Кәсіпорынның активтерін талдау
ЖОСПАР
Кіріспе 2
1 Қаржылық жағдайды талдау әдістері 3
2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау 4
2.1 Кәсіпорынның қаржылық жай – күйін талдау 4
2.1.1 Кәсіпорынның активтерін талдау 4
2.1.2. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау 5
2.1.3 Кәсіпорынның өтімділігі мен төлем қабіліттілігі 8
2.1.4 Кәсіпорынның рентабельділігін талдау 12
Қорытынды 15
Қолданылған әдебиеттер 16
Кіріспе
Ғылымның көптеген салалары, жалпы Қазақстан Республикасының экономикасы
сияқты шаруашылықты жүргізуді талдау да көп өзгерістерге ұшырады.
Нәтижесінде, соңғы жылдары шаруашылық қызметін талдау қаржылық және
басқарушылық болып бөлінді. Оның негізі бухгалтерлік есептің қаржылық және
басқарушылық бөлімдері болып табылады.
Қаржылық талдаудың мақсаттарының бірі кәсіпорынның қаржылық жай- күйін
бағалау болып табылады. Өйткені кәсіпорынның қаржылық жағдайы оның қаржы
қаражаттарын қалыптастыру және қолдану процесін сипаттайтын көрсеткіштер
жиынтығымен сипатталады. Ал бұл нарықтық экономикада кәсіпорынның
қызметінің соңғы нәтижесін көрсетеді. Қаржылық талдау кәсіпорындағы қаржы
менеджерлерінің серіктестермен, қаржылық – несиелік жүйемен, салық
органдарымен және т.б. құрылған экономикалық қатынастардың маңызды элементі
болып табылады. Бұл кәсіпорынның қаржылық жай-күйін бағалаудың маңызын
көрсетеді және де бұл мәселе дамыған нарықтық экономикаға көшу барысында
біздің елдің көкейкесті проблемасы болып табылады.
Осы курстық жұмыстың міндеттері қаржылық талдаудың міндеттерімен сәйкес
келеді. Олар:
✓ Кәсіпорынның қаржылық жай- күйін сипаттайтын көрсеткіштерді
анықтау;
✓ Кәсіпорынның қаржылық жай- күйіне әсер ететін факторларды анықтау;
✓ Кәсіпорынның қаржылық жай- күйін сипаттайтын көрсеткіштердің сандық
және сапалық өзгерістерін бағалау;
✓ Белгіленген күнге кәсіпорынның қаржылық жай- күйін бағалау;
✓ Кәсіпорынның қаржылық жай- күйінінің өзгеру қарқынын анықтау.
Бұл жұмыс екі бөлімнен тұрады: бірінші бөлімінде кәсіпорынның қаржылық
жағдайының мәнімен таныстырып, қаржылық жағдайды бағалау кезінде
қолданылатын көрсеткіштерді, олардың ақпараттық негізімен тоқталамын. Және
де қаржылық жағдайды бағалау әдістерін анықтаймын. Курстық жұмыстың екінші
бөлімінде кәсіпорынның қаржылық жай – күйін талдаудың негізгі
көрсеткіштерін толық ашып, сол көрсеткіштер негізінде Барлау- Өндіру
ҚазМұнайГаз АҚ-ның қаржылық жай- күйін бағалаймын.
Менің жұмысымның мақсаты нақты кәсіпорынның (Барлау- Өндіру
ҚазМұнайГаз АҚ) қаржылық жай- күйін жалпы түрде бағалау болып табылады.
Сонымен қатар, тек сандық жағынан емес, аналитикалық көзқарас жағынан да
жүргізуге тырысамын. Яғни 31122003 – 31122004 кезеңіндегі нақты сандық
өзгерістерге сипаттама беремін.
1 Қаржылық жағдайды талдау әдістері
Нарықтық қатынасың қалыптасуы шаруашылық қызметін біртұтас кешенді
талдауды ішкі (басқару) және сыртқы (қаржылық талдау) талдау деп білуді
қажет етіп отыр. Талдаудың бұл түрлерінің әрқайсының өзінің негізгі
ақпараттық көздері болады.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей есеп берудің екі түрі бар: Акционерлерді,
қалың жұртшылықты, банктерді, сондай-ақ сақтандыру ұйымдары мен үкімет
органдары кәсіпорынның жүмыс жағдайы мен оның қаржылық жағдайы және
есептік кезендегі шаруашылық қызметінің нәтижесімен таныстыру үшін
қаржылық газетер мен бюлетеньдерде, арнайы анықтамаларда басылып шығатын
қаржылық есеп беру. Сонымен қатар көбіне, есепте субьектінің шаруашылық
қызметін динамикада бейнелеп көрсетуге, даму бағыты мен оның алдынғы
кезендегі жағдайы болжауға мүмкіндік беретін бірқатар жылдардың мәліметерің
жарйалайды. Есеп берудің екінші түрі – басқару талдауы, бұл кәсіпорын
шығаратын өнімдердің жеке түрлерінің өзіндік құнының нормативтері тұралы,
сондай-ақ сапасының төмендігіне немесе тауардың мөлшерден тыс шығарылып,
өтпей қалуына байланысты мәліметерден тұратын қатаң құпияландырылған, басқа
тұлғалар үшін жабық есеп болып табылады. Ішкі есеп берудің ішіндегі
жауапкершілік орталықтар мен пайда болу орындары бойынша шығындар сияқты
жеке бөлімшелердің жұмыс нәтижелерін сипатайтын маңызды есеп түрлері
болады. Кәсіпорның жеке бөлімшелеріндегі шаруашылық жүргізу денгейін
анықтау шығындары мен салыстыру, кім қалай жүмыс істейтін көруге мүмкіндік
береді және еңбекке ақы төлеуде қандай да бір иесіздікті жояды. Ішкі
талдау басқару есепті, ал сыртқы талдау қаржылық есеп негізінде
жүргізіледі. Бүгінгі таңдағы нарыққа өту кезеңінде кәсіпорынның қаржылық
жағдайын бағалауда жаңа амалдар қажет.
Қаржылық талдаудың тәжірибесі қаржылық есепті оқудың негізгі ережелерін
қалыптастырады. Олардың ішінен 6 негізгі әдісті бөліп қарастыруға болады:
1. көлденең талдау;
2. тікелей талдау;
3. трендтік талдау;
4. салыстырмалы талдау;
5. факторлық талдау;
6. қаржылық коэффициенттер әдісі.
Көлденең талдау – есеп берудің әр бабын өткен кезеңмен салыстыру. Ол өткен
кезеңмен салыстырғандағы бухгалтерлік есептің түрлі баптарының абсолюттік
салыстырмалы ауытқуын анықтауға болады.
Тікелей талдау - әрбір есеп позициясының жалпы нәтижеге тигізетін әсерін
анықтайды.
Трендтік талдау – барлық көрсеткіштер 100 пайыз деп алынатын базистік жыл
деңгейінен, бірқатар жылдар көрсеткіштерінің салыстырмалы ауытқуын
есептеуге негізделеді.
Салыстырмалы талдау – фирманың, еншілес фирмалардың, бөлімшелердің және
цехтардың жекелеген көрсеткіштері бойынша құрама көрсеткіштерін шаруашылық
ішіндегі талдау.
Факторлық талдау – жекелеген факторлардың қорытынды көрсеткішке тигізетін
әсерін анықтау немесе реттелмеген тәсілдер көмегімен талдау.
2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау
2.1 Кәсіпорынның қаржылық жай – күйін талдау
2.1.1 Кәсіпорынның активтерін талдау
Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау –
кәсіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінің абсолютті
және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.
Қаржылық есептің маңызды элементі болып саналатын активтерді талдау
барысында, осы активтердің қолда бары, құрамы, құрылымы және оларда болған
өзгерістер зерттеледі. Активтердің жалпы құрылымын және оның жеке топтарын
талдау, олардың рационалды таратылуын талқылауға мүмкіндік береді.
Активтердің артуы кәсіпорынның болашақтағы дамуын көрсететін
болғандықтан, ол осы кәсіпорын жұмысының оң нәтижесін сипаттайды.
Алайда, кәсіпорын мүлік құнының өсу себептерін талдағанда, жоғары деңгей
баланстық есептің номиналды көрсеткіштерінің нақты көрсеткіштерден
айтарлықтай ауытқуына әкеліп соқтыратын инфляция әсерін ескеру қажет.
Отандық тәжірибеде инфляцияны есепке алу тек негізгі құралдардың баланстық
құнын құру барысында жүргізіледі. Отандық есептік- аналитикалық тәжірибеде
өндірістік қорлар, дайын өнім және тауарларды қайта бағалау жүргізілмейді.
Сондықтан да олардың құнының өсуі, инфляциялық фактор әсерінен болатыны
күмәнсіз.
Баланс мәліметтері бойынша активтердің құрамы мен олардың таратылуына
талдау жасау үшін ең алдымен кәсіпорынның өндірістік мақсаттағы мүлік
коэффициентін анықтау керек. Ол кәсіпорынның өндірістік потенциалын
сипаттайды . Сол коэффициентті анықтау үшін негізгі құралдардың, өндірістік
қорлардың, аяқталмаған өндірістің құндары қосылп, актив құнына немесе
баланс валютасына бөлінеді. Осы коэффициенттің кәсіпорын үшін ұтымды мәні
0,5-ке тең немесе одан көп болуы тиіс.
(1)
Осы көрсеткіштен кейін ағымдағы активтерінің қозғалыс коэффициентінің
үлесін анықтау маңызды: ағымдағы активтер құнының кәсіпорынның барлық
мүлкінің құнына қатынасымен анықталады. Бұл қарызды өтеудегі қаражат үлесін
немесе кәсіпорын активтерінің жалпы құнындағы ағымдағы активтердің үлесін
сипаттайды. Коэффициент мәні артқан сайын кәсіпорынның үздіксіз жұмысты
қамту және кредиторлармен есеп айырысу мүмкіндігі де арта түседі. Қаржы
тұрғысынан алғанда оның өсуі актив құрылымындағы жағымды өзгеріс болып
табылады. Яғни, мүлік әлдеқайда мобильді (іске тартылған) болады. Бұл оның
айналымдылығының жылдамдығын және оны пайдалану тиімділігінің өскендігін
көрсетеді.
(2)
Кәсіпорын активтерін таратудың тиімділігін сипаттайтын келесі көрсеткіш –
мобильді және иммобильді қаражаттар қатынасының коэффициенттері. Ол
ағымдағы активтер құнын ұзақ мерзімді активтер құнына бөлу арқылы
анықталады. Бұл қатынастың қолайлы және қауіпті көлемі, кәсіпорынның
салалық ерекшелктеріне байланысты. өндірістік кәсіпорында берілген
көрсеткіштердің деңгейі 0,5 тен төмен болмауы тиіс.
2.1.2. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау
Талдау жүргізу барысында келесі әрекет баланс активтерінің құрылу
көздерін анықтау болады. Бұл кезде кәсіпорын мүлкінің келіп түсуі, оны
сатып алу және оның құрылуы меншікті капитал мен қарызға алынған қаражаттар
есебіне жүргізілуі мүмкін. Ал меншікті капитал мен қарызға алынған
қаражаттар арсындағы қатынас кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын көрсетеді.
Активтердің қорлану көздерін талдау кезінде меншікті және қатыстырылған
капиталдың көрсетілген көлемі белгіленіп, есеп беру кезеңдегі олардың
өзгеру себептері анықталып оларға баға беріледі. Бұл кезде өз меншігіндегі
капиталға басты назар аударылады, себебі өз қаражаттарының болуы оның
қаржылық тұрақтылығын көрсетеді.
Меншікті капиталдың көлемін ғана анықтап қана қоймай, сонымен бірге
капиталдың жалпы сомасындағы оның үлес салмағын да анықтау маңызды.
Тәуелсіздік коэффициентіне (автономдық коэффициенті) қарап кәсіпорын
сырттан тартылған қаржыдан қаншылықты тәуелсіз екендігін және өз қаражатын
қаншалықты жұмсай алатын көруге болады. Тәуелсіздік коэффициентін меншікті
капиталды барлық авансталған капиталға (баланс валютасы жиыны, яғни
қаржыландырудың жалпы сомасы) бөлумен анықталады. Оның қалыпты мәні 0,5-0,6
арасында болуы қажет.
Ктс = (3)
Бұл коэффициенттің өсуі кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігі жоғары
екендігін көрсетсе, алдағы уақыттағы қаржылық қиындықтарының азаятындаығын
көрсетеді. Тәуелсіздік коэффициентінің неғұрлым деңгейі жоғары болғанын
дұрыс деп саналады. Себебеі бұл қаржы көздерінің тұрақты құрылымын сақтауға
мүмкіндік береді. Инвесторлар, несие берушілер дәл осындай құрылымды
таңдайды, себебі ол кәсіпорынға өздерінің міндеттемелерінің кепілдігін
жоғарлатады. Неғұрлым кәсіпорынның қаражаты көп болса, соғұрлым үздіксіз
жұмыс қамтамасыз етіліп, нарық жағдайында алға шығуға көмектеседі.
Сондықтан, кәсіпкерлер әртүрлі резервтерді құру жолымен және жарғылық қорға
бөлінбеген табысты тікелей қосу арқылы өзіндік капиталды көбейтуге
тырысады.
Осы көрсеткішке кері көрсеткіш тәуелділік коэффициенті қолданылады. Ол
қатыстырылған капиталдың барлық авансталынғанкапиталдағы үлес салмағын
анықтайды. Ол мына формуламен анықталады:
Кт= немесе Кт= 1-
Ктс (4)
Бұл үлес жоғары болған сайын, кәсіпорынның сыртқы қаржыландыру көздерінен
туелділігі жоғарылайды.
Келесі, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын меншікті
капиталдың қатыстырылған капиталға қатынасын көрсетін қаржыландыру
көрсеткіштері болып табылады.
Кк=
(5)
Бұл коэффициент жоғары болған сайын соғұрлым банктер мен инвесторлар
қаржыландыруға сенімді кіріседі. Бұл коэффициент кәсіпорын қызметінің
қандай бөлігі өз қаражатымен, ал қандай бөлігі қарыз қаражаттарымен
қаржылатындығын көрсетеді. Қаржыландыру коэффициенті 1-ден аз болса,
(кәсіпорын мүлкінің көп бөлігі қарыз қаражатымен қалыптасқан) төлем
қабілеттілігінің өте қауіпті жағдайға жеткендігін және несие алуды
қиындатады. Алайда, кей жағдайларда меншікті капиталдың оның жалпы
көлеміндегі үлесі жартысынан да аз болуы мүмкін, бірақ сонда да кәсіпорын
айтарлықтай жоғары қаржы тұрақтылығын сақтай алады. Бұл, ең алдымен,
кәсіпорын қызметі жоғары айналымдылығымен, сатылатын өнімге тұрақты
сұранысымен, тұрақты жабдықтау және өткізу арналары бар, тұрақты
шығындардың төменгі деңгейімен (мысалы, сауда және делдал ұйымдар)
сипатталатын кәсіпорынға қатысты.
Батыс фирмаларында қаржыландыру коэффициентінің кері көрсеткіші кеңінен
қолданылады, қатыстырылған капиталдың меншіктік капталға қатынасымен
анықталатын қарыз және меншікті қаражаттар қатынасының коэффициенті:
Ккм=
(6)
Бұл коэффициент кәсіпорын активтеріне салынған меншікті қаражаттың әрбір
теңгесіне қанша қарыз қаражатын тартқанын көрсетеді. Оның қалыпты деңгейі 1-
ден аспау керек. Егер 1-ден асса, онде кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігі
мен тұрақтылығы қаупті нүктеге жетеді, бірақ жауап әр уақытта бір жақты
бола бермейді. Қарфз және меншікті қаражаттар қатынастар коэффициенті
салалық ерекшеліктерге, кәсіпорынның шаруашылық қызметінің сипатына және
айналым қаражаттының айналу жылдадығына да байланысты болады. Материалдық
айналым қаражатының айналымдылығының жоғары көрсеткіштері және дебиторлық
борыштың одан ад жоғары айналымдылығы кезінде коэффициенттің қауіпті мәні 1-
ден де асып кетуі мүмкін, ол сонда да кәсіпорынның қаржылық дербестігіне
ешқандай әсерін тигізбейді.
Кәсіпорынның ең төменгі қаржылық тұрақтылығын сақтау үшін бұл коэффициент
ағымдағы және ұзақ мерзімді активтердің қатынас коэффициентінің мәнімен
шектелуі керек.
Кәсіпорынның тәуелсіздік дәрежесін сипаттайтын ең маңызды көрсеткіштердің
бірі қаржылық тұрақтылық коэффициенті болып табылады, оны бақаша
инвестицияларды жабу коэффициенті деп те атайды. Ол меншікті және ұзақ
мерзімді қарыз капиталының жалпы (авансталған) капиталдағы үлесін
сипаттайды.
Ккт=
(7)
Бұл дербестік коэффициентімен салыстырғанда анғұрлым жұмсақ көрсеткіш.
Бұл коэффициенттің қалыпты мәні 0,9-0,75 аралығында болуы керек, егер одан
аз болса кәсіпорын үшін қауіпті. Жоғарыда елтірілген көрсеткіштер арқылы
кәсіпорын капиталының құрылымын сипаттай отырып, бөлек топтар мен көздердің
құрылымының өзгерісіндегі әр түрлі тенденцияларды көрсететін жеке
көрсеткіштерді пайдалану керек. Мұндай көрсеткіштерге бірінші кезекте қарыз
қаражаттарын ұзақ мерзімге тарту коэффициенті жатады. Ол зақ мерзімді
міндеттемелердің меншік капитал мен ұзақ мерзімді міндеттемелердің сомасына
қатынасымен анықталады. Қарыз қаражатын ұзақ мерзімге тарту коэффициентін
төмендегі формуламен табамыз:
Кұм=
(8)
Бұл коэффициент қаржылық есеп берудің активтерін қаржыландыру үшін
меншікті капиталмен қатар тартылған ұзақ мерзімді несиелер мен қарыздардың
үлесін көрсетеді, кәсіпорын өндірісті жаңарту мен кеңейту үшін қарыз
қаражаттарын қаншалықты интенсивті пайдаланып жатқанын көрсетеді.
Капиталдың құрылымын қалыптастырудың тиімділігін анықтау үшін
инвестициялау коэффициенті қолданылады. Меншікті капиталдың негізгі
құралдар мен басқа да активтерді сатып алуға пайдалануын көрсетеді Ол
меншікті капиталдың негізгі құралдарға қатынасымен анықталады.
Ки= (9)
Оның қалыпты шамасы 0,5-ке тең немесе көп болуы қажет.
2.1.3 Кәсіпорынның өтімділігі мен төлем қабіліттілігі
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайтын көрсеткіштерінің бірі оның
төлемқабілеттілігі болып табылады. Яғни, оның төлем қабілеттілігі қолда бар
ресурстармен төлем міндеттемелерін өз уақытында өтеу мүмкіндігі көрінеді.
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау қаржы қызметін бағалау және болжау
мақсатымен, сондай-ақ сыртқы инвесторлар (банктер) үшін де жүргізіледі.
Төлем қабілеттілікті бағалау ағымдағы активтердің өтімділігін, яғни,
ағымдағы активтердің ақшаға айналуға қажетті уақытты сипаттаудың негізінде
жүргізіледі. Төлем қабілеттілік пен өтімділік өте жақын ұғымдар, бірақ
өтімділік ұғымы ауқымдырақ. Төлем қабілеттілік баланстың өтімділігінің
деңгейіне байланысты. Сонымен қатар, өтімділік есептің ағымдағы жағдайын
және болашағын сипаттайды.
Жалпы, өтімділіктің екі тұжырымдамасы белгілі: кәсіпорынның өзінің қысқа
мерзімді міндеттемелері бойынша төлеу қабілеттілігі және ағымдағы
активтердің ақша қаражаттарына айналуға дайындығы және жылдамдығы. Яғни,
кәсіпорынның өтімділігі өзінің міндеттемлерін уақыты келгенде төлеу үшін,
қолда бар қаражаттарды тезірек жұмылдыру мүмкіндігі. Кәсіпорынның
өтімділігі төлем қабілеттідігін білдіреді және активтер мен
міндеттемелердің арасындағы жалпы сомасы бойынша да, келіп түсу уақыты
бойынща да әрдайым теңдікті көрсетеді. Кәсіпорынның өтімділігішын мәнінде
баланс өтмділігн көрсетеді. Сондықтан кәсіпорынның төлем қабілеттілігін
бағалау үшін бухгалтерлік баланстың көрсеткіштерін тереңінен зерттеу керек.
Баланс өтімділігін талдаудың мәні – активтегі өтімділік дәрежесі бойынша
топталған қаражаттарды пассивтегі міндеттемелермен салыстыруда. Актив пен
пассив баптары белгілі бір тәртіппен топталады, - өтімділігі жоғарыдан
бастап ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz