ЖАҢАЖОЛ КЕНОРНЫ


ЖОСПАР
КІРІСПЕ2
1. НЕГІЗГІ БӨЛІМ3
1. 1. Жаңажол кен орнының физика-географиялық және экономика-географиялық сипаты. 3
1. 2. Кен орнын геология-геофизикалық зерттеу және игеру тарихы. 4
1. 3. Стратиграфия. 10
1. 4. Тектоника16
. 16
1. 5. Мұнайгаздылығы. 18
1. 6. Сулылығы. 20
Қорытынды23
ҚолданылҒан Әдебиеттер тізімі24
КІРІСПЕ
Қазақстан дүние жүзіндегі ірі мұнайлы мемлекеттердің бірі болып табылады. Көмірсутектердің геологиялық қоры бойынша, алғашқы орындарды иеленеді.
Орал маңы жотасы шегінде алғашқы кен орындарының бірі Жаңажол кен орнын ашу Қазақстанның батыс секторының мұнай өніміне қажеттілігін қамтамасыз ету мүмкіндігі пайда болғандықтан, Қазақстанның экономикалық өміріндегі маңызды оқиға болды.
Жаңажол кен орнын ашу нәтижесінде көмірсутек кеніштерін орналастыру заңдылықтарының ашылуы, жаңа көмірсутектерді анықтау үшін негіз болды.
Қазіргі уақытта Жаңажол кен орнын бұрғылау мұнай өндіруді тұрақтандыру және барлауға дейін игерудің екінші кезеңінде болып табылады.
1. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. 1. Жаңажол кен орнының физика-географиялық және экономика-географиялық сипаты.
Жаңажол кен орны Каспий маңы ойпатының шығыс бөлігінде, Орал маңы қыратының шегіндегі Мұғалжар тауы мен Ембі өзені аралығында орналасқан. Әкімшілік ауданы Ақтөбе обылысының Мұғалжар ауданының құрамына кіреді. Жаңажолдан 35 км қашықтықта солтүстік-батысқа қарай тұзүсті кешенінде мұнай кеніші игерілетін, Кеңқияқ кен орны орналасқан (төменгі бор, юра, пермотриас және тұзасты кешеніндегі төменгі пермь мен карбоннан мұнай көздері айқындалған) .
Жергілікті бедер жыра-сайларға бөлшектелген, аласа қыратты жазықты болып келеді. Рельефтің абсолюттық белгісі +125 тен +270 м аралығында. Ал минимальды биіктік белгісі, кен орнының территориясын оңтүстік батыста шектейтін Ембі өзені аңғарына ұштасады. Ауданның гидрографиялық торабы негізінен Ембі өзені болып табылады. Ол кен орнынан оңтүстік-батыста 8-14 км қашықтықта ағып жатыр. Суы минералды және техникалық қажеттілікке қолданылады. Тұрмыстық мақсаттар үшін құдық сулары пайдаланылады. Құдық суының деңгейі Ембі өзенінің жайылымында 2м және оданда көбірек болып табылады. Ембі өзенінің сол жақ ағысы Атжақсы өзенінде тұрақты су ағысы болмағандықтан, көктем кезіндегі қар суларымен толысып отырады.
Ауданның ауа-райы құрғақ, қатал континентальды. Температураның жылдық және тәуліктік ауытқуы, едәуір төмен ылғалдылығымен сипатталады. Қыстық минимумы -40 °С, жаздық максимумы +40 °С -ге дейін жетеді. Ал орташа жылдық температура +10, 4 °С-ді көрсетеді. Жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 140-200мм -ді құрайды. Жылдамдығы 28м/сек болатын солтүстік-шығыс бағыттағы күшті желдер жиірек болып тұрады. Топырақты” қыстағы қату тереңдігі 1, 5-1, 8 м-ді құрайды.
Аудан көлемі аз қоныстанған. Кен орнынан солтүстік шығысқа қарай 15км қашықтықта Кеңқияқ мұнай өнеркәсібі орналасқан. Шамамен 100 км қашықтықтан Атырау-Орск мұнай тасымалдау құбыры өтіп жатыр. Ауданнан шығысқа қарай 100 км қашықтықтағы Орта Азия-Москва желісінде орналасқан. Ембі станциясы, ең жақын темір жол торабы болып табылады.
″Ақтөбемұнайгаз″ АҚ-ның өндірістік базалық кәсіпорны Жаңажолдан солтүстікке қарай 130 км қашықтағы Октябрьск қаласында орналасқан. Оба
риясында құрлыс материалдары болып табылатын саз, құм, мергель және щебень кездеседі. Олар сазды, сазбалшықты ерітінділер дайындау үшін қолданылуы мүмкін
1. 2. Кен орнын геология-геофизикалық зерттеу және игеру тарихы.
Жаңажол кен орнын көтеру 1960 жылы Ақтөбе геофизикалық экспедициясының сейсмикалық жұмыстарымен айқындалды. Бұл алаңда терең іздеуге бұрғылауды 1961 жылы бастады. Бұл Мұғаджар экспедициясыны” жанындағы ″Ақтөбемұнайбарлау″ терең бұрғылау тресі болатын. 1976 жылы іздеу жұмыстарын Ақтөбелік, ал 1978 жылдан бастап Кеңқияқ мұнайбарлау экспедициясының бірлестігі ″″ жүргізді. Оны” себебі геологтар мен мамандардың 2900 м тереңдікте және оданда терең жатқан тұздан төменгі жыныстарда мұнай бар деген болжауларынан басталды.
Қазіргі кезде Жаңажол кен орнында жоғарғы және ортаңғы карбон шөгінділерімен байланысқан екі карбонаттың қалыңдығы КТ-Ι және КТ-ΙΙ горизонттарынан мұнай алынуда.
Жаңажол ауданында мұнай-газ өнімі бар және оның өндірістік болашағының зор екені ең бірінщі А. С. Зингердің 1:5 масштабты геологиялық карталау кезіндегі гравиметриялық зерттеулер нәтижелері арқылы алынды.
1960-1961 жылдары осы ауданда сейсмобарлау жұмыстарының мәліметі бойынша Жаңажол күмбезі екі горизонттан құралғаны анықталды: П-карбон жабуы және К-кунгур жыныстарынан құралған табаны.
1961 жылы іздеу-барлау скважиналарын бұрғылау басталды, 152 м тереңдікте москва ярусының жыныстарын ашты. 3004-3056 м аралықтары зерттеліп, орта карбон қабатында сулы газдың шығуы білінді.
Жаңажол кен орнында 1978 жылы бірінші карбонатты қабаттың (КТ-Ι) өнеркәсіптік мұнайлылығы анықталды. Бұл номері 4-ші скважинадан алынған өндірістік мұнай құйылысы болатын.
1981 жылы 1-ші октябрьде құрылған ″Ақтөбемұнайгаз-геология″ бірлестігінің көрсетуімен 1981 жылдан бастап Жаңажол кен орнында іздеу және барлау жұмыстары жүргізіле бастады. Осы жұмыстар нәтижесінде Жаңажол ауданының орта карбон қабаттарында мұнай кені орны ашылды.
Қазіргі кезде Жаңажол кен орнында пайдалану және 5000м тереңдікте барлау скважиналары бұрғылануда. Олар москва және башкир ярустары қабаттарын зерттеуге арналған.
Ашылған кен орнын пайдалануға даярлау кезінде болатын бүкіл өндірістік-техникалық шараларды басқару үшін 1984 жылдың май айында ″Ақтөбемұнай″ өндірістік бірлестігі құрылды. ″Грозныймұнай″, ″Краснодармұнай″, ″Украинмұнай″, ″Белорусьмұнай″ бірлестіктерінің ұжымдары Ақтөбемұнай бірлестігінің барлық өндірістік-техникалық қызметтерін жұмысшылармен және инженер техникалық мамандармен қамтамасыз етуіне көмектесті.
Кен орнын алғаш игеру 1983 жылы (КТ-Ι) бірінші карбонотты қабаттың өнімді қабатына бұрғылаудан басталды.
1985 жылы (КТ-ΙΙ) екінші карбонатты қабаттың мұнай, газ, конденсат және ілеспе бөліктерінің қоры есептеліп, бекіту жүргізілді (протокол ГКЗ СССР N 9895 25. 12. 85 г) .
Одан кейін 1986 жылы оңтүстік күмбездегі Дн-1 пачкасына КТ-ΙΙ-ге игеру жүргізіле бастады. 1988 жылы КТ-ΙΙ-нің солтүстік күмбезіндегі Д-ΙΙΙ және Гн-ΙΙΙ пачкалары игеруге енгізілді.
Жаңажол кен орны негізінен ЦКР техникалық схемасы негізінде игеріледі.
Техникалық схема келісімі бойынша өнімділікті 8 игеру объектісіне бөлген; үшеуі бірінші карбонатты қабатта КТ-Ι, А, Б, В+В пачкаларына тұралаған, және бесеуі екінші карбонатты КТ-ΙΙ қабатындағы (Д-ΙΙΙ, Дн-1, Дв-1) қабатшалар, (пачкалар Д және Гв-ΙΙΙ, Гн-ΙΙΙ қабаттары) объектінің алғашқы карбонатты қабатын бұрғылау тең үшбұрышты сеткалы 500х500, КТ-ΙΙ тең үшбұрышты сеткалы 700х700.
Әрбір игеру объектісі бойынша игерудің екі түрі қарастырылған. Бірінші карбонатты қабат КТ-Ι (А, Б, В+В) және объект бойынша екінші карбонатты қабат КТ-ΙΙ (Гв-ΙΙΙ, Гн-ΙΙΙ, Д-ΙΙΙ, Дв-Ι, Дн-Ι) . КТ-Ι бірінші карбонатты қабатындағы А және Б пачкаларын ала жеті нүктелі аудандық су айдауды қарастырады.
2-ші вариантта А және Б пачкасы бойынша барлық өнімді қабаттар барьерді су айдау бойынша игеріледі, ал В+В пачкасында барьерді су айдауы тек күмбезді” солтүстігіне қолдануды қарастырған. Оңтүстік күмбез бойынша бұнда су айдау артта қалып отыр, бұл мұнай жиегінің газ шапкасына төселіп, барлық аумаққа таралуына байланысты. В қабатын КТ-ΙΙ карбонатты қабатының Д-ΙΙΙ пачкасындағы қайтымды скважина қорынан, дара скважиналармен кезекті құрғату арқылы игеру ұсынылады.
[3] Техсхемаға сәйкес Г пачкасына 4 игеру объектісі бөлінген; объект Г-Ι(оңтүстік алаңдағы) бірінші блокта, Г-ΙΙ екінші блокта және Гн-ΙΙΙ үшінші блокта.
Д пачкасына игерудің үш объектісі бөлінген: жоғарғы Дв-1 және төменгі Дн-1(солтүстік алаңдағы) бірінші блокта. Гв-ΙΙΙ, Гн-ΙΙΙ, Дв-1, Дн-1 объектілері негізгі деп танылған, Г-1 объектісін скважинаның қайту қорымен игеруді қарастырған, Г-ΙΙ және Д-ΙΙΙ объектілерін төменгі коллекторлығына және онша көп емес қорына байланысты, уақытша тоқтату ұсынылған.
[4] Техсхемадағы толықтыруда Гв-ΙΙΙ және Гн-ΙΙΙ кеніштерін Г-ΙΙΙ пайдалану объектісіне біріктіруді ұсынған. Негізгі газоконденсатты кеніштерде ВНК және ГНК бар болуы, біртұтас гидродинамикалық жүйені коллекторлық белгілерімен және сұйықпен толтырылатын ерекшеліктерімен сипатталады. Бұл жұмысты үш қатарлы жұмыс қатарына рұқсат етеді және суды газ шапкасының орталық аумағына айдаумен игеру варианты ұсынылады. Бұл вариантқа сәйкес мұнай газ шапкасындағы газбен ығысып, кейін сумен ығысады. сондықтан біртұтас ГНК жағдайында Гв-ΙΙΙ және Гн-ΙΙΙ кеніштерін мүмкіндігінше өндіруші скважинаны тең мөлшерлі сеткалармен ашу керек.
Игерудің үшінші жұмысында аз өнімді объект ретіндегі Д-ΙΙΙ кенішін уақытша консервациялау қарастырылған. пайдалану процесі кезінде жаңа деректер бойынша Д-ΙΙΙ қабатының кеніші, екінші карбонатты қабаттармен салыстырғанда, өзінің жоғарғы өткізгіштігімен сипатталады. Сондықтан Д-ΙΙΙ кенішін негізгі игеру объектілеріне кіргізу қарастырылған.
Осындай сипатпен 10 пайдалану объектісі бөлінді. Бірінші карбонатты қабатқа 4 объекті бөлінді; Б, В+В юг және В+В север негізгі болып табылады, ал А объектісі қайтымды. Екінші карбонатты қабатта игерудің негізгі объектілері болып табылатын объектілер Г-ΙΙΙ (Г-ΙΙ объектісінің алаңымен бірге) Д-ΙΙΙ, Дв-1 және Дн-1; Г-Ι объектісі қайтымды объект.
[4] ұсынылып отырған вариант бұрынғы қабылданған технологиялық шешімдерге сүйене отырып, негізгі принцпиальды коррективтерді ұсынады:
Осыған байланысты жобалау скважиналарының сандарын азайтып (мүмкіндігінше шекті қабатты үлкейту, бұрғылау үшін 8-ден 16 метрге дейін) және бұрғылау алаңдарын қысқарту; екінші карбонатты қабат объектілеріне 3 қатарлы су айдау жүйелерін енгізу; алғашқы су айдау есебінен КТ-Ι объектісі бойынша, жобаланатын әсер ету жүйесін күшейту. Г-ΙΙΙ объектісіне барьерді су айдау 4-ші жұмыс вариантындағыдай ұсынылып отыр.
ЖАҢАЖОЛ КЕНОРНЫ
масштаб 1:1
- Жаңажол кенорны - автожол
- аудан орталығы - теміржол
- мекен-жай - теміржол ст.
Шолу картасы
1. 3. Стратиграфия.
Кен орнының ашылған және зерттелген шөгінді жыныстар қимасының қабаттары таскөмір жүйесінен (төменгі, ортаңғы және жоғарғы бөлім), пермь (төменгі, жоғарғы бөлім), триас, юра, бор және де төрттік қабаттың (антропогендік) жүйелерінен құралған.
Тас көмір жүйесі С.
Төменгі бөлім -С 1. Жаңажол ауданында ашылған ең көне шөгінді 1-С скважинадағы орта визейлік жастағы, терригенді жыныстар болып саналады. Олар 4190-4200 м интервал аралығында кездеседі. Көрші Қожасай, шығыс Түгіскен, шығыс Төрткөл аудандарында орта және төменгі визе және турне ярусында анықталған терригендік шөгінділер қалыңдығы 1000 м-ден асады.
Қимадан жоғарыда терригенді жыныстар ізбестас және қою-сұр аргелиттермен қабатталған даламиттерді қамтитын жоғарғы визейлік(ока горизонты үсті) және серпуховтік жастағы жынысты карбонаттық қабатпен ауысады. Ока шөгіндісінің қалыңдығы 142м-ді құрайды.
Орта бөлім С 2 .
Орта бөлім башқұрт және москва ярустарының шөгінді қабаттарынан тұрады.
Башқұрт ярусының шөгінді қабаты тек қана Ι-синельников скважинасында толық өтілді. Толық қалыңдығы 224 м-ге жетеді. Олар сұрғылт ізбестастардан және ашық-сұр оргоногенді түйірлі доломиттенген массивті, сирек қабықты аргилиттерден құралған.
Москва ярусының (С 2 Μ) құрамында екі ярус бөліктері айрықша білінеді, төменгі және жоғарғы москвалық. Төменгі москвалық ярус бөлігінің шөгінді қабаты 3668-3560 м аралығында 23-ші скавжинада ашылған вере және кашир горизонттарынан тұрады. Ашылған ярус бөлігінің қалыңдығы 108-156 м аралығында. Ол бірлі-жарым қабықты жұқа аргилитті карбонат жыныстарынан құралған. Карбонат шөгінді қабаттың кешенде жоғарғы визе және төменгі москва ярус бөліктерінің ашылған қалыңдығы 630 м-ге жетеді де, төменгі карбонат қалыңдығын құрайды. КТ-ΙΙ индексі арқылы көрсетілген жыныстарда ярус бөлігі жынысында мұнайдың өндірістік қоры белгіленген.
Жоғарғы москва ярус бөлігі подольск және мячиковскі горизонттарынан тұрады. Подольск горизонтының төменгі бөлігі көбіне 266-366 м қалыңдықтағы сирек ізбестастардан, қабықталған аргилиттерден, құмдардан, аллевролиттерден, гравелиттерден тұратын терриген жынысының қалыңдығынан тұрады. Горизонттың жоғарғы бөлігі оргоногенді-ұсақталған, қоюланған микротүйірлі ізбестастармен даломиттерден тұрады. Қалыңдығы 115-164 м аралықтарында болады. Олардың жасы фораминеферлік кешен сипаттамасы бойынша 3119-3113; 3087-3081; 3051-3048; 9; 3024, 4-3019, 5 м интервалында Р. А. Глинин анықтады. Подольск корбанатты шөгіндісінің қалыңдығы 144 м-ден (3-скважина) 220 м (скважина 3-с) дейінгі аралықта. Кесіндіден жоғары оргоногенді; оргоногенді-ұсақталған кіші микротүйірлі ізбестастар және москва горизонтының даломиттері орналасқан. Қиманың бұл бөлігі кен орнының барлық ауданында байқалатын қалыңдығы 10 м-ге дейінгі сазды жыныстардан түзілген. Екі реперлі қатпарлар аралығы жағдайы бойынша жеткілікті айқын ерекшеленеді. москвалық және фораминефер кешені бойынша анықталады. Бұны Р. А. Глимин, Н, К, Градеев және т. б. зерттеді.
1 скважинада (интервал 3117-3114; 3004-3000; 2945-2938 м) және конадонтпен, Ахметшин тапқан 3-ші скважинадағы интервал 2903-2900 м. 9-шы және 22-ші скважиналарда М. Н. Изотованың деректері бойынша скважинаның үйлесімділігімен байланыспайтын едәуір жастау (касимовтық) фораминефер қалыңдықтары байқалады. сондықтан да бұл деректер қосымша анықтауды қажет етеді. Москва горизонты іс жүзінде кен орнындағы барлық скважиналармен ашылған. Оның қалыңдығы 115 м-ден (скважина 4) 164 м-ге (скважина 27) дейінгі аралықта.
Жоғарғы бөлім С3. Жоғарғы карбонның ортаңғымен шекарасы қисық ГК жазбасы сипатының өзгеруі бойынша жеткілікті айқын бөлшектенеді. Жоғарғы карбон құрамында көптеген микрофауналар табылғандықтан, касимов және гжель ярустарына бөлінеді.
Касимов ярусы (С3 К) шөгінділердің жасы фораминефер кешені бойынша номері5-ші скважинада (2832-2824; 2824-2819) 1-ші скважинада (2900-2898) 6-шы скважинада (2909-2906, 2899-2897; 2894-2888; 2884-2879) 12-шы скважинада (3113-3001) және коноданттар 5-ші скважинада (2832-2824; 2819-2816) 8-ші скважиналарда болып анықталады. М. Н. Изотованың мәліметтері бойынша касимов ярусы толық көлемде ұсынылған. Литологиялық қатынаста оның ауданының көптеген бөлігі ізбестастармен даламиттерден құралған. Кен орнының солтүстік-шығыс бөлігінде қиманың сипаты өзгереді. Мүнда ізбестастар және даламиттермен қатар көгілдір сұр ірі кристалды берік ангидриттер үлкен роль атқарады. Қиманың ангидриттену дәрежесі бөлек ұяшықтардан төменнен жоғарыға қарай және біркелкі(қалыңдығы 510м) қабаттармен ангидриттерге дейін бірте-бірте ұлғайады. Ангидриттелген касимов ярусының қалыңдығы 50-97м аралығында.
Гжель ярусы (С 3 д) . Екі бөліктен құралады. Төменгі бөлігінің қалыңдығы 53-136м, шөгінді де сульфатты және карбонатты жыныстардың таралуы төмендегі келесі ярустарға келесі ярустарға ұқсас құрылымды болып табылады. Гжель ярусы оңтүстікте және оңтүстік-батыста 65-68% фауна мен су өсімдіктерінің сынықтарынан тұратын аргоногенді ізбестастардан тұрады. Солтүстік- шығыс бөлікте қиманың ангидриттері толық ангидритке айналғанша күшейеді. Осы жерде аргилит текті саздар көп кездеседі. Ярус қалыңдығы 53-136м-ді құрайды. Карбонат аймағының қасында қалыңдығы 427-527м-ге дейін барады. Қиманың карбонатының жоғарғы бөлігінің қалыңдығы 24-109м болатын аллевролитті саздан, сирек гравелиттерден тұратын терриген пачкасының гжель ярусының жыныстарынан құралған.
Пермь жүйесі(Р) .
Пермь шөгіндісі төменгі және жоғарғы бөліктерден тұрады. Төменгі бөлім (Р1) . Төменгі бөлім ассель, сакмар, кунгур ярустарының шөгінді қабаттарынан тұрады.
Ассель + сакмар ярусы (Р1а+С) .
Ассель-сакмар (терригенді қабаты) жыныстарының терригенді қабаты гжель терригенді пачкасымен бірге, кен орнында гегиональды аймақтың сұйық тірегін түзеді. Қүрамының едәуір дәрежесі газды болып келетін бұл қаптаманың жеткілікті кең мөлшерде 16м-ден(24-скважина) 598м-ге дейін (8-скважина) солтүстіктен оңтүстікке қарай азаю тенденциасымен өзгереді. Литологиялық қатыныста бұл аргилиттер, құмдақтар, алевролиттер, сирегірек гравелиттер және сазды ізбестастардың қатпарлануы болып табылады. Жасы фораминефер болып табылатын ассель ярусының қалыңдығы 1-скважинада (2647-2645; 2498-2495) және 10-шы скважинада (2468-2458) 9 метрден (33-скважина) 359 метрге дейін (8-скважина) аралығында тербеледі, және де дәл сондай сакмар ярусы қалыңдығына қатысты (6-скважинада) 100-метрден 209 метрге дейінгі аралықта.
Кунгур ярусы (Р1к) . Кунгур ярусының гидрохимиялық шөгіндісі жоғарғы карбонат үсті терригенді қабатымен бірге, кунгур қимасына дейінгі мұнай газ қаныққандылық бөлігі үшін, күшті сұйық тіректі қаптаманы түзеді. Кунгур ярусы шөгіндісінің төменгі бөлігінің қалыңдығы 10м-ден 60м-ге дейін жететін сульфатты-терригенді жыныстардан құралады (ангидрит, аргилит тектес қою саз) . Жоғарырақ аргилитті қабатты, сирек құмдақты және аллевролитті ангидритті қатпарлы галогенді жыныстар (тұз асты) төселген.
Галогенді қабаттың максимальды қалыңдығы 996м (12-скважина) минимальды қалыңдығы 7м-ді (3-скважина) құрайды. Кунгурдың жоғарғы бөлігінде негізінен ангидриттерден түзілген 4-84м болатын терригенді сульфатты ″ Кепрок″ пачкасы жатыр.
Жоғарғы бөлім (Р 2 ) . Жоғарғы пермь шөгіндісі шұбар-түстес, сұр-түстес терригенді жыныстардан (саздар) төменгі бөлігінде аргилиттер (полимиктопты ұсақ қиыршықты сазды құмдар, сирегірек ұсақгалалы конгломераттардан) бөлек-бөлек қатпарлармен (3-5 метрден 10-15 метрге дейін) биік таулы жыныстардан құралады.
Жоғарғы пермнің қалыңдығы 633м-ден (10-скважина) солтүстік күмбез жиынтығында 108 метрге дейін (6-скважина) шығыс переклиналында өзгеріп отырады.
Мезозой тобы (МΖ) . Бұл қабат Жаңажол ауданында көлемді түрде триас, юра және бор жүйелерінен құралған.
Триас жүйесі (Т) .
Триас шөгіндісі тек қана төменгі бөлігіне (Т2) бөлінеді және литологиялық жағынан шұбар тасты саздан, құмдақтардан, аллевролиттерден құралған және де баяу цементтелген құмдардан түзілген қатпарларда кездеседі. Шөгінді қабаттың қалыңдығы 65м-ден 371м-ге дейінгі аралықта.
Юра жүйесі (J) .
Юра шөгіндісі төменгі және орта бөлімдерге бөлінеді. Олардың жиынтық қалыңдығы 60 метрден 246 метрге дейін. Олар саздардан, сұр құмдақтардан, тығыз алевролиттерден және сұр, жасыл-сұр полимиктопты әртүрлі қиыршықтопты құмдардан құралады.
Бор жүйесі (К) .
Бор жүйесі жоғарғы және төменгі бөліктерден тұрады.
Төменгі бөлім(К1) . Төменгі бөлік құрамында гатеривтік, алпьтік және альбтік ярустардың жиынтық қалыңдығы 298 м-ден 437 м-ге дейін жететін құмдақты саздақты шөгінділерден тұрады.
Жоғарғы бөлім (К 2 ) . Жоғарғы бор басым көпшілігінде жасыл-сұр саздардан, мергельді қатпарлы конгломераттардан тұрады. Жоғарғы бөлімнің қалыңдығы 28 метрден 132 метрге дейінгі аралықта.
Антропогендік жүйе (Q) . Қалыңдығы аз 2-3 метрлік төрттік шөгінді барлық жерде жоғарғы бор шөгіндісін жауып жатыр. Ол саздақты және құмдақты болып келеді.
1. 4. Тектоника
.
Тектоникалық қатынас бойынша Жаңажол кен орнының ауданы Каспий маңы ойпатының шығыс қалқаны бөлігінде орналасқан және Орал геологиялық аймағының Ащысай және солтүстік Көкпекті жарығымен бөлінген. Геологиялық дамудың бірден-бір жолы територияның босауы және қуатты шөгінді қабықтың түзілуі болып табылады. Бұл қалыңдықтың негізгі бөлігін кунгур ярусының галогендік шөгіндісінің табаны мен кембрийге дейінгі құрылым бетінің шөгінді қабатын қоса алғандағы тұздан төменгі кешкнін құрайды. Тұздан төменгі шөгінді қабатты” беті, батысқа моноклиналды Ащысай жарығының маңына 2, 0-2, 5 км. Моноклиналь шегінің көрсетілген қатарларынан, жекеленген қатарлар оқшауланып көрінеді. Төменгігоризонтта соңғылары байқалады да, ойпаттың ортаңғы бөлігіне ене түседі. Шығыстан батысқа қарай Кеңқияқ, Көздісай, Шұбарққұдық жүйелерінің қатарлары байқалады да, олардың тұздан төменгі горизонтының жамылғы шегінің тереңдіктері 3-3, 5; 3-4; 4-5; 5 км төмен болып келеді.
Кеңқияқтан солтүстікте Талдысай және Атжақсы, солтүстік Атжақсы және Байжарық құрылысының батыс шекарасының оңтүстік бойында бұзылуымен шектелетін Атжақсы (иіндісі) бірнеше жеке-дара ерекшеленеді. Ол солтүстігінде Ақтөбе переклинальды промбасына жанасады.
Тектоникалық сатылар едәуір дәрежеде бұзылған жарықтармен күрденелінеді. Жаңажол сатысының ерекшклігінің бірі брахиантиклинальдық типті ірі дөңбектермен түзілген күшті карбонатты массивтердің дамуы болып табылады.
Жаңажол кен орны Подольск-Гжельск жасындағы жыныстардан құралған көлемді карбонат массивінің жоғарғы бөлігінде қалыптасқан. Жаңажол көтерілуі ось ұзындығы бойынша 28 км және карбонатты массивтен түзілген субмеридиональды жоғалған брахиантиклинальды қатпардан тұрады. Ол 2 локольды көтерілуге бөлінеді. Солтүстік көтеріліс 50-скважина ауданында 2, 3 километрлік изогипспен нұсқаланған. 2, 5 километрлік тұйық изогипс бойынша оның көлемі 10, 5 х 5, 5 км. Оңтүстік көтерілістің жиынтығы 50 метр және одан да төменіректе жатыр. Ол 2, 3 км изогипспен нұсқаланған. 2, 5 километрді құрайтын изогипс бойынша, оның көлемі 9, 5 х 4 км. Құралған бөліктердің амплитудалық көтерілуі 250 метрдей, ал шығыс қанатымен салыстырғанда батыс қанаты өте күрт 8-10°, шығысына қатысты
4-7°. Жалпы карбонат массивінің жыныстармен шекарасының барлық гаризонттары байланысқан.
Тек кунгур ярусы қабатының аудан шегінде 15 метрден 600 метрге дейін өзгеріп, тұз асты терригенді қабаттарының қуат көрсеткішінің күрт өзгергендігі болып табылады. Көтерілудің құрылымдық жоспары бұзылғандай болады.
1. 5. Мұнайгаздылығы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz