Тұзды - күмбезді құрылымдар



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

география факультеті

геоморфология кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Солүстік Каспий маңы ойпатының тұзды-күмбезді құрылымдарының
түзілу механизмі.

Орындаған:
1 курс магистранты Аймухамбетов Қ.А.

Ғылыми жетекшісі
аға оқытушы Кушимова А.Г.

Алматы 2004

Мазмұны
Кіріспе 3
Оңтүстік Жайық-Ембі ауданының гравитациялы түсірілімі. 4
Тұзды-күмбезді құрылымдар 5
Тұзды ядролар 8
Күмбезаралық кеңістіктер. 10
Тұзды-күмбезді құрылымдардың қалыптасу механизмі 11
Қорытынды 15
Қолданылған әдебиеттер 16

Кіріспе

Солтүастік Каспий маңы ойпаты Орыс платформасының ең төмен орналасқан
бөлігі. Шығысында ол Орал және Мұғалжар тауларымен, оңтүстігімен оңтүстік
шығысында көмкерілген герцинидтермен, солтүстігінде жалпы Сыртпен және
батысында – Доно-Медведиц және Саратов дислокацияларымен шектеседі.
Солтүстік Каспий маң ойпатында тұзды күмбездер өзінің ерекше тұзды
тектоникасымен ерекшеленеді.
Гравитациялық жағынан солтүастік Каспий маңы ойпаты ауырлық күшінің
теріс аномалиясы болып табылады. Бұл облыстың толық зерттелуі, оны ауырлық
күшінің оң аномалиялы аудандармен бөлінген екі негізгі депрессиялқ зонаға
бөледі. Ауырлық күшнің оң аномалиялары Сталинград – Ақтөбе бағытында Волга
– Эмба облыын солтүстік және оңүстік депрессиялық гравитациялық зоналарға
бөледі. [3]
Депрессиялық гравитациялық облыстарды зерттеу көрсеткендей, олардың
әрқайсысы аырлық күштің зоналық өзгеруімен сипатталады, олар тұз
шөгінділермен және оларды жауып тұрған тұ үсті қабаттың қалыңдықтарымен
байланысты. Бөлек тұрған күмбез тәрізді көтерілімдер (тұзды-күмбезді
құрылымдар) депрессиялық учаскелерде ауырлық күштердің жергілікті
минимумдарымен көрінед.
Көбіреr геолгияық зерттелген солтүастік Каспий маңы ойпатының оңтүстк
гравитациялық депрессиясы блып табылады. Оның территориясы қазіргі кезде
мұнайды барлау және табу объектісі болып табылады. қазіргі уақытта оңтүстік
гравитациялық дпрессияда мұнайды барлау және табу Атырау және Темір
аудандарында жүргізілуде.
Атыраулық немесе Оңтүстік Жайық-Ембі мұнайлы ауданы батысымен
оңтүстігінде шамамен Жайық өзенімен және Каспий теңізінің жағасымен,
солтүстігімен шығысында Уыл қаласынан өтетін параллель мен меридианмен
шектеседі, оның ауданы шамамен 100 мың шаршы шақырым. Сөйтіп, оңтүстік
Жайық-Ембі ауданы оңтүстік гравитациялық депрессияның орталық бөлігін алып
жатыр. Темір ауданы Атырау облысының солтүстк шығысында орналасқан және
оңтүстік гравитациялық депрессияның шеткі бөлігін құрайды.
Оңтүстік Жайық-Ембі ауданының тектоникалық құрылысын зерттеуде пайда
болған заңдылықтар солтүастік Каспий маңы ойпатының басқа бөліктерін
зерттеуге көмектеседі.

Оңтүстік Жайық-Ембі ауданының гравитациялы түсірілімі.

Солтүастік Каспий маңы ойпаты гравитациялық жағынан ауырлық күшінің
минимумдарымен максимумдарының тең алмасымен сипатталады. Орташа есеппен
1000 шаршы шақырымға ауырлық күшінің үш минимумы сәйкес келеді. Бұл
минимумдарға толығымен солтүастік Каспий маңы ойпатының сонымен бірге
оңтүстік Ембінің тұзды-құрылымдары жатады.
Көптегн геологтармен тұзды-күмбезді құрылымдармен байланысты ауырлық
күштер тартылатын негізгі тектоникалық сызықтарды табуға әрәкеттер жасалды.
Бұл тектоникалық сызықтар әдетте Орал таулы қыратына қарай, немесе Донбасс
пен Манғышылақтың негізгі тектникалық сзықтарымен байланыстырады. Бірақ,
гравитациялық маршруттық тусірілімдермен геологиялық тусірілімдердің
мәліметтері көрсеткендей, бірнеше аталған бағыттарда тұзды-құрылымдардың
көбірек орналасуы байқалмайды. Оңтүстік Ембінің аногмалиялық картасымен
оған қойылған тұзы-құрылымдардың геологиялық картографиялаудың
мәләметтеріне сүйене отырып бірнеше заңдылықтарды сипаттауға болады.
Картаның негізіне ауырлық күшінің аномалиялары болып түсірілген
гравитациялық минимумдардың өстері және оның ундиляциялары, ауырлы
күштерінң максимумдеріне қарағанда айналдыра қоршаған жағдайда жатыр.
Мысалы, Доссор, Кошак-Танатар, Қожағали, бекет Искине, Төлеген тұзды-
күмбезді құрылымдары ауырлық күшщінің улкен минимумы Донгардың шеткі
аймақтарында орналасқан, оны барлық жағынан айналдыра қоршап. Доссор,
Төлеген, Бисмулюк, Сағыз, Мақат күмбездері максимумның екінші зонасын
айналдыра қоршап жатыр т.с.с... гравитациялық минимумдар өстері әдетте тұды-
күмбезді құрылымдардың грабендерімен сәйкес келеді. Бұл көрініс геологиялық
картаны гравитациялық түсірілімдер картасына беттестіргенде жақсы
байқалады.
Тұзды-күмбезді құрылымдардың геологиялық құрылысы кеңістіктер жағдайы
мен ауырлық күшінің минимумдар санына (күмбез аралық кеңістікке) теуелді.
Жеке тұзды-күмбезді құрылымдардың геологиялық картасымен гравитациялық
түсірлімдердің мәліметтерінқарай отырып, біз, әр тұзды-күмбезді құрылым
қанатына сай ауырлық күшінің максимумы бар. Оны біз мына гравитациялық
карталардан көре аламыз. (сурет. 1,2,3,4,5)
Мысалы, Қосшағыл тұды-күмбезді құрылымының геологиялық
түсірілімдерінің мәліметтері бойынша оңтүстік, солтүстік және солтүстік-
батыс қанаттарынан тұрады, және қанаттардың әрқайсысына өзінің ауырлық
күшінің максимумы немесе өзінің күмбез араплық кеңістігі болады. Бұдан
басқа шығысындағы гравитациялық мәліметтерге сүйенсек, оның төртінші
қанатының болуы мүмкін. шыныменде, толық геологиялық түсірілімде төрт
қанаты көрсетілген. Мұндай қатынастар толық гравитациялық түсірілімдер
жүргізілген барлық тұзды-күмбезді құрылымдарда көрінеді: Нармунданак (сурет
2), Күлсары (сурет 3), Тюлюс (сурет 4), бекет Искине (сурет 5).
Жеке күмбездерінің толық гравитациялық және геогиялық карталарының
өзара салыстыруы өте сенерліктей, көптеген жағдайларда гравитациялықминимум
өстері осы құрылымның грабен бағытына сәйкес келеді және күмбездің әрбір
қанатына өзінің максимумы немесе өзінің күмбез аралық кеңістігі сәйкес
келеді.
Сонымен, осы карталарды салыстыра келгенде мынадай қорытынды шығаруға
болады:
1. Солтүстік Каспий маңы ойпатының тұзды-күмбезді құрылымдары ауырлық
күшінің минимумдарымен ұштасады.
2. Ауырлық күшінің минимумдары сәйкесінше, тұзды-күмбезді құрылымдар
аырлық күшінің максимумдарына (күмбез аралық кеңістік) қарағанда айнала
қоршап орналасқан.
3. Тұзды-күмбезді құрылымдардың жеке қанаттары гравитациялық минимумдар
өстерімен құрылған секторлар төбелеріне ұштасады, ал тұзды күмбездегі
жеке қанаттарды өзара бөлетін грабендер гравитациялық өстермен сәйкес
келеді.
4. Тұзды-күмбезді құрылымдардың беткі геологиялық құрылысы (күмбездің
қанаттар саны және олардың жағдайы) максимумдар орналасуы мен санымен
тығыз байланыста болады: әдетте екі максимум болғанда біз екі қанатты
күмбез құрылысын көреміз (Кошак-танатар, Сағыз, Бисбулюк және т.б.), үш
максимум болғанда үш қанаттықұрылыс (Нарпмунданак және т.б.), төртке
тең болғанда – төрт қанатты күмбез құрылысы (Искине, Қосшағыл).

Тұзды-күмбезді құрылымдар

Тұзды-күмбезді құрылымдарды геологиялық материалдар анализдері
мынандай өзгеше ерекшеліктерін көрсетеді:
1. Жекетұрған тұз үсті қабаттардың қалыңдығы күмбездерден күмбез аралық
кеңғістік бағытына қарай жылжығанда үлкееді. Бұл көрініс оңтүстік
Ембінің барлық тұзды-күмбезді құрылымдарында жақсы көрінеді (Доссор,
Мақат, Қосшағы, Байчунас, Искмне және т.б.)
2. Тұзды-күмбезді құрылымдардың жеке стратиграфиялық кен қабаттарының
қалыңдығында тұзды ядро тереңірек жатады, әдетте тұзды ядросы онша
терең емес тұзды-күмбезді құрылымдармен салыстырғанда қалыңдығы жоғары
болады.
3. Бір стратеграфиялық кен қабаттарының қалыңдығы тұзды-күмбезді
құрылымдардың жеке қанаттарымен осы қанаттардың жеке алаңдарында қатты
өзгереді және аймақтық себептермен түсіндірге болмайды. Мысалы,
Күлсары күмбезінде неокомдық шөгінділершығыс қанатта 230 м жетеді,
және олар жоғарғы және төменгі бөлімдерімен көрсетілген. Сол қанаттың
неокомдық шөгінділері біріншіден 4-5 шақырым қашықтықта орналасқан,
оның 110 м қалыңдықта тек неокомдікі. Мұндай қалыңдықтар суреттерін
жоғарғы юраданда көруге болады: Күлсары күмбезінің шығыс қанатында юра
толық қалыңдығымен (80-90 м), солтүстік қанатын ол толығымен және де
орта юраныңбір бөлігіндежайылып кеткен. Мұндай көрініс Қосшағылда,
Ттюлюсте, Искинеде және оңтүстік Ембіде және басқа да тұзды-күмбезді
құрылымдарда кең тараған.
Бір тұзды-күмбезді құрылымдарда қалыңдықтардың өзгеруі жиі үлкен
диапозондармен ерекшеленедіііі, әртүрлі қанаттар мен алаңдарда апта,
неоком, жоғарғы және орта юра және пермотриас шөгінділерімен көрінген.

Тұзды-күмбезді құрылымдардың қанаттары бойынша жеке
стратиграфиялық қабаттардың қалыңдықтарының ауытқуы күмбезден күмбез
аралық кеңістікке қарай тегістеліп, қалыңдықтың өзі күмбез аралық
кеңістікте өзінің шекті көлеміне дейін өседі. Және де шайып кету
құбылысы тұзды-күмбезді құрылымдардың жеке қанаттар аумағында жақсы
дамыған және одан шыққанда тез жоғалады.
4. Әдетте тұзды-күмбезді құрылымдарда жыныстардың құлау бұрышы тереңдеген
сайын үлкееді. Мысалы, Қосшағылдағы құлау бұрыштары: апта қабатында –
10-120,
5.
неокомда – 15-170, юрада - 20-250, пермотриастың ала қабаттарында
жыныстың құлау бұрышы оданда көп.
Бірақ тұзды-күмбезді құрылымдардан күмбез аралық кеңістікке
қарай жыныстардың құлау бұрышы бірте-бірте азаяды және тегістеу болып
келеді.
6. Жеке қабаттар мен тәуелсіз алаңдарда жыныстардың құлау бұрышы қатты
өзгереді. Геофизикалық мәліметтермен (сынған және шағылған толқындар
сейсмикасы) және терең бұрғылау мәліметтері көрсеткендей тұзды жауып
тұрған жыныстардың құлау бұрышы тұздың бүйір беттерінің құлау
бұрыштарымен сәйкес келеді, сонымен жеке қанаттардың тік құлау
бұрыштары тұз бетінің құлау бұрыштарымен бірдей болады. Бірақта тұз
бетінің құлау бұрышы оны жауып жатқан жыныстарға қарағанда тігірек
болады.(сурет 6,7). Осыған байланысты жылжымалы массалардан тұратын
тұзды ядро үстінде жатқан шөгінділерді тек көтеріп қана қоймай,
олардың арасына бірте-бірте кіреді.
7. Тұзды-күмбезді құрылымдарда дизъюнктивтісипаттағы бұзылулар кең
тараған. Бұл бұзылыстардың негізгі ерекшелігі ығысу жазықтықтарының
жас таужыныстарға қарай үздіксіз құлауы және басқа стратиграфиялық
қабаттың қалыңдығының азаюы болып табылады. Түскен қанатқа ығысушының
кері бағыты мен қалыңдықтың екі еселенуі еш жерде байқалмаған.
8. Әдетте тұзды-күмбезді құрылымдардың тектоникалық бұзылулары екі
категорияға бөлінеді: Бұзылулардың біреуі үлкен амплитудалы болады,
кейбір күмбездерде 1500 метрге дейін жетеді; олар тұзды-күмбезді
құрылымдардың жеке қанаттарын шектейді. Олардың жайылуы гравитациялық
минимумдар өсінің созылып жатқан жерлерге дейін жетеді (Қосшағыл,
Күлсары, бекет Искине және т.б. сурет 1.3.5). Тұзды-күмбезді
құрылымдар бірнеше қанаттардан тұрса, онда негізгі бұзылуларда бірнеше
болады. Олардың әрқайсысы топтары жеке қанаттарды шектейді.
Тұзды-күмбезді құрылымдарды шектейтін негізгі бұзылулардан басқа
қанаттардың өзінде оларды алаңдарға бөлетін амплитудасы кіші
бұзылыстар болады.эксплуатациялық алаңдарды толық бұрғылау
көрсеткендей, жеке қанаттарда бұзылулар саны көп болады. өздерінің
сипатына қарай олар негізгі ығыспаларға ұқсайды: осы бұзылыстар
нәтижесінде жеке қабаттардың құлулары жүреді және ешқашан қалыңдықтың
екі еселену болмайды.
9. Өзінің жағдайына қарай тұзды-күмбезді құрылымдарға қатысты бұзылулар
бойлай және көлденең бұзылулар болып екіге бөлінеді. Бойлай бұзылу
амплитудасы көлденең бұзылуға қарағанда әрқашан үлкен болады. Осыдан
бойлай ығысчпа жазықтығының құлау бұрышы көлденең
ығыспажжазықтығыныңқұлау бұрышына қрағанда кіші болады. Мұндай
заңдылық былай түсіндіріледі, көлденең өстегі тұз бетінің тіктілігі
ұзын өске қарағанда әрқашан үлкен.
10. Көптеген тұзды-күмбезді құрылымдарға грабендер тән, әдетте олар үштік
және жоғарғы бор шөгінділерінен құралған. Бірақ кейбір құрылымдарда
оданда көне таужыныстар грабен түзуші болып табылады, мысалы, Искине
кен орнында альб-апта және сеноман таужынысстарынан түзілген. тұзды-
күмбезді құрылымдардың түзілуінде грабендерге жер бетінің төменірек
учаскелері бейім. Бұл әсіресе оңтүстік Ембінің ашық жатқан күмбезі
Иманкарда жақсы көрінеді, мұнда көне Каспий трансгрессиясының шаю
процессі өте әлсіз, күмбездің көтеріңкі қанаттары жер бетінің
көтерілген бөлігін, ал грабендер екі қанаттыбөлетін төмен учаскелерде
орналасқан.
Дегенмен тұзды-күмбезді құрылымдардағы біркелкі емес эрозия
нәтижесінде грабендерде басқа да морфологиялық ерекшеліктері
байқалады: сонымен тұзды-күмбезді құрылымдардың көтеріңкі қанаттары
төменгі юра немесе альб-сеноман шөгінділерінен тұрады, олар негізінен
құмды таужыныстардан құралған және олар көне Каспий трангрессиясынан
жақсы шайылған, сондықтан грабендер жер бедерінің көтеріңкі
бөліктеріне таралған.
Жоғарыда көрсетілгендей, тұзды-күмбезді құрылымдардың грабендері
өздерінің орналасуы мен бағытына қарай гравитациялық өстердің бағытына
сәйкес келеді. Әдетте тұзды-күмбезді құрылымдарда грабендер саны
гравитациялық минимумдер өсінің санына тең.
Тұзды-күмбезді құрылымдарда грабендер әдетте ұзын өс бойымен
құрылымды жеке қанаттардан бөліп, құрылымды толығымен кесіп өтеді
(сурет 1,2).
Кейде тұзды-күмбезді құрылымдардың терең шайылу нәтижесінде
грабендер күмбездерде толығымен кетеді. Бұл жағдайда құрылымдардың
жеке қанаттары грабендердің жайылуынан қалған ығыспалармен бөлініп
қалады. Грабендердің өздерінде тұзды-күмбезді құрылымдардың жеке
қанаттарында сияқты кіші амплитудалы бұзылыстар дамыған.

Тұзды ядролар

Соңғы уақытта күмбездердің тұзды ядролары туралы жаңа мәліметтер
алынды. Бұрын көрсетілгендей, тұзды ядролар беттері горизонтальді, ал
олардың өздері дұрыс геометриялық формалы екні шындыққа сәйкес келмейді.
құрылымдардан өткен сынған және шағылған толқындардың сейсмикалық
мәліметтері көрсеткендей, ядролардың күмбездік және бүйірлік беттері
күрделілігімен епекшеленеді. Тұз беттерімен жүргізілген изогипсалар
картасына қарағанда, тұзды ядролардың барлық беттеріайтарлықтай күрделі
және күй таңдағыш, тұзды ядролар жиі пережимы және жеке дөңесті бетті
болады.
Кен орындарының толық қатарымен (Искине, Доссор, Карачунгул, Күлсары
және т.б.) геофизикалық және бұлғылау мәліметтерінен тұздардың ядросы
айтарлықтай тік беикейлі екені анықталған. Бірақ тұзды беткейлердің
тіктілігі тұрақсыз, ол әртүрлі ядроларда да және жеке ядролаода да қатты
өзгереді. Тұз ядросының жер бетіне жақындаған жағдайларда, ядроның бүйір
бөліктері әрқашанда дерлік тік болады, бірақ тұз беткейлерінің тіктілігі
бірдей емес. Ядроның беткі және бүйір беттерінің құрылысының күрделілігі
және де жеке қанаттардың құлау бұрышының әртүрлілігі, төменде
көрсетілгендей, күмбез аралық кеңістік облыстарынан әр уақытта тұздары
біркелкі емес болып енуінің нәтижесі болып табылады.
Тұздың өзін қоршап жатқан таужыныстармен жалғасып жатқан болыстарда
жиі тектоникалық брекчиялар табылады (Карачунгул, Черная река).
Бұрғылау мәліметтері бойынша, күмбездер ядросындағы тұз қабатының
қалыңдығы үлкен болады, мысалы, Доссордағы N304 саңылауы тұзды қабатпен
2100м дейін жетті және тұздан шыққан жоқ, Черный реканың N2 саңылауы 1920м
тұзбен өтті және тұздан шықпаған.
Геофизикалық материалдарды талдау нәтижесінде, жоғарыда айтылғандай
ядролардағы тұзды қалыңдығы 4000-5000м және одан да жоғары болуы мүмкін.
Бірақ тұзды ядролардың мұндай қалыңдығы хемогенді шөгінділер қалыңдығын
сипаттамайды. С.В.Шумилин [1] мәләметтері бойынша, бұл қалыңдықтағы тұзды
ядроның қалыптасуы тұзды қабаттың барлық ауданында тең қалыңдықты жиналуы
жеткілікті. Геофизикалық мәліметтер негізіндегі жаңа есептеулер өте үлкен
сандарды көрсетеді.
Тұзды ядро күмбездерінде жиі гипсті және әктасты шапкалар (кепроктар)
жиналады. Жеке зерттеулер мәліметтері бойынша, Ембі ауданында екі типті
кепроктар кездеседі:
1. Тұздардың сілтіленуінен пайда болатын кепроктар, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Каспий маңы ойпатының тұзды күмбезді құрылымдары
Тұзды жыныстар
Жайық өзені атырауының ландшафтық құрылымы
Ұңғыма бұрғылаудың геологиялық жағдайлары
Рельеф қалыптасуындағы қазіргі физикалық-географиялық жағдайлары
Батыс-Қазақстанда орналасқан Cолтүстік Шығыс алаңында мұнай іздеу жұмыстарының геолого-технико-экономикалық тиімділігі
Жұбантам алаңына барлау жұмыстарын жүргізу нәтижелері және өнімді беткейдің мұнай газ шоғырларын анықтау жұмыстары
Ұңғы құрылымын жобалау
Құрылымдық нысандағы мұнай және газ шоғырлары
Айырылымды дислокациялар және олардың жер бетінде көрінісі беруі
Пәндер