Кен орны



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 2
1 ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ 4
1.1 Кен орны жайлы жалпы мәліметтер 4
1.2 Кен орнының геологиялық зерттеу және игеру тарихы 4
1.3. Стратиграфия 5
1.4 Тектоника 10
1.5 Мұнайгаздылық 13
1.6 Сулылығы 15
ҚОРЫТЫНДЫ 17
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 19

КІРІСПЕ

Мұнай өнеркәсібі еліміздің экономикасында басты орындардың бірі болып
табылып, әсіресе энергетикалық саласының дамуына ерекше зор үлесін қосады.
Жалпы, мұнай өнеркәсібі ауыр және жеңіл өнеркәсіптердің,
ауылшаруашылығының және транспорттың дамуын жеделдетеді.
Қазқстан Республикасы - мұнайгаз және газдыконденсат кен орындарына
өте бай мемлекеттердің бірі. Осындай көп орындардың басым көпшілігі
Республиканың батыс бөлігінде орналасқан. Сонымен қатар осы батыста әлі де
жаңа мұнай-газ кен орындары ашылуда.
Көп қабатты ірі мұнайгаз кен орны Жетібай 1961 жылы ашылған. Кен орны
ХІ, ХІІ, ХІІІ горизонттар кіретін VI объектіге арналған игеру технологиялық
схемасына сәйкес өнеркәсіптік пайдалануға 1969 жылы берілді; ені 2,4 км
болатын блоктардағы ұңғыларда үш қатар орналастыра отырып ХІІ – объектінің
базистік горизонтын және ХІІІ горизонтты 600х600 м бірдей сетка бойынша
бұрғылау ұсынылды.
1972 жылы ІІІ объектінің (ІХб, Х горизонттар) игерілуінің
технологиялық схемасы жасалды, соған сәйкес жер қыртысы 600х600 бірдей
сетка бойынша бұрғыланады.
1974 жылы ВНИИ қыртыстың мұнай, сол секілді мұнайгаз аймақтарында
суды ішкі контурлы түрде айдауды көздейтін ІХ. Х, ХI горизонттардың
мұнайгаз қыртыстарын игерудің технологиялық схемасын жасады.
Жоғарыда аталған ескертпелерге сәйкес Жетібай кен орнын барлаудың
нақты жобасы үш түрлі нұсқада ұсынылды: 1 нұсқа базалық – ВНИИ жобасы
бойынша (1976 ж.) жалпы саны 1643, оның ішінде бұрғылауға арналғаны – 833
болатын ұңғымалармен бұрғылауды жалғастыру; 2 және 3 нұсқалар сеткаларының
тығыздығымен ерекшеленеді, мұнда 2 нұсқа үшін барлығы 2279, оның ішінде
бұрғылауға арналғаны – 1519 болды, ал 3 нұсқа үшін барлығы 2783, оның
ішінде бұрғылауға арналғаны – 2023 ұңғыма болды.
Жер қыртыстарының геологиялық сипаттамасы, пайдалану объектілерінің
бөлінуі, ұсынылған нұсқаларда барлауға арналған ұңғымалардың жалпы саны,
сондай-ақ мұнай өндірудегі кедергілерді ескерту мәселелері сияқты негізгі
ережелер мен қағидалар Барлау басқармасының 17.01.84 жылғы қаралған тиісті
материалдарына ұқсас.
Ендіруге 18 жыл бойы тұрақты өндірумен және бекітілген қорларды
алумен қамтамасыз ететін 2 нұсқа ұсынылды.

1 ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ

1.1 Кен орны жайлы жалпы мәліметтер

Жетібай кен орны Маңғышлақ түбегінің батыс бөлігінде орналасқан және
әкімшілік жағынан Қазақстан Республикасындағы Маңғышлақ облысының Ералиев
ауданының құрамына кіреді. Кен орнына жақын елді мекендер Жетібай кеңшары
(1 км), Ералиев аудан орталығы (60 км), Жаңа Өзен қаласында (70 км) және
Ақтау қаласы (80 км) болып табылады.
Географиялық жағынан аудан әлсіз өрнектелген кең (жазық), Оңтүстік-
батыс бағытында жазық болып осал айқындалған көрсетеді. Рельеф (жер бедері)
белгілері 140 тан 170 километрге дейінгі аралықта өзгереді. Ауданның
климаты лездік континенталдық. Атмосфералық жауын-шашын жылына 140 мм дейін
түседі. Абсолюттік минимум минус 33 ºС. Ауаның орташа жылдық температурасы
плюс 10 ºС. Аудан күшті желдермен және құмды борандармен сипатталады.
Солтүстік-батыс бағыттағы желдер басымырақ. Топырақтың тақ боп қату
тереңдігі 1 метрге жетеді.
Кен орнының өнеркәсіптік мұнай газдылығы 1961 ж. орнықтырылған. Кен
орнындағы мұнай өндіруді Мангышлакнефть Жетыбайнефть МГӨБ жүргізеді.
Пайдалану бұрғылауын Жетібай басқармасының бұрғылау жұмыстары жүргізлді.
Аудан жерінде Ақтау-Жетібай-Өзен-Мақат-Атырау темір жолы өтіп жатыр.
Жалпы ұзындығы 150 км болатын Өзен-Жетібай-Ақтау көлік жолы
тартылған. Мұнайды тасымалдау үшін мұнайды жолай қыздыруы бар: Өзен-Атырау
және Өзен-Жетібай-Ақтау мұнай құбыры тартылған. Ақтау теңіз портына
мұнайды танкерлермен құю айлағы тұрғызылған.

1.2 Кен орнының геологиялық зерттеу және игеру тарихы

Жетібай кен орны кіретін Оңтүстік-Маңғышлақ иілімінің Солтүстік беті
өткен жүз жылдықтың ортасынан бастап зерттеле бастады. Ауданды едәуір
жоспарлы геологиялық зерттеу 1950-ші жылдардың соңынан бастап басталды.
1962 жылы Казнефтегеофизика және Мангышлак-нефтегеофизика Жетібай
ауданында 1:50000 масштабында МОВ сейсмикалық жұмыстары жүргізілді, ІІІ-Г
жағылмалы горизонты бойынша солтүстік-батысқа өте жатық екенін ауқымды
құрылымдық терраса айқындалған.
1962-1964 жылдары іле геофизикалық экспедициясымен (А.В. Праршков,
В.А. Попов, В.Л. Рыбак) графометриялық және радиогеологиялық жұмыстар
жүргізілді. Батыс-Жетібайлық құрылымның сипаттамалары алынды.
Турандық геофизикалық экспедициясымен (Н.Я. Купик, А.О. Урсов, В.О.
Быкадоров) Оңтүстік-Маңғышлақ территориясында КМПВ әдісімен аудандық
сейсмикалық профилдеу жұмыстары жүргізілді.

1.3. Стратиграфия

Жетібай кен орнында терең барлау ұңғыларымен жоғарғы триастан неоген-
төрттік жастағы шөгінді жыныстардың шамамен үш километрлік қалыңдығы
ашылған және олардың Юра жүйесіндегі шөгінділері өнеркәсіптік-мұнайлы болып
табылады.

Мезазойлық топ - MZ
Триастық жүйе. (Т3)
Жоғарғы бөлім. Ұңғылармен 18, 28, 33, 63, 66, 71, 73, 92; НВО-2708
метр тереңдікте кезектесіп құмтастармен, алевро қабатшалары бар
алевролиттермен; саз балшықтар мен аргиллиттермен көрсетілген жоғарғы
триастың шөгінділері ашылған. Құмтастар тығыз, сұр ұсақ, түйірлі, саз
балшықты алевролитті. Құмтастардың құрамы кварцтық едәуір қоспасы бар
кварцты-полевошпаттық, мускавит және эффузивті жыныстардан құралған.
Құмтастар мен алевролиттер негізінен базальтті және қуысты типті сазды-
карбонаттық, сонымен қатар саз балшықты-хлораттық цементпен цементтеліп
кеткен.
Аргиллиттер күкірт-сұрлы, алевролитті; каолилит гидроқабатшалы. Тік
жарықшақтар кальцитпен көрсетілген. Ашылған қалыңдығы 253 метр.
Жоғарғы триастың ашылған бөлігінде (92 ұңғы) екі бума байқалады.
Аргиллиттер мен аргиллит тектес құмтастары бар сазбалшықтар басым төменгі
(2973-2875); жоғарғы (2875-2630) керісінше аргиллиттер мен саз балшықтарға
қарағанда құмтастық басымдылығымен сипатталады.

Юра жүйесі (J1)
Кен орнында юра жүйесінің шөгінділері барлық үш бөлімдермен
көрсетілген; орта, жоғарғы және төменгі: бір-бірінің арасындағы, сол сияқты
ярустардың арасындағы шек ара қазіргі уақытта аяғына дейін толық
орнықталмаған және әрі қарай нақтылауды, айқындауды қажет етеді. Юраның
жалпы қалыңдығы орташа алғанда 1300 метрді құрайды.

Төменгі бөлім (J1)
Төменгі юраның қимасы құм тастардың, алевриттердің, саз балшықтардың
және аргиллиттердің кезектелік келуімен сипатталған және де құм тасты
қабатшалар аудан бойынша ұсталмаған және аргиллиттердің, саздардың және
сазды алевролиттердің ірі линзаларымен орын ауыстырады.
Төменгі юралық құмтастар сұр, ашық-сұр, ұсақ-орташа-сирек-ірі
түйіршекті, нашар іріктелген бұрыштар айырмашылықтармен көрсетілген.
Құмтастар мен алевролиттердің иілімді материал кварцпен, далалық
шпатпен эффузив және мусковитпен көрсетілген.
Саз балшық пен аргиллиттер гидрослюдалы-каолилитті, сұр, қалың-сұр,
құмайтты және көмірлі затпен байытылған. Қазіргі уақытта А.А. Цатуровтың
микроскопиялық анализінің негізінде төменгі юралық қимасында төменгі юра
ярустарының төменгі және жоғарғы бөліктеріне тән екі кешен бөлініп
көрсетілген. Сәйкес кешендер Солтүстік Кавказдық төменгі юралық
шөгінділеріне (71 және 92 ұңғылары) өте ұқсас. Төменгі юралық шөгінділердің
жалпы қалыңдығы 100-120 метрді құрайды.

Ортаңғы бөлім (J2)
Ортаңғы юра бөлімі аалендік, байостық және баттық ярустармен
көрсетілген. Жалпы қалыңдығы 745-835 метрді құрайды.

Аалендік ярус (J2 а)
Аалендік ярустық шөгінділері негізінен сазды-алевролитті және
аргиллитті жыныстардың бағынышты линзалары бар қиыршық тасты қалыңдықпен
көрсетілген. Құмтастар орташа, ұсақ-орташа және ірі түйіршікті
ерекшеліктерден тұрады, олар төменгі қалыңдықтарда гравелиттер мен ұсақ
галечникті конгломераттарға жиі көшеді. Қима бойынша жоғары қарай иілмелі
материал жұқаланады және доминацияланатын орнын ұсақ түйіршікті құмтастар
алады.
Конгломераттар ұсақ, көмірлі, кварц, кремнидің нашар жұмырланған
үгінділерімен, эффузивпен және сирек болса да галькамен көрсетілген.
Әлсіз карбонатты, тығыз, бір шама байтылған, өсімдік қалдықтарымен
көмірленетін және жеке жағдайда олар дербес көмірлі қабатшаларды түзеді.
Ярустық жалпы қалыңдығы 165-200 метрді құрайды. Барлығы құрамында ХІІІ
және ХІІ өнімді горизонттары бар.

Байостық ярус (J2 в)
Байостық жыныстар қалыңдығы аудан бойынша ұсталмаған саз балшықтардың,
құмтастардың және алевролиттердің бір қалыпсыз кезектесіп келуімен
көрсетілген. Қиманың төменгі жақ бөлігі құмайытты алевролиттік жыныстар
бағынышты линза тектес қабатшалары бар едәуір саз балшық. Жоғарғы жақ
бөлігінде құмтасты кешендер басым. Барлық қима бойынша құмайтты-сазды
жыныстар шашырақты, көмірленген өсімдік қалдықтарымен байытылған, олар
қиманың төменгі жақ бөлігінде айтарлықтай мөлшерде қабатшаларды түзеді.
Ярустық негізінде құйылу орнықтырылған.
Құмтастар сұр, сарылау-сұр, бұрыл, ұсақ түйіршікті және сазды-
алевролитті, полимикті, нашар жұмырланған. Құмтастардың және
алевролиттердің иілмелі материал кварцтан, негізінен регенерацияланған,
шпаттардан, сонымен қатар кремнилік, эффузивті, слюалы және басқа да
жыныстардан құралған.
Цемент сазды-хлоритті және сирек-кварцты-регенерациялық. Саз балшықтар
негізінен, қанық-сұр, тіпті қара сирек болса да бұрыл түсті, құм тасты,
алевритті, көмірленген органикасымен едәуір күшті қанықтырылған, оларда жиі
монайлық топырақтың қалдықтары қатпарланады. Түпкі жүйелерде литологиялық
және фациалдық өзгергіштігі нақтылы қабаттық коорреляцияны айтарлықтай
дәрежеде қиындатады.
Байостық ярусқа ХІ,Х,ІХ,УШ өнімді және сулы горизонттары кіреді,
ярустық жалпы қалыңдығы 335-365 метр.

Баттық ярус (J2 bt)
Баттық ярус үшін олармен көтерілген саз балшықты қабатшалары бар
алевролитті бумалар қалыңдығы 30-50 метрге дейін болатын ірі құмтастардың
кезектесіп келуі тән. Құмтастар сұр, қанық-сұр, бұрыл-сорғыш-сұр, ұсақ
түйіршікті, алеврит-сазды, бұрышты, жартылай жұмырылған. Құмтастардың және
алевролиттердің құрамы полимикті, көпшілік бөлігі далалық сипатпен,
хлоридтенген слюидтермен және басқа да жыныстармен, жиі регенерацияланған
кварцпен көсетілген. Үгітілмелі материал жарықшақты. Цемент саз балшықты,
карбонатты, базальт тектес, кварцті-регенерациялық.
Баттық саз балшықтар қанық-сұр, қанық-қоңыр, жасыл-қанық-сұр, тығыз,
құмайытты және алевритті, каолинит-гидрослюидті-монтморилонит ті. Осы саз
балшықтардың ерекшеліктері жанартаулық шынымен байытылғандығы болып
табылады.
Баттық ярусқа VІ,V өнімді және ІV сулы горизонттары жатады, ярустық
жалпы қалыңдығы 225 метр.

Жоғарғы бөлім (J3)
Жоғарғы юралық жүйе келловейлік, оксфордтық кимериджтік және титондық
ярустармен көрсетілген, олардың жалпы қалыңдығы шамамен 450 метрді құрайды.

Келловейлік ярус (J3 k)
Келловейлік ярустық шөгінділері бағынышты құмайтты-алевролиттік
жыныстардың қабатшасымен көрсетілген, олардың төменгі бөлімінде І және ІІ
өнімді горизонттар бөлінеді.
Келловейлік ярустық құмтастары сұр, жасыл-сұр, ұсақ түйіршікті, күшті
алевриттік, нашар іріктелген, көмір тектес. Иілмелі материал кварцпен,
далалық шпатпен, кварцпен, кремнилік, эффузивті және басқа да жыныстармен
көрсетілген.
Саз балшықтар жасыл-сұр, қанық-сұр, сирек бұрыл түсті, тығыз,
алевритті, құмтасты, монтмориллонитті гидрослюидті құрамды.
Саз балшықтардың карбонаттылығы мергел қабатшаларының және карбонат
сазды құм тастардың кездесетін жерлерінде, қима бойынша өседі.
Барлық қима бойынша көмірленегн өсімдік қалдықтары кездеседі. Ярустық
орталық бөлігінде түпкі жүйелердің қалдықтары бар қазбалы топырақ қабатшасы
жатыр. Ярустық жалпы қалыңдығы 87-113 метрді құрайды.

Оксфордтық ярус (J3 о)
Оксфордтық ярус үшін қиманың төменгі жақ бөлігінде саз балшықтар басым
сазды-карбонаттық жыныстардың қалыңдығы тән. Саздар тығыз, сұр, жасыл және
бұрыл түсті, мергел тектес, алевролиттік, гидрослюидті- монтмориллонитті.
Мергелдер пелигоморфті –микро түйіршікті, сазды-кальцитті, алеврит тектес.
Сол сияқты таза және сазды әктастар кездеседі пелитоморфті, ұсақ кристалды,
жарықшақты, сирек те болса алевролиттің және майда түйіршікті құмайттардың
қуаты аз қабықшалары кездеседі. Оксфордтық шөгінділері көрінбейтін
үйлесімсіз келловейлік ярустың жыныстарының үстінде жатыр. Ярустың
қалыңдығы 230-260 метр.

Кимериджтік ярус (J3 km)
Кимериджтік ярустың шөгінділері оксфордтыққа жатады және мергель мен
доломит қабатшалары бар 30-50 пайызға доломиттелген және қайтадан
кристалданған әктастармен, саз балшықтармен, алевролиттермен майда
түйіршікті құмтастар мен кристалдық әктастармен көрсетілген. Әктас тілік
ретінде шектелген. Ярустың қалыңдығы 8-93 метр.

Бор жүйесі (К)
Тез бұрыштық үйлесімсіз бор шөгінділері юра шөгінділерінің жуылған
бетінде жатыр және жүйенің сегіз бөлімдерімен көрсетілген. Өзінің
литологиялық ерекшелікетері бойынша бор шөгінділерінің барлық қималарын
төменгі терригенді-карбонаттық, орталық терригенге бөлуге болады. Жалпы
қалыңдығы 1200 метр.

Палеогендік жүйе (P)
Палеогендік шөгінділер лезді бұрыштық неогенмен бор шөгінділерінің
жуылған бетінде жатады. Палеогендік шөгінділердің қалыңдығын төменгі
карбонатты-терригендік және жоғарғы-терригендік деп бөлуге болады. Жалпы
қалыңдығы 163-203.

Неогендік жүйе (N)
Неогендік шөгінділер бұрышты үйлесімсіз қиманың төменгі жақ бөлігінде
терригенді-карбонаттық жыныстармен кезектесіп келген және жоғарғы жақ
бөлігінде тығыз шектелген әктастармен көрсетілген палеогендік шөгінділердің
жуылған бетінде жатыр. Жалпы қалыңдығы 100-150 метр.
Жоғарыда қима бойынша жалпы қалыңдығы 5-10 метрді құрайтын төрттік
жастағы құмдар мен саздар жатыр.

1.4 Тектоника

Жетібай кен орны белгілі болғандай, Оңтүстік-Маңғышлақ майысуының
шегінде тұр, оған тән ерекшелік, оның көлденең құмды-ракушкалы көтерілу
аймақтары. Қараудандық білек тәрізді тоқының және Қараудандық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Батыс Қазақстан облысындағы басты кен орындар
Қазақстандағы қорғасын – мырыш кен орындары
Іңкәй кен орнының уран арқылы кенденуі
БАТЫС ЖЕТІБАЙ КЕН ОРНЫНЫҢ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ
Қазақстан кен орындарының әлемдегі және экономикадағы орны
Өзен кен орны жайлы жалпы мағлұматтар
Қазақстанның мұнай-газ потенциалы
Жер асты қазба байлықтары
Табиғи фосфорқұрамдас шикізат кенорындары
Пайдалы қазбалардың негізгі түрлері мен сипаттамасы
Пәндер