Махатхир Мохамад бастаған үлкен жол



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
2.1. Тәуесіздік алған соң...
2.2. Махатхир Мохамад бастаған үлкен жол
2.3. Бүгінгі Малайзия
3. Қорытынды
4. Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Малайзия мен Қазақстан экономикасының арасында ешбір ұқсастық жоқ.
Өйткені Малайзияда дәл біздегідей мөлшерде жер асты байлығы жоқ. Жалпы,
кен, қазба байлығы жағынан Қазақстанмен теңесе алатын елдер әлемде
саусақпен санарлық қана. Дүние жүзінде алты-жеті ел ғана бар шығар. Одан
аса қоймас. Бұл – бір. Екіншіден, Малайзия тәуелсіздік алғаннан бастап
өзінің отарлы түрде жасалған экономикасынан тездетіп құтылуға тырысты. Ал
біз, міне, қанша жыл болды, әлі сол отар экономикасы үлгісінен шыға алмай
келе жатырмыз. Отар экономикасы дейтінім, бұл – тек бір жақты жолмен
шикізат әзірлеумен ғана айналысатын экономика. Біздің тіпті осы бағыттан
қашан бас тартатынымыз да белгісіз болып тұр.
Ал жалпы, біз болашаққа ел болып жетеміз десек, шикізат әзірлеуден гөрі
өзіміз тұтынатын заттарды (азық-түлік, киім-кешек, техника т.с.с.) өзіміз
шығаруымыз керек. Оған біздің мүмкіншілігіміз бар.
Еліміз - сауатты. Өндірісті қолға алуға керекті заттың (темір, түсті
металл, қуат көздері) бәрі бар. Бар болғанда, артығымен жетеді. Өкінішке
қарай, бұған да қол жеткізе алмадық.
Ал Малайзия бұл жағынан мақұрым. Бірақ олар өндірісті дамытып,
өздері шығаратын заттардың 80 пайызын экспортқа жіберіп отыр. Отар
экономиканың қамытынан баяғыда құтылған.

Тәуелсіздік алған соң

1957 жылы Малайзия тәуелсіздік алғанда көпшілік ол ел нәсілдік және
этносаралық қақтығыстар мен мәңгілік кедейшілікте шырмалып қалады деген
болжам айтты. Олай деуге айтарлықтай негіз бар болатын. Тоғыз сұлтандық пен
екі штаттан тұратын бұрынғы британдық колония ол кезде Оңтүстік-Шығыс
Азиядағы ең кедей мемлекеттердің бірі еді. Оның экономикасының негізін ел
халқының көпшілігі іске тартылған ауыл шаруашылығы құрады. Іскерлік
белсенділік саласы қалайы өндірумен, каучук ағаштарын өңдеумен, ең қажетті
тауарлардың толайым және бөлшек саудасымен және кейбір сәндік заттармен
шектелді. Елде өнеркәсіп іс жүзінде болған жоқ, қызмет көрсету саласы
жаңадан қалыптасып келе жатты. Халықтың білім деңгейі мейлінше төмен,
университеттерді бітірушілер саны мардымсыз, ал білікті мамандар одан да аз
болды.
Дегенмен, Малайзия қоғамындағы басты түйін жас тәуелсіз мемлекеттің
одан әрі дамуына қатер төндірген этносаралық өткір қарама-қайшылықтарда
еді. Малайзия халқының жартысынан астамын құрайтын малайлықтар ұлттық
байлықтың 2,5 пайызына ғана ие болатын. Бумипутра (жер балалары деген сөз,
малайлықтар өздерін осылай атайды) деревняларда тұрып, негізінен ауыл
шаруашылығымен айналысты. Бүкіл бизнес және тиісінше байлық – іс жүзінде
сауда мен бизнесті ғана емес, сонымен қатар білімді қажет ететін
кәсіптерді, сол сияқты қала орамдарын да монополиялап алған қытайлық және
үндістандық эмигранттар ұрпақтарының қолында болды. Малай халқының іс
жүзінде түгелдей сауатсыз болуына байланысты мемлекеттік қызметші
малайлықтар саны онша емес-ті. Наразылық малайлықтар жағынан да, қытайлар
жағынан да өсе түсті. Өзара кінәласудың кез келген сәтте ашық этносаралық
қақтығысқа ұласып кетуі мүмкін еді. Бірақ үкімет ештеңе болмағандай сыңай
білдіріп, жақындап келе жатқан қатерді байқамағандай қалып танытып бақты.
Ал қатер көп күттірген жоқ.
1969 жылдың мамырындағы ел парламентіне жалпыға ортақ сайлау қақтығысқа
түрткі салды. Ақыр соңында, сайлаудың өткеніне қарамастан, жағдай
бақылаудан шығып, қан төгілді. Елде жаппай тәртіп бұзушылық, малайлықтар
мен қытайлықтар арасында стихиялы қақтығыстар орын алып, оның өзі екі
жақтан да көптеген құрбандыққа соқтырды. Бірнеше күн ішінде Куала-Лумпурде
ауқатты қытайлардың ондаған үйлері, дүкендері мен автомобильдері қиратылып,
өртелді. Елде төтенше жағдай жарияланды. Ауық-ауық орын алған зорлық-
зомбылық көріністері тағы бірнеше аптаға созылды. “1969 жылғы мамырдағы
қайғылы оқиға, – деп жазды кейінірек Махатхир Мохамад, – қауымдар
арасындағы экономикалық теңсіздікті жою қажеттігіне көзімді жеткізді.
Қағидатты түрде басқа саясат қажет болатын”.
Осы заманғы Малайзияның өмірін түбірінен өзгертіп, “малайзиялық ғажайыптың”
негізін қалаған бағдарламалық құжат Махатхир Мохамадтың 1970 жылы
жарияланған “Малай дилеммасы” атты кітабы болды. Махатхир өзінің айтыстық
ашу-ызасын қытайлар мен үнділерге қарағанда өз халқы — малайлықтарға қарсы
қаттырақ жұмсайды. Күн көру үшін фатализм, салғырттық, ақшаның, меншік пен
уақыттың құнын білуге құлықсыздық тәрізді ұлттық сипаттардан бас тарту
керек деп мәлімдейді ол. Не осылай жасау, не ұлттың жойылуы – малай халқы
шешуге тиіс дилемма осы болатын.
Махатхирдің құйындай ұйтқыған тамаша мансап жолы тәуекелді түрде ашық
айтылған дәл осы үндеуден басталады: өйткені өз ұлтының бетіне ол жай
науқас қана емес, әу бастан-ақ өз жерінде тірлік етуге жарамсыз деген сөзді
айту оңай емес-ті.

Махатхир Мохамад бастаған үлкен жол

Болашақ премьер-министр 1925 жылғы 20 желтоқсанда Кедах штатындағы
Алор-Сетар қаласында мектеп мұғалімінің отбасында дүниеге келді. Өзінің
айтуынша, оның әке жағынан арғы аталары үндінің Керала штатынан шыққан, ал
анасы малайлық болған. Сөйте тұра Махатхир Мохамад өзін әркез жүз пайыз
малайлықпын деп санап, халқының құқықтары жолындағы табанды күрескер
ретінде танытты.
Махатхир жоғары білімді Сингапурдегі Малайя университетінің медицина
факультетінде алды. Диплом алған соң ол жеті жыл бойы өзінің туған штаты
Кедахта медициналық практика жүргізді, алғашында мемлекеттік ауруханада
жұмыс істеп, соңынан жеке практикамен айналысты.
Махатхирдің саяси мансабы, ол БМҰҰ-дан парламентке сайланып, елдің саяси
өміріне белсенді араласқан 1964 жылы басталды. 1969 жылы ол қудалауға
түседі. Шегіне жете ширыққан 1969 жылғы дағдарыс жағдайында парламент
депутаты Махатхир Мохамад баспасөзде елдің премьер-министріне ашық хат
жариялап, онда кейіннен “Малай дилеммасына” негіз болған идеяларды
баяндайды. Оған қарсы әрекет дереу басталды: ұлтшылдық деген айыппен ол
партиядан шығарылып, депутаттық мандатынан айырылады.
1974 жылы-ақ Малайзия реформаларының идеологын БМҰҰ-ға қайтып оралуға
шақырады, мұнда ол көп кешікпей қайтадан парламент мүшесі болып, білім
министрінің портфелін алады. Одан кейінгі төрт жыл ішінде Махатхир
Мохамадтың партиядағы мансабы жедел шарықтап, БМҰҰ төрағасының орынбасары,
ал 1981 жылы Малайзияның премьер-министрі болады.
Бірінші сатыда үкімет өз істерін бастап, бизнеспен айналысуға
талпынған малайлықтар үшін үкіметтік келісім-шарттар, лицензиялар мен
арнайы жеңілдіктер жүйесін кең түрде енгізе бастады. Алайда, алғашқы күлше
дүмбілез болып шықты: зор үміт артқан жеңілдік жүйесі өзін-өзі ақтай
алмады. Жаңа пайда болған акционерлер ұзақ бас қатырып жатпастан,
акцияларын қайта сатып жедел табыс таба бастады. Әбден ашынған үкімет
экономикалық дамудың мемлекеттік корпорацияларын құрды, оның міндеті 100%
мемлекеттік акциялар пакеті бар кәсіпорындар жасақтап, кейін оларды
малайлықтардың басқаруына беру болатын. Жарғылық капиталы 3 млрд. ринггит
болатын (800 млн. АҚШ доллары шамасында) Ұлттық акционерлік корпорация
(ҰАК) құрылды. ҰИҚ-тың, кейінірек Малайзия инвестициялық қорының ұлттық
байлықты жергілікті тұрғындар арасында қайта бөліске салудағы табысы өте
таңғаларлық болды. 1990 жылдың соңына қарай 2,5 миллиондай малайлық
инвестициялық қордың акцияларын иеленіп, неғұрлым табысты әрі ірі деген
кәсіпорындардың акционерлік меншік иелеріне айналды.
Махатхир үкіметі тап болған басты проблема – жаңа экономикалық саясат
бірінші кезекте бағытталған малайлықтарда қажетті білім мен дағды болмады,
олар ақшаны қалай жұмсаудың қарапайым жәйттерін білмеді. Оның үстіне
реформалар неғұрлым тереңдеген сайын Малайзияда білікті мамандар барынша
қат бола түсті. Оларсыз елдің алдында тұрған өршіл міндеттерді шешу мүмкін
емес-тін.
Оған дейін елде білім алу таңдаулылардың ғана еншісіне бұйыратын. Оны
тек дегдарлар өкілдерінің отбасыларынан шыққан балалар ғана ала алатын. ЖЭС-
ті жүзеге асыру барысында негізінен қарапайым малайлықтардың, әсіресе
шаруалардың білім алуға қол жеткізулеріне көңіл бөлінді. 1974-1981 жылдары
білім министрі лауазымында болған кезде-ақ Махатхир Мохамад осы бағытқа
барынша күш-жігер жұмсаған болатын. Жоғары білім жүйесін дамытуға да үлкен
маңыз берілді. Қысқа мерзім ішінде колледждер мен университеттердің
бүтіндей бір желісі ашылды. Бұл ретте Махатхир жоғары оқу орындары
бағдарламасының таза академиялық болмауын, өмірден алшақтап қалмауын
әрдайым жақтады. Үкіметтің мақсатты іс-әрекетінің арқасында айтарлықтай
білімді малайлық мамандар, ең алдымен бизнесті басқару саласындағы мамандар
пайда болды. Олардың қатарына Гарвард және Уортон бизнес-мектептерін, тек
қана басқару кадрларын дайындаған Утара Малайзия университетін қоса
алғанда, Малайзияның технологиялық институттары мен университеттерінің
түлектерін жатқызу жөн.
ЖЭС-тің қорытындылаушы кезеңінде талантты малайлық басшылардың
бүтіндей бір жігі пайда болды. Олар мемлекеттік қызметте де ойдағыдай жұмыс
істеп, сол сияқты ірі мемлекеттік кәсіпорындарды табысты басқара білді.
Кейін дәл осы жерлерде неғұрлым табысты малайлық жеке компаниялар құрылды.
Кәсіби даярлау және қайта даярлау жүйесі Махатхир үкіметі үшін тағы
бір аса маңызды басымдыққа айналды. Малайзияда жұмысшылар, механиктер,
кәсіпшілер даярлайтын көптеген орталықтар құрылды. Көптеген малайлықтар
Ұлыбританияда даярлықтан өтіп, тігінші және киім пішуші болды. Басқалар
Малайзиямен көршілес мемлекеттерде ағаш ою, зергерлік іс және басқа да
кәсіпшіліктерге үйренді. Кейін олардың көпшілігі бизнеспен, оның ішінде ірі
бизнеспен айналысып, табысқа жетті.
Осыған байланысты Махатхир Мохамад жаңа экономикалық саясат өзіне
ешқандай пайда әкелмеді дей алатын бір де бір малайлық жоқ дегенді дәлелді
түрде әрі көбіне мақтанышпен айтатын. Білімге арқа сүйей отырып, Малайзия
лидері ел өркендеуінің басты қайнар көзі ретінде адам капиталы мен
санаткерлік ресурсқа қатысты осы заманғы көзқарасты алдын ала айғақтады.
Малайзияда әлі күнге дейін дәрежелердің ашық айтыла қоймайтын табелінде
білім министрі лауазымының кез келген әлеуетті ведомство басшысы қызметінен
беделдірек екені кездейсоқтық болмаса керек.
Өз премьерлігін Махатхирдің қарапайым реттілік орнатудан бастауы көп
жайды аңғартады. Малайлықтардың “бір жөні болар” деген (бұл жағынан да олар
бізге, қазақтарға ұқсас) дәстүрлі өмірлік философиясына қарсы шыға отырып,
ол шенеуніктерден жұмысқа дәл сегізде келуді талап етті, тіпті
министрлердің өздері келу-кету кітабында тіркелуге міндетті болды. Бір де
бір минөтті жоғалтпауды, уақытты бағалауды отбасындағы тоғызыншы бала
Махатхирға қатал мектеп мұғалімі – әкесі үйреткен болатын.
Доктор “М”-нің өзі де өзін-өзі шыңдаудан жалыққан емес. 1980-ші жылдардың
ортасында-ақ оның жұмыс кабинетінде өзі күнделікті ісінде құшырлана
пайдаланған бірнеше компьютер тұрды. Премьер сол кездің өзінде 60-тан асқан
болатын.
1980-ші жылдардың аяғына қарай құрылымдық экономикалық реформалар
жүргізу мәселесі туындады. Жасанды шектеулермен іркіліп келген экономиканың
өсу қарқыны айтарлықтай төмендей бастады. Ол бірден бүкіл ел бойынша
жұмыссыздықтың пайда болуына әсер етті. Осындай жағдайда Махатхир Мохамад
үкіметі жаңа стратегияны – ЖЭС-тің орнына келген Ұлттық даму саясатын (1991-
2000 жылдар) жүзеге асыруға кірісті. Оның ерекшелігі сол, бұдан былай
Малайзия малайлықтарға қолдау көрсету үшін ЖЭС жылдарында енгізілген
кемсітушілік ережелердің бірқатарынан бас тартты.
Бір жылдан соң-ақ экономикадағы бетбұрыс айқын көріне бастады.
Инвестициялар ағыны жедел өсіп, жаңа жұмыс орындары ашылды, еңбекақы өсті.
Бұл шараның табысты болғаны сондай, бүгінде Малайзияда жұмыс күшінің
үздіксіз тапшылығы сезілуде. Жұмысқа орналасу мақсатында елге миллионға
жуық шетелдік жұмысшылар келді. Экономика қайтадан өте жоғары қарқынмен
дамуға көшті.
Елдегі жекешелендіру үдерісі көптеген қиыншылықтарға тап болғанына
назар аудару керек. Жекешелендіру идеясына қоғам аса сақсына қарады.
Адамдар жекешелендіру өз жұмыс орындарына қауіп төндіреді деп білді,
сондықтан өздерін жаңа жекеменшік компаниялардың тиімділігі мен
рентабельділігі жолында құрбандыққа шалғылары келмеді. Мемлекеттік сектор
қызметкерлері тарапынан орын алған оппозицияны жұмыспен қамтылудың
сақталатынына кепілдік беру, сондай-ақ олардың еңбекақылары азаймайды, ал
жеңілдіктер сақталады деп уәде беру арқылы ғана жұмсартуға болатын еді.
Алғашқы ірі жекешелендіру жобасы табысты болды. Телекоммуникация
департаменті жекешелендіру нәтижесінде “Телеком Мэлэйжиа” компаниясына
айналды. Осы қадамнан қызметкерлердің табыстары бұрынғы жалақы мен
жеңілдіктерге қарағанда қауырт өсіп шыға келді. Жекешелендіру саласындағы
келесі ірі жоба – бүкіл ел бойына 830 шақырымға созылуға тиіс “Солтүстік-
Оңтүстік” автомагистралінің құрылысы. Жобаны аяқтап, магистральды салып
шығу үшін үкіметке көп шығындануға тура келсе де Махатхир өз дегенінен
қайтқан жоқ. Жолмен жүргені үшін бағаның төмен болуына жағдай жасай отырып,
үкімет онымен жүретін салық төлеушілер алдындағы өз борышын да өтеді. Бұл
ретте екінші дәрежелі жолдармен жүру тегін күйінде қала берді. “Солтүстік-
Оңтүстік” автомагистралін жекешелендірудің тек үкіметтің осындай көзқарасы
арқасында мүмкін болғанын атап көрсету керек. Осы жобадан бастаған аталмыш
компания өзге салаларда да бизнесті дамытып, онда да сондай табыстарға
жетті. Одан соң тағы да бірқатар ірі жобалар жүзеге асырылып, солардың
көмегімен бумипутра үлкен бизнес әлемінде берік орнықты.
Махатхир енді ірі және аса ірі жобаларды жүзеге асыруға иек артты. Оның
қағидаты мейлінше қарапайым еді: “Жоспарлау көкжиегі неғұрлым үлкен болса,
жоспарлар неғұрлым асқақ болса, нәтижелер де соғұрлым елеулі болады. Шағын
жобалардың экономикаға тигізер ықпалы да шағын”. Малайзиялық тұңғыш
байланыс спутнигінің жасалуы, алғашқы ұлттық “Протон-Сага” автомобилінің
шығарылуы, Калифорниядағы Силикон жазығы үлгісіндегі мейлінше осы заманғы
технологияларды сынау полигоны – “мультимедиалық супердәліз” құрылысы,
“Солтүстік-Оңтүстік” автомагистралін, жаңа Вест-Порттағы алты шақырымдық
айлақты, Пинанг аралын елдің құрлықтық бөлігімен жалғайтын ұзындығы жағынан
әлемде үшінші орын алатын Пинанг ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Н. Ә. НАЗАРБАЕВ - ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ, АЗАМАТЫ, ПАТРИОТЫ
Үшінші әлем мемлекеттерінің экономикалық жағдайлары
Малайзияның этносаяси құрылымының қалыптасуы және этносаралық жағдайы
Қоғамның даму тенденциясына сай бүгінгі білім жүйесінің дамуы
Мұстафа Кемал Ататүрік
Азия - тынық мұхиты аймағы экономикалық ынтымақтастығының дамуы
Азия-Тынық мұхиты аймағындағы қауіпсіздік мәселесі және Қытайдың позициясы
Қазақстан мен Малайзия арасындағы диломатиялық қатынастар 1992 жылдың 12 наурызында орнатылды
Жаһандану дүниежүзілік дамудың шынайы үрдісі ретінде
PR (паблик рилейшнз – қоғаммен байланыс) рыногінің дамуы
Пәндер