Туынды бағалы қағаздар нарығы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті

"Қаржы және банк ісі"кафедрасы

Тақырыбы: Туынды бағалы қағаздар нарығы

Орындаған: ДулятовР. П.

УА 304 топ

Тексерген : Малаева Р. А.

Алматы 2007ж

Жоспар

Кіріспе

1. Бағалы қағаздардың түрлері

2. Туынды бағалы қағаздар

Қорытынды

- Пайдаланылған ақпараттар көзі

- Пайдаланылған ақпараттар көзі

1. Қазақстан Ұлттық энциклопедиясы \ Бас ред. Б. Аяған -

Алматы: "Қазақ энцоклопедиясының" Бас редакциясы, 2004. - 696 бет.

3. Смағұлова Р.

Қаржы нарқы: Оқулық. - Алматы: Қазұлтагру, 2001

4. Құлпыбаев С., Баязитова Ш., Баязитова А.

Қаржы теориясы: Оқу құралы. - Алматы, "Мерей", 176 бет, 2001.

5. Құлпыбаев С. Және басқалары. Қаржы теориясы. Оқу құралы. - Алматы: Мерей, 2001. - 176 бет.

6. Ілиясов Қ. Қ., Құлпыбаев С. Оқулық. - Алматы

Кіріспе

Бағалы қағаздар нарығы - шаруашылық жүргізуші субъектілерн мен мемелекеттің шығарған бағалы қағаздардың сан алуан түрлері сатылған және сатып алынатын қаржы рыногының бөлігі. Бұл рыноктың жұмыс істеуі көптеген экономикалық, әсіресе инвестициялық процестерді реттеп, олардың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұған осы рыноктың қор құрылымдарының - бағалы қағаздардың және өзге де активтердің сан алуандығымен қол жетеді. Бағалы қағаздар нарығы экономикалық барлық субъектілерінің өздеріне қажетті ақша ресурстарын алуына кең мүмкіндіктер жасайды және алудың жеңілдетеді. Ол нарықтық экономикадағы көптеген стихиялық түрде өтіп жатқан процестердің реттушісі болып табылады. Бұл әсіресе күрделі жұмсалымдарды инвестициялау процесіне қатысты. Бағалы қағаздардың айналымға түсу уақыты мен әдісіне қарай олардың нарығы бастапқы және қайталама болып бөлінеді. Бастапқы нарықта бағалы қағаздардың бастапқы иеленушілерінің жаңа шығарылған бағалы қағаздары сатылады; қайталама нарықта бағалы қағаздардың айыналысы, яғни олардың иелерінің ауысуы болады. Бағалы қағаздардың номиналдық, эмиссиялық және нарықтық бағасы болады. Қайталама нарық екі бөліктен тұрады: ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығы - мәмілелер сауда - саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарына сәйкес жүзеге асырылатын эмиссиялық бағалы қағаздар мен өзге де қаржы құралдарының айналыс сферасы және ұйымдастырылмаған бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелер қаржы құралдарымен сауда - саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарында мәміле объектісіне және оның қатысушыларына белгіленген талаптар сақталмай жүзеге асырылатын сферасы.

Бағалы қағаздар түрлері бойынша : акциялар, облигациялар, және т. б. нарығы; эмитенттер бойынша: кәсіпорындардың бағалы қағаздар нарығы, мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы, аумақтық критерийі бойынша; ұлттық, халықаралық, аймақтық; мезгілдері бойынша: қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді бағалы қағаздардың нарығы; мәмілелердің түрлері бойынша: кассалық, форвардтық және т. с. с. ; салалық критерийі бойынша.

Нарықтық қатынастардың серпінді даму кезеңі Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссиясы құрылған 1995 жылдан басталады. 1995 жылдың 19 сәуірінен бастап жаңартылған Қазақстан «таза» қор биржасы - Орталық Азия қор бирдасы (ОАҚБ) жұмыс істей бастады. 1995 жылдың 21 сәуірінде «Бағалы қағаздар және қор биржасы» туралы Қазақстан Республикасының заңы бекітілді. Қазақстанда бағалы қағаздар нарығы құқықтық реттеуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасында Мемлекеттік бағалы қағаздарды қалыптастырудың және дамудың бағдарламасы әзірленді. «Қазақстан Республикасының мемлекттік қарызыцның ұлттық жинақ облигацияларын шығару, айналысы және өтеу шарттары туралы қағидалар» әзірленіп, бекітілді. 1997 жылдың басынан Қазақстан Республикасының Парламенті бағалы қағаздарды реттейтін үш заң қабылдады: «Бағалы қағаздар нарығы туралы», «Бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді тіреку туралы», «Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қорлар туралы» заңдар.

  1. Бағалы қағаздардың түрлері

Бағалы қағаздар нарық шаруашылығы жүйесінде ақшаны жұмылдыру, жұмсау және айырбастау процесіндегі ыңғайлы әрі тиімді құрал рөлін атқарады. Халыққа белгілі бір кәсіпорынның табыстарына ортақтасуға мүмкндік бере отырып, бағалы қағаздар іскерлік белсенділікті арттыра түседі және ұлттық байлықты басқаруды жеңілдетеді.

Бағалы қағаздардың айналысқа шығарылуы әдетте нақтылы шаруашылық келісімшарттарға негізделеді.

Бағалы қағаздар бойынша олардың иелеріне дивиденттер немесе пайыздар түрінде табыстар төлеу, сондай - ақ бұл құжаттардан туындайтын ақшалай немесе өзге құықтарды басқа тұлғалармен беру мүмкіндігі қарастырылады.

Бағалы қағаздар құжатсыз бағалы қағаздар және қағассыз бағалы қағаздар болып бөлінеді. Құжатсыз бағалы қағаздардың өмір сүруінің классикалық нысаны - қағаз нысаны, бұл нысанда бағалы қағаз құжат түрінде өмір сүреді. Бағалы қағаздар нарығының дамуы бағалы қағаздардың көптеген түрлерінің, ең алдымен эмиссиялық бағалы қағаздардың тіршіліктің құжатсыз нысанына көшуді қажет етеді.

Инвестициялық (капиталдық) бағалы қағаздар - капиталды жұмсаудың объектісі болып табылатын бағалы қағаздар (акция, облигация, фьючерлік өзара шарттар және басқалары) .

Инвестициялық емес бағалы қағаздар - бұл тауар немесе басқа нарықтарды ақшалай есеп - қисаптарға қызмет көрсететін ағалы қағаздар.

Эмитенттің құқықтық мәртебесін, инвестициялық және кредиттік тәуекелдердің дәрежесін, инвесторлардың мүддесін қорғау кепілдіктерін және басқа факторларды ескере отырып қорбағалы қағаздары үш топқа бөлінеді: мемлекеттік, муниципалдық және мемлекеттік емес.

Мемлекеттік емес бағалы қағаздар - корпоративтік және жекеше қаржы интитуттарының қағаздары болып келеді. Корпоративтік бағалы қағаздар болып кәсіпорындардың, ұйымдардың, банктердің борышқорлық міндеттемелері мен акциялары қызмет етеді.

Мемлекеттік бағалы қағаздар - бұл мемлекеттік ішкі борыштың болуының нысаны; эмитенті мемлекет болатын борышқорлық бағалы қағаздар. Мемлекеттік бағалы қағаздардың арасында көп тараған қазынашылық векселдер мен міндеттемелер, мемлекеттік және жинақтық қарыздардың облигациялары.

Муниципалдық бағалы қағаздарға биліктің жергілікті органдарының борышқорлық міндеттемелері жатады.

Бағалы қағаздардың түрлері сан алуан: ақшалай бағалы қағаздарға акциялар, облигациялар, векселдер, ақша чектері жатады. Иеленушілеріне заттық құқықтарды, меншік құқықтарын бекітіп беретін тауарлай бағалы қағаздарға коносаменттер, қойма куәліктері жатады. Бағалы қағаздарға банк кредитін алғандығын растайтын құжаттар, борышқорлық қолхаттар, өсиетхат (өсиетнама), лотерея билеттері, сақтық полистері жатпайды.

Вексель - қарызгер несиегерге беретін және несиелерге қарызгерден белгіленген мерзімде векселде көрсетілген соманы таоап етуіне даусыз құқық беретін, заңмен қатаң түрде белгіленген нысандағы жазбаша борышқорлық міндеттеме. Вексель есеп айырысудың нысаны: өнім немесе қызметтер үшін векселмен есептесе отырып, кәсіпкер вексель берілген уақыт ішінде банктегі есеп айырысу шотындағы өзінің ақшаларын шығын қылмайды. Ал бұл мәміле жөніндегі әріптес векселде көрсетілген сомада және мерзімге оған коммерциялық несие береді дегенді білдіреді.

Егер бағалы қағаздар кейін салынған ақшалай сомаларды қайтара отырып шектеулі мерзімге шығарылса, онда олар борышқорлық б. т. Бұлар облигациялар, банк сертификаттары, векселдер және басқалары. Иеленушілік бағалы қағаздар тиісті активтерге меншік құқығын береді. Бұлар акциялар, варранттар, коносаменттер және басқалары.

Қазіргі дүниежүзілік практикада бағалы қағаздар негізгі және туынды болып бөлінеді.

«Бағалы қағаздар нарығы туралы» заңда туынды бағалы қағаздар осы қағаздардың барлық активке қатынасы бойынша құқықтарды куәландыратын бағалы қағаздар делінген. Туынды бағалы қағаздарға фьючерстер, опциондар, форвардтар, варранттар, своптар, споттар, депозитарийлік куәліктер, жазылыс құқықтары және басқалары жатады. Негізгі бағалы қағаздарға акциялар мен облигациялар жатады.

Туынды бағалы қағаздар нарықта айналыста жүрген корпорациялық бағалы қағаздардың тізбесін аяқтады.

Туынды бағалы қағаздарды пайдалану белгілі бір қажеттіліктерге: қаржы және баға тәуекелдіктерін сақтандыруға (хеджерлеуге), өтімділіктің артуына, қарыз алу құнының төмендеуіне, қажетті нарыққы шығу мүмкіндігін алуға байланысты.

Сөйтіп, бағалы қағаздар - бұл шаруашылық қызметте пайдалануға арналған құжаттардың үлкен саналуандығы. Сонымен бірге олар өздеріне тән ортақ белгімен олрады тұлғаланған мүліктік құқықты өткізу үшін оларды ұсынудың қажеттігімен біріктіріледі.

Бағалы қағаздар ұсынбалы, ордерлік және атаулы болуы мүмкін. Атаулы бағалы қағазбен куәландырылған құқықтар онда аталған адамға тиесілі болады. Ұсынбалы бағалы қағазбен куәландырылған құқықтар бағалы қағазды ұсынушыға тиесілі болады. Ордерлік бағалы қағазбен куәландырылған құқықтар онда аталған адамға тиесілі болады.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында айналыста мемлекеттік, корпорациялық және басқа (фьючестер, опциондар, варранттар, коносаменттер және т. б. ) бағалы қағаздар жүр.

Бағалы қағаздардың арасында ақшаға да, мүлікке де құқықтар беретін акциялар ерекше орын алады.

Акция - акционерлік қоғам шығаратын және бағалы қағаздың түрі мен санатына байланысты дивиденд алуға, қоғамды басқаруға қатысуға және қоғам таратылған жағдайда оның қалған мүлікінің бір бөлігін акционерледің алу құқығын куәландыратын бағалы қағаз.

Қазақстанның практикасында еңбек ұжымының акциялары, кәсіпорындардың акциялары және қазіргі кезде акционерлік қоғамдардың акциялары қолданылады. Алғашқы екі түр сөздің тура мағынасында акциялар болып табылады. Бұл қызметкерлерлің жинақ ақшасының және кәсіпорындардың бос ақшаларының өз кәсіпорынының немесе басқа кәсіпорындарының мүлкіне қатысудың өзгеше нысаны.

Облигациялар - ұстаушысына (иесіне) оның белгіленген құнының тіркелген пайызы түрінде табыс түсіретін бағалы қағаз; мемлекет немесе кәсіпорын ішкі қарыз шығару кезінде белгілі бір шарттар негізінде беретін борыштық міндеттеме; жалған капитал нысандарының бірі. Облигация өзінің ұстаушысына облигацияның нақтылы құнының онда көрсетілген сыйақыны не өзге де мүліктік құқықты алуына құқық береді. Облигацияның нақтылы құны - облигация құнының ол шығарылған кезде белгіленген, купондық облигация бойынша пайызбен көрсетілген сыйақы есептелетін ақшалай тұлғасы, сондай - ақ облигацияны өтеген кезде оны ұстаушыға төленуге тиісті сома. Облигациялар, сөйтіп, олардың иелері (несиегерлер) мен бұл құжаттарды шығарған мекемелер, ұйымдар (борышқорлар) арасындағы қарыз қатынастарын растайды.

2. Туынды бағалы қағаздар

Бағалы қағаздардың өзінен басқа дамыған экономикалық жүйелердің қаржы нарығында нақтылы бағалы қағаздарды, валютаны, басқа құндылықтарды сатып алуға және сатуға олардың иелерінің құқығын куәландыратын туынды қаржы құралдары (деривативтер) деп аталатындар: фьючерстік және опциондық өзара шарттар, валюталық және пайыздық своптар, жазылыс құқықтары, депозитарийлік куәліктер, биржа индекстері бойынша опциондар мен фьючерстер және бірқатар басқалары пайдаланылады. Фьючерстік операциялар - биржалардағы мерзімдік мәмілелер, олрадың мәнісі қаржы және кредит құралдарын шикізат тауарларын, алтынды, валютаны мәміле жасау сәтінде тіркелетін бағамен сатып алуда және сатуда, бұл орайда операциялар белгілі бір уақыт аралығында (2 - 3 жылға дейін) орындалады. Своптар кезінде шұғыл жеткізілім шартымен («спот» мәмілесі) қайсыбір активті - қор құндылықтарын, валютаны, басқа заттарды тауарларды сатып алу (сату) жөніндегі мәмілелер жасалады, бұл орайда сонымен бірге белгілі бір мерзімге кері мәміле жасалады. «Своп» операцияларының алуан түрлері бар, олар: валюталық, пайыздық, борыштық, алтынмен байланысты және басқа операциялар. Опциондарда мерзімдік биржа мәмілелеріне негізілген шарт бойынша тараптардың біріне мәміленің бірін - бірі жоққа шығаратын жекелеген шарттардың бірін таңдау немесе оның бастапқы шарттарын өзгерту құқығы беріледі. Жазылыс құқықтары - болған акционерлерге компания акциясының жаңа шығарылымын бастапқы нарықта олар орналастырылатын бағалардан неғұрылым төмен бағалар бойынша сатып алуға құқық беретін бағалы қағаз. Депозитарийлік куәлік - бұл түрлі компаниялар акцияларының

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы
Нарықтық экономикада бағалы қағаздардың алатын орны
Қаржы нарығы жайлы
Акция нарығының негізгі көрсеткіштері
Бағалы қағаздардың негізгі және туынды түрлері
Бағалы қағаздар нарығы пәні бойынша Білім алушылардың оқытушылармен өзіндік жұмысты орындаудың ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЫ
Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы
Бағалы қағаздар нарығының негізі
Бағалы қағаздар нарығы туралы ақпарат
Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының даму деңгейі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz