Каспий теңізінің солтүстік акваториясын сейсмобарлаумен зерттеу


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

НЕГІЗГІ бӨлім2

1. 1 Қашаған кен орыны жөніндегі жалпы мағлұматтар2

1. 2 Геологиялық зерттелгендігі туралы мағлұматтар. 5

1. 2. 1 Орындалған жұмыстар көлемі және олардың нәтижелері. 5

1. 3 Кен орын тектоникасы. 8

1. 4 Геологиялық құрылымы. 9

1. 5 Мұнайгаздылығы12

1. 6 Флюидтердің физико-химиялық қасиеттері. 14

1. 6. 1 Қабат мұнайының қасиеті. 14

1. 6. 2 Мұнай мен газдың компоненттік құрамы. 17

1. 6. 3 Газсыздандырылған мұнайдың физико-химиялық қасиеті. 18

ҚОРЫТЫНДЫ21

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР22

НЕГІЗГІ бӨлім

1. 1 Қашаған кен орыны жөніндегі жалпы мағлұматтар

Қашаған кен орыны Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігінің шельфтік аймағында орналасқан, ол әкімшілік жағынан Атырау облысына қарайды. Кен орынның солтүстік-шығыс шекарасы Атырау қаласынан 75км қашықтықта орналасқан. Аджип ККО іс-әрекеті аймағына Қашаған кен орны орналасқан акватория бөлігі ғана емес, сондай-ақ Атырау, Маңғыстау облыстарының теңіз жағалаулары да кіреді. Осы аймақтың әкімшілік орталықтары Атырау және Ақтау қалалары болып табылады. Осы аймақтардың теңіз жағалауларына адамдардың қоныстануы біркелкі емес, жағалаудың өзін мезгіл-мезгіл су басуымен байланыстың жоқтығынан аз қонысталған, бірақ жағалаудың адамдар қоныстанған аймағында халықтың тығыздығы (квадрат километрге 6 адамнан) обылыс бойынша қоныстануға (квадрат километрге 3-3, 9 адамнан) қарағанда жоғары.

Балық шаруашылығы дамыған Урал дельтасы ауданында ауыл халқының қоныстану тығыздығы салыстырмалы жоғары. Сондай-ақ мұнай-газ өндіру региондарында да халықтың қоныстану тығыздығы анағұрлым жоғары.

Өндірістік іс-әрекеттің барысында жер қойнауын пайдаланушыға қиыншылық тудыратын Солтүстік Каспийдің белгілі бір ерекшеліктері бар. Негізгі ерекшеліктері мынадай:

тайыз сулы (0-10м) ;

түсінілуі қиын теңіз деңгейінің ұзақ уақыт өзгеруі;

қыс мезгілінде мұз жабынының қалыптасуы, теңіз конструкциясының айналасында мұздардың қозғалысы;

температураның мезгіл аралық өзгергіштігінің жоғарылығы;

биологиялық өнімділігі жоғары аймақтардың, әсіресе Орал және Жайық дельтасында, солтүстік жағалаудағы су өсімдіктерінде және кең байтақ жағалаулық тайыз суларда болуы;

бағалы қызыл балық түрлерін қоса, әр түрлі балық түрлері жүретін, көбейетін және қоныс аударатын басты аймақтардың болуы;

ұя салу мерзімінде, көктемгі-жазғы мерзімде немесе осы аудан бойынша көктемде және күзде қоныс аударғанда жағалау аймақтарын пайдаланатын халықаралық маңызы зор су құстарының көп санының болуы;

берілген аймақта күзден көктемге дейін тіршілік ететін және қыста мұз

үстінде көбейетін Каспий итбалықтарының популяциясының үлкен бөлігінің болуы;

Солтүстік Каспий жоғарғы экологиялық сезімтал аймақ болып табылады. Мұнда жағалаулық аймақта тіршілік ететін халықаралық маңызы бар құстарды, балықтарды және қысқы мерзімде Каспий итбалықтарының жоғарғы популяциясын қосқанда маңызды биоресурстар бар. 1974 жылы ҚазақССР министрлер кабинеті Каспий теңізінің солтүстік аймағын табиғаты қорғалатын аймақ деп белгіледі, бірақ бұл 1991 жылы зерттеуге мүмкүндік беретін жарлықпен өзгертілді.

Екі айқын көрінетін жыл мерзімі бар. Жазғы мерзім (мамыр-қазан) жоғарғы температурамен сипатталады, қысқы (қараша-сәуір) мерзім төмен температурамен және жағалауға жақын тұтас мұз жабынымен, Шығыс Қашағанда тұтас мұз жабынының үздік-үздік болуымен, сондай-ақ мұздар қозғалысымен сипатталады. Объектіде орташа күндізгі температура амплитудасы +30, -30 о С аралығында. Экстремалды тұрақсыз температура диапазоны +40, -40 о С аралығында. Көктемде теңіз температурасының ең төменгі мәні орташа алғанда наурызда -0, 8 о С, ал ең жоғарғы мәні орташа алғанда 24, 7 о С, бұл қыркүйекте байқалады. Теңіз бетінің салқындауы тамыздың аяғында, қыркүйектің басында басталады. Қысқы мұз жабыны әдетте қарашадан наурызға дейін сақталады.

Желдің орташа жылдық жылдамдығы 5-6м/с. Қаңтардан сәуірге дейін желдің ең жоғарғы жылдамдығы байқалады. Тарихи мәліметтер бойынша жел жылдамдығы 15м/с -тан асып кететін жылына орташа алғанда 30-40 күн бар. Әдеби мәліметтерге сәйкесті ең күшті борандарда солтүстік жел жылдамдығы 40м/с.

Каспийдің солтүстік-шығысының бұлттылығы да айқын көрінетін мерзімдік өзгергіштігі бар:

орташа алғанда қыста жағалаудағы бұлттылық ашық теңіз үстіндегі бұлттылықтан төмен;

көктемде теңіз үстіндегі бұлттылықтың орташа балы жағалау үстіндегіден төмен;

жазда жағалау үстіндегі бұлттылықтың орташа балы теңіз үстіндегіден төмен;

Солтүстік Каспийдің шығыс жағалауы Каспий теңізінің басқа регионына қарағанда құрғақ, себебі регионда жауын-шашынның көп түсуін қамтамасыз ететін, Атлант мұхитының ылғалды ауа массасы әлсіз келеді. Соңғы 50 жылда жауын-шашынның орташа жылдық түсу нормасы 210 мм құрады. Жауын-шашынның түсу ұзақтығы қысқы айларда жауын-шашынның жалпы саны минималды болғанда жоғары, ал қардың жаууы, мысалы боран болғанда максимумға жетеді. Жазда жаңбырлар қысқа мерзімді, бірақ күшті. Теңіздің солтүстік-шығысында судың салқын бетіне континенттен анағұрлым жылы ауа ағысының келуі себебінен наурызбен сәуірде тұман түсуі анағұрлым жиі болады. Тұмандардың болуының орташа ұзақтығы 7-8 сатыны құрайды.

Іс әрекет ету аймағы теңіз түбі жазық және иілген баурайлардан тұрады. Солтүстік-шығыс Каспийдің балық жерінде су тереңдігі тайыз және тұрақсыз. Солтүстік-шығыс Каспийдің 80%-ң тереңдігі 5 метрге жетпейді. Батыс Қашаған учаскісінде тереңдік 7-8 метрді, ал шығыс Қашаған учаскесінде 3, 6-4, 8 метрді құрайды. Теңіздің орташа деңгейінің айтарлықтай ұзақ уақыт тербелісі байқалады. Каспий теңізінің деңгеиі 1975 жылдан 1977 жылға дейін 3 метрге түскен, бірақ 1977-1994 жылдар аралығында 2, 4 метрге көтерілген. Орташа жылдық деңгейі 1995-1996 жылдары 0, 2 метрге қысқарған, бірақ 1997-1999 жылдары аралығында тұрақты болып қалған.

Сондай-ақ судың орташа мерзімдік деңгейі де өзгереді. Жазда орташа алғанда су деңгейі теңіздің орта жылдық деңгейінен 0, 2 метрге жоғары, қыста 0, 1 метрге төмен және су мұз жамылып жатады. Астрономиялық судың көтерілуі тәжірибеде болмайды. Желдің әсерінен әдетте 0, 5тәуліктен бірнеше тәулікке дейін болатын су деңгейінің өзгеруі орын алады. Шығыс Қашағанда 0, 3-0, 4 метр шегінде болатын судың түсуімен көтерілуі жылына бірнеше рет болады. Толқын биіктігі жел аумағынан, су тереңдігінен, теңіз деңгейінің рельефінен тікелей тәуелді болады. Шығыс Қашағанда ең үлкен толқын биіктігі 1-2 метрге дейін бағаланады, ал Батыс Қашағанда су тереңдігінің артуымен толқынның ең үлкен биіктігі 2 метрден 3 метрге жетеді.

Қысқы мерзімде, желтоқсаннан наурызға дейін Каспий теңізінің солтүстік бөлігі мұз жамылып жатады. Қозғалатын мұздардың бөліктерінің қалыңдығы жолда кездесетін кедергілерге түсіретін ең үлкен жүктемені анықтайды. Мұз қалыңдығы (әсіресе қыста) 0, 5 метрге жетуі мүмкүн және мұз қабаттары жел әсерінен болатын қозғалыстан қалыңдығы үлкен мұздардың қалыптасуы мүмкін. Мұз жабынының болуы толқын көтерілуін болдырмайды. Бірақ жылылау қыс мерзімінде мұзды теңіз дауылдары болуы мүмкін. Осындай дауылдар жағалау литологиясын бұзатын әсер тигізуі мүмкін.

Каспий теңізінің солтүстігінде, Қазақстан Республикасында Атырау, Ақтау, Баутино қалаларында порттар бар. Әрбір порттың ерекшеліктеріне байланысты Баутино портының көп артықшылығы бар:

жылдың он екі айында мұз болмайды, салыстырмалы түрде жұмыс учаскесіне жақын жерде орналасқан, табиғи гаваньмен жақсы қорғалған;

тереңдігі жабдықтаушы кемелердің және қосымша теңіз транспортының жүріп өтуіне жеткілікті;

- қысқы мерзімнен басқа уақытта Еуропа елдерінен, Жайықтан келетін кемелер үшін тікелей байланыс бар;

жұмыс күшінің тепе-тең нарқы бар;

Ақтаудан құрлық бойынша қосымша қамтамасыз ету мүмкіндігі, сондай-ақ қысқы уақытта Жайыққа кемелердің шектеулі өтуін қоспағанда, жылдың он екі айында теңізден қамтамасыз етілу мүмкіндігі;

Ақтауға жақын ақырғы темір жол бекетіне 100 км қашықтықта орналасқан;

жергілікті сумен қамтамасыз ету жеткілікті;

тікелей жақын жерде теңіз қамтамасыз ету базасы бар және оны кеңейтуге жер жеткілікті;

бұрғылау шламдары үшін қалдықтарды пайдаға асыруға арналған учаскелерді игеруге ыңғайлы жанында аймақтар бар;

Солтүстіл-батыс Қазақстанда, Ақтау, Атырау, Орал, Ақтөбе қалаларында әуежайлар бар. Халықаралық байланыс Ақтау және Атырау әуежайларынан ТУ-134, ТУ-154, АН-24 және Боинг-737 ұшақтарымен жүзеге асырылады. Көптеген халық қоныстанған жерлерде тікұшақ қонатын алаңдар бар. Регионда адамдар мен жүкті тасымалдаудың негізгі көлемі темір жол транспортының үлесіне тиеді. Сондай-ақ Атырау мен Ақтау қалаларын, Баутино және Ақтау порттарын қаламен байланыстыратын авто көлік жолдары бар. Бірақ жолдардың сапасының төмендігінен авто көлік мүмкіндіктері шектелген. Атыраудан Баутиноға дейінгі жол қазіргі уақытта өте төмен жағдайда, ал Ақтаумен Баутино арасындағы жол қанағаттанарлық жағдайда. Шығыстан тасымалдау (Алматыдан) қашықтықтың ұзақтығынан, жолдардың жағдайының төмендігінен тиімсіз. Мұнайды, газды, өңделген өнімдерді және суды тасымалдауға арналған құбырлар жүйесі регионда ең дамыған болып табылады. Құбыр желілері Батыс Қазақстан мұнай кәсіпшіліктерін Ресеймен байланыстырады және көмірсутектерді шет елдерге шығаруға қолданылады. Сондай-ақ мемлекет ішінде мұнайды тасымалдауға арналған ішкі регионалдық құбыр жүйелері бар. Қосымша құбыр желісі жүйелерінің құрылысы жоспарлануда.

Маңғыстау облысының солтүстігінде, Баутинода порттан басқа теңіз жабдықтау базасы бар. Қазіргі уақытта теңіз жабдықтау базасында келесі құрылымдар бар:

бөлінген, жылумен қамтамасыз етілген қоймалық бөлмелер;

құбырларға арналған стеллаждар;

ашық аспан астындағы қоймалар;

сұйық және құрғақ бұрғылау ерітінділеріне арналған механикаландырылған қоймалар;

- бұрғылау шламдарын өңдеуге арналған ;

29 бөлмесі, асханасы, кір жуатын бөлмесі бар 34 адамға арналған лагерь;

телекоммуникация жабдықтары және жарықтандыру мұнаралары;

өртке арналған сулар сыйымдылықтары;

10 кеңсе, аурухана және 6 кеңсе;

қоршаулар, қақпадар, дабыл жүйелері;

база аймағының шегінен тыс, солтүстігінде тік ұшақ алаңы;

- Ақтау-Атырау пойыз жолдары;

Бұдан басқа теңіз базасы ауданында бұрғылау қалдықтарын өңдейтін қондырғы бар. Регионда, Аташ ауылы маңында бермдермен жасанды аралдар құрылысына жарамды әктастарды өндіруге арналған карьерлер бар.

1. 2 Геологиялық зерттелгендігі туралы мағлұматтар.

1. 2. 1 Орындалған жұмыстар көлемі және олардың нәтижелері.

Каспий теңізінің Қазақстанға тиісті шельфі геологиялық тұрғыдан анағұрлым нашар зерттелген аймақ. Шельфтің Қазақстанға тиісті бөлігін геолого-геофизикалық зерттеу 50 - жылдары басталған, ол 1980 жылы екпінді қайтадан қалпына келтірілген және қазіргі уақытқа дейін жалғасуда. Қазіргі уақытқа дейін шельфтің Қазақстанға тиісті бөлігі аэромагниттік және гравимагниттік суретке түсірумен, сондай-ақ МОГГ сейсмобарлаумен зерттелген. Негізгі геолого-геофизикалық жұмыстардың тізімі және қысқаша нәтижелер кесте (1. 2. 1 кесте) түрінде келтірілген. Барлық орындалған жұмыс түрлері туралы нақты мәліметтер (4) - жұмыста келтірілген.

Кесте 1. 2. 1 Геолого-геофизикалық жұмыстардың қысқаша нәтижелері.

Жұмыстарды жүгізген ұйымдар атауы, жыл
Жұмыстар түрі және масштабы
Зеттеулердің негізгі нәтижелері.
: 1
Жұмыстарды жүгізген ұйымдар атауы, жыл: ВНИИ геофизика, 1950-1952 жылдары
Жұмыстар түрі және масштабы: Аэромагниттік суретке түсіру, М1:1
Зеттеулердің негізгі нәтижелері.: Әрбір 100мэрстед сайын изокүш қимасы бар, М1:1 магниттік карта тұрғызылған.
: 2
Жұмыстарды жүгізген ұйымдар атауы, жыл:

«Казнефтегазгеофиз

разведка» 1954 жыл

Жұмыстар түрі және масштабы: Гравиметрикақ суретке түсіру, М1:5
Зеттеулердің негізгі нәтижелері.: Әрбір 10мгал сайын изоаномал қимасы бар, М1:5 гравиметрикалық карта тұрғызылған.
: 3
Жұмыстарды жүгізген ұйымдар атауы, жыл: ВНИИ геофизика, 1962-1967 жылдары.
Жұмыстар түрі және масштабы: Гидромагниттік зерттеулер, М1:5
Зеттеулердің негізгі нәтижелері.: 10х10км торап бойынша гидромагниттік зерттеулер жүргізілген.
: 4
Жұмыстарды жүгізген ұйымдар атауы, жыл: «Спецгеофизика» 1970 жыл.
Жұмыстар түрі және масштабы: Аэромагниттік суретке түсіру, М1:1
Зеттеулердің негізгі нәтижелері.: Каспий маңы ойпатының шекарасы зерттелген, тереңде орналасқан құрылымдар туралы мәліметтер алынған.
: 5
Жұмыстарды жүгізген ұйымдар атауы, жыл: «Южморнефтегаз геофизика», «ГП Шельф» (Геленжик), 1975-1993 жылдар.
Жұмыстар түрі және масштабы: МОГГаймақтық және нақты жұмыстар.
Зеттеулердің негізгі нәтижелері.: Қабат горизонттары бойынша құрылымдық карта тұрғызылған, Қашаған, Мұрынжыра, Адай ірі қабат құрылымдары анықталған.
: 6
Жұмыстарды жүгізген ұйымдар атауы, жыл: Трест «Эмбанефтьгеофиз», 1988 жыл
Жұмыстар түрі және масштабы: МОП «3 аймақтық профиль»
Зеттеулердің негізгі нәтижелері.: Қайраңның қабат құрылымы анықталған.
: 7
Жұмыстарды жүгізген ұйымдар атауы, жыл:

«Казахстанкаспий

шельф» 1994-1996 жылдар.

Жұмыстар түрі және масштабы:

МОГГ М1:2, М1:1,

М1:5.

Зеттеулердің негізгі нәтижелері.: Каспий теңізінің Қазақстанға тиісті бөлігінің регионалдық геологиялық үлгісі жасалған, 1:25, 1:5 масштабта қабаттардың құрылымдық картасы жасалған, Қашаған, Ақтоты, Қаламқас құрылымдары анықталған.

Қашаған құрылымы алғаш рет сейсмобарлау мәліметтері бойынша анықталған болғандықтан төменде тек осы жұмыстардың сипаттамасы келтіріледі. Каспий теңізінің солтүстік акваториясын сейсмобарлаумен зерттеу «Южморнефтегеофизика» трестінің (Ресей) «Шельф» мемлекеттік кәсіпорнымен, 1975-1993 жылдар аралығында жүргізілген және жұмыс көлемі 8000 км құраған.

Жұмыстар нәтижесінде 40-қа жуық тұз күмбезді құрылымдар нұсқаланған, 4 тұз асты палеозой дөңестері анықталған, олардың анағұрлым ірісі Қашаған, Мұрынжыра, Адай дөңестері. Қашаған дөңесі 6 күмбезбен күрделенген ендік бағытта пішіні күрделі.

1988 жылы «Эмбанефтегеофизика» тресті теңіздің солтүстік-шығыс жағалаулық бөлігінде, Приморскі дөңесінің теңіздік жалғасында қосынды ұзындығы 52. 7 км МОП 3 сейсмикалық профилі жасалған. Жұмыстар нәтижесінде Қайраң тұз асты құрылымы, оның соңында П1 горизонты 3600 тереңдікте анықталған, құрылым өлшемдері 16х15км, дөңестің батыс периклиналы нұсқаланбаған.

1994 жылы 13. 02. 1993 жылғы №97, 09. 06. 1993 жылғы №488, 23. 09. 1993 жылғы №936, 03. 12, 1993 жылғы №215 ҚР Министрлер Кабинетінің Қаулыларына сәйкесті Каспий теңізінің Қазақстандық секторындағы шельфтік кен орындардың дамуы мен бағалануы бойынша Мемлекеттік Бағдарлама жасалған. Бағдарламамен «Каспий теңізінің Қазақстандық секторында геологиялық құрылымын зерттеу, сектордың және жағалаудың мұнайгаздылығының болашағын бағалау, сондай-ақ сейсмикалық іздеу жұмыстарын бекіту үшін бастапқы объектілерді анықтау мақсатында 1995-1997 жылдар аралығында сейсмо-барлау жұмыстарын жүргізу» міндеті белгіленген.

2Д сейсмо-барлау жұмыстары белгіленген уақытта орындалған.

Жұмыс нәтижелері және толық қамтитын интерпретация « 1994-1996 жылдардағы Каспий теңізінің Қазақстандық секторындағы геофизикалық және геологиялық жұмыстар» есеп беруінде келтірілген (5) . Есеп беру 1997 жылы наурызда бірнеше халықаралық мұнай компанияларын және «Казахстанкаспийшельф» қысқаша мағлұматтар келтірілген.

Жүргізілген 2Д аймақтық сейсмикалық зерттеулер Каспий теңізінің Қазақстандық секторының солтүстік және орталық бөлігінде 1 кв. км. аймақты қамтиды. Қашаған құрылымында сейсмикалық тор 4х4 км. құрайды және көптеген сызықтар теңіз сейсмобарлау желілерінің, трансмұхит табиғи желілерінің (ОВС) көмегімен алынған мәліметтердің қосындысы болып табылады, мұнда берілген регионның су тереңдігінің әртүрлігі есепке алынған.

Бұдан басқа бұл зерттеуде Ресейдің «Шельф» геофизикалық компаниясымен 1986-1991 жылдарда атқарылған және қайтадан Westero Atlas компаниясымен өңделген 4347км. сейсмикалық профил сарапталған. Бірақ бұл мәліметтердің сапасы 1995-1996 жылдардағы зерттеулер сапасынан төмен болған, сондықтан олар қосымша мәліметтер ретінде қолданылған. Өңделген 794 км. жер беті профилі де төмен сапалы болған, олар құрлықта ұқсас құрылымдармен салыстыру үшін қолданылған.

Екі өлшемді сейсмикалық мәліметтерді өңдеу нәтижесінде үзінді уақыттық қималар алынған, жағалаулық ұңғымалар мәліметтерімен және өзгермелі сейсмикалық профилдермен салыстырылып түзетілген. Келесі құрылымдық тұрғызулар орындалған:

каспий теңізінің солтүстік секторында (зерттеу аймағы солтүстік және оңтүстік секторларға бөлінген) бор, юра табандарына, перм тұздары, таскөмір карбонаттары жабынына, тұз табанына, жанартау жыныстартарының орта визейлік және девон шөгінділеріне ұштасқан III, V, VI және П1, П2, П3, ЖРА (жоғары радиоактивті аймақ) қабаттары бойынша құрылымдық карта тұрғызылған. III-V, V-VI, V-П1, П1-П2, П2-ЖРА, П1-П3 қабаттары арасы бойынша изохор және изопахиткарталары тұрғызылған;

каспий теңізінің онтүстік секторында палегон, бор шөгінділеріне, юра, триас, палеозой табандарына ұштасқан I, III, VI, V2 және PZ қабаттары бойын-ша құрылымдық карта, I-III, III-VI, VI-P2 қабаттары бойынша изохор және изо-пахит карталары тұрғызылған.

Бұрын белгілі болған құрылымдар дәлелденген, сондай-ақ зерттелген дәрежелері, өлшемдері, болашағы бойынша ерекшеленетін жеке құрылымдардың көп саны алғаш рет анықталған. Бұлар мұнайлылығы жағынан болашағы бар, тұз асты және тұз үсті кешендеріндегі 53-ке жуық құрылым-дар, тұз асты палеозой дөңестерінің ең ірісі - Қашаған.

Осылайша, Қашаған алаңында алғашқы іздеу ұңғымаларын бұрғылау үшін құрылымдық негізге 1995-1996 жылдары Каспий Теңіз Консорциумы орындаған 2Д сейсмикалық жұмысы алынды.

1. 3 Кен орын тектоникасы.

Қашаған құрылымы тектоникалық тұрғыдан Каспий маңы ойпатының борттық аймағының оңтүстік бөлігінде орналасқан (1. 3. 1сурет) . Ол оңтүстігінде Карпин қатпарлы белдеуімен, шығысында Урал тауларының қатпарлы белдеуімен, ал солтүстік және батыс шекаралары Шығыс Еуропалық материгінің (Орыс платформасы) шығыс шегімен қалыптасады.

Қашаған карбонаттық құрылымы артин саздарымен және кунгур тұздарымен бөлінген фамен (жоғарғы девон) ярусынан баликир (орта тас көмір) ярусына дейінгі шөгінділермен көрсетілген. Алдыңғылары осында бар көмірсутектер кеніші үшін қақпақ қызметін атқарады. Кен орынның геологиялық үлгісі құрлықтағы ұқсас құрылымдар, атап айтқанда - Теңіз, Қаратон, Королевская, Тәжіғали, Пустынная құрылымдары туралы мәліметтер негізінде алынған және құрылымның шығыс, батыс бөліктеріндегі бұрғыланған Шығыс Қашаған-1, 2 және Батыс Қашаған-1 ұңғымаларын бұрғылаумен дәлелденген.

Крунгур тұздары шөгінділері бойынша (П1 қабатын көрсететін) Қашаған құрылымы беті үлкен дәрежеде тегіс және иілу бұрышы 50-60 күрт құламалы иірімді кең платформа болып табылады [5] . Құрылымның екі кең платформалық бөлігі бар: ені 15км ермен байланысқан Шығыс және Батыс Қашаған. Қалыптасқан тұзасты массив оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа бағытталған және оңтүстік-батыста -3800м. -4300м. тереңдіктен оңтүстік-батыс бағытта иілген. Шекті тұйық изогипса анықталған 4950м. және Қашағанның солтүстік-шығыс шекарасындағы ермен шектеледі, мұнда құрылым Қайраң құрылымымен шектеседі. П1 қабатын кескіндейтін берілген изогипса бойынша құрылымның тұйықталуы үш сейсмикалық профилдермен дәлелденген. Дөңес амплитудасы 1000м. және өлшемдері 75х75км. ШҚ-1, БҚ-1 ұңғымаларын бұрғылау мәліметтері бойынша құрылымдар құрылысы негізінен [6, 7, 8] дәлелденеді.

2Д сейсмобарлау жұмыстарының нәтижесі бойынша алынған П2 қабатын (таскөмір карбонаттарыныңжабыны) кескіндейтін құрылымдық карта ШҚ-1 ұңғымасын бұрғылау мәліметтерімен анықталған болатын. 4620м. изогипса шегінде құрылым өлшемі 75х75км. және дөңес амплитудасы 760м.

1. 3. 1- сурет. Каспий маңы ойпатындағы Қашаған кен орнының орналасуы

1. 4 Геологиялық құрылымы.

Қазіргі уақыттағы жұмысты құрастыру мерзіміне Қашаған кен орнында тереңдіктері 517м, 4991м, 4142м ШҚ-1, БҚ-1, ШҚ-2, үш ұңғыманы бұрғылау аяқталған. ШҚ-2 ұңғымасы туралы мәлімет өңделуде, сондықтан ұңғыманың ашылған қимасының литолого-стратиграфиялық сипаттамасы карбонатты платформаның ішкі бөлігінде орналасқан БҚ-1 және ШҚ-1 екі іздеу ұңғымаларының нәтижелері, [6, 7, 8, 9] жұмыстары мәліметтері бойынша жүргізілген.

Қашаған кен орнында ашылған шөгінді жыныстар төрттік, девон шөгінділерінен тұрады. Стратиграфиялық бөлінуі 1. 4. 1 кестесінде -ШҚ-1 ұңғымасы бойынша 2000 жылдың тамызына дейінгі және БҚ-1 ұңғымасы бойынша 2001жылдың сәуіріне дейінгі зеріттелген жағдайы бойынша келтірілген .

Фамен ярусы көлеміндегі жоғарғы девондық шөгінділер органогенді-сынықты, органогенді-детритовты және өсімдік қалдықты әктастардан жиналған. Қиманың жоғарғы бөлігінде кристалл әктастардың үлесі артады. ШҚ-1 ұңғымасында ашылған шөгінділер қалыңдығы 328м.

Кесте 1. 4. 1- Стратиграфиялық бөлу.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Каспий теңізінің экологиялық жағдайы
Қазақстанның мұнай өнеркәсібі және оның экологиясы
Каспий өңірінің экологиялық мәселелері
Экологиялық проблемалар туралы мәлімет
Қазақстанның су қоймалары
Арал, Каспий көлдерінің экологиялық проблемалары
Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасындағы каспий мәртебесінің мәселесі
Каспий мәселелері бойынша жалпы сипаттамасы және экологиялық жүйедегі орны
Маңғыстау өлкесінің экологиялық проблемалары
Каспий теңізі, құқықтық мәртебесі бойынша келіссөздердің жаңа кезеңі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz