Орталық облыстары кен орнынан


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе2

Негізгі бөлім3

1. 1. Геологиялық және экономикалық жағдайлар. 3

1. 2 Ауданның геология-геофизикалық зерттеу тарихы. 4

1. 3. Стратиграфия6

1. 4 Тектоника9

1. 5 Мұнайгаздылық11

1. 6 Жер асты сулары15

Қорытынды18

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі19

Кіріспе

Мұнай өнеркәсібі еліміздің экономикасында басты орындарының бірі болып табылып, әсіресе энергетикалық саласының дамуына ерекше зор үлесін қосады.

Жалпы, мұнай өнеркәсібі ауыр және жеңіл өнеркәсібтердің, ауылшаруашылығының және транспорттың дамуын жеделдетеді.

Қазақстан Республикасы - мұнайгаз және газдыконденсат кен орындарында өте бай мемлекеттердің бірі.

Осы курстық жұмыстың негізі болып отырған Құмкөл кен орнында игеру мен пайдаланудың көптеген әдістері қолданылып игеріледі.

Құмкөл кен орны 1984 жылдың басында Қазақстан Республикасы Геология Министрлігінің "Южқазгеология" ГӨО-дегі Оңтүстік- Қазақстан экспедициясы мен ашылады.

Фонтанды ағын алу Қазақстан Республикасындағы Оңтүстік-Торғай ойпатындағы өнеркәсіптік мұнай газдылығын растады.

1987 жылы ТМД-ның ҚЖМК-нің бекітуімен баланстық 153208 мың. тонна алынатын 89442 мың. тонна болып мұнай қоры бекітілді.

Негізгі бөлім

1. 1. Геологиялық және экономикалық жағдайлар.

Құмкөл кен орны Қазақстан Республикасының Жезқазған обылысы Жезді ауданында орналасқан Жақын елді-мекен теміржол шоғыры жосалы аудан кен орнынан 159 километр қашықтықта орналасқан. Орталық облыстары кен орнынан Қызылорда 200 километр, Жезқазған 174 километр қашықтықта орналасқан. Кен орнынан шығысқа қарай 116 километр қашықтықта тас жолы өтеді. Қызылорда-Жезқазған линиялық электр жүйесі кен орнынан 20 километр аралықта өтеді. Кен орнынан 230 километр шығысқа қарай Омск, Павлодар, Шымкент мұнай құбыры тартылған. Техникалық жұмыстар мен ауыз суға тереңдігі 80-100 метр жоғары бор су қабатынан алып пайдаланылады. Кен орнындағы тұщы судың құрамында фтор бар екені анықталып ауыз суды кен орнынан 60 километр қашықтықта орналасқан су скважинасынан тасымалдап әкелінеді. Алаң аймағындағы жергілікті халық жаз мезгілінде мал шаруашылығымен айналысады. Ауданның әлеуметтік экономикалық жағдайы нашар дамыған. Кен орнынан тек тас жолы бар. Жаз, күз мезгілінде бұл жолменен барлық көліктер түрі емін-еркін жүре алады. Ал, қыс мезгілінде қардың үйіліп қалуына байланысты көліктің жүруі қиындайды. Құмкөл кен орнының географиялық жағдайы теңіз деңгейінен 106-160 метр биіктікте орналасқан, негізінен бұл жер қырлы болып келеді. Ол нақты бедер белгілерімен белгіленген. Алаңнан Оңтүстікке қарай құмды Арысқұм массиві орналасқан және жартылай бекітілген түйіршік бүдір құмнан құралған. Арыс тұзды көлі толық кеуіп қалған. Батысқа қарай 15 километр жерде орналасқан 70-80 метр Чинк биіктігі өзгермейтін тегіс жердің көтеріңкі плитасы 150-200 метр бедер белгісі бөліп тұр.

Ауданның ауа-райы тез өзгермелі, мезгілімен тәуліктік ауаның температура тербелісі ылғалдылығы өте тапшы және аз мөлшерде отырады. Жазда ең үлкен температура +30 0 , +35 0 с ыстық, қыста -38 0 , 40 0 аяз. Жыл бойындағы түсетін ылғал мөлшері 150 мм дейін, негізінде қыс, күз мезгілдерінде түседі.

Оңтүстікке ағып жатқан Сырдария өзені кен орнынан 210 километр қашықтықта орналасқан. Жануарларды суару үшін алаңға жақын жерден Қызылорда гидрогеологиялық экспедициясымен өзгермейтін тегіс жерден артезиан скважинасы бұрғыланған.

Қазіргі кезде ГӨБ (ПГО) "Южказгеология" кен орны аймағында құрылыс материалдары бар екені анықталды.

1. 2 Ауданның геология-геофизикалық зерттеу тарихы.

Оңтүстік-Торғай ойпатының тиімділігі 1970 жылдың басқы кезінде жоғарғы Палеозой шөгінділерімен байланысқан. Ол гравитациялық өлшеміне мәліметтермен негізделген магнитті және геологиялық түсірген масштабы: 1:5 және 1:2 аналогиялық Қостанай седловинасы бойынша Чу-Сарысу депрессиясымен аймақтық сирек тарабындағы сейсмологиялық кескінінің жұмысын орындап болғаннан кейін Арысқұммен КМПВ және жыланшық ғылыми геологиялық зерттеулер жұмыстар нәтижесінде Юра-триас грабень синклиналы (68-72) және мезозой қимасында тиімдіге жатады.

Юра шөгінділерінің қимасындағы 2-к құрылымдық скважинасында, сонымен қатар 2-к Арысқұм көрсеткіш скважинасында, ал неоком шөгінділеріндегі 15-қ құрылымдық скважинасында мұнайдың алғашқы белгілері кездесе бастады. Турландық ГФЭ "Казгеофизика" өндірістік геология бөлімі аудан аймағындағы осы скважинадан 1983 жылы адымымен 4 километр сейсмопрофильді іздестіру жұмысы атқарылып Құмкөл ойпаты болады.

Осы жылы қосылған ІІІ шығыстырылған горизонт ойпатында І- іздеу скважинасында бұрғылау жұмысы басталып осы процесстерінде кейін 4-П сынау кезінде ақпан айының басында 1984 жылы жоғарғы неоком шөгінділерінен алғашқы мұнайдың атқылау ағысын алды, ал одан әрі жұмысын тереңдете түскенде Юра шөгінділерінен мұнай және газдың атқылауы болды.

Іздеу барлама жұмыстарының нәтижесінде 1984-1985 жылы Құмкөл кен орнын төменгі неоком, жоғарғы және ортаңғы Юра шөгінділерінде мұнай бар екені анықталды. Турандық геология- геофизикалық экспедициясы тексергенде Құмкөлдің өз ойпанынан ойпан пайда болып, оны Солтүстік Құмкөл деп атаған. Келешекті бұрғылау жұмыстары анықталады, ол жалғасып жатқан Солтүстік переклиналы болып табылады. 1987 жылдың басында қайта өңдеу нәтижесінде сейсмологиялық материалдық қиындатылған бағдарламасы бойынша Қазақстан методикалық тәжірибе экспедициясы батыс және шығыс учаскелерінің Құмкөл кен орнымен қиылысатын жері өнімді қабат болып табылады. Маңғышылақ мұнай бірлестігі 1987 жылы кен орнында пайдалану бұрғылау жұмыстарын бастап, қосымша оның өңдеу жұмыстарын бірге атқарды.

Құмкөл экспедициясы 1988 жылдың қаңтар айының бірінші жұлдызынан бастап Құмкөл мұнай бірлестігіне МГӨБ қарамағына беріліп өздігінен жекеше болып саналады.

1. 3. Стратиграфия

Құмкөл кен орнының қимасы мезозой, кайнозой шөгінділерімен көрсетілген.

Арысқұм ойпатында және кен орнында мезозой, кайнозой екі құрылымдық қабаттарға бөліктелінеді. Бөліктелінгендер аймақтық стратиграфияға келіспейді. Жоғарғы юралық және бор.

Юра жүйесі-J

Ортаңғы бөлік-J 2

Ортаңғы Юра шөгіндісі дощан скважинасына (J 2 d) бөлінген, олар қабаттасқан түрде, сұр аргелиттен құралған. Свитаның ермегіндегі бөлігінде жиі кездесетін біркелкі қабаттасқан құмтастар және аргелит қалыңдығы 12-ден және 56 метрге дейін, ал заты мұнайлы болып табылатын (горизонт Ю-ІV) свитаның төменгі жағындағы құрылымдық қабатында 4-6 метр аралығындағы көмір қабаты бар. Төменгі свитаның бөлігі Ю- ІV горизонты тыныс фундаментіне татитын жердегі қосымша құрылымдық бөлігіне қосылады.

Оңтүстік-батыс бөлігіндегі шөгінділеріне дощан свитасына толық қосылады. Ол оның қабатының қалыңдығы 219 метрге жетеді.

Арысқұм ойпатының грабень синклиналды свита құрылысы сазды болып, оның қалыңдығы 502 метрге дейін жетеді.

Бор жүйесі-К

Құрылымдық бұрғылау кескінінің мәліметтері бойынща бор шөгіндісі кен орнында және ауданда бөлінеді, даул және Қарашатау свитасының төменгі бөлігі, балапанның жоғарғы бөлігі және турансенон болып бөлінеді.

Төменгі бөлік-К 1

Неоком ярус үсті (К. Н. С) неоком ярусшасы даул свитасына бөлінген.

Аумақтық жылжуымен жатады және Қоскөл свитасының бұрыштық құрылуына келіспей төменгі және жоғарғы даул ярусшалары болып бөліктенеді. Төменгі даул ярусшасы негізінде Арысқұм горизонтының құрамын ұстап тұрады, яғни Құмкөл кен орнында көрсетілгендей құммен және қоңыр сазды қабатта карбонатты алевролит және саздан құралған.

Өнімді горизонты (М-І және М-ІІ) болып саналатын төменгі даул свитасының жоғарғы бөлігі саздан және карбонатты алевролиттен құралған саз қалыңдығы 113-163 метр. Бұл өнімді арысқұм горизонтының беткі сұйық тірегі болып саналады. Жоғарғы даул ярусшасы төменгі және ортаңғы қимасында біркелкі құм, қызыл түсті саз жынысты болып, ал жоғарысында сазды болып құралған.

Апт-альб ярусы (К -аlч)

Апт-альб шөгіндісі жуылып даул свитасында жатыр және қарашатау свитасына біріккен. Свита әлсіз цементтелген, сұр және әртүрлі түсті құмтастан тұрады. Свита қалыңдығы 250-350 метр.

Төменгі жоғарғы бөлік К 1-2

Альб-сеноман ярусы (К а l 3 -6) . Альб-сеноман шөгіндісі қарашатау свитасында жатыр және қызылқия свиталарына бөлінген, бұлар әртүрлі түсті саз алевролитінен құм, құмтас қабатшасынан және саздан құралған свита қалыңдығы 87-168 метр.

Туран ярусы (К 2 t) . Туран шөгіндісі балапан свитасына бөлінген. Ол қызылқия свитасына трансгресситі жатыр және сұр құмтаспен, жұқа көлденең қабаттардан жинақталған.

Свита қалыңдығы 82-ден 150 метр шегінде ауытқуынан тұрады. Мұнда көмір қалыңдығы және гладконт дәні бар. Жоғарғы туран-төменгі сенон (К 2 t 2 -S n2 ) . Бұл шөгіндінің қалыңдығы жуылып балапан свитасының жынысында жатыр. Литологиясы бойынша әртүрлі түсті ала құмнан және 123-236 метр саз қалыңдығы күйінде көрсетілген.

Жоғарғы сенон (К 2 - S n2 )

Жоғарғы сенон құрылымы шөгіндісінің шегі палеоген алдындағы туылу себебінен көптеген скважиналарда жинақталған қабатталған әктасты ақ құмнан және сұр сазбен құралған

Палеоген төменгі эоцен (Р 1 2 ) палеоген төменгі эоцен шөгіндісі жуылып жоғарғы бордан әртүрлі горизонттарда жатыр. Олар күңгірт сұр саздың қатты қаныққан көмір өсімдік детритімен және кварцглауконитті құмнан жинақталып сол күйінде көрсетілген. Олардың ең үлкен қалыңдығы 66 метрге жетеді.

Палеоген төрттік шөгіндісі (N-Q)

Палеоген төрттік жас шөгіндісі сыртқы Арысқұм иілімінің бөлігінде жетілген. Құмкөл құрылымына шартты түрде алаңның бетін жауып тұратын құм, супейс енгізілген. Олардың қалыңдығы 10 метрге жетпейді.

1. 4 Тектоника

Оңтүстік Торғай ойпаты туран плитасының солтүстік щығысында орналасқан. Ойпат бар полеогеннің табан бойындағы кешенінің шөгінділері теріс құрылым күйінде көрсетіліп, Ұлытау антиклиналының арасына тіркелген және оның Оңтүстік жалғасы шығыста, төменде Сырдария қосылған. Оңтүстік шығыс қыратымен қамтылған, ал солтүстігінде қостанай седловинасымен қамтылған. Өз ретімен Оңтүстік Торғай ойпаты екі иілімге бөлінеді.

Арысқұм, Майбұлақ седловинасына бөліктенген антиклиналды құрылымы Арысқұм иілімінің шегіне орналасқан. Бұндағы бор полеоген кешенінің қалыңдығы 1500-1700 метрге жетеді. Бұндағы триас-юра шөгіндісі өздігінен құрылымдық қабат құрап, ерекше маңызды болып, ең үлкен қалыңдықтың тартылуы және толық стратиграфиялық диапазоны жіңішке сызықтың грабень синклиналы гетерогенді негізінде геофизикалық мәліметтер бойынша Арысқұм иілімінің шегінде субмеридиональды грабень синклинал бағытында тартылған анықталды, бұрғылау жұмыстары нәтижесінде және оларды бөліп тұратын, тектоникалық бұзылулар нәтижесінде фундамент блоктарға бөлінеді. Солтүстік-батыс болып және солтүстік шығыс-шығысында созылып жоғалады.

Фундаменттің бұзылуы нәтижесі бір қатар горсты және грабеньге бөлінеді. Шығыс бөлігінің құрылымында горсты ойпаты айырықша бөлініп, оның көлемі 2, 5-3, 5 километр және ұзындығы 24 километр болғанда амплитудасы 320 метрге дейін барады. Фундаменттің бет жағының жатқан тереңдігі 1200-1620 метр құрайды. Юра шөгіндісінде оның екі құрылым беті көрінеді, оның бірі Құмкөл горизонтының жоғарғы юра ойпат ернегінің құрылуына шағылады, екіншісі құмтас шөгіндісі ернегінің ойпатын сипаттайды. Осы бет жағының біріншісі Ю-І өнімді горизонтының ернегіне байланысты, осы индексте горизонтының шағылысуы бар. Екінші беткі жағына ІV шағылысу горизонтына байланысты келесі ретпен өнімді ІV горизонтының жамылғысына дәл келеді. Құмкөл ІV шағылысу горизонт жамылғысы бойынша, өзін брахиантиклинал қыртысы бойынша көрсетеді. Қыртыс өлшемі изогипс бойында 1150 метр құрайды, ең үлкен амплитуда кезінде 160 метр.

Батыс жағында бұл жыныстың құлауы 1 0 30' құрайды, шығысында 2 0 30' қыртыс тектоникалық (F 1 , F 2 , F 3 ) бұзылуларымен қиындатылған. Көпке созылған F 2 амплитудасының кілт түсуі шығыстан 80-100 метр құрап қыртысты қамтиды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
1917 ж. Қазан төңкерісі және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы
Қазақстандағы экологиялық апат аймақтары
Қазақстанның экономикалық аудандары туралы
Кеңес мемлекетінің қалыптасуы және Қазақстан территориясындағы құқықтар
Батыс Қазақстанның экономикалық ауданы
Алаш партиясы багдарламасынын жобасы
XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Ресейдің Қазақстанға жүргізген саяси құқықтық реформалары
Ақпан төңкерісі. саяси партиялар мен ағымдар
Қазақстанның пайдалы қазбалары
Қазақстанда көмір қорымол
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz