Бағалы қағаздар деген екінші нарықта белсенді түрде айналысқа түсетін қарыз міндеттемесі
Мазмұны.
Кіріспе
1.Облигация туралы түсінік және оның түрлері.
2.Облигация есебі.
3.Еврооблигация ҚР-ның коммерциялық банкінің альтернативті құралын
қаржыландыру.
4.Орналастырылған облигациялар.
Қорытынды.
Қолданылған әдебиеттер.
Кіріспе.
Мен ең алғашқы сөзімді Родостовец атамыздың сөзінен бастайын:
Махаббат, әуен, бухгалтерлік есеп – мәнгілік деп. Бухгалтерлік есеп дүние
жүзіндегі кез келген бухгалтерияның іс жүзіндегі қызметінің мәнін айқындап,
бағалауға мүмкіндік береді.
Қоғамның дамуы барысында бухгалтерлер 3 міндетті шешеді:
1.Есепті барынша ақпаратты, әрі дәлжасау;
2.Оның қарапайым және арзан болуына қолжеткізу;
3.Шаруашылық өміріндегі деректер жөнінде дер кезінде ақпарат алу.
Алайда бұл міндеттер едәуір шамада бірін-бірі өзара жоққа шығарып,
болғызбайтын, өйткені меншік иесінің, әкімшіліктің , қызметкерлер,бағынышты
тұлғалардың, кредиторлар мен дебиторлардың мүдделері қарама-қайшы және осы
қарама-қайшылықтар есепті регистрде міндетті түрде бейнеледі.Сондықтан
әрдайым кейбірлеулерінің бухгалтерлерге реніш білдіріп, риза болмауының
себебі осында.
Есеп қашан пайда болғаны тура тауып айту мүмкін емес.Оның пайда
болуының алғы шарты-адамдар арасындағы экономикалық қатынастардың дамуы.
Бухгултерлік есептің пайда болып, қалыптасуын мынадай кезеңдерге бөлуге
болады:
o Ежелгі дүние;
o Ортағасырлық:
o Ренессанс пен қосарлы бухгалтерияның пайда болуы.
o Ғалымның пайда болуы.ХІХ ғ. Екінші жартысы.
o ХХ ғ.-бухгалтерлік есептің үдемелі дамуы.
o Есеп және оның техникасы қашан да оның есептік регистрлерінің
түрлеріне байланысты.
Көрнекті ғалым Б.Де Солозаноның Бухгалтерлік есеп болмас, әлемді басқару
мүмкін емес және онсыз адамдар бірін- бірі түсінбес еді-деген.
ҚР-сының Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы заңы еліміздегі
бухгалтерлік есепті жүргізу жүйесін анықтайды.
Қаржылық есеп беру мен оның пайдалануын және есепке алудың негізгі
принциптері мен жалпы тәртібін, ішкі бақылау және сыртқы аудит жөніндегі
талаптарды, сондай-ақ ұйымдардың құқықтарымен міндеттерін белгілейді.
ҚР-сы Азаматтық кодексі бойынша бағалы қағаздар деп мүліктік құқықты
бекітілген нысанды және міндетті деректемелерді сақтай отырып куәлендіратын
құжат.
Бағалы қағаздардың экономикалық мәнін ашуда құжатын бағалы қағаздар
мәртебесіне ие болуы үшін қосымша сапаларын анықтау қажет.
Бағалы қағаздар деген екінші нарықта белсенді түрде айналысқа түсетін
қарыз міндеттемесі. Қарыз міндеттемелерінің барлығының арнаулы бағалы
қағаздар сияқты нысаны болмайды. Олардың көбісі келісім құжатында 1-2 бап
ретінде көрсетіледі.Тіркеу инвесторларға бағалы қағаздар туралы дәл және
маңызды мағұлмат алуға көмектеседі. Сол арқылы инвестор өз инвестициясының
сапасын дәл анықтауына мүмкіндік алады.
Бағалы қағаздар бірнеше түрлі болып жіктеледі:1)түсетін кірісіне;2)
эмитенттің сипатына; 3) айналым мезгілі мен айналым жеріне байланысты.
Бағалы қағаздардың жіктелуі.
Енді осы бағалы қағаздардың бір түрі облигация туралы айтып кетейін.
Кеңес Одағы кезіндегі құнды қағаздардан қазіргі кездегі құнды қағаздың
айырмашылығына келетін болсақ, естеріңізде болар, жұртшылықтың қолында
25 сомдық, 50 сомдық облигациялар болды. Осы облигацияларды, егер ақша
болған жағдайда, жинақ кассасына барып ауыстырып алуға болатын, бірақ
пайдасыз.Одақ кезіндегі осы облигацияларға кейде ұтыс жариялайтын,ол ұтысқа
жүздің бірі, не мыңның бірі ие болатын. Яғни бір облигациялар көпшілікке
ешқандай табыс,пайда әкелмейтін. Ал егер сіз қазір жақсы дамыған
акционерлік қоғамның ақшасын алсаңыз, сіз сол акционерлік қоғаммен бірге
пайда көресіз.
Қазіргі қазыналық облигация бар, ол бір рет айналымға шықты, енді
екінші рет шығарылады.Яғни, мемлекеттік құнды қағаздар айналыста бар деген
сөз. Оны алуға болады. Осы шығарылып жатқан қағаздардан халыққа түсер
пайдасы – 35-45 %. Ресейде-65%.Облигациялар шығарылымы несиені банктер
қойған талаптардан басқа тиімді талаптар бойынша алуды қамтамасыз
етеді. Бұл қазіргі кездің өзінде құнды қағаздар рыногының дамуына жағдай
жасап отыр.
1.Облигация туралы түсінік және оның түлері.
Облигация деп эмитенттің белгілі бір шартты орындауға, яғни алған
сомасын қайтаруды және белгіленген сыйақыны төлеуді міндеттенген жазбаша
қарыз құжатын айтады.Ол корпорацияның активіне қарсы қойылады. Облигация
арқылы тартылған капитал акционерлік капитал деп есептелмейді.Облигация
шығару- қосымша капитал тартудың бір нысаны.
Эмитенттің жалпы шығыны облигацияны шығаруға және оларды
орналастыруға жұмсаған жылдық шығынға тең болады.
Облигацияға әрбір адам өзі мынадай анықтамалар береді.Олардың бірі
Кеулімжаев атамыз былай деген: Облигация дегеніміз оның иесінің ақша
салғандығын куәләндіратын және оған көрсетілген мерзім ішінде осы құнды
қағаздың атаулы құнына белгіленген пайызды төлей отырып, өтеу міндеттемесін
мақұлдайтын құнды қағаз болып табылады. Облигациялар белгілі бір мерзімге
шығарылады. Жалпы облигацияларда акциялар сияқты кәсіпорын үшін
инвестициялық маңызды көзі болып табылады.
Яғни, облигациялар–кәсіпорындармен ұйымдардың қарыз міндеттемелерін
растайтын құжат.Ол корпорацияның активтеріне қарсы жұмсалады.
Облигацияларды мерзімдік тарапынан берілген жалпы кепілдік болып табылады.
Облигациялардың төмендегідей түрлері бар: мемлекеттік және жеке
меншікті ;атаулы және талап етушіге арналған; проценттік және проценттік
емес, еркін айналымдағы және айналым шеңбері шектеулі.
Ал енді Родостовец атамыз айтқандай, Облигация дегеніміз- ұстаушысына
өз құнынан процент түрінде тұрақты табыс беретін бағалы қағаздардың бір
түрі. Облигациясы барлар эмитенттің облигацияны шығарушының кредиторы
болып табылады. Облигация- жалған капиталдың бір түрі. Облигацияның
акциядан айырмашылығы: оның ұстаушысы акционерлік қоғамның мүшесі бола
алмайды және оның дауыс беруге де құқысы жоқ.
Міржақыпова апамыз мынадай анықтама береді: Қазақстан Республикасының
Азаматтық кодексіне сәйкес облигация – бұл облигацияның немесе басқа да
мүліктік баламаның онда көрсетілген атаулы құнын оны шығарушы тұлғадан
оны ұстаушының иемденуге құқын растайтын бағалы қағаз.Обигация оны
ұстаушыға облигацияның атаулы құнынан тұрақты пайызды немесе басқа
мүліктік құқықты алуға құқық береді.
Облигация мерзімдік қарыз міндеттемесі болғандықтан оның кепілі болып
эмитенттің жалпы кепілдігі саналады. Ол кепілдік- эмитенттің банкротқа
ұшырап, өз міндеттемесін орындай алмаған кезінде – корпорация мүлігінің
бір бөлігін иеменденуге облигация ұстаушының құқы.
Облигация да акция сияқты корпорацияны инвестициялаудың ең маңызды
көзі.Дегенмен бұл екі бағалы қағаздардың бір-бірінен түбегейлі
өзгешіліктері бар. Ол өзгешеліктердің маңыздылары мыналар:
← Облигация иемденушісі корпорацияға несие беруші болып табылады. Ал
облигация корпорацияны несиелендіргеннің куәлігі.Өз кезегінде,
акционер корпорацияны меншіктенушінің бірі.Акция сол меншіктенудің
куәлігі тәрізді.
← Облигация иемденушісіне сыйақы төленеді.Оның мөлшері бекітілген
және нақты анықталған. Бұл бағалы қағаз өзінде көрсетілген белгілі
бір анықталған уақыт аралығында ғана кіріс түсіреді.Облигация бойынша
сыйақы басқа өтелетін дивидендтерден бұрын төленеді. Корпорацияның
сыйақыны уақытында төлей алмауы оның банкрот деп танылуына тең.
Акционер де дивиденд түрінде төлем алады.Бірақ дивидендтің мөлшері
тіркелмейді және ол арнаулы уақытта төленбейді. Егер корпорация дивиденд
төлеу туралы хабарламаса, демек, төлегісі келмесе, онда акционер
корпорацияға қарсы ешқандайшара қолдана алмайды.
← Басқа несие беруші сияқты, облигация иесінің дауыс беру құқы
жоқ.Олакционерлержиналысына, сонымен қатар,корпорация басқаруға да
қатыспайды.Оған керісінше акция иесінің корпорацияның мүліктік
мүддесін қорғауда шешімі дауыс құқығы бар.
← Облигация бойынша сыйақы корпорацияның шығынына жатады.Ол салық
төлейтін пайдадан төленеді.Ал дивиденд салық төлегеннен қалған
корпорацияның таза пайдасынан өтеледі.
Облигация бойынша мезгіл-мезгіл төленетін сыйақы түріндегі пайда
купонға алмастырылады. Купон деп облигациядан жыртылып алынатын талонды
айтады. Онда сыйақы мөлшері көрсетіледі.
Төленген сыйақының орнына облигациядан купонды жыртып алады. Бұндай
сыйақы төлеудің түрін купондарды қырқу деп аталады. Облигацияда бірсыпыра
элементтер көрсетіледі: номиналы, купондық мөлшер,өтеу туралы нұсқау,
эмиссия шарты қамтамасыз етілуі, рейтингі.
Номиналы деп облигацияның бетінде көрсетілген ақша сомасын айтады.Оны
облигация иесі өтелу мерзімі келгенде алады.
Купондық мөлшер - жыл сайын эмитент төлейтін облигацияның номинал
өқнына байланысты келісілген сыйақы-төлем. Жыл сайынғы купондық мөлшер
бөлініп төленуі мүмкін, мысалы,жарты жылда бір рет немесе тоқсан сайын
бір рет.
Әлбетте, төлем мына интервалмен орындалады: қаңтар-шілде, ақпан-тамыз,
наурыз-қыркүйек, сәуір-қазан, мамыр-қараша, маусым-желтоқсан.Одан басқа
айдың жұлдыздары да айнаға түскен сәуледей қайталынады. Мысалы, 5 қаңтар- 5
шілде, 20 наурыз-20 қыркүйекжәне сол сияқты.
Өтеу күні – компанияның сатып алушы облигацияның номиналына тең соманы
қайтарып және сыйақы төлеуді тоқтататын күнтізбектегі күн.
Эмиссия шарты - ашықтан-ашық облигация шығару мәселесі.Ол қарыз
алушымен траст компаниясының шарты бойынша шығарылады.Траст компаниясы
корпорацияның инвесторлары алдында оның кепілі болып,облигация
ұстаушылардың мүддесін қорғап эмитенттің өз міндеттемелерін орындауын
қадағалап отырады.
Траст компаниясы эмитенттің қаржы құжаттарын және оның инвестициялық
жобасының бизнес- жоспарын тексеріп, содан кейін ғана өз ризашылығын
береді. Осыған байланысты эмиссия шартына траст компаниясы бірсыпыра
ұсыныс енгізеді.Олардың ішінде жиі кездесетіндері мыналар:
• Ең аз өтімділік;
• Борыштың ақырғы деңгейі;
• Активтерді сатуға тыйым салу;
• Төлетін дивиденд мөлшерін шектеу;
Өтеу туралы нұсқау – эмиссия шартындағы тармақ. Ол бойынша эмитент
облигацияның номиналдық құны және сыйақы (мүдде) төлейтін арнаулықор
құрады. Ол қор траст компаниясының бақылауында болады.
Эмиссия шартында облигацияның уақытынан бұрын сатып алу бабы да болуы
мүмкін, яғни эмитенттің өз облигацияларын қайтарып алу құқы. Әдетте,ондай
жағдай облигация шығарылғаннан кейінгі алтыншы жылдан басталады.
Уақытынан бұрын қайта сатып алғанда облигацияның бағасы оның номиналдық
құнынан жоғары болады.
Қамтамасыз етілген облигациялар - оларды шығарғанда кепілдікке
корпорация активтері немесе мүлігі салынады. Облигация қамтамасыз етілген
және қамтамасыз етілмеген болып бөлінеді.
Қамтамасыз етілген облигация корпорацияның негізгі активтерін талап етуге
құқық беріп және сонымен біргеоның негізгі меншігінің облигацияға
салынғанын көрсетеді. Егер корпорация мағайындалған мезгілде өз
облигациясын өтей алмаса, онда оны ұстаушылар кепілдікті өз пайдасына
сатуға құқы бар.
Қамтамасыз етуге қозғалмалы, қозғалмайтын мүліктер және басқа бағалы
қағаздар салынады. Осыған байланысты мынадай айырмашылықтарды атауға
болады:
❖ Қозғалмайтын мүлікке салынған облигациялар. Оларды қамтамасыз
ететін жайнемесе арнаулы мүліктер;
❖ Басқа компаниялардың траст жағдайында сақталатын акциялары және
облигацияларымен қамтамасыз етілген осы компанияның облигациялары;
❖ Қозғалмалы мүлікпен қамтамасыз етілген облигациялар.Оларды
сенімхатпен басқа біреу иемденуіне құқылы.
Қамтамасыз етілмеген облигациялар – жалпы кепілдігі бар, басқаша
айтқанда, эмитенттің жақсы атағымен шығарылған қарыз міндеттемесі. Осы
болашақтағы шаруашылық ісінен түсетін табысқа үміттеніп шығарады.
Корпорация банкротқа ұшыраған жағдайда ол облигацияларды арнаулы түрде
өтейді.
Облигацияның рейтингі - олардың инвестициялық сапасын арнаулы
фирмалардың бағалауы. Әлбетте облигациялардың барлық шығарылған сериясы
бағаланбай, тек екінші нарықта кең көлемде сұранысқа ие болатындары ғана
бағаланады. АҚШ-та, мысалы, Стэндарт энд пур және Мудиз инвесторз
сервис екі компаниялары рейтинг анықтаумен шұғылданады. Мудиз
компаниясы облигацияны бағалауды төмендей түрде жүргізеді:
1. Ааа- өте жорағы сапа;
2. Аа-жоғары сапа;
3. А – ортадан жоғары;
4. Ваа – орта сапа;
5. Ва- алыпсатарлық элименттері бар;
6. В- инвестицияға қажет белгілеріжоқ;
7. Саа- төмен сапа;
8. Са- белгілі бір мөлшерде алыпсатарлық;
9. С-ең төмен сапа.
Ең жоғары ретингілі облигациялар инвестициялық класты деп
аталады. Төмен рейтингілі облигациялар алыпсатушылық деп есептеледі.
Акция сияқты облигациядың да номиналы және нарықтық бағасы болады. Оның
номиналына байланысты процентпен көрсетілген нарықтық бағасы облигацияның
курсы деп аталады.
Егер нарықтық бағасы номиналынан жоғары болса, онда облигация сыйақымен
сатылды деп аталады. Егер номиналынан бағасы төмен болса, онда
облигациясының жаңа иесі оны дисконтпен, яғни бағасын төмендетіп сатып
алады.Облигацияның нарықтық бағасы қандай болсада, сыйақы (мүдде) оның
номиналына байланысты есептелінеді.
Облигацияның нарықтық бағасы, бір жағынан заемды шығару жағдайына,
екінші жағынан, нарықтағы әр уақытта әр түрлі болып қалыптасатын жағдайға
байланысты анықталды.Егер нарықта купондық бағасы жоғары жаңа заем пайда
болса, онда ол жағдай айналымдағы облигацияларға екі түрлі әсер етеді.
1) егер жаңа жағдайлармен шығарылған заемдар өте көп болса, онда бұрынғы
төмен бағамен шығарылған облигациялардың курсы төмендейді. Басқаша
айтқанда, олар дисконтпен сатылады. Себебі мұндай облигациялар тек
номиналы бойынша өтеледі. Ал арасындағы айырмашылық жаңа иемденушіге өте
төмен кіріс түсіреді.
2) Жаңа облигациялар аз болса, олар номиналынан жоғары курспен (сыйлықпен)
сатылады. Ол облигацияның жаңа және бұрынғы иелерінің кірісін
теңестіреді.
Инвесторлардың облигациядан алатын пайдасы купондық төлеммен дискондтық
айырмашылықтан түсетін кірістен құралады.
Жай акциялар тәрізді облигацияларда иесі ұсынушы және атаулы болып
екіге бөлінеді. Иесі ұсынушы облигациялар еш жерде тіркелмейді, ол бойынша
сыйақы ұсынушы субъектке төленеді.Ондай облигациялардың әр қашан купондық
парағы болады. Сыйақы өсім төлейтін күні облигация иесі купонды қиып алып,
оны өтеуге тапсырады.
Ал атаулы облигациялардың иесі корпорацияда тіркеуден өтеді. Сыйақы
төлейтін күні корпорация оларға процент алу үшін чек толтырып береді.
Заемның мерзіміне қарай корпорация облигациялары:
o Қысқа мерзімді- 1 жылдан 3 жылға;
o Орта мерзімді- 3 жылдан 7 жылға;
o Ұзақ мерзімді – 7жылдан да көп жылдарға дейінгі болып үшке бөлінеді.
Корпорация облигациялары сонымен қатар купондық кірісті төлеу жөнінен
де бөлінеді:
1) купондық төлем мөлшері нақты бекітілген облигациялар. Олар
уақытынан қайтарылып алынуы мүмкін;
2) купондық төлем мөлшері өзгермелі облигациялар. Бұл тіпті
облигациялардың ерекшелігі,оның купондық төлем мөлшері ақша нарығында
негізгі төлем мөлшеріне байланысты өзгереді.Бірақ, өзгермелі курсты
облигация ұстаушылар корпорация жарғысында көрсетілгендей өз
мүддесін несие берішілердің ең соныңда жүзеге асырылады.
3) Купонды нөлге тең облигациялар типті облигациялардың айырмашылығы -
бірінші орналасқанда номиналынан төмен бағамен, өтелмегенде-
номиналмен сатылады.Басқа сөзбен айтқанда, облигация ұстаушы сыйақыны
облигацияның айналым мерзімі аяқталған соң алады.
Облигация айырбасталатын және жай облигациялар болып бөлінеді.
Айырбасталатын облигация айырбасталатын артықшылықты акцияларға өте ұқсас.
Олар келісімге сәйкес осы корпорацияның артықшылықты немесе жай акцияларына
алмастырылуына мүмкіндігі бар. Бұл айырбасталымды акцияға инвесторды
қызығушылығын арттырады.Ал жай облигацияларды мұндай құқығы жоқ.
Қорыта айтқанда, корпорация өз жұмысын акция шығарумен де, сонымен
қатар облигация шығарумен қаржыландырады. Дегенмен, акциядан көрі облигация
шығару корпорацияға қауіпті. Себебі, облигациядан пайда түспесе де, жыл
сайын корпорация облигация бойынша төлем төлеуге міндетті. Ал акция бойынша
белгіленген соманы төлеуге міндетті емес. Егер компанмяның дивиденд төлеуге
ақшасы болмаса, ол акционердің жеке сәтсіздігі.
Сонымен бірге облигация шығару корпорацияға қауіпті болғанымен ол өте
арзан. Ұзақ мерзімде төленген дивидендтер сомасы жыл сайын төленген сыйақы
сомасынан әлде қайда көп болады деп ұйғарылады. Инвесторлар көз қарасы
бойынша акция шығару қауіптірек, демек облигация тиімді. Сондықтан
тәуекелмен қосымша шығын шығарып, алған акциялар жоғары пайда түсіруіне көз
жетпесе оларды сатып алмайды. Сонымен, егер компания бағалы қағаздардың
екі түрінде қатар шығарса, онда акционерлерге төлейтін төлем, облигация
иелеріне төлейтін төлеммен жоғары болды деген болжамға байланысты.
Облигация келесі іргелі қасиеттерге иемденеді:
✓ Бұл эмитент мүлкіне меншік титулы емес, бұл қарыз куәлігі;
✓ Акцияға қарағанда облигацияда ақырғы төлеу мерзімі болады;
✓ Пайыздарды төлеу кезінде акция және басқада міндеттемелерді
қанағаттандыру алдында жоғары;
✓ Эмитентті басқаруға құқық бермейді.
Облигацияларды шығару тәртібі:
▪ Эмитент қосымша қорлардытарту үшін жарғылық капитал көлемінен
аспайтын облигация шығаруға құқығы бар.Бірақ, жарғылық капитал
толығымен төленіп, осы уақыт аралығында жылдық баланста үш жылдан кем
емес қызмет істеуі кезінде ғана жүзеге асады;
▪ Құқықты бекіту әдісі бойынша облигациялар атаулыболу керек;
▪ Эмитенттің активі облигацияны шығаруды қамтамасыз ететін құралболып
табылады, яғни оларға жылжымайтын мүліктер, эмитентке тиісті бағалы
қағаздар, ақша қаражаттары, басқа да қозғалмайтын мүліктер жатады;
▪ Облигация шығару шарты эмитенттің өзінің акцияларын айырбастау
жолымен өтелуі мүмкін;
▪ Акцияның атаулы құнының көлемі шектелмейді;
▪ Облигациялар бойынша пайыздар эмитенттің қаржылық жағдайына
қарамастан, белгіленген уақытта төленуі тиіс.
Міржақыпова апамыз былайдеген: Облигацияларға негізгі бөліктен басқа
пайызды төлеуге купондық парақ беріледі. Купон- бұл онда купондық
мөлшерлеменің цифрлары көрсетілген қиынды талон.Облигацияның атаулы құны
облигация бетінде белгіленіп және қарызға беріліп,облигациялық қарыз
мезгілі аяқталған бойдан қайтарылуға тиіс сома көрсетіледі.
Атаулы құнға қарағанда төмен бағамен сатылатын облигациялар дисконтпен
сатылған деп аталады.Егер оны жоғары бағамен сататын болса,сатушы сыйақы
алады.Эмиссиялау және өтеуге дейінгі аралықта облигациялар нарықта
белгіленген баға бойынша сатылады және сатып алынады. Оның номиналына
байланысты пайыз көрсетілген нарықтық бағасы облигацияның курсы деп
аталады.Бағалы қағаздардың тұрықты пайыздық табысы келесі формула арқылы
табылады:
Табыс =Номиналды қарыз *100
Эмиссиялық курс
Табыс арнайы айналатын тираждағы ұтыс немесе купонды төлеу жолымен
беріледі.
Облигацияны айналысқа шығару бағалы қараздар нарығы туралы заңдылықты
белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік тіркеуден өту тиіс. Облигацияны
мемлекет, акционерлік қоғамдар және жеке компаниялар бір жылдан кем емес
уақытқа шығара алады.
Қоғам кезең аралық облигацияның атаулы құнынан пайыз түрінде төлетін
табыс ретінде купонды облигациялар және сатып алу және атаулы құнының
айырмасы ретінде өтеуден түскен табыс төленетін дисконтты облигация
шығарады.Қоғам келесідей облигациялар шығаруға құқығы бар:
□ Белгілі бір мүлік кепілімен қамтылған;
□ Үшінші жақтың сөз беруімен қамтылған;
□ Заңды тәртіпте қамтамасыз етпеу бекітілген;
Эмитенттіне байланысты мынадай түрлері бар:
A. Мемлекеттік;
B. Муниципалды;
C. Корпорациялық;
D. Шетел.
Номиналды өтеу әдісі бойынша:
• Бір жолғытөлем;
• Уақыт бойыншабөлу;
• Жалпы облигация көлемінің тіркелген үлесін біртіндеп өтеу.
Төлеу түріне байланысты:
← Тек пайыздар;
← Нөлдік купон;
← Атаулы құн;
← Кезеңдік тіркелген табыс және атаулы құн;
← Атаулы құн және жиынтық табыс.
Купонды төлеу әдісібойынша:
• Тұрақты купондық мөлшерлеме;
• Қалқымалы купондық мөлшерлеме;
• Бір келкі өсетін купондық мөлшерлеме;
• Ең төмен немесе нөлдік купон;
• Тандап төлеу;
• Аралас түрде.
Банктер облигацияларды және бағалы қағаздардың басқада түрлерін эмиссиялау
кезінде ҚР-сының Ұлттық Банкісінде бағалы қағаздардың эмиссия
анықтамалығының сараптамасынан өтулері қажет.
2. Облигация есебі.
Облигациялармен байланысты операциялардың есебі 402 Облигация
шотында жүреді.
402 Облигациялар шотында мемлекеттік және жергілікті заемдардың
проценттік облигацияларына салынған қаржылық инвестициялардың нақты бары
мен қозғалысы және осындай құнды қағаздар сатып алу құнымен есептелінеді.
Облигация – белгіленген нақты құны бойынша егесіне процент төлеу арқылы
өтелетін міндеттемені растайтын бағалы қағаз.
Облигациялардың төмендегідей реквизиттері болуы керек: аты, фирмалық
атауы және эмитенттің тұрған жері; фирмалық атауы немесе сатып алушының
аты немесе облигацияның талап етушіге жазылғаны туралы жазба; номиналдық
құны, қарастырылған болса пайыз мөлшері; өтеу және пайыздарды төлеу
мерзімдері, шығарылған орны мен күні, сондай-ақ облигациясының сериясы
мен нөмірі, эмитенттің өкілетті тұлғаларының қолқою үлгілері.
Облигацияның мақсатын білдіретін міндетті реквизит облигацияның
қандай тауар үшін шығарылғандығын көрсетеді. Облигацияларды өтеу мерзімін
және шығару туралы шешімін эмитент айқындайды.
Облигацияға салынған қаражат инвестициясы олардың номиналдық құнының
деңгейіне байланысты тұрақты пайыз түрінде алуды көздейді.
Облигацияны алудың екі нұсқасы бар: номиналдық құнынан үлкен бағасы
бойынша және номиналдық құнынан төмен бағасы бойынша.
Демек, облигация номиналдық құны бойынша немесе облигация сыйлығымен,
немесе облигация жеңілдігімен шығарылуы мүмкін.
Облигацияларды сатып алу және олардан алынған табыстар бойынша
есептеулерді келесі мысалдармен көрсетеді:
I. Облигация,номиналдық құны бойыншы шығарылған.Кәсіпорын 1 млн. теңге
тұратын, әр қайсысы 1000 теңгеден, 1000 дана облигациясын сатып алды
делік. Бұл арада эмитенттің 3 жылдық мерзімге, әр 3ай сайын, жылдық
деңгейден есептелген 20 % төлем жасап тұруға міндеттенген.
Сатып алынған облигациялардың құнына:
402-ші Облигациялар шоты дебеттеледі де, 441 шоты кредиттеледі -
1 000 000 теңге.
Сатып алынған облигациялар бойынша жылдық проценттердің сомасы: 1 000 000
теңге *20%: 100%=200 000 теңге немесе айына 16 667 теңге құраған.
Есептелген проценттердің сомасына 332-ші Есептелген проценттер шотының
дебиті және 724-ші Акциялар бойынша дивидендтер және процент түріндегі
табыстар шотының кредиті бойынша 16 667 теңгеге ай сайын бухгалтерлік
жазбасы жазылып отырады.
Әрбір 3 ай сайын облигация эмитенттінің шығарылымын шарттары бойынша
инвесторға тиесілі проценттер төленіп отырылады: ол кезде 441 шот
дебиттеліп, 332 шоты 50 001 (16 667*3) сомасына кредиттеледі.
Облигациялардың жабылу мерзімі таянған кезде эмитент инвесторға
олардың салған ақшасы номиналдық құны бойынша қайтарады: ол кезде
бухгалтерлік жазудың 3 жазбасы жасалынады:
Дт 843,Кт 402 – 1 000 000;
Дт 334,Кт 723 – 1 000 000;
Дт 441,Кт 334 – 1 000 000;
II. Сыйақысымен шығарылған облигация.Эмитент 1 000 000 теңге сомаға әр
қайсысы 1 000 теңге тұратын , 2 жылдық мерзімге арналған жылына 2 рет
жылдық 25 %-ік міндетті түрде төлемін жасап отыратын облигацияның 1 000
данасын жасап шығарады.
Инвестор–кәсіпорын облигациялардың нарықтық құны хабарланған номиналдан
3 % артық немесе 1 030 теңгеден астам болған кезде табыс табу үмітімен
оларды сатып алған еді, өйткені эмитент нарықтағы орташа төлеммен (нарықтық
проценттік ставка 22%) салыстырғанда неғұрлым жоғары проценттер төлемі
жөнінде хабарланған болатын.
Облигациялардың номиналдық құнына қосылған сыйлықты қоса есептегенде,
оның сомасы 1 030 000 теңгеге құраған (1 000 000+1 000*3 :100)*100 ол кезде
702 шоты дебеттеліп, 441 шоты 1 030 000 теңге сомасына кредиттеледі.
Облигациялар бойынша проценттердің ай сайынғы сомасына (1 000 000:100
*25=250 000 немесе айына 20 833 теңге) 332 шоты дебеттеледі де, 724 шоты
20 833 теңгеге кредиттеледі.
Эмитент әрбір жарты жыл сайын облигациялар бойынша түсетін табыс төлейді
(20 833*6=124 998 теңге), онда, 441 шоты дебеттеледі де332 шоты 124 998
теңгеге кредиттеледі.
Табысты есептеудің әрбір кезінде ай сайынғы сатып алу мен номиналдық
құнының арасындағы айырманың бір бөлігін (30 000:24=1250 теңге) есептен
шығарып отырады және оның екі жылдық айырмасы 30 000 теңгеге тең болған.
Ол кезде, 845 шоты дебеттеліп, 402 шоты 1 250 теңгеге кредиттеледі.
Облигацияның жабылу кезеңі таянған кезде эмитент инвесторға оның
номиналдық құны бойынша қайтарады, яғни 843 шоты дебеттеліп, 402 шоты
1 000 000 теңгеге кредиттеледі, және бірден сол заматта тағы да
бухгалтерлік есептің екі жазбасы жазылады, сол сомаға : Дт 334, Кт 723 және
Дт 441, Кт 334.
Сонымен, кәсіпорын осылайша облигация эмиссиясында қарастырылған
500 000 теңге табыс алады, мұнын ішіндегі 30 000 теңгеге сомасындағы
сыйақы шегерілімі жасалынады.
III. Жеңілдіктерімен шығарылған облигация. Кәсіпорын бір облигацияны
номиналдық құны 1 000 теңгеге тұратын 2 жылдық мерзімге арналған және
жылына 2 рет жылдық 25% төлем жасап отыру үшін, 1000 дана облигациясын
сатып алуға шешім қабылдаған.
Бір жылда түсетін табыстың жалпы сомасы 250 000 теңгеге болғанда, оның
жарты жылдығы 125 000 теңгеге құраса, ал ай сайынғысы 20 833 теңгеге
тең болған.
Сатып алу кезіндегі оның проценттік ставкасы 29% құрады.Эмитент әрбір
облигациядан 33 теңгеге шегерім жасап сатуды ұйғарған (1000 – 33 =967
теңге). Шегерім сомасы 33 000 теңгеге (1 000 *33=33 000 теңге) тең болған
жағдайда онда сатып алған облигациясының есептелген ағымдағы құны 967 000
(1 000 000-33000) теңге болады.
Шегерімімен есептелген облигацияның сатып алу құны 402 шотының дебеті
және 441 шотының кредиті бойынша 967 000 теңге көрініс табады.
Проценттерден түсетін табыстарды ай сайынғы есептеу кезінде 20 833
(250 000:12) сомасына 332 шоты дебеттеліп, 724 шоты кредиттеледі.
Эмитент проценттер төлемін төлеген кезде (жылына 2 рет) 12 500 теңгеге
441 шоты дебеттеледі де, 332 шоты кредиттеледі.
Проценттерден түсетін табыстың әрбір есептелуі кезінде кәсіпорынның
табыс сомасы, яғни 33 000 теңгенің бір бөлігін (33 000:24=1375 теңгені)
402 шотының дебеті мен 724 шоттың кредитінде көрсетіп, жабу мерзімі
таянған кезде, жоғарыдағыдай 3 бухгалтерлік жазба жазады (1млн. теңгеге).
Кәсіпорын облигациядан тіркелген ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz