Қаржылық құқық


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСТИТЕТІ

Қоғамдық пәндер кафедрасы

Р Е Ф Е Р А Т

Қаржылық құқықтың негіздері

Орындаған КСУ-01-1к

топ студенті

Рамазанов Б. М.

Қабылдаған оқытушы

Оспанов К. И.

Алматы 2004

Жоспар

Қаржылық құқықтың негіздері3

Әдебиеттер тізімі12

  1. Кіріспе

Қаржы ұғымы

  1. Негізгі бөлім

Қаржылық құқық

Қаржылық бақылау

  1. Қорытынды

Мемлекеттік қаржы

Қаржылық құқықтың негіздері

Қаржы әрқашанда мемлекеттің өсіп - дамуымен тығыз байланысты және мемлекеттермен бір уақытта пайда болған. Сондықтан, мемлекет және құқық теориясы бойынша қаржылар мемлекеттің атрибуты болып табылады және мемлекеттің материалдық тірегі (базасы) ретінде көрініс табады. Негізінде ‘қаржылар’ ақша түріндегі қоғамдық өнімді бөлуге байланысты экономикамлық (ақшалай) қатынастардың айтарлықтай аумағын қамтиды және ақшалай сипатта болады. Қаржы қатынастары экномикалық қатынастардың бір бөлігі ретінде туындайтындықтан базистік қатынастарға, сондай-ақ экономикалық құндылық категориясына жатады. Қаржылар өте мол ақша қаражаттары қорлары ретінде әрқашан да мемлекет меншігінде болады және жалпы мемлекеттік мұқтаждықтарды қанағаттандыру процессінде басты рөл атқарады. Қаржылар мемлекеттің өсіп дамуының материалдық негізі және оның өзіне тән міндеттері мен функцияларын әрқашан қамтамасыз етудің қайнар көзі болып есептеледі. Мемлекет аумағындағы азаматтар салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлей отырып қаржыларды қалыптастыру процессіне араласса, ал мемлекеттік қаржылардан зейнетақы және басқа да ақшалай жәрдемақы алу көздерінде оларды бөлу (жұмсау) процессінде қатысады. Қандай да болмасын заңды және жеке тұлғалар қаржылық құқықтың объектісі болып есептелінетін және мемлекеттің ақша жүйесіне қызмет ететін көптеген ақшалай қатынасатын субъектілері болып табылады. ”Қаржы” термині екі мағынадан тұрады деп тұжырымдауға болады:

1. Материалдық мағынада;

2. Экономикалық категория ретінде.

Материалдық (ақшалай) мағынада “қаржы” деп мемлекеттің өз қарамағындағы, меншігіндегі ақша қаражаттары қорларының жиынтығын айтамыз. Бұл жерде айта кететін бір жәйт, азаматтар көбінесе қаржыны ақша деп түсінеді. Қаржылар өте мол ақша қаражаттары қорлары ретінде тек мемлекет қолында болады және ешқандай айырбас процессіне араласпайды. Ал азаматтардың қолында күнделікті өмірде жұмсалатын жалпыға бірдей құндылық баламасы - қолда бар және құжат жүзіндегі ақшалар.

Экономикалық категория ретінде қаржы деп, мемлекеттің ақшалай ресурстарын жоспарлы түрде қалыптастыратын және бөлетін, сондай-ақ олардың пайдалануын ұйымдастыратын экономикалық қатынастардың жүйесін айтамыз.

Қаржылардың еліміздің әлеуметтік-экономикалық өміріндегі рөлдері мен маңызы олардың мынадай функциялары арқылы да көрініс табады:

  1. бөлу және қайта бөлу функциясы;
  2. бақылау функциясы.

Осы аталған функциялар тек мемлекеттік уәкілетті органдардың қаржылық қызметтерінің барысында жүзеге асырылады.

Бөлу функциясының көмегімен өндіріс аясында жасалған экономикалық өнімнің құны мен ұлттық табыстың бір бөлігі мемлекеттің қарамағына жіберіледі. Осы ақша қаражаттары мемлекеттің қаржысына айналғаннан кейін еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси құрылыстарының басым бағыттары бойынша қайтадан бөлінеді.

Бақылау функциясының арқасында ақша қаражаттарының жиыстырылу және бөлу процестерінің заңға сәйкес жүзеге асырылуына, сондай-ақ мемлекеттің ақшалай ресурстарының ұтымды әрі тиімді пайдалануына есептеу, тексеру жүргізіліп қаржылық тәртіптің сақталуы қамтамасыз етіледі.

Осы мемлекетке қажетті ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдстыру жөніндегі мемлекеттің немесе оның уәкілетті органдарының іс-қимылдары мемлекеттің қаржылық қызметі болып табылады.

Ал қаржылық қызметтің, яғни мемлекеттің ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдаланылуын ұйымдастыру барысында туындайтын қоғомдық қатынастар қаржаның құқықтық пәні болып есептелінеді.

Қаржылар экономикалық категориялардың бірі болғандықтан жаңағы қоғомдық қатынастар экономикалақ қатынастарға жатады, ал осы экономикалық қатынастар жүйесіне кіретін қаржыларға байланысты қатынастар қаржылық қатынастар болып табылады. Қаржылық қатынастардың өзіне тән айрықша белгілері болады. Олар мына келесідей болып келеді:

  1. Бұл қатынастар ақшалай немесе ақшаға байланысты қатынастар болып табылады.
  2. Бұл қатынастар әрқашан да бөлу сипатында болады
  3. Бұл қатынастар мемлекеттің қаржылылық қызметінің нәтижесі болып табылады.
  4. Бұл қатынастар ақша түріндегі құнның бір жақты қозғалысын білдіреді.
  5. Экономикалық қатынастардың бір түрі болғандықтан базистің құрамына жатады.
  6. Бұл қатынастар әрдайым қаржылық құқықтық түрінде кездеседі.

Осы аталған экономикалық және құқық белгілердің жиынтығы қаржылық қатынастарды жалпы экономикалық қатынастардың ішінен, ал қаржылық-құқықтық қатынастарды жалпы құқықтық қатынастардың ішінен бөліп шығаруға мүмкіндік береді.

Сонымен, қаржылық құқық деп - мемлекеттің қаржыларын, яғни ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалануды ұйымдастыру барысында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығын айтамыз.

Қысқартып айтсақ, қаржылық құқық дегеніміз мемлекеттің қаржылық қызметінің барысында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.

Қаржылық құқықта қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудің 2 әдісі қолданылады:

  1. Мемлекеттік - өктем, императивтік әдіс;
  2. Қаржылық - шартты, диспозиттивтік әдіс;

Мемлекеттің тарапынан, қаржылық құқықтың нормаларымен реттелген қаржылық қатынастар қаржылық құқықтық қатынастарға айналады. Осы қатынастар маңызы бойынша экономикалық, нысаны бойынша құқықтық бола отырып, мына келесідей өздеріне тән белгілермен сипатталады:

  1. Қаржылық құқықтық қатынастар тек мемлекеттің қаржылық қызметінің аясында туындап, құқықтық нормаларын реттелген қатынастар болып табылады;
  2. Қаржылық құқықтық қатынастар мемлекет пен қоғамның мүддесін жүзеге асырудың нысаны болып табылады;
  3. Қаржылық құқықтық қатынастар әрдайым мемлекеттік - өктем сипатта болады;
  4. Қаржылық құқықтық қатынастартардың тұрақты субъектілерін мемлекет пен оның уәкілетті органдары жатады;
  5. Қаржылық құқықтық қатынастар әрдайым материалдық сипатта болады.

Қаржылық құқықтық қатынастардың объектісі деп - осы қатынастардың материалдық мәнінен бөлектенбейтін, олардың субъектілерінің қызметтерінің нәтижесін айтамыз.

Қаржылық құқықтық қатынастардың субъектілері нақты қаржылық құқықтық қатынастарға қатысатын, өздеріне тән құқықтар мен міндеттерге ие болған тұлғалар болып табылыды.

Осы айтылғандарды қорыта келіп қаржылық құқықтық қатынастарға мынадай түсінік беруге болады: қаржылық құқықтық қатынастар деп - мемлекет және қоғам мүддесін қамтамасыз етуге бағытталған, өктем - нормаларға негізделген және сол нормалармен реттелетін, маңызы бойынша экономикалық болып табылатын, мемлекеттің және оның уәкілетті органдарының қаржылық қызметкерлерінің барысында туындайтын қоғамдық қатынастарды айтамыз.

Мемлекеттің қаржылық құрылымын арнайы мамандырылған және өздеріне тиесілі қаржылық өктем өкілеттіліктерін жүзеге асыратын мына мемлекеттік органдар:

  1. ҚР Қаржы министрлігі;
  2. ҚР Қаржы министрлігінің Салық комитеті, Қаржы бақылау комитеті және қазынашылық комитеті;
  3. ҚР Қаржы министрлігінің құзырындағы аудандық қаржы бөлімдері мен облыстық қаржылық басқармалар;
  4. ҚР Ұлттық Банкі;
  5. ҚР Ұлттық Банкісінің банктік және сақтандыру қадағалауы департаменті, бағалы қағаздар рыногын реттеу департаменті, төлемдік баланс және валюталық реттеу департаменті және т. б. ;
  6. ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі құрайды.

Мемлекеттік қаржылық реттеу мемлекеттің қаржы жүйесінің ойдағыдай қызмет атқаруын, сондай-ақ оның құрылымдық бөлімдерінің өзара қарым-қатынастарын айтарлықтай деңгейде қамтамасыз ету мақсатында оған (қаржы жүйесіне) ұйымдастыру сипатында және бағытталған түрде ықпал ету болып саналады.

Ақша жүйесінің құқықтық негіздері еліміздің ақша жүйесін, соның ішінде ұлттық валюта жүйесін белгілейтін, сондай-ақ оның қоғам мен мемлекет мүдделеріне сай тиісінше қызмет атқаруын қамтамасыз ететін қаржылық құқықтың институты болып табылады. Ақша бірлігі еліміздегі барлық тауарлардың бағасын өлшеу жөніндегі қызметті атқаратын және ұлттық валютаның аталымын көрсететін мемлекет тарапынан белгіленген ақша, яғни Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы - Қазақстан тенгесі.

Қаржылық бақылау мемлекеттің қаржылық қызметтің түрі ретінде де қаржыларға бақылау функциясы тән болады. Осы бақылау функциясы мемлекеттік қатынастарды қалыптастыру, бөлу және пайдалануын ұйымдастыру процестерінің заңды негізде және мақсатқа сәйке жүргізілуіне қадағалауды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар, осы қаржылық қызмет аясындағы уәкілетті қаржылық органдардың қызметтеріне де бақылау жүргізіледі. Сондықтан қаржылық бақылаудың ұғымы екі тұрғыдан түсіндіріледі. Қаржылық бақылау деп, мемлекеттің ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және мемлекеттің ақша қаражаттарын пайдалану процестерінің заңды түрде, сондай-ақ мақсатқа сәйкес жүргізілуін тексеруді айтамыз.

Қаржылық бақылаудың екінші ұғымы қаржылық қызметке қатысушылардың өз қаржылық міндеттемелерін орындауларын тексеру жөніндегі мемлекет уәкілеті органдардың іс-қимылдары болып табылады.

Қаржылық бақылаудың мына келесідей міндеттері болады: сақталуын қамтамасыз ету; мемлекеттің ақша қаражаттарының орынды және тиімді түрде пайдалануын қамтамасыз етуі; кәсіпорындар мен ұйымдардың мемлекет алдындағы қаржылық міндеттемелерінің орындалуын тексеру; мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржылық операцияларының тиімді және белгілі мақсатқа сәйкес жүргізілуін тексеру; мемлекет емес шаруашылық субъектілерінің ақшалай операцияларының заңды негізде жүзеге асырылуын тексеру; қаржылық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында қаржылық тәртіп бұзушылықтың алдын алу және жою.

Қаржылық бақылау әр түрлі негіздер бойынша мынадай түрлерге бөлінеді:

  1. Нысандары бойынша:

а) тікелей бақылау;

б) жанама бақылыу;

Тікелей бақылау нақты бақылау объектісінде алғашқы ақша құжаттарын зерделеу және талдау, ақшаларды қайта есептеу, тауарлық-материалдық құндылықтарды түгендеу арқылы жүргізіледі.

Жанама бақылау бойынша, бақылау субъектісі мен объектісі аумақ арқылы бөлінетіндіктен олардың есеп беру және жоспарлау құжаттарын тексеру сырттай сипатта жүзеге асырылады.

  1. Жүзеге асыру уақыты бойынша мынадай түрлерге бөлінеді:

а) алдын ала қаржылық бақылау;

ә) ағымдағы қаржылық бақылау;

б) кейінгі қаржылық бақылау.

Алдын ала қаржылық бақылау қандай да болмасын қаржылық шараларды жүргізгенге дейін жүзеге асырылатын ескертпе бақылау;

Ағымдағы қаржылық бақылау қандай да болмасын қаржылық шараларды жүргізу процесінде жүзеге асырылатын жедел бақылау;

Кейінгі қаржылық бақылау өз қаржылық міндеттерін сапалы орындамағандарға және қаржылық құқық бұзушылық жасаған фактірлерін айғақтау мақсатында қаржылық шаралар жүргізілгеннен кейін жүзеге асырылатын бақылау.

  1. Субъектілері бойынша: арнайы және функциялық қаржылық бақылау.

а) арнайы қаржылық бақылау мемлекеттің арнайы уәкілеті органдары жүзеге асыратын бақылау (мысалы, Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігі, Қазақстанның Ұлттық Банкі, Қаржы Министрліктің қаржы бақылау комитеті және т. б) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Императивті әдіс
ҚР мемлекеті мен кұкық негіздері
Қаржылардың және қаржылық қызметтің жалпы сипаттамасы
Қоғамның құқықтық жүйесін талдау
ҚАРЖЫЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Банктік құқық – банк жүйесіндегі кешенді құқық ролі
Бюджеттік құқықтың қаржылық құқықта алатын орны
Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару органдары
Қаржы құқығының негіздері
ҚР салық және басқа да міндетті төлемдер туралы Кодексі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz