Өзен кен орны жайлы жалпы мәліметтер



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 2
1 ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ 3
1.1 Өзен кен орны жайлы жалпы мәліметтер 3
1.3 Стратиграфия 8
1.4 Тектоника 14
1.5 Мұнайгаздылық 16
1.6 Сулылық 21
1.6.1 Қабат суларының физика-химиялық қасиеттері 23
ҚОРЫТЫНДЫ 25
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 26

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы үшін ең басты экономикалық мәселе
материалдық–техникалық базаны жасаудан маңызды роль ауыр индустрияға
тиесілі, және оның ішінде алдымен энергетика, қара металлургия,
мұнай, газ, химия және мұнайхимия өнеркәсіптері, машина жасау.
Қазіргі кезде материалдық өндірістің бірде – бір саласы мұнай
мен газ өнеркәсібінің өнімін пайдаланбай дами алмайды.
Мұнай мен газдың мұнайхимия өндірістерде шикізат ретінде
қолданудың өсуіне байланысты мұнай мен газ өнеркәсібінің ары қарай
жетілуі қарастырылған.
Өндіру тиімділігін жоғарлатуға рационалды игеру жүйелерін
қолдану, бұрғылау жұмыстарының технологиясын жетілдіру, олардың
техникалық жабдықталуын жақсарту, қабаттар мұнай бергіштігін
арттырудың қазіргі жаңа әдістерін кеңінен еңгізу және прогрессивтік
технологиялық процестерді пайдалану арқылы қол жеткізуге болады.
Өзен кен орны өнеркәсіптік игеруге 1965 ж. берілген. 1998 ж.
мұнай өндіру жоспары орындалған жоқ, бұған ең басты себептердің
бірі – игерудің басынан бастап ұсынылған жобалық технологиялық
ережелердің сақталмауы (су айдауға көшірілудің тым кеш болуы,
әсіресе ыстық суға).

1 ГЕОЛОГИЯЛЫҚ БӨЛІМ

1.1 Өзен кен орны жайлы жалпы мәліметтер

Өзен кен орны Маңғыстау түбегінің геологиялық
әдебиеттерде Оңтүстік Маңғыстау ойысы деп аталатын оңтүстік шөл
дала бөлігінде орналасқан.
Әкімшілік жағынан кен орны территориясы Маңғыстау
облысы құрамына кіреді. Ең жақын елді мекен Жаңаөзен қаласы, ол
кен орнынан оңтүстікке қарай 8 – 15 км – де орналасқан. Батысында 80
км – Жетібай қаласы, ал 150 км – Ақтау қаласы.
Орографиялық жағынан Оңтүстік Маңғыстау ауданы теңіз
жаққа, оңтүстік-батысқа қарай сәл көлбеуленген, төмпешікті үстірт
түрінде, оның абсолютті белгілері солтүстігінде +260 м және
оңтүстігінде +24 м. Ауданның орталық және оңтүстік бөлігінде үлкен
ойпаттар бар,олардың ішіндегі ең ірісі минималды абсолюттік белгісі
– 132м "Қарагие" ойпаты.
Аудан рельефі өте күрделі құрылысымен сипатталады.
Орталық бөлігін Өзен және Түнқарақшы ойпаттарының ортасында жатқан
үстірт алады. Үстірттің абсолюттік белгілері солтүстігінде +260 м
және оңтүстігінде +200 м. Батысы мен солтүстік-батысында кен орнының
аумағы шегінде үстірт Өзен ойпаты жағынан қарай кемерлер түрінде
күрт үзіледі.
Өзен ойпаты 500км² ауданды алады. Ойпаттың түбі
жыралармен кескіленген. Минималды абсолюттік белгісі +31 м.
Қарастырылып отырған аудан топырағы мен өсімдіктерінің
сипатына қарай шөлді аймаққа жатады. Ауданның шөл далалары
негізінен су көзі жетіспеушілігінен және өсімдік жабынының
маусымдылығынан пайдаланылмайды. Аудан климаты күрт континенталды,
шөлейтті, тәуліктік температураның күрт өзгеретіндігімен, ыстық,
құрғақ жазымен және салыстырмалы суық қысымымен сипатталады. Жазда
максималды температура +45 ºС, минималды температура қыста -30 ºС.
Ауданда күшті желдер соғады. Қыста қар аз.
Атмосфералық жауын-шашын сирек және негізінен көктем-күз мезгіліне
келеді.
Атмосфералық жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 100 мм
шамасында, және қардан жаңбыр көп жауады.
Жаңаөзен қаласына ауыз су Сауысқан-Бостанқұм
массивтеріне бұрғыланған геологиялық скважиналардан 70 км суөткізгіш
құбырлармен тасымалданады. Техникалық сумен қамтамасыз ету альб-
сеноман горизонттарының жер асты сулары арқылы іске асырылады.
Ауданның елді мекендерін тас жол байланыстырады.
Облыстың аудан орталықтарын байланыстыратын темір жол бар.
Кен орнында өндірілген мұнай Атырау қаласына және одан
ары Ресейге жөнелтіледі. Өндірілген мұнай ілеспе газы және табиғи
газ Қазақ газ өңдеу зауытына, және сондай-ақ Ақтау қаласының
пластмасса зауытына, маңғыстау энерго комбинатына (МАЭК)
тасымалданады.

1.2 Кен орнының геологиялық зерттелуінің және
игерілуінің тарихы
Маңғыстауды зертеу өткен ғасырдың аяғында басталған.
Маңғыстау мұнайының алғашқы белгілерін 1899-1901 жж. Таспассорлары мен
құдықтарының ауданында А.А.Насибьянц тапқан.
Өзен көтерілуі 1937-1941 жж. С.Н.Алексейчик далалық
геологиялық зерттеулер жүргізгенде анықталған.
1941-1945 жж. арасында Маңғыстауда геологиялық
зерттеулер жүргізілген жоқ.
1950 ж. ВНИГРИ Б.Ф.Дьяков, Н.Н.Черепанов және
Н.К.Трифоновтың жетекшілігімен Маңғыстауға ірі кешенді геологиялық-
геофизикалық экспедиция ұйымдастырды. Бұл коллектив ауданды зерттеуге
үлкен үлес қосты. 1951 ж. "Казнефтеобъединение" бас геологы Н.А.Кадин
Батыс Қазақстанның геологиясы мен мұнайлылығы бойынша кең мәлімет
берді, барлық геологиялық материал талданды және Маңғыстаудың
мұнайгаздылық болашағы ерекше атап көрсетілді.
1951 ж. Казахстаннефтеразведка трестінің геологиялық-
іздестіру басқармасы (директоры К.Н.Тулин, бас геологы А.П.Черняева)
Маңғыстау түбегіне бұрғышылар партиясын бағыттады, олар Түбіжік алаңында
құрылымдық-іздестіру бұрғылау жүргізе бастады.
1957-1961 жж. Маңғыстаудың өндірістік мұнайгаздылығы
жөніндегі мәселелер шешілді. Бүл мақсатта ВНИГРИ мұнайды іздеу және
барлауға үш аудан ұсынды. Қазан құрылымын бұрғылаудың нәтижесі
болмады, Түбіжік алаңында мұнай кен орны анықталды, бірақ ондағы мұнай
ауыр, шайырлы және барлауға тиімсіз болып шықты, ал Жетібай және
Өзен құрылымдары аумағында мұнайгаз кен орындары анықталды. 1961 ж.
желтоқсанның басында 1248-1261 м аралығындағы 1 скважинаны сынағанда 10
мм штуцерден тәуліктік шығымы 80 м³ фонтан алынды. Горизонттың өндірістік
бағалануы 1962 ж. сәуірде 3 режимде сынаумен берілді. 1963 ж.
наурыздың басында осы горизонттағы 2 және 22 скважиналардан
мұнай фонтандары атқылады.
Өзен кен орны өнеркәсіптік меңгеруді жеделдету мақсатында
КСРО үкіметінің 1963 ж. 7 қыркүйектегі қаулысымен Шевченко (қазіргі
Ақтау) қаласында "Мангышлакнефть" бірлестігі құрылды да, Өзен
экспедициясы соның құрамына енді.
1965 ж. ВНИИ Өзен кен орнын игерудің Бас схемасын жасады
және ол Миннефтепром комиссиясымен бекітілді. Онда мынадай жағдайлар
қарастырылды:
• кен орнын игерудің басынан бастап қабат қысымы мен температурасын
көтеріп ұстау;
• 4 пайдалану обьектілерін бөліп алу: І обьект – XIII+XIV
горизонттар; II обьект – XV+XVI горизонттар; III обьект – XVII
горизонт; 4 обьект – XVIII горизонт;
•негізгі пайдалану обьектілері (І-ІІ) бойынша кен орнын айдау
скважиналарымен 4 км блоктарға бөлу;
•барлық обьектілерді біруақытта жеке блоктармен игеруге қосу;
•ІІІ обьектіні нұсқа сыртынан су айдау жүйесімен игеру;
•IV обьектіні қабат қысымын көтерусіз, аралас режимде игеру.

Бірақ кен орнының су айдауға дайын еместігіне байланысты
XIII-XVIII горизонттар 2.5 жыл бойы ешбір әсер етусіз, табиғи серпінді су
арынды режимде игерілді.
Өзен кен орнының барлық өнімді горизонттары бойынша
әсер етудің қолданылудағы жүйесінің тиімсіздігінен скважиналар
шығымы төмендей берді. 1971 ж. дейін су айдау көлемінің өсуіне
қарамастан жылдық өндіру өсіміне тек өндіру скважиналары қорының артуы
арқылы ғана қол жеткізілді.
Негізгі алаңдар мен горизонттар бұрғыланып біткеннен
соң мұнай өндіру төмендеді және скважиналар өнімінің сулануы қарқындады.
Мұнай өндірудің құлау коэффициенті 1976 ж.-5, 1977-1979 жж.
15.6...10%.
1974 ж. жасалған игеру жобасында келесі жағдайлар
қарастырылды:
• әрбір горизонт жеке игеру объектісі болып табылады;
• өнімді горизонттар ені 2 км блоктарға айдау скважиналары қатарларымен
бөлінеді;
• жаңа скважиналар әрбір горизонтқа жеке бұрғыланады;
• ыстық су айдаудың жобалық көлемі ұлғайтылды және кен орнын 1979 ж.
қарай толығымен ыстық суға көшіру ұйғарылды.
Соңғы шарттың орындалуы қосымша 49.3 млн.т. мұнай алуға
мүмкіндік берер еді. Бірақ жоба орындалмады да, ыстық суға көшу
толығымен 1983 ж. ғана аяқталды.
Өнімді горизонттардан мұнайды алу ерекшеліктері мұнайдың
қорын игеру сипатының күрделі екенін көрсетті. Күрделі жағдайларда тек
блоктық су айдау, жеткіліксіз болғандықтан кейін сатылық термалдық
су айдау фигуралық су айдау сияқты технологиялар қолданылды. Бұл
технологиялар кен орнын игерудің тиімділігін арттыруға жәрдемдесті.
Қазіргі кезде ыстық су айдау қондырғыларда дайындалады.
Ыстық суды дайындауға көп шығын шығатын болғандықтан ыстық су
айдаудың циклдік әдісі игерілген. Оның мағынасы өнімді қабатқа
берілген көлемде бірде ыстық, бірде салқын су айдалады. Ыстық су
айдау процесінде қабаттың жабыны мен табаны қыздырылады. Бұл
жағдайда салқын су қабаттың қызған жабыны мен табанынан келетін
жылу арқылы жылиды, ал артынан салқын су айдағанда ыстық су
қабатқа қарай ысырылады.

1.3 Стратиграфия

Өзен кен орнында терең барлау бұрғылаумен қалыңдығы
шамамен 3600 м шөгінді мезозойлық жыныстардың қабаты ашылған, оның
құрылымында триас, юра, бор, палеоген, неоген және төрттік
шөгінділері орын алады. Олардың былай белгіленуі скважина
үлгітастарын зерттегенде алынған палеонтологиялық мәліметтерге және
Маңғыстаудың басқа аудандарының ұқсас шөгінділерімен салыстыруға
негізделген. Бөлімдер, ярустар және подярустар арасындағы шекаралар
шартты, негізінен электрокаротаж бойынша жүргізілген. Соңғы кезде
микрофауна мен т. б. зерттеулер арқасында қолда бар стратиграфиялық
үлгілерді өзгертуге және анықтауға мүмкіндік туып отыр.
Өзен кен орнының мұнайгаздылығы юра және кейде бор
шөгінділері
байланысты. Кен орнының геологиялық қимасында бор және юра
шөгінділеріне қарасты 26 құмды горизонттары анықталған. I-XII
горизонттар (жоғарыдан төмен қарай) жасы бор-газды, XIII-XVIII
горизонтар – жоғарғы және орта юра – кен орнының негізгі мұнай –
газды қабаты, жеке күмбездерде төменгі юраның XIX – XXIV
горизонттары мұнайгазды.
Пермь – триас (РТ) шөгінділері Өзен кен орнының ең
көне жыныстары болып табылады.
Пермь – триас жүйесі (РТ)
Жоғарғы пермь терең метаморфизм іздері бар күңгірт
полимикті құмтастармен және қара сланецтермен көрінеді. Төменгі
триас (Т) шөгінділері қоңыр аргиллиттермен және орта түйіршікті
құмтастармен орын алады. Бұл шөгінділердің оңтүстік Маңғыстаудағы
қалындығы 440 метрге жетеді, жабынында шайылудың ізі бар.
Оленек және орта триас жыныстары құмтастар мен қышқылды
туфтар қабатшалары бар қара және қарасұр аргиллиттер, әктастар,
алевролиттердің біртұтас, едәуір біртекті тобын құрайды. Бұл
шөгінділері жалпы қалыңдығы1500 – 1600м болатын біртұтас оңтүстік
Маңғыстау тобына бөлінген.
Юра жүйесі (J)
Юра жүйесі шөгінділерінде барлық үш бөлім де кездеседі:
төменгі, орта және жоғарғы, жалпы қалыңдығы 1300м.
Төменгі бөлім (J1)
Қиманың төменгі юра бөлігі құмтастар, алевролиттер мен
саздың араласуынан тұрады. Құмтастар сұр және ақшыл сұр, көбіне
ұсақ және орта түйіршікті. Ірі түйіршікті түрлері қиыршық тас
түйіршіктері қоспасымен бірге сирек те болса кездеседі. Кейде
құмтастар ақшыл сұр алевролиттерге немесе сазды құмтастарға ауысады.

Құмтастар мен алевролиттер цементі сазды немесе сазды –
кремнийлі. Саздардың түсі сұр және күңгірт, кейде қоңыр. Олар
әдетте аргиллитке ұқсас және көмір тектес затпен байытылған.
Құмтастар, алевролиттер мен саздардың алмасуы негізінен қиғаш
қабатталады. Төменгі юраның жабынында сазды бүйрек тәрізді құрылымы
дамыған, оның қалыңдығы шайылу нәтижесінде күрт өзгерістерге
ұшыраған. Төменгі юра шөгінділерінің қалыңдығы 120 – 130 м. Төменгі
юра қимасында XXIV – XXV екі өнімді горизонт айқындалған.
Ортаңғы бөлім (J2)
Оңтүстік Маңғыстаудың орта юра шөгінділері
мұнайгаздылығы жағынан ең ірісі. Сондықтан орта юраны бөлшектеп
стратиграфиялық мүшелеу өнімді горизонттарда олардың корреляциясын
айқындаумен тығыз байланысты. Орта юрада жалпы қалыңдылығы 700 м
аален, байос және бат ярустары айқындалады.
Аален ярусы (J2 а)
Аален ярусы негізінен мортсынғыш, құмды – галькалы
жыныстардан құралған және орта юра қимасының базальді қабаты
ретінде қарастырылуы мүмкін. Ярустың қимасында сұр және қоңыр
әртүрлі түйіршікті құмтастар басым, олардың арасында орта және ірі
түйіршіктілері кең жайылған. Кейде соңғылары гравелиттермен алмасады.
Аален құмтастары мен гравелиттерінің цементі негізінен сазды, кейде
карбонатты және байланысқыш түрлі болады. Біршама көп жұқа
қабаттар түрінде құмтастар мен гравелиттер арасында ұсақ галькалы
конгломераттар да кездеседі. Саздар әдетте , сұр, қарасұр, кейде
қоңыр түсті, тығыз, аргиллитке ұқсас.
Ярустың жалпы қалыңдығы 330 м. Аален мен байос ярустары
арасындағы шекара XXII горизонттың табанымен өтеді.
Байос ярусы (J2 b)
Байос шөгінділері ең көп және барлық жерде тараған. Байос
ярусының шөгінділері негізінен арасында көмір қабатшалары бар
алевролиттер мен саздардан құралған континентальды фациялармен
белгіленді. Байос ярусы қимасының төменгі бөлігінде сазды және
алевролитті жыныстар жоғарғы бөлігінде құмтасты жыныстар басым. Олардың
қалыңдығы 500 – ден 520 м-ге дейін өзгереді. Зерттеулер кешені
бойынша байос ярусының шөгінділері екі подярусқа бөлінеді.
Төменгі байос (J2 b1)
Бұл подярустың шөгінділерінің жалпы қалыңдығы 470м,
және саздар, құмтастар мен алевролиттердің, көмір тектес заттың
қабатшалары алмасуымен көрінеді. Жыныстар негізінен жұқа қабаттармен
қатталады. Құмтастар мен алевролиттердің түсі негізінен сұр және
ақшыл сұр, кейде қоңыр және сары да болады. Сирек қарасұр түсті
құмтас-алевролит жыныстар да кездеседі. Саздар көбіне қарасұр,
тіпті қара, кейде қоңыр түсті.
Өзен кен орнының төменгі байос шөгінділерінде XXII,
XXI, XX, XIX, XVIII және XVII горизонттар орналасқан.
Жоғарғы байос және бат ярустары (J2 b2+bt)
Олардың шөгінділері арасында саз қабатшалары бар
біршама қалың құмтастар мен алевролиттер қабаттарынан тұрады.
Құмтастар сұр, қоңыр-сұр, нашар және орташа цементтелген.
Алевролиттер сазды, құмтасты, ірі түиіршікті және
құрамы айқын емес. Саздар қара қоңыр-сұр. Байос және бат
шөгінділерінің арасындағы шекара шартты түрде XV горизонттың
табанымен өтеді. Жоғарғы байос-бат шөгінділерінің қалыңдығы 100-150
м.
Жоғарғы бөлім (J3)
Жоғарғы юра бөлімінде негізінен теңіз шөгінділері мен
жануарлар қалдықтары түрінде кездесетін келловей, оксфорд
және кембридж ярустары ерекшеленеді.
Келловей ярусы (J3 k)
Құмтастар, алевролиттер мен кейде әктастар қабатшалары
араласқан сазды қалың қабаттар түрінде кездеседі. Келловей ярусының
саздары сұр, қарасұр, күлдей сұр, кейде жасыл және қоңыр түсті.
Құмтастар мен алевролиттердің түсі сұр, жасыл-сұр, кейде қарсұр
және қоңыр. Құмтастар арасында ұсақ түйіршіктілері көп. Келловей
ярусында XIV горизонттың жоғарғы бөлігі мен XIII горизонт
орналасқан. Оның қалыңдығы 50-135 м.
Оксфорд-кембридж шөгінділері (J3O-km)
Юра шөгінділерінің мұнайгаздылығын бағалағанда оксфорд-
кембридж шөгінділері аален-келловей кешені мұнайлы қабатының үстін
жапқан сазды-карбонатты жабын ретінде. Ол саз-мергель жыныстарының
біршама қалың қабатынан құралған, ара-арасында құмтастар,
алевролиттер мен әктастар жұқа қабатшалар түрінде кездеседі. Оксфорд-
кембридж шөгінділерінің қалыңдығы төменгі будақ үшін 50-55 м,
жоғарғысы үшін 30-97 м.
Бор жүйесі (K)
Бор жүйесінің шөгінділері жоғарғы юра шөгінділерінің
шайылған бетінде орналасады және төменгі, жоғарғы бөлімдері мен
барлық ярустарымен орын алған. Литологиялық және генетикалық
белгілері бойынша бор шөгінділері үш бөлікке бөлінеді: төменгі
терриген-карбонаттық, ортаңғы терриген (альб, сеноман) және жоғарғы
карбонат (турондат) ярустары. Төменгі бөлікке XII горизонт, ал
ортаңғы және жоғарғы бөліктерге І, ІІ, ІІІ,IV, V, VI, VII, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өзен кен орны жайлы жалпы мағлұматтар
Қабат суларының физика-химиялық қасиеттері
Өзен мұнай кен орының геологиялық құрылысы
Тентек өзені алабының гидрографиялық жағдайы
Алакөл аумағының геоэкологиялық картасын құру
Қазақстан топонимиясы
Оңтүстік Қазақстанның геологиялық құрылысы мен жер бедерінің топонимияда бейнеленуі
Кен орны
Өлкетану жұмыстарының мақсаттары
Су айдау
Пәндер