Вакуумметрлердің жұмыс қысымдарының диапазондары


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ. И. СӘТБАЕВ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ЭМ және РТ кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Ваукуумметрлер жайлы жалпы түсінік

Орындаған: Каналиева А. Б.

ЭМ - 02 - 1қ. Қабылдаған: ИбекеевС. Е.

Алматы 2005

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Востров Г. А., Розанов Л. Н. Вакуумметры. Л. :Машиностроение. 1967г.

2. Розанов Л. Н. Вакуумная техника. Л. : 1990г.

КІРІСПЕ

«Вакуум» сөзі латын тілінен аударғанда бос кеңістік дегенді білдіреді.

Ал физика мен техникада «вакум» түсінігі былай анықталады: қысымы атмосфера қысымынан төмен болатын сол газдың күйі. Сандық түрде вакуум газдың абсолютті қысымымен өлшенеді. Жер атмосферасы көлемінде алынған ең жақсы вакуумның 1 м 3 -де ондаған және жүздеген газ молекулалары болады. Төмен қысымдардағы газдар қасиеттерін - газдардың молекулалы - кинетикалық теорияның бөлімі - вакуум физикасы оқытады. Вакуум физикасындағы негізгі постулаттар:

1) Газ бөлек молекулалардан тұрады;

2) Газ моллекулаларының жылдамдық бойынша тұрақты таралуы болады, яғни саны бірдей молекулалар бірдей жылдамдықпен таралады;

3) Газ молекулалары бағытсыз қозғалады, яғни газ молекулаларының кеңістігі изотропты;

4) Газ температурасы - оның молекулаларының орташа кинетикалық энергиясының шамасы;

5) Қатты дене бетімен әсерлескен газ моллекуласы адсорбциоланады.

Вакуумның өзі бірнеше деңгейден тұрады:

Төменгі вакуум дегеніміз моллекулалардың өзара шағылысуы, вакуум камераларының қабырғаларына шағылысқан газ моллекулаларынан басым болатын газ күйі;

Орташа вакуум - молекулалардың бір-бірімен және вакуум камерасы қабырғаларына шағылу жиіліктері бірдей болғандағы газ күйі;

Жоғары вакуум - қабырғаларға шағылысқан молекулалар бір-бірімен шағылысқан газ молекулаларынан басым болатын газ күйі;

Аса жоғары вакуум - адсорбционды газбен қапталған беттің үлесі берілген өлшемнен аспайтын жоғары вакуум облысын айтады.

1. Ортақ қысымдарды өлшейтін аспаптар мен тәсілдердің классификациясы

Алдыңғы қатарлы вакуумдық техникада қолданылатын қысымдар облысы 10 5 - 10 12 Па. Осындай кең диапазонда қысымдарды өлшеу әрине, тек қана бір аспаппен қамтамасыз етіле алмайды. Практикада сұйытылған газдар қысымын өлшеу үшін, жұмыс принципі және нақтылық класы бойынша ерекшеленетін түрлендіргіштердің түрлі типтері қолданылады.

Вакуумдық техникада ортақ қысымдарды өлшейтін аспаптарды вакуумметрлер деп атайды. Әдетте олар екі бөліктен тұрады - манометриялық түрленгіш және өлшейтін қондырғы . Өлшеу тәсіліне қарай вакуумметрлер абсолютті және салыстырмалы болып бөлінеді. Абсолютті аспаптардың көрсеткіштері газдың түріне тәуелсіз және алдын ала есептеліне алады. Салыстырмалы өлшеу аспаптарында вакуумда болып жатқан, кейбір физикалық үрдістер параметрлерінің қысымнан тәуелділігін қолданады. Олар үлгілі аспаптар бойынша градуировканы қажет етеді. Вакуумметрлер вакуумдық жүйеде бар, газдардың ортақ қысымын өлшейді. 1 - суретте түрлі вакуумметрлер типтерінің жұмыс қысымдарының диапазондары көрсетілген.

1-сурет. Вакуумметрлердің жұмыс қысымдарының диапазондары.

ҚОРЫТЫНДЫ

Вакуумметрлер - вакуумдық техникада қысымды өлшейтін құрал ретінде қолданылады. Демек, вакуумметрдің өзі екі бөліктен тұратыны анық. Оның әрбір бөлігінің көп түрлері болады. Мысалы, механикалық түрлендіргіш, жылулық түрлендіргіш және т. б. Ал өлшеу қондырғыларын алатын болсақ, олар түрлендіргіштің түріне және қасиетіне байланысты құрылады.

Әрине, әртүрлі түрлендіргіштердің әртүрлі кемшіліктері мен артықшылықтары болады.

Жалпылай келгенде осы вакуум бізге не үшін керек деген сұрақ туады. Мысалы, электрондық техникада түрлі тағайындалуы бойынша электровакуумдық аспаптардың: жарықтандыратын лампалар, газоразрядты, генераторлы және аса жоғары жиілікті аспаптар, теледидар және рентген түтікшелерінің функционерлеу шарты болып келеді.

Металлургияда - вакуумда металдарды балқыту және қайта балқыту арқылы олардың құрамын өзгерту, яғни металдарды газдардан тазалап, механикалық берік жасау.

Химия өнеркәсібінде - вакуммдық құрғататын аппараттарды қолдану арқылы синтетикалық талшық, полиамидтер, аминопласттар, полиэтилен, органикалық еріткіштер сияқты бағалы өнімдер алуға болады.

Жеңіл өнеркәсібінде - вакуумның ішінде тозаңдату арқылы пластмассаны, фольганы, қағазды және металдарды металдайды, яғни жиһаз бен әшекей бұйымдарын өңдегенде әшекейлі қаптау үшін қолданылады.

Демек, вакуумдық құрылғылар техникада да ғылымда да, күнделікті өмірде де кеңінен қолданылады. Осыдан көрініп тұрғандай, вакуумның адамзат өмірінде маңызы зор екені айқын.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ток күшін өлшеу
Халық тығыздығы
Мұнай қабаттарында қабат қысымын ұстау
Термодинамикалық жүйе, термодинамикалық процесс
Қабатты мұнайдың параметрлері
Кәсіпшілік құбырлар.
Таразылардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
Мұнай-газ өндіру ұңғымасының жабдықтары
ЭЛЕКТРОМЕХАНИКАЛЫҚ АСПАПТАР
ISM диапазоны,сымсыз тарату желілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz