикалық үлгілерді жасау;
- корреляциялық-рефессиялық талдау;
- тікелей сараптамалық бағалау әдісі.
- бір орталықтан басқарудың (оның қатаң, өміршіл әдістерімен) кезеңіне сипатты болды.
Нарықтық қатынастар жағдайында аумақтық және предметтік-мақсатты қағидаттар кеңінен қолданыңатын болады.
Аумақтық қаржылық жоспарлау әкімшілік-аумақтық бөліністердің қаржы ресурстарын анықтауға мүмкіндік береді; ресурстар ауқымын шаруашылық қызметтің нәтижелеріне тәуелді ғып қоюға көмектеседі; объективті себептер бойынша ресурстардың тапшылығы жағдайында аймақтың қолайлы әлеуметтік дамуын қамтамасыз ету үшін оларды орталықтандырылған қорлар арқылы қайта бөлу мүмкін. Қаржылық жоспарлаудағы предметтік-мақсатты қағидат белгілі бір экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, мәдени және басқа бағдарламаларды қамтамасыз ету үшін қаржы ресурстарын нақтылы қалыптастыруға және пайдалануға бағытталған.
Қорытынды
Қаржылық жоспарлау - бұл қаржы жоспарларын (тапсырмаларын) әзірлеу, қаралған мерзімде оларды орындау, бслгіленген мақсаттарға жетуге бағытталған процесі. Жоспарлау басқарудың элементі ретінде қаржы саясаты құралдарының бірі болып табылады. Ол ірі шаруашылық өзгерістерді байсалды және елеусіз жасауға мүмкіндік туғызады.
Қаржылық жоспарлаудың объектісі шаруашылық жүргізуші субъектілері мен мемлекеттің қаржылық қызметі, ал қорытынды нәтижесі қаржы жоспарлары мен жеке мекеменің сметаларынан бастап мемлекеттің жиынтық қаржы жоспарына дейінгі қаржы жоспарларын жасау болып табылады.
Қаржылық жоспарлау экономиканы және оның буындарын басқарудың аса маңызды функциясы болып табылады. Оны мемлекеттік билік пен басқарудың органдары, мекемелері және олардың жоғарғы құрылымдары жүзеге асырады.
Демек, нарықтық экономикада тауарлар мен қызметтерді өндіру мен өткізу процесіндегі байланыстың үстемдік және айқындаушы әдісі ақшаны, бағаны, құн заңын, сұраным мен ұсыным заңын кіріктіретін өзінің механизмі бар рынок болады. Нарықтық механизмнің мұндай табиғаты өндіріс пен айырбас нәтижелерін анықтаудың әдісі ретінде, бірақ жоспарлаудың элементтері болатын болжаудың қажеттігін анықтайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz