Ресей Федерациясының бюджет құрылымы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ. И. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Экономика және минералды ресурстарды басқару кафедрасы

Тақырыбы: Ресей Федерациясының қаржы жүйесі

Тексерген: Журкубаева Ш

Орындаған: Искалиева

Мамандығы: УАБ - 05 - 1к

Тобы: 050508

Алматы 2007ж

Жоспар

Кіріспе3

ІІ Негізгі бөлім4

2. 1 Ресейдің қаржы жүйесі және оның буындары4

2. 2 Ресейдің негізгі әлеуметтік - экономикалық көрсеткіштері7

2. 3 Ресейдің бюджет жүйесі мен бюджет құрылымы9

2. 4 Ресейдің салық жүйесі11

Қорытынды13

Пайдаланылған әдебиеттер14

Кіріспе

Ресей Федерациясының қаржысы өзінің экономикалық табиғаты жағынан және жалпы принципиалды бірлігі жағынан біртұтас. Алайда, қоғамның сан - алуан қажеттеріне қызмет ететіндігіне байланысты қаржы бірқатар салалардан тұрады. Нәтижесінде өз ықпалымен бүкіл экономиканы қамтиды. Қаржы қатынастарының саласы мен буындары тығыз байланыста және елдің бірыңғай қаржы жүйесін құрады.

Мемлекет өз қызметі мен міндеттерін жүзеге асыру мақсатында қолданатын ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру мен жұмсау деп таниды. Мемлекеттің құрылымының түріне қарай мемлекеттің қаржы жағдайы, ақша ресурстары жалпы әлеуметтік - экономикалық жағдаймен тікелей байланыста болады. Мысал үшін, экономиканың социалистік үлгісіндегі елдерде, соның ішінде бұрынғы Кеңес Үкімет елдеріндегі қаржылық билік толығымен дерлік мемлекет билігінде болатын, және де ең басты міндет - мемлекеттік мұқтаждарды қамтамасыз ету еді. Мемлекеттік қаржылар кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржыларын, тіпті халықтың жинақтарын да толығымен өздеріне бағындарған болатын.

ІІ Негізгі бөлім

2. 1 Ресейдің қаржы жүйесі және оның буындары

Қаржы жүйесі - бұл мемлекет пен кәсіпорынның орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорларын құру және пайдалану процесіндегі қаржы қатынастарының оқшауланған, бірақ өзара байланысқан әртүрлі салалары мен буындарының, сондай - ақ оларды ұйымдастыратын қаржы органдарының жиынтығы.

Ресей Федерациясының қаржы жүйесі қаржы қатынастарының біршама дербес мына салдарынан тұрады:

  • мемлекеттік бюджет;
  • сақтандыру қорлары;
  • қор нарығы;
  • мемлекеттік несие;
  • шаруашылық жүргізушілердің субъектілерінің қаржылары;
  • бюджеттен тыс қорлар.

Жоғарыда келтірілген қаржы қатынастарын екі жүйеге бөледі. Шаруашылық жүргізу субъектілердің қаржылары орталықтандырылмаған қаржыларға жатады және микродеңгейдегі экономикамен әлеуметтік қатынастарды реттеу мен көтермелеу үшін пайдаланылады, ал жалпы мемлекетке орталықтандырылған қаржылар жатады және макродеңгейдегі экономика мен әлеуметтік қатынастарды реттеу үшін пайдаланылады.

Қаржы жүйесін буындарға бөлу себебі: әр буынның міндетіне байланысты және де орталықтандырылған және де орталықтандырылмаған ақша қорын қалыптастырумен байланысты. Жалпы мемлекеттік орталықтандырылған ақша қорларының ресурсы ұлттық пайданы бөлу және қайта бөлу арқылы құрылады.

Экономикалық - әлеуметтік дамудағы мемлекеттің маңызды рөлі, оның қол астындағы мөлшерлі көлемдегі қаржылық ресурстардың орталықтандыруына әкеледі. Бюджеттік және бюджеттен тыс қорлар мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік жағдайын қамтамасыз етеді.

Ақша қорларының басқа да формаларын пайдалану қаржы жүйесінің несиелік және сақтандыру салалары арқылы жүзеге асырылады.

Орталықтандырылмаған ақша қорлары кәсіпорынның өздерінің жинақтарынан және ақша пайдасынан құралады.

Жалпы мемлекеттік қаржылар халық шаруашылығының дамуын қамтамасыз ету, қаржы ресурстарын эканомика салаларымен елдің аймақтарында қайта бөлуде маңызды рөл атқарады. Жалпы мемлекеттік қаржылар кәсіпорынның қаржыларымен тығыз байланысты.

Бір жағынан, бюджет пайдасының басты көзі ұлттық пайда болса, екінші жағынан, өндірісті көтермелеу үшін кәсіпорынның өзінің қаржыларымен ғана емес, жалпы мемлекеттік ақша қорларын банк несиелерін тарту арқылы дамытады. Кәсіпорынның өзінің жарғылық қоры жетіспеген жағдайда акционер негізінде басқа фирманың қаражаттарын тарту арқылы дамытуға болады.

1 - сызба. Ресей Федерациясының қаржы жүйесі.

Қаржы жүйесі арқылы орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша, жинақ қорларына мемлекеттік несиенің, салықтарының, мемлекеттік бюджеттің шығындары арқылы ықпалын тигізеді.

Мемлекеттік бюджет - қаржы жүйесінің басты саласы. Ол мемлекеттің де басты саласы. Ол мемлекеттің басты кірістері мен шығыстарын біріктіреді.

Бюджеттен тыс қорлар - федеративтік және жергілікті үкіметтің қаржылары.

1995 жылы жалпы бюджеттен тыс қорлардың пайдасы 90, 5 трлн, немесе мемлекеттік бюджеттің 63% құрады.

Қоғамның сан алуан қажеттерін үздіксіз қанағаттандырып отыру мақсатында мемлекет өзінің шығындарын жабуға шаруашылық құрылымдар мен халықтың қаражаттарын тартуы мүмкін. Оны алудың басты әдісі мемлекеттік несие болып табылады, ол жалпы мемлекеттік қаржылардың басты буындарының бірі. Жеке және заңды тұлға, кәсіпорындар мен ұйымдар несиегерлер болып келеді. Қаржы нарығында облигация және де т. б. құнды қағаздарды сату арқылы қосымша қаржы ресурстарын тарта алады. Мемлекеттік қарыз ішкі және сыртқы болады.

Ресей Федерациясының ішкі қарызы ұзақ мерзімді міндеттемені білдіреді. Яғни, Ресей Федерациясынан алынған несие, мемлекеттік қарыз ұзақ мерзімді міндеттеме болып табылады.

2. 2 Ресейдің негізгі әлеуметтік - экономикалық көрсеткіштері

Ресей Федерациясының соңғы жылдарда макроэкономикалық көрсеткіштеріне қысқаша шолу жасайтын болсақ, нақты 2002 жылғы қаржылық көрсеткіштері төмендегідей болады:

Халық саны - 145, 2 млн адам

Жұмыссыздар саны - 6153 мың адам

Халықтың ақшалай табыстары (орташа жан басына шаққанда бір айға) - 3949, 8 рубль.

Халықтың ақшалай шығындары (орташа жан басына шаққанда бір айға) 38, 805 рубль.

Экономика саласында еңбекпен қамтылғандардың жылдық орташа саны - 65359 мың адам.

Жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) - 10863, 4 млрд рубль

Жалпы ішкі өнім жан басына шаққанда - 75497, 0 рубль

Өнекәсіптік өнім көлемі - 6867, 9 млрд рубль

Негізгі капиталға күрделі салымдар - 175807 млн рубль

Бюджет табыстары - 3519, 2 млрд рубль

Бюджет шығындары - 3422, 3 млрд рубль

Экспорт - 106154, 3 млн доллар

Импорт - 461530 млн доллар

Ал, күрделі салымдар мәселесі бойынша Ресей бірнеше ірі дамыған мемлекеттермен тығыз байланысты. Төмендегі кестедегі көрсеткіштер арқылы 2001 - 2002 жылдар аралығындағы Ресейге салынған күрделі салымдар мен инвестор мемлекеттері көрсетілген.

2004
2005
АҚШ - ң млн долл.
%
АҚШ - ң млн долл.
%
: Барлық күрделі салымдар
2004: 14258
2005: 100
19780
100
: Германия
2004: 1237
2005: 8, 7
4001
20, 2
: Кипр
2004: 2331
2005: 16, 3
2327
11, 8
: Ұлыбритания
2004: 1553
2005: 10, 9
2271
11, 5
: Швейцария
2004: 1341
2005: 9, 4
1349
6, 8
: Франция
2004: 1201
2005: 8, 4
1184
6, 0
: Нидерланды
2004: 1249
2005: 8, 8
1168
5, 9
: АҚШ
2004: 1604
2005: 11, 2
1133
5, 7
: Жапония
2004: 408
2005: 2, 9
441
2, 2
: Австрия
2004: 423
2005: 3, 0
376
1, 9
: Швеция
2004: 72
2005: 0, 5
139
0, 7
: Басқа да елдер
2004: 2839
2005: 19, 9
5391
27, 3

Ресей Федерациясының бюджет құрылымы

2004
2005
:
2004: млрд рубль
2005: ЖІӨ - ге %
млрд рубль
ЖІӨ - ге %
: 1
2004: 2
2005: 3
4
5
: Табыстар
2004: 2683, 7
2005: 29, 7
3519, 2
32, 4
: Оның ішінде:
2004:
2005:
: Салықтық табыстар
2004: 2345, 0
2005: 25, 9
3136, 8
32, 4
: Олардан:
2004:
2005:
: Кәсіпорын пайдасына салынатын салық
2004: 513, 8
2005: 5, 7
463, 3
4, 3
: Жеке тұлғалардың табысына салынатын салық
2004: 255, 8
2005: 2, 8
358, 1
3, 3
: Қосылған құнға салынатын салық
2004: 639, 0
2005: 7, 1
752, 7
6, 9
: Акциздер
2004: 243, 3
2005: 2, 7
264, 1
2, 4
: Мүлікке салынатын салықтар
2004: 89, 6
2005: 1, 0
120, 5
1, 1
: Табиғи ресурстарды пайдалану үшін төлемдер
2004: 135, 7
2005: 1, 5
330, 8
3, 0
: Сыртқы сауда мен сыртқы экономикалық операцияларға салынатын салық
2004: 331, 3
2005: 3, 7
323, 4
3, 0
: Бірыңғай әлеуметтік салық
2004: 0, 0
2005: 0, 0
339, 5
3, 4
: Салықтық емес табыстар
2004: 198, 7
2005: 2, 2
266, 4
2, 4
: Олардан:
2004:
2005:
: Сыртқы экономикалық саладан
2004: 51, 5
2005: 0, 6
65, 4
0, 6
: Мемлекеттік немесе муниципалды меншік иелігіндегі мүліктерден түскен табыстар
2004: 115, 8
2005: 1, 3
160, 5
1, 5
: Қайтарымсыз аударымдар
2004: -15, 0
2005: -
-56, 7
-
: Мақсатты бюджеттік қорлардың табыстары
2004: 146, 7
2005: 1, 6
160, 3
1, 5
: Кәсіпкерлік саладан табыстар
2004: 8, 3
2005: 0, 1
12, 4
0, 1
: Шығыстар:
2004: 2419, 4
2005: 26, 8
3422, 3
31, 5
: Оның ішінде
2004:
2005:
: Мемлекеттік басқару және жергілікті өзін - өзі басқару
2004: 111, 0
2005: 1, 2
149, 0
1, 4
: Халықаралық іс
2004: 23, 8
2005: 0, 3
34, 2
0, 3
: Ұлттық қорғаныс
2004: 247, 7
2005: 2, 7
295, 4
2, 7
: Құқық қорғау және мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету
2004: 183, 9
2005: 2, 0
240, 4
2, 2
: өнеркәсіп, энегетика және құрылыс
2004: 237, 4
2005: 2, 6
324, 5
3, 0
: Ауыл шаруашылығы және балық аулау
2004: 67, 4
2005: 0, 7
59, 8
0, 6

2. 3 Ресейдің бюджет жүйесі мен бюджет құрылымы

Қандай мемлекетте болмасын, оның қаржы жүйесінде басты орынға ие - мемлекеттік бюджет.

Ресей Федерациясының жаңа Бюджет заңы бюджет туралы анықтаманы төмендегідей береді:

Мемлекет өз қызметі мен міндеттерін жүзеге асыру мақсатында қолданатын ақша қаражаттары қорларын қалыптастыру мен жұмсау деп таниды. Мемлекеттің құрылымының түріне қарай мемлекеттің қаржы жағдайы, ақша ресурстары жалпы әлеуметтік - экономикалық жағдаймен тікелей байланыста болады. Мысал үшін, экономиканың социалистік үлгісіндегі елдерде, соның ішінде бұрынғы Кеңес Үкімет елдеріндегі қаржылық билік толығымен дерлік мемлекет билігінде болатын, және де ең басты міндет - мемлекеттік мұқтаждарды қамтамасыз ету еді. Мемлекеттік қаржылар кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржыларын, тіпті халықтың жинақтарын да толығымен өздеріне бағындырған болатын.

Дегенмен, 80 - 90 жылдардағы Ресейдегі саяси өзгерістер Ресей экономикасын толығымен өзгертіп жібергені анық. Меншіктің жаңа түрлері, шаруашылық субъектілерінің пайда болуы ақша табыстары жүйесіне өзгерістер енгізді. Әкімшілік билік жойылған соң, қоғамның қаржы ресурстарын заң шығарушы органдар мен атқарушы билік органдарының арасындағы құзырды анықтау мәселесі туындайды.

Мемлекет қаржыларын модернизациялаудың басты бағыты болғаны - дамыған социализмнен қалыптасып қалған бірыңғай мемлекеттік бюджеттің өз бетінше үш жеке дербес бөліктерге бөлінуі:

федералды бюджет;

федерация субъектілерінің бюджеті;

жергілікті бюджеттер.

Сондай - ақ, бюджеттің басты табыс көзі ретіндегі салықтар жүйесі де қолға алынды, сыртқы сауда мен валюта қатынастарына монополияны болдырмау, өнеркәсіптерді мемлекет меншігін алу сияқты маңызды қадамдардың бәрінің нәтижесі Ресей Федерациясының бюджет жүйесі мен құрылымын принципиалды түрде өзгертті.

Осылайша бүгінде Ресей Федерациясының бюджет жүйесі жоғарыда аталып кеткендей, үш деңгейлі:

Бірінші деңгей - Ресей Федерациясының федералды бюджеті мен мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар бюджеті;

Екінші деңгей - Ресей Федерациясының субъектілер бюджеті және аумақтық мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар бюджеттері;

Үшінші деңгей - жергілікті бюджеттер.

Ескере кететін бір жәйт, Ресей Федерациясының БК - сі қабылданғанға дейін бюджеттен тыс қорлар қаржы жүйесінің элементі болып саналып, бюджет жүйесінің құрамына кірмейтін.

Ресей Федерациясының бюджет заңдылығы бойынша осы бюджеттер жиынтығы - жиынтық немесе құрама бюджет деп аталады.

Федералды бюджет - федералды жиналыс арқылы бекітілген мемелекеттің басты қаржы жоспары. Федералды бюджет ұлттық табыс пен ЖҰӨ - ді қайта бөлудің басты құрамы болып саналады, ол арқылы елді экономикалық дамытуды реттеу мен мемлекеттің әлеуметтік саясатын жүзеге асыруға қажетті қаржы ресурстары жұмылдырылады.

Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар - федералды бюджеттен тыс қалыптасқан және қолданылатын ақша қаоажаттарының қорлары. Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар азаматтардың мынадай конституциялық құқықтарын, яғни зейнетақымен қамтамасыз ету, әлеуметтік сақтандыру, жұмыссыздық жағдайына әлеуметтік қамсыздандыру, денсаулықты қорғау және медициналық көмек көрсету сияқты құқықтарын жүзеге асыру үшін бағытталған және олар қатаң мақсатты түрде жұмсалады.

Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар, негізінен, міндетті аударымдар есебінен құралады.

Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар бюджетінің орындалуы Ресей Федерациясының жүзеге асырылады.

Ресей Федерациясының Бюджет Кодексіне сәйкес мемлекеттік тыс қорлар қатарына мыналар кіреді:

  • Ресей Федерациясының зейнетақы қоры;
  • Ресей Федерациясының әлеуметтік сақтандыру қоры;
  • Федералды міндетті медициналық сақтандыру қоры;
  • Ресей Федерациясының халықты еңбекпен қамту қоры;
  • Ресей Федерациясының жол қоры;
  • Ресей Федерациясының экономикалық қоры;
  • Мемлекеттік қылмысқа қарсы күрес қоры;
  • Ресей Федерациясының шекара қызметін дамыту қоры;
  • Ресей Федерациясының атом энергиясы министрлігінің қоры;
  • Ресей Федерациясының кеден жұмысын дамыту қоры;

Ал, мемлекеттік салық қызметінің федералды қоры жаңа заңдылық бойынша мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар құрам құрамына кірмейді. Оған себеп, бүгінгі таңда көптеген мақсатты қорлардың қаражаттары бюджетке жинақталып, ал қорлардың өздері өз дербестіктерін жоғалтуда.

Осылайша, Ресей тыс қорлары жүйесіндегі реформалау екі бағытта жүріп жатыр: кейбір бюджеттен тыс қорлар өз дербестіктерін жоғалтып, олардың қаражаттары бюджет құрамына енгізіліп, ал қорлардың өздері қаржы органдарының құрамына берілуде; енді біреулері болса, өздерінің заңды дербестіктерін сақтап қалса да Ресей Федерациясының бюджет жүйесінің құрамына кірде.

Осылайша мемлекет қолындағы қалып ресурстарын орталықтандыру процесі қызу қарқынмен жалғасуда.

2. 4 Ресейдің салық жүйесі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ресейдің негізгі әлеуметтік – экономикалық көрсеткіштері
Ресейдің қаржы жүйесі
Ресей Федерациясының экономикалық қоры
САЛЫҚТАРДЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ САЛЫҚ САЛУ
Аудиторлық бақылау
Қаржы рыногінің қалыптасуы: ахуалы,мүмкіндіктері, жағдайлары
Шаруашылық қызметінің аудиті
Жергілікті бюджетті реттеу мәселелерін талдау
Экономиканы мемлекеттік реттеудегі фискальдық саясат және оның рөлі
Алдыңғы қатарлы мемлекеттердегі қаржылық бақылаудың ұйымдастырылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz