Клиенттердің тапсырмасын орындау



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы
Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы 1
2.3 Бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандары 1
2.4 Бағалы қағаздар нарығына басқа қатысушылар 3
Қорытынды 4
Қолданылған әдебиеттер 6

2.3 Бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандары

Бағалы қағаздар нарығының жұмысын қамтамасыз етіп, оның міндетін
атқаратын кәсіби мамандар, яғни делдалдар. Ол жұмыс баға белгілеу үшін және
қажетті хабарларды тарататын компьютерлік техниканы қажет етеді. Ол үшін
қазіргі уақытқа сай нарыққа әдейі дайындалған кәсіби мамандар қажет. Бағалы
қағаздар нарығының кәсіби мамандары:
1. Брокерлер — делдал ретінде келісімге қатынасатын адамдар. Брокер
келісім жасасатын әрбір жакты табыстыруды көздейді. Брокер өкіл емес, ешбір
жақтың шарттық қатынастарына қатыспайды, жекелеген тапсырмалар негізінде
жүмыс істейді. Брокерге әрбір жеке келісімді жасауға арнаулы өкілеттік
беріледі. Ол тек сол өкіметтік шегінде әрекет етуге міндетті.
2. Джобберлер — нарық коньюктурасын бақылаушылар.
3. Дилерлер - өз капиталымен келісім жасайтын делдалдар.
Осы мамандармен катар бағалы қағаздар бағалы қағаздар нарығына банк
қызметкерлері, инвестициялық қорлардың қызметкерлері және нарық қызметін
реттейтін ереже, заң шығаратын мемлекеттік шенеуніктер мен заң
қызметкерлері қатысады.
Бағалы қағаздар нарығындағы брокерлер құқықтың тұлға ретінде тіркелген
мамандандырылған фирма қызметкерлері. Батыс Еуропа мемлекеттерінде олар не
және фирма, не акционерлік қоғам ретінде құрылады. Жаңа егемен
мемлекеттерде олар жауапкершілігі шектеулі серіктестік мекемесі болып
құрылған. Құрылымы жөнінен брокерлік фирма дирекция, әкімшілік бөлім, кеңес
беретін бөлім, бағалы қағаздар сату бөлімі және хабарлама-техникалық
бөлімінен тұрады. Шамамен мұндай фирмада 15-25 адам қызмет жасайды.
Брокерлік фирманың қызмет аясына мына міндеттер кіреді:
1. Консалтинг (кеңес беру).
2. Бағалы қағаздарды бірінші және екінші нарыққа орналастыру.
3. Инвестициялық қорларды құру және оны басқару.
Брокерлер өз қызметінде мына түпкі бастамаларды басшылыққа алады:
1. Клиент брокерлік фирмамен шарт жасағанда барлық тапсырма бойынша
келісімге келеді, оның ішінде бағалы қағаздарды қайдан сатып алу жөнінде
(қор биржасынан ба, әлде биржадан тыс нарықтан ба).
2. Брокер клиенттің белгіленген сомасы шамасында әрекет жасайды. Бірақ
алған тапсырма көлемінде бағалы қағаздарды таңдауда өз құқын пайдаланады.
3. Брокер тапсырманы орындағаны туралы шартта көрсетілген
уақытта клиентке хабарлап және бағалы қағаздарды сатудан түскен қаржыны
клиенттің есепшотына аударады.
4. Брокер мәмілені ерекше кітапқа тіркеуі қажет. Клиент ол жөнінде
көшірме талап етуге құқы бар.
5. Клиент брокерге мәміледегі барлық тапсырманы токтатуға үнім бере
алады.
Сонымен бірге, брокерлік фирма мен клиент арасындағы келісім алғашқыда
ауызша болса, ол кейін жазбаша құжатта көрсетіліп, заңды күшіне енеді.
Брокерлік фирма өз клиенттерінен тапсырма алғанда олардан кепілдік беруді
талап етеді. Кепілдік ретінде мыналар берілуі мүмкін:
1. Мәміледегі бүкіл сомаға вексель.
2. Мәміленің кемі 25%-тін немесе 100% құрайтын сома брокердің шотына
түсілуі керек.
3. Брокердің атына ағымдарды шот ашылуы мүмкін
4. Брокерге сақтандыру полисі және с.с. кепілдер.
Осылар жөнінде брокерлік фирма клиентке хабарлан тұруы қажет.
Ал дилерлер — олар да делдалдар. Олардын брокерлерден айырмашылығы
шарт жасағанда өз капиталын жұмсауы. Бағалы қағаздар операциясына
мамандалған дилерлерді жауапкершілігі шектелуі дилер деп атайды. Дилердің
атқаратын қызметі:
- Бағалы қағаздарды шығару, олардың курсы және сапасы туралы хабар
тарату;
- Клиенттердің тапсырмасын орындау;
- Бағалы қағаздар нарығындағы өзгерістерді бақылап отыру. Егер бағалы
қағаздарды сату-сатып алу баяуласа, онда онда бағалы қағаздардың курсын
тұрақтандыру мақсатында дилерлер өз есебімен операция жүргізеді.
- Сатып алушылар мен сатушыларды бір-біріне кездестіріп, бағалы
қағаздар нарығының жұмысына себепші болады. Олар нарықтың катализаторы
ретінде жүмыс істейді.
Бағалы қағаздар нарығында дилерлердің қызметі брокерлердің қызметінен
өзінің кең көлемділігімен ерекшеленеді. дилер-фирмалардың алғашқы да өзінің
бірсыпыра капиталы болады, кейіннен ол делдалдың сыйақымен және
инвестициядан түскен пайдамен үнемі толтырылып отырылады.
Джобберлер - бағалы қағаздар нарығы конъюнктура мәселелері жөнімен
кеңес берушілер. Ең алғашында олар London-city нарығында пайда болады.
Олардың іс әрекеті бағалы қағаздар нарығының құрылымы кең көлемде және
үнемі өзгеріп отырғанда қажет. Джобберлер тек кеңес беріп қана қоймай,
күрделі, кейде комплексті мәселелерді шешуге көмектеседі. Джобберлер бағалы
қағаздардың кейбір түрлерінде ғана маманданатын болғасын оларды кең көлемде
жүргізілетін операцияларға брокерлер мен дилерлер пайдаланады.
Джобберлердің қызметі өте жоғары бағаланып, олар жоғарғы жалақы алатындар
қатарына жатады.
2005 жылдың 1 қаңтарындағы деректер бойынша бағалы қағаздар нарығында
57 брокер-дилер жұмыс істейді, оның ішінде номиналды ұстаушы ретінде
клиенттер шоттарын жүргізетіндері – 49 және клиенттер шоттарын жүргізу
құқығынсыз – 8, 18 тіркеуші, 10 кастодиан банк, зейнетақы активтерімен
инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын 10 ұйым, оның ішінде зейнетақы
активтерін дербес басқаруды жүзеге асыратын 3 ЖЗҚ, 14 инвестициялық
портфельді басқарушы, 2 өзін өзі реттейтін ұйым бар.

2.4 Бағалы қағаздар нарығына басқа қатысушылар

Қазірге кезде бағалы қағаздар нарығына негізгі қатысушылар: мемлекет,
жергілікті әкімшілік, ірі ұлттық және халықаралық компаниялар. Бұндай
компаниялардың халық арасында жоғары атағы бар. Сондықтан олар шығарған
бағалы қағаздар ешбір қиындықсыз өтеді. Нарық ол қағаздарды көп мөлшерде
қабылдауға әрқашан дайын. Бұл қағаздар, әсіресе, мемлекеттік және
жергілікті әкімшіліктің қағаздары.
Екінші топ, инвестициялық институттар, немесе бағалы қағаздар
операциясын жүргізетін қаржы-несие институттары. Олар:
a) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Төлем карточкаларымен есеп айырысу
Есеп айырысу операциялары және олардың жіктелуі
Ақшасыз есеп айырысулардың есебі
Чек беруші банкке чектің қолданылмаған бланктерін чек берушінің қайтару тәртібі
Бенефициар - ақша алушы тұлға
Банктік қызмет көрсету департаменті
Бухгалтерлік есепті реттеу жүйесі
Ақшалай операциялар құжаттарын рәсімдеу
Кассалық операцияларды есепке алу
Төлем тапсырмасымен есеп айырысу есебі
Пәндер