Түркия мемлекетінің орналасуы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Түркия мемлекетінің орналасуы 2
Мемлекеттік құрылысы және саясаты 2
Түркия мен Қазақстан қарым-қатынастары 4
Этнодемографиялық құрылымы 9
Тарихы 9
Түрік халқының ұлт-азаттық күресінің басталуы 14
Мұстафа Кемал және кемальшылдар революциясы 15
Экономикасы 21
Қолданылған әдебиеттер тізімі 25

Түркия мемлекетінің орналасуы

Түркия Республикасы (Turkiye Cumhuriyeti) — Батыс Азия мен Оңтүстік-
Шығыс Европадағы мемлекет. Территориясының 97%-іне жуығы Кіші Азия
түбегінде (Анатолия), 3%-ке жуығы Европада (Шығыс Фракия), оңтүстік-шығысы
Балқан түбегінде орналасқан. Солтүстік-шығысында Украинамен, Молдавиямен,
шығысында Иранмен, оңтүстік-шығысында Иракпен және Сириямен, солтүстік-
батысы Болгариямен, Грециямен шектеседі. Солтүстігін Қара теңіз, батысын
Эгей теңізі, оңтүстігін Жерорта теңізі шаяды. Жері 780,6 мың км2. Халқы
62,5 млн. (1995). Астанасы — Анкара қаласы. Әкімшілік жағынан 67 елдерге
(уәлаяттарға) бөлінеді.

Мемлекеттік құрылысы және саясаты

Мемлекеттік құрылысы. Түркия — республика. Қазіргі Конституциясы 1961
ж. 9 июльде күшіне енді. Мемлекет және үкімет басшысы — президент, оны
Ұлттық ұлы мәжіліс өз депутаттарының ішінен 7 жылға сайлайды. Президент
парламент қабылдаған заңдарды жариялап, Түркияның халықаралық қатынастарын
іске асырады, қарулы күштердің қолбасшысы да сол. Бір-деп-бір заң шығаратын
жоғары өкімет органы — екі палаталы парламент. Ұлттық ұлы мәжіліс. Жоғары
палатаның (сенат) 150 сенаторын халық 6 жылға сайласа, 15-ін президент
тағайындайды. Сайлау правосы 21 жасқа толған барлық азаматтарға берілген.
Өкіметтің шоғары атқару органы — үкімет. Оны президенттің нұсқауы бойынша
премьер-министр парламент мүшелерінен құрады. Жергілікті елдерді басқару
орталық өкімет өкілдері — валилерге жүктелген. Қалалар мен ірі елді
мекендерде муниципиалдық советтер сайланып, селоларды ақсақалдар кеңесі
және староста (мұхтар), халықтың өкілі ретіндө басқарады. Барлық сайланатын
органдардың өкілдігі 4 жыл делінген. Түркияның сот жүйесіне мировой соттар,
бірінші және екінші сот инстанциялары және сауда соттары жатады, Жоғарғы
сот инстанциясы — Анкарадағы кассациялық сот және бұлардан басқа ерекше
конституциялық сот бар.
Түркия Республикасы 1923 жылдың 29 қазанында жарияланды. Бұл Мұстафа
Кемальдың Антанта басқыншыларынан және грек әскерлерінен елді тазартқаннан
кейін болған еді. 1924 жылғы Конститутция бойынша ел тәуелсіздігі халыққа
тиесілі деп жариялады да, барлық билікті бірпалаталы заң шығарушы орган –
Ұлы халық жиналысына тапсырды. Ұлы Халық жиналысының депутаттары төрт жылға
сайланып және сол мерзімге президентті тағайындады, ал президент премьер-
министр мен үкіметті тағайындады. Мұстафа Кемаль 1938 жылы өзі қайтыс
болғанға дейін президент болып отырды. Ал Халықтық Республикалық партия
1950 жылы Демократиялық партиядан сайлауда ұтылғанға дейін басқарды. Ал
1960 жылдың 27 мамырында Демократиялық партияны биліктен тайдырған әскери
төңкеріс болды. Түркияның саяси жүйесін және министрлер кабинетін қайта
құру үшін Ұлттық бірлік комитеті құрылды. Оны Джемаль Гюрсель басқарды.
1961 жылдың 9 шілдесіндегі бүкілхалықтық референдумдағы жаңа
Конституция біршама маңызды өзгерістер енгізді. Негізгі құқықтар
кеңейтіліп, мұсылман емес азаматтардың құқықтары теңестірілді. Парламент
екі палаталы болды: Сенат және Ұлттық палата. Ұлттық палатаның 23
депутаттарының мандаты болған жағдайда Сенат ветосы күшін тоқтататын.
Президент 7 жылға сайланатын, ол үшін екі палатаның 23 дауысы жеткілікті
еді. Президент болып сайланысымен ол өз партиясының қатарынан кетіп және
саясаттан тыс болуы қажет еді.
1971 жылы әскерилер тағы да саясатқа араласып халық толқуларын басты.
Бұл жылы төтенше жағдай енгізіліп ол 1973 жылдың қазанына дейін жалғасты.
Бірақ халықтың толқулары 1980 жылдың қыркүйегіндегі үкімет дағдарысына алып
келді. Елде тағы да төтенше жағдай жарияланды. Әскери режим жаңа
конститутция жобасын әзірлейтін Кеңесуші жиналысты құрды, ал ол әзірлеген
жаңа конститутция 1982 жылдың қарашасынан бастап күшіне енді.
1982 жылғы Конституция бірталай азаматтық және саяси құқықтар берді,
бірақ ұлттық қауіпсіздікті, мемлекеттің біртұтастығын және қоғамдық
адамгершілікті қорғау үшін олардың бәріне шектеу қойылатынын баса
көрсетті. Үкіметке төтенше жағдайды немесе қоршауда қалу жағдайын (әскери)
жариялау құқығы берілді. Конституция бойынша бір палаталы Ұлы ұлттық
жиналысты сайлау көзделді, ол барлық заң шығару билігін топтастырып,
премьер-министрді тағайындап және парламент алдында жауапкершілікті
атқаратын Министрлер кеңесін құратын. Ол әрі Конституциялық сотты құратын.
Ұлы ұлттық жиналыс 7 жылға сайланатын Президентке атқарушы билік желісі
бойынша үлкен өкілеттіктер беріліп және заң актілеріне вето қою құқығы
тапсырылды. Және уақытша қаулылармен әскери режимнің басшысы Кенан Эврен
конститутция күшіне енгеннен соң алғашқы жетіжылдық мерзімге президент
болып сайланады деп жоспарланды.

Түркия мен Қазақстан қарым-қатынастары

Таяу және Орта Шығыс мемлекеттері өздерінің географиялық жақындығы,
экономикалық әлеуеті, сондай-ақ осы елдер халқыменен тарихи және мәдени
тамырлардың тығыз байланысына орай Қазақстанның маңызды мүдделері аясына
етене кіреді. Таяу және Орта Шығыстың маңыздылығы оның осы аймаққа
шоғырланған орасан зор адамдық және табиғи ресурстарының өзіндік геосаяси
артықшылығымен беки түседі. Көрсетілген жағдаяттар қазіргі әлемдегі
көптеген мемлекеттердің осы аймақпен кең ауқымды ынтымақтастықты өрістете
түсуге ұдайы ұмтылысын айқындайды.
Қазақстан дипломатиясының Орта Шығыстағы басымдылығы тиісті
мемлекеттер мен өзара тиімді экономикалық байланыстарды және саяси
ынтымақтастықты жоспарлы түрде кеңейту болып отыр. Біздің еліміздің Орта
Шығыс мемлекеттерімен жемісті қатынастарын дамыту осы процеске барлық
қатысушылардың саяси және экономикалық мүдделерінің күрделі теңгерімін
сақтауды, өзара тиімді ымырашылдықты іздестіруді, өзіміздің ұлттық
мүдделерімізді табан тірей қорғауды талап етеді.
Дүниенің осы бөлігіндегі аса ықпалды әріптестердің бірі Қазақстанның
көнеден бергі әрі тұрақты серіктесі Түрік Республикасы болып табылады.
Соңғы он жылда бұл ел нарықтық және демократиялық қайта құрулар жүргізуде
елеулі табыстарға қол жеткізе алды, өзінің халықаралық беделін нығайтты.
Түрік сыртқы саясатының, сонымен қатар экономикалық және ұлттық қауіпсіздік
доктринасының теориялық негізін Кемал Ататүрік тұжырымдап берген: олар
қауіпсіздікті қамтамасыз ету, даму ресурстарын тиімді пайдалана білу және
аймақтағы жетекші орын деген қағидаттарды құрайды.
Қазақстан-Түрік ынтымақтастығы дипломатиялық қатынастар орнатудың
алғашқы күндерінен бастап (1992 жылғы 2 наурыз) дамудың көтеріңкі
серпінімен сипатталады. Жемісті байланыстар жоғары деңгейде, оның ішінде
түркі тілді мемлекеттер саммиттері шеңберінде де үзілмей келеді. Тараптар
маңызды мемлекетаралық келісімдерге қол қойып, оларда ұзақ мерзімді
ынтымақтастықтың берік негізі қаланды.
Бұл процестің қозғаушысы әсіресе бастапқы кезеңде біздің
халықтарымыздың тарихи және мәдени ортақтығы жағдаяты болды. "Түркі
әлемінде" жұмылдырушы рөл атқаруға Анкараның ұмтылуына қарамастан Президент
Т. Озалдың Қазақстанға ресми сапары (1993 жыл) және Президент
Н.Назарбаевтың Түркияға ресми сапары (1994 жыл) тараптардың өзара
ынтымақтастығының келешегіне деген сындарлы көзқарасын паш етті.
Қазақстан өз дипломатиясын да, ресейлік немесе өзге де бағыттарындағы
мүдделерін де мансұқ етпей, саяси, экономикалық және гуманитарлық салаларда
екі жақты байланыстарды мейлінше өрістетуге дайын екендігін танытты.
Н.Назарбаев Т.Озалмен әңгімесінің бірінде Қазақстан "үлкен аға" деген қасаң
ұғыммен біржола қош айтысқанын аңғартты. Бұл мәлімдемені Анкара дұрыс
қабылдады. Түркия өзінің сыртқы саясатында АҚШ және Еуропамен байланыстарға
бірінші кезекте ыңғай білдіретінін ашық айтты.
Дегенмен, екі елдердің халықаралық саясат пен қауіпсіздік саласында
ортақ мүдделерінің болуы өзара ынтымақтастық ауқымын анағұрлым кеңейтуге
мүмкіндік береді. Осындай өзара іс-әрекеттердің мүмкін бағыттарының бірін
Стамбұл қаласында Түркі тілдес мемлекеттер басшыларының кезекті саммитінде
(2001 жылғы сәуір) Н.Назарбаев мегзеді. Ол халықаралық терроршылдыққа қарсы
күреске бағытталған арнайы Хартия қабылдауды ұсынды. Қазақстанның АҒСШК-ні
шақыру туралы бастамасы жемісті байланыстардың мәнісіне айналды. Анкара
Қазақстанның Еуразия кеңістігінде берік қауіпсіздікті қамтамасыз ететін
құрылым құру жөніндегі күш-жігеріне түсіністік білдіріп, қолдап келеді.
Екі жақты қатынастарда елеулі проблемалар болмаса да, сондай-ақ
көптеген халықаралық проблемалар бойынша көзқарастардың үйлесуіне
қарамастан, түрік бағыты Қазақстан сыртқы саясатында маңызды бола тұра
үстем бағытқа айналмағанын (Орталық Азияның басқа елдерінде де) атап өткен
жөн. Мұны Түркі тілдес мемлекеттері басшыларының Бішкекте (1995 жыл),
Ташкентте (1996 жыл) және Астанада (1998 жыл) болған кездесулері және
көрсетілген мемлекеттердің білім мен мәдениеттен басқа әлде бір салада
айрықша қатынастарын көрсететін ережелері жоқ қорытынды құжаттар да
қуаттайды. Соған қарамастан Қазақстанда біздің елімізге деген айнымас
достық қатынасы үшін Түрік басшылығына және осы мемлекет халқына зор
ризашылық білдіреді. Түркия Қазақстанның тәуелсіздігін таныған әлемдегі
бірінші мемлекет. Біздің елдеріміз арасында жемісті ынтымақтастықтың
қалыптасуына және дамуына Тұрғыт Озал мен Сүлеймен Демирель өлшеусіз үлес
қосты.
Екі жақты сауда-экономикалық қатынастар тұтас алғанда қарышты даму
үстінде және барған сайын кеңейе түсуде. Түркияның ТМД елдерімен сыртқы
сауда айналымының көлемі бойынша Қазақстан Ресей және Украинадан кейін
алғашқы үштікке кіреді. Қазақстан экономикасына тартылған түрік
инвестицияларының жалпы көлемі 500 млн. доллардан асып түсті. Дегенмен,
өзара сауданың дамуына азиялық және ресейлік қаржы дағдарыстары теріс әсер
етпей қалған жоқ. Егер 1998 жылы жалпы тауар айналымы 300 млн. доллардай
болса, 1999 жылы бұл көрсеткіш екі есе кеміп кетті. Өзара сауда-саттықтағы
мұндай құлдырау бірте-бірте еңсеріліп келеді, бұған 2000 жылы қол
жеткізілген тауар айналымы көлемінің 206 млн. доллар деңгейі дәлел.
Түрік іскер топтары Қазақстанда айтарлықтай белсенді әрекет етуде,
2000 жылдың басында 200ден астам түрік фирмасы жалпы сомасы 2 млрд. доллар
болатын ондаған жобаларға әзірлік жүргізді немесе оларды іске асыруға
кірісіп кетті. Алайда, Қазақстанда жұмыс істейтін түрік компанияларының
саны көп болғанына қарамастан, олардың қызмет бағыты негізінен құрылыс
салумен және саудамен шектеліп отыр. Олар экономиканың металлургия, ауыр
машина жасау, химия, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және тоқыма өндірісі
сияқты секторларында бой көрсете қойған жоқ. Өз кезегінде "Эйр Қазақстан"
компаниясынан басқа қазақстандық компаниялар да Түркияға беймәлім.
Екі елдің елшілері және шетелдік сарапшылар екі жақты ынтымақтастықты
елеулі жандандыратын жағдаят ретінде Қазақстан мұнайын Түркия аумағы арқылы
тасымалдау келешегін орынды айтып келеді. 1998 жылы Анкара декларациясына
қол қойылып, онда Әзербайжан, Грузия, Қазақстан, Түркия, Өзбекстан
басшылары және АҚШтың Энергетика министрі Каспий арқылы сондай-ақ Кавказ
жерімен экспорттық құбырлар өткізудің маңыздылығын атап көрсетті. Бұл
орайда Каспийдің мәртебесі проблемасының айрықша рөл атқаратыны түсінікті.
Түрік көзқарасы Қазақстанның Каспийді ұлттық секторларға бөлуге деген күш-
жігерін қолдаудан көрініп отыр. Алайда, Каспий төңірегіндегі ахуалдың
бірегейлігі және оны халықаралық қоғамдастықтың бір мәнді қабылдамауы
Анкараға осы мәселе бойынша өз көзқарасын айқын білдіруге мүмкіндік
бермейді.
1999 жылғы қарашада ЕҚЫҰ-ның мерекелік саммиті шеңберінде Президент
Н.Назарбаевтың қатысуымен "Баку-Жейхан" мұнай құбыры жобасы бойынша Стамбұл
декларациясына қол қойылды. Анкара бұл жобаға Каспий мұнайын әлемдік
рынокқа жеткізу бойынша негізгі экспорттық бағыт ретінде қарап, оған зор
маңыз беріп отыр. Ал Қазақстан экспорттық бағыттардың алуандығын және әрбір
жобаның экономикалық тиімділігін басшылыққа алады.
Аталған құжаттарға қол қою бұл жобаның техникалық және коммерциялық
жағдайларын талқылау күрделі кезеңінің алдындағы бастапқы қадам ғана. Бұл
жерде бір елеулі нәрсені айтпай кетпей болмайды: мамандардың көпшілігінің
пікірінше "Баку-Жейхан" Қазақстан мұнайынсыз соншалықты ұтымды және өміршең
бола қоймайды. Анкараның, Бакудің, Тбилисидің және Вашингтонның Қазақстанды
жобаға қатысуға иліктіру жөніндегі дипломатиялық белсенді күш салуын осы
мән-жаймен түсіндіруге болады. Тек 2002 жылдың өзінде Түркияның,
Әзербайжанның және Грузияның жоғары мәртебелі өкілдерінің, сондай-ақ АҚШ
Президентінің Каспий аймағының энергетика ресурстары бойынша арнайы
кеңесшісінің сапарлары осы мақсатты ұстанды.
Қазақстан-Түрік ынтымақтастығы мәдени-гуманитарлық салада ойдағыдай
дамып келеді. Түркістан қаласына Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-
түрік университетін құру білім беру саласында орайы келген жоба болды. Оны
өркендетуге Түркия Үкіметі жалпы алғанда 60 млн. доллар бөлді. Бүгінгі күні
ХҚТУ айтарлықтай әдістемелік және сынамалық базасы бар 15 мың студент
оқитын осы заманғы жоғары оқу орнына айналды. Қазақстан студенттері мен
аспиранттарының Түркияның өзіндегі жоғары оқу орындарында оқуы өтемсіз
негізде жалғасып жатыр. Өз кезегінде Қазақстанда түрік кәсіпкерлерінің
ықыласымен 26 Қазақстан-түрік лицейі жұмыс істейді. Оларда 5 мың
жеткіншектер оқиды, сондай-ақ 1998 жылы С.Демирель атындағы жеке меншік
университет ашылды. Қазіргі кезде шамамен 700 түрік азаматы Қазақстанда
оқиды. Түркиядан келген 10-даған оқытушылар дәріс беруде. Көптеген
қазақстандық ғалымдар мен мамандар түрік университеттерінде техникалық және
гуманитарлық пәндерден сабақ жүргізеді.
Мәдениет саласындағы екі жақты байланыстың мазмұны бай. Шығармашылық
ұжымдардың және жекелеген орындаушылардың өзара негізде гастрөлдер өткізуі;
Қазақстанның облыстық және республикалық телекомпанияларының мамандарын
Түркия теледидарында қайта даярлау; бейнелеу өнері және қолданбалы қолөнер
көрмелерін ұйымдастыру; Төріксой желісі бойынша бірлесіп жұмыс істеу;
Түркістандағы Қ.А.Яссауи кесенесін қайта жаңғырту жұмыстары; түрлі
мерекелік іс-шаралар дәстүрге айналды.
Түрік әлемін зерттеу қорының Алматы, Қызылорда мен Талдықорған жоғары
оқу орындарында түрік тілі мен әдебиеті бөлімдерін ашу жөніндегі бастамасы,
түркология мамандықтары бойынша оқытушылар құрамын дайындауға көмегі атап
айтуға лайық. Ататүрік атындағы мәдениет, тіл және тарих жоғары қоғамы
ғылыми байланыстарды нығайтуда белсенді рөл атқарып отыр. Өзінің мәні
бойынша гуманитарлық бейімдегі ұлттық ғылым академиясы болып табылатын бұл
қоғам Қазақ энциклопедиясының басылымын дайындауға, "Түрік әлемінің
музыкасы" журналын шығаруға, сондай-ақ Қорқыт мұраларын және археологиялық
ескерткіштерді зерделеу жөніндегі бірлескен жобаларға қатысуға әзір
екендіктерін білдірді.
Қазақстан-Түрік қатынастарын одан әрі ықпалдастыру, оларды жаңа
мазмұнмен молықтыру біздің еліміздің ұзак, мерзімді стратегиялық
мүдделеріне сай келеді. Еуразия саяси кеңістігінің кейбір мәселелерінде
Түркияның белсенді көзқарасын Қазақстанның әлдеқайда толығырақ
пайдалануының қажеттігі пісіп жетілді. Бірінші кезекте бұл біздің еліміздің
АҒСШК-ні шақыру жөніндегі шараларды қоса алғанда, сыртқы саяси бастамаларын
Түркияның қолдау білдіруіне, ЕҚЫҰ, ЭЫҚ және ИКҮ сияқты аймақтық құрылымдар
шеңберінде Қазақстан мүддесін алға тартуға қатысты.
Қазақстан-Түрік ынтымақтастығының ауқымы бірқатар бірлескен жобаларды
іске асыруға орай айтарлықтай ұлғая түсетін болады. Олардың ішінде түрлі
жүктерді Түркия аумағы арқылы тасымалдау, Еуропа Кавказ Азия транскавказдық
көлік дәлізін, сондай-ақ трансазиялық күре темір жолды пайдалану жөніндегі
ой елегінен өткізіліп жатқан жоспарлар айрықша көзге түседі.
Қазақстан Басшысының Түркияның жаңадан сайланған Президенті А.Сезермен
БҰҰ саммиті барысында кездесулері және Түрік Басшысының 2000 жылғы 1920
қазанда Қазақстанға сапары екі ел саяси басшылығының ынтымақтастықтың
барлық саласында өзара тиімді байланыстарды еселей түсуге, екі жақты ұдайы
пікірлесіп отыруды өрістетуге деген ұмтылысын паш етті.
Қазақстан дипломатиясы Түркияны маңызды серіктес ретінде қарай отырып,
біздің мемлекеттеріміз арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелеріне
мейлінше назар аударатын болады. Қазақстан мен Түркия халықаралық
ұйымдарда, оның ішінде БҰҰ мен ЕҚЫҰ-да өзара қанаттасып, жұмыс істеуді
жалғастыра беретін болады.

Этнодемографиялық құрылымы

Халқы 62,5 млн. Халқының 90%-ке жуығы түріктер, олардан басқа курд,
араб, черкес, адыгей, грек, чечен, осетин, лезгин, лаз, грузин, армян,
азербайжан, түрікмен, еврей тағы басқа халықтар тұрады. Мемлекеттік тілі —
түрік тілі. Ресми діни нанымы — ислам діні. Ресми календары — григориандық.
Халықтың жылдық орташа өсімі 2,5% (2002—2004). Еңбек ететін тұрғындары 20
млн. (1975), олардың 51%-і ауыл шаруашылығында, 13%-і өнеркәсіпте, 4%-і
транспортта, 5%-і саудада, 13%-і тұрмыстық орындарда, 4,0%-і басқа
салаларда істейді. Қала халқы 42%. Басты қалалары — Стамбул, Анкара, Измир,
Адана, Бурса, Газиантеп, Эскишехир, Конья.

Тарихы

Түрік мемлекеті 14 ғасырда Кіші Азия жерінде ұйымдасты. Бұл әскери-
феодалдық мемлекет болды, 14 ғасырдың — 17 ғасырдың 1-жартысында оның
территориясы кеңейді. Одан бұрын ежелгі заманда және ертедегі орта
ғасырларда түрлі мемлекеттік бірлестіктердің — Хетт патшалығының, Мидияның,
Ахемен әулеті билеген мемлекеттің, Александр Македонский державасының,
Селевк әулеті билеген мемлекеттің, Понтий патшалығының, Пергамның, Римнің
(Ежелгі), Византияның, Коний сұлтандығының т. б. құрамына кірді. 14
ғасырдың 20 жылдары қарсаңында Кіші Азияның солтүстік-батысында феодалдық
князьдық қалыптасты да, әулетті құрушы Осман І-нің есімімен аталды.
Түріктер Византияның Анатолиядағы соңғы иеліктерін - 1326 ж. Бурсаны
(Т-ның алғашқы астанасы болды), 1329 ж. (басқа мәліметтер бойынша 1331 ж.)
Никеяны (Изник), 1337 ж. Никомедияны (Измит) басып алды; 1354 ж. Балқандағы
Галипольді (Гелиболу) және оның маңайындағы византиялық бекіністерді
бағындырды. Мұрад I (1359—60 немесе 1362—89 ж. билік өткен) 1361 ж. (немесе
1362) Адрианополь (Эдирне) мен Шығыс Фракияның көршілес аймақтарын, сонан
соң Пилиппопольды (Пловдив), Софияны, Шуменді, Ништі, басқа да болгар,
сондай-ақ серб қалаларын өзіне қаратты. Баязид I (1389—1402 ж. билік
құрған) бүкіл Болгарияны жаулап алып, Никополь шайқасында (1396) европалық
рыцарьлардың біріккен күшін талқандады. Бұл кезеңде Осман мемлекеті
Анатолияда да өз шекарасын кеңейтті; мұнда негізінен түрік халқы
қалыптасты. 14 ғасырдың аяғына қарай Анатолия иеліктерінің (князьдықтар)
бәрі Осман мемлекетіне қосылды.
15 ғасырдың 40 жылдары қарсаңында Осман түріктері Балқанда тағы да
шапқыншылық бастады. Сұлтан Мұрад ІІ-нің әскері (1421—51 ж. билік еткен)
1444 ж. Варна маңындағы шайқаста европалық мемлекеттердің армиясын, ал 1448
ж. крест тағушылар жасағын талқандады. Сұлтан Мехмед II-нің (1451—81 ж.
билеген) әскері 1453 ж. 29 майда Константинопольды алды. Сонымен Византия
империясы құлады. Осман мемлекеті енді империяға (қ. Осман империясы)
айналды. 15 ғ-дың 50—70 жылдары Сербияның тәуелсіздігі біржола жойылып,
Морея, Аттика, Трапезунд импетжясы, Босния, Эвбея аралы, Эгей теңізінің
басқа бірсыпыра аралы жаулап алынды, Қырым хандығы мен Валахияға түрік
суверенитета орнатылды. Мехмед II өзі билік жүргізген жылдардың аяқ шенінде
бүкіл Албанияны басып алды. Сұлтан Баязид II (1481— 1512 ж. билік еткен)
Оңтүстік-Шығыс Европаны жаулап алуды аяқтады, Герцеговинаны қосып (1482
немесе 1483), Молдовоға өз суверенитетін орнатты (1501). Сұлтан Селим І-
нің "(1512— 20 ж. билік құрған) әскері 1514 ж. Сефеви мемлекетінің армиясын
талқандап, оның астанасы Тебризді өзіне қаратты, 1514—15 ж. Арменияны,
Курдстан мен Солтүстік Месопотамияны (Мосулмен коса) басып алды. 1516—17 ж.
Сирияға, Ливанға, Палестинаға. Египетке, Хиджазға, 1519 ж. Алжирдің бір
бөлігіне билік орнатты. 1521 ж. түріктер Белградты, 1526 ж. Венгрияның
астанасы Буданы бағындырды. Родос, Эгей архипелагының өзге де аралдары,
Триполитания бүкіл Алжир түріктердің билігіне көшті.
1664 ж. түрік армиясы Сентготхард маңында австриялықтар мен
венгрлерден, 1683 ж. Вена шайқасында поляк әскерлерінен күйрей жеңілді.
1684 ж. түріктерге қарсы Қасиетті лига (Австрия, Польша, Венеция, 1686
жылдан Россия) ұйымдасты. Австриямен соғыс (1716—18) нәтижесінде Т. Кіші
Валахиядан, Боснияның бір бөлігінен, басқа да территориялардан, оның ішінде
Белградтан, Иранмен соғыс (1730—36) нәтижесінде Тебриз бен Хамаданнан
айрылды. 1739 ж. Россия Азов пен Запорожьені қайтарып алды. Қырым хандығы
тәуелсіздік алды (1783 ж. Қырым Россияға қосылды). Бұл Россияның Қара
теңізге шығуына мүмкіндік туғызды.
Әскери-лендік жүйе дағдарысы тереңдей түсті. Армияның жауынгерлік
қабылеті төмендеді. Билеуші тап шаруаларды қанауды күшейтті. Ауыл
шаруашылығының негізі шайқала бастады. Шаруалар жерін тастап, қалаларға
қашты. Сыртқы сауда іс жүзінде шетелдер капиталы мен компрадорлық
буржуазияға бағынды. Рынок қысқарды.
Түркияның билеуші топтары елді қамтыған дағдарыстан реформа жүргізу
арқылы құтылмақ болды. 18 ғ-дың аяғы — 19 ғ-дың басында сұлтан Селим III
(1789—1807 ж. билік құрған) мен оның төңірегіндегі шағын топ алғашқы елеулі
реформалар ұсынды. Реформаларда әскери-феодалдық жер иелігін реттеу, жаңа,
европаша үйретілген, тәртіпті жаяу әскер құру, армиямен және флотпен
байланысты мануфактуралық өндірісті ұлғайту т. б. белгілеп, жүзеге асыру
мақсаты көзделді. Бұлардың кейбіреуі ғана жүзеге асырылды. Тек 1826 ж.
сұлтан Махмұд II (1808—39 ж. билік етті) тұсында ғана армия қайта құрылып,
мемлекет, әкімшілік құрылым, финанс, право, ішінара мәдениет саласында
прогрестік шаралар кәдеге асты; ең маңыздысы: әскери-лендік жүйе жойылды.
Бірақ Махмұд ІІ-нің реформалары Осман империясын ыдыраудан құтқара
алмады. 1811—18 ж. египет пашасы Мұхамед әли өзіне қаратқан Арабияның
едәуір бөлігі Мекке, Мединамен қоса сол кезде Египеттің билігіне көшті.
1806 ж. Балқанда іс жүзінде тәуелсіз Сербия құрылды. Россияның шекарасы
Прутқа дейін кеңейтілді. 1830 ж. Греция тәуелсіздік алды. Түркия сыртқы,
кей тұста ішкі саясатта дербестігінен айрылды. Түркияның Европа капиталына
экономик, тәуелділігі күшейді. Осындай жағдайда Түркияның билеуші табы 1839
ж. жаңадан реформалар жүргізуге ұмтылды. Бұл реформалар Түркия тарихында
танзимат деп аталды. Танзимат негізінде біраз өзгерістер жасалды:
мемлекеттік әкімшілік басқару саласында әскери-феод. тәртіптің қалдығы
жойылды, сот ісі жолға қойылды, түрік интеллигенциясының қалыптасуына,
танзимат (немесе жаңа) әдебиетінің пайда болуына жағдай туғызды. Бірақ
танзиматта белгіленген ең елеулі қағида — сұлтанға бағынышты барлық
адамдардың өмірі мен мүлкіне берілген кепілдік қағаз жүзінде қалды. Халық
бұқарасы танзиматтан ешнәрсе ала алмады. Түріктерден басқа халықтар түрік
үстемдігіне төзбеді.
19 ғ-дың 70 жылдарынан бастап империалистік мемлекеттер арасында Осман
империясына капитал орналастыру үшін күрес күшейді.
Орыс-түрік соғысында (1877—78) Түркия ауыр жағдайға ұшырады. Орыс
әскерлері бүкіл Болгарияны азат етіп, Стамбул маңындағы Сан-
Стефаноға X (Ешилькёй) дейін жетті. Солтүстік Болгарияда іс жүзінде
тәуелсіз Болгар князьдығы, Оңтүстік Болгария автоном. провинцияға айналды.
Сербия, Черногория, Румыния толық тәуелсіз деп танылды. Батуми, Каре,
Ардаган, Бессарабияның оңтүстік бөлігі Россияға қосылды. Франция 1881 ж.
Тунисті, Англия 1882 ж. Египетті басып алды. Шығыс Румелия Болгар
князьдығына (1885), Фессалия Грецияға (1881) қосылды. 1897 ж. Түркия Крит
аралынан айрылды.
1879 ж. Түркия банкротқа ұшырады деп жарияланды, 1881 ж. сұлтан
Оттоман мемлекеттік қарызы басқармасын құру туралы декрет шығарды.
Басқарманы шетелдердің несие ақша беруші адамдары басқарды. Француз
капиталына берілген Режи темекі монополиясы да басқарма сияқты мемлекет
ішіндегі мемлекетке айналды. Шетелдер капиталы түрік экономикасы мен
финансының басқа да аса маңызды салаларын өз қолына алды. Әсіресе Англия
мен Франция күрделі қаржыны неғұрлым көп жұмсады. 19 ғ-дың аяғынан оларды
Германия тықсыра бастады. Армияға, жандармерияға, флотқа, Түркияның басқа
ведомстволарына да шетел ықпалы күшейді. Ішкі саясатта сұлтан Абдул-Хамид
II (1876— 1909 ж. билік құрған) елдің дербес экономикалық дамуына кедергі
жасады, прогресшіл күштерді тұншықтырды, армяндарды қырғынға ұшыратты. Бұл
тарихқа зұлым саясаты деген атпен енді.
Түркияның империализмге тәуелділігі және зұлым тәртібі елдің
әлеуметтік-экономикалық дамуын кешеуілдетті, бірақ прогресшіл күштердің
өсуіне толық кедергі жасай алмады. 19 ғ-дың аяғында жас түріктер қимыл
жасады. Олар 1889 ж. Бірлік және прогресс деп аталатын құпия комитет
құрған болатын. Жас түріктер конституциялық құрылыс орнатылуын талап етті,
жалпы османизм идеологиясын буржуазиялық-революция османизмге айналдыруға
тырысты, сұлтан билігіне қарсы күресті. Негізінен офицерлер қауымына сүйене
отырып, 1908 ж. июльде жас түріктер қарулы көтеріліс ұйымдастырып, сұлтан
Абдул-Хамид ІІ-ні 1876 жылғы конституцияны қалпына келтіруге, парламент
шақыруға мәжбүр етті. Жас түріктер революциясы (1908) жеңгенімен, өзінің
бұрынғы буржуазиялық-революция маңызын жойды. Жас түріктер енді империядағы
барлық халықтардың тең праволылығы орнына оларды күшпен түріктендіру
саясатын жүргізді, реакцияшыл пантюркизмді жақтады. Түріктерден басқа
халықтардың азаттық күресі Балқанмен қатар, Йеменді, Сирияны, Ливанды,
Иракты, империяның басқа да аймақтарын түгел дерлік қамтыған кезде, жас
түріктер реакцияшыл панисламизмді басшылыққа алды.
Жас түріктер түрік еңбекшілер бұқарасының жағдайын жақсартуға күш
салмады. Жерге жеке меншік күшейіп, шаруалар жерінен айрыла бастады.
Жұмысшылардың ереуіліне заң жүзінде тыйым салынды. Демократиялық пиғылдағы
адамдар қуғынға түсті.
1912 ж. Түркияның Африкадағы ең соңғы иеліктері — Триполи мен
Киренаика бөлініп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркияның терроризмге қарсы іс-қимыл заңнамалары
Түркияның көп бөлігі таулы
ТҮРКИЯ ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫНЫҢ АЛҒЫ ШАРТТАРЫ
Ататүріктің өмірі мен саяси қызметі
Әзірбайжан Республикасының сыртқы саясаты
Түрік-қазақ саяси және экономикалық байланыстары бүгінгі кезеңде
Қазақстан мен Түркияның қазіргі кезеңдегі экономикалық және мәдени байланыстары
«Қазіргі заманғы халықаралық қатынастар тарихы» пәніне арналған дәріс сабақтарының тақырыптары
Қазіргі кездегі Күрд мәселесін жүйелі және кешенді түрде зерттеу мәселелері
АСТАНА — ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ ЕРІК-ЖІГЕРІНІҢ НЫШАНЫ ТУРАЛЫ
Пәндер