Банк клиенттерінің несиеқабілетігін бағалайтын қаржылық коэффициенттер


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

Кіріспе . . . 3

  1. Шағын кәсіпорындардың төлем қабілеттілігін бағалау . . . 4
  2. Іскерлік тәуекелділікті талдау клиенттің төлемқабілеттігін бағалау әдісі ретінде . . . 5
  3. Банк клиенттерінің несиеқабілеттігін бағалайтын қаржылық коэффициенттер . . . 7

Қорытынды . . . 10

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 12

КІРІСПЕ

Жас егеменді Қазақстанның бірінші күннен құрылуынан бастап шағын бизнеске экономиканы қалыптасырудағы ең бір бастапқы рөлі беріледі, ал шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамытуды заңды түрде мемлекеттік экономикалық саясаттың приоритеттік сферасы ретінде танылған. Кәсіпкерлік табиғи жолмен құрылған ал, кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың түрлері мен әдістері ұзақ мерзімді әлеуметті-экономикалық реформаларды жүргізу барысында жетілдірілген экономикалық турғыдан дамыған елдерге қарағанда Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті дамыту тарихы он жылмен ғана саналады. Бұл мерзім ішінде кәсіпкерлікті дамыту мен қолдаудағы мемлекеттік бағдарламалардың төртеуі қабылданып іске асырылды. Қазақстанда бұл сала қоғамның әлеуметтік және экономикалық дамуына әсері үлкен болмағанымен, шағын кәсіпкерлік іскер өмірдің ажырамас бөлігі болды. Өндірісі дамыған Батыс Еуроппа, Америка және Оңтүстік-Шығыс, Азия елдерінде кәсіпкерліктің үлесіне ішкі жалпы өнімнің жартысынан көбі келеді. Шағын бизнес - нарықтық экономикада экономикалық өсу қарқын, жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) құрылымы мен сапасын анықтайтын жетекші сектор болып табылады. Барлық дамыған елдерде шағын бизнестің үлесіне жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) 60 - 70% келеді. Әлемдік тәжірибенің көрсетуінше, кез - келген елдің экономикасында ірі өнеркәсіптермен бірге елдің экономикаының нақты секторының негізгі сегменті болып табылатын шығын кәсіпкерлік табысты да жемісті жұмыс істеп келеді. Экономиканың белсенді факторының қайнар көзі ретінде шағын бизнестің рөлі көптеген дамыған елдердің экономикасында қолдау тапқан. Өйткені, шағын бизнестің үлесі жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) өндірілген көлемінде орташа есеппен 50 - 60%-дан жоғарғы бөлігін құрайды. АҚШ, Жапония, Германия, Франция, Ұлыбритания секілді көптеген елдерде кәсіпорынның сандары жағынан 99, 3 -99, 7% -ның басым үлесін шағын және орта кәсіпкерлек деп аталатындар құрайды. Олар басқаларының ішінен жұмыспен қамтамасыз ету саны жағынан (мысалы, 500-ден кем емес адамдар) немесе негізгі қордың мөлшері жағынан көзге түседі. Шағын бизнестің өндірістегі үлесі өндірілетін өнімдердің жартысынан дерлік өндіреді. Дағдыдағыдай, мұндай кәсіпорындар үнемі жұмыс орны қысқартылып жататын ірі өнеркәсіптерге қарағанда жаңа жұмыс орнымен қамтамасыз етудің 75 - 80% береді.

1. Шағын кәсіпорындардың төлем қабілеттілігін бағалау

Шағын кәсіпорындардың несие қабілеттігін бағалау ірі және орта кәсіпорындардың қарызды өтеу мүмкіндігін анықтаумен бірдей. Яғни несиеқабілеттігінің қаржылық көрсеткіштерінің, ақша ағымының талдау мен іскерлік тәуекелділікті бағалау негізінде жүргізіледі.

Алайда банктердің қаржылық коэффициенттерін және ақшалай қолдану сол кәсіпорындардың қаржылық есеп берулерінің жағдайларының сәйкессіздігіне байланысты қиын жағдай туғызуы мүмкін. Көбінесе шағын кәсіпкерлік субъектілерінде лизензияланған бухгалтерінің болмайды. Сонымен қатар шағын кәсіпорындардың аудиторлық тексерулер жүргізулерін кеткен шығындар банкке тиым салынған. Сондақтан қарыз берушінің аудиторлық есеп беруін растауы жоқ болады. Осы сеьептерге баланысты банк шағын кәсіпкерлерге несие беру кезінде көбінесе қарыз алушының төлем қабілеттігін оның қаржылық есептілігіне емес, клиенттің бизнесімен жеке танысуына сүйенеді. Сонғысына яғни клиентпен жеке сұхбаттасу, оның кәсіпорынына жиі бару жатады.

Шағын кәсіпорынның басқарушыларымен жеке сұхбат жүргізу кезінде ссуданың мақсаты, қарыздың өтелу мерзімі мен қайтарылу көздері анықталады. Клиент банкке несиелік қорлардың белгілі мерзім ішінде төмендеуін, ал несиелік шығындар дайын өнім құнына аударылатынын дәлелдеуі тиіс. Банк кәсіпорындарға жиі барып тұру мақсатында тек қана банкке жақын фирмаларға несие береді.

Шағын кәсіпорындардың тағы бір ерекшелігі - оның басқарушылары мен қызметкерлері көбінесе бір отбасының мүшелері немесе бір-біріне туысқан болып келеді. Сол себептен кәсіпорын иесінің жеке капиталы мен кәсіпорынның капиталы араласу мүмкіндігі жоғары. Осыдан келе шағын кәсіпорындар мен банк арасындағы несе қатынастарының келесі ерекшелігі туындайды: несиені өтеу оның басқарушысымен кепілдендіріледі, дәлірек айтканда оның мүлігіен. Осыған орай шағын кәсіпорынның төлем қабілеттілігін бағалағанда оның иесінің қаржылық жағдайы ескеріледі.

Жеке каржылық есептілік нысанында жеке тұлғаның активтері мне пассивтері туралы мәлеметтер көрсетіледі. Осы кезде орналастырылған активтер мен камсыздандырылған пассивтер көрсетіледі. Активтерге қолма-қол ақша қаражаттары, акциялар, облигациялар, туысқандардың, жолдастардың және басқа да тұлғлардың дебиторлық қарыздары, жылжымайтын мүлік жатады. Пассивтерге банктік қарыздар, шоттор мен салықтар бойынша борыштар, кепілдікке қойылған мүліктің құны, келісім, несие, сақтандыру төлемдерінен құралады. Толығырақ талдау жүргізу мақсатында активтер мен пассивтердің жекелеген түрлеріне түсіндірме жүргізіледі.

Осыған орай банктің шағын кәсіпорынның несие қабілеттігін бағалау жүйесі келесідей элементтерден тұрады:

  1. Іскерлік тәуекелділікті бағалау;
  2. Клиенттің жұмысына бақылау жасау;
  3. Банк қызметкерінің кәсіпорынның иесімен жеке сұхбат жүргізу;
  4. Кәсіпорын иесінің жеке қаржылық жағдайына баға беру.

2. Іскерлік тәуекелділікті талдау клиенттің несиеқабілеттілігін бағалау әдісі ретінде.

Іскерлік тәуекел - бұл қарыз алушының қорларының айналымдығы жоспарланған мерзімде және жоспарланған нәтижемен аяқталмаумен байланысты тәуекел. Ұдайы өндірістің жекелеген кезеңдерінде қызметтің тоқтаталуы немесе үзілуі іскерлік тәуекелдің факторлары болып табылады. Іскерлік белсенділік факторларын ұдайы өндіріс кезеңдерімен топтастыруға болады.

І кезең - қорларды қалыптастыру.

  • жабдықтаушылардың саны мен олардың сенімділігі;
  • қоймалардың сапасы мен қуаттылығы;
  • жүктің тасымалдау әдісіне сай болуы;
  • қарыз алушы үшін шикізат пен оның тасмалдану бағаларының тиімділігі;
  • сатып алушы мен шикізат және басқа да материалдарды өндірушілер арасындағы делдалдардың саны.
  • жабдықтаушының орналасуы;
  • экономикалық факторлар;
  • сатып алынатын шикізат пен басқа да құндылықтарға деген сұраныс;
  • валюталық тәуекел факторлары;
  • ипортталатын шикізатқа тиым салулардың енгізілу қаупі.

ІІ кезең - өндіру кезеңі.

  • жұмыс күшінің бар болуы мен мамандануы;
  • құралдардың қуаттылығы мен қызмет ету мерзімі;
  • құралдардың жұмыс белсенділігі;
  • өндірістік ғимараттардың жай-күйі;

ІІІ кезең - өнімді өткізу кезеңі.

  • сатып алушылардың саны мен олардың төлем қабілеттілігі;
  • дебитрлардың әртаратандырылуы;
  • сатып алушылардың төлемеулерінен қорғалу деңгейі;
  • несиеленетін дайын өнім мінезіне қарай базалық салаға қарыз алушының қатыстылығы;
  • саладағы бәсекелестік деңгейі;
  • несиеленетін дайын өнімнің бағасына салт-дәстурлер мен талғамның, саяси жағдайлардың әсер етуі;
  • демографиялық факторлар;
  • валюталық тәукелділіктің факторлары.

Сонымен қатар өткізу кезеңіндегі тәуекелділік факторлары бірінші және екінші кезең факторларымен қатар жүруі мүмкін. Сондықтан өткізу стадисында іскерлік тәуекелділіктің деңгейі, қорларды қалыптастыру немесе өндірістік кезеңге қарағанда жоғары болады.

Мысалы (1-кесте)

Іскерлік тәуекелділіктің критериі
Баллдар
Іскерлік тәуекелділіктің критериі:

І. Жабдықтаушылардың саны:

үштен артық

екеу

бір

ІІ. Жабдықтаушылардың сенімділігі

барлық жабдықтаушылардың жақсы атаққа ие

жабдықтаушылардың көбісі іскерлік серіктес ретінде сенімді

жабдықтаушылардың негізгі бөлігі сенімді

ІІІ. Жүкті тасымалдау

қаланың ішінде, сақтандыру полисі бар және тасымалдау түрі тауарға сәйкес

жабдықтаушы сатып алушыдан бөлек орналасқан, сақтандыру полисі бар, тасымалдау тауарға сәйкес;

жабдықтаушы сатып алушыдан алыс орналасқан, тасымалдау тауардың бір бөлігін жоғалтуға немесе сапасын төмендету мүмкіндігі бар, сақтандыру полисі бар

жабдықтаушы қаланың ішінде орналасқан, тасымалдау тауарға сәйкес емес, сақтандыру полисі жоқ және т. с. с.

ІІІ. Жүкті қоймаға орналастыру

Қарыз алушының өз қоймалары бар немесе қоймалар қажет емес жағдайда

Қоймалар жалға алыған болса

Қоймалар қажет, бірақ іскерлік тәуекелділікті бағалау кезінде болмаған жағдайда

және т. с. с

Баллдар:

10

5

1

5

3

0

10

8

6

4

5

3

0

Экономикалық тұрақсыздық жағдайында іскерлік белсенділікті талдау қаржылық коэффициенттердің негізінде жасалған талдауға қосымша бағалау болып табылады және клиенттің төлем қаюілеттігін толығымен бағалауға мүмкіндік береді. Қаржылық коэффициенттік талдау өткен есептік кезеңдегі орташа нақты мәліметтер негізінде есептеледі.

Іскерлік белсенділіктің аталған факторлары банктің несиелік мілемдемелердің стандарртты нысанын жасауда, ссуданы берудің техникалық-экономикалық негізін дауындауда ескеріледі.

Коммерциялық банк іскерлік белсенділікті скоринг негізінде нысандалып өткізіледі. Скоринг клиенттердің “өткен” несиелік тарихынан банк клиенттің несиені уақытында қайтара алу мүмкіндігін бағалай алады, ол математикалық және статистикалық модельден тұрады.

Скоринг кезінде несиелік белсенділіктің әрбір факторы баллмен есептеледі. Неғұрлым балл жоғары болса, соғұрлым клиенттің несиені қайтару қабілеті жоғары деп есетеледі.

3. Банк клиенттерінің несиеқабілетігін бағалайтын қаржылық коэффициенттер.

Шетелдік және қазақстандық банкіілк тәжирибеде қарыз алушының несиеқабілеттігін бағалайтын түрлі қаржылық коэффициенттер қолданады. Оның түрлері банкттің кленттерінің ерекшелігімен, банктің несиелік саясатымен анықталады. Қолданылатын барлық коэффициенттер бес топқа бөлінеді;

І - өтімділік коэффициенттері;

ІІ - тиімділік және айналымдылық коэффициенттері;

ІІІ - қаржылық левераж коэффициенттері;

ІV - пайдалылық коэффициенттері;

V - қарызды қызмет көрсету коэффициенттері.

Аталған топтарға кіретін несиеқабілеттілік көрсеткіштері көптеген түрлілікпен ерекшелене алады. Мысал ретінде келесі жүйені көрсетуге болады (2-кесте) .

2-кесте.

Көрсеткіштер

Нормативтік

деңгейлер*

Көрсеткіштер:
  1. Өтімділік коэффициенттері:

- ағымдағы өтімділік коэффициенттері

- жедел өтімділік коэффициенттері

  1. Тиімділік (айналымдылық) коэффициенттері:

- қорлардың айналымдығы

- дебиторлық қарыздардың айналымдылығы

- негізгі құралдардың айналымдылығы

- активтердің айналымдылығы

  1. Қаржылық лавераж коэффициенттері:

- қарыздық міндеттемелер (қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді) мен активтердің ара қатынасы

- барлық қарыздық міндеттемелер мен өзіндік капиталдың ара қатынасы

- барлық қарыздық міндеттемелер мен акционерлік капиталдың ара қатынасы

- барлық қарыздық міндеттемелер мен материалды акционерлік капиталдың (акционерлік капитал - материалды емес активтер) ара қатынасы

- ұзақ мерзімді қарыздар мен қаржылық (негізгі) активтердің ара қатынасы

- өзіндік капитал мен активтердің ара қатынасы

- айналым капиталы мен ағымдағы активтердің ара қатынасы

4. Пайдалылық коэффициенттері:

- пайдалылық нормасы коэффициенттері

- рентабельділік коэффициенттері

- акцияға шаққан пайдалылық нормасы коэффициенттері

5. Қарызды қызмет көрсету коэффициенттері:

- пайызды жабу коэффициенттері

- бекітілген төлемдерді жабу коэффициенттері

* Түрлі кезеңдерде Әлемдік банктің мамандарымен ұсынылған

Нормативтікдеңгейлер*:

2, 0 - 1, 25

0, 25 - 0, 6

0, 66 - 2, 0

0, 5 - 1, 5

7, 0 - 2, 0

Ағымдағы өтімділік коэффициенттері (Каө ) , қарыз алушының өзінің қарыздық міндеттемелерін төлей алу мүмкіндігін көрсетеді.

Көа = Ағымдағы активтер / ағымдағы пассивтер.

Ағымдағы өтімділік ағымдағы өтімділік коэффициенті клиенттің түрлі формадағы қолындағы ағымдағы активтері (ақша қаражаттары, мерзімі қысқа нетто дебиторлық қарыздары, тауарлы-материалды құндылықтар мен басқа да активтердің құны) мен ағымдағы пассивтер, яғни қысқа мерзімді міндеттемелер (ссудалар, жабдықтаушыларға қарыз, вексель бойынша, бюджет, қызметкерлер мен жұмысшыларға міндеттемелер) салыстыруға негізделеді. Егер қарыздық міндеттемелер клиенттің қаражатынан көп болса, ол несиеқабілетсіз деп танылады. Осыдан коэффициенттің көрсетілген нормативтік деңгейлері пайда болады. Коэффициент 1-ден кем болмауы тиіс.

Жедел өтімділік коэффициенттері (Кжө) , басқа мағынаға ие. Ол келесідей түрмен есептеледі:

Кжө = Өтімді активтер / Ағымдағы пассивтер.

Өтімді активтер ол қарызды өтеуге дайын, қолма-қол ақшаға тез айналатын пассивтер бөлігі болып табылады. Дүниежүзілік банкілік тәжірибеде өтімді активтерге ақша қаражаттары мен дебиторлық қарыздар жатады, ал ресейде - тез өткізілетін қорлардың бөлігі жатады.

Жедел өтімділік коэффициенті қарыз алушының банк қарызын өтеу мақсатында айналымнан қаражаттарды тез арада босатып алу мүмкіндігін көрсетеді.

Тиімділік (айналымдылық) коэффициенттері бірінші коэффициенттер тобын толықтырады және дәйектелген қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Мысалы, егер өтімділік көрсеткіштері дебиторлық қарыздың және қорлардың құнының көбеюінен өсетін болса, бұл жағдайда қарыз алушының несиеқабілік деңгейі жоғарылады деп айтуға болмайды.

Тиімділік коэффициенттерінің тобына келесілер кіреді:

  • қорлардың айналымдылығы

а) қорлардың орташа қалдықтары / сатудан түскен бір күндік түсім = айналымның ұзақтығы (күн) ;

б) сатудан түскен түсім кезең бойынша / қорлардың орташа қалдықтары = кезеңдегі айналымдардың саны;

  • дебиторлық қарыздың айналымдылығы (күндік есеппен) :

Дебиторлық қарыздардың орташа қалдықтары / сатудын түскен бір күндік түсімні;

  • негізгі капиталдың (бекітілген активтер) айналымдылығы:

Сатудан түскен түсім / негізгі құралдардың орташа қалдық құны;

  • активтердің айналымдылығы:

Сатудан түскен түсім / активтердің орташа құны.

Қаржылық лавераж көрсеткіштері қарыз алушының өзіндік капиталмен қамтамасыз етілу деңдейін көрсетеді. 2-кестеде көрсетілгендей есептеу нұсқаулары түрлі бола алады, бірақ есептеулердің экономикалық мағынасы бірдей: меншікті капиталдың мөлшерін анықтау және қарыз алушының тартылған қаражаттардан тәуелділік деңгейі. Өтімділік коэффициенттеріне қарағанда, қаржылық лаверажды есептегенде клиенттің мерзіміне қарамастан барлық қарыздық міндеттемелері есептеледі. Неғұрлым тартылған қаражаттардың (қысқва мерзімді және ұзақ мерзімді) үлесі меншікті капиталдан жоғары болса, соғұрлым клиенттің несиеқабілеттілік деңгейі төмен деп есептеледі. Алайда, соңғы қорытындыға пайдалылық коэффициентін есептеу арқылы келуге болады.

Пайдалылық коэффициенті барлық капиталдың тиімді қолданылуын сипаттайды, оның ішінде капиталдың сырттан тартылған бөлігі. Бұл коэффициенттің келесідей түрлері бар:

  • пайдалылық нормасының коэффициенттері

а) пайыз бен салықты төлегенге дейінгі жалпы пайда / сатудан түсім;

ә) таза операциялық пайда (пайыз төленіп, салық төленбегенге дейін) / сатудан түсім;

б) пайыз бен салықты төлегеннен кейінгі таза пайда / сатудан түсім.

  • рентабельділік коэффициенттері:

а) пайыз бен салықты төлегенге дейінгі пайда / активтер және меншікті капитал;

ә) пайыз төленіп, салық төленбегенге дейінгі пайда / активтер және меншікті капитал;

б) пайыз бен салықты төлегеннен кейінгі таза пайда / активтер және меншікті капитал.

Рентабельділіктің үш түріннің коэффициенттерін салыстыру кәсіпорынның рентабельділігіне пайыз бен салықтардың әсер етуін көрсетеді.

  • акцияға шаққан пайдалылық нормасы коэффициенттері:

а) акцияға шаққан пайда = жай ақцияларға дивидендтер / джай акциялардың орташа саны;

ә) дивидендтік табыс (%) = бір акцияға жылдық дивиденд * 100 / бір акцияның орташа рыноктық бағасы

Егер клиенттің сатудан түскен табысы өссе, активтер мен капиталдың пайдалылығы жоғарыласа, клиенттің рейтингін қаржылық лавераж коэффициенттерінің нашарлауы жағдайында да төмендетпеуге болады.

Қорытынды

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қарыз алушының несие қабілеттілігін бағалаудың экономикалық негізі
Қарыз алушының несие қабілеттілігін бағалау туралы
Банк баланстарын талдау
Банк табыстылығын басқару
Банк клиентінің несие төлеу қабілеттілігі
Қаржылық тәуекел
Банктің қаржылық тұрақтылығын талдаудың теориялық аспекттері
Қарыздар операциялардың құрылымын талдау
«Казкоммерцбанк» АҚ-ның қаржылық экономикалық жағдайын талдау
Коммерциялық банктердің несиелік тәуекелдерді басқару бойынша жұмысын ұйымдарстыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz