Геологиялық ортаны қорғау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

Қ.И. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Жалпы Геология, Петрография, Минералогия кафедрасы.

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

ТАҚЫРЫБЫ: ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ОРТАНЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ

Орындаған: ГДб-05-3қ
тобының студенті
___________________.

Тексерген:
___________________.

Алматы 2005 ж.
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 4
1 Адам қауымының геологиялық ортаға тигізетін әсері 5
2 Геологиялық ортаны қорғау 8
3 Геологиялық қызмет және келешектегі басты міндеттері 13
6 Экологиялық мәселелер 17
5 Сыртқы геосфералардың техногендік өзгерістері 19
ҚОРЫТЫНДЫ 24
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 25

КІРІСПЕ

Әйгілі ғалым В.И. Вернадский атмосфераның биосфераның және адамзаттың
әрекеті тиген жер қабығының үстіңгі бөлігін біріктіріп ноосфера деп атады
да, адамзат зор геологиялық күш екенін көрсетті.
Адамзат баласы өзінің күн көру әрекетінде жер қабығы мен оның үстіне
қилы-қилы ықпалын тигізіп, ұдайы өзгертіп отырады. Қоғамның табиғи
геологиялық процестерге тигізетін әрекетін а н т р о п о г е н д і к
геологиялық процестер деп атаймыз. Оның күші экзогендік процестердің бірде-
бірінен кем емес, тек оларға қарағанда тым жас — бар-жоғы бір миллион
жылдан аспайды. Екіншіден, бұл процесс зор жылдамдықпен өтеді. Мысалы,
табиғаттың 1 млн. жылда түзген мұнайын адамзат аз жылда жұмсап тауысады.

1 Адам қауымының геологиялық ортаға тигізетін әсері

Адам қауымының технологиялық әрекетін бес салаға жіктеуге болады: 1)
жер қойнауынан әр түрлі қазба байлықтарды қазып өндіру; 2) агротехникалық
жұмыстар жүргізу; 3) өндірістік және гидротехникалық ғимараттар салу; 4)
табиғи геологиялық процестерге араласу; 5) геологиялық ортаны қорғау.
Пайдалы қазындыларды алу. Жер қойнауынан адам баласы көптеген пайдалы
қазындыларды — көмір, мұнай-газ, темір, басқа металдар, құрылыс
материалдарын қазып алады және олардың көлемі күн сайын еселеп есуде. Бір
жылда жер жүзінде 20 млрд тоннадан астам қазба байлықтар өндіріледі. Тек
қана бейметалды қазындылардың жыл сайын өндірілген көлемі 600 млн тонна
шамасында. Салдарынан жер үстінде аумақты, терең апандар, карьерлер - тау-
тау жыныс үйінділері, жер астында шақтылар, зәулім қуыстар қалады. Жер
қойнауынан жыл сайын есесі дендеген жерасты сулары алынады. Тек бұрынғы
КСРО аумағында жыл сайын 580 км3 жерасты суын аламыз. Бұл сан Енисейдің бір
жылғы ағынынан артық. Ақырында тау жыныстары осалданып, қопсып, соның
кеселінен жер үсті ойылады, жер сілкінуі туады. Мексикада, Токио маңында
осындай зардаптардан топырақ жыл сайын 20—30 см төмен түседі. Газли
төңірегінде топырақ жылына 2,5 см төмен ойысады. Бұл сандардан жер
қыртысының антропогендік әсерден төмен құлдырауы тіпті тектоникалық
ығысудан асып түсетінін көреміз.
Адам қауымының ауыл шаруашылық әрекеті жер қабығының ең үстіңгі, жұқа,
нәзік қабатын — топырақты өңдеу, жөндеумен байланысты. Табиғи жағдайда
100 жылда қалыңдығы 1 см топырақ пайда болады. Адамзат қоғамы жылына 6000
км3 топырақты аударып, араластырады. Бұл әрекет табиғи үгілу-тозу процесіне
бара-бар десек те болады. Тағы бір сан: 20 жыл ішінде адам баласы 100—140
га жердің топырағынан айырылып қалады екен.
Қуаң климатты жағдайда кейбір жерді (топырақты) I суарамыз, ылғалы
мол болса, оны құрғатамыз. Содан келіп климат өзгереді, аймақтың жерасты
және ағын суларының режимі өзгереді.
Адамның техникалық-инженерлік әрекеті. Адам қауымы қала-мекен, алып
зауыттар, гидротехникалық ғимараттар, т. б. салып, жердің беті мен
атмосфераны, гидросфераны жедел өзгеріске ұшыратады да геологиялық
процестердің табиғи жолына ықпалын тигізеді. Адамның осындай әрекетін В.П
Вернадский т е х н о г е н е з деп атады. Қазірде барлық құрылыстар жер
бетінің 8 проценттен астам ауданын жапты, ал енді 2000 жылдан кейін жоба
бойынша олардың аумағы 15 проценттен аспақ.
Ірі тау-кен, химиялық өндірістер, алып құрылыстар аймағында
антропогендік әрекет-қимылдан жер бедері, топырақ, өсімдік дүниесі,
атмосфера мен гидросфераның құрамы әжептәуір өзгереді. Ғарышкерлердің
көрген әсерінше, қазіргі жер бедері Айдың бетіндей екен. Жер үстіне
өнеркәсіп пен тұрмыс қалдықтары тау-тау болып үйіледі. Адам коғамының жер
устіндегі өндіріс қалдықтарының көлемі бір жылда 5*108 тоннаға жетті.
Үсті түгілі, жер астында да алпауыт құрылыстар салынды. Мысал ретінде,
қазірде біткен Ла-манш бұғазының астынан салынған ұзындығы 50 км туннельді
атайық. Жапон аралдарын бір-бірімен жалғастыратын, теңіз астынан салынған
54 километрге жеткен туннельдер бар. Кавказ жотасын 1400 м биіктікте тесіп
өткен темір жол туннелі салынды. Осы секілді жер астындағы зәулім, қабат-
қабат құрылыстар ғасырдың кейінгі жартысында тым ұлғайды.
Әсіресе қоршаған ортаның өзгеруіне әр турлі гидротехникалық құрылыстар
күшті ықпалын тигізеді. Олар электр энергиясын өндіру, жерді суару не
құрғату, селден қорғану, өзен ағысын реттеу үшін салынады. Барлық өлкелерде
қолдан жасалған теңіздер, өзендер бар. Памирдегі дүние жүзіндегі ең
биік Рогун (335 м), Нурек (300 м) бөгеттерін, Алматы жанындағы Қапшағай
теңізін, Медеудің биіктігі 145 м сел қорғанысын атайық. Осындай
бөгеттерді орнату үшін жер қойнауынан миллиардтаған тонна тау жыныстары
қазылып алынып, бәген жағасына үйіледі. Канал, арық жүргізгенде қаншалық
жыныстар алмастырылатынын есептеуге қиял жетпейді. Тек бұрынғы КСРО
жеріндегі каналдардың жалпы ұзындығы 4000 км. Су қоймалары орнатылған соң
өзен аңғарларының порымдары, өзеннің жүздеген мың жылдар бойы қалыптасқан
режимі кілт өзгереді. Еділ өзенінің бойынан бөгеттер салынғаннан кейін оның
су бетінің айнасы 11 есе өсті. Өзендер тосқауылдарынан жерасты суларының
режимінің өзгеруіне тап боламыз. Олардың деңгейі кетеріледі де, маңы
батпақтанып, қуаң өлкелердің, топырағы сорланып, істен шығады. Суды жер
суару үшін мол алудың кеселінен табиғи су қоймалары құриды — Арал теңізінің
тағдыры әлемге белгілі.
Антропогенді процесс қазіргі ең бір күшті геологиялық әрекетке
айналды. Оның қарқыны ешбір табиғи процестен кем емес және жер қабығына
тигізетін әсері де жеткілікті. Мұнда да басқа табиғи экзогендік процестер
сияқты үш түрлі әрекетті байқауға болады: жер қабығын бұзу (дезинтеграция),
үгіндісін көшіру, үйіндіден жаңа тау жыныстарын түзу.

2 Геологиялық ортаны қорғау

Қатты қазба байлықтарды аршып алу, мұнайды, суды, газды ағызып алу,
жер астында құрылыстар салу кезінде адам тау жыныстарының құрылымдарын
бұзады, жыныстарды уатады, үгеді, қопсытады. Қазақстандағы Зырян, Соколов-
Сарыбай кеніштері карьерлерінің тереңдіктері 250—280 метрден асты.
Кузнецк бассейніндегі көмір шахтасының тереңдігі 1400 м, ал Оңтүстік
Африкада кейбір алтын өндіретін шахталар тереңдігі — 4000 метрге жетті.
Тереңдігі 3- 4- 5 км скважиналар мұнай-газ өндіретін өлкелердің қайсысында
болсын толып жатыр.
Уатылып, үгінділенген тау жыныстары көбінесе жер үстіне тасылады, одан
ауаға ұшады. Олардың көлеміне де сан жетпейді. Осылайша Курск маңындағы
кеніштерден жыл сайын 1 млрд м3 жыныс шығарылады. Көмір өндірілетін
өлкелердегі тау-тау үйінділер (террикондар) алыстан көзге шалынады. Қазіргі
кезде жыл сайын жер қойнауынан бетіне 1 км3 жыныс шығарылады. Бұл сан
барлық өзендердің шаятын аллювиіне тең.
Антропогендік әрекет үстінде адам заттарды тек жердің үстіне шығарып
қана қоймай, сол жердің астына да тығады, айдайды. Мұнай-газды аудандарда
мұнайдың қысым күшін сақтау үшін скважиналарға көптеп су айдайды. Жыныстың
беріктігін асыру үшін құрылыста, шахта мен скважиналар қазылғанда жыныстар
арасына цемент құйып бекітеді. Жер астынан зәулім қуыстар қазып, оларды су,
мұнай, газдың қоймасы ретінде пайдаланады. Жер астына өнеркәсіптің зиянды
қалдықтарын, радиоактивті т. б. кеселі бар заттарды көмеді. Осы үшін тіпті
Американың, Еуропа елдерінің зиянды қалдықтарын Африкаға тасып, сонда
көмуде. Адам өнеркәсіп әрекетінен жыл сайын 20 триллион тоннадан артық
жыныстарды орнынан көшіреді. Ал, барлық экзогендік процестердің көшіру күші
одан 2—3 есе аз.
Қоғамның шаруашылық жардайында жаңа жыныстар да құралып жатады.
Алдымен адам қауымы бір аймақта табиғи жағдаятта түзіле қоймайтын топырақ
жасайды. Мысалы, 1963 жылы топыраққа 36,4 млн тонна тыңайтқыш заттар
енгізілді.
Пайдалы қазындыларды өндіру, өңдеу үстінде олардың қалдықтарынан жаңа
үгінді, борпас жыныстар, химиялық қосындылар пайда болады. Үйінділердің
құрам - құрылымы бұрынғысынан өзгеше, ендеше олар — жаңадан пайда болған
тау жынысы.
Адам қауымының тіршілік қалдықтары жинала, таптала келе, мәдениет
қабаты аталатын жаңа, топырақпен араласқан, түр-түсі өзгеше қабат,
линзалар құрайды. Олар әсіресе көне ірі мекендер орны мен маңында пайда
болады. Олардың қалыңдығы Киевтің кейбір ескі аудандарында 44 метрден
асады. Ашық карьерлерді, жыраларды, басқадай ойыстарды толтырып,
тегістеуден де антропогенді қабаттар түзіледі. Курск, Воронеж аймақтарында
карьерлерді қазудан бұрын жердің құнарлы топырақтарын жинап, қоймалап,
кейін карьерлер жабылғаннан кейін үстіне қайтадан жаяды. Осындай әрекетті
р е к у л ь т и в а ц и я дейді. Бұдан кейін жаңа топырақтың құрамы,
әрине, бұрынғыдан өзгереді.
Антропогендік процестер салдарынан алдымен жер бедері күшті өзгереді
дедік, езгерулер де табиғи экзогендік процестерге пара-пар. Бұл жәнінде А.
Е. Ферсман Рельефті өзгертудегі адамның рөлі... өзінің қарқыны жағынан
геологиялық тарихтағы революциялық дәуірлерге сай келеді — деп жазды.
Адам қауымының кен шығарудағы, жер бедерін өзгертудегі, су қорларын
қайта бөліп қолданудағы, тағы басқа күннен-күнге күшейген әрекеттері
геологиялық ортаның баяғыда баянды түрде қалыптасқан арақатынасының
бүлінуіне ұшыратып отыр. Бұл өзгерістер көбінесе қалпына келмейтін, оның
үстіне олар адамға зиян келтіретін бағытта дамыды. Осылайша жер астында кен
шығаруда пайда болған қуыстар, бір жағынан, жер асты суларының жолын
өзгертіп, бұрып жібереді, деңгейін төмендетеді, салдарынан топырақ құрайды;
екіншіден, солардың кеселінен жер опырылады, көшкіндер, сырғымалар, апан-
шұңқырлар пайда болады. Осылардан жер бара-бара шаруашылыққа қолдануға
жарамсыз халге ұшырайды. Қазірдің өзінде осындай әрекеттерден жарамсыз
болып қалған жер үстінің ауданы 3 проценттен асты.
Тау-кеншілік өндіріс қалдықтарын қалай болса солай үйе берудің
салдарынан ауа бассейні шаң-тозаңға толады да қоршаған ортаны былғайды;
күннің сәулесі бұлыңғыр тартып, микроклимат өзгереді, өлкенің жан-
жануарлары, өсімдік дүниесі, адам қасірет шегеді.
Жер астынан қазып алынған тас көмірдің 30 проценті отқа жанбай, жылу
бермей күлге айналып ауаға ұшады. Бір жылда Қарағанды көмірінің 1 млн
тоннасын тасымалдау жолында ашық вагондардан жел ұшырып әкетеді. Бұл мөлшер
— ірі шахтаның бір жылғы өнімі. Екібастұз көмірінің шаңы мен құбырларының
түтіні Алтайдан асып, Монғолияға жетеді екен, содан ондағы сиырлардың тісі
түсетін керінеді.
Айналамызды қоршаған табиғатты қорғау ең әуелі геологиялық проблемаға
жатады, өйткені оның өзгерістері мемлекеттік шекараларды мойындамай, дүние
жүзін түгел қамтиды. Полюстердегі озон қабатының жыртылуы, парник әсері
сияқты көріністер бүкіл әлемдік проблемаларға жатады. Тур Хейердал
айтқандай, планетамыздын. желдеткіш құбыры жоқ қой. Осылардан түйетініміз
— геология ілімі адамзат өмірінің қорғаушысы десек асыра айтпаймыз.
Сондықтан адамзаттың табиғатқа жағымсыз әрекетінен күні бұрын сақтандыру
үшін бүгінгі күні арнайы түрде геология ілімдерінің геологиялық ортаны
қорғау деп аталатын жаңа саласы құрылды. Оның міндеттері: антропогендік
әрекеттен геологиялық ортаның өзгеруін алдын ала болжау, геологиялық
барлау, кен қазып алу, техникалық-инженерлік құрылыстар салу, ауыл
шаруашылық жұмыстарды жүргізудің табиғатқа ең тиімді жолдарын іздестіріп,
оларды болжау, бағдарлау және жер бетінде, оның қойнауында рекультивацияны
кең қолданып, планетамыздың) денесіне тигізген жараларды емдеу, сол
арқылы жер бетін қайтадан пайдаға асырылатын ету, геологиялық орта мен
атмосфераның, гидросфераның, биосфераның табиғи арақатынасын толық
немесе мүмкіндігінше бұрынғы қалпына келтіру. К. Маркс айтқандай, егер
өзінің ақыл-парасатын табиғаттың ұлы заңымен үйлестірмесе, онда адамзат
бақытсыздыққа душар болады. Геологиялық ортаны қорғауға мүнымен қатар
табиғи геологиялық процестердің адамға залалды зардаптарымен күресу де
жатады. Олар табиғи ортаны стихиялық апаттардан — дауылдан, селден, су
басудан, көшкін-сырғымалардан, опырықтардан, жанартаулар зардабынан, жер
сілкіну залалынан т. б. қорғау. Қазіргі кезде бұрын түсіріп болған әр
масштабты геологиялық карталарды қайта түсіріп, әр ауданның экологиялық
жағдайлары туралы мәліметтермен толықтыру міндеті алда тұр.
Бірінші айтарымыз — геологиялык мәліметтердің түйіні ұдайы кен ашып-
алу әрекеттерімен тығыз байланысты, сондықтан ондай хабар-ошарлар үнемі кен
орындары жайында болды. Екіншіден, қазақ ішінде табиғи-техникалық ғылыми
даму бірге тұрып, біте қайнағандықтан қашанда болсын Ресейдің қоғамдық-
әлеуметтік өркендеуімен, оның шайыр ғұламаларының есімдерімен байланысты.
Ұлан-ғайыр қазақ жерінде тау-кен (қала берсе металлургия) жұмыстары
ықылым заманнан белгілі және де өте өрбіген көрінеді. Тарихи деректерге
үңілсек, біздің жыл санауымыздан бірнеше мың жыл бұрын Алтайдан
Маңғыстауға, Тянь-Шаньнан Ақтөбеге шейін ақшыл көзді чуд деген тайпалар
көшіп-қонып олар жер үстінде төбесі көрінген кен орындарын түгел ашып,
аршып жүріпті. Қен қазбаларының орнында ірілі-кішілі апандар, құдық-
шұңқырлар, бөгде жыныстар мен жұтаң рудалардың үйінділері қалған. Ежелгі
де, кейінгі де қазақ тайпалары осы кендердің барлығын да білген, тек кен
орындарының қазбаларын олар қалмақ қазған деп жорыған.

3 Геологиялық қызмет және келешектегі басты міндеттері

Қазақ жерінің кен байлықтары туралы басқа елдер де хабардар екен.
Тарих ілімінің атасы Геродот жазады: массагеттер мен сақ жерлері мыс пен
алтынға бай... Олардың қару-жарақтары мыстан (жезден, қоладан.— С. Б.)
жасалған. Қазақ жерінің мыс, алтын, күмісінің мол екенінен Ескендір
Зұлқарнайын да (А. Македонский) хабардар болыпты, Оның Орталық Азия
жорығының түпкі мақсаты да қазақтың (сақтар мен ғұндардың) мыс кендерін
уысына алу екен. Араб шығармаларында Қазақстандағы тау-кен қазбалары
жөнінде X ғасырда айтылған. Тараз (Жамбыл) өлкесінде Талас өзенінің бас
жағындағы Қарабура асуынан алтын мен күміс ендірілетінін арабтар
мәліметінен алып, М. Е. Масон жазды.
Көшіп-қонып, мал бағып, аң аулап өскен қазақтар әлгі қалмақ қазған
кендерді түгел білген. Бірақ та әуел баста ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жер қойнауын пайдаланудың құқықтық реттелуі
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 1996 жылғы 27 қаңтардағы 2828 Қазақстан Республикасының Заңы
Техногендік әрекеттердің геоморфологиялық көрнісі
Табиғат пайдалану төлемдері
Жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргiзудiң экологиялық негiзi
Табиғат ресурстарын пайдалану төлемдері
Алаңның геологиялық, геофизикалық зерттеліну тарихы
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік құқықтық басқару тетігі
ГЕОЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТА ПӘНІ БОЙЫНША ИНТЕРНЕТ ОҚУЛЫҒЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Қабат жағдайындағы мұнайдың тығыздығын есептеу
Пәндер