Тянь - Шань тауының климаты, биіктік белдеулері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Ф-ОБ-001035

Мазмұны
Кіріспе
1. Тақырыптың өзектілігі
2. Тақырыптың мақсаты және міндеті
3. Тақырыптың зерттелу тарихы
4. Тақырыптың құрылымы
І -тарау
1.1. Тянь-Шань тауына жалпы сипаттама
1.2. Тянь-Шань тауының климаты, биіктік белдеулері
1.3. Тянь-Шань тауының флорасы мен фаунасы

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Ф-ОБ-001035

Тақырыптың өзектілігі.
Тянь-Шань Азия материгіндегі ең ірі тау жүйесі. Тянь-Шань Тау
жоталары пайдалы қазбаларға бай. Тянь-Шань тау жүйесінің ерекше
өсімдіктерінің бірі сусыз жерде өсетін ерекше ағаш орния өседі. Ол
құғақшылыққа төзімді әрі сирек өсетін ағаштың түрі Қазақстанның ең биік
жері хан тәңірі шыңы (6995 м) ол республиканың Оңтүстік бөлігін қамтиды,
және Тянь-Шань тау жүесінде. Тянь-Шань тау жоталары көледен мен герцин
тау түзілу кезеңінде пайда болған. Тянь-Шань
Тау жүйесінің ерекшелігі таулы болғандықтан қызықтырады.

Тақырыптың мақсаты және міндеті.
1. Міндеті; Тянь-Шань тауына жалпы сиапттама
2. Тянь-Шань тауының климаты, биіктік белдеулері.
3. Тянь-Шань тауының флорасы мен фаунасы
Мақсаты: Кіріспе
1. Тақырыптың өзектілігі
2. Тақырыптың зерттелу тарихы
3. Тақырыптың құрылы.

Тақырыптың зерттелу тарихы.
П.П.Семенов Тянь-Шаньский Петербург университетін бітірген соң, Батыс
Еуропаға барып білімін толықтырады. Атақты неміс ғалымы А.Тумбольдтан
дәріс алады. 1856 жылдың көктемінде Ресейге қайтып келіп Тянь-Шань
саяхатқа бет алған жолында Омбы қаласында тоқтап, онда қазақтың дарынды
ұлы Ш.Уалихановпен танысады. Омбыдан шыққан П.П.Семенов Семейді, Балқаш
көлін басып өтіп, Верный қаласына тоқтайды. Осы жерден Ыстықкөлге орталық
Тянь-Шаньға бірнеше рет сапар шегеді, көптеген деркетер жинайды. Тянь-
Шань Тауының биік шыңы хан Тәуіріні анықтап, география ғылымына Іле

Ф-ОБ-001035
Алатауы, Жоңғар Алатауы Іле жазығы деген атаулары енгізді. Сырдария
өзенінің бастауын анықтап, Шу өзенінің Ыстықкөлден басталмайтынын
дәлелдеді. Тянь-Шань таулары жанартаудың атқылауынан пайда болған деген
Батыс Еуропа ғалымының жоран теріске шығарды. Тянь-Шань Таудағы биіктік
белдеулікті анықтайды.
Тянь-Шаньға саяхатының 50 жыл толуы қарсаңында Семенов фамилясына
қосымша Тянь-Шань деген атқа ие болды. П.П.Семенов Тянь-Шаньский ұзақ
уақыт орыс география қоғамына жетекшілік етіп, Ш.Уәлихановтың, Н.М.
Пржевальскийдің, Н.Н. Козловтың және басқаның ғылыми саясатын
ұйымдастырды.

Тақырыптың құрылымы
Курстық жұмыс, Кіріспе және бір тараудан үш тақырыптан және
пайдаланылған әдебиеттен тұрады.

Ф-ОБ-001035
1.1. Тянь-Шань тауына жалпы сипаттама
Географиялық орны, жер бедері геологиялық құрылысы,
пайдалы қазбалары.
Тянь-Шань таулы өлкесі Азия материгіндегі ең ірі таулардың бірі. Тянь-
Шань деген сөзді Қытай тілінен аударғанда (Тянь – аспан, Шянь-тау) тәңір
шықы, Аспан тау деген мағынаны білдірді. 39 0 және 44 0 солтүстік ендік
670 және 950 шығыс бойлық аралығында орналасқан. Тянь-Шаньнның орталық
бөлігі қырғыстанға, Солтүстік және батыс жоталары Қазақстанға, Оңтүстік –
батыс шеті Өзбекстан мен Тәжікістанға, Шығыс бөлігі Қытайға қарайды.
Батыстан, Шығысқа қарай 2500 км-ге созылып жатыр, ені 400 км. Тянь-Шань
солтүстігінде Борохоро жотасы арқылы Жетісу Алатауымен, Оңтүстігінде Алай
жотасы арқылы Памыр тау жүйесі мен түйіседі. Солтүстік шекерасы ретінде
батыста іле аңғара, Мойынқұм, Шығыста жоңғар жазығы алынады. Оңтүстік
шекарасы шығыста Тарим қазаншұңқырларына сәйкес келді.. Ең биік жері –
Жеңіс шыңы (7439 м).
Тянь-Шань ендік жоталар мен оларды бір-бірінен бөліп жатқан тауаралық
ірі қазаншұңқарлардан тұрады. Тянь-Шань тау, жоталарының орналасу
бағытына қарай:
1. Солтүстік Тянь-Шань
2. Орталық Тянь-Шань
3. Батыс Тянь-Шань
4. Шығыс Тянь-Шань
5. Оңтүстік Тянь-Шань
1. Солтүстік Тянь-Шань Қырғыз жеріндегі ыстық көлдің Солтүстігі тау
жоталар, Шу Іле таулары, Жоңғар, Іле Алатауы мен Күнгей, Кетпек
Алатауы, Тарбағатай Сауыр жатады. Солтүстік Тянь-Шань жоталары 4,5 мың
м-ден биік; Теріскей. Алатауы (4875 м) Кейбір жоталар Тауаралық
қазаншұңқырларда доға тәріздес иілік орналасқан.

Ф-ОБ-001035
2. Орталық Тянь-Шань Қырғыз жотасы, Теріскей Алатауы, Көкшолтау Ферғана
жоталарына жатады. Орталық Тянь-Шань сырт деп аталатын беті белесті,
3000-4000 м биіктікте жатқан, жан-жағы биік жоталармен
қоршаған тау қыраттары тән. Орталық Тянь-Шаньға Солтүстік
Ыстықкөл қазақшұңғырынан оңтүстік батыста Ферғана қазаншұңқырына
оңтүстік шығыста көкшал-ТОО жотасына дейінгі аралыққа кіреді. Бұл тау
дүйесінің ең биік бөлігі, әсіресе, оның шығыс бөлігі, барынша биік
(Жеңіс Шыңы - 7409 м Хан Тәңірі – 6995 м).
3. Батыс Тянь-Шаньға ендік бойымен орналасқан талас, Алатауы, өгем,
Піскем Сондалаш, шатқал, Алай, Түркістан, Қаратау жоталары кіреді.
Батыс Тянь-Шань жоталары бірте-бірте Солтүстік батысқа қарай 4,5 мың м-
ден 2,5 – 2 мың м-ге дейін аласарады Ферғана аңғара Батыс және
Оңтүстік Тянь-Шань ібр-бірінен бөледі.
4. Шығыс Тянь-Шань. ТМД елдерінен тыс жерлерде орналасқан. Тянь-Шань
таулы өлкесінен қазаншұңқырына жеріне Солтүстік Тянь-Шань түгелімен,
батыс Тянь-Шаньнның көп бөлігі, орталық Тянь-Шаньның бір бөлігі
кіреді. Шығыс Тянь-Шань ендік бойымен созылған аңғарлар
қазақшұңқырынан бөлінген екі қатар тау жоталары белдеуінен тұрады.
Борохоро Еренқабырға, Богдола, Қарлытау жоталары құрған сай белдеу
ұзындығы Шығыста 950 ш.б. –қа дейін жетеді. Оңтүстік белдеу қысқарақ 1900
ш.б. – қа дейін басты жоталары Халықтау, Сарман-Ұла,
Құрлықтау. Жоталарының баспа 4000-5000 м биікке көтеріледі. Шығыс
Тянь-Шань етегінде құрлықтағы терең қазақшұңқырдың бірі турфан ойысы
орналасқан. Тянь-Шань етегінде құлықтағы терең Тянь-Шань Орал-Манғол
геосинклиналдық белдеуінің орнында пайда болған. Солтүстік Тянь-Шань
паледоң Орталық және Оңтүстік Тянь-Шань герцин таужарыхымда
қатпарланған. Пареозой қатпарда тұрғызған таулар жасаған пермьде
пенеленге ұшыраған. Қазіргі жер бедерлері неоген мен

Ф-ОБ-001035
төрттік кездегі жаңа техникалық қозғылықтың нәтижесінде қалыптасқан.
Тянь-Шань тау жоталары құрылған, ол тауаралық қазаншұңқырлар
қайназой және мезозой шөгінімен толған. Ежелгі тау жынысын сынап, түсті
және сирек металл, фосфорий пен орындары байланысты. Тауаралық
қазаншұңқырға мезолой Кайний шогне мұнай қоңыр және тас көмір
шоғырланған.
5. Оңтүстік Тянь-Шань Алай, тиркі сбан, Зерафшон және Гиисор жоталарынан
тұрады. Бұл жоталардың остік бөлігі тұтас және ондаған км-ге созылады.

Қазақстан жерінің оңтүстік шығыс және шығыс бөлігін қамтиды. Негізінен
ендік бағытқа жақын жатқан тау тізбектерінен құрылады. Биік шыңдары –
Жеңіс (7439 м) және Хан тәңірі (6995 м). Қазақстанға Қаратау, Өгем,
Қырғыз Алатауы, Шу – Іле таулары, Іле Алатауы және Кетпен (Ұзынқара)
жоталары қарайды. Тянь-Шань жоталары палеозой және кембрийге дейінгі
шөгінді, метоморфтық және атпа жыныстарынан түзілген.
Тянь-Шань таулы өлкесі шөл зонасында қатар, ол әр түрлі топырақ-
өсімдік жамылғысымен ерекшеленеді. Мұнда жергілікті Тянь-Шаньға ғана
тән өсімдік түрлерімен қатар орталық азияның ксерофит өсімдіктері және
солтүстіктің бореалды түрлері тараған.
Солтүстік Тянь-Шань
Іле Алатауы — Солтүстік Тянь-Шаньның қиыр солтүстігіндегі биік таулы
жота. Ол шығыстан батысқа қарай ендік бойында созылып жатыр. Ұзындығы 350
км, ені 30—40 км, ең биік жері — Талғар шыңы (4973 м). Кайнозой эрасының
төрттік дәуірі кезінде пайда болған. Гранит, әктас, тақтатастан түзілген.
Тау түзілу процесі әлі тоқталмаған жас тау. Жер сілкіну жиі болып тұрады.
Биік шыңдарын мәңгі қар мен мұздық басқан. Іле Алатауының етегінде А л м
а т ы қаласы орналасқан. Дүние жүзіне белгілі Медеу мұз айдыны, Шымбұлақ
шаңғы базасы, көптеген санаторий, ку-

Ф-ОБ-001035
рорттар мен демалыс үйлері бар. Күнгей Алатауында әсем тау көлі — Көлсай
көз тартады. Тау табиғатын корғау мақсатында Алматы қорығы ұйымдастырылған.
Кетпен жотасы. Тянь-Шань таулы өлкесіне кіретін Кетпен жотасының батыс
бөлігі ғана Қазақстан жеріне еніп жатыр. Жалпы ұзындығы 300 км, ең биік
жері 3638 м.
Шу-Іле тауы. Іле Алатауының солтүстік-батыс бөлігіндегі жалғасы.
Абсолюттік биіктігі 1800 метр келетін, экзогендік процестердің әсер етуінен
мүжілген тау, шөгінді және магмалық тау жыныстарынан түзілген.

Батыс Тянь-Шань
Батыс Тянь-Шань Қазақстан жерінде Қырғыз Алатауынан басталады.
Жер бедері күшті тілімделінген. Қырғыз Алатауы Күнгей Алатауының батыс
жағында орналасқан. Жалпы ұзындығы 375 км, ең биік шыңы — Батыс Алемепдин
шыңы (4875 м). Қырғыз Алатауы тақтатас, әктас, құмтас, гранит, диорит және
па-леозой шөгінділерінен түзілген. Биіктік белдеулік айқын байқалады. 3700
метр биіктіктен жоғары мәңгі қар мен мұздық басқан. Бұл жота — көршілес
жатқан қазақтар мен қырғыздардың ортақ мал жайылымы.

Қаратау
Қаратау жотасы — түгелдей Қазақстан жерінде созылып жатыр, ол
экзогендік процестердің әсерінен қатты бұзылған жота. Абсолюттік биіктігі
2170 метр. Солтүстік-батыс бағытқа карай сілемі 420 км созылады. Протерозой
эрасының тактатасы мен карбон дәуірінің әктасы, құмтас конгломерат-тарынан
және девон кезеңінің жанартаулық тау жыныстарынан түзілген. Қойнау пайдалы
қазбалардан полиметалл (Ащысай, Мырғалымсай, Байжан-сай) және фосфорит
(Аксай, Жаңатас, Шолактау кендері) рудалары бар.

Ф-ОБ-001035
Өгем жотасы
Қазақстан жерінің аумағына Өгем жотасының батыс беткейі ғана кіреді.
Герциннің граниті мен палеозой эрасының шөгінді тау жыныстарынан түзілген,
әдемі табиғаты мен өсімдік жөые жан-жануарлар дүниесін қорғау
мақсатында Ақсу-Жабағылы қорығы ұйымдастырылған. Қорықта ғылыми-зерттеу
жұмыстары жүргізіледі.

Қазақстандық Тянь-Шань
Тянъ-Шанъ таулы өлкесі шөл зонасында жатыр, ол әр түрлі топырақ-
өсімдік жамылғысымен ерекшелінеді. Мұнда жергілікті Тянъ-Шанъға ғана тән
өсімдік түрлерімен қарат орталық Азияның ксерофит өсімдіктері және
Солтүстүіктің бореалды түрлері тараған.
Солтүстік Тянъ-Шанъ Іле және Шу-Талас аңғарлары аралығында жатқан тау
торабын қамтиды. Ол солтүстік-шығыста Кетмень жотасынан басталады. Бұл
жстаның етек жағындағы каштан топырақта дала және дала өсімдіктері, ал одан
жоғары (солтүстік беткейде) шырша орманы тараған.. Кетмень жотасы мен
Теріскей Алатау және Күнгей Алатау жоталарының аралығында орналасқан Кеген-
Текес ойысы өзінің абсолюттік биіктігіне құрамастан (1 60 - 2000 м) құрғақ
дала болып келеді. Онда жусан аралас дақылды, бозды өсімдіктер басым, ал
кей жерде сор, сортаң топырақтар кездесіп, шөл дала сипатта болады.
Іле Алатауы мен Күнгей Алатаудың солтустік бет-кейінде вертикаль
топырақ-өсімдік белдеуі анық көрінеді. 600—800 м биіктікке дейій жусанды
бетегелі горизонталь шел дала орналасқан. Бұл зонадан жоғары дақылды-
жусанды вертикаль құрғақ дала белдеуі жатады. Онда лессинг жусаны және ақ
жусанмен қатар көлде және бетеге өседі.
Бұл белдеуден жоғары, 1 300—1 500 м-ге дейін, әр түрлі дақылды шөп
өскен далаға ауысады. Оның топырағы лесс тәріздес саздың үстінде
қалыптасқан таудың қара топырағы. Мұнда қылтықсыз арпабас, тарғақ

Ф-ОБ-001035
шөп, тырбық бидайықтар өскен. Зонаның қоғарғы бөлігі орманды далаға
айналады. Бұл жерлердегі өзен аңғарларында алма ағашы аралас көк терек
орманы, қалың бұталар — долана, итмұрын, қара ырғай өседі. Орманды дала
зонасынан жоғарыда орманды-шалғынды белдеу басталады. Мұнда тянь-шань
шыршасы басым. Таулардың солтүстік беткейінде әсем тянь-шань
шыршасынан тұратын қалың орман жатады. Зонаның жоғарғы бөлігінде шетен
өседі.
Орманды-шалғынды белдеуден жоғары 2 700— 3 100 м биіктікке дейік
субальпі, альпі белдеуі орналасқан. Жоңғардың субальпі, альпі белдеуінен
Тянь-Шаньның бұл белдеуінің айырмасы шамалы ғана. Мұнда альпілік көкнәрі,
альпілік сарғалдақ, тасжарғыш, қоңырбас, қияқ, манжетка, жабайы жуа көп
өседі.
Жартастарда, мореналық қыраттарда рихтерия немесе тянь-шань эдельвейсі
деп аталатын үлкен ақ гүлі бар өсімдіктер болады. Эдельвейс Тянь-Шаньның
ең әдемі өсімдіктерінің бірі. Альпі шалғындары өте жақсы жазғы жайылым.
Мұнда жаздыгүні көптеген қой отарлары, ірі қара мал, жылқы жайылады.
Альпі шалғынынан жоғарыда жалаңаш тастар көп. Мұнда кей жерде, тас
аралықтарында бірен-саран сирек өсімдіктер кездеседі. Онда тасжарғыштар,
қыналар ақсы өседі.
Таудың ең жоғарғы зонасы мұздықтар мен мәңгі қар жамылған. Олардан тау
бөктерінде егін суаруға пайдаланатын көптеген тау өзендері
басталады. Батыс Тянъ-Шанъ Шу-Талас аңғарында оңтүстік жағында орналасқан.
Ол өсімдігі жағынан Оолтүстік Тянь-Шаньнан басқаша; Белдеудің солтүстік
бөлігінде шашақты бидайық және баданалы арпа, ал өзен
аңғарларында жабайы өрік пен темір ағаш бұталары тараған. Субальпі және
альпі белдеуі 3 000 м-ден жоғарыда жатады. Ол бетегелі дала тәріздес.
Шөл дала белдеуі Угам, Піскем және Батыс Тянь-Шаньның басқа да
жоталарының барлық тау алдын және аласа таулы аймақтың біраз жерін

Ф-ОБ-001035
алып жатады. Мұнда лесс тәрізді саздақтарда дақылды-жусанды өсімдіктер,
оның ішінде лессинг жусаны, эфемерлер мен эфемероидтар көп.
Шөл дала белдеуінен жоғары 1 000—1100 м биіктікке дейін құрғақ дала
белдеуі жатыр, онда шашақты бидайық және баданалы арпа, әр түрлі шөпті
өсімдіктерден жалбыз, тікен кездеседі.
Шалғынды-дала белдеуі Батыс Тянь-Шаньда 1800—2 000 м-те дейін
көтеріледі. Оның негізгі өсімдіктері шалғынды қоңырбас қылтықсыз арпабас.
Бұл белдеудің төменгі бөлігіндегі өзен аңғарларында жаңғақ және үйеңкі
ормандары тараған.
Субалъпі белдеуінде түркістан аршасы кең жайылған. Супальпі
шалғындарында бетегелі далар басым, бұл далаларда шерменгүл, қазтабан,
қазтамақ т.б. кездеседі.
3 000 м-ден жоғары жатқан альпі белдеуінде монғол бозы аралас
бетегелі далалар кең тараған.
Тянь-Шаньның жануарлар дүниесінің Қазақстандық Алтайдың жануарлар
дүниесінен көп айырмашылығы бар. Мұнда жануарлардың сибирь, европа түрлері
аз болады (әсіресе Тянь-Шаньның батысында), бірақ оның есесіне оңтүстік
африка, жерорта теңіз, гималай жануарларының бірсыпыра түрлері тараған.
Тянь-Шань шөл зонасында жатыр. Сондықтан оның төменгі вертикаль
ландшафт белдеуінде рептилиялар, әсіресе дала тасбақасы, құрғақ, дала және
дала белдеулерінде сүт қоректілерден қосаяқтардың кейбір түрлері, толай
қояны, құм тышқан және бөкендер кездеседі. Құстардан торғай, кәдімгі қара
торғай, көкқарға, индия мысық торғайы көп.
Орманды-шалғынды белдеуде сұр аламан, жертесер, тянь-шань тышқаны
ікшкентай жертесер, ақ тышқан түлкі және қасқыр мекендейді.
Батыс Тянь-Шаньда кішкентай мензбир суыры, қызыл немесе гималай суыры,
құстардан орманды-шалғынды белдеуде үш саусақты тоқылдақ, жапалақ, түкті
аяңты байғыз, монғол құры, қызыл тамақ бұлбұл, қызыл

Ф-ОБ-001035
тұмсық шау қарға, тау кекіліктері ұялайды. Биік тау белдеуде тауешкі,
арқар, қызыл қасқыр, құс- — тардан бкік тау тазңара және саптар, алтай
кезеген торғайы, альпі көкқарғасы т. б. болады.
Жалпы Солтүстік Тянь-Шаньның жануарлар дүниесі Батыс Тянь-Шаньның
жануарлар дүниесінен айырма жасайды. Мұнымен қатар Солтүстік
Тянь-Шаньда сибирь түрлері, Батыс Тянь-Шаньда Жерорта теңіз, гималай
немесе жергілікті, түркістан түрлері кездеседі.
Шығыс Тянь-Шань мен Солтүстік Батыс Қытайдың басқа да тау құрылыстары
мезозойда пенепленденген және неогеннің соңында жарылып жақпарлық сипаттағы
күшті қозғалысқа ұшыраған палеозойлык құрылымы зонасына жатады. Жоңғар мен
Қашқар қазан шұңқырлары иілген, бұларда шөгінді жыныстар жиналған. Қазан
шұңқырлардың әрқайсысының негізінде кейбір жерлерінен жер бетіне шығып
тұратын ежелгі қатпарлы құрылым учаскелері жатыр, бірақ әдетте олар үлкен
тереңдікке түсіп, әр түрлі жастағы қалың шөгінді жыныстардың астында
қалған. Шығыс Тянь-Шаньнан Жоңғар
және Тарим орқаштары жарықтармен бөлінген. Қазан шұңқырлардың шеткі
бөліктері кәтерілуге ұшыраған, сондықтан қалың шөгінді қабаттарының
арасынан Тянь-Шянь жүйесіне өтпелі жекелеген жоталар көтеріліп тұр.
Тау құрылысында әр түрлі биіктікке көтерілген ежелгі дәуірлердегі
пенепленденген беттер анық көрінеді. Бүкіл Шығыс Тянь-Шань ендікке жақын
бағытта созылып жатқан бірқатар жоталар мен ойпаттарға бөлінеді. Жүйенің
бүкіл ән бойында дерлік басты жоталардың кристалдық жыныстардан түзіліп,
қазан шұңқырлар мен ойпаттар өңірімен бөлінген екі
зонасы айқын білінеді. Солтүстікте және оңтүстікте басты тізбектердің
Жоңғар және Тарим қазан: шұңқырларына түйетайлы сатылар түрінде түсетін тау
бектерулері бар. Басты тізбектер үлкен биіктікке жеткенмек (3000—5000 м)
олардың құрылысында жайдақ формалар басым болып келеді, кілт белінген
қырқалар мен үшкір шығып тұрған шыңдар жоқ дерлік.

Ф-ОБ-001035
Тек биік массивтердің жоғарғы бөліктері ғана мұз басудың әсерімен нағыз
альпілік рельефі сипатын алған. Бірақ онда жеке шығып тұрған шыңдар
салыстырмалы түрде аз. Бүкіл Тянь-Шаньның ең биік тұсы Қырғыз ССР-і мен
Қытайдың шекарасында, онда 7439 метрге көтеріліп тұрған Жеңіс шыңы мен 6995
метрге жететін Хан-Тәңірі массиві бар. Шығыс Тянь-Шань ең үлкен биік-тікке
Хан-Тәңірінен шығысқа созылып жатқан Халықтау жотасына
жетеді. Бұл жотаның максимум биіктігі 6811 метр, ал Богдошань жотасындағы
Богдо-Ула массиві 5445 метрге көтеріліп тұр.
Тянь-Шаньның солтүстік-батыс жотасы — Борохоро Жоңғар Алатауымен
қосылады, ол Совет Одағымен шекараны бойлап созылып жатыр және Жоңғар қазан
шұңқырын солтүстік-батысынан жиектеп жатады.
Шығыс Тянь-Шань қазан шұңқырлары әр түрлі гипсометрлік деңгейде және
жас тұнба шөгінділермен толықтырылған. Олардың кейбіреулерінде көл бар,
басқалары кепкен және сор басып кеткен. Ең биік қазан шұңқырлардың түбі
тегаіз деңгейінен 1000 метр биіктікте жатыр, ал олардың ең төмендері Турфан
немесе Люкчун қазан шұңқыры теңіз деңгейінен 154 метр төменде жатыр,
яғни Жер бетіндегі ең терең құрғақ депрессия болып табылады. Оның әр
жерінде ғана жағалары сормен жиектелген тұзды көлдер бар. Тянь-
Шаньның.солтүстікке қарай жатқан Жоңғар қазан шұңқырын Солтүстік-шығысынан
Монғол Алтайы тұйықтайды. Солтүстік-батысында Совет Одағыңан Жоңғар
Алатауы, Барлық пен Тарбағатай тау жоталары бөледі. Олардың екіншісі мен
үшіншісінің арасындағы ойыс Жоңғар Қақпасы деп аталады, ол бағзы заманнан
Қытайдан Орта Азияға өтетін маңызды өткел болып келеді. Шығыста Жоңғар
қазан шұңқыры Гоби таулы үстіртіне қарай ашылады. Бұл аралықта оның
биіктігі күшті ауытқиды. Көлдер бар
жекелеген ойыстар 200—250 метр абсолют биіктікте жатыр (Эбин-Нур көлі
деңгейінін биіктік белгісі 190 м), ал ойыстардың үстінде көтеріліп жатқан
таулардың ең биік бөліктері 1000 метрден асады. Қазан шұңқырлар арасынан
көтеріліп тұрған жекелеген жоталар, әсіресе оның шығыс

Ф-ОБ-001035
бөлігінде 2000 метр және одан да жоғары биіктікке жетеді. Жоңғарияның беті
тегіс немесе төбелі, оны кристалды және шөгінді жыныстардың құрғақ
континенттік климат жағдайында ұзылуынан түзілген қиыршық пен құм жауып
жатыр. Төбешікті құмдардың ең үлкен массиві — Дзосотын-Элисун қазан
шұңқырдың орта белігінде жатыр. Шеткі таулардан бұл құмдарға қарай көптеген
құрғақ арналар бағытталады, олардың уақытша арна ағыстары
жаңбырдан кейін пайда болып, үлкен эрозиялық жұмыс жүргізеді. Тау
етегінен олардың бойымен оазис өңірі созылып кетеді.
Қашқария немесе Тарим қазан шұңқыры Жоңғармен салыстырғанда көршілес
таулы үстірттерден бүдан да гөрі көбірек тау жоталарымен тұйықталған. Ол
солтүстігінде Тянь-Шаньмен, оңтүстігінде Тибеттің солтүстік шетіндегі
жоталармен шектеледі. Тау қазан шұңқырдың ішкі бөліктеріне қарай бірте-
бірте төмендеп, тау алды өңіріне өтеді. Тау алқабын лесс қабаты жапқан. Тау
етегінде өзендерді бойлай ойық-ойық болып оазистер көгеріп жатады, ал
олардың арасына сусымалы құм жамылған шөл учаскелері сыналанып енеді.
Такла Макан деп аталатын құмды шөл Қашқарияның орталық үлкен бөлігін
онық басты өзені Таримнан онтүстікке қарай альш жатыр. Лобнор көлінің қазан
шұңқыры — Қашқариядағы ең ойпаң жер — теңіз деңгейінен 800 метрге жуық
биіктікте жатыр.
Бүкіл Солтүстік-Батыс Қытайдың климаты шұғыл континенттік, құрғақ
болып келеді. Барлық жерде судың тапшылығы сезіледі. Кейбір жерлерде жылдық
жауын-шашынның мөлшері не бары ондаған миллиметрмен есептеледі. Мәселен,
Тянь-Шаньның Турфан ойысының кей жерлерінде жылына не бары 30 мм ғана жауын-
шашын жауады. Жазғы жаңбырлар нөсер түрінде жауады, әрі ауаның
температурасынын жоғары болатыны
соншалықты,.көбіне ылғал жер бетіне жетпей ауада буланып кетеді. Тянь-
Шаньның беткейлерінде, әсіресе солтүстігінде жауын-шашын мөлшері 300

Ф-ОБ-001035
мм-ге дейін жетеді, оның кей жерлерінде тіпті тәлімдіқ егін шаруашылығын
дамытуға болады.
Тянь-Шаньның тау жоталары ендік бағыт бойында орналасқан. Қазақ
жеріндегі ең биік шыңы — Хан Тәңірі 6995 м. Тянь-Шань тауының геологиялық
дамуын екі кезеңге (ежелгі және жас) бөлуге болады. Ежелгі даму кезеңі,
яғни палеозой эрасы кезеңінде тегістелген беткейлері осы уақытқа дейін Тянь-
Шаньның шығыс бөлігінде сақталған.
Жас даму кезеңі қазіргі биік тау бедеріне, төрттік дәуірдегі альпілік
тектоникалық қозғалыстарға байланысты. Солтүстік Тянь-Шань бір бөлігі Қытай
жерінде орналасқан Кетпен жотасынан басталады. Жотаның солтүстік беткейі
оңтүстігіне қарағанда көлбеу. Екі беткейінде де өзен көп, олар — Іле
өзенінің салалары. Тянь-Шань тау жоталары — батыстан шығыс бағытта 2450
километрге созылып жаткан күрделі тау жүйесі. Тянь-Шань жоталары палеозой
және палеозой эрасына дейінгі тау жыныстарынан, ал тауаралық аңғарлары
кайнозой, кей жерлерінде мезозой эрасы шөгінділерінен түзілген. Тянь-Шань
тау жоталары каледон мен герцин тау түзілу кезеңінде пайда болған. Бірақ
мезозой эрасында болған тектоникалық өзгерістердің нөтилсесінде мүжілген
аласа тауға айналып, кейіннен альпілік тау түзілу кезінде қайта көтеріліп,
қатпарлы-жақпарлы биік тауға айналған. Қазіргі уақытта жоталарының биік
басы мәңгі қар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ТЯНЬ-ШАНЬ ТАУЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
Тянь - Шань таулы өлкесі
Қазақстанның биік таулы аймақтары
ҚАЗАҚСТАН ТАУЛАРЫН ФИЗИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН ЗЕРТТЕУ ЖӘНЕ МЕКТЕП ГЕОГРАФИЯСЫНДА ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕРІ
Таулы топырақтардың жіктелуі
Алтай таулы өлкесі
АЗИЯНЫҢ БИІК ТАУЛЫ АЙМАҚТАРЫНЫҢ АУДАНДАСТЫРЫЛУЫ МЕН ІШКІ АЙЫРМАШЫЛЫҚТАРЫ
Тау өсімдіктері
Қазақстанның табиғат зонасы
Алтай таулы аймағы
Пәндер