Мемлекеттің шығыстары - мемлекеттің қаржы саясатының маңызды құралы, оның орталықтандырылған және орталықтандырылмаған кірістерін пайдалануға байланысты болатын қаржы қатынастарының бір бөлігі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Реферат.

ЖОСПАР

Кіріспе 3
I Бөлім. Мемлекет шығыстарын ұйымдастыру 3
1.1 Мемлекет шығындарын шектеудің аса маңызды критерийлері 4
1.2 Экономиканы қаржыландыру 6
1.3 Мемлекет кірістерінің мәні 7
Қорытынды 11
Қолданылған әдебиеттер 12

Кіріспе

Мемлекеттің шығыстары - бұл мемлекеттің жұмыс істеуімен байланысты
ақша шығындары. Экономикалық категория ретінде олар қоғамдық өндірісті
дамытып, жетілдіру, қоғамның сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру
мақсатында жалпы ішкі өнімнің бір бөлігін бөлумен және тұтынумен байланысты
экономикалық қатынастарды білдіреді.
Мемлекеттің шығыстары - мемлекеттің қаржы саясатының маңызды құралы,
оның орталықтандырылған және орталықтандырылмаған кірістерін пайдалануға
байланысты болатын қаржы қатынастарының бір бөлігі. Мемлекет шығыстарының
өзгешелігі сол, ол қызметтің тек мемлекеттік сферасының қажеттіліктерін
қамтамасыз етеді. Сондықтан мемлекет шығыстарының мазмұны мен сипаты
мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, басқару, қорғаныс және т.т.
функциялармен тікелей байланысты.
Мемлекеттiк кiрiстер терминi - әдебиеттерде және құқықтық актiлерде
екi түрлi мағынада қолданылады. Бiржағынан, бұл терминмен экономикалық бөлу
қатынастарының белгiлi бiр тобы анықталады, екiншi жағынан – мемлекеттiң
қаржысы анықталады. Мысалы, Цыпкиннiң ойынша, мемлекеттiк кiрiстер ретiнде
ұлттық кiрiстi бөлу процессiнде мемлекетке келiп түсетiн ақша ресурстары
болып табылады. Бұл кiрiстердiң пайда болу көзi ұлттық табыс.
Барлық мемлекеттiк кiрiстердiң жүйесi орталықтандырылған және
орталықтандырылмаған кiрiстерден тұрады, яғни мемлекеттiк бюджеттiң
кiрiстерiнен және мемлекеттiк кәсiпорын, бiрлестiктердiң және ұйымдардың
кiрiстерiн тұрады.
Мемлекеттiк кiрiстердiң бөлiктерiн орталықтандыру бюджеттiң мақсатымен
- халық шаруашылығының бүкiл салаларын жоспарлы дамытуды қамтамасыз ету,
халықтың материалдық қажеттiлiгiн көтеру, мәдени дамуын жоғарылату,
мемлекеттiң органдарын қамтамасыз етумен шартталады.
Кiрiстердiң екiншi бөлiгi кәсiпорындардың шаруашылық ұйымдардың
тiкелей өз қарауында қалдырылып, өндiрiстi кеңейтуге, мадақтау қорларын
құруға және басқа да мақсатты – жоспарлы қажеттiлiктерге жұмсалады.

I Бөлім. Мемлекет шығыстарын ұйымдастыру

Мемлекеттің шығыстарын ұйымдастыруға оларды болжау, сондай-ақ оларды
қаржыландыру мен қаражаттарды пайдаланудың қатаң тәртібін белгілеу арқылы
қол жетеді. Сондықтан мемлекеттің шығыстарын ұйымдастыру қағидаттарының
бірі жоспарлық болып табылады. Ұлттық шаруашылықты баланстандырылмалы
дамыту және халықтың әлеуметтік тұрмыс деңгейін арттыру мақсатында мемлекет
жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты өндірістік және өндірістік емес
сфералар, экономикалық аудандар арасында бөлуге және қайта бөлуге қатысады.
Мемлекеттің шығыстарын жоспарлаудың басты әдісі баланстық әдіс болып
табылады.
Мемлекеттің шығыстарын қаржыландырудың мақсатты сипаты мемлекеттің
қаражаттарын қатаң белгілі бір шараларға пайдалануды талап етеді. Мұның
негізінде ұлттық шаруашылықтың және аймақтың жекелеген салаларын дамытуда
үйлесімділіктерге жету, қаржылардың ең алдымен ғылыми-техникалық прогресті
айқындайтын неғұрлым перспективті және прогрессивті салаларға бөлу және аса
маңызды әлеуметтік проблемаларды шешу қамтамасыз етіледі.
Мемлекеттің шығыстарын қаржыландырудың қайтарусыз сипаты берілген
ресурстарды (кредит механизмінен айырмашылығы) тікелей өтеуді талап
етпейді. Бұл қағидат бойынша қаржы ресурстарын беру соңғы уақытта
мемлекеттік бюджеттен қаржыландырудың кредиттік әдістермен қатар
қолданылады (мысалы Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдаудың мемлекеттік қоры)
- бұл пайдаланылатын қаржы ресурстарының тиімділігін арттырады.
Дамуды жоспарлар мен болжамдардың орындалуына қарай қаржыландыру қаржы
ресурстарын тек өндірістік көрсеткіштер орындалғанда және шараларды
экономикалық-әлеуметтік дамудың болжамдарына сәйкес жүзеге асырған кезде
бөлуді қажет етеді.
Ресурстарды пайдалануда үнем режимін сақтау - мемлекеттің шығыстарын
ұйымдастырудың маңызды қағидаты, ол ішкі резервтерді жұмылдыруға,
өндірістік және өндірістік емес сфералардың барлық бөлімдерінде мемлекет
қаражаттарына бақылауды күшейтуге, оларды ұтымды әрі құнтты пайдалануға
бағытталған. Мемлекеттің шығыстарын ұйымдастырудың қажетті қағидаты оларды
жабудың бюджет, кредит және меншікті көздерінің оңтайлы үйлесуі болып
табылады. Бұл қағидат мемлекет шығыстарын ортақ қаржыландыру процесін
білдіреді.
Мемлекет шығыстарының жеке түрлері экономикалық маңызы мен мазмұны
жағынан бірыңғай (бір текті) емес. Шығындарды қаржыландырудың көздеріндегі,
нысандарындағы және әдістеріндегі айырмашылықтар осыпан байланысты болады.

1.1 Мемлекет шығындарын шектеудің аса маңызды критерийлері

Мемлекеттің шығыстарын шектеудің (айырудың) аса маңызды критерийі
материалдық өндіріс пен ұлттық табысты жасаудың процесінде олардың қатысы
болып табылады. Осыған сәйкес мемлекеттің шығыстары экономикалық мазмұны
бойынша үш негізгі топқа бөлінеді:
1) материалдық өндіріспен тікелей байланысты және өндірістік сфераға
жататын шығыстар;
2) қызметтің өндірістік емес сферасындағы шығыстар;
3) мемлекеттің резервтерді жасау шығыстары;
Шығыстардың бірінші тобы мемлекеттің шаруашылық қызметімен шартталған
және ұлттық табысты жасаумен байланысты.
Мемлекет шығыстарының екінші тобы қоғамдық қажеттіліктерді
қанағаттандыру үшін ұлттық табысты тұтынумен байланысты. Өндірістік емес
сфераға жұмсалатын қаражаттар ең алдымен оқу - ағарту мен денсаулық сақтау
мекемелерін ұстауға, ғылым және мәдениетті дамытуға, тұрғын үй және мәдени-
тұрмыстық құрылысқа, қызметкерлерді әлеуметтік сақтандыруға, сонымен бірге
қоғамның барлық мүшелерін әлеуметтік қаржыландыруға бағытталады. Мемлекет
сондай-ақ қаражаттарды қорғанысқа, мемлекеттік аппаратты ұстауға және
мемлекеттік органдардың қызметімен байланысты басқа шараларға жұмсайды.
Өндірістік емес сфераның қажеттеріне жұмсалатын шығыстар тұтыну қорына
түсетін ұлттық табысты бөлігі болып табылады. Алайда өндірістік емес
сферадағы шығындардың өсуі ақырында қоғамдық өндірістің өсу және оның
тиімділігін арттыру қарқынында білініп, көрінеді. Бұған білікті кадрларды
даярлау, ғылым жетістіктерін өндіріске енгізу, материалдық өндіріс
сферасының қызметкерлеріне медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету
есебінен қол жетеді. Мемлекеттің шығыстарын қорлану қоры мен тұтыну қоры
арасында оңтайлы болу мемлекеттің экономикалық саясатының аса маңызды
міндеті болып табылады. Қорлану қоры мен тұтыну қорының арасалмағы өзгерді:
соңғы жылдары тұтыну қорының өсу қарқыны қорлану қорының өсу қарқынынан
асып түсті. Тұтыну мен қорлануға пайдаланатын ұлттық табыстағы тұтыну
қорының үлес салмағы қазақстанда 83 пайызға жуығын құрайды.
Үшінші топтың мемлекет шығыстары - мемлекеттік резервтерді жасау мен
молықтыруға жұмсалатын шығындар өндірістік, сондай-ақ өндірістік емес
сфераларды төтенше жағдайлар кезіндегі қажеттіліктерін қанағаттандыруға
арналған. Мұндай резервтерді орталықтандырылмаған тәртіппен (жеке әрбір
кәсіпорын мен ұйымда) жасау ұтымды болмас еді. Олардың жасаудың
орталықтандырылған тәртібі олардың қажетті мөлшерін салыстырылмалы
төмендетуге және бұл резервтерді неғұрлым тиімді пайдалануға мүмкіндік
береді.
Предметтік (мақсатты) белгісі бойынша мемлекеттің шығыстары
экономикаға, әлеуметтік – мәдени шараларға, ғылымға, қорғаныс пен басқаруға
жұмсалатын шығыстарға бөлінеді.
Аумақтық белгісі бойынша мемлекеттің шығыстары
экономикалық аймақтар бойынша бөлінеді. Мұндай сыныптау өндіргіш күштерді
орналастыруға және ұлттық шаруашылықтағы үйлесімдіктерді жетілдіруге
белсенді ықпал жасауға мүмкіндік, береді.
Салалық белгісі бойынша материалдық өндіріс сферасында мемлекеттің
шығыстары өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына, көлік пен байланысқа,
саудаға, жабдықтау мен дайындауға жұмсалатын шығындарға бөлінеді;
өндірістік емес сферада білім беру, ғылым, денсаулық сақтау мен дене
шынықтыру; әлеуметтік сақтандыру мен әлеуметтік қамсыздандыру, қорғаныс,
басқару шығындары болып бөлінеді.
Мемлекеттің шығыстары қаражаттарды ең жоғарғы тиімділікпен пайдаланған
жағдайда мемлекеттік қажеттіліктерді неғұрлым толық қамтамасыз етуі тиіс.
Осыған байланысты шаруашылық жүргізудің ерекшеліктерімен анықталатын
мемлекеттің шығыстарын қаржыландырудың екі әдісі болады:
І. Шаруашылық есептегі кәсіпорындар мен ұйымдарды қаржыландыру
меншікті ресурстар, банк кредиттері есебінен және жетіспеген бөлігі -
бюджет қаражаттары есебінен жасалынады; 2. Сметалық-бюджеттік қаржыландыру.
Сметалық тәртіппен ерекше құжаттардың - сметалардың негізінде әлеуметтік-
мәдени шаралар, мемлекеттік билік пен басқару органдарын ұстау, қорғаныс
шығындары қаржыландырылады. Сметалық тәртіппен қаржыланатын мекемелер мен
ұйымдар бюджеттік деп аталады.
Ерекше жағдайларда әдіс ретінде айналысқан қолма-қол ақша шығару және
кредиттік эмиссия есебінен (қолма-қол ақшасыз) эмиссиялық қаржыландыру
қолданылады.
Бюджеттік қаржыландырудың мынадай нысандары қолданылады: демеуқаржы,
субвенциялар, субсидиялар.
Демеуқаржылар кезінде ақша қаражаттары қайтарусыз тәртіппен бюджет пен
бюджет қорларынан кәсіпорындар мен ұйымдардың зияндарын жабу үшін, сондай-
ақ төменгі бюджеттерді баланстау үшін бөлінеді. Бұл нысан ауыл шаруашылығы
өнімнің бағаларындағы айырманы өтеу, жеке өнімдер мен тауарлардың
әлеуметтік-қолайлы бағаларын қолдау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың
зияндарын жабу, театр, ойын-сауық және басқадай ұйымдардың шығындарын
ішінара өтеу түрінде тараған болатын.
Субвенциялар - халықты әлеуметтік қолдауы қамтамасыз ету жөніндегі
бағдарламалар мен шараларға және басқа мақсаттарға нысаналы мемлекеттік
қаржы көмегінің нысаны; мақсаты пайдалану бұзылған жағдайда қаражаттар
қайтарылуға жатады.
- Субсидиялар - үлестік негізде белгілі бір шараларды қаржыландыруға
бюджет, бюджеттен тыс және арнаулы қорлардың қаражаттары есебінен ақша және
заттай нысандағы жәрдемақылар.
Аталған нысандар (оларды қалыпты жүзеге асырған жағдайларда)
трансферттік қаржыландырудың түрін қабылдайды. Трансферттер деп кең
мағынада бюджеттен және бюджеттен тыс қорларды белгілі бір қажеттіліктерді
қаржыландыру үшін қаражаттарды қайта бөлу кезінде оларды өтеусіз және
қайтарусыз беруді айтады. Әдеттегідей, бұл әлеуметтік сақтандыру мен
қамсыздандыру бойынша төлеулер, жұмыссыздық бойынша, білім беру, денсаулық
сақтау, мәдениет және т.т жүйесін ұстауға берілетін жәрдемақылар.

1.2 Экономиканы қаржыландыру

Экономиканы дамытуға жұмсалатын шығыстар - бұл өндіріс көлемінде
тұрақты өсуі және оның тиімділігін арттыру үшін жағдайлар жасауға
бағытталатын ақша қаражаттары. Оған мыналар жатады: күрделі жұмсалымдар;
негізгі капиталдарды жөндеу; айналым қаражаттарының өсімі; материалдық
резервтер жасау; арнаулы қорлар мен мақсатты қаржыландыру қорларын жасау.
Экономикаға жұмсалатын шығыстарда басты орынды ұлттық шаруашылықтың
салаларының негізгі капиталдарын ұдайы жаңғыртуға бағытталатын күрделі
жұмсалымдар - материал, еңбек және ақша ресурстарының жиынтығы алады.
Күрделі жұмсалымдардың құрамына:
1) құрылыс-монтаж жұмыстарының шығындары;
2) жабдық, сайман, аспап сатып алу шығындары;
3) өзге күрделі жұмыстар мен шығындар (жобалау-іздестіру, геологиялық-
барлау және бұрғылау жұмыстары, жер учаскелерін кесіп беру және қоныс
аудару бойынша және т.т)
4) жаңа салынып жатқан кәсіпорындар үшін кадрларды даярлауға
жұмсалатын шығындар кіреді.
Күрделі жұмсалымдар мыналардың есебінен қаржыландырылады:
1) шаруашылық жүргізуші субъектілердің меншікті қаражаттары;
2) банктердің ұзақ мерзімді кредиттері;
3) халықтың жинақ ақшасы (тұрған үй құрылысына);
4) бюджеттен қаржы бөлу,
Кәсіпорындардың меншікті қаражаттарының үлесі өсіп келеді, бұл
шаруашылық есеп қаражаттары техникамен қайта жарақтандыру және қайта құруға
арналған және кәсіпорын ұлғаймалы жаңғырту үшін толық жауап береді.
Инвестициялық саясатты қайта құрудың басты мағынасы осында. Ал бюджет
қаражаттары негізінен басым мемлекеттік маңызы бар ірі өндірістік
құрылысты, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің құрылысын
қаржыландыру үшін пайдаланылады.
Жөндеуге жұмсалатын шығыстар табиғи тозған және сапалық ескірген
(негізгі капиталдарды ішінара қалпына келтіру және олардың жұмыс
қабілеттілігі жағдайында болуын қолдап отыру үшін) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет шығыстарын ұйымдастыру
Мемлекет кірістерінің сыныптамасы
Әлеуметтік сфераны бюджеттік қаржыландыру
Құйылым пайдаларын түзету
Мемлекеттік бюджет кірістері
Мемлекет шығыстарының мазмұны
Қазақстанның бюджет жүйесі
Қаржы жүйесіндегі мемлекет кірістерінің орны мен рөлі
Мемлекеттік шығындар
Бюджет жүйесі және бюджет құрылымы
Пәндер