Электр аккумуляторы
Жоспар
І. Кіріспе бөлім.
2
ІІ. Негізгі бөлім.
1. Электр аккумуляторы.
3
2. Жылу және бу аккумуляторлары.
4
3. Қышқылдық немесе қорғасын, сілтілік т.б. аккумуляторлар
5
ІІІ. Қорытынды.
8
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер.
9
Кіріспе
Аккумулятор (лат. аccumulator – жинағыш) – кейіннен пайдалану
мақсатынды энергия жинауға арналған құрал.
Қайтымды жұмыс істейтін және соған сәйкес көп рет қолданылатын
гальваникалық элементтерді аккумулятор дейді. Аккумуляторлар жиналған
химиялық энергияны электр энергиясына (разрядталу кезінде), ал зарядталған
кезде электр энергиясын химиялық энергия қорына айналдырады. Сонымен
аккумулятор дегеніміз оны сыртқы тұрақты ток көзі арқылы зарядталған кезде
электр энергиясын химиялқ энергия түрінде жинақтайтын, ал разрядталған
кезде оны электр тогына айналдырып беретін құралды айтады.
Жиналатын энергия түріне байланысты гидравликалық, бу, жылу,
инерциялық, пневматикалық және электр аккумуляторлар болады.
Практикада қолданылатын аса маңызды аккумуляторларға қышқылдық
(қорғасын) және сілтілік (мысалы, темір-никельді, кадмий-никельді, күміс-
мырышты) аккумуляторлар жатады.
Электр аккумуляторы.
Электр аккумуляторы – электр энергисын жинап (химиялық энергияға
айналдыру арқылы), қажет болғанда сыртқы тізбекке бере алатын химиялық ток
көзі. Электр аккумуляторы ішінде электролит (қышқыл не сілті) және
электродтары бар изоляциялық материалдан (эбонит, шыны, пластмасса)
жасалған ыдыстан тұрады. Электродтарын сыртқы тізбекке қосқанда, онда
химиялық энергияны электр энергиясына айналдыратын химиялық процесс жүреді.
Тізбектен электр тогы өтіп, аккумулятор разрядталады. Разрядталған
аккумуляторды басқа тұрақты ток көзіне қосып зарядтайды. Бұл жолы керісінше
электр энергиясын химиялық энергияға түрлендіретін химиялық процесс жүреді.
Сыртқы тізбекке берілетін электр мөлшері (А·сағ) аккумулятордың
сыйымдылығы, ал аккумулятордың 1 кг салмағы не 1 дм3 көлемінен алынатын
энергия мөлшері (Вт·сағ) оның салмақтық немесе көлемдік меншікті энергиясы
деп аталады. Электр аккумуляторы сыйымдылығымен және энергия
қайтымдылығымен (немесе пайдалы әсер коэффициентімен), сондай-ақ зарядтау
және разрядтау кезіндегі токтың орташа кернеуімен (В) де сипатталады.
Сыйымдылық қайтымдылығы деп разрядтық А·сағ-тың зарядтау кезінде алынған
А·сағ-қа қатынасын, энергия қайтымдылығы деп разрядтық энергия мөлшерінің
зарядтау кезінде жиналған энергияға қатынасын айтады.
Электр аккумуляторы стационарлы және тасымал болып бөлінеді.
Стационарлы аккумулятор электр, радио, телефон және телеграф
стационарларында тұрақты ток көзі ретінде, тасымал аккумуляторы көшпелі
қондырғыларда (көшпелі радиоаппаратураларда, автомобильде, самолетте,
электрокарда т.б.) қолданылады. Электр аккумуляторы электролит түріне қарай
қышқылды және сілтілі болып бөлінеді. Кең тарағаны – қорғасынды-қышқылды
электр аккумуляторлары (негізінен стационар қондырғыларда). Оларда
электролит ретінде тығыздығы 1,18-1,29 гсм3 күкріт қышқылының (H2SO4)
ерітіндісі, ал оң электрод ретінде қорғасынның қос тотығы (PbO2), теріс
электрод ретінде металдық қорғасын (Pb) пайдаланылады. Қышқылды аккумулятор
разрядталғанда, мынадай химиялық процесс жүреді:
PbO2 + Pb + 2H2SO4 = 2PbSO4 + 2H2O.
Соның нәтижесінде аккумулятор кернеуі мен электролит тығыздығы кемиді.
Аккумулятордың разрядтау кезіндегі орташа кернеуі 1,98 В, ал зарядтық
кернеуі 2,4 В.
Тасымал электр аккумуляторы ретінде көбінесе сілтілі аккумулятор
пайдаланылады. Қышқылды аккумуляторларға қарағанда оның механикалық
беріктігі жоғары, жұмыс үстінде зиянды газ бөлмейді, пайдалануға ыңғайлы.
Сілтілі аккумуляторларға темірлі-никельді және кадмийлі-никельді электр
аккумуляторларды қолданады. Оларда электролит ретінде тығыздығы 1,20
гсм3 ащы калийдің судағы ерітіндісі (калий сілтісі), оң электрод ретінде
графит араласқан никель тотықтары, теріс электрод ретінде темір ұнтақтары
немесе темір араласқан металдық кадмий пайдаланылады. Темірлі-никельді
аккумуляторлардың орташа зарядтық кернеуі 1,74 В, ал кадмийлі-никельді
аккумуляторларда – 1,65 В. Самолеттерде күмісті-мырышты және күмісті-
кадмийлі сілтілі электр аккумуляторлар кеңінен қолданылады. Олардың
меншікті энергиясы басқа аккумуляторларға қарағанда молырақ,
герметизацияланған жабық ыдыстарда, температурасы және қысымы төмен биіктік
жағдайында жұмыс істей береді. Бірақ олар қорғасынды-қышқылды электр
аккумуляторларына қарағанда 4-10 есе қымбатқа түседі. Электр аккумуляторлар
басқа да өндірістің көптеген салаларында қолданылады. Қуатты және жоғары
кернеулі тұрақты ток көздерін жасау үшін электр аккумуляторларынан
батареялар құрастырылады. Электр аккумуляторларын жасауда бірінші
тәжірибені 19 ғасырдың бас кезінде В.В.Петров және И.Риттер жүргізді.
Аккумуляторлардың конструкциясын жетілдіріп, оның қасиеттерін зерттеуде
орыс ғалымдары Э.Х.Ленц, Д.А.Лачинов, Е.П.Тверитинов, Н.Н.Бенардос,
П.Н.Яблочков, М.П.Авенариус, ағылшын физигі У.Гров, француз Р.Планте т.б.
ғалымдар үлкен үлес қосты. Сілтілі аккумуляторларды 1900 жылы Т.А.Эдисон
ойлап тапты.
Жылу және бу аккумуляторлары.
Жылу аккумуляторлары жылу-күш қондырғыларында жылу жинауға арналған.
Олар айнымалы қысымды және тұрақты қысымды болып бөлінеді. Көп тарағаны –
айнымалы қысымды жылу аккумуляторы. Көбінесе оны бу-сулы аккумулятор деп те
атайды. Онымен бу шығыны тұтынушыларға байланысты күрт өзгеріп отыратын
кішігірім және орташа қуатты жылу электр стационарлары жабдықталады. Тұтыну
кеміген кезде бу қазанынан жылу аккумуляторларына жіберілген артық бу
ондағы суға өзінің жылуын береді. Ал бу шығыны көбейгенде, жылу жүйесіндегі
бу қысымының төмендеуі салдарынан баяғы қызған су буға айналады да,
тұтынушылар буды жалғыз бу қазанынан емес, сондай-ақ жылу
аккумуляторларынан да алады. Тұрақты қысымды жылу аккумуляторлары
резервуарындағы суды тікелей бу қазанының өзінде де және артылған бумен
одан сыртқары да қыздыра алады. Жылу аккумуляторлары қазандағы бу қысымынан
төмен қысымды бумен де жұмыс істей береді. Мысалы: турбинада пайдаланылған
төмен қысымды бумен резервуардағы суды қыздыруға болады. Жылу
аккумуляторларымен регенеративтік қыздырғылардың қаншасы болса да,
параллель жұмыс істей алады. Оның температурасы төмендеген сайын, бу
өнімділігі де арта түседі. Жылу аккумуляторы жылу қондырғыларының пайдалы
әсер коэффициентін көбейтеді, өндіріс цехтарын бумен үзіліссіз бірқалыпты
қамтамасыз етеді, ондағы еңбек өнімділігін арттыруға жағдай жасайды.
Бу аккумуляторларымен көбінесе пайдаланылған буды жинау үшін қуаты аз
бу двигательдері жабдықталады. Одан бу әр түрлі технологиялық мақсаттарға
(мысалы, кептіру камералары), сондай-ақ сантех. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz